Главная       Учебники - Право Казахстана     

 поиск по сайту

содержание   ..  1  2  3  4  5  6  7  8      ..

Гомеостаздық нейро – эндокриндік реттелуі. Гомеостаз және оның реттелуі. Гомеостаз және оның механизмдері

 


1929 ж. Америка физиологі Уолтер Кэннон ішкі ортаның, организмнің басты – басты биологиялық көрсеткіштерінің (константалардың) тұрақтылық дәрежесін белгілеу үшін гомеостаз деген жаңа термин ұсынды. Гомеостаз деп қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, яғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы, дене температурасы т.т.) айтады.

Жасушалардың тіршілігіне байланысты және олардың айналадағы табиғи құбылыстарымен ойдағыдай қарым қатынас жасауы әрдайым гомеостаздың сақталуына қауіп төндіретін жағдай болып саналады. Бірақ бүйрек, тер бездері, өкпе сияқты көптеген ағзалардың қызметі арқасында, сондай ақ денедегі арнайы механизмдердің қатысуымен гомеостаз әдетте бұзылмайды. Осыған орай ішкі орта үшін абсолюттік тұрақтылықтан гөрі салыстырмалы және динамикалық гомеостаз тән. Мұны гемокинез дейді.

Қан - жан - жануарлардың тіршілік етуіне аса қажет сұйықтық. Жарақаттану салдарынан қанның 25-30% сыртқа ағып кетсе, тіршілікке қауіп төнеді, ал 50% ағып кетсе өледі. Қан тамырда жылжымай тоқтап қалса не қан ағысы тым баяуласа адам өлуі мүмкін. Мысалы, денедегі кейбір жасушалар, әсіресе ми қыртысының нейрондары уақытында  келетін қан мөлшері азайса, 5-6 минуттан кейін бұзыла бастайды.

Қанның негізгі қызметтері:

  1. Тіршілікке қажет заттарды тіндерге жеткізеді, ал зат алмасу өнімдерін сыртқа уақытында шығарып отырады (тасымалдау қызметі).
  2. Оттегін өкпеден тіндерге, жасушалардағы көмір қышқыл газды өкпеге жеткізеді (тыныс алу қызметі).
  3. Ішек - қарыннан қоректік заттарды, витаминдерді, су мен тұздарды (минералдарды) тіндерге жеткізеді (трофикалық яғни нәрлендіру қызметі).
  4. Зат алмасу барысында пайда болған өнімдерді, мәселен, адамденесіндегі уытты заттар, азот қалдықтарын тіндерден бүйрекке, өкпеге, тер бездеріне, ішекке апарады. Сөйтіп оларды шығарып тастайды (экскрециялық қызмет).
  5. Қан жасушалары (лейкоциттер), плазмадағы антитәндер денеге енген микробтарды, вирустарды, табиғаты жат, улы заттарды бейтараптайды (қорғаныс қызметі).
  6. Адам денесіндегі көптеген әрекеттерді, үрдістерді реттеуге катысады (гуморалдық реттеу). Қандағы биологиялық әсері күшті заттар гормондар, медиаторлар, метаболиттер ағзалар мен тіндерге өтіп тікелей немесе қантамырларының ішкі бетінде орналасқан хеморецепторларды тітіркендіру арқылы әсер етеді (рефлекстік реттеу)
  7. Қан жасушалары (пішінді элементтер) тін жасушаларымен креаторлық байланыста болады. Креаторлық байланыс жаңарған жасушалардың және жасушалардың табиғи құрылысы мен кейпінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жаңа жасушалар құрылысы жағынан ескілеріне ұқсас болу үшін олардағы ақпараттардың маңызы өте зор. Тіндерге қажет мағлұматтарды макромолекулалар тасиды. Мағлұматтар бір жасушадан екіншісіне аралық арналар арқылы және пиноцитоз жолымен жеткізіледі. Мұндай макромолекулаларды басқа тіндерге қан да жеткізіп отырады.
  8. Қан бүкіл денеге тән гомеостазды сақтай отырып жасушалар мен тінаралық сұйықтықтың коллоидтық, осмостық тұрақтылығын сақтайды. Осмостық тұрақтылық бұзылса жасушалар ісіп не бүрісіп қалады. PH тұрақтылығын сақтауда буферлік рөл атқарады.
  9. Қан көп энергия шығарып қызып кеткен ағзаларды суытады, ал суыған ағзаларды жылытады. Сөйтіп, дене қызуын бірқалыпта сақтауға қатысады.


Қан жүйесіне қан жасушалары түзілетін, олар бұзылатын ағзалар және қанның өзі жатады (Ланг).

Қан жасушалары сүйек кемігінде (жілік майында) жасалады. Лимфоциттердің әрі қарай дамуы, жетілуі лимфоидтық тіндерде лимфа түйіндерінде, тимуста ішекте, бадамша бездерде өтеді. Эритроциттердің пісіп жетілуі, жарылуы – эритропоэз, лейкоциттердікі – лейкопоэз, сондай – ақ тромбоцитопоэз үздіксіз өтіп жататын үрдістер. Тәулік сайын қан жасушаларының біразы бұзылады, ыдырайды, олардың орындарын жаңа, жас жасушалар басады. Эритроцит, лейкоцит, тромбоциттер саны биологиялық константаларға жатады. Қан ағынына шыққан ең жас эритроциттер ретикулоциттер деп аталады, олардың саны сау адамда эритроциттердің жалпы санының 1% - нен көп емес. Ретикулоцит протоплазмадсына арнайы бояумен боялатын торлы зат болады. Бұл зат, эритроциттер сүйек кемігінен шыққан соң 20 – 40 сағат өтісімен, яғни эритроцит жетілген соң жойылады. Ретикулоциттер санының көбеюі қанға толық жетілмеген эритроциттердің шыққанын көрсетеді. Эритроцит қанда 120 тәулік, ал лейкоцит бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін жасайды. Кейбір лимфоциттер адам қанша жасаса, сонша жасайды. Ал тромбоциттердің тіршілігі 8 – 11 тәуліктен аспайды. Эритроциттердің көбі көкбауырда, біразы бауырда ыдырайды. Жарылып ыдыраған эритроцит құрамындағы темірдің 95% - і қайтадан пайдаланылып, жаңа эритроциттің құрамына кіреді. Эритроциттер 3 түрлі жолмен ыдырайды. Ең жас эритроциттер қан ағысына ілесіп жүріп жарақаттанады да ұсақ бөлшектерге бөлінеді (фрагментация), қанда ең тұрақты эритроциттер ғана қалады. "Кәрі" эритроциттерді мононуклеарлы (бір ядролы) фагоциттік жүйе (МФЖ) қармап жұтып жібереді (фагоцитоз), МФЖ бауыр мен көкбауырда көп болады. Кейбір көне эритроциттер қанның өзінде гемолизге ұшырайды.

Лейкоциттер де жаңарып отырады. Олардың көбі қан тамырынан тысқары шығатын болғандықтан, ішек – қарын, ауыз, көздің, шырышты қабығынан өтіп, сыртқа шығады.

Қандағы ыдыраған эритроциттер саны әрқашан жаңадан қанға келіп түскен эритроциттер санына сәйкес келуге тиіс. Бұл сәйкестік жүйке жүйесі және қан (гуморалдық заттар) арқылы реттеліп отырады.

Көптеген тәжірибелерге қарағанда симпатикалық жүйке қан жасушаларының түзілуін тездетсе, парасимпатикалық жүйке (кезеген жүйке) оны керісінше тежейді.

В.Н.Черниговский, А.Я.Ярошевский қабылдағыштардың қан түзілетін ағзаларда қалай орналасқанын, сол ағзалардың жүйке жүйесімен қалайша екі жақты байланыс жасайтынын анықтады. Қан түзілетін ағзалардың жағдайы өзгерсе, тиісті рецепторлар арқылы хабар бірден орталық жүйке жүйесіне жетеді. Ал одан шыққан серпіністер тиісті бұйрықтар арқылы қан түзілетін ағзаларға бағытталады. Рефлекстік әсерленіске гипоталамус, гипофиз және вегетативтік жүйке жүйесі қатысады. Қан түзілу үрдісіне эндокриндік бездер де әсер етеді. Қан түзілуін гипофиз (СГГ, АКГГ) бүйрекүсті безі, қалқанша без гормондары шапшаңдатады. Аналық без гормондары эритроцитопоэзді тежейтін болса, ер адам гормондары керісінше, оны үдетеді.

Жүйке жүйесі, эндокринді бездер қан түзілуіне (гомопоэзге) көбінесе гормондар арқылы әсер етеді. Эритропоэтин, лейкопоэтин, тромбоцитопоэтин (глюкопротеидтер) негізінен бүйректе, сондай – ақ бауырда, көкбауырда түзіледі. Қанда оттегі жетіспесе (гипоксия) эритропоэтин рефлекстік жолмен көбейеді.

Лейкопоэзді лейкопоэтин үдетеді. Лейкоциттердің саны азая бастаса, рефлекстік жолмен лейкопоэтин саны көбейе түседі.

Тромбоциттер түзілуіне тромбоцитопоэтиндер әсер етеді. Қан жасушаларының түзілуіне B12, B15, C витаминдері қатысады.

Биология мен медицина ғылымдарының табыстары гомеостаз туралы көзқарасты одан әрі кеңейте түсті. Гомеостазды тұрақты сақтауға организмнің барлық жүйелері қатысатын болса, өз кезегінде, гомеостаз жүйелердің қалыпты қызмет атқаруларына ықпал етеді. Егер организмнің ішкі ортасының химиялық  құрамы мен физикалық, химиялық қасиеттері өзгеретін болса, оларды тұрақтандыруға бағытталған көптеген физиологиялық жүйелер біртіндеп активтеніп, іске қосылады. Мысалы, клеткадан тыс ортада судың мөлшері азайса, қандағы вазопрессин гормонының концентрациясы көбейеді. Вазопрессин – бүйрек арқылы сыртқа шығарылатын суды қайтадан денеге сіңіреді. Сонымен, денеде жүріп жатқан кез келген физиологиялық процестер эндокриндік механизмдердің қатысуымен жүреді.

Организмнің жатырлық дамуының бастапқы кезеңдерінде олардың физиологиялық функцияларын реттеуді дамып келе жатқан клеткалардың өз ішінде түзілетін химиялық заттар атқарады. Функцияларды реттеудің осы сияқты жолдары организм дамуының кейінгі кезеңдерінде де сақталып, белгілі бір шектелген аумақты ғана қамтитын болады. Жоғары сатыдағы жануарлар организміндегі тканьдік реттелу процестері, көбіне, осы жолмен жүзеге асады. Функцияларды реттеудің мұндай жолы тарихи жағынан (филогенетикалық) көне жол болып есептеледі. Бұл жол қазіргі дәуірдегі қарапайым организмдер тіршілігінде кең тараған. Олардың организміндегі функцияларды реттеу рөлін зат алмасу барысында түзілетін клетка ішілік химиялық активаторлар деп аталатын химиялық заттар атқарады. Пайда болған химиялық активаторлар өзара жақын орналасқан бір клеткадан екіншісіне еркін таралып отырады. Эволюциялық дамудың барысында нерв жүйесі қалыптасты және көп клеткалы организмдердің жекелеген мүшелерінің өзара үйлесімді қызмет атқаруында жетекшілік рөлге ие болды. Дамудың одан кейінгі барысында нерв элементтердің кейбіреулері биологиялық активті заттар түзіп, оларды сыртқа шығара алатын қасиетке ие болады.Нерв клеткаларының мұндай жүйелерін нейросекторлық клеткалар деп атады. Кейіннен эндокриндік мүшелер немесе ішкі секреция бездері пайда болып, қалыптасады. Ішкі секрециялық бездерде түзілетін секреттер бірден қанға өтіп, өздері түзілген жерден алшақ орналасқан мүшелер мен жүйелерге әсер ете бастады.

Сонымен функцияларды реттеу жүйесінің эволюциясы мына бағытта дамыған: клетка ішілік химиялық заттар        нерв клеткалары           нейросекреторлық клеткалар      эндокриндік мүшелер. Омыртқалы жануарлар организмінде жоғарыда келтірілген реттеу механизмдерінің барлық түрі сақталған. Бірақ организмінің біртұтастық қасиетін сақтап, оны қоршаған орта жағдайымен сәйкестіндіруде нерв жүйесі ерекше роль атқарады.


Қолданған әдебиеттер:

  1. Ж.Н.Нұрғалиев, С.Т.Төлеуханов "Эндокриндік жүйелер физиологиясы".
  2. Сәтбаева, Нілдібаева "Адам физиологиясы".

 

 

Ғылыми концепциялар мәселесі


 

Қазіргі заманның адамы бұл дүниеге келіп о дүниелік болғанына дейін сырттай қарағанда бір бірімен мүлдем байланысы жоқ екі әлемде – шынайы (табиғи) сондай  ақжасанды техно-психоәлеуметтік ортада өмір сүретіндігі белгілі. Бұл жерде, техно-және психоәлеуметтік ортаның табиғи ортаға қарағанда басым болатындығын атап көрсетукерек.

Адамды қоршаған орта жасанды техникалық орта мен қоғамнан құралған. Адам өз қолымен жасаған материалдық әлемнің барлығы да техникалық орта болыптабылады (мысалға: үй хайуанаттары, дәрі - дәрмек, киім, механизмдер, үйлер және т.б.). Техникалық ортаны адамды қоршаған ортаның  табиғи психоәлеуметтік ортаға өтукезеңі, яғни, аралық өтпелі орта деп көрсетсек те болады. Техникалық орта адамның дене және ой еңбегінің, басқа сөзбен айтқанда білім мен ғылымның арқасында пайдаболған. Техникалық орта адамзаттың табиғатты ұзақ жылдар бойы түпкілікті зерттеуінің арқасында қалыптастырылған (модельденген). Ал психоәлеуметтік орта болса (қоғам) осы қоғамға тиесілі  әлеуметтік-саяси институттардың негізінде қалыптасады және эволюцияға ұшырайды. Осындай институттар ретінде мемлекеттің құқықтық жәнеидеологиялық негізі, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының сипаты мен деңгейі, аталған қоғамда елеулі орынға ие болып отырған жанұялық, топтық, ұйымдық, рулық, ұлттық, діни, ғылыми және т. б. түрлі әдет - ғұрып, салт- дәстүрді көрсетсек болады.

Сонымен қатар техникалық және психоәлеуметтік ортаның адамға деген әсерінің өте жоғары екендігін байқау қиын емес. Сол себепті адамға табиғаттың, ғылымның, техника және қоғам дамуының  заңдылықтарын білмей қазіргі заманда  өмір сүру белгілі бір деңгейде қиындықтар тудыратыны сөзсіз.

Америкалық және ағылшын классификациясында психоәлеуметтік ортаны қоғамдық (гуманитарлық) ғылымдардың объектісі деп санап, оны “fіctіon” тарауынажатқызады. Бұл жерде “fіctіon” сөзінің бірнеше мағынасы бар: 1. Беллетристика, 2. Ойдан шығарылған зат немесе құбылыс, фикция. Бұл ғылымды оны жаратылыстану жәнетехникалық ғылымдарға қарама - қарсы қояды.  Осымен қатар жоғарыда көрсетілген классификацияда жаратылыстану және техникалық ғылымдар “scіense” тарауынажатқызылған. Бұл жерде де “scіense” сөзінің: 1) ғылым; 2) жаратылыстану ғылымдары және 3) білім секілді әртүрлі мағыналарының бар екендігін көрсеткеніміз абзал. 

Қазіргі кезде адамның санасына оның психоәлеуметтік ортасында орын алып отырған алуан түрлі жалған ғылыми, діни, мистикалық көзқарастар әсер етуде. Әрине, шынайы ғылым мен білім бұл жалған ілімдермен сиысуы мүмкін емес  және ғылыми дүние танымды елемей бұрмалау аса қауіпті әлеуметтік және жекелеген зардаптарғадушар етуі мүмкін. Бұл қауіп саяси билік, дін және жалған ғылым одақтасқан жағдайда бірнеше есе күшейуі мүмкін. Оған мысал ретінде инквизиция, діни фундаментализммен фанатизм, фашизм, кибернетика мен генетиканы қудалау және т.б. келтіруге әбден болады.

Ғылымның дамуы нәтижесінде біздің өміріміз бір ғана ұрпақ ішінде елеулі өзгерістерге ұшырап отыр. Қоршаған орта туралы ақпараттың ағымы бірнеше жыл ішіндееселеп көбеюде. Адам болса бұл ақпарат ағымын жеткілікті деңгейде қабылдап үлгере алмау үстінде. Оның себебі, қоғам дамуы барысындағы мүлдем жаңа ғылымипәндердің пайда болып, осыған қоса олардың тармақтанып, салаларға бөлінуінде. Ғылымның салаларға бөліну үрдісі нәтижесінде қазіргі кезде ғылымда 15 мыңнан астамғылыми пән бар. Әрине, осыған байланысты адамзаттың өзін қоршаған табиғат пен қоғам туралы білімінің тереңдігі мен дәлдігі де елеулі түрде өскен.  Осымен қатарғылымның әртүрлі салаларының және ғалымдардың арасындағы байланыс пен өзара түсіністіктің де әлсірегендігін мойындау керек. Тіпті кейбір жағдайларда, бір ғылымныңәртүрлі салаларында жұмыс істейтін ғалымдар екінші бір саланың зерттеу әдістері мен нәтижелері жайлы мүлдем бейхабар болады. Абырой болғанда қазіргі кезде ғылымныңөзі дүниені тек пәндік сипатта зерттеуге қарсы әдістер мен құралдар қалыптастырып, шығарып отыр. Ғылыми салалардың арасындағы байланысқа деген бұл жаңа көзқарасинтегративті немесе пәнаралық деген атқа ие болды.

Қазіргі кезде дамыған капиталистік елдер ғылымға жалпы ұлттық кірістің 2-3 % жұмсауда. Бұл шығындарсыз елдің қорғаныс және өндіріс саласының жоғары деңгейінсақтап қалу мүмкін емес. Ғылым экспонент бойынша дамуда, яғни ғылыми ақпарат пен ғылыми еңбектердің көлемі әр 10-15 жыл сайын екі есе көбеюде. Ғылымдардыңкөбеюі нәтижесінде ғалымдардың да саны ұлғаюда. Егер 1900 жылы ғалымдардың саны 100000 болса, қазіргі кезде олардың саны 5000000 - ға жеткен (яғни Жер шарындатұратын әрбір мың адамның біреуі).

Егер қазіргі заман адамы ешқашан ғылым  саласында еңбек  етпеген болса, оның ғылыми   қағидаларды (концепцияларды), қаншалықты білуі қажет? Ғылым - текбілімнің, фактілердің және т.б. жиынтығы ғана емес ол сондай ақ, қоғамның мәдени-әлеуметтік маңызды құбылыстарының бірі. Яғни ғылым дегеніміз бұл:

1) мәдениеттің бір саласы;

2) дүниетанымдық әдістің бірі;

3) адамды және табиғатты қайта өңдеуші өндіргіш күш;

4) арнаулы институт (институт түсінігіне тек жоғары оқу орны емес, сонымен қатар ғылыми қауымдастықтар, академиялар, лабораториялар, журналдар және т.б, кіргізіледі).

Біздің жаңа капиталисттік дәуірімізде көптеген құбылыстар  ғылыми методологияға сәйкес қалыптастырылып отыр. Әрине адамзат еңбекті ғылыми түрдеұйымдастыруға әлі қол жеткізе қоймаса да, дегенмен ғылыми қағидалар қазірдің өзінде еңбекте қолдануда. Осыған сәйкес бұл қағидаларды қолдану үшін, ең алдыменоларды  білу қажет – себебі дамып келе жатқан капиталистік өндіріс жаңа табиғи ресурстарды, технологиялар мен машиналарды  еңгізуді талап етіп отыр. Осықажеттіліктерді қанағаттандыру үшін капиталистік қоғамның өндіргіш күштері ретінде қазіргі заманғы ғылыми концепцияларды білу қажет.

Адамзат санының 1900 жылғы 1 млрд-тан 2000 жылы 6 млрд-қа дейін күрт өсуі, жаппай сауаттану, ғылыми революция, ғылыми-техникалық прогресс өкінішке орай, адамзаттың мәдениеті мен дүние танымының тап осылай дамуына себеп бола алған жоқ. Әдетте ғылымның қалыптасуы, шынайы ғылымдарға ұқсас әртүрлі жалғанғылымдар мен ілімдердің пайда болуымен қатар жүреді. Мысалға астрономиямен қатар табысы көп астрология, психологияның қасында парапсихология қолданыста. Ғылыми жетістіктермен қатар надандық пен тағылық қатар жүріп, діннің, мистиканың, окультизмнің және жалған ғылымдардың жаңарған түрлері таралуда. Осыған сәйкестабиғат пен қоғам дамуының жалпы принциптерін, әлемнің ғылыми бейнесіне сай дүниеге көзқарастың концепцияларын білмеу көп ретте діни және ұлттық экстремизмгеәкеліп соғады.

Гуманитарлық салада білім алып жатқан студенттің жалпы білім деңгейі, ойлау мәдениеті мен ғылыми дүние танымының қалыптасуы оның ғылым дамуының бүкілтарихында пайда болған аса маңызды концепциялармен танысып, оларды игеруі арқылы анықталады. Осымен қатар осы пән қоршаған ортаға деген концептуалдықкөзқарастың қалыптасуына, эрудицияның деңгейінің көтерілуіне, жалпы мәдениеттің және жауапкершіліктің пайда болуына себеп болады.

Сонымен, концепция дегеніміз не? Ғылыми зерттеулердің нәтижесі болып теориялар, заңдар, модельдер, гипотезалар, эмпирикалық тұжырымдар болатындығы белгілі. Әрқайсысының өз мәні, мағынасы бар, бірақ бұл түсініктерді бір ғана “концепция” сөзімен ақ біріктіруге болады. Яғни “концепция” термині белгілі бір көзқарастардыңжүйесі, белгілі бір құбылыстардың, процестердің түсінігі, белгілі бір туындының басты ойы ретінде түсінілуі .

Ғылыми методологиялық көзқарастардың ішіндегі ең жақсы тұжырымдалып, фундаменталды түрде зерттелгені – эволюция концепциясы болып табылады. Эволюциялық концепция қазіргі заманғы әлемдегі бүкіл ғылымның негізін құрайды десек те қателеспейміз. Біз осы концепцияға сүйене отырып, қоғам мен табиғатарасындағы процестердің байланыстары мен арақатынастарын айқындайтын жаратылыстанудың басқа барлық концепцияларын дұрыс түсініп және түсіндіріп бере аламыз.

Ғылымның концепцияларына ғылымдарды классификациялау проблемасы да жатқызылады.  О.Конт алғашқылардың бірі болып ғылыми классификацияны жасауғатырысты. Ол  сызықтық классификация деген атқа ие болған класификацияны ұсынды, бұл классификация бойынша ол ғылымды жалпыдан  жеке түрлерге, қарапайымнанкүрделі және спецификалық түрлерге қарай қатарластырыптоптады. Өз кезегінде Б.Кедров ғылымды ғылыми білімнің координациясы мен субординациясы қағидаларынұстана отырып классификациялауды ұсынды. Оның ойы бойынша ғылымдар жаратылыстану, гуманитарлық және техникалық ғылымдар деп үшке бөлінуі қажет болды. Біраққоғамда ғылымды бұрыннан бері қалыптасқан гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарына бөлу қолданылып отыр. Тіпті Англияда білім беру жүйесі де қатаң түрдегуманитарлық, және  жаратылыстанушылық - техникалық болып келеді.

Ал егерде біз ғылым мен өнерді салыстыратын болсақ, көрсетілгеннен бөлек жағдайды көреміз. Ғылым - қоршаған ортаны зерттеп білу процесіндегі көптегенадамдардың өз тәжірибелерін жинақтап, оларды түсіндіруге бағытталған өзара үйлесімді, жүйелі іс-әрекеттерінің нәтижесі. Ал өнер болса жекелеген адамның жан – тәнініңбелгілі бір жағдайын суреттеп, нақты бір сезімдерді оятуға бағытталған белгілі бір адамның интуитивтік әрекеттері.

Ғылым дегеніміз - білім. Ғылымда дәстүрлі екі бағыт қалыптасқан. Бұл бағыттың бірі  - қоғам мен техникалық ортаның тарихын сипаттау болса, екіншісі- табиғаттарихы. Бұл  бағыттардың екеуі де мәдениеттің бет - бейнесін тарихи анықтай алады. Әрине, біздің техникалық өркениеттің дамуы кезеңінде жаратылыстануды абсолюттітүрде қарастыру тенденциясы байқалып отырғандығы ақиқат. Бұл тарихи фактыны   жаратылыстанудың мәдениет шеңберіндегі орны мен маңызын анықтауы мен түсіндіругетырысуы деп қабылдауымыз керек. Жаратылыстану мәдени құндылық ретінде қарастырылады. Сондай – ақ ол міндетті түрде екінші бір концепцияға қарама-қарсы қойылуыкерек, мысалға гуманитарлық мәдениетте: физика – лирика дегеніміз секілді.

Осыған байланысты жаратылыстану және гуманитарлық мәдениеттің арақатынасы жайлы екі түрлі түсінік қалыптасқан. Бірінші пікірді жақтаушылардыңкөзқарастары бойынша: гуманитарлық ғылымдар үшін тек қана жаратылыстану мен оның нақты зерттеу әдістері үлгі болуы керек дейді. Осы пікірді ең қызу  жақтаушыпозитивистер үшін- математикалық физика басқа ғылымдар үшін идеалды болуы керек, ал кез келген ғылыми танымның әдісі – математиканың аксиомалық- дедуктивті әдісдеп санайды. Антипозитивисттік бағытты ұстанушы, яғни тарих, психология, социология, т.б. гуманитарлық ғылым салаларының ғалымдары бұндай көзқарас гуманитарлықзерттеудің ерекшеліктері мен күрделілігін толық қанды ескермейді, сол себепті бұл көзқарас утопиялық және нәтижесіз деген ойда.

Жалпылай айтсақ, ғылым – жүйелі түрде теоретикалық білімді дүниеге келтіретін адамның әрекеттерінің бір түрі болып табылады. Сонымен қатар ғылым қоғамныңаса маңызды өндіргіш күштерінің бірі бола отырып, ғылым адамның өзін-өзі тану процесінің түрі болып табылады.

Жалпы, білім берудің, яғни, жаратылыстану концепциялары пәнінің де басты мақсаты, тек жаңа білімге ие болу ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдікжаратылыстану ғылымында қоршаған әлем туралы қалыптасқан түсініктер мен ойлаудың ғылыми, рационалды ойлау қабілетін қалыптастыру болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, эрудицияны дамытып, қоршаған дүниеге, жалпы мәдениетке деген концептуалды көзқарасты, жалпы мәдениетті және білгірліктіқалыптастыру.


 

Р.А. Мирзадинов Жаратылыстану концепциялары оқулығының кіріспесінен алынды


 

 

 

Ғұмар Қараштың педагогикалық көзқарастары.

(1875-1921 жж.)


 

Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанда қоғамдық-саяси, ағартушылық-педагогикалық ой-пікірдің дамуына өзінің өлшеусіз үлесін қосқан ХХ ғ.бас кезіндегі қазақәдебиетінің ең көрнекті қайраткерлерінің бірі, ағартушы, педагог Ғұмар Қараш болды. Ол туралы соңғы жылдары ғана баспасөз беттерінде мақалалар жарыө көріп, шығармаларжинағы басылды. Көп жылдар бойы оның педагогикалық-ағартушылық қызметі, сол кезеңнің көкейтесті мәселелерін көтерген еңбектері коммунистік идеологияның тікелейәсерімен тең басып, кітап қоймаларының түкпір-түкпірінде қажетсіз болып жатты. Халық тарихы мен оның рухани мұрасына балта шапқан коммунистік партияныңидеологтары Ғ.Қараштың есімін жазуға да, айтуға да тыйым салды.

Тарихи ақиқаттың орнауы нәтижесінде Ғ.Қараштың құнды мұралары ортамызға қайтып оралды. Ғ.Қараш туралы деректер Қазан төңкерісіне дейінгі мерзімді баспасөзбеттерінде, мұрағат қазыналарында жиі-жиі кездеседі. Оның есімі ХХ ғасырдың бас кезеңінде татар, башқұрт, қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген газет, журналдар менкітаптардың беттерінен түскен емес, оның өз заманында Ресейдің бүкіл түркі тілдес халықтарын аузына қаратқандығын мақтан тұтуға болады.

Отарлық саясаттың тікелей салдарынан, жаппай орыстандыру әрекетінен жапа шеккен, халқын ұлттық бірлік пен ынтымақтастыққа шақырып, қазақ еліне даналы ақылбергендердің бірі – осы Құмар Қараш болды. Оның алаш партиясын жақтап, құрамына белсенді мүше болуы, көрнекті қайраткер есімін тарих бетінен мүлде сызып тастады.

Ғ.Қарашты бұрынғы одақ жұртшылығына таныстыруда белгілі ғалым, академик С.З.Зиманов пен зерттеуші-ғалым, М.Ш.Ысмағұлов көп үлес қосты. Сонымен қатарҒ.Қарашты ақындық қырынан зерттеп, кандидаттық диссертациясына арқау еткен филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Әнесұлы Тәжірмұратов болды.

Халқымыздың осынау абзал перзентінің шығармашылығын насихаттауға жазушы, ғалым М.Мағауин біршама еңбек сіңірді. Ол 1978 жылы цензорлық бақылауға  қарамастан, Ғұмар Қараштың  бірнеше өлеңдерін Ленинград қаласында басылып шыққан ЋҚазақстан ақындарыЛ жинағына енгізді.

Ғұмар Қараш 1875 жылы Бөкей Ордасындағы Қырқұдық деген жерде (қазіргі Орал облысы, Казталов ауданы) сіңірі шыққан кедей шаруаның әулетінде дүниеге келген. Әкеден жеті жасында жетім қалады.

Жастайынан өз халқының фольклорлық бай қазынасына құштар болған ол небір жыр, криссаларды ой-санасына сіңіріп өседі. Сол заманның талабына сай орта дәрежелідіни білім алады. Жалпақдаладағы Ғұбайдолла Ғалікеев хазіреттен дәріс алып, сол басқарған медресені бітіреді. Осы ғылымды жетік меңгергені соншама, иман, ал одан кейінахун дәрежесіне ие болады. Өзі басшылық еткен мешітте медресе ашып, қазақ балаларының сауаи алуына біршама ат салысады.

1902-1910 жылдар аралығында медреседе оқитын шәкірттерін жаңа Жадит тәсілімен оқуды қолға алып, біршама жетістіктерге жеткен. Оқушыларды тез арада сауатынашып, арабша, қазақша, татарша және орысша жазылған басылымдарды оқуға мүмкіндік алған. Мұндай батыл реформалық іс-әрекет дүмше малдар мен шынжыр балаң, шұбартөс үстем тап өкілдеріне ұнамай Ћислам дінін бұзып, қазақ балаларын орыс қылдыЛ деген айып тағылды. Бірақ, көкірегі ояу азаматтың мақсат-мүддесі жергілікті зиялықауымнан қолдау тауып жәдидше оқытуын әрі қарай жалғастырды. Ғұмар жастайынан-ақ өлеңдер шығарып, ел аузындағы әдеби мұраларды жалғастырды. ХХ ғасырдың баскезінде қазақ даласына тарайтын – арабша, түрікше, татарша, қазақша басылымдарды оқып, заман дәуір жайын оңға бастайды, ол әдеби, тарихи пәлсапалық кітаптарды іздепжүріп оқыды. Сөйтіп, ислам діні қағидаларын жетік білген Ғұмардың енді дүниелік ғылымдардан да хабары болады.

1907 жылдардан бастап, қазақ, татар тілдерінде шығатын газет-журналдарда мақалалары мен өлеңдерін жариялады. Ол елдің өміріне араласып, халық мұратын көздейтіністерге белсене араласады. Ғұмар Қараштың саяси көзқарасының қалыптасуына 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы өлшеусіз әсер етеді. Ол татар тілінде шығыптұрған ЋУльфатЛ, ЋШураЛ сияқты мерзімді баспасөздерде бірнеше мақалалар жариялап, онда қазақ қоғамының көкейтесті мәселелерін шешудің жолдарын қарастырды.

Ғұмар білім алған аясы медресесінен бастап, өмірін ғылым жолында өткерді: арабша, парсыша, түрікше, орысша тілдерді білді, бай кітапханасы болған.

Ғ.Қараштың өзінің тіркеу парағында Ћқазақша жоғары білімі, ал орысша тек ғана сауатты боллдыЛ, - деп өз қолымен жазған. Бұған қарағанда Ғ.Қараш ауылмедресесімен шектелмей, жоғары мектепте тиянақты білім алған.

Халыққа қызмет етуді өмірінің мақсат-мұраты санаған азамат ақын 1918 жылы елге нақты қызмет ету, әлеуметтік-ағартушылық өмірге белсене араласу жолына ойысады. Сөйтіп,  туған елі Жәнібекке келеді. Ортадағы педагогикалық техникумда сабақ береді.

1918 жылы 24 қыркүйекте болған Бөкей губерниясы мұғалімдерінің съезіне және 1918-1920 жылдарда өткен сол губернияның кеңестерінің І, ІІ, ІІІ, ІҮ съезіне делегатболып қатысады. Ғұмар Қараштың 1920 жылы 21 маусымда ІІ Бөкей губерниялық партия конференциясында пленум мүшесі болып сайлануы, үгіт-насихат бөлімініңмеңгерушісі болып бекітілуі – ағартушы қайраткерге халықтың үлкен сенім артқандығын көрсетеді.

Ғұмар Қараш жәдид оқуды ол күнде медреседе деп аталатын өз мектебіне енгізіп, пән сабақтарын жүргізіп, әсіресе, орыс тілі, табиғат, жаратылыстану пәндеріне өте-мөтекөңіл бөледі екен.

Ғұмар Қараш оқу үрдісінде хат таныту әдістерін үйретіп, қараны дұрыс таныту жолын, онымен қатар мағынасына түсініп, мәнерлеп оқуға өлеңді сөздерді әнге салыпоқып, әнге үйретеді, соған жаттықтыруды тапсырып отырған. Пән сабақтары ішінде жаратылыстану, табиғат, жағырафия сабақтарының оқыту әдістеріне тоқталып, олардытүсіндіріп оқытуға тырысатын.

Ғұмар Қараштың ағартушылық, жасампаздық қызметінің алғашқы кезеңінен бастап, оның дүниетанымында зор төңкеріс жасаған адам Жәңгір хан немересі, қазақәдебиетінің ХХ ғасыр басындағы көрнекті тұлғаларының бірі – Шәңгерей Бөкеев. Нұғыман Манайұлы ЋҒұмардың оянуына бірінші себеп 1905 жылғы төңкеріс, Ресеймұсылман оқығандары арасындағы жәдидшілік қозғалыс болған болса, екінші жағынан оның оянуына қамшы болып тікелей жетекші болған ШәңгерейЛ,1 - дейді.

Нұғыман Манайұлы осы пікірмен Ғұмардың ағартушы, ұстаз, қаламгер азамат ретінде қалыптасуында шешуші роль атқарған басты-басты үш себепті де қамтып өткен. Рас, ЋҒұмардың саяси бетіне, пікіріне үлкен өзгеріс кіргізген 1905 жылғы төңкерісЛ, - екендігін айтады.

Алайда бұл қозғалыстың Ғұмар тектес жаңашылдар үшін саяси мәнінен гөрі ағарту, рухани саладағы реформаларға мүмкіндік әперген маңызы басым еді.

1917 жыл көптеген зиялылар сияқты Ғұмар өмірінде де ең күрделі, ең маңызды, ең қайшылықты кезең болды. ЋҒұмарды екінші көруім 1917 жылы Бөкейліктің орталығыОрдадаЛ - деп еске алады 20-жылдардың қоғам және мемлекет қайраткері, кейін әділет министрі Шафқат Бекмұхамедов. Сол жылы май айында Бөкей қазақтарының жалпысъезі болды. Съезде оншақты Бөкейліктердің иман-молдалары болып, съезд президиумына Ғұмардың үстінен арыз түсірді.

------------------------------------------------------------------

1Манайұлы Н. Шәңгерей. Алматы, 1934, 31-бет.


 

       Арызда отыз шақты кісі қол қойған. Олар ірі байлар, иман-молдалар, өтініштері – Омарды съезден қуу, (Мен съездің президиумында едім). Олардың айтатыны: Ғұмарқазақшылықтан, мұсылманшылдықтан шыққан адам, ол орысқа сатылған, дінді сатқан ЋкәпірЛ ол орыс  миссионерлерінің агенті, сондықтан оны бұл съездің маңайына дажуытпау керек, абақты салу керек, - депті. Әрине съез Ғұмарды имандарға бермеді, арыздарын қостамайды, Ғұмарды көтеріп, оны Мәскеуде өтетін Ресей мұсылмандарыныңжалпы съезіне өкіл етіп жіберді. Ғұмар съезде иман-молдалардың реакцияшыл қара күш екенін, ғылым, мәдениет жолына олардың бөгет болып отырғанын, көпшілікті оқыту, жастарға өнер-білім керек екені туралы сөйледі.

       Уфа кезеңі Ғұмар өміріндегі азаматтық ағартушылық-шығармашылық жалынға толы, көтерілу, серпілу жылдары болды. ЋҚазақЛ, ЋСарыарқаЛ, ЋҰранЛ газеттерін, өлең, мақалаларын жазып тұрды. Уфадағы діни басқарманың бай кітапханасында отырып, ЋПедагогикаЛ, ЋҚараЛ және ЋҚан мен жанЛ дейтін үш еңбек дайындайды.

       1918 жылғы 2-қыркүйекте Бөкей губерниясының мұғалімдер съезі ашылды. Съездің жұмысына Ғұмар Қараш та белсене араласты. Съезде ұлттық мектептер, мектептен тысмекемелер жөнінде мәселелер талқыланды. Ауылдарда жаңадан 90 мектеп ашу белгіленді. 1919 жылы қаңтардың 3-нен 17-сіне дейінгі аралықта Бөкей облысы мұғалімдерініңекінші съезінде Ғұмар Қараш 11 мәжілісті Ғұмар басқарып отырды. Съезд ағарту саласында бағдарламалық, ұйымдық мәні бар бірсыпыра шешім қабылдады.  Мұғалімдерсъезінің қаулысы бойынша мектептер ашу туралы 4 кісіден тұратын комиссияның құрамына Ғұмар Қараш, Нұғыман Манаев, Ғабдолғазиз Мусағалиев, Шәкгерей Бөкеевсайланды.

       Халыққа қызмет етіп, әлеуметтік өмірге белсене араласып, ағартушылық, ұстаздық жолына бет бұрады. 1919 жылы ЋМұғалімЛ атты тәлім-тәрбие ғылыми пәнжурналының редакциялық алқасын басқарған. Бұл тұңғыш қазақ кеңес педагогикалық журналы еді.

       Ғ.Қараштың ЋПедагогикаЛ атты еңбегі Уфа қаласында жазып, кейін алғашқы ЋМұғалімЛ журналының бірнеше санында жарияланған.

       Ғ.Қараш ЋМұғалімЛ мұқабасына эпиграф түрінде:

       Тіл көңілдің ақылшысы,

       Ілім – жарық, жанға ұя.

       Білім – бақтың басқышы,

       Қараңғыда жол қия,

- деген шумағын шығарған.


 


 


 

Ғұмар Қараш

 

Көрнекті Алаш қайраткері, ойшыл ақын Ғұмар Қараштың (1875-1921) шығармаларын толық бастырып шығаратын уақыт келді.


 

Ғұмартанушы ғалым, республикалық «Ана тілі» газетінің бас редакторы Мақсат Тәжмұраттың мәлім еткеніндей, Ғұмар Қараш – Алаш қозғалысына дейін-ақ ел өмірінеерте араласып, соңына бай мұра қалдырған ақын. Жастайынан жетім қалып, ағайын-туыстарының көмегімен ауыл молдасынан сауат ашса да, кейін өзінің білім-беделіарқасында өз заманының ең көзі ашық, халқын алға жетелеген зиялы өкілдерінің қатарынан табылады. Ғұмардың бірінші қыры ұстаздығы болса, екінші еңбегі 1911-1913 жылдары «Қазақстан» газетін ашуда айқын көрінеді. Басқасын айтпай-ақ, әуелі Ордада, кейін Оралда жарық көріп тұрған аталмыш газет «Қазақстан» сөзін тұңғыш рет ресмиқолдануымен де құнды, сонысымен де айрықша бағалы. Соның өзінен-ақ «Қазақстан» газетін (редакторы Елеусін Бұйрин) ашқандардың ойы ауыл-аймақ төңірегінде емес, тымәріде екендігі, болашақ ел мүддесін көздегені бірден сезіледі.

 

Ғұмар Қараш - әртүрлі мерзімді баспасөзде көп жазған қаламгер. Ол «Ғұмар Қараш баласы», «Ғұмар Қарашұлы», «Ахунд Ғұмар Қарашұлы», «Ғабдолла Мұштақ» сындыесімдермен жариялап отырған. Ал «Қазақстан» газетінде ( 1911, № 2, мамырдың 27-сі ) жарияланған «Тіршілік таласы» атты мақаласына өзінің шыққан тегінен алып, «Оразақай» (Ғұмар Қараш, Кіші жүзге сіңген төрт таңбалы ноғай-қазақ руының Қояс тармағының Оразақайынан тарайды, атақты жырау Шалкиіз Тіленшіұлының тікелейұрпағы) деп қол қояды. Сөйтіп бір кезде ауыл молдасынан дәріс алған ол қоғам ағысынан қалыс қалмай, халқының қамын ойлаған қайраткер ақын дәрежесіне дейінгі күрделіжолдан өтті. Ел тағдыры, дәуір сипаты, өмірдің өзекті мәселелері шығармаларының негізгі тақырыбына айналды.

 

Ғұмар Қараштың баспагерлік қыры да көп замандастарынан бұрын, Қазан төңкерісіне дейін-ақ кеңінен ашылған болатын. Алдымен өзі ұстаз тұтқан қазақтың белгіліақыны Шәңгерей Бөкеевтің қолдауымен ел аузынан жинаған әдеби мұраларды құрастырып, Орынбордан «Шайыр», «Көксілдер» атты екі жинақ шығарса, кейін өз дүниелерінбастыруға көшеді. Ақынның кітаптары қай жылдары жарық көргеніне қарап-ақ көп нәрсені аңғаруға болады. Атап айтқанда, оның «Бала тұлпар» (Уфа, 1911), «Қарлығаш» (Қазан, 1911), «Тумыш» (Уфа, 1911), «Аға тұлпар» (Орынбор, 1914), «Тұрымтай» ( Уфа, 1918 ) аталатын бес өлең, «Ойға келген пікірлерім» ( Орынбор, 1910), «Өрнек» (Уфа, 1911), «Бәдел қажы» (Қазан, 1913) дейтін үш зерттеу кітабы жарық көрген (ол кезеңде қазақта мұндай кітап шығарған ешкім жоқ). Осының ішінде «Аға тұлпар» кітабыныңшоқтығы ерекше биік. Ғұмардың замана халі мен табиғатты салыстыра зерттеуінен өз бабасы Шалкиіздің әсері байқалса, бағзы дарқан дала мен көшпелі өмірді еске алудаШәңгереймен үндестігі айқын көрінеді. Кейінгі жинақтарында ақынның қолтаңбасы дараланып, көркемдік деңгейі көтеріліп, сөз өрнегі айшықтала түседі.

 

Белгілі зерттеуші Есмағамбет Ысмайыловтың «Омар (Ғұмар – Ғ.Е.) – Абайдан кейінгі дәуірдегі ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде іргелі орын алатын ірі классикақын, қазақтың жазба, көркем әдебиетін дамытуда, әдебиет, тілін қалыптастыруда Омардың тарихи еңбегі ерекше. Омар – үлкен суретші, шебер, көркемсөздің ұстасы. Ақынның қазақ поэзиясына кіргізген жаңалығы да аз емес», деп баға беруі тегін емес. Сөйткен ақын мұрасы орыс тілінде шыққан «Қазақ поэзиясының антологиясы» (1958) мен «Қазақстан ақындары» (Ленинград, 1978) жинағында там-тұм жарық көргені болмаса, қазақтың аса ірі ойшыл ақыны, биыл 150 жылдығы тойланып жақан Шәкәрім сияқтыКеңес дәуірінде назардан мүлдем тыс қалды десе де болады. Ғұмар Қараш шығармашылығы жөнінде филолог-ғалым Мақсат Тәжмұрат тиянақты зерттеп, тұңғыш реткандидаттық диссертациясын қорғап, мұрасын жинастырса, ақын өлеңдері мен мақала, әңгімелері топтастырылған «Замана» кітабы (құрастырып, алғы сөзін жазған филологияғылымдарының кандидаты Қабиболла Сыдиықов) 1994 жылы Алматыдағы «Ғылым» баспасынан басылып шықты. Алайда содан бері Ғұмар Қараш шығармалары кітап болыпшыққан емес. 2006 жылы Ғ.Қараштың 130 жылдығы туған жері – Жәнібек ауданында аталып өтіліп, ақын туындыларын жинақ етіп бастыру, мектеп оқулықтарына кеңінененгізу туралы ел зиялылары атынан ҚР Білім және ғылым министрлігіне хат та жолданған болатын. Әйтсе де бұдан кейін де еш қозғалыс бола қойған жоқ.

 

М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дың профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Исатай Кенжәлиевтің пайымдауынша, Ғұмар Қараш – Алаш қозғалысына бастан-аяққатысқандардың бірі. Ол белсенді қайраткер ғана емес, Алаштың жалынды жыршысы да. Бұған ақынның бір ғана «Күн туды» атты өлеңінің өзі дәлел бола алады.

 

«Екі талай іс болып,

Елге қиын күн туды.

Аспанда ай, күн тұтылып,

Жер-жиһанды қан жуды»,


 

- деп басталатын өлеңнің орта тұсында Ғұмар Қараш:


 

«Алаш» атты ел болып,

Адамдықты табарсың»,

- деп тұжырады.


 

Сосын:


 

«Алаш» деп ұран шақырып,

Шапқан шөптей жапырып,

«Бауырым» деп бас қосып,

Малта жесіп, е десіп,

Дос-жаранды күлдіріп,

Дұспанды іштен тындырып,

Іс қыла алсаң қылатын,

Ел бола алсаң болатын,

Күн туды, Алаш, күн туды», -


 

деп қорытындылайды. Бұдан кейін ол «Алашқа», «Алаш азаматтарына», «Көреміз бе?» және басқа өз жұртын азаттыққа, ел болуға үндеген өлеңдерін жазды. Осығанқарап-ақ Ғұмар Қараш өз ұстанымын бірден айқындап, «Алаш» деп ұран шақырған бірінші ақын деуге болады. Алаш қозғалысына жан-тәнімен белсене араласқан ҒұмарҚараш 1917 жылы желтоқсанның 7-13-інде өткен бүкіл қазақ съезіндегі талас кезінде бітістіру, мәмлегерлік рөлін де атқарады. Әлихан Бөкейхан бастаған Үкімет құрылғанкезде Қараштың қазы, яғни жоғары сот болып сайлануы да тегін емес. Кейін Алашорда тарап, Бөкей облысында Кеңес өкіметі орнаған кезде Ғұмар Қараш ағарту, баспа ісіжұмыстарына араласады.

 

Ғұмар Қарашты заман аңысын аңдап, тіпті болжай білген көреген деп те айтуға болады. Ол «Неден қорқам?» деген жырында: «Мезгілсіз ерте туған таңнан қорқам, Жауынсыз құр желдеткен шаңнан қорқам. «Таң туды, мезгіл жетті» деп адасып, Құрылған қараңғыда заңнан қорқам», деп жазды. Кейін өзі де сол «мезгілсіз атқан таңның» құрбаны болып кетті, яғни 1921 жылы бандылардың қолынан небәрі қырық алты жасында, шығармашылық күш-қуаты әбден толысқан шағында қаза тапты.


 

Қорыта айтқанда, артына мол мұра қалдырған, Алаштың өз алдына дербес ел болып шалқығанынан көруді армандаған Ғұмар Қараштың шығармаларын толық көлемдебастырып шығару бүгінгі ұрпақтың абыройлы борышы болса керек.

 

 

Ұлықбек

(толық есімі Мұхаммед Тарағай бин Шахрух)

(1394-1449)


 


 

Темір әулетінде 1394 жылы 22 март күні дүниеге Мұхаммед Тарағай деген бала келді. Кейін оған Ұлықбек деген лақап ат беріледі. Оның әкесі Шахрух Темірдің үшіншібаласы еді. Шахрух біраз уақыт билеуші болып, кезінде ғылымның өркендеуіне үлкен қайырым жасаған кісі. Ұлықбек жастайынан поэзияға, тарихи білімге, астрономия менматематикаға құмарланады. Ұлықбектң ғалымдығының қалыптасуына оның атасы Темірге ілесіп мәдени, ғылыми дәстүрлері бай елдерді аралауы үлкен әсер етеді. Ұлықбекжас шағында осылай Армения, Әзербайжан, Грузия, Иран, Түркия және Ауғанстандарды аралап көреді. Бұған қосымша, Ұлықбектің ғалым болып шығуына әкесі Шахрухжиыстырған Самарқандағы аса бай кітапхана да зор себепші болады.


 

Ұлықбек Аплатун, Аристотел, Гиппарх, Птолемей сияқты ежелгі грек ғалымдарының классикалық еңбектерімен жақсы таныс болады. Сонымен қатар, ол өзінен бұрынөмір сүрген Орта Азияның көрнекті оқымыстылары Хорезми, Фараби, Ферғани, Бируни, Ибн Сина, Насыреддин әт-Тусилердің негізгі еңбектерін жете білген.


 

Бірақ жас Ұлықбекті қоршаған билеуші топ оның ғылымға ден қоюын құптамайды. Темір өлгеннен кейін империясы екі бөлікке бөлінеді: бірі Хорасан, екіншісіМавераннахр. Соның екіншісіне 15 жасар Ұлықбекті әкім сайлайды. Айта кетерлік бір жәйт оңтүстік Қазақстанның көп қалалары (Отырар, Тараз, т.б.) осы Ұлықбекке тиеді. Сарай төңірегіндегілер Ұлықбектің әскери қызметке, дипломатиялық өнерге деген құмарлығын арттыруға бар күшін салып бағады, оның асқан ғалым емес, ата жолын қуушыәмір болуын көздейді. Бұл ықпалдан шыға алмаған Ұлықбек алғашқы жылдары (1425 және 1427 жылдары) бірсыпыра жорықтарды басқарып, олардың кейбірін сәтті аяқтапжүреді. Ол ел басқарушылық және әскери талантының бар екенін танытады.


 

Алайда, Ұлықбек мәдени құрылыстарға көп көңіл бөледі. Самарқанда, Ғиждуанда, Бухарада және басқа қол астындағы қалаларда көрнекті-көрнекті құрылыстарсалдырады және Темірдің тұсында аяқталмай қалған құрылыстарды аяқтайды. Ұлықбектің өнер-білімге деген іңкәрлігі күн асқан сайын күшейе түседі. Ол қаңқұйлысоғыстардан гөрі әлем сырын ашып, оның құпиясын білуге ынтығады.


 

...Орта ғасырлар кезіндегі орта Азия. Өзін Азияның арыстаны, жер тәңрісі санаған Әмір Темір (Ақсақ Темір) дүние жүзін жаулап алмақ болып, аш қасқырдай аласұрды. Азияның Иран мен Үндістан сияқты бай өлкелері Ақсақ Темірдің аяғының астында тапталды. Ол Амудария мен Сырдарияның арасындағы кең аймақты алып жатқан жаңаимперия құрды. Ол Мавераннахр (арабша “өзеннің аржағындағы” деген сөз) деп аталады. Бұл империяның астанасы ескі қалалардың бірі – Самарқанд болды. Ол бұдан 2000 жылдан астам бұрын салынған. Тіпті Птоломейдің геграфиялық картасының өзінде самарқанның орны көрсетілген.


 

Самарқанның гүлденген кезі Әмір Темірдің патшалық ету кезеңіеді. Ол Самарқанүға өзі басып алған елдердің байлығын тасумен болды. Үндістаннан, Азербейжаннан, Ираннан, Армениядан, Грузиядан т.б. елдерден шеберлер шақыртып, өз астанасынкеңейту жолында қолынан келгенін істеп бақты. Ақсақ Темір тұсында салынған Бибі ханыммешіті, Шахин-Зинда және басқа құрылыстар  архитектуралық  ескерткіштердің тамаша үлгілері болып табылады. Атақты “Бабурнамада” осы қарсаңда Самарқанда дүниежүзіндегі қағаздың, керамикалық бояулардың, барқыттың және т.б. ең әдемісі шығатын еді деп жазылған. Самарқан – көрнекті ғалымдар, дәрігіерлер, құрылысшы-шеберлер, кітап –көшіргіштердің ордасы саналады. Сонымен қатар Самарқан кертартпа, бедел-ықпалы, зор мұсылман дін басыларының да шоғырланған жері болды.

Осы тұста, Темір әулетінде 1394 жылы 22 март күні дүниеге Мұхаммед Тарағай деген бала келді. Кейін оған Ұлықбек деген лақап ат беріледі. Оның әкесі ШахрухТемірдің үшінші баласы еді. Шахрух біраз билеуші болып, кезінде ғылымның өркендеуіне үлкен қайырым жасаған кісі. Ұлықбек жастайынан поэзияға, тарихи білімге, астрономия мен математикаға құмарланады. Ұлықбектң ғалымдығының қалыптасуына оның атасы Темірге ілесіп мәдени, ғылыми дәстүрлері бай елдерді аралауы үлкен әсеретеді. Ұлықбек жас шағында осылай Армения, Азербайжан, Грузия, Иран, Туркия және Ауғаныстандарды аралап көреді. Бұған қосымша, Ұлықбектің ғалым болып шығуынаәкесі Шахрух жиыстыран Самарқандағы аса бай кітапхана да зор себепші болады.


 

Ұлықбек Платон, Аристотель, Гиппарх, Птоломей сияқты ежелгі грек ғалымдарының классикалық еңбектерімен жақсы таныс болады. Сонымен қатар, ол өзінен бұрынөмір сүрген Орта Азияның көрнекті оқымыстылары Хорезми, Фараби, ферғани, Бируни, Ибн Сина, Нысреддин әт-Тусилердің негізгі еңбектерін жете білген.


 

Бірақ жас Ұлықбекті қоршаған билеуші топ оның ғылымға ден қоюын құптамайды. Темірөлгенне кейін империясы ыдырап екі – Хорасан, екіншісі – мавераннахр. Соның екіншісіне 15 жасар Ұлықбекті әкім сайлайды. Айта кетрлік бір жәйт оңтүстік Қазақстанның көп қалалары (Отырар, таразы т.б.) осы Ұлықбекке тиеді. Сарайтөңірегіндегілер Ұлықбектің әскери қызметке, дипломатиялық өнерге деген құмаолығын арттыруға бар күшін салып бағады, оның асқан ғалым емес, ата жолын қуушы әмірболуын көздейді. Бұл ықпалдан шыға алмаған Ұлықбек алғашқы жылдары (1425 және 1427 жылдары) бірсыпыра  жорықтарды басқарып, олардың кейбірін сәтті аяқтапжүреді. Ол ел басқарушылық және әскери талантының бар екенін танытады.


 

Алайда, Ұлықбек мәдени құрылыстарға көп көңіл бөледі. Самарқанда, ғиждуанда, Бухарада және басқа қол астындағы қалаларда  көрнекті-көрнекті құрылыстарсалдырады және Темірдің тұсында аяқталмай қалған құрылыстарды аяқтайды. Ұлықбектің өнер-білімге деген іңкәрлігі күн асқан сайын күшейе түседі. Ол қаңқұйлысоғыстардан гөрі әлем сырын ашып, оның құпиясын білуге ынтығады. Профессор Т.Н. Қары-Ниязов “Ұлықбектің астрономиялық мектебі” атты еңбегінде Ұлықбектебилеуші-әмір ретінде бағалайды: “Ұлықбектің қызмет -әрекеттері көп жағынан ілгерілерінен бөлек болды, оның өз кезінде, әсіресе, ғылым саласында прогрестік рольатқарған сөзсіз”


 

Ұлықбек обсерваториясы


 

Ұлықбектің мемлекеттік қайраткер ретінде істеген ең ірі жұмысы – Самарқанда аса зор астрономиялық обсерватория салдыруы болды. Бұл Ұлықбектің ғылым мүддесінкөздеп, болашақ үшін жасаған үлкен ерлігі болып саналады. Бұл обсерватория еріккен әкімнің атаққұмар жеңіл мінезінен туған нәрсе емес. Ол қайта, ғылыми келешегіндұрыс бағалап, шын жаңкүйері бола білген оқымыстының ғылымға тартқан тартымды сыйы еді.


 

Ұлықбек обсерваториясы одан бұрынғы батыс және шығыс елдерінің обсерваторияларының бай дәстүрлері негізінде салынады. Бұл тұрғыдан, әсіресе, XII ғасырдаАзербайджанда көрнекті математик және астроном Насыреддин әт-Тусидің басшылығымен салынған Марага обсерваториясының тәжірбиесі көп игілікті ықпал жасады. Бұлобсерваторияда “Ельхан астрономиялық таблицалары” деген еңбек жазылған болатын. Ұлықбек обсерваториясының салынуына XV ғасырдағы аса дарынды ғалым ЖәмшидҒиясэддин әл-Кәшидің көп көмегі тиді.кейінгі зерттеулер әл-Кәшидің Ұлықбекке дейін де обсерватория салу туралы бірнеше рет мәселелер қойғанын анықтады. Бірақкерітартпа әкімдер ғалымның игілікті ұсынысына құлақ аспайды. Әл-Кәшидің бұл ниеті Ұлықбектің тұсында жүзеге асады. Ұлықбек обсерваторисының негізгі мақсаты –дәлдігі өте жоғары бақылаулар жасай отырып, Марага обсерваториясында жасалған астрономиялық таблицалардың қателерін түзету болды.


 

          Обсервтарияның құрлысын және оны астрономиялық құралдармен жабдықтау жағын әл-Қәши басқарады. Обсерватория үш жылда салынып бітеді, бірақ небәрі 27-28 жыл ғана жұмыс істейді. Обсерватоияның басқарушысы әл-Қәши өлгеннен кейін Қазы-Заде Руми, ол өлгеннен кейін әл-Құсшы басқарады.  Ұлықбек обсерваториясынан  бұрын да шығыстың түрлі елдерінде әркезде бірнеше обсерваториялар салынған-ды. Бірақ, олардың бірде бірі көлемі, жабдықталуы, алдына қойған мақсаты жағынан бұлобсерваторияға тең келе алмайды. Мұнда телескоп ойлап табылғанға дейінгі негізгі астрономиялық аспап-құралдардың барлаға да – горизонталь дөңгелек, биіктігі 50 метргежуық алып квадрант. Күн және астрономия сағаттары, сан түрлі бұрыш өлшегіш нәзік құралдар болды.


 

Міне, осылардың көмегімен обсерваторияда көптеген сындарлы астрономиялық бақылаулар мен зерттеулер жүргізіледі.


 

       Ұлықбек өз дәуірінің алдынғы қатарлы, озат ойлы адам болды. Ол жан-жағына ілім шарапатын мол шашуға тырысты. Ғылым мен мәдениетті дамыту мүддесін ескеріп, Ұлықбек бірнеше жерде (Бухарада, Ғиждуанда, Самарқанда) жаңа типті оқу орындарын ашты. Бұларда сабақ беру үшін мұғалімдері діни дәрежесіне емес, білім дәрежесінеқарай іріктеп алды. Бұл тұрғыда Самарқандағы жаңа типті жоғары мектеп-медресеашылған күні болған мына бір оқиға айтуға тұрарлық.


 

         .... Медресе ашылған күні оған бүкіл шәкірттер, ұстаздар, ғалымдар және сарай төңірегіндегі бектер, дін иелері, шейхылар жиналады. Барлағаның көкейінде: Ұлықбекмедресенің бас муддарисіне (мұғаліміне) кімді сайлар екен? – деген сұрақ тұрады. Өйткені шейхылар арасында бұл орынға ойы барлар аз емес еді.

           Бір мезетте Ұлықбек жиналған топқа қарап:

       - Кімде-кім барлық ғылымға жетік болса, сол медресені басқарады, - деп мәлімдейді.

          Медресенің бас мұғалімі болып заманында сегіз қырлы білімпаз болған маулэн Мұхаммед Хавофи сайланады. Құраннан басқа білімлері жоқ молдалар Ұлықбекке іштейкектеніп қала берді.


 

Ұлықбекке ғылымға өзі белсене араласып қана қоймай сол тұстағы Орта Азияның көрнекті оқымыстыларын маңына топтастырған. Медресе мен обсерваторияныңжұмысына “Заманының Аплатоны (Платоны)” атанған Қазы Заде ар-Руми, жоғарыда аталған атақты математик және астроном Жәмшид әл-Кәши,  оның баласы Мансур Кәшисол дәуірдің Птоломейі атанған Алаеддин әл-Құсшы және басқа да бірсыпыра  оқымыстылар ат салысады. Ұлықбек оларды қадірлеп, пікір-кеңестеріне әрдайым құлақ асыпотырған. Мәселен, обсерватория салардан бұрын Қазы-Заде ар-Руми бұрынғы ескі обсерватория жұмыстары жөнінде түсінік берген, әл Жәмшид әл Кәши астрономиялықаспап құралдар жайында нұсқау-кітап жазған.


 

Ұлықбек маңына топталған бұл ғалымдар –математика және астрономия салаларында едәуір еңбек етіп, ғылым тарихында белгілі із қалдырған оқымыстылар. Солардың бірі – Қазы Заде ар-Руми Кіші Азияда туып өскен. Ол жоғары білімді Хорасанда және Мавераннахрда алады. Самарқанда ол талантты ғалым, әрі ұстаз ретінде асаүлкен даңққа ие болды. Қазы-Заде Ұлықбектің мұғалімі болған. Ол “Арифметика туралы”, “Астрономияға түсініктеме”, “Фигуралар туралы түсініктеме”, “Синус туралы”трактаттар жазған.


 

          Обсерваторияда қызмет еткен оқымыстылардың барлығы ғылыми еңбектерін солкездегі дүние жүзілік ғылым тілі саналған араб тілінде жазған. Ара-кідік парсы тіліндежазылған шығармалар да кездеседі.


 

       Ұлықбек обсерваториясының ең басты еңбегі – “Зидж Гурганидың” (“Ұлықбек зиджі”) жасалуы болып табылады. Бұл Ұлықбектің басшылығымен жүргізілген көпоқымыстылардың коллективтік еңбегі болып табылады. “Зидж” деген парсы сөзі, ол астрономдар мен географтар үшін жасалған таблицалар жинағы дегенді білдіреді.


 

         Ұлықбектің босерваториясында түрлі елдердің байырғы астрономиялық білім-дағдылары жинақталып, “Ұлықбектің баяндауындағы Қытайдың, Сирияның, гректің, арабтың, парсының, Хорезмның атақты астрономдары” деген атпен жеке кітап болып жарыққа шығады. “Зидж Гургани” төрт бөлімнен тұрады:


 

1.     Календарьлар туралы.

2.     Уақыт өлшеу жөнінде.

3.     Планеталардың қозғалымын анықтау жайында.

4.     Астрономиялық басқа мағлұматтар туралы.


 

Мұнда астрономияның теориляық негіздерімен қатар 1019 жұлдыздың орнын көрсететін каталог жасалған.


 

          Бұл каталог дәлдігі жөнінен Тихо Брагенің бақылауларына дейінгі барлық каталогтардан тәуір болды. Ол Лондонда 1650-65 жылдардың өзінде қатарынан үш ретбасылып шықты. XIX ғасырдың орта кезінде Ұлықбек таблицаларының Лондондағы астронмиялық қоғам қайта бастырады. “Кіріспенің” толық аудармасы жарияланады. Салыстыра зерттеу үшін ол таблицалардың маңызы келешекте де еш төмендемек емес.


 

          Ұлықбек обсерваториясында да экватордың эклиптикаға көлбеулігі бес планетаның орташа жылдық қозғалысы жұлдыздық жылдың ұзақтығы жөнінде дәлдігі өтежоғары өлшеулер жүргізілді. Ұлықбектің өлшеуі бойынша бір жылда 365 күн 6 сағат 9 минут 15 секунд бар. Сонда жіберілген қате бір минуттан да аз. Осылармен қатарҰлықбек обсерваториясында жылдық процессияның мәнін бұрынғыларға қарағанда дәлірек тапты деуге негіз бар.


 

          Осы обсерваториядағы жүргізілген өлшеулердің тамаша дәлдігіне дән риза болған оқымысты Лаплас Ұлықбекті өте көрнекті бақылағыш деп бағалаған.


 

          Ұлықбек обсерваториясында астрономиямен қатар, математиканың да көп тараулары зерттеліп, ілгері дамытылады. Астрономия мұқтаждығын өтеу мақсатында асакемелдендірілген тригонометриялық таблицалар жасалған. Мұнда олар математикалық жаңа әдістер мен есептеулерді қолданады. Мәселен, таблица жасау үшін бір градусдоғаның синусын аса дәлдікпен табудың мәні зор. Осы үшін Ұлықбек мектебінің математиктері тарихта тұңғыш рет X3 – 3х + 0,104671913 121 217 587 = 0 теңдеуінеқарастырып жуықтап шешудің тамаша бір әдісін көрсетеді. Европада тригонометрияның негізін қалаған Региомонтанның таблицаларының дәлдігін бұдан көп төмен жатыр.


 

         Математиканы дамытуда, әсіресе, Ұлықбек обсерваториясының бірінші меңгерушісі Жәмшид әл-Кәши еңбектерінің бірі мәні зор болды. Ол математика тарихындабірінші болып ондық бөлшектреді ашты. Европада ондық бөлшек содан 150 жылдан кейін ғана мәлім болады. Щеңбер ұзындығының диаметрге қатынасын көрсететінтұрақты шама үшін ол 18 таңбасына дейін дұрыс тапты.


 

           Қорыта айтқанда, әл-Кәши және Ұлықбек мектебінің басқа математиктері жуық есептеу, есептеу техникасын жетілдіру жөнінен өз замандастарынан көп алда тұрды. Ұлықбек обсерваториямының оқымыстыларымен сол тұстағы Қытай ғалымдарының арасында ғылыми байланыс болғанын дәләлдейтін соны деректер табалып отыр.


 

  Ұлықбек орта ғасырларда діни фанатизмнің өршіп тұрған кезінде өмір сүрді. Бірақ оның өз басы мұсылмандық жолдан оқшау тұрды. Ұлықбек көптеген діни әдетғұрыптарды сақтамады, сондықтан да оны мұсылман дін басылары барынша жек көрді. Ұлықбектің еркін ойлығын сипаттайтын мындай бір фактыны келтіруге болады. Ұлықбектің әкесі Шахрухтың қарамағында Шейх Қасым Әнуар дейтін мұсылман жолынан ауытқушы мистик өмір сүреді. Ол Шахрухқа қастандық жасады деп айыпталып, елден аластылады. Алайда, Ұлықбек Самарқанда оны жақсы қарсы алып, Әнуармен достасып, пікірлес жақын адам болады. Бұл олардың идеяларының өте жақын екендігінкөрсетеді Шынында, егер Ұлықбек мұсылман болса, біз білетін Ұлықбек бола алмас еді, ғылым мен ағарту мәселесі үшін пайдалы жұмыс істемес еді.


 

        Ұлықбектің ғылымға өте беріліп кетуі, прогресшіл еркін ойлары, шейхылардан ғылым адамдарын жоғары қоюы мұсылман дін басшылары арасында қатты наразылық   туғызды.  Олар Ұлықбекті райынан қайтарып, ғылымнан бездіргісі келеді, үгіттейді атасы мен әкесін үлгі етеді. Адам ақыл-ойының күшіне сенімі мол Ұлықбек ғылымдытастай алмайды, ол көңілдегі күдігін ашық айтып салады: “Дін тұманша сейіледі, патшалық жойылады, ал ғылыми еңбек мәңгі бақи сақталады.”


 

           Ұлықбек Самарқаннан Меккеге кетуге мәжбүр болады.  1449 жылы 27 қазанда “діннен безді” деген атақ тағылып, Меккеге кетіп бара жатқан Ұлықбекті діншілдердіңүгіттеуімен Ұлықбектің өз баласы Әбдел-Латифтың жендеттері қылышпен шауып өлтіреді. Орта Азия мәдениетінің тамаша өкілі, өз заманының асқан ғалымы, көрнектіастроном Ұлықбектің өмірі аяқталады.


 

           Осы фактіні анықтау үшін 1940 жылы кеңес археологтары Ұлықбектің моласын ашып зерттейді. Қабірдің бетіндегі құлыптаста әкесін өлтірген Әбдел-Латифқа лағнетайтылған жазу бар екені және Ұлықбектің басы денесінен бөлек жатқандығы айқындалады. Атақты кеңес антропологы М. Герасимов бас сүйегі бойынша Ұлықбектің суретінжасайды.


 

          Профессор Қары-Ниязов Ұлықбектің кертартпа мұсылман дін басыларының тікелей нұсқауымен басы кесілуін Джордано Бруноның христиан инквизициясының әмірібойынша отқа өртелу фактісімен орында салыстырады. Бұл Европада да, Азия да, Батыста да, Шығыста да дінінің ғылымға жау болғанын сипаттайды.


 

         Ұлықбектің ғылым жолындағы жасалған ерлігін діншілдер қанша әрекеттенгенмен, жоқ ете алмайды. Халық ұлықбек есімін әр кезде жоғары тұтып, оның мәдениетүшін істеген көрнекті еңбегін аңыз етіп, айтып жүреді. Ұлықбектен сәл кейін өмір сүрген данышпан ақын Әлішер Науаи ол туралы былай деп дазған: “Сұлтан Ұлықбек, ӘмірТемірдің әулеті, дүниеде теңдесі жоқ патша болды. Оның туысқандарының бәрі ол дүниеге сапар шекті. Оларды қазір кім біледі? Ал Ұлықбек ғылымға қол созып көп нәрсеніигерді. Ол десе аспан төмен түсіп, жұлдыздар жақын келер еді. Оның ашқан заңдары мен ережелері дүниенің ақырына дейін әр уақытта адамдар кәдесіне жарай береді... ”


 

          Ұлықбек өлгеннен кейін мұсылман фанатиктері обсерватоияны талқандап, кітап-құралдарды шашып, талан таржға салады. Ұлықбек мектебінің белсенді өкілі әл –Құсшы Меккеге тауап қылуды сылтау етіп, ең басты ғылыми еңбектерді шет елге алып кетпегенде, Ұлықбектің астрономиялық мектебінің тамаша жетістіктері жайлы тарихеш нәрсе білмей қалған болар еді. Алғаш әл-Құсшы, кейіннен Қазы-Заденің немересі Мариям Шелеби ол еңбектерді іріктеп, түсініктемелер жазып, Стамбулда жарыққашығарады. Осылар аоқылы Ұлықбек лбсерваториясының негеізгі жетістіктері Европада кейіннен ғыдымның дамуына белгілі дәрежеде ықпалын тигізеді.


 

          Айта кетерлік бір жәйт: қазір бірсыпыра тарихшылар арасынды әл-Құсшы Ұлықбек кітапханасының көп кітаптарын Самарқан маңайындағы бір төбенің үңгіріне тығыпкетіпті деген жорамал-аңыз да тарап жүр. Қазір сол төбе табылып, бірсыпыра археологтар, ғылымның жанашырларыосы төбені қазып, зерттеу жөнінде экспедиция дайындапжатыр. Бұл экспедицияның жұмысы сәттіаяқталған күнде, ғылым тарихы үшін құнды мағлұмттар алынатыны сөзсіз.


 

         Қара түнек заманда мансаптан да, байлықтан да ғылымды жоғары қойып, болашақ үшін өлмес құралдар қалдырған ұлы жерлесі – Ұлықбектің есімін туған халқы қадіртұтып, үлкен мақтаныш етеді. Оның есімі астрономия ғыдым тарихында Птоломейдің, Насыреддин әт-Тусидің, Николай Копениктің, Галилео Галилейдің, ДжорданоБрунолардың есімдерімен занды түрде қатар тұр. Ал оны дүние жүзінің ғылыми жұртшылығына әйгілі болған көптеген мұралары күні бүгінге дейін ғылыми құнын жоймайкеледі.