Қазақ фольклорындағы тарихи өлеңдер

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 10

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..   80  81  82 

 

 

Қазақ фольклорындағы тарихи өлеңдер

 

 

 

 

 

 

 

АХМЕТЖАНОВА ЖАНАР БАЛТАБЕКҚЫЗЫ

 

 

 

10.01.09 – Фольклортану

 

 

 

 

 

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның

 

 

АВТОРЕФЕРАТЫ

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2007

Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында орындалды

 

 

Ғылыми жетекші:              филология ғылымдарының докторы, профессор Б.С.Рахымов

 

Ресми оппоненттер:           филология ғылымдарының докторы,       профессор М.Жармұхамедұлы

 

филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.М.Медеубек

 

Жетекші ұйым:                 Халықаралық Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасы

 

 

Диссертация 2007 жылы «___» _________ сағат _____ де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитеті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты жанындағы филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 53.34.01 Диссертациялық кеңесінің мәжілісінде қорғалады. Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29.

 

Диссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады.

 

Афтореферат 2007 жылы  «_____»  __________ таратылды.

 

 

Диссертациялық кеңестің

ғалым-хатшысы, филология

ғылымдарының кандидаты,

доцент                                                                     С.С.Қорабай

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміз тәуелсіздік алғанға дейін қазақ тарихи өлеңдері жекелей алынып, арнайы зерттеу нысанасына айналмауының объективті және субъективті себептері бар екендігі мәлім.

Тарихи өлеңдер өз бастауын тым ертедегі түркі тектес халықтар бірлестігі, Алтын Орда, Ноғайлы кезеңі, Қазақ хандығының құрылуы, қалыптасуы жайындағы халық басына түскен аласапыран оқиғалардан алады. Сол тарихтың сыр-сипатын, шынайы болмыс-бітімін ашу тарихшы, әдебиетші қауымға оңай тимегені рас. Ал, XX ғасырдағы Кеңес үкіметінің идеологиясы, партияның пәрменшіл саясаты рухани құндылықтарды терең тануға түрлі қаулы-қарарлар тасқынымен тосқауылдар жасап, таптық тұрғыдан қатаң қараудың нәтижесінде тұралатып келді. Шағын өлеңдер түгіл, кең көлемді эпикалық жырлардың өзі көзден таса, халық назарынан бүркемеленіп мұрағаттарда, кейбір үлгілері аңыз болып ел аузында ғана сақталып қалды. Қазақ халқының басынан кешкен «Ақтабан шұбырынды...» заманы мен «азаттық жолындағы күрес» оқиғалары туралы ауыз әдебиеті шығармаларын ұрпақ санасынан өшіру мақсаты көзделіп, ұлт мұрасына кереғар саясат жүргізілді. Ақиқаттың дәлелі мен деректері көптің аузындағы аңыз-әңгіме, өлең-жырларда екендігі айтылса да, өктем саясат өз дегенімен қажеттісін қалқып, керек емесін көзден тасалай білді.

Ғалымдар тарапынан тарихи өлеңдердің тек-тамыры көне түркі ескерткіштерінен табылатыны, оның кенже үлгілері Ұлы Отан соғысы кезеңінде де туындағандығы жөнінде ескертулер айтылып келді. Бүгінгі уақыт талабы тарихи өлеңдердің жанрлық мәселелерін, поэтикалық әлемін, ауыз әдебиетінің жанрлармен байланыс-бірлігі, тақырыптық топтасулары мен атқарған қызметін тексеру қажеттігіне ықпал етті.

Түйіндей айтсақ, тарихи өлеңдерді тәуелсіздік рухына және Елбасының «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына сай, қазіргі ұлттық жаңғыру үрдісімен үндес саралап, жан-жақты тексеру ісі тақырыптың өзектілігін танытады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ халық поэзиясының бір саласы ретінде тарихи өлеңдер XX ғасырдың 20 жылдарынан кейін сөз болып, оған қатысты пайымдаулар жасала бастаған. Оның басты дәлелі А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» (1926) еңбегінде, М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» (1927), Х.Досмұхамедұлының «Қазақ халық әдебиеті» (1928), С.Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» (1932) еңбектерінде ауыз әдебиетінің тектері мен түрлеріне қатысты, тарихи кезеңдер шындығын берудегі халық поэзиясының рухани күш-қуаты тұрғысында бағаланады. Осы еңбектердің көпшілігінде қазақ фольклорындағы тарихи өлеңдер мен тарихи жырлардың арасына шек қойылмай бірлікте алынып, ой-пікірлер айтылды.

Бұдан кейін XX ғасырдың 40-50 жылдары және онан кейінгі кезеңдерде тарихи өлеңдерге қатысты мәселелер назарға ілікті. Мәселен Ә.Х.Марғұланның эпосқа қатысты еңбегі (1946), Н.С.Смирнованың XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі эпикалық және тарихилық мәселелеріне (1948; 1949; 1951) байланысты зерттеулері мен қазақ әдебиеті тарихына арналған көп томдықтың алғашқы томында (1948) сөз бола бастады. Бұл еңбектерде де тарихи өлеңдер мен тарихи жырлар арасы толық анықталмай, зерттеушілер «тарихи жырлардың ең кішігірім үлгілері» деген атау қалыптастырды. Бұл аталып отырған еңбектердегі талданғандар шын мәнінде тарихи өлеңдер болатын. Тарихи өлеңдердің бертіндегі туғандарына байланысты Б.Кенжебаевтың еңбегі 1916 жылғы көтеріліс жырларына арналды (1956). Осы тақырыпта Х.Ищановтың «1916 жыл және халық поэзиясы» (1958) еңбегі жарық көрді. Сөйтіп, тарихи өлеңдер туралы тарихи жырлармен қоса ғылыми тексерулер ісі басталды. Тарихи өлеңдердің ерте дәуірлерде туғандары туралы бұл кезеңдерде жинақтау ісі болса да, ғылыми тұрғыдан талдаулар шолу түрінде айтылған ой-пікірлермен шектеледі. 1960 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тарихы» кітабының 1-томы ауыз әдебиетіне арналып, мұнда XVIII ғасырдан бастап, тарихи өлеңдер мен тарихи жырлардың өткендегі тарихи оқиғаларды шын мәнінде жеткізе алатындығы айтылды. Кітапта XIX ғасырдағы және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысты туған өлеңдер жөнінде түсініктер беріліп, біршама ғылыми салмақты пікірлер айтылды.

Тарихи өлеңдерге қатысты ғылыми зерттеудің жаңаша бағыт-бағдар алуы өткен ғасырдың 60-80 жылдар аралығы деуге болады. Атап айтсақ, 1962 жылы М.Жармұхамедовтің «1916 жылғы көтеріліске қатысты қазақ халық поэзиясы» атты кандидаттық диссертациясы қорғалса, 1968 жылы орыс тілінде «Қазақ әдебиет тарихының» көп томдығының бірінші томы жарық көріп, онда қазақ фольклорының XVIII-XIX ғғ. тарихи шығармаларға арналған бөлімді С.Қасқабасов пен Е.Тұрсынов, XX ғасырға арналған бөлімді Е.Ысмайылов жазады. Қазақтың тарихи жырлары мен аталған ғасырларға қатысты мұнда да бағалы пікірлер айтылған еді. М.Мағауиннің «Қобыз сарыны» (1968) атты монографиясының жарық көруі, диссертациялық еңбегінің қорғалуы да көне мұраны жаңғыртып, жаңаша көзқарас қалыптастыруға ықпал етті деуге болады. Себебі бұл еңбектерде тарихи өлеңдер туған дәуірлерге байланысты байыпты байлам, ғылыми жаңаша тұжырымдама қалыптасқаны аян.

Белгілі ғалым Б.Уахатов «Қазақ халық өлеңдері» (1974) атты монографиялық еңбегінің бір тарауын тарихи өлеңдерге арнады. Бұдан бұрынғы тарихи жыр мен тарихи өлеңдерді бірге қарап, арасына шек қойылмай келген мәселелерге автордың бұлайша концепция ұсынуы тарихи өлеңдерге байланысты жаңаша бір бағыт әкелді деуге болады.

Арада бес жыл өткеннен кейін, қазақтың тарихи жырларына арналған «Қазақ тарихи жырларының мәселелері» (1979) атты Қазақ ССР ҒА М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұжымдық монографиялық еңбегі жарық көреді. Тарихи жырлар мен тарихи өлеңдердің жанрлық ерекшеліктерін, поэтикалық табиғатын, тарихи негіздерін ашуда бұл еңбек өз кезінде лайықты бағасын алған еді. Еңбекке басшылық жасаған ғалым Р.Бердібай мақаласында да тарихи жырлар мен тарихи өлеңдерге қатысты мәселелер айтылып, ғылыми зерттеу мәселесіндегі кешеуілдеудің себеп-салдарына тоқталады. Осы іргелі еңбектегі С.А.Қасқабасовтың «Тарихи жырлардың зерттелуі мен жанрлық сипаты» атты мақаласында тарихи жырлардың қалыптасуына тарихи өлеңдердің циклденуі ықпал еткені аталып, екі жанрдың айырмашылықтарын ғылыми тұрғыдан жан-жақты түсіндірсе, Е.Тұрсыновтың «Тарихи жыр, өлеңдердің тегі мен дамуы» атты мақаласында тарихи жырлардың қалыптасу эволюциясы сөз болып, автор екі жанрды бірлікте қарайды. 1982 жылы жарық көрген Р.Бердібаевтың «Қазақ эпосы» атты еңбегінде тарихи жырларға арнайы тарау беріліп, осы тарауда «тарихи өлеңдердің іздеушісі керектігі» түбегейлі зерттелуі туралы мәселе қозғалған еді. Бұл пікірлер дамытылып, әсіресе, «ақтабан шұбырынды» дәуіріне қатысты «Қаратаудың басынан көш келеді» өлеңі туралы пікір талас туындап, тәуелсіздік алғаннан кейін де осы мәселе турасында көптеген мақалалар дүниеге келді. 1993 жылы «Қазақтың XVIII ғасырындағы ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты туған тарихи жырлар» жөнінде кандидаттық диссертация қорғаған Б.С.Рахымов еңбегінде тарихи жырлардың өз бастауы тарихи өлеңдерден тамыр тартатыны, тарихи өлеңдердің тақырыптық топтасулары туралы мәселелер көтерілді.

Зерттеудің мақсаты – ең алдымен, қазақ халық поэзиясының осы уақыт аясындағы зерттеулер арқылы жанрлық жіктелісіне назар аударып, оның ішінде тақырыпқа қатысты тарихи өлеңдердің алатын орнын анықтау. Сөйтіп, тарихи өлеңдердің жиналуы мен зерттелуі, жанрлық ерекшеліктері және поэтикалық мәселелеріне тиянақты жауап беру.

Зерттеудің міндеттері:

ҚР Білім және ғылым министрлігі Орталық ғылыми кітапханасы мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қолжазба қорларындағы сақталған, фольклорлық экспедициялар кезінде табылған тарихи өлеңдерді екшеп, кейінгі кезеңде жарыққа шыққан үлгілерін зерттеу ісіне пайдалану;

туыстас халықтар поэзиясына назар аударып, қазақ тарихи өлеңдерін психологиялық жағынан түрік, қырғыз, қарақалпақ, татар, өзбек т.б. халықтар мұраларымен салыстыра тексеріп, жаңаша пайымдаулар жасау;

тарихи өлеңдердің бастауы, қалыптасуы мен дамуы, жанрлық сыр-сипаты жайындағы бізден бұрынғы зерттеу еңбектерді негізге алып, бүгінгі тәуелсіздік тұрғысынан халқымыздың көнеден келе жатқан рухани мұрасы ретінде жаңаша пайымдау;

бүгінгі күнге дейін толық тексерілмегендігін ескеріп, тарихи өлеңдердің поэтикасына қатысты салыстырулар жүргізіп, өзіндік түйіндеулер мен тұжырымдар ұсыну;

тарихи өлеңдердің ауыз әдебиетінің басқа жанрларымен байланысын жан-жақты зерттеу.

Зерттеудің дерек көздері ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі Орталық ғылыми кітапханасы мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының сирек қорларындағы қолжазбалар пайдаланылды. Көне басылымдардан Т.А.Сейдалин мен С.А.Жантөрин құрастырған «Қырғыз (қазақ) поэзиясының үлгілері» (1872), И.Березиннің «Түрік хрестоматиясы» (1890), С.Сейфуллиннің «Қазақтың ескі әдеби нұсқалары» 1 жинақ (1931), «Он алтыншы жыл» (1940) жинақтары мен одан кейінгі әдеби мәліметтер, мұрағаттар деректері және Орталық Қазақстан облысы бойынша 1986-1997 жылдар аралығындағы фольклорлық практикалар мен 2002 жылғы фольклорлық-этнографиялық экспедиция материалдары, сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысынан жинақталған рухани мұралар, оқулықтар мен ғылыми басылымдар қолданылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақ фольклорындағы тарихи өлеңдердің шығу тегі мен дамуын жан-жақты саралап, өзге халықтардың тарихи өлеңдерімен салыстыра қарап, жанрлық сипатын анықтау және поэтикалық ерекшеліктерінің алғаш рет арнайы ғылыми-зерттеу нысанына алынуы – тақырыптың сонылығын сипаттайды. Зерттеудің осы реттегі басты ғылыми жаңалықтары:

тарихи өлеңдердің тақырыптық топтасуы және тұтастануына байланысты тың тұжырымдар ұсынылады;

ауыз әдебиетінің басқа жанрларымен тарихи өлеңдердің өзара байланысы және осы уақытқа дейінгі тарихи өлең мен тарихи жырлардың арасындағы айырмашылықтарға қатысты түрлі көзқарастарға жауап беріліп, тарихи өлеңнің тарихи жырларға әсер-ықпалы жөнінде жаңа ғылыми концепция жасалды;

суырыпсалмалық ақындар шығармашылығымен тарихи өлеңдердің қарым-қатынасы айқындалып, тарихи өлеңдердің фольклорлық негізіне баса ден қойылды;

тарихи өлеңдердің тұтастай поэтикалық тұрғыдан зерделенуі –диссертациялық жұмыстың басты жаңалығы болып табылады.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері. Қазақ фольклортану ғылымындағы жетістіктер мен ғылыми ізденістер басшылыққа алынды. Ерекшелеп айтқанда, қазақ халық ауыз әдебиетінің жанрларына қатысты ғылыми таным мен түсініктер, фольклордың тарихы мен теориясына, сондай-ақ, суырыпсалмалық өнер өкілдерінің шығармашылығындағы дәстүр мәселесін қозғаған елеулі еңбектер мен эпостану саласындағы, халық поэзиясына қатысты зерделі зерттеу еңбектер жұмысымыздың әдістемелік әрі ғылыми бағдары болып табылды. Бұл мәселеде қазақ фольклортану ғылымына үлес қосқан Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, Е.Ысмайылов, Ә.Х.Марғұлан, Н.С.Смирнова, Ә.Қоңыратбаев, Ы.Дүйсенбаев, З.Ахметов, Н.Төреқұлов, Р.Бердібай, С.Қасқабасов, Б.Уахатов, О.Нұрмағамбетова, М.Жармұхамедұлы, Е.Тұрсынов, Б.Әбілқасымов, Ш.Ыбыраев, М.Мағауин, С.Садырбаев, З.Сейітжанов, Б.Әзібаева, Б.С.Рахымов және т.б. ғалымдар еңбектері, ғылыми зерттеулері басшылыққа алынып, еңбектену барысында қажетіне қарай қолданыс тауып отырды.

Сонымен бірге тақырыбымызға қатысты орыс ғалымдарының теориялық пікірлеріне назар аударылып, жұмыс барысында В.Бартольд, Л.Н.Гумилев, И.Березин, Б.Н.Путилов, И.В.Стеблева, В.Я.Пропп, А.М.Астахова және т.б. ғылыми ұстанымдары тиісті дәрежеде кәдеге асырылды. Сондай-ақ, қырғыз фольклорынан Ж.Суванбеков, С.Закиров, ұйғырдың көне ескерткіштеріне қатысты Л.Ю.Тугушева, қарақалпақ фольклорынан Қ.Айымбетов, өзбек әдебиетінен Ғ.Каримов, қарашай халық жырларына қатысты Р.Ортабайланың, бурят фольклорынан Н.А.Шаракшинова, якут фольклорынан Г.У.Эргис, славян халықтарының эпикалық дәстүрін зерттеген Ю.И.Смирнов еңбектері мен «Моңғолдың құпия шежіресіне» қатысты зерттеулер басшылыққа алынып отырды. Тарихи құжаттар мен тарихшы ғалымдар еңбектері кеңінен пайдаланылды.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Тарихи өлеңдерге байланысты зерттеудің нәтижелері мен тұжырымдары қазақ әдебиеті тарихының ауыз әдебиетіне қатысты көп томдық еңбектердің халық поэзиясына арналған бөлімдерін толықтыруға, түрлі деңгейдегі орта және жоғары мектептер үшін оқулықтар әзірлеуге, сонымен қатар, гуманитарлық бағыттағы жоғарғы оқу орындарының филология факультеттерінде халық ауыз әдебиеті, қазақ фольклоры пәндерінен дәріс оқуға және мамандандыру курстарына пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

тарихи өлеңдер жеке ел болып, дербес мемлекет ретінде қалыптасқан дәуірлердегі ел басына күн туып, түрлі қиыншылықтарға тап болғандағы оқиғаларды бейнелейді;

тарихи өлеңдегі дәстүрлі естірту, жоқтау, қоштасу өлеңдерінің мотивтері болғанымен, онда жалпыхалықтық мәселе көтеріледі. Ел мен жер тағдыры басты тақырыпқа айналады. Оқиғаның болып жатқан сол сәтінде шыққандығы және жеке адамды бейнелеуге қатысты еместігін ескере келе, тарихи өлеңдерді отбасылық әдет-ғұрып фольклорымен шатастыруға болмайды;

тарихи өлеңдер белгілі бір дәуір тұсындағы ел күйзелісін, ашу-ызасын, мұң-шерін т.б. толық ашып бере алады;

тарихи өлеңдердің ерте дәуірден бізге жеткені ел-жұртпен қоштасу, атамекенді жоқтау, халықтың көсемдері мен батырларын мадақтау түрінде кездеседі;

қазақ халқына байланысты туған тарихи өлеңдер Қазақ хандығының кезеңінен басталады. Тәуелсіздік жолындағы күрес ісі шын мәнінде тарихи өлеңдерден бастау алады;

тарихи өлеңдердің негізгі арқауы ел мен жердің азаттығы, халықтың арманы мен мұраты болып отырады. Тарихи жыр мен тарихи өлеңнің басты айырмашылығы осыдан көрінеді. Тарихи жырда ерлік мәселесі кең көлемде алынып, азаттық жолындағы арпалысқан қаһарман бейнесі сомдалса, тарихи өлеңде жалпы халықтың мұң-зары, қайнаған кегі заман тудырған аласапыран оқиға негізінде бейнеленеді;

тарихи өлеңді айтушылар сол оқиғаны көзбен көріп, көңілмен сезген сөз сүлейлері екендігі анық. Табиғаты жағынан қоштасу, жоқтау т.б. дәстүрлі ерекшеліктер тарихи өлеңдердің лирикалық өлеңдермен байланысы барын көрсетеді. Бірақ тарихи өлеңдер таза лирикалық өлеңге жатпайды. Себебі өзінің жедел тууы, тарихи оқиғаны дәлме-дәл беруі жағынан тарихи өлең эпикалық түрге жатады. Оның өлшемі ішкі эпикалық кеңдікпен ерекшеленеді.

Жұмыстың сарапталуы мен жариялануы. Диссертациялық жұмыс негізінен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті кафедрасының мәжілісінде, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының фольклортану бөлімінде және институттың Ғылыми кеңесінде талқылаудан өтіп, қорғауға ұсынылды.

Диссертациялық жұмыстың басты мәселелері мен негізгі түйіндері бойынша халықаралық, республикалық, аймақтық  ғылыми-теориялық, практикалық конференцияларда баяндама ретінде тыңдалып, жинақтарда жарық көрді. Барлығы – 9 мақала жарияланды және тақырыпқа байланысты жинақталған хрестоматия жарық көрді.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, әр бөлімге байланысты барлығы 8 тарау мен қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Жұмыстың негізгі мазмұны

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеті, зерттелу деңгейі, ғылыми жаңалығы, жұмыстың дерек көздері, теориялық негізі, зерттеу нысаны, ғылыми-практикалық мәні, зерттеу әдістері, қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар және жұмыстың жарияланымы мен талқылануы сөз болады.

Зерттеу жұмысының бірінші бөлімі «Тарихи өлеңдердің зерттелуі» деп аталады. Бөлім үш тараудан тұрады.

Бірінші бөлімнің  «Тарихи өлеңдердің жиналуы мен зерттелуі» атты бірінші тарауында тарихи өлеңдердің айтары – қазақ ұлтының бастан кешкен түрлі деректі оқиғалары, тарихи ірілі-ұсақты ел басына қиын-қыстау күн туғандағы қайғы-қасіреті, мұң мен шері, қуанышы мен келешек өмірге деген үміті екендігі нақтыланды. Өкінішке қарай көбіне ауызша айтылып, суырыпсалмалық дәстүр үлгісінде тарағандықтан, көне дәуірлерге қатысты өлең-жырлар ұмытылып үлгерген. Бұған берітіндегі жазу-сызу өнері орныққан кезеңдегі түрлі идеологиялардың қырсығын тигізіп, тарих теңізіне тереңдеуге де мүмкіндік бермегенін айтпасқа тағы болмайды. Пікіріміздің дәлелсіз еместігін қазақ өлеңдеріне қатысты құнды зерттеу жүргізген ғалым Б.Уахатов былайша нақтылайды: «...қазақ халқының басынан кешкен тарихи оқиғалар көп. Бірақ, соның барлығы бірдей бір ауыз әдебиетінде сақталып қалмаған. Тек кейінгі бір-екі ғасырда туған тарихи аңыз-әңгімелер мен өлеңдер болмаса, арғы көне дәуірлердің нақтылы деректеріне құрылған жыр үлгілері жоқтың қасы. Соның ішінде тарихи ұсақ жырлар, яғни бір кездегі Қорқыт, Еділ-Жайық туралы, Шыңғыс ханның қаһарлы жорығы, Ақсақ құлан, Жошы хан туралы өлеңдер өте аз сақталған» [1, 64-65 бб.], - дейді. Халық поэзиясының дер кезінде хатқа түспеуінен көп қазыналар ұмытылып, кей үлгілерінің түрлі өңдеулерден өтіп отырғаны баршаға мәлім. Ендеше, тарихи өлеңдер халық поэзиясының бір саласы болғандықтан мұндай әрекетті айналып өтуі мүмкін емес еді. Академик М.О.Әуезов: «Ел ескілігінің бір алуаны тарихи өлеңдер», - дей отырып, «Тарих өлеңдері ең алдымен ел тіршілігінде анық болып өткен тарихи оқиғадан туады» [2, 140], - деуінің қисынды айтылғанын көреміз. Демек, тарихи өдеңдердің пайда болу мәселелері тым ерте дәуірлерге байланысты екен. Қазақтың тарихи жырларының қалыптасуына тарихи өлеңдердің әсер-ықпалы бар екенін айтып, арнайы көңіл бөлген академик С.А.Қасқабасовтың төмендегі пікірі де соның дәлелі болып табылады. «Тарихи өлеңдер қоғам дамуының әр кезеңінде туып отырады, яғни бұл – оперативтік жанр. Сондықтан тарихи өлең өте ескі жанрлардың бірі. Мәселен, бүкіл түркі халықтарының тарихи кезеңдерінің ең көне үлгісі Білге Қаған, Күлтегін, Тоньюкук т.б. туралы Орхон-Енисей маңынан табылған шығармалар деуге болады» [1, 28 б.]. Ал бізде тарихи өлеңдер XVIII ғасырдан басталады деген пікір қалыптасқан. Кейінгі көне түркі дәуірлеріне байланысты еңбектерден шын мәнінде тарихи өлеңдердің ерте дәуірлерде қалыптасқанын аңғаруға болады. Бұл істе белгілі ғалым, академик Р.Бердібайдың: «Әзірше зерттеушілеріміз тарихи өлеңді арнайы жүйелеп, толық қамтып тексеруге жеткілікті көңіл бөле қойған жоқ. Түбінде тарихи өлеңнің өз іздеушісі туса, оның хронологиялық кезеңін де, аумағы да анағұрлым айқындала түсетіндігі кәміл. Кейбір фольклортанушылардың тарихи өлеңді белгілі оқиғалар негізінде құрылған көлемді жырлармен бір топта қарап келгендігі де, бұлардың жанрлық жігіне жете мән беріле қоймағандықтан» [3, 185], - деуінің дәлелді айтылғаны талассыз. Мәселен, Көне түркі жазба ескерткіштері туралы терең ізденіп, лингвистикалық жағынан үздіксіз зерттеп келе жатқан ғалым Ә.Құрышжанұлының еңбегінде «Таңғұттармен соғысу», «Мыңлақ елімен соғысу», «Ябақулармен соғысу», «Жорық жырлары», «Алып ер Тонаны жоқтау», «Белгісіз батырды жоқтау», сынды дүниелерді көне түркі тілінен аударып, оларды «Халық өлеңдерінен үзінділер» деген атаумен берген [4, 297]. Анықтай қарар болсақ, осы өлеңдердің болмыс-бітімі тарихи өлең табиғатына толық сәйкес келеді.

Түркі-моңғол халықтарының тарихы туралы қыруар еңбек жазған В.Бартольд еңбегінде де тарихи өлең қалыс қалмаған [5]. Оның қисынсыз еместігі «Моңғолдың құпия шежіресімен» салыстырғанда  байқалды [6].

Академик Ә.Марғұлан қазақтардың ертедегі Жеті-Асар, Жанкент, Жент, Баршынкент, Сығанақ, Отырар қалаларының жоғалып кеткеніне күйініп, «жоқтау жырын» шығарған дей отырып, сондай өлеңді күн шығысты зерттеген ғалым Алиф деген кісінің тапқанын айтады. Өлеңді ғалым орыс тіліне аударып, бертінде «Туркестанские ведомости» газетіне бастырғаны туралы мәлімет береді [7, 42-43].

Қазақ хандығынан бұрынғы Ноғайлы дәуіріне қатысты көптеген айтушылары ұмытылып, халық өлеңдеріне айналып кеткен өлеңдер де баршылық. Оны біз Құрбанғали Халитовтың «Тауарих Хамса» атты еңбегінен табамыз. Мұнда «Қазақ пен ноғай айырылуы», «Ноғайлының бүлінуі», «Еділ менен Жайықты» т.б. өлеңдерден қазақ халқының ел болуы бір күннің ісі еместігі, басынан сандаған қиын күндердің өткенін көрсетеді.

Тек жиырмасыншы ғасырдың 70-80 жылдары ғана С.Қасқабасов, Р.Бердібаев, Б.Абылқасымовтың тексерулерінің нәтижесінде екі жанрдың ара жігі ажыратылған. «Ал, шындығына келсек, қазақ фольклорында «тарихи жыр» да «тарихи өлең» де өзінше өмір сүре алатын, дербес жанрлар. Бұл – қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік дара сипаттарының бірі» [8, 28]. Бұл дәуірдегі тарихи өлең ретіндегі анық бағаланған «Елім-ай» өлеңі болатын. «Ақтабан шұбырынды» дәуірінің өзегі делінген «Қаратаудың басынан көш келеді» өлеңін алғаш хатқа түсіріп, орыс тіліне аударған Т.А.Сейдалин, С.А.Жантөрин және П.Н.Распоповтар екен. Қазақ поэзиясын зерттеудегі өзіндік үлесі бар Н.С.Смирнова «Қаратаудың басынан көш келеді» өлеңінің 14 нұсқасы бар екенін атайды. Өлең нұсқаларын әр кез, әр уақытта ел арасынан жинақтап, белгілі еңбектерде кімнен алынғаны В.В.Бартольд, С.Сейфуллин [9], Қ.Жұмалиев [10], Мәшһүр Жүсіп Көпеев, М.Мағауин мен Ә.Кекілбаев, Ж.Досқараев, Ы.Дүйсенбаевтар жинақтаулары мен еңбектерінде баяндалады. Өлеңді айтушылар Айтбай Белгібаев, Мұстафа Оразайұлы, Әбдірайым Байтұрсынұлы екендігі аталады. Олардың өлеңді кім айтқанына қатысты жауаптарында, Тобықты Топыш, Көтеш ақын есімдері аталған. Келесі бір дерек, ауыз әдебиетін жинақтаушы Қаратай Биғожиннің айтуынша «Елім-ай» әнінің сөзін Қожаберген жырау, әнін Қожаберген жыраудың әйелі Айша шығарған деген болжам айтылған. Біздіңше, өлең ел арасына кең тарап, ауыздан-ауызға көшу барысында фольклорға тән дәстүрдің көрсеткішіне айналған. Жалпы тарихи өлеңдер туралы тексеру барысында «Ақтабан шұбырынды» оқиғасына қатысты өлеңдер көбірек алынып, зерттеушілер тарапынан жеткілікті пікірлер айтылғанын аңғардық. Бұл тұрғыда «Қаратаумен қоштасу», «Еділмен қоштасу», «Аманат», «Сарыарқамен қоштасу» өлеңдері кезең шындығынан шалғай кетпеген. Заман дерегі Ш.Уәлиханов [11] еңбектерінде айтылып, кейінгі ғалымдар зерттеулерімен толысқан. Небір жан түршігерлік оқиғалар Жоңғар қалмақтарынан болып отырғаны тарихи өлеңдерден көрініс тапқан. Ондай өлеңдердің көпшілігі Т.А.Сейдалин, С.А.Жантөрин  құрастырған жинақта [12], С.Сейфуллин  оқулығында, ғылыми қолжазба қорларында сақталған [13, 14, 15, 16,]. Тарихи өлеңдердің кейінгі кезеңде табылған үлгілері Б.Рахымов еңбегінде талданған [17].

Тарихи өлеңдердің ендігі бір шоғыры ХІХ ғасырдағы тарихи жағдайларға қатысты туған. Бұл ғасырдағы ел басына түскен азаптың басы Қоқан мен Хиуа хандықтары болса, екіншісі, Ресей патшалығының империялық саясаты, үшінші, сол ғасырдағы жұт жылдары деуге болады. Бұл кезеңдегі өлеңдерді жинастыру ісіне Ы.Алтынсарин, И.Бартольд, И.Березин, Т.А.Сейдалин, С.А.Жантөрин, М.В.Готовицкий, Қ.Бекниязов, Қ.Есжановтардың үлес қосқанын білдік. Кеңес дәуірінде Абай атындағы ҚазПИ студенттерінің 1948-1949 жылғы ел арасындағы арнайы экспедициялық жұмыстарында көптеген тарихи өлеңдер жинақталған [18]. Қазақ жерінде түрлі зұлмат пен қатар аштық нәубетінің келгендігі де тарихи өлеңдерден орын алған. Бұндай апат – 1879, 1880 жылдары болған. Ауызша қазақ арасында сақталған «Қазақ қайғысы», «Аштық», «Аштықтан халық қамалды»  атты өлеңдердің айтары сол екендігі мәлім.

Қазақ поэзиясында өзге дәуірлерге қарағанда ертерек қолға алынып, мұқият жинақтау мен зерделі зерттеулерден өткен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысты халық өлеңдері деуге болады. Бұл көтеріліс туралы тарихи тұрғыдан 1947 жылдан бастап тарихи жинақ құрастырылып, Б.Кенжебаев [19], Ф.Н.Киреев, Ш.Я.Шафиро [20], Е.Ысмайловтар түрлі еңбектер жазса, 1916 жыл туралы Д.Ысқақов, Е.Ысмайлов, Ә.Сәрсенбаевтар арнайы жинақ шығарған [21], 1916 жылғы көтеріліс тақырыбында М.Жармұхамедов ғылыми еңбек жазса [22], ел тарихына қатысты жазылған көп томдықтарда 1916 жылғы халық поэзиясы мен тарихи түрлі оқиғалар қалыс қалмай тексерілген.

Қазақ тарихи өлеңдеріне қатысты мәселелер тарихи жырларды зерттеуші М.Әуезов, С.Сейфуллин, Ә.Марғұлан, Е.Ысмайлов, Б.Уахатов, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, Б.Әбілқасымов еңбектерінде қалыс қалмайды. Бұл заңдылықты қазақ тарихи жырларын бертінде, ел егемендігін алғаннан кейінгі зерттеушілер З.Сейітжанов [23], Б.Рахымов [24], С.Сакенов [25], Г.Қ.Рахымбаевалардың [26] еңбектерінде де лайықты орын алған.

Сонымен алғашқы бөлімде негізінен тарихи өлеңдердің жиналуы мен зерттелуіне қатысты сөз болады. Тарихи өлеңдерді дәуірлік жағынан ендігі уақытта былайша тақырыптарға бөліп қарстырған жөн:

1. Тарахи өлеңдердің көне дәуірдегі хатқа түскен үлгілері.

2. Қазақ хандығы кезеңіне байланысты тарихи өлеңдер.

3. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасына қатысты туған тарихи өлеңдер.

4. ХІХ ғасырдағы туған тарихи өлеңдер

5. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс өлеңдері.

Тарихи өлеңдердің жинақталуы мен зерттелуі осындай жүйені жасауға жетеледі.

«Қазақ халық өлеңдерінің жанрлық түрлерге жіктелуі» деген бірінші бөлімнің екінші тарауында халық поэзиясын тек пен түрге бөлу Ш.Уәлиханов, В.В.Радлов, А.Құнанбаев т.б. басталғаны фольклортану ғылымында орынды аталып келгендігі жайында және фольклортану ғылымындағы халық өлеңдерін жан-жақты талдап, олардың жанрлық жағынан жүйелеуде А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, М.Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев және т.б. ғалымдардың зерттеулерінің нәтижелері ғылымда орынды аталып келгендігі сөз болады. Жалпы халық өлеңдері турасында ертелі-кеш айтылған пікірлерді екшеп, күрделі монографиялық тұрғыдан Е.Ысмайылов пен Б.Уахатовтың жазған еңбектері ғылымда айырықшы бағаланып, болашақ зерттеушілерге қозғау салғаны мәлім. Бұдан кейін С.Қасқабасов, Б.Әбілқасымов, Ш.Ыбыраев, Г.Болатова, К.Матыжановтардың тұрмыс-салтқа қатысты өлеңдерді жанрлық жағынан жіктеулері жарық көрді. Қазақ халық поэзиясына байланысты зерттеушілердің ой-пікірлерінде, тек пен түрге бөлулерінде тарихи өлеңдерге қатысты бағалаулар болды ма, бар болса қалайша нақтыланды деген мақсатта осы тарауда арнайы орын берілді.

1916 жыл поэзиясына қатысты Б.Кенжебаев, Х.Ищанов, М.Жармұхамедов еңбектерінің жарық көрулері, тарихи өлең мен тарихи жырлардың шығу тегі мен пайда болу заңдылығын ашуға ықпал еткен. Тарихи жыр мен тарихи өлеңдерді қалыптасқан термин атаумен атаса да, өзінің тексерулерінде профессор Н.С.Смирнова: «Тек, нағыз тарихи шығармаларға тән негізгі сипаттар тарихи өлеңдердің ең кішігірім түрлерінде ғана сақталған» [1, 518 б.], - деп эпикалық жыр мен шағын өлеңдердің айырмашылығының барын аңғартқан.

Ал, тарихи өлеңдердің тарихи жырлардан айырмашылығы барлығын дәйектеп, халық поэзиясының өз алдына жеке жанр бола алатындығын С.Қасқабасов [1, 28 б.] ғылыми тұрғыдан дәлелдей көрсетті. Ғалымның ой-пікірлері мен тұжырымдары тарихи жырларды зерттеуші З.Сейтжанұлы, Б.С.Рахымов, С.Сәкенов және т.б. еңбектерінде бағаланып отырған.

Сөйтіп, тарихи өлеңдердің халық поэзиясының бір саласы екендігі нақтыланып, тарихи өлеңнің болмыс-бітімінен фольклорға тән белгілер толық аңғарылатындығы баяндалды.

Бірінші бөлімнің үшінші тарауын «Тарихи өлеңдердің типологиялық мәселелері» деп алыпонда қазақ тарихи өлеңдерінің халық өлеңдері қатарынан орын алатындығын айқындай келе, келесі кезекте тарихи өлеңнің басқа халықтар мұрасында кездесетінін, сабақтастығы, ұқсастығы, сәйкестенуіне қатысты салыстырмалы түрде тексерілді. Типологиялық зерттеулердің өзінде де тарихилық басты орынға шығатыны мәлім. Тарихи өлеңдерге қатысты алдыңғы тараудағы ой-пікір білдірген ғалымдардың еңбектерін типологиялық зерттеудің барлық шарттарына жауап бермесе де, негізгі нысанасы тарихилық болатын. Бұл істе біз ең алдымен тарихи өлеңдердің типтік негіздерін «Көне түркі дәуірі», «Түркі-моңғол кезеңдері», «Ноғайлы дәуірі», «Қазақ хандығы кезеңдері» т.б. түрлі тарихи кезеңдегі оқиғалармен сабақтастыра түсіп, жалпы түркі тектес халықтар поэзиясымен салыстыра тексерулер жүргізілді. Сүйеніш тірек ретінде Ф.Е.Корш, А.Н.Бернштам, П.М.Мелиоранский, И.В.Стеблева және т.б. зерттеулері қаперде ұсталды. Тарихи өлеңнің өте жедел тууы жағынан, халық поэзиясындағы жоқтау, бата, сәлем, естірту, қоштасу өлеңдерімен сәйкестенеді. Бірақ тарихи өлеңде тұтастай жалпы халықтың бастан кешкен тағдыр-талайы айтылады.

Осы ретте типологиялық жағынан ұқсастық қарақалпақ, қырғыз, түрік, қытай, қарашай т.б. халықтардың тарихи өлеңдерімен ұқсастықтардың барлығы айқындалды. Ал түр жағынан алғанда саха фольклорын зерттеген Г.Эргис, славян халықтарының эпикалық дәстүріне қатысты Ю.И.Смирнов, бурят фольклорына байланысты Н.О.Шаракшинова, орыс фольклоры тұрғысынан В.Я.Пропп, қарашай халқының жырлары жөніндегі Р.Ортабайланың еңбектерінде ең алдымен тарихи өлеңдер пайда болып, содан айтылу барысында эпикалық сипат алатындығы типологиялық жағынан қарастырылған. Әрине, барлық халықтардың мұрасы бір қалыптан шыққандай емес. Әйтсе де, тарихи өлеңдердің жанрлық сипаты мен эпикалық жыр туғызу мүмкіндігіне қатысты пікірлердің сәйкес келетіндігін көреміз. Демек, тарихи жырларды зерттеуші ғалымдардың тарихи өлеңдерді сабақтастыра қарап, эпикалық көлемді жырға өзек болатын қызметіне назар аударулары дәлелді. Мәселен, қазақ тарихи жырларының поэтикасына қатысты Б.С.Рахымовтың еңбегінде тарихи өлеңдердің кей үлгілері дайын клише ретінде жырға еніп, эпикалық шығарманың реалистік сипатына арттыра түсетіндігі түсіндірілген еді [17, 110-112 бб.]. Тарихқа жүгінсек қазақ халқының жеке ел болуы, дербес хандық құрған кезеңінің өзінен-ақ ел басына қауіп төнген тосын шабуыл, сұрапыл шапқыншылық түрлі қақтығыстар саны 300-ден асып кетеді екен. Оның бәрі айтуға оңай болғанмен, өткен өмірдің өкініші-күйініші екендігі шындық. Дәл сол дәуірлермен кезеңдердің елесі мен дерегін, жалпы халықтың психологиясын болмысына сіңірген тарихи өлеңдер болатын. Қай халықтың болмасын бастан өткерген түрлі тар жол, тайғақ кешу кезеңдері бар. Тарихи өлеңдердің типологиялық мәселелеріне қатысты мынадай мәселелер маңызды болмақ.

Тарихи өлеңдер барлық халықтардың фольклорында кездесетіндігі күмәнсіз. Алайда тарихи тұрғыдан өлең өрнегінде түрлі ерекшеліктер байқалмай тұрмайды. Айталық батыс фольклорында тарихи өлеңдер көбіне шабуыл-шайқас, соғыс қасіреті мен зардаптарына қатысты сипатталса, шығыс халықтарында аласапыран сұрапыл басқыншылық, зұлмат пен нәубеттің салдарынан босып пана іздеген, елі мен жерінен айрылған халықтардың тағдыр-талайы өлеңге арқау болған.

Қазақ халқының басынан бақ тайып, түрлі қатерге тап келгенде, елі мен жұртының назасы ең алдымен суырыпсалма өнер өкілдерінің шығармасынан көрініс тапты. Жалпы халықтың мұңлы әніне айналды.

«Тарихи өлеңдердің жанрлық ерекшеліктері» атты жұмыстың екінші бөлімінің бірінші тарауы «Тарихи өлеңдердің қалыптасуы мен дамуы» деп аталады. Қазақ фольклорындағы тарихи өлеңдер туралы тексеріп, оған жан-жақты көңіл бөлген ғалымдардың айрықша назар аударғаны тарихи өлеңдердің жанрлық сыр-сипаты болатын. Тарихи өлеңде өткен оқиғалардың ізі мен дерегі, халықтың заманның әкелген қаталдығына деген көзқарасы жататындығы анықталған. Бұның нақты дәлелін А.Байтұрсынов, М.Әуезов, Х.Досмұхамедұлы, Н.С.Смирнова, Б.Уахатов, С.Қасқабасовтар еңбектері береді. Тарихи өлеңдерге қатысты жоғарыдағы аталған зерттеушілер еңбектеріне сүйене отырып, тарихи өлеңдер бастаулары тайпалық, дербес хандықтар мен жеке ел болған кезеңдерде пайда болғандығын аңғарамыз. Себебі, тарихта болған түрлі ірілі-ұсақты оқиғалар кезеңінде ерлік көрсеткен адамдарды мадақтайтын шағын өлеңдер пайда бола бастаған. Ел басына қатер мен қауіп төніп, өзінің бауыр басқан мекенінен айрылып, жат жерге жөңкіле көшкенде қоштасу, жоқтау, естірту т.б. түріндегі өлеңдер жалпыхалықтың азалы үні мен әніне айналған. Бұл халық жадында ұмытылмай үздіксіз дамып, келе-келе эпикалық сипат ала бастағандығы да анық. Оның ертедегі туғандары ұмытылып, кейінгіге тамтұмдай жетті. Бұның неғұрлым берідегі көрінісі қазақ халқының сөз өнерінде зар-заман поэзиясында дәлелдене түседі. Жалпы жұрт болып, дербес ел болғандағы бірлік пен ынтымақ, ел мен жерге деген махаббаттың бүкіл халық атынан айтылуы, өлеңді шығарушының дүйім қауым, бұқара халық атынан сөйлеуі тарихи өлеңдерде жүзеге асқан. Тарихи өлеңдердің эпикалық шығарма жасау ерекшелігі бар. Алайда, онда типтік жеке батыр бейнесі жасалмайды. Тарихи өлеңде халық, ел мен жер тағдыры ұғымдары ұлттық көңіл-күйге тән беріледі. Осы уақытқа дейін тарихи өлең, тарихи жырдың айырмашылығы мен арасындағы байланысты түсіндіру үшін диссертациялық жұмыста арнайы диахрондық және синхрондық кесте жасалды.

Қай жағынан алып қарасақта, тарихи өлеңдер ел тарихындағы оқиғалардың елеулі көрсеткіші болып, өз алдына дербес жанр екендігін барынша анықтай түседі.

«Тарихи өлеңдердің топтасуы мен тұтастануы» атты екінші бөлімнің екінші тарауында қазақ халық поэзиясында тарихи өлеңдердің жеке өз алдына дербес жанр бола алатындығы анықталды. Оған қатысты тұжырымдар жасаған ғалымдардың бәрі де оның белгілі тарихи оқиғаларға қатысты екендігін түсіндіреді. Осы пікірлерді  негізге алып, тарихи өлеңдердің типологиялық және поэтикалық болмыс-бітімін бірнеше аспектіде қарауға болады. Бірінші, тарихи өлең шын мәнінде нақты болған оқиғалардың шынайы естелігі. Белгілі бір дәуірлердегі болған сұрапыл соғыс, ірілі-ұсақты қақтығыстардың бәрі де бір ғана тарихи өлеңмен өлшенбейді. Қайта бірнеше өлеңдер арқылы оқиғаның мән-жайы өсіп-өрбіп, тарихтың ақиқат кезеңдері толыса түседі. Егер шын мәнінде осылай болатын болса, онда тарихи өлеңдер әр дәуірге қатысты топтасып циклденуі тиіс. Өйткені тарихи өлең деп танылған туындының тақырыбы, жанры, стилі жағынан ұқсастығы қалайда байқалары анық. Бұл өлшеммен қарасақ, шын мәнінде тарихи өлеңдердің циклденуін тым ертеде туғандарынан емес, берідегі ізі суымаған оқиғалардан танимыз. Айталық, «Көне түркі дәуірі», «Алтын Орда дәуірі», «Ноғайлы дәуірі» кезеңдеріне қатысты тарихи өлеңдер ұмытылып, олардың кей үлгілері ғана бізге жеткен. Тарихи өлеңге қарағанда, тарихи жырлар тұтастанып (циклизация) үлгерген. Тарихи өлеңдердің цикл құрауы Қазақ хандығы кезеңіндегі дербестік жолындағы ұмтылыс, сыртқы жаудың әділетсіз соғыстарынан келіп туындаған. Бұл тұрғыда тарихи өлеңдер төмендегідей дәуірлерге тақырыптық жағынан топтастып үлгерген:

1) XVIII ғасырдағы ақтабан шұбырынды оқиғасына қатысты туған тарихи өлеңдер

2) XIX ғасырдағы отарлау саясатына байланысты тарихи өлеңдер

3) 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс өлеңдері

Бұлардың бірнеше тақырыпта кездесуі, көп нұсқалы болуы, бір-бірімен сабақтасуы, өзіне тән ұқсастықтары мен тарихи кезең шындығын бере алуы және белгілі дәуірге қатысты топтасуы фольклорға тән белгілерді барынша айғақтай түседі.

Қорыта айтсақ, ел басына күн туған зар-заман оқиғасы тарихи өлеңдерді белгілі бір дәуірге топтастырып, түрлі тақырыптар арнасында тұтастандырады екен. Өлеңнің айтары ел, жер жайы болып отырады. Өлеңнен қайғы-мұң, қасірет пен азалы кек, ашу мен ыза айрықша көрінеді. Бұл тарихи өлеңнің өзіндік болмыс-бітімі, табиғи ерекшелігі екендігі анық.

«Тарихи өлеңдердің халық поэзиясының өзге жанрларымен арақатынасы» атты бөлімнің үшінші тарауында, қазақ фольклортану ғылымында тарихи өлеңдердің лирикалық өлеңдерге жақындығы барлығы ерекшеленеді. Орыс фольклортану ғылымында А.М.Астахова, Б.Н.Путиловтар ХVІІ-XVIII ғасырдағы шағын өлеңдерде өзіндік көркемдік кестесі, бейнелеу әдіс-тәсілі жағынан лирикалық өлеңдерге жақындығын атайды. Бұндай пікір В.Я.Пропп тарапынан да айтылған. Қазақ өлеңдеріне қатысты еңбегінде Б.Уахатов тарихи өлеңдерді лирикалық өлеңдер қатарына қосқан. Бұл пікірден кейін С.Қасқабасов тарихи өлеңдердің жанрлық  сипатына тоқталып, онда лирикалық сипат болатынын, бірақ таза лирикалық өлең деп қарауға болмайтынын ескертеді. Еңбекте осы мәселенің басын ашып, кестелі түсіндірме арқылы нақтылы пікір айтылды. Лирикалық өлеңдердің көңіл-күйге қатысты туатындығы аян. Көбінесе әнмен айтылып, қысқа, сезіммен жүрек толқытып, көңіл сергітер рухымен ерекшеленеді. Көбіне дәстүрлі жолығу, айрылысу, қоштасу, сырласулар табиғат пен жаратылыс әлемімен астастырыла айтылады. Ал, тарихи өлеңдердегі мұң-шер жалпы халықтық мәселеге арналып, халықтың арман-тілегі, аянышты тағдыр-талайымен сабақтастырылады. Әсіресе ел мен жер тағдыры басты орынға шығады. Осының барлығы нақты болған немесе болып жатқан шынайы тарихи оқиғаға байланысты болып келеді. Міне, тарихи өлеңдегі басты ерекшелік тікелей деректік мәселеде жатыр. Лирикалық өлеңде жеке адамның басындағы оқиға өлеңге өзек болса, тарихи өлеңде жалпы халықтың тағдыр-талайы ауыр сынға түскені баяндалады. Демек, тарихи өлеңнің негізі үлкен оқиғадан келіп туындайды. Мұндағы оқиға ел мен жер туралы кездейсоқ апат, қиын-қыстау, жаншошырлық, озбырлық әрекеттердің кесапатынан туындайды. Тарихи өлеңнің өміршеңдігі болған оқиғаны дәлме-дәл, нақты қаз-қалпында жеткізуден көрінеді. Ондай өлеңдер халық есінде ұмытылмай ғасырдан ғасырға өтеді.

Халық поэзиясының басқа жанрларымен тарихи өлеңдердің арақатынасын айқындау мақсатында жұмыста түсіндірмелі кесте берілді.

Тарихи өлеңдердің түрлі жанрлармен жақындығы бар десек те, тарихи өлеңдер өз алдына дербес жанр бола алады. Жанрлардың араласуы (контаминация) бұнда да байқалады екен. Алайда, оны қырық-қырық құрау (конгломерат) деп түсінбеу керек. Қайта сәйкестік (конгенальность) деп қарасақ, істің дұрыс шешім табатыны анық.

«Тарихи өлеңдердің көркемдік сипаты» деп аталатын үшінші бөлімнің «Көркем бейнелеу құралдары және олардың тарихи өлеңдегі қызметі» атты бірінші тарауында тарихи өлеңнің поэтикасы арнайы сөз болды. Ең алдымен «Тарихи өлеңдердің шығарушысы, таратушысы кім?» деген сауалға тарихи өлеңдерді алғаш зерттеуші А.Байтұрсынов, М.Әуезов, Е.Ысмайылов т.б. тарихи өлеңдердің айтушылары сол оқиғаны көзбен көріп, көңілге түйген ақындар екен деген пікірлері дәлелді айтылған. Тарихи өлеңдердің композициясына үңілгенде онда эпикалық кеңдік барын байқаймыз. Бірақ ондағы бастан өткен қым-қиғаш оқиғалар, ел мен жердің тағдыр-талайының бәрі - өлеңді айтушы ақын атынан баяндалады. Бұл тұрғыдан алғанда тарихи өлеңдердің ең көне түрлері бізге ел мен жерге қатысты қоштасу, жоқтау, түрінде айтылған. Эпикаға тән ерекшелік бар. Бұл – батырлықты дәріптеуге тән эпика емес. Эпоста кейіпкерді даралау, қаһармандар тұлғасын жасауға қатысты оқиға қалыңдай түседі. Тарихи өлеңдерге, сол көлемді сюжетті қалыптастырудағы сарындар көзге түседі. Тарихи өлеңдердің айтары оқиға қалай, қашан болды, оның себебі мен салдары халықтың қандай күйге түскендігін жеткізу дәстүрге айналған. Тарихи жырда теңеу, эпитеттер т.б. көбірек жыр желісін қалыңдата түссе, тарихи өлеңде айшықтауларға орын берілген. Жалпы оқиғаның себебі мен салдарын жеткізудегі тарихи өлеңнің өзіне тән формасы осылай тұрақтанған. Ондағы айшықтаулардың басты үлгісі – арнаулар. Елі мен жерінен айрылған халықтың азалы әні, атамекеннен алыстаған жұрттың жайы тарихи өлеңдерде көбіне зарлай арнаудың үлгісін танытады.

Мысалы:

Зор күн туды, зор күндер,

Кетті күлкі мол күндер.

Жылау менен қоштасу,

Келер ме қайтып ол күндер!

Зарлай арнауға жауап беретін тарихи өлеңдер қатарына 1879-1880 жылдардағы адам өліп, мал қырылған «Қазақ қайғысы» және «Аштықтан халық қамалды» деп аталатын 1891-1892 жылы болған жұтқа қатысты тарихи өлеңдерді атауға болады. Мысалы:

Бере алмай нәр тауып ата-ана,

Кәрі шал, кемпір сорлап зар жылады, -

десе, аштық есін тандырған халықтың жайы тіпті ауыр, аянышты түрде суреттеледі:

Аштық есті тандырған,

Мойынға дорба салдырған.

Қабандай жерді қаздырған,

Шөп пен жедік балдырған, -

дейді. Зарлай арнаудың үлгілері әсіресе 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты өлеңдерде молынан ұшырасады

Ендігі кезекте айшықтаудың жарлай, сұрай арнау үлгілеріне тарихи өлеңдерден дәлел келтірейік. Арнаудың талаптарына жауап беретін болғандықтан, тарихи өлеңнің бүкіл шумақтары тек қана зарлай арнауға қатысты деген түсінік тумауы керек. Тарихи өлеңді айтушы ақын ең алдымен болып жатқан қайғылы оқиғаны айтып, ендігі күннің не боларын жалпы жұртқа қарата сөйлеп, жұртпен кеңесуді жөн санайды. Мәселен:

Ақ Орда артта қалды сарайлары,

Ағарар артын ойлап самайлары.

Қаңғырып жүргенінде көп қазақтың,

Көмусіз қала ма алда, талайлары, -

деп, жеке өзімен емес, ақын жалпы жұртқа үлкен ой тастайды. Сөйтіп, күрмеуі қиын шешімнің жауабын тағы да ел аузынан өзі айтады:

Боларсың бірің артық, бірің кемде,

Біріңді бірің сүйе сүрінгенде.

Ынтымақ, ауыз бірлік қып жүрсеңдер,

Арзисың аз болсаң да рулы елге.

Тарихи өлеңдердегі ерекше көзге түсетін арнаудың соңғы үлгісі – сұрай арнаулар. Көңіл-күйге байланысты оқиғалар болғандықтан, тарихи өлеңді шығарушы ақын қаралы жайдың әділетке сыймайтындығын айтып, өзінше жалпы жұртқа сауал қойып, өзінше жауап күтеді. Мысалы:

Қаратаудың басынан қар бораған,

Сол таудан дария тасып су тараған.

Сұлу қыз, көркем жігіт бәрі сонда,

Дариғай, неге келдім сол арадан –

деп, жау шапқыншылығы басталған кеңістікті атай отырып, сол жерден неге кеттім дегенді өкініш етеді. Ал төмендегі өлеңді сұрай арнаудың айрықша үлгісі десек те болар:

Бұрынғыдай жайың бар ма?

Мінетұғын тайың бар ма?

Жылағанда дайын тұрған

Қарындағы майың бар ма?.

Ішкі қайшылықтарға қатысты өлеңдерде де сұрай арнаудың үлгілері үздіксіз ұшырасады. Айталық, Абылайдан Ботахан өліміне құн сұрау, Мәмбет төренің ісіне байланысты «Жирен қопа» оқиғасына қатысты өлеңдер бұған дәлел бола алады.

Тарихи өлеңдерден арнаудың үлгілері ретінде сандаған мысалдар келтіре беруге болады. Жұмыста тарихи өлеңдердің ауызша тарап, көбінің айтушылары ұмытылып қалған фольклорлық негіздері бар өлеңдерден дәлел мен дерек ізделді.

Айшықтаудың бір түрі – қайталау. Сөздің әсерін күшейте отырып, тыңдаушы назарын аудару мақсатында зат не құбылысты бірнеше рет қайталап, ой мен сырды ұғымға мұқият сіңірудің тәсілі. Тарихи өлеңдерде жай қайталаулар көзге бірден ұшырайды:

Мына заман, қай заман, бағы заман,

Баяғыдай болар ма тағы заман,

Қарындас пен қара орман қалғаннан соң,

Көздің жасын көл қылып ағыз заман.

немесе:

Қоқанның хакімдері залым болды,

Һәр жұртқа залымдығы мәлім болды...

Қоқанның қазақ көрді жамандығын,

Көп уақыт қазаққа қылды шығын, -

дегенде заман, залым, қоқанның, қазақ дегенді ерекшелей қайталап, сол арқылы ел қайғысы, мал мен жер қайғысы туралы өткеннің зардабы жайында ұғым мен түсінік қалыптастырып тұр.

Тарихи өлеңдерде көбірек ұшырасатыны негізінен жай, кезекті және еспе қайталаулар деуге болады. Еспе қайталаулар көбіне сағыныш, мұң-зар өлеңдерінде ерекшелене түседі. Мәселен:

Бұлай барсаң қоқан бар.

Қоқаңдаған әкең бар.

Бұлай барсаң қалмақ бар,

Күшіңді ептеп алмақ бар.

дегенде айтылар ой түйінделіп, ой мен сырдың есіле қайталануының куәсі боламыз. Алдыңғы айтылған ұғымның, келесі кезекте қайталана немесе соңында ұшырасуы ойға-ой, сырға-сыр қосудың еселенуі екендігі түсінікті.

Елдің өткені және оқиға болып жатқандағы бастан кешкені тарихи өлеңдерде көбіне шендестіру арқылы беріледі. Оның дәлелін төмендегі өлең үзінділері көрсетеді. Мәселен:

Сағындық біз Баянды көзді сүзе,

Жігіттер жауыздықтан бойды теже.

Иттерше шылапшыннан сорпа жалап,

Ішеміз он шақтымыз тары көже.

Сөз өнеріне айрықша мән берген А.Байтұрсынов: «Екі нәрсе қатар яки қарама-қарсы келгенде, арасындағы айырым көзге көбірек түседі. Биік пен аласа, ұзын мен қысқа, көрікті мен көріксіз, шебер мен олақ, ғалым мен надан қатар келгенде, араларындағы айырмасын анық көреміз» [27], - деп айтқандай, жоғарыдағы өлең жолдарының басындағы екі тармақта өткен күнгі ел мен жердің жай-күйі сөз болса, кейінгі екі тармақ бүгінгі күннен хабар береді. Қысқасы, кеше мен бүгін өлеңде барынша қарама-қарсылықта алынып, бір-бірімен шендестіріледі. Тарихи өлеңдегі табиғат пен адамды егіз алып суреттеуге алып келген бұл құбылыс, қайғылы оқиғаға қатысты табиғат пен адам психологиясын сипаттауға ауысқан.

Басынан Қаратаудың көш келеді,

Бір тайлақ көшкен сайын бос келеді.

Айырылған қарындастан жаман екен,

Мөлдіреп қара көзден жас келеді.

Адамның көңіл-күйін табиғатпен егіздей көрсетіп, бір жұптастыру тарихи өлеңдердегі дәстүр белгісін танытады.

Табиғатты адам көңілімен астастыра көрсетудің ең бір ұтымды сәттері елінен жырақтап, окоп қазуға алынған жастардың сәлем жолдауларынан көп ұшырасады:

Аралға қонды суы жоқ,

Мезгілсіз ұшқан бір топ қаз.

Бауырын төсеп жатуға,

Жапырағы жоқ, жері саз.

Ұшайын десе, мерген көп,

Аңдымайтын адам аз.

«Обал болар» десер ме,

Өтпейді оған ешбір наз.

Адам психологиясын параллелизм арқылы бұлай сипаттау тым әсерлі, ерекше тебіренген сезім сыры өлеңде өрнек таппақ. Тарихи өлеңдерде айшықтаулардан басқа, ажарлау, құбылтулар қаншалықты деңгейде деген сауалдардың туындауы әбден мүмкін. Біз оны тарихи өлеңдер арқылы пайда болып, эпикалық көлемді дүниеге айналған тарихи жырлардан байқадық. Себебі, ондағы атыс-шабыс, жекпе-жек, адам образын сомдауда ажарлаудың, құбылтудың сандаған түрлері ұшырасады. Тарихи өлеңдердің көлемі шағын, оқиғаның болып жатқан сәтінде жедел туғандықтан, онда күрделі эпитет, теңеу, балаулардың үлгілері кездесе қоймайды.

Тарихи өлеңдерде дыбыстық қайталаулардың көбірек ұшырасатындығын да байқаймыз. Ауыз әдебиеті дәстүріне сай жасалып, табиғи заңдылыққа сай айтылған өлең шумақтарын тарихи өлеңнің кез-келген тармақтарынан табуға болады. Мысалы:

Айтайын десең ұрады,

Ұрмақ түгіл қырады...

Алдына салып айдайды

Ашулансаң байлайды, -

дегенде, үнемі а дыбыстары еселене қайталану арқылы өлеңге  ажар-көрік дарытқан. Әр сөзі орынды, біріңғай дауысты дыбыстармен басталып тұр. Бұның ассонанс екені мәлім. Енді біріңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау арқылы ерекшеленетін аллитерацияға мысал келтіріп көрейік:

Қатын – бала, бауырың жауда кетті,

Қаратауды қатал жау бермей өтті.

Қайдасыңдар қазақтың батырлары.

Жасақ бастап, алсаңшы жаудан кекті.

Дыбыстық қайталауды қазақ халық поэзиясындағы дәстүр белгісін танытатын ерекшелік десек, тарихи өлең табиғаты сол дәстүрден жаңылмағанын барынша айғақтай түседі.

Тарихи өлеңдердегі бейнелі сөздер негізінен ел басына түскен ауыртпалықты, туған жерге деген шынайы махаббатты, халықтың әділетсіздікке деген күйініші, ашу-ызасы, мұңы мен назы, қайнаған кегін жан-жақты көрсету үшін қызмет етеді екен. Бұл орайда тарихи өлеңдердегі айқындаудың қызметі айрықша екендігі талассыз.

«Тарихи өлеңдердегі тіл өрнегі» атты үшінші бөлімнің екінші тарауында тарихи өлеңдердің әр кезеңде туып, бастан кешкен түрлі оқиғалардың дерегін берерлік туындылар екендігіне мән берілді. Өлеңнің қай кезең оқиғаларына қатысты туғандығын көбіне ондағы сөз өрнегінен, оның атқарып тұратын қызметінен танимыз. Тарихи өлеңдегі кісі есімі, жер-су аттарынан басқа да, жаңа сөздердің де жасалып жатқанын түсінеміз. Жалпы қазақ өлеңдеріндегі «қазақ» деген ұлттың есімін ерекшелеп, айдар таққан аталмыш тарихи өлеңдер екендігі талассыз. Керек десеңіз, бұрынғы «Алпамыс», «Қобыланды», «Қорқыт жырлары», «Қырымның қырық батыр жырларының» өзінде қазақ сөзі бірен-саран үлгісінде ұшырасады. Оның өзі бертінде туғандарында ғана. Тарихи өлеңдегі ұлт атауына «қазақ сүйегі», «қазақтың ай балтасы», «қазақ ұлы», «қазақ елі», «қазақ халқы», «руы қазақ еді, ұраны алаш», «хандардың қазынасындай болған қазақ», «өскенбіз қазақ ұлы бір ұядан» т.б. ұлт туралы ұғымды дамытып, көлемді эпикалық жырларға арқау еткен тарихи өлеңдер болып табылады. Тарихи өлеңдердің қоғам дамуымен тығыз байланыстылығын жаңа сөздер жасап, неологизмдер қалыптастыратындығынан да танылады. Мәселен:

Құрылмақ бұдан бұлай ескі режим,

Жасалмақ елге тиыштық жаңа жизн.

Екі партия екі тарау жолға түсті,

Аттары: большевизм, меньшевизм.

Бұл тарихи өлеңнің бертінде туғанынан алынған үзінді. Ал, тарихи өлеңдердегі окоп, аэроплон, казарма, губернатор, солдат т.б. бірнеше жаңа атауларды кездестірсек, онда тарихи өлеңдер қызметі аясының кеңдігіне көз жеткіземіз. Бұл жерде әңгіме өлеңнің қоғам дамуының әр кезінде өзін түлеп, елдің естелігіне айналуында екендігінде болып отыр. Тарихи өлеңнен антоним, синонимдерді де ұшыратамыз. Тарихи өлеңдер көбіне қара өлең дәстүрін еске түсіреді.

Қатын-балаң, / бауырың / жауда кетті /                      11

Қаратауды / қатал жау / бермей өтті /                         11

Қайдасыңдар /қазақтың / батырлары /                        11

Жасақ бастап, / алсаңшы / жаудан кекті /                  11

Біздіңше, бұл жалпы халық күйзелісі, қаралы оқиғаларға қатысты болып келеді. Ал жеке адамның тағдыры, елімен, жерімен қоштасу немесе жоқтау, сәлем өлеңдерінде бұрынғы 7-8 буынды өлең өлшемі бірден көзге түседі. Оның басты себебі қоштасу, жоқтау, сәлем өлеңдерінің айтылу дәстүрінде жатыр. Соның бәрі силлабикалық өлең екендігімен қоса, қазақ өлеңінің қадір-қасиетін арттыратын буыннан танылады. Дәстүрдің беріктігі де сонда. Өлеңнің әр сөзі толқу, тебірену, күңірену бәрі қалыпты ырғаққа бағынады. Тарихи өлеңде көбіне төрт, жеті-сегіз, кейде одан да көп тармақтар болса, жоқтау, азалы жайларға қатысты бірнеше тармақтар болып келе беретіні де кездеседі. Бірақ ауызша айтылып, белгілі әуенмен, мақаммен орындалғандықтан өлеңде ритм, ырғақ қалыпты сақталған. Өлеңдегі буын-бунақ та ырғақтың күштілігінен өзіндік жүйе тауып жатады.

Тарихи өлеңде қара өлең ұйқасы шұбыртпалы ұйқас, ерікті ұйқас, егіз және аралас ұйқастардың бар екендігін еңбекте талданды.

Қорыта келгенде, тарихи өлеңдердің тіл көркемдігі мен өлең өрнегі оның поэтикалық табиғатын танытып, жалпы халықтың тағдыр-талайын жеткізіп тұрған қазынамыз болып табылады.

Қорытындыда қазақ халық поэзиясының бір саласы болып табылатын тарихи өлеңдерге қатысты төмендегі тұжырымдар ұсынылады.

1) Тарихи өлеңдер қоғам өмірінің әр кезеңінде туып, халықтың мақсат-мүддесіне сай қызмет еткен. Оның нақ бастаулары Көне түркі дәуірі, Алтын Орда, Ноғайлы дәуірлерінен танылса, айырықша дамуы мен қалыптасуы Қазақ хандығы және одан кейінгі ел тарихындағы оқиғалармен байланысты туындаған

2) Қазақ тарихи өлеңдерінің жинақталуы XIX ғасырдан бастап, XX ғасырдың алғашқы жартысында жүзеге асқан. Бұл іске қазақтың ақын-жазушылары, қоғам қайраткерлері және фольклортанушы ғалымдары айтарлықтай ат салысқан.

3) Қазақтың тарихи өлеңдерінің көне үлгілері бізбен туыстас көптеген халықтардың өлеңдерімен тақырыбы ұқсас, идеясы бір болып келеді.

4) Халық поэзиясындағы жоқтау, қоштасу, лирикалық өлеңдермен тарихи өлеңдердің өзара қарым-қатынасы бар. Бірақ тарихи өлеңдерді отбасы әдет-ғұрып поэзиясына жататын азалау фольклорымен шатастыруға болмайды. Онда жеке адамның өмірден өтуі, тіршіліктегі тағдыр-талайы айтылса, тарихи өлеңде жалпы халықтың елі мен жеріне деген шынайы махаббаты, қимастық сезім сырлары сипатталады. Лирикалық өлеңдермен сабақтастығы да осы тұста көрініп, тарихи өлеңдердің әнге айналуынан байланыс-бірлігі танылады.

5) Тарихи өлең мен тарихи жырлардың жанрлық айырмашылығы бар. Тарихи жыр өзінің поэтикалық жағынан толық эпостың белгілерін танытса, тарихи өлеңде эпикалық ерекшелік жалпы оқиғаның мән-жайын, себеп-салдарын баяндауға құрылады. Жеке адамның образын жасау тарихи өлеңге тән емес.

6) Поэтикалық жағынан тарихи өлеңдерге тән бейнелеу құралдарынан айшықтаулар айрықша орын алады. Әсіресе, арнаулар: сұрай арнау, зарлай арнау, жарлай арнаулар тарихи өлеңге тән ерекшелікті аңғартады. Басты дәлел халықтың өлеңдегі ашу-ызасы, өкпе-назы, реніш пен қайғысының дәстүр негізінде шын болған оқиғаға сай жасалуынан көрінеді.

7) Тарихи өлеңдерде шендестіру және параллелизмнің халық психологиясын беруде шеберлікпен айтылып, тамаша сипатталғанына толық көз жеткіземіз. Сондай-ақ, дәстүрлі дыбыс қайталаулар ассонанс пен аллитерация және жай қайталаулар өлеңге ажар-көрік беріп, өткен мен бүгінді салыстырып, ел тағдыры мен жер тағдырын таразыға тартады.

8) Тарихи өлеңде әр дәуірдің дерегін танытарлық дәлелдің көрсеткіші ондағы көнерген сөздер мен жаңадан қалыптасқан сөздерден аңғарылады.

9) Қоғам дамуындағы белгілі бір ұлттың халық, ел болып қалыптасқан кезінде басына қиын-қыстау күн туғандағы тарихи-әлеуметтік жағдайына қатысты жедел туып, сол ұлттың оқиғаға деген көзқарасын, көңіл-күйін, арман-тілегін дәлме-дәл жалпыхалықтық психологиямен өрелестіретін мұраларымызды тарихи өлеңдер дейміз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Қазақ тарихи жырларының мәселелері. –Алматы: Ғылым, 1979. -312 б.

2 Әуезов М. Әдебиет тарихы. –Алматы:Ана тілі, 1991. -240 б.

3 Бердібаев Р. Қазақ эпосы. –Алматы:Ғылым, 1982. -232 б.

4 Құрышжанұлы Ә. Ескі түркі жазба ескерткіштері. –Алматы: Қайнар, 2001. -420 б.

5 Бартольд В. История турецко-монгольских народов. –Ленинград, 1928. -24-29 с.

6 Моңголдың құпия шежіресі. -Өлгий, 1979. -151 б.

7 Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. –Алматы: Жазушы, 1985. -368 б.

8 Қазақ әдебиеті тарихы. /Қазақ халық ауыз әдебиеті. –І том. -І кітап. –Алматы: Ғылым, 1960. -740 б.

9 Сейфуллин С. Шығармалары. –Алматы, 1964. Т.6. -495 б.

10 Жұмалиев Қ. XYIII-XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. –Алматы, 1967.-33 б.

11 Валиханов Ч.Ч. Собран. сочин. -Т.І. –Алма-Ата, 1961. -426 с.

12 Сейдалин Т., Жантөрин С. Образцы киргизской поэзии. –Оренбург, 1872. -320 с.

13 ОҒК - қоры. 1077 бума.

14 ОҒК - қоры. 833 бума. 10 дәптер.

15 ОҒК - қоры. 954 бума.

16 ӘӨИҚҚ. 766 бума.

17 Рақымов Б.С. Тарихи жырлар тағылымы. –Қарағанды,1997. -207 б.

18 ОҒК - қоры. 1077 бума.

19 Кенжебаев Б. 1916 жылғы көтеріліс жырлары туралы. –Алматы, 1956. -102 б.

20 Киреев Ф.Н., Шафиро Ш.Я. Восстание 1916 года в Казахстане. Документы, материалы. –Алма-Ата,1947.-211 с.

21 1916 жыл. Әңгімелер, өлеңдер мен дастандар. –Алматы: Рауан, 1966. -207 б.

22 Жармухаметов М. Восстание 1916 года в казахской народной поэзии. (Автореферат на соиск. учен. степени канд. филолог. наук). –Алма-Ата, 1962. -20 с.

23 Сейітжанұлы З. Тарихи эпос /Шыңжаң қазақтары фольклоры. –Алматы: Ғылым, 1994. -112 б.

24 Рақымов Б. Тарихи жырлардың поэтикасы. (Филология ғылым. докторы ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссерт. авторефераты). –Алматы, 2000. -57 б.

25 Сәкенов С.Б. Қазақ тарихи жырларының сюжеті тарихилығы мен типологиясы. (Филология ғылым. кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін  жазылған диссерт. авторефераты). –Алматы,1998. -25 б.

26 Рахымбаева Г.Қ. Шығыс Қазақстан өңіріндегі тарихи жырлар. (Филология ғылым. кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін  жазылған дессерт. авторефераты). –Алматы,2005. -27 б.

27 Байтұрсынов А. Шығармалары: өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. Құрастырған: Шәріпов Ә., Дәуітов С.). –Алматы:Жазушы, 1989.-320 б.

Диссертация мазмұны бойынша жарық көрген мақалалар тізімі:

1 Тарихи өлеңдердің зерттелуі. (Ұлттық әдебиеттану ғылымының көкейкесті мәселелері. Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары). лматы:Әдебиет және өнер институты, 2001. –Б.209-212.

2 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысты тарихи өлеңдердегі дәуір көрінісі. (Қ.Аманжолов және қазақ әдебиеті мен тіл білімінің өзекті арналары: Қ.Аманжоловтың 90 жылдық мерейтойына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары). –Қарағанды: АРКО, 2001. –Б.119-122.

3 «Ақтабан шұбырынды» оқиғасына қатысты туған тарихи өлеңдер. (Сыр сандығым Сарыарқа. Орталық Қазақстандағы халық шығармашылығы мен әдебиеттің қалыптасуы және дамуы: Республикалық ғылыми–практикалық конференция материалдары). - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. –Б.163-165.

4 Тарихи өлең табиғаты. (Ә.Қоңыратбаев және тіл тарихы мәселелері: Республикалық ғылыми практикалық конференция материалдары). –Алматы:ARDA, 2005. –Б.116-118.

5 Қазақ халық өлеңдерінің жанрлық жіктелісі. ҚарМУ Хабаршысы. Филология сериясы. –Қарағанды:ҚарМУ, 2006. -№ 1(41). –Б. 103-106.

6 Тарихи өлеңдердің типологиясы. ҚарМУ Хабаршысы. Филология сериясы. –Қарағанды:ҚарМУ, 2006. -№ 3(43). –Б. 82-87.

7 Абай және қазақ эпосы. (Абайдың әдеби мұрасы және қазіргі заман Республикалық ғылыми-практикалық конферен-цияның материалдары). –Петропавл, 2006. –Б. 73-77. (Б.С.Рахымовпен бірге).

8 Тарихи өлеңдердің топтасуы мен тұтастануы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. –Алматы, 2006. -№ 6(96). –Б. 10-14.

9 Тарихи өлеңдердегі тіл өрнегі. Ақиқат Ұлттық қоғамдық-саяси журнал. -2007. -№ 1. –Б. 86-88.

10 Тарихи өлеңдер (хрестоматия). Құрастырып алғы сөзін жазғандар: ф.ғ.д.,проф. Б.С.Рахымов, оқытушы Ж.Б.Ахметжанова. -Қызылжар: Астана баспасы, 2007. -98 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕЗЮМЕ

на автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата филологических наук по специальности 10.01.09 - Фольклористика

Ахметжанова Жанар Балтабековна

ИСТОРИЧЕСКИЕ ПЕСНИ В КАЗАХСКОМ ФОЛЬКЛОРЕ

Актуальность темы: Исторические песни являются неотъемлемой частью фонда казахских народных песен. Имелись объективные и субъективные причины того, что до сегодняшнего дня они не стали объектом научного специального монографического исследования.

Актуальность темы определяется тем, что исследование и изучение исторических песен созвучно развивающемся в Казахстане возрождению и обновлению национально-культурного самосознания народа, а также диссертационное исследование вносит определенной вклад в развитие изучения фольклора в свете программы «Культурного наследия».

Цель исследования:

Основная цель работы – попытка создания тематической классификации казахских исторических песен, определения жанровых особенностей исторических песен, их поэтического своеобразия и места в устном народном творчестве.

 Задачи исследования:

изучение и анализ вариантов исторических песен, найденных во время  фольклорных экспедиций и сохраненных в рукописных фондах ЦНБ при МОиН РК и Института литературы и искусства им. М.О.Ауэзова, а также  опубликованных текстов более познего времени;

исследование казахских исторических песен в аспекте литературно-типологических связей с историческими песнями древнотюрского, киргизского, каракалпакского, татарского, узбекского народов;

выявление специфических особенностей поэтики казахских исторических песен с позиции современности, обоснование собственных научных теоретических положений и выводов на основе анализа поэтики исторических песен;

Источниками отбора исследования являются редкие рукописи, сохраненные в архивах Института литературы и искусства им. М.О.Ауэзова и Центральной научной библиотеки МОиН РК, а также образцы текстов древних изданий, таки как «Образцы киргизской (казахской) поэзии» (1872) составители Т.А.Сейдалин и С.А.Жантурин, «Тюркская хрестоматия» (1890) И.Березина, С.Сейфуллина «Казахские старинные литературные образцы» 1 сборник (1931), «16 год» (1940), материалы фольклорных практик за 1986-1997гг. и фольклорно-этнографической экспедиции за 2002 год.

Научная новизна исследования:

- обоснованы новые научные выводы по вопросам классификационной структурно-семантическиой целостности исторических песен;

- разработана научная концепция о взаимосвязи исторических песен с другими фольклорными жанрами, определено своеобразие исторических песен и раскрыта их роль в эволюционном развитии в жанровую форму исторической былины;

- выявлена значимость взаимосвязи импровизаторского народного творчества акынов и жанра исторических песен;

Научная назвина работы достигается исследованием жанра казаских исторических песен с позиции определения поэтических художественных жанровых особенностей.

Методы исследования: Методологическую основу диссертации составляет научные достижения и поиски в области казахской фольклористики: научные труды, посвященные истории и теории фольклора, проблемам традиций в творчестве поэтов-импровизаторов, исследованиям в области эпосоведения, народной поэзии. Особо нужно отметить труды Ш.Ш.Уалиханова, Ы.Алтынсарина, А.Байтурсынова, Х.Досмухамедулы, С.Сейфуллина, М.Ауезова, С.Муканова, К.Жумалиева, Б.Кенжебаева, Е.Ысмайылова, А.Х.Марғулана, Н.С.Смирновой, А.Коныратбаева, Ы.Дуйсенбаева, Р.Бердибая, С.Каскабасова, Б.Уахатова, М.Жармухамедулы, Е.Турсынова, Б.Абылкасымова, Ш.Ыбыраева, М.Магауина, С.Садырбаева, Б.Азибаевой, Б.С.Рахымова, внесших неоценимый вклад в изучение и исследование казахской фольклористики.

Положения, выносимые на защиту:

- исторические песни отражают события глобального масштаба: события времен войн, когда над страной нависло много угроз и опасностей;

- в основе исторических песен идея свободомыслия, независимости и защиты родной земли, отражение мечты народа. Отсюда и различие исторических песен  от исторических былин. Если в  исторических былинах широко воспеваются  героизм и отвага, описывается образ одного героя, то в исторических песнях отражены печаль и скорбь всего народа;

- сказатели исторических песен сами и являются непосредственными участниками описываемых ими событий. По своей природе исторические песни похожи на лирические песни, где имеют место традиционные особенности такие, как прощание - қоштасу, плач по умершему - жоқтау и т.д. Но по сути исторические песени не являются лирическими песнями, т.к. по своему быстрому порождению, точной передаче исторических событий их относят к эпическим произведениям. Объем исторических песен обусловливается эпической широтой представления окружающей действительности в художественном произведении.

Апробация работы:

Основные идеи и результаты диссертационной работы докладывались на международных, республиканских, региональных научно-практических конференциях, публиковались в различных сборниках. Всего опубликовано 9 статей и выпущена одна хрестоматия.

Структура исследования:

 Работа состоит из введения, 3 глав, 8 подглав и заключения. В конце дается список использованной литературы и приложения.

В введении рассматриваются актуальность темы, цели и задачи работы, уровень исследования, научная новизна, источники исследования, определены теоретическая основа, объект исследования, теоретико-практическая значимость, методы исследования, положения, выносимые на защиту, апробация и анализ работы.

В первой главе дается  теоретический обзор по степени изученности  исторических песен6 их исследованности;

Во второй главе описаны жанровые особенности, становление и развитие и представлена тематическая классификация исторических песен;

В третьей главе обосновываются художественные способы и приемы поэтичемкого языка6 его функции в исторических песнях.

В заключении сделаны научные выводы.


 

SUMMARY

Ahmetzhanova Zhanar Baltabekovna

“Historical songs in the Kazakh folklore”

10.01.09 - Folkloristics

Topicality of research: Historical songs are an integral part of the Kazakh national songs. There were objective and subjective reasons of that about one today they did not become object of scientific research.

Many scientists agree that historical songs originate with old turk monuments, and their late samples concern to the period of Great domestic war. Present time gives the big opportunities for full research of genre features, the poetic world, communication of historical songs with other genres of oral national creativity and their thematic classification, function.

The purpose of research:

The basic purpose of dissertational work is definition of a place in classification on theme historical songs from a position of today. Also questions of gathering, research, poetics of historical songs and their genre features are considered.

 Objectives of research:

Proceeding from all aforesaid we put before ourselves such problems:

-             Use with a view of research of the historical songs kept in hand-written fund ME&S RK and institute of the literature and art by  M.O.Auezov, found during folklore expeditions, and the late variants having a place in publications;

-     Studying from the psychological party of the Kazakh historical songs in their communication with literary heritages turkishkirghiz, karakalpak, tatar, uzbek and other related peoples;

-     Research of historical songs from a position of present time as a cultural heritage, having taken in a basis before the research works, concerning their beginnings, becoming, development and genre features;

-     To open poetics of historical songs in conditions of today.

Sources of research are the rare manuscripts kept in archives of institute of the literature and art by it. M.Auezov and Central scientific library MEiS of RK. And also samples from ancient editions such as « Samples of the Kirghiz (Kazakh) poetry » (1872) » under T.A.Sejdalin and S.A.Zhantorin's publication, « Turkic chrectomatic » (1890) » I.Berezin, S.Sejfullin's collections « the Kazakh ancient literary samples » 1 collections (1931), « 16 year » (1940), results folklore practic for 1986-1997гг. and folklore-ethnographic expedition of 2002.

Scientific novelty of research:

- New conclusions on questions of classification and integrity of historical songs are made;

-     Answers to the various questions, historical songs concerning interrelation with other genres of oral national creativity and distinctions between historical songs and historical jir are given, the scientific concept about influence of historical songs on historical jirs is made;

-     The interrelation of historical songs with improvisatory creativity akyns and their folklore basis is determined;

The basic novelty of dissertational work is research of artistry of a word and language in historical songs from a position of poetic aspect.

Methods of research: In methodical bases of the dissertation are taken scientific achievements and searches in the field of Kazakh folklore. Scientific knowledge and the concepts concerning to genres of oral national creativity, the works devoted to a history and the theory of folklore, a problem of tradition in creativity of poets - improvizators, researches in area eposevision, national poetry make methodological and scientific bases of dissertational work. It is especially necessary to note S.S.Ualihanov, Y.Altynsarin, A.Bajtursynov, H.Dosmuhameduly, S.Sejfullin, M.Auezov, S.Mukanov, K.Zhumaliev, B.Kenzhebaev, E.Ysmajylov's works, and N.S.Smirnova, A.Konyratbaev, Y.Dujsenbaev, Z.Ahmetov, N.Toreulov, R.Berdibaj, S.Kaskabasov, B.Uahatov, O.Nurmagambetova, M.Zharmuhameduly, E.Tursynov, B.Abilkasymov, S.Ybyraev, M.Magauin, S.Sadyrbaev, Z.Sejtzhanov, B.Azibaeva, B.S.Rahymov, who brought in the invaluable contribution in Kazakh folklore.

Issues to be put forward for defending:

-     Historical songs reflect events of times of wars when above the country has hung many threats and dangers;

-     Historical songs completely open excitement, grief, grief of people during the certain epoch;

-     In a basis of historical songs freedom of people and the ground, its dream and a dream lay. From here and distinction of historical songs from historical jirs. If in historical jirs heroism and courage are widely sung, the image of one hero in historical songs the grief and grief of all people are reflected is given;

- Storytellers of historical songs also are direct participants of events described by them. By the nature historical songs are similar to lyrical songs where traditional features as farewell - koshtasu too take place, crying on died - zhoktau, etc. But as a matter of fact they are not lyrical songs since on the fast folding, exact transfer of historical events of them carry to epic products. The size of historical songs is caused by epic breadth.

Approbation of work:

The basic ideas and results of dissertational work were reported at the international, republican, regional scientific - practical conferences, published in various collections. In total 9 articles are published and one is let out chrectomatic.

Structure of research:

 Work will consist of introduction, 3 chapters, 8  small chapters and the conclusions. In the end the list of the used literature and the appendix is given.

Introduction includes topicality of research, the purpose and a problem of work, a level of research, scientific novelty, sources of research, objectives of vesearch, object of research, the theoretic-practical importance, methods of research, issues to be put forward for defending, approbation and the analysis of work.

In the first chapter the nature of historical songs are considered;

The second chapter focuses on genre features, coming into being and development, classification and grouping of historical songs, etc;

The third chapter deals with artistic means and technigues and their functions, the role of language in historical songs.

The conclusion sums up main points of research.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..   80  81  82