Жұмыстың жалпы сипаттамасы

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 7

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  20  21  22  23  24  25  26  27  28  ..

 

 

ӘОЖ: 811.512.122                                                Қолжазба құқығында

       


 

СЕЙТБЕКОВА  АЙНҰР  АТАШБЕКҚЫЗЫ



 

Әбілғазы баһадүр ханның ЋТүркі шежіресіндегіЛ араб және парсы сөздерінің қолданылу ерекшелігі


 

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

авторефераты


 

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2007


 

       Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында орындалды.


 


 


 

Ғылыми жетекші:                 филология ғылымдарының докторы,        

                                        профессор Б.Әбілқасымов


 

Ресми оппоненттер:                 филология ғылымдарының докторы,

                                        профессор Г. Қосымова


 

                                        филология ғылымдарының кандидаты,

                                                доцент Б.Жұбатова


 

Жетекші ұйым:                   Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті


 

      Диссертация 2007 жылы Ћ19Л қазанда сағат 14-де ҚР БжҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.02 – қазақ тілі және 10.02.06. – түркітілдері мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д.53.38.01. диссертациялық кеңестіңмәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).


 


 

     Диссертациямен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28).


 


 

Автореферат 2007 жылы Ћ19Л қыркүйекте таратылды.


 


 


 


 

Диссертациялық кеңестің

       ғалым хатшысы, филология

       ғылымдарының докторы, профессор                       Ж.А.Манкеева


 


 

Жұмыстың жалпы сипаттамасы


 

     Зерттеу жұмысының өзектілігі. Тілдік жүйенің қазіргі қалыптасу заңдылықтары мен оның даму тарихын зерттеуге қатысты қандай мұраның болсын, шығу тарихын, табылу, зерттелу жайын жете меңгеріп, ол туралы ой-пікірлер,   тұжырымдарды зерделеудің мәні ерекше екені белгілі. Осыған орай қазақ әдеби тілінің XVI–XVII ғасырлардағыжай-күйін танытатын жазба нұсқалар ретінде Захриддин Бабырдың ЋБабыр-намеЛ, Қадырғали Жалаиридың ЋЖамиғ-ат тауарихЛ атты тарихи шығармалары қатарындааталатын Әбілғазы баһадүр ханның ЋШежіре и түркіЛ шығармасын тілдік тұрғыдан қарастырудың маңызы зор.

     Орыс зерттеушілері А.Н.Кононов, А.М.Щербак, С.И.Иванов Әбілғазының бұл шығармасын өзбек әдеби тілінің  ескерткіші ретінде қарастырған. Аталған ғалымдар Әбілғазымұрасының тілі қарапайым, түсінуге жеңіл, араб және парсы сөздерін шектеп қолданған деген тұжырымдар жасағанмен, ЋШежіредеЛ* кездесетін араб және парсы сөздеріндәйектемелер мен мысалдар арқылы талдап көрсетпейді.

     Әбілғазы шығармасының тіл ғылымы үшін, оның ішінде түркітану ғылымы үшін маңызы зор екендігін Г.С.Саблуков өзінің аудармасының кіріспесінде былайша көрсетеді: ЋИсправно изданный Родословной был бы при скудости литературы на восточно-джагатайском наречии, драгоценным даром для филологов тюркского языка, который в этомнаречии чище, нежели в западных, как в лексикологическом, так и грамматическом отношенииЛ [1,16-б.].

      XVI–XVII ғасырдағы жазба нұсқалар, негізінен, шағатай тілінде жазылатындығы белгілі. Ал ЋШежіреніңЛ тілі жайында проф. Б.Әбілқасымов былай дейді: ЋXVII ғасырдажазылған Әбілғазы баһадүр ханның ЋШежіре и түркіЛ шығармасы, оның тұсындағы шағатай тілінен өзгешелеу тілде, өз сөзімен айтсақ, түркі халықтарына ортақ, нағыз түркітілінде жазылғанын көреміз. Шежіре тіліне жасалған талдауларымыз бойынша, оны қыпшақ тобына жататын тілдерге, оның ішінде қазақ тіліне жақындатуға мол мүмкіндікбередіЛ [2, 25-б.]

     Белгілі бір ескерткіштің түркі халықтарының қайсысына жақын-алыстығын дәлелдеу үшін ондағы оғыз, қыпшақ, қарлұқ элементтерінің қолданысын салыстыра қарауменқатар, араб және парсы сөздеріне де ғылыми талдау жасау арқылы нақтылай түсуге болады. Сондықтан араб және парсы сөздері ортағасыр шығармаларының белгілі бірпайызын құрайтындықтан біз ЋШежіреЛ авторының араб және парсы элементтерін  қандай мақсатпен, қаншалықты дәрежеде қолданғанына баса назар аударамыз.

__________________________________________________________________

*Әбілғазы баһадүр ханның ЋШажара и түркЛ аталатын бұл шығармасын біз бұдан былай түркі грамматикасының заңдылығына орай ЋТүркі шежіресіЛ немесе ЋШежіреЛ деп бердік.


 


 

     VIII ғ. бергі кезеңдердегі тарихи ескерткіштердің барлығында араб және парсы сөздерінің кездесетіні заңды құбылыс. Бұның себебі орта ғасырда  ислам дінінің  орнығуынабайланысты араб элементтері түркі тілдеріне көптеп ене бастады және шығыс мәдениетінің өрлеу кезінде (XIV-XV ғғ.) ғылыми және әдеби шығармаларды араб және парсытілінде жазу дәстүрге айналған еді. Міне, осындай жағдайлар түркі ғалымдарының  өз шығармаларына арабша және парсыша ұғымдарды пайдалануына өз ықпалын тигізбейқоймады.

    ЋШежіреЛ тіліндегі араб және парсы сөздерінің арасалмағын айқындау, бізге түсініксіз араб және парсы элементтерінің лексика-семантикалық топтарын, құрылымдықерекшеліктерін зерттеу, олардың қазіргі қазақ тілімен сабақтастығын анықтау арқылы Әбілғазының араб және парсы сөздерін қолданудағы төл ерекшелігін көрсете аламыз. Бұлмәселелердің қарастырылуы – жұмысымыздың өзектілігін көрсетеді.        

      Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты мен міндеті. “Түркі шежіресіндегі” араб және парсы сөздерінің қолдану ерекшеліктерін анықтау, оған тілдік тұрғыдан сипаттамаберу. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттердің шешімін табуы көзделді:

        - XIV-XVII орта ғасырлардағы түркі әдеби тілінде жазылған шығармалармен  ЋШежіреніңЛ тілін салыстырып, айырмашылығын көрсету;

        - “Шежіреде” қолданылған араб және парсы сөздерін анықтап, тақырыптық топтарға жіктеу;

        - қазіргі оқушыға түсініксіз араб және парсы сөздерінің лексика-семантикалық, морфологиялық ерекшеліктеріне сипаттама беру;

        - араб және парсы сөздерінің өзара және түркі сөздерімен бірігу, қосарлану, тіркесу жолдарына талдау жасау;

        - шығарма лексикасындағы араб және парсы сөздерінің үлес салмағын көрсету.

     Зерттеудің дереккөзі. П.И.Демезонның 1871 жылғы басылған сыни нұсқасы мен 1825 жылғы Қазан нұсқасы.

     Зерттеудің нысаны. “Түркі шежіресіндегі” араб және парсы сөздерінің қолданылу ерекшелігі.

     Зерттеудің пәні. “Түркі шежіресіндегі” араб және парсы сөздерінің лексикалық құрамы.

     Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижесі. Шығарманың араб және парсы тілдік қабатына ғылыми тұрғыда сипаттама беріліп, араб және парсы тілдерінің сол кезеңдегіжазба әдеби тілдің лексикалық қорына тигізген әсері анықталды. Нақты айтқанда:

     - араб және парсы сөздері жеке-жеке қолданыс салалары бойынша тақырыптық топтарға бөлініп талданды;

     -  қазіргі оқушыға түсініксіз араб және парсы сөздерінің қолданылу себебі түсіндіріліп, олардың семантикалық құрылымы ашылды;

     - араб және парсы сөздерінің қолданысына статистикалық зерттеу жүргізіліп, олардың шығарма тіліндегі үлес-салмағы анықталды;

     - текстологиялық жұмыстар негізінде екі баспа нұсқада қате жазылған сөздердің дұрыс нұсқасы қолжазба мәтіндері арқылы қалпына келтірілді.

Зерттеу әдістері. Сипаттамалы, тарихи-салыстырмалы, статистикалық талдау әдістері, топтау, жинақтау, жіктеу тәсілдері қолданылды.

     Теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу нәтижелері негізінде араб және парсы сөздерінің нақты шығармашылық негізде қолданыстық мәнінің ашылуы қазақәдеби тілі тарихы, тарихи лексикология салаларына өзіндік үлесін қоса алады. Осы жазба ескерткіштің тілі мен қазіргі қазақ тілінің арақатынасын анықтаудың тіл тарихынзерттеушілер үшін теориялық та, практикалық та мәні бар. Жоғары оқу орындарында ЋҚазақ әдеби тілінің тарихыЛ, ЋҚазақ тілінің тарихи грамматикасыЛ, ЋОрта ғасырескерткіштері тіліЛ курстарынан дәріс беруде, ескерткіштің тілдік деректері мен анықтамаларын арабша-қазақша, парсыша-қазақша түсіндірме сөздіктер жасауда қолданылуғаболады.

      Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

-   Зерттеу нәтижесінде Әбілғазының араб және парсы тілдерінен, шағатай түркісінен сөз қоспадым деген ескертпесінің мәнін түсінуге болады.

- XVI-XVII ғасырлардағы шағатай тілінде жазылған өзге жазба ескерткіштерге қарағанда, автордың шығармада араб, парсы сөздерін қолдануында біршама өзгешелік бар, яғниқазіргі қазақ тіліне жақын деуге болады. Бірақ бұл тұжырым әлі зерттеуді керек етеді.

-  Соғыс қимылдарына, ислам дініне қатысты араб сөздері, ал тұрмыстық зат атауларына, адамның психологиялық көңіл-күйіне байланысты парсы сөздерінің қолданылуыӘбілғазы заманындағы ауызекі сөйлеу тілінің жазба әдеби тілге айтарлықтай әсер еткенін көрсетеді.

-  Кейбір араб және парсы сөздерінен құралған тұрақты тіркестер ретінде қабылданып, күні бүгінге дейін мағына тұтастығын жоғалтпаған.

- Ескерткіште арабша-парсыша, арабша-арабша, парсыша-парсыша, түркіше-арабша, түркіше-парсыша сияқты қос сөздердің қатар түзуі ерекше байқалады.

- Автор араб және парсы сөздерін қаншалықты мол қолданса да, түркі тілінің синтаксистік құрылысын жүйелі түрде сақтаған.

     Жұмыстың талқылануы мен жариялануы. Зерттеу жұмысының негізгі мазмұны мен тұжырымдары бойынша ЋҚазақ шежірелері және ұлттық таным мәселелеріЛ аттығылыми-практикалық (Алматы, 2005), ЋАкадемик Ш.Сарыбаев және қазақ тіл білімі мәселелеріЛ атты халықаралық ғылыми-теориялық (Алматы, 2005),  академикӨ.Айтбаевтың 70 жылдығына арналған ЋМемлекеттік тіл саясаты: терминология, аударматану, ресми құжат тіліЛ атты халықаралық ғылыми-теориялық (Алматы, 2007), проф. М.Томановтың туғанына 75 жыл толуына  арналған ЋТіл тарихы: кемелдену және кешенділікЛ атты республикалық ғылыми-теориялық (Алматы, 2007) конференциялардабаяндамалар жасалды.

      Зерттеу жұмысы бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдарында және ғылыми басылымдар мен жинақтарда 9 мақалажарияланды.

     Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.


 

Жұмыстың негізгі мазмұны.

     Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, нысаны, мақсаты мен міндеттері, теориялық және практикалық маңызы, ізденістердің ғылыми жаңалығы, зерттеудің әдіс-тәсілдері менұсынылған тұжырымдары айқындалып, жұмыстың талқылануы мен жариялануына қысқаша деректер берілді.

Диссертацияның бірінші тарауы ЋТүркі шежіресініңЛ қазақ тіл білімі тарихында алатын орныЛ деп аталады. 1.1 ЋТүркі шежіресініңЛ зерттелу тарихы. XVII ғасырдажазылған құнды жазбаша ескерткіш Әбілғазы баһадүр ханның ЋТүркі шежіресіЛ зерттеуші ғалымдардың (А.Н.Кононов, Б.Әбілқасымов, Т.Қордабаев) мәліметтерінеқарағанда, еңбектің біздің дәуірімізге келіп жетуіне, зерттелуіне, танылуына, аударылуына ықпал еткендер – Сібірге жер аударылған швед офицерлері, солардың бірі  ФилиппИоганн Табберт Страленберг. Ол қолжазбаны Тобыл қаласынан тауып, орыс тіліне аудартса, швед Шенстрем неміс тіліне аударады. Бұл аударма арада көп уақыт өткеннен кейін 1780 жылы ғана кітап болып басылып шығады. Ал одан бұрынырақ қолжазба неміс тілінен француз тіліне аударылып, 1726 жылы Лейденде жарық көреді. ЋШежіреніңЛ баспанұсқасын орыс тіліне аудару бірнеше рет қолға алынса да, олар сәтсіз шығады [3].

     ЋШежіреніЛ түпнұсқадан орыс тіліне алғаш аударған – Г.С.Саблуков. Бұл аударманы ол Қазан басылымы бойынша және Петербургтегі Ғылым академиясыныңмұражайында сақталған қолжазбалармен салыстыру негізінде жасайды. 1906 жылы Қазанда Г.С.Саблуков аудармасы кітап болып басылып шығады.

     Белгілі ориенталист ғалым И.Березин ЋШежіреніңЛ Г.С.Саблуков жасаған аудармасын жеке кітап етіп, ЋКнига родословия тюркскогоЛ деген атпен өзінің ЋШығыстарихшыларының кітапханасыныңЛ 3-томына кіргізеді [1].

     Бұдан кейін Әбілғазы еңбегін зерттеу қолға алынып, ол XIX ғасырда көп ғалымдардың назарына ілігеді. А.Н.Кононов ЋИстория изучения тюркских языков в РоссииЛ аттыеңбегінде осы аталған шежіренің зерттелу тарихына көбірек тоқталады [3].

     ЋТүркі шежіресініңЛ грамматикалық құрылысын сипаттауға арналған еңбектердің бірі – проф. С.Н.Ивановтың ЋРодословное древотюрок Абул-гази-ханаЛ деп аталатынмонографиясы. Ол ЋТүркі шежіресінЛ ескі өзбек тілі ескерткіші ретінде қарап, өз зерттеулері арқылы өзбек тілінің тарихи грамматикасын жасауға үлес қосатынын айтады [4,5-б.].

     Әбілғазының ЋТүркі шежіресінЛ өз зерттеулерінің нысаны етіп кейінгі жылдары ғана алған қазақ ғалымдарының бірі Б.Әбілқасымов ЋТүркі шежіресіЛ кітабының зерттелутарихына шолу жасап, ондағы тұрақты сөз тіркестерін тілдік тұрғыдан талдайды [5,48-62-бб.]. Сол сияқты Т.Қордабаевтың ЋТарихи синтаксис мәселелеріЛ аттымонографиясында ЋШежіреніңЛ синтаксистік құрылысы сөз болады [6].

Проф. Б.Әбілқасымов Әбілғазының аталған шығармасын 1992 жылы ЋТүркі шежіресіЛ деген атпен қазақ тіліне аударады [7]. ЋТүркі шежіресініңЛ қазақ тарихы менәдебиетіне қатысты көптеген мақалалар жариялады. 2001 жылы ЋӘбілғазы ханның ЋТүркі шежіресіЛ және оның тіліЛ атты кітабы басылып шықты. Ғалым ЋШежіреніңЛ фонетикалық-орфографиялық  ерекшеліктеріне, лексика-фразеологиялық сипатына, грамматикалық құрылысына жан-жақты талдау жасайды. ЋШежіреніңЛ тілін зерттей келе, оның қазақ тіліне, сондай-ақ, тарихи грамматика мен тарихи лексикологияға көп деректер бере алатындығын дәлелдейді [2,4-б.].

1.2 ЋТүркі шежіресінніңЛ текстологиясы  (Қазан және Демезон нұсқалары бойынша талдау)

      Ерте замандағы жазба ескерткіштер ғасырдан ғасырға көшіріліп жеткізілгендіктен, көне дәуірлерден келіп жеткен құнды мұраларымыздың көпшілігі бірнеше нұсқадасақталғаны мәлім. Әбілғазының ЋТүркі шежіресініңЛ бізге белгілі екі нұсқасы бар. Қолжазбаның бір көшірмесі Мәскеудегі Ресей Сыртқы істер министрлігінің архивіндесақталып, 1825  жылғы Қазан басылымына негіз болған. Қолжазбаның екінші көшірмесі – кезінде В.И.Даль Орынбордан тауып алып, Академияның Азия мұражайынасыйлаған Петербург нұсқасы [2,4-б.].

      Г.С.Саблуков өз кітабының кіріспесінде Қазан басылымындағы парсы сөздері Петербург қолжазбасында түркі өлеңдерімен ауыстырылғанын айта келіп, Ћкім де кім меніңаудармамды баспа мәтінмен аударуды қайталаса, көптеген келіспеушіліктер мен жаңылулар табадыЛ [1,16-б.], – дейді.

       Расында да, Қазан баспа нұсқасын қолжазбамен салыстырсақ, біршама айырмашылықтар мен едәуір қателер байқалады. Мысалы, 18-бетте Оғыз ханның балалары меннемерелерінің аттары қалдырылып кеткен. Көшірушілер оны жай белгілермен белгілеп қойған. Мәселен, Қазан басылымында ЋОғыз ханның ұғланлары уа нәбирелерінің зікіріЛтуралы айтылғанда, Ай ханның ұлдарының аттарын Ұшад (Ұшар деп жақша ішінде берілген), Қанық деп келіп, Жұлдыз ханның ұлдарының аттарына Тау ханның ұлдарыныңаттары жазылады. Ал Көк ханның ұлдарының аттары мүлдем аталмайды (18-б.).

      Сондай-ақ, мұндай кемшіліктердің бірі – Оғыз ханға байланысты өлең жолдарында сөйлем құрылыстары екі баспа нұсқада (Демезон және Қазан) бірдей емес.

     Жалпы ескі жазба мұраларымыздың тілін қарастыру барысында баспа нұсқалар арасындағы текстологиялық айырмашылықтар лексикалық, графикалық, морфологиялық, синтаксистік аспектілер бойынша анықталады.

Лексикалық айырмашылықтары бойынша түркі сөздерінің түркі сөздерімен, кірме (араб, парсы) сөздерінің түркі сөздермен өзгертілген тұстары бар:

     Қ: Ләшкәрінің қолына ау чақлы олүк мал түшді кім йүклемекке түлүк арлық қылды (18).

      П: Ләшкәрінің қолына ол чақлы олүк мал түшді кім йүклемекке ат азлық қылды (12,10).

     Түсініктеме: Оғыз хан әскерінің қолына көп олжа түсті,артуға ат көлігі аздық қылды. Көшірмешілер өз дәуіріне дейінгі мағынасы көнерген сөздерді жаңа сөздерменөзгертіп отыруы мүмкін. Мұнда көріп отырғанымыздай, түлүк сөзі ат сөзімен ауыстырылған. Азлық сөзінің арлық деп берілуі диакретикалық белгілердің өшіп не көрінбейқалуынан болса керек.

Қ: Көб йыллар падишаһлық қылыб офат табды (8,15).

       П: Көб йыллар падишаһлық қылыб өлді (11,13).

Графикалық ерекшеліктері. Сөз еткен кезеңдегі жазба дәстүр араб графикасымен жазылғандықтан, кейбір таңбалардың екі не үш түрлі таңбалануы бар. Себебі арабграфикасында т әріптерінің 2 түрі, с әрпінің з түрі бар. Сондықтан әр нұсқада көшірмешілер кейбір әріптерді әр басқа таңбалаған. 

- Оғұз елінің барчасыны мұсылманлыққа дауат қылды (17) деген сөйлемде дауат (шақыру) әр басқа берілген.

Қ:     ﺓﻭﻋ ﺪ   дауат (11,26)

П:     ﺕﻭ ﻋﺪ  дауат (17). 

         - Ұғланлары мен нәукерлері бірлән күш тақұқны ат бірлән чабдылар.

Қ :        ﻂﺍ   ат (18,5)

П:            ﺖ ﺍ  ат (25)

Морфологиялық ерекшеліктерінде Қазан нұсқасында -нің, -ның, -ға, -ні  септік жалғауларының Петербург нұсқасында толықтырылып түзетілгені байқалады.

Қ: Беш алты мағұл қары сөзін (23)

П: Беш алты мағұлның қары сөзіні (35,20).

Қ: тәңрі әмірі білән  (15).

П: тәңрінің әмірі бірлән (22, 13).

       Шығарманың синтаксистік ерекшеліктері ретінде сөйлем жүйесіне қиыспай, қабыспай тұрған сөздер мен сөз тіркестері кездеседі. Бұрын түсіп қалған, жаңсақ жазылған сөзтіркестері өз тарапымыздан түзетіліп жазылды.

       Қолданылу аясы шектеулі шығыс сөздерін айыра білмей, кей көшірмешілердің қате жазып жібергені, контекстік мағынасы ұқсас сөздерді шатастырып алғаны төмендегісөйлемдерден байқалады:                     

     П: Тудаменку хан бесиар зұлым уа бидар қалмақны ағаз қылды (93,3)

     Түсініктеме: Осы сөйлемде бидар парсы тілінде ояу болса, онда бұл сөз аталған сөйлемге ешқандай қатысы жоқ. Ал  бидад (әділсіз) сөйлемге негіз бола алады. Дұрысы: Тодуменку хан көп зұлым және әділсіз қалмақты қырды

      Қ: Анлар көб фасадлар қыла тұрұр ермешлер теб Сүбідай баһадүр бірлән Тұғышарны көб черік бірлән анларының үстіне йіберді (54,6-б.).

      П: Анлар көб қасадлар қыла тұрұр ермешлер теб Сүбідай баһадүр бірлән Тұғышарны көб черік бірлән анларының үстіне йіберді (54,6-б.).

      Түсініктеме: енді бұл сөйлемде фасад емес, қасад болса керек, себебі қасад араб тілінде – ой дегенді білдірсе, онда бұл сөйлем былай аударылады: Сүбітай баһадүр менТұғышарды көп әскермен оларға қарсы жіберу ойларында болса керек. Шығарма тілінде мұндай ауытқулар баршылық.

      Сондай-ақ, екі басылымды бір-бірімен және 1891 жылғы Қазанда басылып шыққан нұсқамен салыстырғанда, бірқатар жолдардың түсіп қалуы сияқты кемшіліктер дебайқалады. Ал майда түзетулер баспа нұсқада диакритикалық белгілермен, сөздермен көрсетілген. Әбілғазының шығармасына арнайы текстологиялық жұмыстаржүргізілмегендіктен, баспа нұсқалардағы кейбір сөздерді дұрыс оқып, аударуға қиындық келтіретін тұстары баршылық.

       Осы ЋТүркі шежіресіЛ кітабының шығуымен байланысты 1826 жылы ЋМосковскиий телеграфЛ журналында жарияланған бір мақалада: Ћ....Азиялық шежірелер менаңыздардың құндылығы мен дұрыстығын, қай еңбектерге сүйенгенін анықтау үшін алдымен түпнұсқаларды білу керек. Шығыс зерттеушілері олардың мәтіндерін салыстырып, жөндеп, дұрыс аударылуын ұсыну керекЛ [8,10-б.], – дейді. Сондықтан бірнеше нұсқада жеткен орта ғасыр жәдігерліктеріне ең алдымен текстологиялық жұмыстар жүргізгенабзал. Осымен байланысты олардың мұқият зерттелуі – ең жауапты мәселе.

1.3 ЋТүркі шежіресініңЛ өзге орта ғасыр шығармаларынан айырмашылығы

      Әбілғазының өз шығармасының тіліне байланысты Ћ... бұл тарихны йахшы уа йаман барчалары білсүн теб түркі тілі бірлән айтдүм һәм андағ айтыбмын кім беш йасарұғлан түшүнүр уа бір калима чағатай түркісінден ғарабдын уа парсыдын қошмаймынЛ деген ескертпесі бар (36-б.).

     Ал көптеген зерттеуші ғалымдар бұл шығарманың түсінуге жеңіл түркі тілінде жазылғанын өз еңбектерінде дәлелдеп берді. Бірақ автор “араб, парсыдан, шағатай түркісіненбір сөз қоспадым” десе де, оның өзі өмір сүрген уақытындағы түркі халықтары қолданған жазба әдеби тілде қолданылуы дәстүрге айналған араб, парсы, шағатай элементтерінпайдаланбауы мүмкін емес еді.

     Әбілғазының араб, парсы сөздерін қолдануының өзіндік бірнеше себептері бар: 1) Арабтардың жаулап алуы мен ислам дінінің таралуына байланысты бұл тілдердің мәнібасымырақ болды; 2) Араб тілінен түркі тіліне сөз ауысу үрдісі әсіресе түркі тілдерінің даму тарихына айтарлықтай үлес қосты; 3)Орта Азия және Таяу Шығыс халықтарыныңәдеби тілі тарихында классикалық араб тілі едәуір рөл атқарған.

     Орта ғасырларда шығармаларды араб тілінде жазу дәстүрге айналды. Ал дәстүр жалғастығына сәйкес жазба тілге тән араб және парсы сөздерін қолдану мұсылманшасауаттылар үшін жат емес еді. Түркі халықтары көп жылдар бойы тәжік және парсы халықтарымен көршілес отырып, тікелей қарым-қатынас жасауы арқылы, сондай-ақ жазбаәдебиет үлгілері мен мәдени байланыстары арқылы түркі тіліне парсы тілінен бірқатар сөздер енді. Тарихи деректер Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген түркітайпаларының тіліне араб сөздерінен гөрі парсы сөздері әлдеқайда ертерек ене бастағанын көрсетеді [9,31-б.].

      Әбілғазы  да жастайынан халық ауыз әдебиетін, парсы тіліндегі тарихи шығармаларды сүйіп тыңдап, зерттеген. Араб және парсы тілдерін жетік білген. Бұған себепкітабының кіріспесінде ЋҚұдай бұйыртып, ажалдың үндеушісі келіп қалмаса, бұл кітапты парсы тілінде жазу ойымда барЛ (37), – дейді. Сонымен қатар Әбілғазы ЋТүркішежіресіЛ шығармасын жазу барысында Рашид-ад-Диннің ЋЖамиғ-ат тауарихЛ шежіресіне және басқа да Шыңғыс хан ұрпақтарының тарихы жазылған кітаптарға сүйенгенінайтады. Ал ЋЖамиғ-ат тауарихЛ шежіресі парсы тілінде жазылған, одан аударылған жерлерде иранизмдердің жиірек қолданылуы заңды. Ендеше, Әбілғазы ЋШежіресініңЛ лексикасында қолданылған араб және парсы сөздерінің бір себебін осыдан іздеу қажет сияқты.

     Жалпы Әбілғазы шығармасындағы араб, парсы сөздеріне қатысты әртүрлі пікірлер қалыптасқан.

      Г.С.Саблуковтың айтуы бойынша, ЋӘбілғазының ЋТүркі шежіресініңЛ тілі Хиуа тұрғындарының тілінде жазылған. Ол тіл араб және парсы сөздері мен сөз оралымдарынқабылдағанмен,  басқа тілдерге қарғанда түркі тілінің тазалығын сақтаған қырғыз, башқұрт және Оренбург татарларының тілдеріне жақын жазылғанЛ[1, 9-б.].

      Бұл пікірді А.Н.Кононов, С.Н.Иванов, Т.Р.Қордабаев сияқты ғалымдар да қолдайды.

      Проф А.М.Щербак Әбілғазының жоғарыдағы ескертпесін “кейбір авторлардың шағатай тілінің жасандылығын дәлелдеу үшін айтқан, әйтпесе оның грамматикалыққұрылысында парсы тілінің әсері байқалады” деп түсіндіреді [10,14-б.].

      Аталған ғалымдардың бәрі де Әбілғазының ЋТүркі шежіресінЛ өзбек әдеби тілінің тарихын зерттеуге қажетті тілдік нұсқа ретінде қарастырады.

      Б.Әбілқасымов: ЋШығарма авторы өз еңбегінің тілі туралы белгілі бір мақсат көздеп, жазу үстінде нақтылы ұстанымды басшылыққа алғанын ескертсе де, оныңлексикасында өз кезеңінің де, оның өз ортасының да сөз байлығын пайдаланғаны белгілі. Сондай-ақ онда көне түркілік, ортағасырлық жазба нұсқалар әсері, моңғол, араб, парсы тілдерінен енген сөздер молынан кездеседі, сондықтан бұларды жеке-жеке қарастыру қажеттігі туындайдыЛ [2, 60-б.], – дейді.        

     Әбілғазының ескертпесіндегі шағатай түркісі деген ұғымға өз пікірімізді білдіре кетейік.

    Орта ғасыр Науаи заманындағы ақындар туындыларында шағатай тілінің дәстүріне сәйкес парсы өлең құрылыстары мен араб тіліне тән синтаксистік құрылымдар молқолданылса, ал кейінгі тарихи шығармаларда араб және парсы тілдерін қолдануындағы тілдік ерекшеліктер араб және парсы сөздері етістікті сөз тіркестері деңгейінде басымболған. Әрі қазіргі тілмен сай келетін араб және парсы сөздерімен жасалған тұрақты сөз тіркестерді, эпитеттерді көп пайдаланған. Мәселен, Р.Сыздықова ЋЖамиғ-аттауарихтаЛ да есімді, етістікті тұрақты тіркестердің дені қазақ тілінде бар тіркес үлгілерімен бірдей екенін көрсетеді [11].

     Әсіресе бұл тілдік ерекшеліктер өз шығармасын халық тіліне жақындатуға әрекет еткен Әбілғазының ЋТүркі шежіресіндеЛ ерекше байқалады.

     Ендеше, Әбілғазының шағатай түркісі деп, өз заманындағы алдыңғы ақын-жазушылар шығармаларының тіліндегі күрделі араб және парсы тілдерінің сөз тіркестіруамалдарын, синтаксистік оралымдарды, өзге тілдік құрылымдардың көптеп қолданылуын, кей жағдайда оқыған сауатты адам болмаса, түсініксіз араб және парсы сөздеріменауырланған тілді айтып отырғаны деп түсінген жөн сияқты. Міне, осы ерекшеліктерді аңғарып, өз шығармасын жазу үстінде ол дәстүрден шамасы келгенше аулақ болуғатырысқан. Барша түркі халықтарына ортақ түркі тілінде жазуды мақсат еткен.

     Егер де автордың айтып отырған шағатай түркісі дегені жоғарыдағы айтылған өзге тілдік күрделі синтаксистік құрылымдар болса, онда “араб, парсы тілдерінің сөйлемқұрылысын пайдаланбадым” дегені деп топшылауға негіз бар. Өйткені шығарманың сөйлем құрылысы, шынында да, өте жатық, қазіргі қазақ тіліне жақын.

     Мұны Әбілғазының еңбегінде қолданған барлық сөзге лингвостатистикалық сипаттама жасау арқылы анықтауға болады.

     Сандық есептеуді көлемді түрде алып, Әбілғазының сөз қолдану ерекшелігін нақтылы көрсету үшін қайталауды шығарып тастап шығарма тіліндегі барлық сөздерді бірбөлек, ономастикалық атауларды бір бөлек алып отырмыз. Өйткені ономастикалық атаулар шығарманың бірсыпыра пайызын құрайды. Біздің бұл есептеуіміздің қорытындысышамамен мынадай болды (қайталауларды есептемегенде):

 

Ономастикалықатаулар

түркі сөздері

араб сөздері

парсы сөздері

277

3990

397

365

5, 5 %

79, 3 %

7, 9 %

7, 3 %


 

     Э.Н.Наджиптің сандық есептеуінде, Құтыбтың ЋХұсырау уа ШырынЛ поэмасында араб және парсы сөздерінің арасалмағы шығарма лексикасында 24-31 пайызды құрайды [12,138-б.]. Ал татар зерттеушісі З.А.Хисамиеваның есептеуі бойынша, Қадырғали Жалаиридың ЋЖамиғ-ат тауарихындаЛ түркі сөздері – 58 пайыз, араб сөздері – 28 пайыз, парсы сөздері – 13 пайыз, орыс және моңғол сөздері 1 пайызды құрайды екен [11,27-б.]. Байқап отырсақ, проза жанрында жазылған осы орта ғасыр ескерткіштерінің ішіндегіаталған  екі тарихи шығарманың қазіргі қазақ тіліне ең жақыны екені дау тудырмайды. Дегенмен, тілінің қазақтарға түсініктілігі жағынан біз қарастырып отырған ЋТүркішежіресіЛ Қадырғали Жалаиыридың жазған ЋЖамиғ-ат тауарихынанЛ да жақын екенін мына сандық есептеулер көрсетіп тұр. Себебі Әбілғазы туындысында араб және парсысөздері Қадырғали шығармасына қарағанда анағұрлым аз жұмсалған.

     ЋШежіредеЛ кездесетін араб-парсы сөздеріне сандық есептеу жүргізу арқылы біз Әбілғазы ханның араб және парсы сөздерінен қолданудағы өзіндік ерекшелігін білеаламыз:


 

Араб сөздері

397

7,9 %

Парсы сөздері

365

7,3 %

қазіргі қазақ тіліндеқолданылатын арабсөздері

Қазіргі қазақ тіліндеқолданылмайтын арабсөздері

қазіргі қазақ тіліндеқолданылатын парсысөздері

қазіргі қазақ тіліндеқолданылмайтынпарсы сөздері

235

162

223

142

4, 6 %

3, 2 %

4, 4 %

2, 8 %


 

     Бұл сандық көрсеткіштен  қазіргі қазақ тілінде қолданылатын араб  және парсы сөздерінен гөрі қазіргі қазақ тілінде қолданылмайтын араб және парсы сөздерінің мейліншеаз мөлшерде жұмсалғаны байқалады.

     Сонымен, автордың Ћараб, парсы, шағатай тілдерінен бір де сөз қоспадымЛ деген мәлімдемесін сол тілдерге тән сөйлем құрылысын пайдаланбадым деумен қатар, қазіргіқауымға түсініксіз араб және парсы сөздерін мейлінше аз қолданғанын айтқаны деп түсінеміз.

     Әбілғазы ЋТүркі шежіресінЛ жазуда көп тілді білуі нақты көрініс табады. Оның өз заманында араб, парсы тілдерін жетік меңгергенін шығармада көп сөздергеэтимологиялық талдаулар жүргізіп, мағынасын ашуға тырысқанынан да байқауға болады.

     Әбілғазының өзі еңбегінің кіріспесінде өз заманының білімді, жан-жақты даярлығы бар адам екендігін және Құдай тағаланың оған берген қасиеті ретінде әскери өнерден, ақындық өнерден, араб және парсы, моңғол тілдерінен, тарихи маңызды оқиғалардан да хабардар екенін және оларды жатқа білетінін баяндайды.

     Бұл шығармадан түркілердегі ру, тайпа аттарының шығу тектеріне байланысты көптеген деректер кездестіруге болады. Қаңқылы сөзінің шығу тегін арба жасаған адамменбайланыстырса, ұйғыр елінің атын ұю сөзінен шығарады. Ұйғыр өз төрелерінің атын йідіқұт дейді. Ол иіді (ию) және құт (арабша жан деген мағынада) сөздерінен құралғанынтүсіндіреді.

     Сондай-ақ араб және парсы сөздеріне де түсінік беріп отырады. Мәселен, автор аталған еңбегінің 5-бетінде адам Ћадам араб тілі тұрұр, араблар йерінің қыртышыны адамдерЛ деп жазады. Яғни оның себебін Құдай тағала адамды жер бетінен алынған топырақтан жасағаннан деп түсіндіреді.  Идрис атауының да дәріс сөзінен шыққандығынкөрсетеді. Шестің мағынасы ғабат аллах тимек болұр (Құдайдың құлы) дейді.

     Оғыз ханның жиырма төрт немересінің аттарының мағыналарын  көбіне араб және парсы сөздерімен түсіндіреді. Кейде түркі сөзінің араб және парсы, моңғол тілінде қалайаталатынына да тоқталады.

      - Ағыб бара тұрған ұлұғ суны түркі тілінде сай дер уа тәжік күчекін руд уа ұлұғын рудхоне дер араб уады дер мағұл мұран дер (45). Темірдін даруаза қойдылар андағдиуарыны араб сәдд дер, түркі тілі бірлән торқорқа дерлер Хытай халқы онку дерлер (47).

Қорыта келгенде, Әбілғазы шығармасы, өзі кіріспесінде айтқандай, тап-таза түркіше неге болмайды десек, қателескен болар едік. Өйткені тілдің жалпы даму заңдылығыбұны көтермейді, шеттен кірген сөздердің кіруі табиғи құбылыс. Әбілғазы араб және парсы, шағатай әдебиетін де, діни оқуын да жетік білген, ислам дінінің шарықтаукезеңінде хатқа түскен бұл ескерткіште араб және парсы сөздері көп деп айтуға болмайды.

     Сондай-ақ, Әбілғазы шығармасы  көне дәуір тіліндегі сөз мағынасын тануда, жер-су аттарының этимологиясын айқындауда, өткен тарихымызды білуде тигізер пайдасы зор. Демек, Әбілғазы ханның ЋТүркі шежіресіЛ қазақ әдеби тілінің тарихынан ерекше орын алады деп білеміз.

2-тарау ЋТүркі шежіресіндегіЛ араб және парсы сөздерінің лексика-семантикалық сипатыЛ деп аталады. Оның ЋАраб және парсы сөздерінің лексика-семантикалықерекшеліктеріЛ деп аталатын бірінші тараушасында ЋШежіредегіЛ араб және парсы сөздері лексика-семантикалық ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөліп қарастырылады:

     Бірінші топқа мағынасы өзгеріске түспеген сөздерді жатқызуға болады. ЋШежіредеЛ беретін мағынасы мен қазіргі қазақ тіліндегі мағынасы сол күйінде сақталған арабжәне парсы сөздері – шығарма тілінің негізгі арқауы. Мысалы, әділ, азап, айла, арзу, бақ, дана, дұшпан, дос, дарбаза т.б. атауға болады.

     ЋШежіреЛ тілінде абстракт ұғымдарды білдіретін сөздер негізінен араб элементтері болып келеді. Ал парсы сөздерінің басым көпшілігі тұрмыстық зат атауларына қатыстыжұмсалған. Мұның себебін түркі халықтарының көп жылдар бойы парсылармен көршілес отырып, тікелей қарым-қатынас жасауымен байланыстырамыз. Мұндай сөздердіӘбілғазы өз шығармасында үнемі қолданып отырады.

     Екінші топқа мағынасы кейбір өзгерістерге ұшыраған сөздерді жатқызуға болады. Мәселен, ЋШежіредеЛ пуст сөзі кездеседі. Парсы тілінде пуст кожа, шкура, кора, скорлупа [ПРС, 97-б.] мағынасын берсе, ЋШежіредеЛ шапан мәнінде жұмсалған.

       - Бір кече йарым ахшам еркек ұғлан тұғұрды атасының пустының етегінден кесіб алды тағы ұғланны чырмаб үйінің кеніде йалқұн ічінде йылатұб қойды (34, 16-17). Атасының пустының етегіндін кесіб алды (56).

      Кейбір араб және парсы сөздерінің өздерінің әдеби тілінде бірнеше мағыналары болатыны белгілі. Уақыт өте бір тілден екінші тілге ауысқан сөздердің мағыналарытарылады, яғни бір немесе екі мағынада ғана қолднылады.

      ЋШежіреЛ тіліндегі әсәр сөзінің араб тілінде көп мағынасы бар: 1) Із, белгі; 2) Аңыз, көне заманның ескерткіші; 3) ықпал; 4) әсер, эффект; 5) шығарма, еңбек (әдеби, ғылыми) т.б. [ПРС,7-б.]. Шығармада бұл сөз екі мағынада қолданылған. Бірі әсәр уа әләумәт (із және белгі)  және екінші мағынасы әсер ету, ықпал ету мәнінде жұмсалған.

      - Бу сөз ханның көңіліке әсәр қылыб йасауылға бұйырды (88,27). Анлар тағы Хендустан барыб хабар уа әсәр білмей қайтыб келділер (98,26).

      Қазіргі қазақ тілінде сырттай бір құбылыстан, қимыл-әрекеттен болатын “ықпал” ұғымын ғана білдіреді. Демек, араб тіліндегі бұл көпмағыналы сөздің мағынасы қазақтіліне ауысқанда мейлінше тарылып, жалғыз ғана түсінікті білдіретін болып қалған.

     Парсы тілінің сөздігінде  әуез сөзінің 1) голос, звук; 2) песня деген мағыналарды береді [ПРС, 46-б.]. Шығармада: 1) дауыс; 2) атақ-даңқ мағынасында қолданылған.

      - Ерсе ұғлан әуезі келді барыб көрді өзінің постыны таныды (34,18). Ауезісі мағұл ічіне шұһрат табды (Атақ-даңқы маңғол ічінде белгілі болды) (44,6).

       Ендігі бір тұстарында аты деген сөзбен қос сөз жасайды.

       Мәселен, Екі йыл отұрған соң аты уа әуезісі төрт тарафқа түшді (Атағы барлық жерге белгілі болды) (48).

       Үшінші топқа қазіргі қазақ тілінде кездеспейтін, қолданылмайтын араб және парсы сөздері жатады.

       Б.Сағындықов: ЋТүркі халықтарында бұрын-соңды болмаған ұғымдар мен зат атаулары ескерткіштерде араб-парсы сөздерімен беріледі. Мұндай сөздердің көпшілігі діниұғымдар, ел басқару істеріне, экономикаға, ғылым мен мәдениетке, қоғамдық өмірдің басқа да салаларына байланысты терминдер. Әрине, мұндай сөздер аударуға келмейді. Аударған күнде де негізгі мағынасы бұзылып кетер едіЛ [13,31-б.], – дейді.

      Ал Әбілғазы осы кемшіліктерді байқай отырып, түркі халықтарына ортақ жеңіл қарапайым тілмен жазуды мақсат етсе де, өз заманының тілдік ортасынан  алыстай алмаған. Шығарма тілінде, әдеттегідей, ортаазиялық, бірақ бізге түсініксіз қазіргі тілімізде қолданылмайтын араб және парсы сөздері ұшырасады. Бірсыпыра түркі тілдерінде бұлсөздердің бірқатары кеңінен қолданылуы да мүмкін.

      ЋШежіреЛ тілінде араб тіліне қатысты мынадай сөздер бар: хәмлә (жүкті), зағифа (әйел), бинеһаиат (шексіз), инғам (сыйлық), мұхтасар (қысқаша айтқанда), ғажражи(көну), уасел (есіткен, білген), сабахи (кінәлі), шайе (таралу) т.б.

      - Ол ұрұш тамам Қарқын уа Харасан уа Мауренахрда шайе болды (53, 27). Хатұнұм хәмлә ерді тұғырды (14,15). Лафазы мұхтасар болса һәм мәһнәсы мұхтасар ермесерді (52,11).

       Ал парсы тіліне қатысты мына сөздер жиі ұшырайды: сетар (жұлдыз), сулих (бейбіт), сәкін (тыныштық), серат (жол),  ләб (ерін), кенар (жаға) т.б.

     - Ай уа хесабны он екі йұрт уа сетаре шүкүр алқабының хесабын барчасын біле тұрған сондағ еркендүр (53,15). Менің бірлән ұрұштылар мен ғалыб келдім сулих қылдылар(168). Шаһар Сарайчыққа  качыб барды уа анда сәкін болды (98). Бір дарре бар ерді ол дарренің йолы сератының йолындын һәм нозу керек ерді (51,28).

     Жалпы шығарма тілінде қазіргі тілімізде қолданылмайтын араб және парсы сөздері қазақ тіліндегі тақырыптық топтардың барлығын қамтиды. Мәселен, соғыс қимылдарынабайланысты: масхар қылу, ғалыб келу, есір қылу, хежуб қылу, хамле қылу, банд қылу т.б. жарыса қолданылатын араб сөздері кең қолданылған. Діни ұғымдарға байланысты: шариф ислам, калиме шаһадат, фузала уа зуход, ғибадат, намазкаһ, бәде т.б. Ал тұрмыстық зат атауларына байланысты: сандан, чөкүч, қумаш, сарұпай, пост т.б сөздер. 

     ЋШежіреЛ тілінде ел мен ел, хандар мен сұлтандар арасындағы уәде, келісім, жарасу, мадақтау мәніндегі сөздер мен сыйлық жасау, жол-жоралғылар мен ризашылықтыбілдіретін күрделі сөз тіркестері жұмсалған. Мысалы, ілтифат уа енаиатлар, хазына уа дафине, мал уа нәәмәт, хәт уа сауғат, енаиат уа шафақат т.б.

     Қазіргі тілімізде жоқ бұндай тұрақты сөздердің қолдануының өзіндік  себептері болған сияқты:1) түркілік баламаның болмағандығынан; 2) түркілік балама бола тұрса даөзінің сөзін нақтылау үшін; 3) тіл шеберлігін көрсету үшін қолданылған.         

      Араб және парсы сөздерін жеке және көмекші етістіктермен ғана қолданып қоймай, тұрақты, бейнелі сөз тіркестерін беруде де пайдаланған. Бұл жерде  автор шығарманыңтілін әсерлі, мазмұнды етуді мақсат етсе керек.

      Қорыта айтқанда, ЋШежіреЛ жазылған кезеңде бұл сөздер жергілікті халық тілінде, әсіресе жазба әдебиетте кең қолданылған болуы керек. Кейінгі тілімізде көпқолданылмағандықтан, мағынасы түсініксіз сөздерге айналған.

2.2 Араб сөздерінің тақырыптық топтары

ЋШежіредегіЛ кірме сөздерді тақырыптық топтарға жіктегенде, араб тіліне қатысты тақырыптық топтар және парсы тіліне қатысты тақырыптық топтар депбөлуді жөн көрдік, себебі, ЋШежіредеЛ екі тілдің элементтері әртүрлі салаларға  қатысты жұмсалған.

      1.Әлеуметтік-қоғамдық, саяси атаулар: ахдпейман (келісім), хәкімнешин (әкім билейтін өлке), сиасат (саясат), султанат, мәслихат, хабар, арыз, қызмет, мәселе, насихат, т.б.

     - Сұлтан ахдпеймандын хушхол болұб көңіліде макрар қылдыкім (52, 3). Илбарыс келген чақда үч хәкімнешин уәлайаты қалыб ерді (110,28). Сұлтан Мұхамеднің үстікеатланыб анка йағы болсұн деб маболе қылыб ерді (56, 5).

      Барлық ортаазиялық түркі ескерткіштеріне ортақ ЋШежіреЛ тілінде қолданылған әлеуметтік-қоғамдық, саяси атауларға қатысты араб және парсы сөздері көбінесе ісқағаздарына байланысты болып келеді: хат, мабале (мәмле-келісім), арызнаме (арыз хат), ахднаме (келісім хат), хисаб (есеб) т.б.

        2. Атақ-дәрежеге байланысты атаулар: сұлтан, әмір, хәкім, уәзір, сейд, мәлік, шейх, уәлі әлғаһад т.б.

     - Алтұн ханға уәзірінің сөзі мақұл болұб Шынғыз ханға елчі йіберді (53,11). Үкідай хан нәсілдін Ғали сұлтан теген Шағатай әуледіға ғалыб болды (84,16).

      3. Діни ұғымдарға байланысты атаулар: аллах, азан, дұға, шариғат, кафір, құтба, мұсылман, месжед, айд, уағыз, масахәқ, т.б.

- Әлхамдулла біз мұсылман болдық (35). Йасауымның арқасы алты уа йеті арық болды ұрұш тараз болғанда алты айда алла алла деб икүрдүн йау қачды (56, 12).

      4. Соғыс қимылдарына байланысты атаулар:  ғалыб келу (жеңіп келу), ғам қылу (қыру), хераб қылу (талқандау), мәсһәр қылу (жаулау), фарағат сұрау (бейбітшілік сұрау),әсір қылу (тұтқындау), мухарабе қылу (талқандау), хежуб (шабуыл жасау) т.б.

      - Екі мың кіші қалаға йүгірді кіріб алдылар қатал ғам қылдылар (4,67). Бірнече кундін соң ләшкәр йұртыны хераб қылды (106). Шыңғыз хан ұғұл болұб фарағат отұрұберділер (55).

      Жаугершілікке қатысты соғыс қимылдарын көрсететін түріктің йасау йасау, күрен салу, ор қазу, қалғаға беркіну, қылыштан өткізу, чабу, қолына түсу (ұсталу), бойын имеут.б. тіркестері жоғарыдағы келтірген араб және парсы сөздерімен синонимдік қатар түзейді. Негізінен, шығармада түркі көмекші етістіктерімен келетін араб сөздерінің қолданужиілігі жоғары. Тіптен қазіргі қазақ тілінде кездеспейтін араб сөздері өз алдына семантикалық ерекшеліктеріне қарай топтастырылып, синонимдік қатар түзгені байқалады.

     Осы аталған соғыс қимылдарына қатысты кейбір араб сөздерінің қазіргі қазақ тілімен сабақтастығы байқалады: фарағат – жайбарақат, майұб-майып, хераб-қирап т.б.

2.3 Парсы сөздерінің тақырыптық топтары

      1.Тұрмыстық зат атаулары: тәбәр (балта), зәрбафт (зерлі мата), сарұпай (киім), хоссе (зат), хус (ыдыс), кефін (кебін), пуст  (шапан) т.б.

      - Ат сауытлы сарұпайлы кішіні алыб чыға білмес ат батыб бара тұрғанда шол кішінің сөзі йадымға келе қалды (162,1). Қазынасына бұйырдыкім қумаш келтүргіл барыбмың сандұқ зарбавт келтірді (24).

      Тұрмыстық атаулардың басым көпшілгі парсы тіліне қатысты. Олар киім-кешекке, асыл бұйымдарға, күнделікті құрал-сайман атаулары, ыдыс-аяққа, тамақ атауларынақатысты іштей тақырыптық топтарға бөлінеді. Бұдан Әбілғазының өзі әңгіме етіп отырған ЋШежіредеЛ бірыңғай тарихи фактілерді тізе бермей, түркі елінің тұрмыс-тіршілігінен, мәдениетінен хабардар етуді ойлағанын көреміз.

     2. Сауда-саттыққа байланысты атаулар: керуен, базар, базарган, сауда, саудагер, баға, пұл, арзан, хұн (құн), ашраф (ақша), харыж (қарыз) , т.б.

      - Бинаһаиат арзанлық болды бір пұлға бір нан болды тейділер (127,163). Бухара алыб барған бірнече өзбекдін Маңғытқа саудаға барұрмын деб бу ішлердін ғафыл көб келіберді (147,23-24).

       3. Кәсіби сөздер: ұстадлар уа нақышлар (қолөнершілер), дадбан (прокурор), дафтардар (хатшы), дихан, нависанде (жазушы), базарган (базаршы), саудагер, чапан, пехлеван, табиб (дәрігер), ахл е пше (қолөнершілер), чубдар (табыншы), ракиб (салт атты кісі), бәдечілер (сиқыршылар)  т.б.

       - Өз халқымызда һеч білүр кіші йоқ біз мұны көрге алыб барғандын не файда тағы төрт нависандені олтұрдым. Хытайдын келтірген ұстадларларыны уа нақышларыныалдыға келтіріб йахшы үйлер уа күшкілер бана қылдылар (79,6-8).

       4. Туыстыққа байланысты атаулар: аба аждад (ата-баба), фәрзәнд (перзент), кәдхуда (үйлену), дадкие (күң), бәрадарзад (немере ағасы),  нәбире (немере) т.б.

      - Шынғыз ханның аба уа аждадларыны уа әуледлеріні кім һәр уәлайатларда падишаһлақ қылыб турурлар (2, 6-7). Алтайдын та Аму суының кенериғаче Алғұға берді АлғұШағатай ханның нәбиресі тұрұр (83, 25).

      Туыстық атаулардың басым көпшілігі түркі сөздеріне қатысты. Бұл шығарманың мазмұнына сай келеді, өйткені ЋШежіредеЛ белгілі бір әулеттің бір-біріне қарым-қатынасысөз болатыны мәлім. Ал парсы тіліне қатысты бүгінгі тілімізге сіңісіп кеткен зағифа (зайып), набире (немере), фәрзәнд (перзент) сөздерінен басқа қазіргі тіліміздеқолданылмайтын иран сөздері кездеседі. Мәселен, кәдхуда (үйлену), додок (күң) т.б. атаулар.

     5. Атақ-дәрежеге байланысты атаулар: падшаһ, сардар, фарман (қолбасшы), мырза, т.б.

      - Йолда Қара Хытайның әксәр халқы Буәбәкі сардарға кошұлұб Ханбалығқа матуже болдылар (53,12). Қашқар, Йоркенд, Ұйғырстан мемлекетіне хан нәсілдін һеч падшаһйа фарман йоқ ерді (42,9).

      6. Діни терминдер: құдай, ауфариде, пайғамбар, ораза, намаз, фәрз, намаз, намазшам, намазкаһ, пайғамбар, бейіш, пері т.б.

      -  Кім пайғамбар тәңрінің елчісі тұрұр (74,27). Андын соң һәр күнде беш уақыт намаз оқұб тәңріке бенделі  қалұб беһештке алыб барды (7).

     Парсы діни сөздері араб тіліне қарағанда аз мөлшерде жұмсалған. ЋШежіредеЛ пайғамбар, намаз, фәрз (парыз), бейіш, пері парсы діни сөздері араб сөздері сияқты күрделібірлік құрайды. Мысалы: намазшам, намазгаһ, дарке жаһаннам (тозақ түбі), т.б.

     7. Соғыс қимылдарына байланысты атаулар: бәнде қылу (тұтқынға алу), фарман болу (басшы болу), руи кардан болу (жауласу), ағаз қылу (бастау),  т.б.

      - Алқисса хан Балхының хылқы бірлән қатығ ұрұштылар тағы қытығ ғам қылыб Балхының қаласын йер иерло иексен қылды һеч кісіні қоймады шәһид қылдылар (60,24). Шейх Хасан Бузруг әмір шейх Хасан  Кучекдін руи кардан болұб Бағдад барды (94,25).

      Соғыс қимылдарына қатысты парсы сөздері аз мөлшерде жұмсалған. Оның орнына қару-жараққа қатысты зеңбірек, туфанг, найза, чарайна, әскер мағынасында ләшкер, сыпаһ, черік сөздері жарыса қолданылады.

      ЋШежіредегіЛ араб және парсы сөздерін тақырыптық топтарға жіктеп қарастырғанымызда, өмірдің барлық салаларын қамтитынын көреміз. Араб сөздері негізіненқоғамдық-саяси өмір саласына және діни ұғымдарға байланысты көбірек қолданылған. Ал парсы сөздерінің араб сөздеріне қарағанда тақырыптық топтары көбірек. Бірақ та әрсалаға жататын сөздер саны аз болып келеді. Сондай-ақ, өсімдік атаулары, жер-су атаулары, астрономиялық атаулармен қатар адамның психологиялық көңіл күйіне байланыстысөздердің мөлшері аз болғандықтан, жеке-жеке топтарға бөліп қарастырмадық.


 

2.4 Араб және парсы сөздерімен жасалған  фразеологиялық тіркестер

      Әбілғазы да өз шығармасында көнетүркілік тұрақты, бейнелі сөз тіркестерін қолданумен қатар өзінің шеберлігін таныту мақсатында араб және парсы оралымдарыменкелетін тұрақты тіркестерді қолданудан да бас тартпаған. ЋЖамиғ-ат тауарихтағыЛ  есім мен етістікті тұрақты тіркестер Әбілғазы шығармасында да орын алған. Бұндай арабжәне парсы сөздерінің түркі көмекші етістіктерімен бірігіп қолданылуы – орта ғасыр жазба ескерткіштеріне тән құбылыс. Әсіресе шығармада соғыс қимылдарына, атақ-дәрежеге, діни ұғымдарға және адамның психологиялық көңіл-күйіне байланысты тұрақты тіркестер  молынан қолданылған.

Араб тіліне қатысты фразеологизмдер: шұхрат табу (белгілі болу), ғазал қылу (өлтіру), һессе (кек қайтару), азар беру (қорлық көрсету), аман беру (ел болу, аузы бір болу)т.б.

      - Нөкерлерінің олжасын алыб көб азар беріб қайта берділер (120, 2-3). Әуезісі мағұл ічінде шұхрат табды (44,6).

Парсы тіліне қатысты фразеологизмдер: патша көтеру (патша сайлау), саф тарту (шеп тарту), шырын забон (жақсы сөздер),  сөзі дераз болу (мылжың болу), дастдеразқылу (ұрлық жасау), даруазасы төрт жаққа түсу (тас-талқан болу, тоз-тоз болу), дұшпандықтың оты жану (араз болу, жауласу)  т.б.

      - Бір екі иыл анда отұрғандын соң аның даруазасы төрт йақға түшді (30, 9-10). Сүйініч ханның заманында мұғұл бірлән татар елінің арасында дұшманлығ оты андағкөб йанды (7, 26-27).

     Енді осы кірме сөздермен жасалған фразеологизмдердің қазіргі қазақ тілінде кездесетіні – халалы күю тіркесі амалы таусылу  (біту) тіркесіне, ғұмыр табу – өмір сүругебалама бола алады. Уақытты көрсететін гөш пісім тіркесі қазақ тіліндегі ет пісірімге, фал бақу тіркесі бал ашу, һессесін өлтүру тіркесі есесін алу, кегін алу тіркестеріне жақын.  

     Үміт үзу тіркесінің ЋШежіредегіЛ және қазіргі тіліміздегі мағынасының арасында аса бір алшақтық байқалмайды. Екеуінде де үміт үзу тіркесінің беретін мағынасы түңілу, ойлағаны орындалмайтынына көзі жету. Сол сияқты имамға үю, теһарат сындыру (дәрет сындыру), жар қылу (жариялау), есір болу (есіріп кету, мастану), азар беру(азаптандыру), қызмет қылу (қызмет ету), ажалы келу, әсіресе адамның көңіл күйіне байланысты араз болу (ренжу), хайран қалу (қайран қалу – таңғалу), пұшайман болу(өкіну), ғұссе болу (құса болу)  сияқты тұрақты сөз тіркестерінің беретін мағыналары қазіргі тіліміздегімен бірдей.

     Кейбір тіркестердің қазіргі қазақ тілінде дамыған, күрделенген түрлері кездеседі. Мәселен, қамын жеу (қамқорлық жасау), дем ұрмады (дем бермеді- үндемеді),  т.б.

      Араб тілінде бәрқ сөзі Ћжарқырау, жарқылдауЛ деген мағыналардағы найзағай ұғымын береді. Автор  бәрқ (назағай) және бод (жел) парсы сөзін біріктіріп ЋдауылдайжайлапЛ деген ауыспалы мағынада қолданған.

      - Сұлтан Мұхаммед ештідікім отыз мың кіші судын өтіб барқа уа бод келе тұрұр деб сұлтандын...(68,17).

     Сонымен еңбекте сол заманның тұрмыс-тіршілігіне лайық әртүрлі ұғымдарды білдіретін тұрақты тіркестер қамтылған. Қазіргі тілмен мағына сабақтастығын танытатын арабжәне парсы сөздерінен жасалған тұрақты сөз тіркестері мен эпитеттер шығармада көп пайдаланылған.  

3 ЋТүркі шежіресіндегіЛ араб және парсы сөздерінің фонетика-грамматикалық сипатыЛ деп аталатын тарауда ЋШежіредегіЛ араб және парсы сөздерінің фонетикалық, тұлғалық сипаты және олар сөз таптары  тұрғысынан қарастырылады. Яғни бұл сөздердің ЋШежіреЛ тілінде фонетикалық, морфологиялық өзгерістерге түсуі сөз болады.

3.1 ЋАраб және парсы сөздерінің фонетикалық-орфографиялық сипатыЛ.

      ЋШежіредеЛ қолданылған араб және парсы сөздері араб және парсы тіліндегі формаларын сақтап, фонетикалық тұлғасын өзгертпеген. Мұның себебі, араб тілін енгізугетырысушылар оны қасиетті құран сөзі ретінде уағыздап, олардың шама келгенше бұзылмауына көп күш жұмсаған. ЋШежіредеЛ араб тіліне қатысты мына сөздер өз тұлғасындатаңбаланған: мәжіліс, жамағат, мемлекет, халық, наисхат т.б. Парсы сөздері де түпнұсқа тұлғасын сақтап таңбаланған: пул, қағаз, құран, намаз, раушан, т.б.

      Араб графикалы ескерткіштердегі мәтінді транскрипциялаудың өзіндік қиындығы бар. Бұның себебі араб тілінде дауысты дыбыстар аз. Әсіресе қатар келген дауыссыздыбыстардың арасында харакаттардың (қысқа дауысты дыбыстардың) белгіленбеуінен сыртқы графикалық формалары бірдей сөздерді түрліше оқып, транскрипциялауғаболады. Ал біз талдап отырған баспа нұсқада таза араб әліпбиін емес, жалпытүркілік әліпбпиін қолданған.    

    ЋШежіреЛ мәтінінде 28 араб әрпі және 2 парсы   چ (че),   پ  (пе) таңбасы кездеседі. Осылардың ішінде араб әлібпиіндегі 2 таңбалы т   ط   ت немесе 3 таңбалы с  ص  س  ث , з  ز  ظ  ض   түркі сөздерін таңбалауда барлығы бірдей қолданылмаған.  ЋШежіредеЛ т таңбасын ت белгілейтін, с-ні белгілейтін  س , з-ні белгілейтін ز   таңбаларқолданылған, ал қалған ط   т,   ص  ث  -   с,    ظ  ض   -   з таңбалары тек араб, парсы тілінен енген сөздердің құрамында ғана кездеседі. Сонда ЋШежіредегіЛ түркі сөздерінбелгілеуде қолданылған таңбалардың саны  30 .

3.2 Араб және парсы сөздерінің сөз таптары тұрғысынан бөлінуі. Шығарма тіліндегі араб, парсы кірме элементтерін грамматикалық тұрғыдан зат есімдер, сын есімдер, санесімдер, етістіктер,  үстеулер және шылаулар деп топтастыруға болады.

   ЋШежіреЛ тіліндегі араб және парсы сөздерінен болған зат есімдер нақтылы және абстракт мағыналы сөздер қатарын қамтиды.

        1. Нақтылы мағынаны білдіретін сөздер қатарына: гохворе (бесік), чорайна, дарбаза, зындан т.б.

       2. Абстракт мағынаны білдіретін сөздер қатарына: зехн (сана), ғам (қайғы, мұң), мұхаббат, мехр (мейірім), фаһм (түсінік) сияқты элменттерді жатқызуға болады.

        Арабизм болып келген сын есімдер ескерткіш тілінде аз емес. Әбілғазы ЋШежіреніңЛ кей тұстарында, әсіресе белгілі бір халықтардың өмір тіршілігі мен тарихитұлғалардың мінез-құлқын араб және парсыдан алған сын есімдермен сипаттап беріп отырады. Мысалы,

     - Ол шаһар ғажайыб уа мәсбуат шаһар ерді (83, 27). Алаңқу тұз салмақны әуел чығарда бу намгин рәісм андын қалды (10). Бір торғай йерге  түшді аны алыб пейда йерсехушмазе келді (10). Аның нешонасы ол болұр кім нөкерке мехребан болұр (12, 11).

       Араб тіліндегі  азим (үлкен, биік), парсы тіліндегі бузруг (үлкен), куче  (кіші) сияқты сын есімдер шығармада кісі аттарына титул ретінде жұмсалған тұстары бар. Мәселен, Шейх Хасан Кучек, Шейх Хасан Бузруг.

       - Шейх Хасан Бузруг әмір Шейх Хасан Кучекдін руи кардан болұб Бағдад барды (94,25).

      Шығармада сын есімдер лексика-грамматикалық жағынан өз алдына сөз табы ретінде сараланып, анықталушы сөзбен іргелес орналасқан тұстары бар. Мәселен, боләнд әуез(қатты дауыс), содеқ дел (қарапайым жүрек), кухне тарихлары ( көне тарих), т.б.

     Сонымен қатар араб және парсы сын есімдері көмекші етістіктерімен тіркес құрайды. Мәселен, абадан ерді (гүлденген еді), зиад болды (көбейді), ажез болды (әлсіреді) т.б.

      - Аның заманында Үргеніч абадан ерді (127,15). Дәулеті күндін күнге зиод болды.  Ол уақытда Хорасан ғажайыб мәмүр ердікім (70,13).

      Қазіргі қазақ тіліндегі ЋмамырЛ айының атауы осы араб тілінен енгенін аңғаруға болады. ЋШежіредеЛ көмекші етістікпен бірігіп, ЋгүлденуЛ мәнінде жұмсалған.

     ЋШежіредеЛ араб және парсы сөздерінің үлкен тобы күрделі етістік ретінде қолданылады. Әсіресе, ЋШежіреЛ тілінде араб қимыл есімдері (масдар) ішінде ең көпқолданылғаны – бірінші, екінші, үшініші, төртініші туынды үлгілер бойынша жасалған сөздер. Мысалы, тафсил (егжей-тегжей), мұхарабе (қирату, жою),  етаиат (бағыну)т.б.

      - Абдуллаһ ханның хикаиаты әлемде мәшһүр ерді ол себебдін тафсил баиан қылмадық (102,23). Әмәр Темір бірлән әмір Хусейн келіб Ілиас хожа бірлән мұқателе уамұхарабе қылдылар (89,27). Қытай падишаһларыны етаиат қылұрлар қызмет қылұрлар ерді (43).

      Есімдердің түркі тілінің -ерді, -деді, -болды көмекші етістіктерімен қосылып күрделі етістік жасайды. Оларды есім компонентінің түсінікті-түсініксіз болып келуіне қарайекі топқа бөлуге болады:

     1. Қазіргі қазақ тілінде күні бүгінге дейін қолданылып жүрген, әбден сіңісіп, қалыптасқан араб және парсы сөздері: мақсат ету, дүниеге келу, ғашық болу, баян қылу т.б.

     2. ЋШежіреЛ тілінде ғана кездесетін, қазіргі қазақ тілі қолданысында кездеспейтін, түсінуге қиын сөздер тобы. Бұл сөздер я Әбілғазының өзі қосқан сөздер немесе көнесөздер. Мәселен, қысмәт қылу (бөлу), шайе болу (жайылу, таралу), мәсһәр қылу (жаулау), матуже болу (жүріп кету), масләт қылу (жазалау), хужум қылу (шабуыл жасау), муназаре болу (созылу-уақытқа байланысты), есхар қылу (табу), рәуаж беру (ауысу ), т.б.

ЋШежіреЛ тілінде араб және парсы сөздерін сөз таптарына қатысты қарастыру – қазіргі әдеби тілімізде кездесетін кейбір ерекшелеу грамматикалық формалар менқұбылыстардың түп төркінін ашып, олардың даму процесін айқындауда, сол дәуірдегі түркі жазба әдеби тіліне тән құбылыстарды ашып көрсетуде септігін тигізеді.

3.3 Араб және парсы сөздерінің грамматикалық тұлғалануы

     ЋШежіредегіЛ араб және парсы сөздерінің сөз тудыру мүмкіншілігі семантикалық жағынан меңгерілуі, негізінен, тіл жүйесіндегі сөзжасам тәсілінің шегінен шықпайды. Шығарма тіліндегі араб және парсы сөздері сөзжасам жүйесінің 1) синтетикалық (морфологиялық);  2) аналитикалық (синтаксистік) формалары арқылы жасалады.

3.2.1 ЋШежіреЛ тіліндегі  синтетикалық жолмен жасалған араб және парсы  туынды сөздері

     Шығарма тілінде -кер, -мәнд -вар, -дар, -е, -ар, -ане т.б. парсы жұрнақтарымен жасалған туынды сөздер кездеседі.

     1.  -вар жұрнақтары зат есімге жалғанып, адамның белгілі бір қасиетке ие екендігін, бейімділігін білдіретін туынды сын есім жасайды. Мәселен, дәулет-мәнд, донеш-мәнд, умид-вар т.б. 

      Қазіргі қазақ тілінде осы -мәнд, -вар, -умәнд жұрнақтарынан қалыптасқан атаман, данышпан,  қаһарман, сөзуәр т.б. сөздер бар.

     2.  -ане – зат есімге жалғанып, туынды сын есім жасайды. Мәселен, мард-ане (ерлік), енаиат падишах-ане (құрметтілік), див-ане (дуана, ақылынан адасқан), баһ-ане (себеп),ғайб-ане (сырттай), мархамат хусрау-ане (рақымшылық), т.б.

     3.  -һәм – бірлестік есімдігінің жұрнағы. Мәселен, һәм-рох (жолдас, серік, бірге).

      4. -дар – белгілі бір іс-әрекет иесінің қалпын, болмысын білдіреді. Мәселен, сәр-дар (басшы), чорпо-дар  (малды), хабар-дар т.б.

     Сөзжасамның бұл -дар жұрнағы түркі тілдерінде, сондай-ақ кәсіп мағынадағы есім туынды сөз жасайтын -шы, -шыл аффиксінің қызметінде де қолданылады. Тілімізде  -дар арқылы да жасалған біраз сөздер бар. Мысалы, хабардар, құлақдар, діндар т.б.

     5. -е – өте өнімді жұрнақ, зат есімдерге жалғанып, кішірейту мағыналарын білдіреді. Парсы тілінде чашм (көз), чашм-е (бұлақ).

     Мысалы, Хич неһайаты йоқ ағар сулар уа чашмелар уа .. (32).

     Бұндағы чашме кішкентай бұлақ суы мәнінде қолданылған. Сондай-ақ, -е жұрнағы сын есім, үстеу жасауға да қатысады. Мысалы, шығармада  дах-е (ондық), сад-е (жүздік), хезар-е (мыңдық) тұлғада кездесетін туынды сын есімдер бар.

     6. -ар – өткен шақ етістіктің түбіріне жалғанып, етістіктерде айтылған іс- әрекет иесінің және қимыл қозғалысының атауын білдіреді. Рафтар (мінез-құлық, жүріс-тұрыс),герофтар-кіріптар (ұсталған) т.б.

      Көптік мағынаны білдіретін -ган, -бан, -он, -стан жалғауларына қатысты мына сөздер қолданылады. Мәселен, базарган (базаршылар), бағбан (бағбаншылар), дарахтан (ағаштар), жаһанстан (бүкіл дүниежүзі), т.б.

     - Йүзім бағы дарахтан ерді. Дайым базарганлар кумаш түн йүз оқ алыб барыб көб фаидлар көрүб ерділер (56,13).

     Парсының и жұрнағы ЋШежіредеЛ сирек те болса ұшарасып отырады, беретін мағынасы сапалық сын есім тудыратын -лы -лі жұрнағына жақын.

      - Ағыш сұлтан адами фақыр дәруіш мұжық игіт еркендүр (118). Үргенішнің талаби игітлері Хорасанға барыб… табыб келүрлер ерді (119).

     -кер, -гер жұрнағы ертеректе араб және парсы кірме сөздерінің құрамында ғана қалып қоймай, тіл дамуының кейінгі дәуірінде де номинативтік, терминдік сипаттарға иеболды. Шығармада күнәһәр, қызметкер, дасткир т.б. сөздер кездеседі.

    Жалпы бұл араб және парсы өзара туынды сөздері түркі тіліне бүтіндей еніп, біртұтас лексикалық единица ретінде жұмсалады.

     Сөз тудырушы негіздері араб сөздерінен:

     1.Есімнен есім тудыратын жұрнақтар:

     -лық -лік, -лұқ -лүк жұрнағы көне замандардан-ақ сөзжасам аясы мейлінше өте кең актив қолданылатын жұрнақтардың бірі болғандығы белгілі. Мысалы, мұсылманшылық, харамлық, т.б.

     Сөз тудырушы негіздері парсы сөздерінен: хастелік, руи карданлық, саркашлық, достлық, душманлық,  паришанлық, арзанлық т.б.

     Дегенмен адамдардың түрлі жағымды-жағымсыз іс-әрекеті, мінез-құлқын білдіретін кірме сын есімдердің -лы,-лі жұрнақтары арқылы жасалған тұстары басымқолданылған. Ғақыллы, сарынжамлы, намұслы, арлы, дәулетлі, мивелі т.б.

     2. -сыз, -сіз; Бұл жұрнақ қазіргі тіліміздегідей ЋШежіредеЛ де жалғанған    сөзінде белгілі бір қасиеттің (сапаның, болмыстың) жоқ екенін көрсетеді. Бұл жағынан олжоғарыдағы -лы -лі жұрнағының беретін мағынасына қарама-қарсы. Мысалы, хәдсіз уа неһайатсыз, ғайратсыз уа намұсыз, үмідсіздік т.б.

    -сыз -сіз жұрнағының беретін мағынасын ЋШежіредеЛ көп жағдайда парсы тілінен ауысқан би, но префикстері атқарған. Мәселен: бирұқсат, бикүнаһ, биғылаж, нәмәрд, намағлұм, намағқұл, натамам, биқарор т.б.

      3. -рақ, -рек; Бұл жұрнақ ЋШежіредеЛ қазіргі тіліміздегі сияқты өзі жалғанған сөздегі сапа мағынасының көптігін білдірген және жиі қолданылған.

        - Адамның бейішке барып қайтара келгені айдын раушанырақ уа афтабдын мәшһүрірек тұрұр (5).

       2. Сөз түрлендіру жүйесі

       Сөз түрлендіруші немесе сөз байланыстырушы қосымшаларға, әдетте, септік, көптік, тәуелдік және жіктік жалғаулары жатқызылады.

       Көптік жалғау. ЋШежіредегіЛ көптік жалғауының көрсеткіші–--лар-лер. ЋШежіредеЛ көптік жалғауы бір-ақ вариантта, яғни -лар-лер тұлғасында келеді. Бұл жалғаулар ЋШежіредегіЛ  қазір қолданылмайтын араб және парсы сөздеріне де жалғанған.

      - Хаммасы қылған етфақларыны (іс-әрекеттерін) айта башладылар (82, 26). Тағларының қашында уа жәнглларда (ормандарда) отұрұрлар (7). Жошы хан йахшы шырынзабонықлар (сөздер) қылды (75, 18).

        Араб тіліндегі көптік жалғау түбірдің іштей өзгеріске түсуі (ішкі флексия) жасалатын ЋбұрысЛ көптік формалары арқылы жасалады. Шығармада мұндай формалардыңмағыналық жағы ескерілмей, жеке мағынадағы сөз ретінде қабылданып, олар қазақ тілінің көптік жалғауын қабылдайды. Шығармада амра – әмір сөзінің көпше түрі болса да,аждад араб тілінде джад (ата) сөзінің  көпше түрі. Бұл сөздер жекеше тұлғадағы зат есім ретінде ұғынылып, қазақ тілінің көптік жалғауын қабылдайды.

       - Тамам шаһзадалар уа ноианлар уа әмраларка еноамат ғайыр макрар беріб һәр қайсысыны бір біріңізке барың деб рұқсат берді хейбатлық уа саясатлық падшаһ ерді (82,28-83,1).  Шынғыз ханның аба уа аждадларыны уа әуледлеріні кім һәр уәлайатларда падишаһлық қылыб турурлар (2, 6-7).

     Бұл заңдылық парсы тіліне де қатысты жұмсалған. Базарганлар  – қазіргі біздің тілімізде базаршылар. Осындағы -ган  парсы тілінде  көптік ұғымды білдіретін көптікжалғау. Олай болатын болса, автордың  бұл сөзді тұтастай бір единица ретінде жекеше мағынада қабылдап, түркі тілдерінің ортақ көптік жалғауын талғаусыз қолданып тұрғаныбайқалады. 

    - Дайым базарганлар кумаш уа түн уа йүз оқ алыб қайтдылар (56).

      Көмектес септік жалғауы  бірлән арқылы беріліп отырған.

    - Фатих уа нүсрет бірлән өз йұртыға келді (34). Боләнд әуез бірлән азан айтты (28).

      Қалған септік жалғауларының барлығы да араб және парсы сөздеріне тікелей жалғана береді. Мысалы,

      - Диуарының сайасына зилуче салдырлар. Енаиат падишахане уа мархамат хусрауанесіға махсұс болды (53,5-6).  Төрт нависандені  олтұрдұм кухне тарихларыныайттым. Ұлұғ шаһарларда йарым кече болғанда нақараға ағач қойдылар (42, 10). Жамұқаның сөзіндін уа Сәнкүдін хаиласындын ғафыл болды (42,17).

     Тәуелдік жалғау. Тәуелдік категорияның көріну жолдары мен беретін мағынасы ЋШежіредеЛ де шағатай тіліндегідей немесе қазіргі түркі тілдерінің көпшілігіне тән. 

      - Бізнің Шәріф Мұхаммед атланғандын һеч хабарымыз йоқ (308).

      Тәуелдік жалғаудың 1-ші жағы парсы және түркі тіліне ортақ болса керек. Мәселен, ЋШежіредеЛ мына бір сөздерде айрықша көрінеді.

     - Бір мүфләс кіші ханға менің бір арз қылды дастмаиам йоқ деп… (80, 20). Сауытның йіргерінің қашыға салыб сарпұиам бірлән суға түшдүм (161,17). Ат сауытлысарпұиамды кішіні алыбчыға білмеді (161,28). Хастеиам ұзаққа тартты (43,10).

      Бұндағы хасте (ауру) сөзін тәуелдегенде 1-жақта парсыша хастеиам, түркі тілінде хастеим. Сол сияқты сарпұиам (шапаным), дастмаиам (мұқтаждық) түркі тілінде деосылайша тәуелденеді.

Жіктік жалғау.

- Біз мусафармыз падишахлық барлық қылғаныны білгеніміз йоқ (77,4). Бізнің енаиат уа шафақатмызны көрүб бардылар (56,298).

     Сонымен, ЋШежіредегіЛ араб және парсы сөздерін сөзжасамның синтетикалық тәсілі бойынша саралап қарастырғанымызда, түркі тілінің жұрнақ-жалғаулары араб жәнепарсының түсінікті және түсініксіз сөздеріне талғаусыз қосылып, дыбыстар үндестігіне бағынып та, бағынбай да жалғана берген. Олар түркі тілінің көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларын қабылдайды. Сонымен бірге түркі жұрнақтарын қабылдап, сөз тудыруға негіз бола алады.

3.4 Араб және парсы күрделі сөздері

       Біз қарастырып отырған қолжазбада түркі және кірме сөздердің бірігуі арқылы жасалған параллель түркі-араб, араб-парсы, парсы-араб немесе араб-араб сөздеріненжасалған күрделі сөздер жиірек ұшырайды. Әсіресе ЋШежіредеЛ араб және парсының дара түбірлерінің бірігуінен жасалған синонимдес қос сөздер баршылық. Бұндайсөздерді автор өзінің сөз байлығын білдіру үшін, я шығарманың тілін әсерлі жеткізу үшін қолданған. 

       Р.Сыздықова: ЋМағыналас сөздердің қатар /қосарлана/ қолданылуы ол сөздер беретін ұғымды күшейтіп, оның әбден, тіпті, мықты екенін білдіретін реңк үстейдіЛ [14,166-б.], – дейді. Ал А.Н.Кононов: ЋЕкі сөзді қосарлау негізінде пайда болған лексикалық комплекс жинақтау, жалпылама, қайталау экспрессивтік мағына бередіЛ [15,104-б.], –  дегенді айтады.

      ЋШежіредегіЛ араб және парсы күрделі сөздерін бес топқа бөліп қарастыруды жөн көрдік.

1) ЋШежіредегіЛ араб және парсы қос сөздері былайша сараланады:

а) Бір сыңары түркі, бір сыңары араб түбірлерінен құралған сөздер: күш уа қуат, әсір уа олжа, жауан уа хатұн, фәрзәнд уа қарындаш, оқ уа туфәнг т.б.

    - Бір кіш бар ерді аның һеч фәрзәнд уа қарындашы йоқ ерді (80,13).

ә) Бір сыңары түркі және парсы сөзі: оқ уа туфәнг (мылтық).

    - Ол кемелерке бір амал қылыб ердім оқ уа туфәнг анка кор қылмас ерді (62,3).

б) Екі сыңары араб түбірлерінен құралған сөздер: асар уа әләумат (із және белгі), ілтифат уа енаиатлар (ілтипат және қайырымдылық), мұқател уа мухарабе (өлім жәнесоғыс),  хазына уа дафине (қазына және жерге көмілген қазына, байлық), фәтих уа нүсрет (жеңіс), жаз уа фазе (қайғылану), мәрз уа мәзмәне (ауру), іззет уа хұрмет, муқателеуа мажаделе (ұрыс-керіс ), хабар уа әсәр (хабар-ошар), мұрат уа мақсат   т.б.

       - Сұлтан Мұхаммед анга көб енаиатлар уа ілтипатлар қылды (64,24).

     Осы келтірілген қос сөздердің басым көпшілігі қазіргі оқушыға түсініксіз сөздер болып келеді. Бір сыңары қазіргі тілімізде қолданылса, бір сыңары түсініксіздеу. Мысалы, енаиат уа шафақат, енаиат уа ілтипат тіркесіндегі енайат (қайырымдылық), ілтипат, шапағат. қазіргі тілімізде кең қолданылады. Дегенмен, кейбір сыңарларыныңфонетикалық өзгерістерге түскенін байқауға болады.  Мысалы, хабар уа әсәр қос сөз тіркесінің екінші  әсәр компонентінің парсы тілінде бірнеше мағынасы бар: 1) із, белгі; 2) аңыз, көне заманның ескерткіші; 3) ықпал; 4) әсер, эффект; 5) шығарма, еңбек (әдеби, ғылыми).

     Шығармада бұл сөз Ћіз, белгіЛ алғашқы мағынада қолданылған.  Қазіргі қазақ тілінде қолданылатын хабар-ошар қос сөз тіркесі осы хабар уа  әсәр тіркесінен туындағанболса керек.

в) Екі сыңары парсы түбірлерінен құралған сөздер: бәрқ уа бод (найзағайдай жарқылдап), бигоне фақир уа маскин (кедей), чуст уа челок (жылдам), кәм уа зиод (аз жәнекөп) т.б.

      - Мағұлстанда өлген падишахларының аталары мен әмірлері уа сұлтанатларының кәм уа зиадын білмеклік…(3,4).

г) Бір сыңары парсы, бір сыңары араб сөздері: дад уа әділ (әділдік), пәнд уа насихат, мехр уа мухаббат, ұстад уа нақыш т.б.

      -  Хан ата тахтында олтұрұб нече йыллар дад уа әділ қылыб (10).

ғ) ЋШежіредеЛ қайталама қос сөздер де баршылық. Мәселен, таза таза, круһ круһ (топ-тобымен), ру бе ру (қарама-қарсы), аһасте аһасте (жай-жай), пара  пара, мехле мехле(жер-жер) т.б.

     - Үкідай хан Толы хынны мың кіші бірлән ілгері йіберді тағы аның артындын аһасте аһасте иүрді (78,16).

2) Біріккен туынды сөздер. ЋШежіредеЛ  араб және парсы сөздерінің бірігуі арқылы жасалған адам аттары мыналар: Хұдайдад (Құдайберген), Шахбақыт, Мубарзеаладдинт.б.

     - Ұлығының аты Шахбақыт өзі шоер ерді (102,14).

б) Екі парсы түбірлерінен біріккен сөздер: ахднаме (келісім хат), чорподар (малды), хусрауане падишахане (рақымшылық, құрметтілік), жауанмәрд (жомарт), мардоне  (ерлік), шарабхур (шарабхор), намазшам, намазкаһ (намаз оқитын сарай),  шахзада, ханзада, пәнжшанбе, дастдераз (ұрлық), сахраипияз (жаужұмыр), т.б

Мәселен, шарабхор сөзіндегі хор парсы тіліндегі хурдан – жеу, ішу етістігінен жасалған. Чорподор чор (төрт), по (аяқ), дор (ие болу) бұдан шығатыны – Ћмал-жайы барадамдыЛ айтады.

       - Йауға баһадұр жауанмәрд һеч мал сақламас ерді (133,5).

      Шахзада, ханзада бұл сөздердегі зоде тұлғасы парсы тіліндегі зодән (туулу) етістігінен жасалған, яғни шаһ, хан балалары деген ұғымды білдіреді.

     - Шыңғыз ханның айтұб ахднаме чықарұб ханның өсиетлеріні ханлық сенке тұрұр (77). Мен сізке барармын бек мардане болсұнлар керейт елі кендлері көб уа һәм чорподарерді (160). Екі қарындаш бір йерге йаман қылыб хушамәд айтыб азарде қылдылар (53). Анда отұрған еллер мүсәфәр біліб малларына дастдеразлық қыла башладылар.

в) Араб және парсы түбірлерінен біріккен сөздер.

     Мәселен, хабардар, хакемнешин, заһернешин, арызнаме, өсиетамиз, ахдпейман т.б. Өсиетамиз сөзі  өсиет және омиз – парсы тіліндегі омухтән (үйрену) етістігінің осы шақтүбірінен жасалса, хәкімнешин  сөзі хәкім және нешестан (отыру) етістігінің осы шақ түбірі нешин сөздерінің бірігуінен жасалған лексикалық біртұтас единица. ЋШежіредеЛ хәкімнешин Ћәкім билейтін өлкеЛ мағынасында қолданылған.

ғ) Түркі және парсы түбірлерінен біріккен сөздер: көрүнүшхане, пәтхана (орыс мешіті), ахтхане (атқора) т.б.

      - Алқисса бір күн хан көрүнүшханада олтұрұб ерді (90,1). Кәфір пенхан болды уа пәтханаларыны отқа йақды (93,17). Бір ұлұғ елік ұчрады бүкіріп кірді ахтеханеда һечкіші йоқ (121,28).

3) Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған күрделі сын есімдер: әділ уа сайасатлы, серуили уа саранжамлы т.б.

4) Тіркесе келетін күрделі сөздер:

Араб және араб: сахт саламат (жарамды, дені сау), езхар етаиат (өтініш және кешірім), субх садақа куфран немат (жақсылықты білмеушілік) т.б.

       - Оларның барчасы сахт саламат ермес әкәр рұқсат берсенгіз барчасын сіздің қызметіңізка алыб келтүр ердім (91,13).

Парсы және парсы: ширин забон (жақсы сөздер), пенхан кіші (жасырын кісі), ашно дуст (таныс дос), т.б.

      - Пенхан кіші йіберіб найманның ханлары Тиаң хан  уа Бұйрық хан бірлән сөзлеше тұрдылар (44,12). Йахшылықта мен бу халқының бірлән ашна  дуст йарым ерді.

Араб және парсы: енаиат падишахане (құрметтілік), мәрз мәзмәне (әдеттегі ауру), аксар махле (көп жер), қары дұшман (ескі дұшпан), седқ дел (таза жүрек),  т.б.

      - Бүрке хан седқ дел бірлән мұсылман болды (131,1).

      Сөз тіркесінің келесі бір түрі араб сөздері мен түркі сөздерінің тіркесіп келуі арқылы да жасалады.

Араб және түркі: жамиғ йахшылары, мұхкем қалғалар т.б.

      Мұндай сөз тіркестерінің бірінші сыңары әдетте араб тіліндегі сын есім, есімше, есімдіктен де, ал екінші сыңары зат есімнен болады. Келтірілген мысалдардағы сөзтіркестерінің бірінші сыңары – араб сөздері де, екінші сыңарлары – түркі сөздері және олардың бәрінде Ћанықтауыш+анықталғышЛ болып келетін синтаксистік қатынассақталған.        

      Кейде автордың парсы сөздерін  қатар тұрған сөз тіркестерінің арасына кірістіріп жіберген тұстары бар. Мәселен, бір ним жан (жарымжан).

     - Қабыл уа қамыч екі суының арасында көб өлүклар айтұр анларының арасында бір ним жан тауыб хабар сұрадылар (57,20).

5) Изафетті тіркестер: ләфзе араб, соде дел (қарапайым жүрек), фәрзәнд азиз (құрметті перзентім), дәрке жаһаннам (тозақ түбі), т.б.

- Фәрзәнд азиз тамам ләшкәрің бірлән атлағыл Дештінің жануарларыны бізнің тарафамызка қойыб келтүргүл (75,8).

     Сонымен фәтих уа нүсрет, дад уа әділ т.б. сияқты мағыналас қосарлардың бірі екіншісінің мағынасын түсіндіру үшін ғана емес, ол ұғым атауының бояуын қоюлату үшін, ұғымды күшейту үшін де жұмсалуы мүмкін. Мұндай қатарлар синонимдер болып келеді. Сөйтіп, біз тілін талдап отырған қолжазба мәтінінде кездесетін әртектік компоненттіқатар қолдануды тілдік – құрылымдық (лексикалық) бірліктер ретінде емес, көбінесе сөз мағынасын айқындау, күшейту, т.с.с стильдік мақсат көздеп жасалған бірліктер дептануға болады. Қолжазба мәтінінде араб және парсы элементтерінен жасалған тіркестермен қоса парсы изафетімен де жасалған тіркестер кездеседі.

     Шығармада кірме сөздердің басым көпшілігі зат есім болғандықтан, араб және парсы лексикалық элементтері күрделі сөздер жасауда негізгі рөл атқарады. Қорыта айтқанда, ЋШежіреЛ тілінде өзара мәндес қос сөздер де, күрделі сөздер де баршылық. Бұл Әбілғазы ханның шығыс тілдерін жақсы меңгергендігін көрсетеді.


 

Қорытынды

     Әбілғазының  Ћараб, парсы тілінен, шағатай түркісінен бір сөз қоспадымЛ дегенде ол өз заманындағы түркі ақын-жазушылары шығармалары тіліндегі күрделі араб жәнепарсы сөз тіркестіру амалдарын, синтаксистік оралымдарды, түсініксіз араб және парсы сөздерімен ауырланған тілді меңзеп отыр. Міне, осы ерекшеліктерді аңғарып, баршатүркі халықтарына ортақ көне түркі тілінде жазуды мақсат еткен. Сондықтан да Әбілғазы ЋШежіресіЛ басқа  түркі жазба әдеби үлгілерінің ішінде дәуірі жағынан да, тілдікерекшеліктері жағынан да қыпшақ тілдері тобына, оның ішінде  қазақ тіліне жақын келеді.

     Әрбір сауатты деген қаламгердің өз заманындағы әдеби тіл нормасынан тыс кете алмайтыны сияқты ЋТүркі шежіресінЛ жазу үстінде Әбілғазы да ортаазиялық түркі әдебитілінің дәстүрін сақтаған. Яғни өз еңбегінде автор белгілі дәрежеде араб, парсы сөздерін қолданған. Бұлар көбіне, араб тіліндегі діни немесе абстракты ұғымды білдіретінсөздер болса, парсы сөздері күнделікті өмірге қажетті заттық атаулар болып келеді. Сонымен қатар ЋШежіредеЛ соғыс қимылдарын суреттеуде араб және парсы сөздері түркікөмекші етістіктермен қосылып, күрделі етістік құрайды. Қимыл атауларын араб және парсы сөздерімен, күрделі етістік тұлғасында берілуі - актив амал болған сияқты. Бұламалдың өміршеңдігін ондай күрделі етістік формасының күні бүгінге дейін жетіп отырғандығы дәлелдейді.

     ЋШежіредеЛ беретін мағынасы мен қазіргі қазақ тіліндегі мағынасы өзгермей сол күйінде сақталып қалған араб, парсы сөздері – ЋШежіреЛ тілінің негізгі арқауы. Кейбірмағыналық өзгерістерге ұшыраған сөздер де (кеңейген не тарылған) шығарма тілінен көрініс тапқан. Араб және парсы сөздерінің бұл тобы өздерінің бастапқы мағынасынмүлдем жойған я болмаса көп мағыналы сөздерге айналған немесе бертін келе жаңа мағына үстеп, өз мағынасын кеңейткен. Бұл аталған араб және парсы сөздерінің тымертеректе енгендерінің белгісі болса керек.

     Еңбекте қазіргі оқушыға түсініксіз араб және парсы сөздері де баршылық. Бұл сөздер сол замандағы жергілікті халық тілінде ұшырасатын не Әбілғазының өзі қолданғансөздері болуы мүмкін, қазіргі қолданыста кездеспейді.

      Шығармада соғыс қимылдарына, атақ-дәрежеге, діни ұғымдарға және адамның психологиялық көңіл күйіне байланысты тұрақты тіркестер бірсыпыра. Сондай-ақ біздіңтілімізге жақын келетін халалы күю, ғұмыр табу, фал бақу, үміи үзу сияқты тіркестер  кездеседі.

    ЋШежіредегіЛ араб және парсы сөздерін сөз таптарына орай жіктегенде, есімдерді түркі көмекші етістіктермен қосылып күрделі етістіктер құрайтын етістік сөздерін, сондай-ақ сын есім, сан есім, үстеу, шылау сөздерін көруге болады.

    ЋТүркі шежіресіндегіЛ араб және парсы сөзерінің сандық пайызын есептеп, оларды өзге жазба ескерткіштермен салыстыра отырып, Әбілғазы қолданысындағы мөлшерінанықтауға тырыстық.

    Шығарма тіліндегі жалпы сөз саны шамамен – 5029 құрайды. Оның ішінде  түркі сөздері – 79,3 пайыз, ономастикалық атаулар – 5,5 пайыз, араб сөздері – 7,9 пайыз, парсысөздері – 7,3 пайыз шамасында. Бұл көрсеткіштен ЋШежіреЛ авторының ортаазиялық шығыс элементтерін барынша түркі сөздерімен алмастырып қолданғанын байқауғаболады.

     ЋШежіредеЛ автор араб және парсы тілдерінен тек жекелеген лексемалық бірліктерді ғана қолданған, өзге орта ғасыр ескерткіштеріндегідей араб және парсы тілдеріненбүтіндей сөйлемдер мен фразалық тіркестерді, сөз орамдарын қолданбаған. Яғни Әбілғазы шежіресінің ерекшелігі оның стильдік жатықтығы мен синтаксистік құрылысыныңтүркі тілдерінің заңдылығын сақтауында деуге болады.

     Бір сөзбен айтқанда, Әбілғазы халық арасында жазылып жүрген шежіре іспеттес шығармалардың басқа бір вариантын жасаған. Жас шағынан араб және парсы, көне шағатайтіліндегі әдеби шығармаларды көп оқыса да, өз туындыларында ол ізбен кете бермей, кірме сөздерді мейлінше саралап, аса қажет болған жағдайда ғана пайдаланған дептұжырымдаймыз.


 

               Сілтеме жасалған әдебиеттер тізімі


 

1. Березин И.Н. Библиотека восточных историков. Казань, 1854, т, III. Ч. I (Предисловие переводчика). С. 128.

2. Әбілқасымов Б. Әбілғазы ханның ЋТүркі шежіресіЛ және оның тілі.

– Алматы: Арыс, 2001. - 246 б. 

3. Кононов А.Н. История изучения тюркских языков в Россий. – М. – Л., 1972. С. 272 .

4. Иванов С.Н. Родословное  древотюрок Абул-гази-хана. – Ташкент, 1969.

-203 б.

5. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер. – Алма-Ата: Ғылым, 1983. -202.

6. Қордабаев Т.Р. Тарихи синтаксис мәселелері. – Алматы: Ғылым, 1965.

-213 б

7. Әбілқасымов Б. Түркі шежіресі.  – Алматы: Ана тілі, 1991. - 208 б.

8. Журнал ЋМосковский телеграфЛ, 1826.

9. Рүстемов Л.З. Қазіргі қазақ тіліндегі араб және парсы сөздері. – Алматы: Ғылым,1982. -160 б.

10. Щербак А.М. Грамматика староузбекского языка. – М. – Л., Изд-во АНСССР, 1962.   С. 274 .

11. Сыздықова Р., Қойгелдиев М. Қадырғали би Қосымұлы және оның

жылнамалар жинағы. – Алматы: Қазақ университеті, 1991. - 269 б.

12. Наджип Э.Н. Историко-сравнительный словарь тюркских языков XIV века. (на материале ЋХусрау и ШиринЛ Кутба). Книга I. М., 1979. С. 479.

13. Сағындықов Б. XIV ғасырдағы түркі жазба ескерткіштегі араб, парсы элементтерінің лексикалогиялық ерекшеліктері туралы // Қазақ ССР Ғылым академиясыныңХабарлары. Тіл-әдебиет сериясы.1976, 1 (9).

14. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді.  – Алматы: Санат, 1994. -190 б.

15. Кононов А.Н. Грамматика узбекского языка. – Ташкент, 1948. С. 284.

Шартты түрде қысқартылып алынған әдебиеттер тізімі

1. Қ: ЋШажара и түркЛ Қазан нұсқасы. -183 б.

2. П: ЋШажара и түркЛ Демезон нұсқасы. -183 б.

3. ПРС – Миллер Б.В. Персидско-русский словарь. – Москва: гос изд иностр и нац слов. 1989. С. 668.


 

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар тізімі.


 

1. Әбілғазы баһадүр ханның ЋШежіре и түркіЛ шығармасындағы араб және парсы сөздері // Тілтаным. 1, 2003.  -104-107-б.

2. Әбілғазы баһадүр ханның ЋШежіре и түркіЛ шығармасындағы араб және парсы сөздерінің тақырыптық топтары // Тілтаным  1, 2005. 146-154-б.

3. Әбілғазы баһадүр ханның ЋШежіре и түркіЛ шығармасындағы араб және парсы сөздерінің лексика-семантикалық ерекшеліктері // Қазақстан Республикасы Білімжәне ғылым министрлігі Орталық кітапханасында ЋҚазақ шежірелері және ұлттық таным мәселелеріЛ атты ғылыми-практикалық конференция.  – Алматы, 2005. -147-150-б.

4.Әбілғазы баһадүр ханның ЋШежіре и түркіЛ шығармасында кездесетін араб және парсы күрделі сөздері // ЋАкадемик Ш.Ш.Сарыбаев және қазақ тіл білімімәселелеріЛ атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция. – Алматы, 2005. -307-312-б.

5. Әбілғазы баһадүр ханның ЋШежіре и түркіЛ шығармасындағы араб және парсы сөздерінің сөз топтарынан алатын орны // ҚР ҰҒА хабаршысы. Филология сериясы. 2006.  4.  -60-64-б.

6. Әбілғазы баһадүр ханның ЋШежіре и түркіЛ шығармасындағы араб және парсы сөздерінің фонетика-семантикалық ерекшеліктері // Тілтаным. 2006. 4. -146-150-б.

7. Әбілғазы баһадүр ханның ЋШежіре и түркіЛ шығармасындағы араб және парсы сөздерінің кейбір грамматикалық ерекшелігі // ЋҚазақ тілі мен әдебиетіЛ журналы. 2007. 3.- 71-76-б.

8. Әбілғазы баһадүр ханның ЋШежіре и түркіЛ шығармасындағы араб және

парсы  тұрақты тіркестері // Академик Ө.Айтбаевтың 70 жылдығына арналған ЋМемлекеттік тіл саясаты: терминология, аударматану, ресми құжат тіліЛ атты халықаралықғылыми-теориялық конференция. – Алматы, 2007.-170-173-б.

9. Әбілғазы ханның ЋТүркі шежіресіЛ бойынша кейбір текстологиялық байқаулар // М.Томановтың туғанына 75 жыл толуына  арналатын ЋТіл тарихыЛ кемелдену жәнекешенділікЛ атты Республикалық ғылыми-теориялық конференция. – Алматы, 2007. -135-138-б.


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

                Резюме


 

Сейтбекова Айнур Аташбековна


 

Особенности использования арабских и персидских слов в произведении  ЋРодословное древо тюрокЛ Абулгази баһадур хана.


 

специальность: 10.02.02. – казахский язык.

Актуальность исследования. Диссертация посвящена исследованию особенностей использования арабских и персидских слов в произведении XVII века ЋРодословноедрево тюрокЛ Абулгази баһадур  хана.

В определении языка конкретного письменного памятника обычно сравниваются огузские, кипчакские, карлукские элементы в языке конкретного письменного памятникатюрского происхождения. В процессе научного исследования возникла необходимость выявления арабских и персидских слов т.к. эти заимствованные слова составляютзначительный процент в среднековых произведениях XIV-XVII века. Этим обусловлена акуальность обращения к творчеству автора данного произведения для выяснения целив использовании им арабизмов и фарсизмов.

Эффект и актуальность данного исследования выражается в статистическом анализе, определении особенностей морфологических структур, лексика-семантическихгрупп арабских и персидских слов, непонятных с позиции современного восприятия языка ЋРодословногоЛ. В результате сравнения тюркской  письменности с современнымказахским языком выявлены особенности использования арабских и персидских слов Абулгази.

  Цель и задачи исследования. На основе лингвистического анализа определены особенности использования слов арабского и персидского происхождения впроизведении ЋРодословное древо тюрокЛ.

Достижение этой цели требует решения следующих задач:

-  установить различие между ЋРодословное древо тюрокЛ и другими письменными памятниками средневековья (XIV-XVII);

- выявить лексемы арабского и персидского происхождения, произвести классификацию по тематическим группам;

- описать лексико-семантические, морфологические особенности арабских и персидских слов, редко употребляемых в современной языковой практике;

- исследовать сочетания сложных слов арабского и персидского происхождения;

-  предоставить статистическую характеристику арабских и персидских слов в произведении.

Объект исследования. ЋРодословное древо тюрокЛ исследуется по критической рукописи, изданной в 1871 году П.И Демезоном и  Казанской рукописи 1825 года.

       Научная новизна исследования. В процессе исследования выявилось влияние арабских и персидских слов на развитие словарного фонда письменного литературногоязыка того времени:

- произведена классификация арабских и персидских слов на  тематические группы;

- дана интерпретация использования, непонятных современному носителю языка арабских и персидских слов и раскрытие их семантической структуры;

- произведен статистический анализ арабских и персидских слов и определена степень преемственности между языком рукописи ЋРодословное древо тюрокЛ исовременного казахского литературного языка;

- проведена текстологическая работа на основе сравнения двух печатных  вариантов и  рукописи;

- автор произведения не использовал арабские и персидские структурные предложения как в других письменных памятниках средневековья (XIV-XV).

Метод исследования. Описательный и сравнительно-исторический методы, статистический анализ и методы индукции и дедукции.

В диссертационном исследовании на защиту выносятся следующие положения:

- результат исследования не опровергает тезис автора о том, что Ћни одного выражения не добавляю не из чагатайского-тюрского, не из персидского, не из арабскогоязыковЛ;

- использование арабских и персидских слов в данном произведении отличаются от подобных памятников XVI-XVII века, написанных на чагатайском языке, чтосближает его  с современным казахским языком;

- использование в военной и религиозной сферах арабских слов, в бытовой лексике персидских, указывает на большое влияние разговорного языка на письменныйлитературный язык;

- особо прослеживается использование арабско-персидских, арабско-арабских, персидско-персидских, тюркско-арабских, тюркско-персидских парных слов.

Теоретическая и практическая значимость работы. Выводы и результаты, полученные в ходе исследования способствуют раскрытию семантической природыарабских и персидских слов в казахском языке. Могут послужить в практике преподавания вузовских курсов по ЋИстории казахского литературного языкаЛ, ЋИсторическойграмматикиЛ и ЋЛексикологии казахского языкаЛ, в проведении спецкурса по  ЋСредневековым письменным памятникамЛ.

       


 


 


 

Summeri

of Seitbekova  Ainur Atashbekovna


 

The peculiar properties of the Arabic and Persian words usage in the ЋFamili Tree of TurksЛ manuscript by Abulgazy bahadur khan

Specialty:10.02.02. – the Kazakh language

       

       The dissertation work discusses the research of the peculiar properties of the Arabic and Persian words usage in the ЋFamily Tree of TurksЛ manuscripts of the XVII c. by Abulgazy bahadur khan.

       The research relevance is determination of the language in the specific written manuscript and comparison of Ogyz, Kipchak and Karlug elements of the Turks origin. It is necessary to mention that the Arabic and Persian words were determined in the process of scientific research as these loan words make up the bulk of the medieval manuscripts of the XIV-XVII c. These facts condition the relevance of researching of author’s book and the Arabic and Persian words in his work.

       The topical point of the dissertation is the statistical analysis, determination of morphological structures usage and lexis-semantic groups of the Arabic and Persian words which are incomprehensible from the modern perception of the books language. The comparison of Turks writing with the modern language shows the necessity of determination the specialty of the Arabic and Persian words usage in the Abulgazy’s        manuscript.

       The goal of the dissertation work is to define the linguistic analysis of the special usage of the Arabic and Persian words origin in the ЋFamily Tree of TurksЛ.

       The tasks of the dissertation work are to define the differences between the ЋFamily Tree of TurksЛ and the other medieval written manuscripts of the XIV – XVII c.,to identify the lexemes of the Arabic and Persian origin and subdivide them into topical groups, to describe lexical, semantic and morphological peculiarities of the Arabic and Persian words which are rarely used in modern language, to research combinations of complex words of the Arabic and Persian origin, to present the statistic characteristic of the Arabic and Persian words in the manuscript.

       The object of research is the Demezon’s manuscript which was published in 1871 and Kazan’s manuscript which was published in 1825.

       The value of findins is in the influence of the Arabic and Persian words on the written literature language vocabulary. This influence was identified in such processes of the research work as classification of the Arabic and Persian words by topical groups, explanation the reason of the Arabic and Persian words usage, static analysis of the Arabic and Persian words and identification of the connections between the ЋFamily Tree of TurksЛ and the modern Kazakh literary language and etc.

       During the research was found the mistakes in two printing lists on the manuscripts origin and determined that the author of the manuscript didn’t use Arabic and Persian structural sentences as in the other written manuscripts of the Middle Ages.

       Methods of the research are statistical, illiustrative, comparatively-historical and linguistic classification.

       The most significant findings are determination of the Arabic and Persian words and differences in usage of these words in the ЋFamily Tree of TurksЛ and the other manuscripts, usage of the Arabic and Persian words in different spheres of life (Arabic words – militari and religious topics, Persian words – common and psychology topics) and detection of the usage of Arabic, Persian and turks double words.

       The theoretical and practical values of the dissertation work are that the research results show the semantical origin of the Arabic and Persian words. The research results may be used for future development of the universities courses as ЋThe  histori of the literari languageЛ, ЋThe histori of Kazakh literari  languageЛ and ЋThe histori of medieval written manuscriptsЛ.


 


 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  20  21  22  23  24  25  26  27  28  ..