ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫН ЛОГИКАЛЫҚ-ҚҰРЫЛЫМДЫ КЕСТЕЛЕР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 10

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  79  80  81 

 

 

 

ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫН ЛОГИКАЛЫҚ-ҚҰРЫЛЫМДЫ КЕСТЕЛЕР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

 

 Р.Е. Джуншеев

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

 

   Философия пәнін оқытуды талдау барысында соңғы кезде академиялық сабақтардың (әсіресе практикалықмазмұнында эмпирикалық білімдерге басты назар аудару тенденциясының орыналғаны байқалдыБіздің мұнымен не айтқымыз келеді? Философия пәні бойынша сабақтардың мазмұны негізінен нақты мысалдарменөзекті оқиғаларменпрактикалық сұрақтармен

 және тарихидеректерге бай материалдармен берілудеАлайда, бұл бағытпен  тым әуестену сабақ мазмұнының теориялық бөлігінің жеткілікті қарастырылмайтынынтіпті оның эмпирикалық

 материалдардыңкөптігінен ығыстырылуына алып келудеАталмыш жағдайда дәстүрлі және вербальды дидактикалық 

құралдарды пайдалану жеткіліксіз болып табылудаСондықтан философия пәнін оқытудыңнегізгі міндеттерінің бірі-студенттердің теориялық білімдерді меңгеруін және түсініктік-ұғымдық ойлауын қалыптастырудың тиімді әдістері мен құралдарын іздестіру мәселесі қажеттіліккеайналуда.

   Теориялық мазмұнға бағытталған оқу қызметін басқару әдістемесін құру құралдарының бірі-логикалық-құрылымды немесе графиктік кестелер болып табылады.

   Кестелер оқыту процесінде түсіндіруесте сақтау, бекіту қызметін атқарушы көрнекілік құралдары немесе оқу ақпараттарынмазмұндағы білім элементтерін белгілі бір

 құрылымдықжүйемен жеткізу формасы ретінде қолданылады.

   Логикалық құрылымды кестелер нақты модель, яғни білімді өрнектеудің шартты материалданған формасы ретінде студенттерге ұғымдардызаңдылықтарды кестелер 

түрінде көрсетілгенсыртқы заттық (материалданғанәрекеттерді меңгеруден бастауға мүмкіндік бередіКестелер ұғымдарды мазмұнға сай меңгерудің маңызды шарты болып табылады.

   Сонымен қатар оқу процесін логикалық-құрылымды кестелер негізінде ұйымдастыру және өткізубіздің ойымызшастуденттердің оқу-танымдық қызметін басқару әдісі ретінде теориялықбілімдерді тиімді меңгеруді қамтамасыз етеді.

   Логикалық-құрылымды кестелер соңғы кезде жоғары оқу орындарында түрлі пәндерді оқытудың құралы ретінде кең қолданылуда.

   Философия пәнін оқытуда логикалық-құрылымды кестелерді қолдану жеткіліксіз жүргізілудеФилософиядан сәйкес кафедраларда құрылатын кестелер теориялық

 білімдерді толықтай қамтымайды және логикалық құрылымды кестелерге қойылатын талаптарға сай келе бермейді,

 сондықтанда философияның теориялық мәселелерін шешу міндеттерін жеткілікті орындайалмайды.

   Философия пәнінен логикалық-құрылымды кестелерге арналған осы әдістемелік құрал жоғарыда аталған кемшіліктердің орнын толтыруға бағытталған және кафедрада философия оқу бағдарламасына сай жасалынып жатқан оқу құралының бір бөлімінен (қазақ философиясының тарихы) логикалық-құрылымды кестелер жасау үлгісі болып табылады.

   Оқу құралының алдына қойылған мақсаттың іске асуын бағалауды оқырмандардың үлесіне қалдырамыз.

   Аталған оқу құралын құрастыру барысында авторлар төмендегіндей мақсаттарды көздейді:

-                философиядан оқу материалдарын дайындауда оқытудың жүйелік

принципін жүзеге асыру;

-                студенттердің философия ғылымының категориялық аппараты

туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру, олардың ұғымдық ойлауының қалыптасуына жағдай жасау;

-                студенттердің аналитикалық ойлауын және оқу материалын жүйелі

меңгеру қабілеттерін дамыту;

-                студенттердің бағдармалық материалды толық меңгеруіне жағдай тудыру.

   Бұл әдістемелік құралдағы кестелер қазақ философия тарихына арналған.

   Философия қазақ халқына сырттан танылған ілім емесөзінің төл санасында жататын құбылыс. Осы философия халқымыздың әлеуметтік психологиясынаәлеуметтік дүниетамына әбденсіңген.

   Халықта даналығыменәділдігімен көзге түскен көптеген билержырауларақындар болған. Мәселен, аты алашқа әйгілі болған: Төле би, Қаз дауысты ҚазыбекӘйтеке би (оларды халық «Тура би» деп атаған). Билер көбінесе құбылысты астарлап ашыптұспалдап сөйлейтін шеберлігін танытып отырған. Қазақ сөз түсінерсөз ұғар, бір ауыз сөзге тоқтаған адамды тіршілікте өте жоғары бағалаған. Жырау-әлі қоғамдық ғылымда тереңірек зерттелмеген, сыры толық ашылмаған, күрделі ұғым. Оған Бұқар жырау, т.б. сияқты тұлғалар шығармашылығы кепіл.

   Қазақ қоғамдық ойының философиялық тұрғыдан көрініс беруіне үлкен үлес қосқан ғұлама ойшылымыз Абай болып табыладыАбайдың философиялық дүниетанының «таза» материалистік немесе идеалистік деген түсінік сыңаржақтылыққа әкеліп соқтырады. Ол Шығыс мәдениетінің қазақ жеріндегі данышпандық тұрғыдан сарапталуына, қазақты іштей жеп жатқан ала ауыздық тамырына балта шабу керектігіне шақырған ұлы тұлға. Оның ойларын әрі қарай дамытыптарихқа өзіндік дүниетанымын қалыптастырған ойшылардың қатарына Шәкәрім де жатады.

   Міне осындай бай мазмұны бар қазақ философиясы тарихын игеруде көрнекі, нақты кестелердің алатын өзіндік орны бар. Төменде философия оқу бағдарламасына сай  қазақ философия тарихының біршама тақырыптарының мазмұнын көрсететін кестелердің үлгісін бердік. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  79  80  81