Қазақ халқының жоңғар шапқынышылығына қарсы күресі

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 10

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..   80  81  82  83  84  85 

 

 

 

Қазақ халқының жоңғар шапқынышылығына қарсы күресі

 

1.Жоңғар мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы.

2.Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі.

3.Жоңғар мемлекетінің күйреуі.

 

 

XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға душар болдыАлтайдан Атырауға дейінгі байтақ даланы алып жатқан қазақ халқы жерініңгеографиялық

 ерекшелігіне қарай үш жүзге бөлініп өмір сүрдіҚазақ хандығында үстемдік еткен әскери-федалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс күшейе түстіСонымен қатар бұл мезгілдеқазақ-жоңғар қатынасы мейлінше шиеленісіпқазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасады.

1718 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін (ХақназарТәукеніңбір орталыққа бағындырғысы келген мақсаттары жүзеге аспай қалдыҚазақ хандығы ауыр дағдарысқа ұшырадыелдіңбірлігі бұзылды,

 бытыраңқылық етек алып өзара қырқыс шегіне жетті.Тәукенің орнына отырған баласы Болат ханның тек атағы ғана болды.

Жүздерді билеген кіші хандар өз алдына дербестеніпқазақ хандығы саяси жақтан бөлшектендіОрта жүзді Сәмеке ханҰлы жүзді

 Жолбарыс ханКіші жүзді Әбілхайыр хан биледі.

Бұларға қарасты ұлыстарды билеген сұлтандар дербестікке қол жеткізе бастадыОсыны пайдаланған жау жан-жақтан шабуыл жасады.

ШУалиханов сол кездегі жағдай туралы: “XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қазақ халқының өмірінде қасіретті кезең болдыЖоңғарлар,Еділ қалмақтарыЖайық

 казактары менбашқұрттар жан-жақтан қазақ ұлыстарын ойрандадаы» - дейді.

Оңтүстіктен Орта Азия хандықтары қыспақ көрсеттіСолардың ішінде ең қауіптісі шығыстағы Жоңғар мемлекеті болды.

XIV ғ. II-ші жартысында Моңғолия территориясы екі иелікке бөлінеді.

Ойраттар белсенді рөл атқарған Батыс Моңғолия және бұрынғы Қытай императорының бақылауындағы Шығыс бөлікке. “Жоңғар” деген аттың шығуы – Шыңғысханның шапқыншылығыкезеңінде ойраттар қашанда  армиясының “сол қанатын” құрағанмоңғолша ол “зюнгор” деген мағынаны

 білдіредіСодан “зюнгор” – жоңғар деп аталып кеткен.

Жоңғарлардың Қазақстан жеріне енуі сонау XV ғбасталған болатын (Әбілхайырдың көшпенді өзбек хандығына күйрете соққы берген 1456 жылы).

Кейіннен ойраттардың бірігіп 1635 жылы мемлекет құруынан кейін – қазақ хандығына қан-төгіс шапқыншылықтар күшейе түсті.

Басшысы Батур Хунтайшы болды (1635-1653) Қазақ жеріне Жоңғар агрессиясының күшеюі Цэван Рабдан (1697-1727) тұсында болды.

Цэван Рабданның жаулап алу программасының ең шырқау шыңы – 1723 жылы болған шабуылдан көрінді.

1723 жыл тарихта есте қаларлық жұт жылы болды. Осы жылдың көктемгі төл алу кезеңі мен жазғы көш-қону жұмыстарымен айналысып жатқан қазақ еліне тосыннан, күтпеген жерден шабуыл жасады. Осы жолы шапқыншы жоңғарлардың саны 70 мыңнан асып түсіп, жеті бағытпен қазақ еліне кірді. Осы ауыр жылдарда шыққан қазақтың қаралы да қайғылы, ән ұраны «Елім-ай», сол кездегі ауыр күндердің өшпес ескерткіші болып табылады.

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» ұшырады. Сақталған мәліметтерге қарағанда, Ұлы жүз бен Орта жүз Самарқанд пен Бұқараға, Кіші жүздің халқы Хиуаға қарай босқан екен. Босқындардың біразы Алакөл маңына барып паналаған көрінеді.

Дәл осындай ауыр кездерде халықтың ішінен суырылып алға шығып, халықтың қамын  ойлаған атақты Хандарымыз бен билерімізбен қатар батырларымыз да болды.

Бұқар жырау өзінің 29 толғауында олардың аттарын атайды. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақұлы Жәнібек, Райымбек, Малайсары.

Осындай ауыр кезде еңсесі түскен елдің есін жиғызып, зар жылаған халықтың көз жасын тиғызған атақты билеріміз болды. Халықты алқалы жиынға шақырған да сол бабаларымыз болды.

1726 жылы Ордабасында үш жүздің игі жақсыларының басын қосқан ұлы жиын болды.

Осында үш жұздің баласы бір бәтуаға келіп, жауға қарсы бірігіп аттануда, сол қолға басшы-етіп Әбілхайырды сайлайды.

Осы кездегі қазақтың саяси хал-ахуалын архив құжаттары былай суреттейді: «Сол кезде жоңғарлар Орта Азиядағы ірі сахара патшалығы болды. Оған ұйғырлар қарсылықсыз бағынды. Қырғыздар бір мезгіл қарсылық көрсетсе де,  сұрапыл тегеурінге шыдамады. Ал, ұзақ жыл бойында жоңғарлармен тірескен тек қазақтар ғана болды. Жоңғарлар қазақ елінің шығыс және оңтүстік жағындағы біраз жерлерді жаулап алғанымен, қазақтардың кең байтақ орталық бөлігіне әл-күші жетпеді» – дейді.

Сөйтіп біріккен қазақ халқының қолы 1727 жылы Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қалмақтарға күйрете соққы береді.       

Бұл жеңіске жеткен жер «Қалмақ қырылған» деп аталады.

1729 жылы көктемде қазақ-жоңғар соғысының аса ірі шайқасы болады. Ол Балқаш көлінің маңында (оңтүстік батыс) қалмақтарға екінші рет күйрете соққы береді. Бұл жер кейіннен тарихта «Аңрақай шайқасы» деген атпен белгілі болады.

Осы тұста Болат хан (Тәуекелдің баласы) қайтыс болып, осыған байланысты қазақ хандығының тағдырына қатысты ірі оқиғалар болады. Енді Сәмеке, Әбілхайыр, Болаттың үшінші баласы Әбілмәмбет арасында күрес туады. Сөйтіп, аға хан болып көпшілік билер қолдамаса да Әбілмәмбет сайланады. Мұндай таңдау жасалғанына Әбілхайыр да, Сәмеке де наразы болып майдан шебінен әскерін алып кетеді. Сөйтіп қайтадан феодалдық бытыраңқылық күшейіп, жан-жаққа бөліне бастайды. Бұл кезде Бұқара, Хиуамен қатынас-шиеленісті, жоңғарлар үнемі қауіп төндіріп отырды.

Ендігі жерде қазақ халқының тек өзінің күшіне ғана сенуі керектігі және үш жүздің басын қосып, жоңғарларға қарсы тұру керектігіне көздері жетті. Осы идеяны жүзеге асыруда Абылай хан еңбек сіңірді. Ол 1731 жылы ауыл адамдарымен бірге қалмақтарға қарсы шайқасқа қатысып, ерлігімен, батылдығмен көзге түседі.

1740 жылы Жоңғарияның өзінің ішінде билік үшін күрес туып, (Қалдан Церен өлген соң) туысқандар арасында дүбелең жағдай қалыптасады. Содан 1758 жылы олардың түбіне Қытай империясы жеңді.

Сөйтіп енді қазақ жеріне Цин империясы шабуылын бастады.

Осы ауыр кезде Абылай өзінің шебер ішкі, сыртқы саясатымен көзге түсті. Осы кезде Ақсақалдардың алқа кеңесін шақырып, қытаймен соғысты соза беруге болмайтынын, халықтың азып-тозып кеткенін айтып, қытаймен елшілік қатынас орнату мақсатында адамдар жібереді. Сөйтіп, олармен сауда, экономикалық байланыс орнатудың жолдарын қарастырды. Ресеймен қарым-қатынасын да ұлғайтты. Қазақ жерін екі елдің қаупінен қорғап қалуда үлкен еңбек сіңірді, өзінің нәзік саясатымен тіл табысты, өзінше билік, өзінше саясат жүргізді.

1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Қожа Ахмет Иассауидың мешітінде хандар мен сұлтандар бас қосып, Абылайды ақ киізге орап, Орта жүздің ханы етіп көтерді. Бірақ Абылай өзін қазақтардың үш жүзінің ханымын деп есептеді.

 

Негізгі әдебиеттер

1.Қазақстан тарихыОчерк. 184-194-бб.

2.Қазақстан тарихы. 5-томдық. 3-том., 1-бөлім. 1,2,3,6,7,8-тараулар.

       3. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 5-бөлім

4.Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи XVII-XVIII вв. А., 1991.

5.Галиев В.З. Хан Джангир и Орбулакская битва. А., 1998.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..   80  81  82  83  84  85