Инфляцияның теориялық аспектілері

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 7

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  10  11  12  13  14  15  16  ..

 

 

Инфляция

 

 

Жоспар


 


 


 

Кіріспе----------------------------------------------------------------------------3


 


 

І бөлім. Инфляцияның теориялық аспектілері

1.1        Инфляция түсінігі, пайда болу себептері------------------------------------------5

1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары-------------------------------------------8

1.3 Инфляция әлеуметтік-экономикалық салдары----------------------------------14


 


 

ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері

2.1 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері----18

     2.2 Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қазіргі кездегі

     даму қарқынын талдау--------------------------------------------------------------------20

2.3  Инфляция салдарынан туындайтын проблемаларды талдау----------------24


 


 

ІІІ бөлім. Инфляциямен күресу шараларын жетілдіру жолдары

3.1 ҚР инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары ---------28

3.2 Инфляцияға қарсы саясатын жетілдіру жолдары------------------------------32

3.3 Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары-------------------------------------------------------------38


 

Қорытынды--------------------------------------------------------------------41


 

Қолданылған әдебиеттер тізімі------------------------------------------43


 


 

Кіріспе


 

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан ӘбішұлыНазарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай: «2002-2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 пайызды құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 пайыздықұраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққакөнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажеттіпробемалардың бірі – инфляция. /1, 7б./

Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарыніздестіру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;

- ҚР инфляциялық жағдайын талдау;

- инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция  көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. «Инфляция» термині (латынның inflasio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда  болды және АҚШ – тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865) қағаздолларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляцияұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде 20-жылдары жазыла бастады.

Сонымен, инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға  баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкессіздігі  инфляцияны  қалыптастармайды. Инфляция – бұл нарықтың  көбінде  сұранымның артуынан  қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда  болған елдегі баға  деңгейініңжалпы өсуі.

Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайын уақытшажандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтікжағдай қиындайды.

Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлемқатынастарын қиындатады.                Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды  сатып алу қабілеті, күшті  валютамен  салыстырғанда  құнсызданады. Инфляцияныбылай  түсіндіру,  яғни  ақшаның  алтынға  қатысты  құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның  өсуі – тауарға  сұраныстың  оның ұсынысынан артық болуымен  байланысты

Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде белсенді бюджет саясаты жүргізіледі – сұранымға ықпал жасаумақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұранымқысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен  бірге өндіріс  өсуі  де  құрып,  жұмыссыздықты  арттырып жіберуі  мүмкін. Ол қоғам  үшін инфляцияны  тежеудің  құны  болады. Құлдырау  жағдайында  бюджет саясаты  сұранымды  кеңейтуге  бағытталады.

ХХ ғасырдың  екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде-бір елінде  қатарқалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп отырды, ал 60-шы жылдардың соңынан бастап экономиканың  құлдырау  жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында  бағалардың өсуі ХІХ ғасырдағы  циклдер үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада «стагфляция» деп аталады.                                         

Қазақстанда 2001-2003 ж.ж. арналған Ұлттық өндірісті дамыту бағдарламасы жасалған болатын. Қазақстан Үкіметі 2001-2005 ж.ж.,  арналған қысқа мерзімдік Ұлттықөндіріс салаларын қолдау бағдарламасын бекітті.Соңғы жылдары   Қазақстандағы   Аграрлық   саясаттың   бағдарламасы жасалуда..

Курстық жұмыстың зерттеу пәні – кез-келген нарықтық экономикаға тән үлкен мәселелердің бірі – инфляция табиғаты, пайда болу себептері мен салдары, онымен күресужолдары.

Курстық жұмыстың объектісі – Қазақстан Республикасының экономикасындағы инфляция қарқыны.

Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық ақпарат көздері, нормативті актілер, мерзімді басылымдар, сонымен қатаршетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды.


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

І. Инфляцияның теориялық аспектілері


 

1.1 Инфляция түсінігі, пайда болу себептері


 

Инфляция – бұл күрделі  де  көпфакторлы құбылыс. Ол ақша айналым арналарының артық ақша белгіліремен аса толып кетуінің нәтижесінде тауар мен көрсетілетінқызметтердің бағасының өсуі. Латын тілінен аударғанда инфляция «көтерілу, қабыну» дегенді білдіреді. Ол қағаз ақша  айналымына негізделген экономикаға  тән және ұдайыөндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.

Инфляция ең алдымен  тауар  бағаларының өсуі және  шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді

Алтын немесе күміс ақша  айналымы  кезінде инфляция  болмайды, неге десеңіз,  ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған; қажетті ақшакөлемі   алтын – күміс қорымен реттелген. Қағаз  ақша   айналымында  жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда  қағаз ақша  байлықтың  тек белгісі ғана.  Қағаз  ақша  қазынасақтау  қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау  үшін  адамдар ақшасына құнды  заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде  қағаз ақша  шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі.

Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға қатты ықпал жасап,  оларды көтеріп жібереді.

Батыс  елдерінде 10 %-ке дейінгі  баяу  инфляция  қауіпті деп саналмайды. Керісінше, белгілі бір жағдайда баяу инфляция экономиканың дамуын жеделдететін факторретінде түсіндіріледі. Баға өскенде  тұрғындар тауарды көбірек сатып алады, себебі кейін ол одан да қымбат  түсетінін  біледі. Бұл, өз  кезегінде өндірушілерді ұсыныстыарттыруға ынталандырады, нарық  тауарға  тез толады. Инфляция  жағдайында  әртүрлі  салаларда  баға бір қалыпты  өспейді. Сондықтан, инфляция  экономикада  қалыптасқан  диспропорцияларды  түзетуге  және нарық  шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік береді. Баяу инфляция кезінде  бағалар  еңбекақыдан тезірек  өседі. Бұлжағдайда  өндіріс шығындары  төмендеп, кәсіпкерлік  дамиды.

Бірақ 10 %-тен асқанда  инфляция қауіпті. Экономика  әсіресе  гиперинфляция  кезінде  тез күйрейді. Гиперинфляция жағдайында бағалар деңгейі бірнеше  проценткеемес, бірнеше  есеге өседі, ақша тез құнсызданады, өндіріске  инвестиция жасау тиімсіз болады. Сондықтан қаржы ресурстары  айналым мерзімі қысқа сауда сферасынаауысады. Сауданың пайдасынан  қоғамға тигізетін зияны көптеу, алып – сату (спекуляция) түрі тез қамтиды. /2, 287б./

Спекулятивті бизнес ұсыныстың  өндірістің өсуіне  ықпал жасамайды, керісінше өндіріс  тоқырауға  ұшырайды. Тоқырау мен инфляция  қосылған соң нарықтықтың  оңдыәсерлері  толық жойылып, нарық  механизмі  енді экономикаға теріс  әсер ететін  болады. Сондықтан  стагфляциядан шығу үшін мемлекет  тарапынан инфляцияға  қарсы жедел  және жүйелі  іс – шаралар бағдарламасы жасалып іске асырылуы қажет болады.

Инфляция – бағалардың жалпы  өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұлжалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға  баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкесіздігі  инфляцияны  қалыптастармайды. Инфляция –бұл рыноктардың  көбінде  сұранымның артуынан  қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда  болған елдегі баға  деңгейінің жалпы өсуі.

Ақша сұранысынан тыс тауар бағалары еңбек өнімділігіне, нарықтың монополизациялануына, жаңа салық ставкаларына, сыртқы экономикалық жағдайға, мемлекеттікреттеуге және басқа да себептерге байланысты өзгеруі мүмкін. Яғни бағаның өсуін көптеген себептер қалыптастырады. Бірақ бағаның кез келген өсуі де инфляция емес. Сондықтан жоғарыда келтірілген себептердің арасынан инфляцияны қалыптастыратынын анықтап алу қажет.

Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды  сатып алу қабілеті, күшті  валютамен  салыстырғанда  құнсызданады. Инфляцияны былай  түсіндіру,  яғни  ақшаның  алтынға  қатысты  құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның  өсуі – тауарға  сұраныстың  оныңұсынысынан артық болуымен  байланысты. Белгілі  тауар нарығында сұраныс пен  ұсыныстың сәйкестігінің  бұзылуы, әлі инфляция емес. Инфляция – елдегі  баға  деңгейініңөсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық  жағдайлар да  әсер етеді. Сонымен баға өсуінің  инфляциялық  себептеріне  нені  жатқызамыз?

Мысалы, экономиканың  конъюнктуралық  ауытқуына байланысты бағалардың өсуін  инфляцияға жатқызуға болмайды. Еңбек өнімділігі өскенде баға деңгейі төмендейді. Бірақ егер негізгі өндіріс салаларында еңбекақы деңгейі еңбек өнімділігінен тез өскен болса, онда ұлттық шаруашылықта «шығын инфляциясы» деп аталатын жағдайқалыптасып, бағалардың жалпы деңгейі өседі. /2, 288б./

Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әртүрлі  диспропорцияға байланысты болатынын ескере отырып, оның негізгі себептерін қарастырып көрелік.

Инфляцияның пайда болу себептері:

Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығытүрінде көрінеді. Егер тапшылық Орталық банктің несиесі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда бұл айналымдағы ақша массасынарттырады, сондықтан  инфляцияны қалыптастыруы  мүмкін.

Екіншіден, егер инвистицияларды қаржыландыру, жоғарыда айтылған әдіспен, яғни Орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, онда бұл да инфляцияныңсебебіне айналуы мүмкін.

Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы өсуін ХХ ғасырда нарық құрылымының өсуімен түсіндіреді. Бүгінгі нарық – көбіне олигополия түріндеқалыптасқан. Осы күнгі ірі фирмалар (тауар өндірушілер, ұсынушылар) белгілі бір деңгейде нарық бағасына ықпал жасап, өз өніміне бағаны өзі белгілей алады. Фирма –олигополия бағаның өсуін қолдамаса да оның деңгейін түсірмеуге ұмтылады, нарықта қалыптасқан баға деңгейінің тұрақты болуына мүдделі. Қалыптасқан өндіріс түріне жаңафирмалардың келуіне шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ ұстап қалуға ұмтылады.

Төртіншіден, ұлттық экономикалардың «ашыла» түсуіне, олардың дүниежүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елденекінші елге ауысуы қауіпі артады. «Импортталған инфляциямен» күресу мүмкіншіліктері де шектеулі келеді. Әрине, ұлттық валютаның бағасын арттырып импорттыарзандатуға болады, бірақ бұл жағдайда экспорт қымбаттап, ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өтімділігі кемиді.

Бесіншіден, «инфляцияны тосу» деген жағдайда байланысты инфляциялық процесс өзін-өзі қолдап жалғаса береді. Батыс елдерінде, көптеген экономистердің пікірінше,  «инфляцияны тосу» психологиясын жеңу антиинфляциялық саясаттың негізгі мақсаты деп анықталады. /10,110б./

«Инфляцияны тосу» механизмі экономикаға қалай әсер етеді?  Мәселе мынада: адамдар біраз уақыт бағалардың өсуін көріп, олардың болашақта төмендеуінен күдер үзедіде, жаппай тауар сатып алуға көшеді. Сонымен қатар олар еңбекақы деңгейін көтеру туралы үкіметке талап қояды. Еңбекақының өсуі тұтынушылық сұранымын одан әріарттыра түседі.

Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгілі бір комбинациясы (құрамасы) қалыптасады. Айталық, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Европаелдерінде тапшылыққа байланысты өте күшті инфляция қалыптасқан. Соңғы жылдары Батыс елдерінде инфляцияның негізгі себебі мемлекет шығындарының өсуі, «баға - еңбеқақы», «инфляциялық тосу», «инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы» және басқалары болды. Бұрынғы Кеңес Одағындағы инфляцияның негізгі себебі ретіндеәкімшілік жоспарлау жүйесінде қалыптасқан экономикалық диспропорцияларды айтуға болды.                                                                


 


 


 


 


 


 


 


 


 

1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары


 

Инфляцияның түрлері. Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы, соғыс кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын қаржыландыру үшін өте көпмөлшерде қағаз ақша шығаратын. Соңғы екі-үш онжылдықта көптеген елдерде инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторына айналды. Экономика теориясында, жекеалғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы экономистер инфляцияның баяу түрін өндірістің дамуына қосымша онды әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияныңсаясаты өндіріс пен нарық (сұраным) жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік береді.

        Баяу немесе жылжымалы инфляцияда бағаның өсуі 10% дейін болады. Бұл экономикаға        қауіп туғызбайды.

Қарқынды инфляция (бағалардың жылына 10% - 200%-ке дейін өсу түрі) – экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияныалдын ала ескеріп, оған икемделе береді.

Гиперинфляцияда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке          ( Кэган бойынша айына 50% ) артқан жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардыңөсу қарқыны айналымға шығарылған ақша көлемінің өсуінен көп есе артып кетеді. Гиперинфляцияда бағалардың өсу қарқыны соншалық, тіпті ақша шығаратын фабрикалараптасына тоқтаусыз жұмыс істегенде де айналымға қажетті ақша көлемін шығару мүмкіндігі жетпей қалады екен.

Инфляция теңгермелі түрде болуы мүмкін, яғни бағалар бір қалыпты және баяу өседі. Бұл жағдайда бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес процент кесімі (ставкасы) даөседі. Нарықта тепе-теңдік (тұрақтылық) сақталады. Теңгермелі емес инфляция кезінде жеке тауар топтарына баға бірқалыпты емес, әртүрлі қарқынмен өседі. /14, 105б./

Сонымен, тосылған инфляцияны тосын инфляциядан айыра білген жөн. Тосылған инфляцияны алдын ала болжауға болады, немесе оны үкімет арнайы мақсатпен «жоспарлайды». Тосын инфляция бағалардың кенеттен және тез өсуінен көрінеді. Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады. Тұрғындар бағаның өсуіненсескеніп, қолындағы қаражатын сақтап қалу мақсатында тауарларды жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан бағалардың кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындарының «инфляциялық тосу психологиясын» туғызады. Егер тосын инфляция (бағаның кенеттен өсуі) экономикасы дамыған елде пайда болса, ол нарық жағдайына қатты әсер етпейді. Экономикасы тұрақты да қуатты елде тұрғындар бағаның уақытша ауытқуынан қорықпайды;  және бағаның өсуі қаншама тез болса, соншама оның құлдырап түсіп кетуі әбденмүмкін болатынына сенеді; сондықтан олар бағаның түсуін күтіп табысын үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт қысқартады. Нарықтық сұранымның қысқаруы баға денгейінеәсер етеді, бағалардың өсуі тоқтайды, олардың деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына келеді.

Бұл жерде қалыпты қызмет атқаратын нарықтық шаруашылық жағдайында пайда болатын белгілі Италия экономисі есімімен аталатын «Пигу әсері», немесе «нақтыкассалық қалдықтың әсері» деп аталатын құбылысты суреттедік. Айта кететін тағы бір ескертпе, «Пигу әсері» икемді бағалар мен икемді процент жағдайында жәнеинфляциялық тосу болмағанда ғана қалыптасады екен. Біраз батыс экономистерінің пікірінше, «Пигу әсері» экономикада нақты болатын жағдайды емес, тек теориялықболжамды білдіреді. /14, 106б./

Нарықтық экономиканың механизмі — бәсеке мен тиімсіз кәсіпорындардың банкроттығы жеткіліксіз қалыптасқанда, ол өндірістің жеке салаларында ол жоқ болғандаинфляция дамиды. Еркін бәсеке жағдайында, мемлекет шығыстарын немесе кредиттерді қысқарту жөніндегі шаралармен туындайтын сүранымның темендеуі кезінде кәсіпорынне өндірістің көлемін қысқартуға, не оның шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Макроэкономикалық деңгейде мұнымен қатар не іскерлік белсенділіктің құлдырауы, небағалардың төмендеуі болады. Алайда фирмалар, компаниялар жағдайдың жақсаруына үміттене отырып, нарықта тұра алуға тырысады және бағалар мен өндіріс шығындарынтөмендетуге мәжбүр болады. Процестің жаппай ауқымдағы әрекеті инфляцияның төмендеуіне мүмкіндік жасайды.

Монополияландырылған экономикада бұл механизм әрекет етпейді, өйткені өндіруші-кәсіпорынның шикізатты, материалдарды, шала фабрикаттарды, жинақтаубұйымдарын, жабдықты, саймандарды жеткізушілерді тандай алмайды. Ол жеткізушілер тарапынан белгіленген бағалармен келісуге мәжбүр болады және жоғарылатылғанбағаларды өзінің тұтынушыларына, тұтынушылар өз кезегінде ары қарай технологиялық өзгертіп жасау бойынша түпкі тұтынушыға — халыққа аударып салады. Мұндайжағдайда бюджет шығыстары мен кредиттерді шектеу жөніндегі шаралар өндірістің құлдырауына жеткізеді. Батыс елдерінің экономистері жасаған теорияларда альтернативті (балама) консепция ретінде «сұраным инфляциясы» және «шығын инфляциясы» анықталады. Бұл консепцияларда инфляцияның қалыптасу себептері (механиз-моделі) қарастырылады.

«Сұраным инфляциясы» жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-теңдіктің сұраным жағынан бұзылуын білдіреді. Бұл жерде мемлекет шығындарының артуы, өндіріс және еңбек ресурстарын толық іске қосылған жағдайында өндіріс құралдарына қосымша сұранымның қалыптасуы және тұрғындардың тұтынушылықмүмкіншіліктерінің артуы негізгі себеп болуы мүмкін. Осы жағдайларға байланысты айналымға артық ақша массасы шығып, жалпы баға денгейі өседі. Өндіріс саласындаеңбекпен толық қамтылған жағдайда айналымдағы артық төлем ақша массасы шектеулі тауар ұсынымына тап болып, бағалардың инфляциялық өсуін қалыптастырады. Сұраным инфляциясын график түрінде 1 – суретте көрсетілген. /2, 98б./

Жоғарыда келтірілген себептерге байланысты ақша массасының өсуі жалпы сұраным сызығын солдан оңға қарай жылжытады (AD1 – AD2) және, экономика жалпыұсыным қисығының аралық (2) немесе классикалық (3) үзіндісінде болса, бұл баға деңгейін арттырады (Р1 – Р2), яғни инфляция қалыптасады.                                                                                                        


 

Шығындар инфляциясы график түрінде  2 - суретте көрсетілген:        

Айтылған себептерге байланысты өндіріс шығындары өседі, жалпы ұсыным қисығы солға қарай жылжиды (AS2  - AS1), баға деңгейі өседі (Р1 –Р2) өндіріс көлеміқысқарады (Q2 – Q1), яғни  ЖҰӨ-нің нақты көлемі қысқарады. Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналдыдеңгейін көтеру туралы талап қояды. Үкімет инфляция шығындарының орнын толтыру саясатын ұстануға мәжбүр болады. Табысты индексациялау бағдарламасыэкономиканың әр түрлі салалары үшін бірдей болу мүмкін емес, басқаша айтқанда табысты индексациялау барлық топтар үшін бірдей болмайды. /2, 99б./                Инфляцияның әр түрін оның басқа түрінен ажырату өте қиын, олар өзара тығыз байланысты түрде қалыптасып дамиды. Мысалы, еңбеқақының өсуі табыс инфляциясыныңсебебі ретінде көрінуі мүмкін.        

ХХ – ғасырдың  екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде – бір елінде  қатарқалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп отырды, ал 60 – шы жылдардың соңынан бастап экономиканың  құлдырау  жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында  бағалардың өсуі ХІХ ғасырдағы  циклдер үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада «стагфляция» деп аталады. /2, 105б./        

Мемлекет сұранымды шектеу  мақсатында  инфляцияға  қарсы  іс – шаралар  жүргізуі қажет.  Жаңа классикалық экономистердің айтуынша  өндірістің  өсуін ынталандыру  және жұмыссыздықты қысқарту  саясаты инфляцияны асқындырады, инфляция бақылаудан шығып кетеді. Инфляция  осы күнгі  нарықтық  экономиканың  табиғатына  сайкеледі, инфляция жағдайларын  (бюджет тапшылығы,  монополия, қағаз ақша, т.б.) толық  жою мүмкін емес. Осыған байланысты  инфляцияны толық жою  мүмкін  еместігіөзінен - өзі  және алдын ала  белгілі. Сондықтан  да көп елдерде инфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынын баяулатып, реттеу мақсаты қойылған.

Батыс  елдерінде жинақталған  тәжірибе  көрсеткендей,  инфляцияға  қарсы  ұзақ  және қысқа  мерзімдік іс – шаралар  саясатын қолдану қажет. Мемлекеттің  ұзақ  мерзімдік саясаты:

Біріншіден, халықтың инфляциялық  үрейін жою мақсатын көздейді. Ол үшін кез келген  үкімет инфляцияға  қарсы саясатты үздіксіз  де тұрақты  түрде  жүргізіп, тұрғындардың сенімін  орнықтыруға тырысады. Үкімет өзінің  белсенді іс  шаралары негізінде (өндірісті ынталандыру, монополиямен күресу, т.б.) нарықтың тиімді қызметатқаруына жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай  саясаты  тұтынушылардың сана – сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын қамтамасыз етеді.

Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс – шаралары жүргізіледі. бюджет тапшылығын Орталықбанк несиемен қаржыландыру инфляцияны асқындырады.

Үшіншіден, ақша  айналымын реттеу іс –шаралары, нақты айтқанда, әр жылдық  ақша  көлемінің  өсуіне  шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға  мүмкіндік береді.

Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын қаржыландыру  үшін сырттан алынған  қысқа мерзімдік қарыздардыңэкономикаға жасайтын  инфляциялық  ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті  мәселе. Сондықтан  оны арнайы түрде  жеке зерттеп, қарастыру қажет болады. 

Жалпы инфляцияның себептері базистік қатынастардың қарама-қайшылықтарынан, экономикадағы үйлесімсіздіктер мен дағдарыстан, оның өздігінен дамуғақабілетсіздігінен, бүкіл қоғамдық өндірістің төмен тиімділігінен болады. /16, 503б./

Инфляция сыртқы экономикалық қызмет тарапынан арандатылуы мүмкін, бұл - импортталатын жөне экспортталатын инфляция. Бірінші жағдайда ол шетелдік валютаныңшамадан тыс түсімінен және импорттық бағалардың жоғарылауынан туады. Түскен шетелдік валютаны коммерциялық банктер орталық банкте депозиттейді, орнына ұлттықвалютада баламалы сома алады; банк пасивтері артады, мұның өзі оларға несие операцияларын және кредиттік экспансияны кеңейтуге мүмкіндік береді, ұлттық валютаданоминалдандырылған ақша ауқымының көбейіп кетуіне қозғау салады.

Экспортталатын инфляция тауарлар мен қызметтер көрсетуге экспорттық бағаның көтерілуінен туады, бұл тұтынушы-елдерде, соның ішінде дамып келе жатқан елдердебағаның өсуіне соқтырады. Инфляциялар халықаралық корпорациялардың нарықтардағы үстемдік жағдайды пайдаланатын монополиялардың қызметіне қозғау салады. Корпорациялардың валюталық операциялары олар болған елдерде несие капиталының қосымша ұсынымын жасайды. Сөйтіп шетелдік валютаның қосымша ауқымы айналысқатүседі және коммерциялық және орталық банк-тер арқылы ұлттық ақша айналысқа шығарылады.

Инфляцияныц көріну нысаны — ақшаның құнсыздануы мен өнімге, тауарларға және қызметтерге бағаның көтеріліуінде тұлғаланатын оның сатып алуға жарамдалығыныңтиісінше төмендеуі.

Инфляцияның  табиғаты ақшаның онымен салыстырмалы тұлғаланатын тауар ауқымынан оқшауландырылған қозғалысты жүзеге асыратын қабілетсіздігінде. Ақшаныңжұмыс істеу негізі болып табылатын оның бұл қасиеті оған өзінің арналымын — тауар, төлем айналымына қызмет көрсете отырып, тиімді орындауға, қорланым мен құндысақтаудың құралы болуға мүмкіндік береді. Бірақ ақшаның бұл қасиеті мемлекет белгілеген өлшемге сәйкес оның саны мен оған қарсы тұратын құнның натуралдық-заттайкомпоненттерінің сәйкестігі жағдайында көрінеді. Жалпы алғанда мұндай тәуелділік айырбас тендеуі арқылы көрінеді:

Р х Q = М х V,

мұндағы сол жақ бөлігі қоғамдық өнім құнын, ал оң жағы ақша айналысының жылдамдығын ескере отырып ақшаның санын (М — ақша массасы, V — айналысжылдамдығы) білдіреді.

Ұлттық өндірістің артуы жағдайында ұдайы өндіріс процестерінде материалдық ағындарға қалыпты қызмет көрсету үшін ақшаның саны үйлесімді өсуі тиіс, өндірістөмендеген кезде ақшаның артық санын айналыстан алу қажет. Алайда, практикада соңғы шарт бірқатар себептер бойынша ылғи орындала бермейді, бұл себептер тиісіншеинфляцияның өмір сүруінің себептері де болып табылады. /15, 504б./

Қазіргі мемлекет қаржы-қаражатының, бірақ өзінің негізгі бөлігінде тауар айналысымен байланысты емес едәуір көлемін керек ететін сан алуан функциялар орындайды. Бұл халықтың аз қамсыздандырылған топтарын әлеуметтік қолдау шығыстары, денсаулыққа, мәдени - ақпараттық мақсаттық, білімге, басқаруға, қорғанысқа, жүмсалатыншығыстар. Кінәратсыз экономика жағдайында мұндай шығыстардың көбеюі оның өздігінің дамуына жәрдемдесуі мүмкін, өйткені тауарлардың көбеюін және ұлттық өндірістіңөсуін ынталандыра отырып, тиісті өнімге, қызметтер көрсетуге, тауарларға қосымша төлем қабілеті бар сұранымды туғызады.

Тұралаушы экономикада мұндай шараларды қаржыландыру үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың қарыздар алу жолымен жұмылдырылуы мүмкін босақшалары сияқты салықтық түсімдердің жетіспеушілігі сезіліп тұрады. Мұндай жағдайда бұл шығыстарды жабудың бірден-бір көзі қосымша ақша шығару (эмиссия) болыптабылады.

Өндірістік емес сфераны қаржыландыру міндетіліктермен қатар мемлекет дағдарыс жағдайында көпшілік қолды тауарларға салыстармалы төмен бағаларды қолдауқажеттігінен залалды болып табылатын өндірістік сфераның қызметін қамтамасыз ететін салаларды қолдап отырады. Бұл қолдау не шаруашылық субъекгілерге турақаржыларбөлуде, не зияндарды өтеуге берілетін жәрдемқаржыларда, не мұндай субъектілерді жеңілдікпен несиелендіруде банктердің төмен пайыздық мөлшерлемелерін өтеуде көрінеді; сондай-ақ бұл шаруашылық жүргізуші субъекгілерге берілетін кредиттерге кепілдік берілуі мүмкін. Барлық жағдайда, әдеттігідей, баламалы қаржы ресурстарының алынғанкөлемі түрінде экономикаға қажетті қайтарым әкелмейтін қосымша ақшалай қуат беру болады./15, 216б./

Сонымен қорытатын болсақ, экономистер инфляцияны екі типке бөледі: сұраныс инфляциясы және шығынның өсуімен байланысты болатын ұсыныс инфляциясы деп. Ұсыныс инфляциясынан туындайтын екі түрлі инфляция бар: 1) еңбек ақының өсуімен байланысты болатын; 2) ұсыныс экономикасы механизмінің бұзылуынан болатын. 

                               


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

1.3 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары


 

Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын (себептерін) айыра білу қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай — монетарлық факторлардыбөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары — бұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің монополизациялануы, инвестициялардыңтеңгерімсіздігі, әлеуметтік - саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік қаржының дағдарысы ү бюджет тапшылығы, мемлекеттікборыштың өсуі, ақша эмиссиясы, сондай - ақ несие жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде несие құралдарының өсуі және басқалары жатады.

Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар (шикізат, энергетика, валюта дағдарыстары), басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған мемлекеттік валютасаясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады.

Сөйтіп, көпфакторлы процесс ретінде инфляция - бұл ақша айналысы заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндіріс дамуындағы алшақтықтыңкөрінісі.

Инфляцияның іс - әрекетін қаржы проблемаларымен байланыстырып отыру қажет, өйткені инфляция құбылысы мынандай қаржылық факторларға тәуелді болып келеді:

- белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану; инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың ауқымы;

- мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері; мемлекеттік берешектің көлемі.

Нарықтық экономика кезінде қаржы инфляциялық процеске бірқатар факторлар арқылы айтарлықтай әсер етеді ( инфляциялық тенденцияларды күшейте түседі).

Бірінші фактор — мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлей алушылық сұранымының артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді. Тауарлар менқызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның кірістері, ең алдымен, салық түсімдері қажеттіліктенартта қалып қояды. Бұл сөзсіз болатын ұзақ уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады.

Екінші фактор — табысқа (пайдаға) салынатын салықтың көбеюі. Салықтың едәуір бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады және нарықтағы бағаныңкөтерілуінің басты себебі болады.

Үшінші фактор — бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары (өндірістік емес шығындардың неғүрлым өсуімен байланысты).

Инфляция қаржы қатынастарын да өзгерістерге ұшыратады.

Біріншіден, инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан мемлекет шығыстарының өсуін жандандырады.

Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады және салық түсімдерін арттырудың қажеттігін тудырады.

Үшіншіден, инфляциялық процесс мемлекеттің берешегі проблемаларын шиеленістіреді. /15, 219б./

Сөйтіп, қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді. Қаржы инфляциялық процестердің тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляция да қаржы қатынастарына әсеретеді. Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі мемлекеттің шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің шығыстарын көбейтудің қажеттігіне, салық ауыртпалығыныңкүшеюіне, мемлекеттік бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік борыштың өсуіне ұрындырады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарынқұнсыздандырады, өйткені салықтық кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен кейін уақыттың белгілі бір межелдемелері арқылы түседі, сондықтан мемлекеттің алу сәтіндеолар құнсызданады. Осыған ұқсас мемлекеттік берешектің проблемасы шиеленіседі, өйткені қарыздарды тарту үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылығыннесиелік пайыз деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттік борыштың атаулы өсуін тудырады. /16, 504б./

Қаржы қатынастары мен инфляциялық процестердің бір бағытты келеңсіз сипаты, бірін-бірі өзара толықтыра отырып, экономикалық жүйедегі келеңсіз нәтижелергеапарады. Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-экономикалық проблемаларды тудырады: ақшалай табыстардың құнсыздануы, ұзақ мерзімді инвестицияларға дегенэкономикалық ынтаның түсуі, ақшалай жинақтардың құнсыздануы, нақтылы пайыздың төмендеуі, экономикалық байланыстардың бұзылуы және т.б.

Төмен инфляция немесе оның болмауы ұлттық шаруашылықтың түрлі деңгейлерінің қаржылық көрсеткіштерін жақсартатыны секілді үқсас жағдайда қаржықатынастарының оң бағыттылығы инфляция деңгейін төмендетеді.

Инфляцияны бағалау және өлшеу үшін бағалар индексінің көрсеткіші — 16 пайдаланылады . Бағалар индексі тұтыну тауарлары мен қызметтердің ("нарық себеті") белгілібір жиынтығының сатып алу бағасы мен базалық кезеңнің бағасы арасындағы арақатынасты өлшейді. Ағымдағы жылдың индексінің қарқыны былайша анықталады. Ағымдағыжылдың бағалары индексінен өткен жылдың бағалары индексі шегеріліп, өткен жылдың баға-лары индексіне бөлінеді, сонан соң жүзге көбейтіледі.

Қазақстанда тұтыну тауарларының бағасы мен қызметтер көрсетудің тарифтері өткен жылға қарағанда былайша өсіп отырды (есе):

1990 - 1; 1992- 2,5; 1993- 30,6; 1994- 22,7; 1995-1,60; 1996-1,39; 1997-1,17; 1998- 1,07; 1999- 1,18; 2000- 1,13. /16, 500б./

Дүниежүзілік практикада егер инфляцияның қарқыны жарты жыл ішінде және одан басқа жағдайда көбірек айына 50 пайыз немесе аптасына 11,5 пайыз құрса, ондамұндай деңгей гиперинфляцияға сәйкес келеді. Сөйтіп, Қазақстанда бұл деңгей 1992 -1995 жж. ішінде айтарлықтай асып түсті.

Инфляциялық процестің қуаттылығын бағалауды және инфляцияның түрлерін мынандай критерийлер бойынша ажыратады:

бағалар өсуінің қарқыны бойынша:

баяу — баға жылына 10 пайыз өскенде; бұл кезде ақшаның номиналдық құны сақталады, кәсіпкерлік тәуекел болмайды;

өршімелі — баға 100 пайыз шегінде өскенде; ақшаның затталынуы өседі;

гиперинфляция — баға жүздеген пайызға ескенде; баға мен табыстардың арасындағы алшақтық ұлғая бастайды;

бағалар өсуінің теңгерімділік дәрежесі бойынша:

теңдестірілген және теңдестірілмеген инфляция; теңдестірілген инфляция кезінде әртүрлі тауарлардың бағасы бір-біріне қатысты өзгерусіз қалады, теңдестірілмегенинфляция кезінде - олардың бір-біріне ара қатысы өнбойы өзгеріп отырады, оның үстіне әртүрлі үйлесімде;

болжаулық ( болжап айтушылық ) дәрежесіне қарай:

- күтілген, болжалды және күтілмеген;

- шығу немесе пайда болу орнына қарай:

- импортталынған жене экспортталынған;

- сондай-ақ дамудың әркелкілігімен сипатталатын сатылы, баға шамалы өскен немесе өзгерусіз қалған, бірақ тауар тапшылығы күшейген кездегі тұқыртылған инфляцияныажыратады.

Қаржы мен инфляцияның өзара байланысын инфляцияның екі типі бойынша бақылап отыруға болады: сұраным инфляциясы (тұтынушылар инфляциясы) және шығындаринфляциясы (өндірушілер инфляциясы).

Бірінші жағдайда ол заңды және жеке тұлғалардың ақша массасының өсуімен байланысты өнімге, тауарларға және қызметтерге сұранымның өсуінің салдары болыптабылады.

Екінші жағдайда кәсіпорындардың еңбекке ақы төлеуге, кредиттер бойынша пайыздық мөлшермелердің көбеюіне, тұтынатын шикізатқа, материалдарға бағаның, қызметтер көрсетуге (тасымалдауға, электр қуатына, ақпаратқа және т.т.) тарифтердің өсуіне жұмсалатын шығындардың көбеюі инфляцияны тудырады. Нақты экономикалықөмірде инфляцияның бұл түрлері және оларға ілеспелі салдарлар тығыз тоқайласады, өзін өзара толық-тырады, бұл инфляциялык  шиыршық  деп  аталынатын факторды  тудырады, бұл кезде өндірістің тұтылынатын компоненттері баға мен еңбекке ақы төлеудің өсуі нәтижесінде шығындардың көбеюі шығарылатын өнім құнының артуынасоқтырды, мұндай өнімді тұтыну жалақының және экономиканың шектес секторларында материалдық шығындардың қосымша өсуін талап етеді және осылайша шексіздіккекете береді.

Инфляция өндірістік сфераға, халықтың көптеген жігінің материалдық жағдайына, инвистициялық қызметке қауіпті әсер етеді.

Инфляцияның классикалық көзі — мемлекеттік бюджет тапшылығы Қазақстан үшін де сипатты. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан және осыған байланысты мемлекет кірістерінің құнсыздануынан туады. Бюджет тапшылығы Қазақстанның егемендігі жағдайында дасақталып отыр: ол 1991ж. бюджеттің бөлігінде 20,4%, 1992-8,6%, 1993-11,9%, 1994-10,2%, 1995-17,4%, 1996-15,4%, 1997-17,7%, 1998-18%, 1999-14,3%, 2000-9,8%,20016,4% құрайды. 2002 жылы республикалық бюджеттің тапшылығы 4,7 миллиард теңгені (ЖІӨ-ге 0,12%) құраса , 2003 жылы ол 53,4 миллиард теңгені немесе ЖІӨ-ге 1,2% құрады.

Инфляцияның дамуына инфляциялық нәтижені тудырған жаңа салықтарды — алғашқы мөлшерлемесі 28% қосылған құнға салынатын салықты, акциздерді, экспорттықжәне импорттық кеден баждарын енгізу, өнімнің өзіндік құнына қосылатын қаражаттар аударымдарын экономиканы жаңғырту қорына (бұрын — инвистициялық қор), халықтыжұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорына аудару, әлеуметтік сақтандыруға аударылатын аударымдарды бірден көбейту сияқты қаржыны және әлеуметтікшараларды асығыс жүргізу мүмкіндігін туғызды.

Инфляцияның дамуының қосымша факторы пайдаланылатын кредиттер бойынша пайыздарды жатқызудың тәртібі болып табылады; кредит үшін төлемақының өсуіжағдайында бұл өнімнің өзіндік құнының, оның ізін шала бағаның да өсуіне соқтырады.

Айтылған факторлар өндіріс шығындарын — өндірушілер инфляциясын арандатушы факторларға жатады.

Бағалардың артуы жағдайында халықтың, әсіресе жеке кәсіптік және әлеуметтік топтардың әлеуметтік дөмегөйліктерінің өсуін инфляцияның даму факторы деп есептеугеболады. /16, 506б./

Сонымен түйіндей келе, кенеттен болған инфляция алдын ала тағайындалған еңбек ақы алатындардың, кредиторлардың және жинақ иелерінің табысына зиян келтіреді. Алдын ала болжамды инфляцияда адамдар ақшалары құнсызданудан сақтау үшін әртүрлі шаралар қоладанады. Олар: болашақты ойластырып шара қолдану, бағаның өсуінескеріп номиналды индексация жасау.

Егер баға жайлап өсе бастаса, ол жағдайда тұрғындар, кәсіпорындар оған дайындалады. Ақша жоғалмау үшін тұрғындар тұтыну тауарларын сатып алады, ал кәсіпорындаринвестициялық тауарларды алады. «Инфляциялық психоз» бағаға қысым жасайды, сонымен инфляция өрши бастайды. Кәсіпорындар шикізат және даяр өнім алуға тырысады, ювилирлік тауарларды, алтынды алуға талпынады. Төтенше жағдайларда: бағаның шексіз өсуі жағдайында экономикалық қарым-қатынастар күйрейді. Ақша өзініңфункциясын орындай алмайды. Сондықтан заттай айырбас орын алады. Өндіріс пен айырбас тоқтауға бағытталады. Қорытындысында экономикалық, әлеуметтік, саясибейбастақсыздық болуы мүмкін.     

 


 


 


 


 

ІІ. Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері


 

2.1 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері


 

Осы күндері Қазақстанда  қалыптасып  отырған  инфляцияның  ерекшеліктерін және негізгі  себептерін  бұрынғы Кеңес Одағының тарихи – экономикалық даму  процесінде  қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің  құрылымдылық  диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.

Қоғамдық өндіріс  құрылымы қаржы  баға  жүйелерін  анықтайды. Өндірісте  диспропорциялар қалыптасса, қаржы  мен  баға жүйелерінде де  сәйкессіздіктер пайдаболады.

Қеңес экономикасының  70 – ші жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық өндірістегі  диспропорциялар әр бесжылдық  сайын тоқтаусыз  ұлғайып тереңдеп отырған. Кеңесэкономикасында  тарихи  түрде қалыптасқан диспропорцияларды бірнеше топқа бөліп анықтауға болады:

  1. өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығы арасындағы алшақтық;

  2. ауыр өнеркәсіп пен жеңіл өнеркәсіп арасындағы сәйкессіздік;

  3. шикізат өндірісі мен дайын (түпкі) өнімдер  өндірісінің  арасындағы  диспропорция;

  4. әскери өндіріс пен азаматтық  өндіріс  арасындағы сәйкессіздік;

  5. материалдық өндіріс пен материалдық емес  өндіріс арасындағы  диспропорция т.б.

Бұл диспропорциялар Кеңес экономикасының өзінде  бағалардың инфляциялық өсуін тұрақты  түрде қалыптастырып келді. Кеңес шаруашылық жүйесінде  әрбір 10 -15 жылда бір  рет жүргізіліп келген бағаларды реформалау шаралары осы инфляцияның нәтижесін заңдастыру ғана болған.

Қазақстанда қалыптасқан өндірісаралық, оның ішінде шикізат өндірісі мен түпкі өнімдер  өндірісі арасындағы  диспропорция, тіпті бұрынғы Одақтас Республикаларғақарағанда, бірнеше есе жоғары. Қазақстанның  экономикасы  негізінен Кеңес Одағының, тіпті бүкіл социалистік  елдер қауымдастығының шикізат пен энергия  өндіруші базасыретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда  өндірілетін шикізат өнімдерінің 90-95 % шетелдерге жіберіліп отырған, ал  өзіне  қажетті өндіріс құралдарының 90 %, тұтынутауарларының 60% сырттан тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап  күйреген кезде Қазақстанда тауар тапшылығы  қалыптасқаны белгілі. 1991-1993 жылдары Ресейдентауарлар алу үшін  алынған несие  көлемі бір жарым млрд. доллардан артып кеткен болатын. 1993-1998 жылдары Қазақстандығы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 2000% - тен 20% - ке төмендеді. Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция  қалыптасты, тек  өзіміздің ұлттық  валютаны  (тенгені) енгізгеннен кейін ғана, Қазақстан инфляцияғақарсы  саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде 100 есе төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның  макроэкономикалық  деңгейдегі  айтарлықтай  жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс тегіннен  тегін келген жоқ, оның нәтижесінде  ұлттық өндіріс  күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп  пен  машина  жасау көлемі 90 %  - ке, ауыл   шаруашылық  пен азық – түлік  шаруашылықпен  азық – түлік өндірісі – 50 -60% -қысқарды.

Сонымен түйіндей келе, Қазақстан Республикасындағы инфляцияның дамуы – мемлекеттік бюджет тапшылығына байланысты болған болатын. Бюджет  тапшылығыҚазақстанның  егемендінгі жағдайында  да  сақталынып тұрды: ол 1991 ж.  бюджеттің  шығыс  бөлігінде 20,4 %, 1992 – 8,6 %,  1993 – 11,9 %,1994 – 10,2 %, 1995 – 17,4%, 1996 – 15,4 %, 1997 – 17,7  %, 1998 – 18 %, 1999 – 14,3 %, 2000 – 9,8 %, 2001 – 6,4 %, 2002 – 5,2 % құрады. 2008 жылы  республикалық  бюджеттің  тапшылығы  1,453 млрд.  теңгені (ЖІӨ-ге 0,11 %) құрады. Бюджет тапшылығы   инфляцияның   қайталама  факторы  болып табылады, өйткені ол  шығындардың  инфляциясынан  және  осыған  байланысты  мемелкет  кірістерінің  құнсыздануынан туады. /8,45б./


 

       


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

2.2 Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі

инфляцияның даму қарқынын талдау


 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2008 қазандағы  берген  мәліметтері бойынша мынадай жағдайды көруге болады:

Қазақстан Республикасының Статистика  жөніндегі агенттігінің ресми деректері бойынша инфляцияның ең жоғарғы деңгейі   2008 жылдың  қаңтар-тамыз  айларындаорын алды, яғни   19.4 % құрады. Бұл соңғы жылдарда   белгіленген ең жоғарғы деңгей болып табылады. Әсіресе азық түлікке деген баға өте жоғары деңгейде болып, көшбасшылыққа ие болды – 27.8%.

2008  жылдың қараша айында 2007 жылға қарағанда ұн бағасы 75%, күріш –75%, нан – 40.6%,  жарма – 16.7% -ға қымбаттады. Майдың бағасының өсуі –5.9%,  сүтөнімдері мен жұмыртқа бағасының өсуі болса –15.9% ды құрады. Жеміс бағасы – 22%,  көкөніс – 20.4, кондитер өнімдері- 16.2% - ға өсті. Ет пен ет өнімдеріне – 19.7%, балықпен теңіз өнімдері деген баға осы кезеңде – 14.6%-ға өсті.Соның ішінде құс еті – 24.9%,               жылқы еті – 12%, шошқа еті – 17.9% қой еті – 17%, шұжық өнімдері – 16.6% - ды құрады.

2008 жылдың қараша айында қатты отын 4.7%,  нығыздалған газ – 1.6% ға өсті. Жуу және тазалау құралдары 1.9%, дәрі дәрмек – 1.1% , киім  және аяқ киім – 15, жекегигиена тауарлары  0.9% ға көтерілді. Ал бензин бағасы 16.3% мен дизельді отын – 11.9% ға төмендеген болатын.

Ақылы  қызмет  көрсетудің ішінде білім беру  мекемелерінің   қызмет  көрсету құны – 0.9% -  ға, медицина  мекемелерінің қызмет көрсетуі – 0,8% ,  мәдени қызметтер  - 0.8%,     тұрғын  үй – коммуналдық    қызмет           көрсету     және      жолаушылар көлігінің қызметі  0.3% - ға  қымбаттады.                            Шаштараз қызметі – 1.2%, ресторан және қонақжай қызметтері – 1% - ға қымбаттап отыр.

       Сонымен 2008 жылдың 1 – жартыжылдығында ресурстардың нетто - әкелінуі  талдау  көрінісінде  (резервтік  активтердің өзгеруіне  байланысты  операцияларды  есепкеалмағанда) өткен жылдың  осындай  көрсеткішінен  екі  еседен  астамға  асып  түсіп, 1,8 млрд. долларды құрады. 2008 жыл үшін Қазақстанға  шетелдік тікелей инвестицияларсияқты Қазақстан  резиденттерінің  шетелдік  кәсіпорындарға тікелей  инвестициялварының да өсуі  тән болды. 2008 жылдың  1 – жарты жылдығында Қазақстанға шетелдік  тікелей  инвестициялардың жалпы  әкелінуі 2523 млн. доллар деңгейінде тіркелді, нетто - әкеліну 1696 млн. долларды құрады, бұл өткен жылдың осындай көрсеткішінен 1,7 есе асып түседі. /21, 2б./

2008 жылдың 1 жартыжылдығында борыштық капитал бойынша  міндеттемелер 1,8 млрд. долларға, резиденттердің шетелдік активтері – 1,3 млрд. долл. өсті.

2008 жылдың 1 – жартыжылдығында жалпы сыртқы борыш 12,7 % - ға өсіп, 25,8 млрд. долларды құрады. Мемлекеттік  және мемлекет кепілдік берген борыш бойынша  міндеттемелер 3,59 млрд. долларға  төмендеген кезде, сыртқы борыштың өсімі банктердің және үлесіне  сыртқы  борыштың 86%-ы тиесілі, кепілдікпен қамтамасыз етілмегенреспублика  кәсіпорындарының заемдық операцияларымен толық қамтамасыз етілді.

Тұтастай алғанда, 2008 жылы тамызда шілде айына қарағанда инфляция 0.8% деңгейінде қалыптасты.

Тұтыну бағалары құрылымы бойынша неғұрлым жоғары деңгейде азық-түлік тауарлары -7,4%-ға қымбаттады, азық түлікке жатпайтын тауарларға және ақылы қызметкөрсетулерге бағалар мен тарифтер тиісінше 6,2%-ға және 5,9%-ға көтерілді.

2008 жылы инфляция динамикасына тән ерекшеліктердің ішінде барлық тұтыну тауарларына және қызмет көрсетулерге бағаның өткен жылдағыдай ерекшеленген «лидерлерсіз» іс жүзінде біркелкі өсуін атап айтуға болады. Бұдан басқа, теңге енгізілген сәттен бастап барлық жылдарда болған инфляцияның күтілетін маусымдықтөмендеуінің орнына есептік жылдың2007 жазғы айларында оның көтерілгендігі байқалды.

2004 жылдан бастап Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын жүргізу кезінде базалық инфляцияның көрсеткіштерін бағдарға алады. Қазақстан Республикасының Ұлттық БанкіБасқармасының қаулысына сәйкес базалық инфляцияның есебі екі әдістеме бойынша жүргізіледі және оны Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі жүзегеасырады. Базалық инфляция есебінің бірінші әдістемесіне сәйкес тұтыну бағалары индексінен (ТБИ) көкөністерге, жеміс-жидектерге, жанармайға және көмірге бағаны алыптастау, ал екінші әдістеме бойынша - ТБИ-ден бағаның ең жоғары өсуін көрсеткен компонентті және бағаның неғұрлым төмендеуін көрсеткен 5 компонентті алып тастаукөзделеді. /21, 3б./

Ақша-кредит саясатының 2004-2007 жылдарға арналған негізгі бағыттарында негізі қаланған 2007 жылға арналған базалық инфляцияның болжамы, бір жылда орташаалғанда 4-6%-ды құрайтынын ескере отырып, өткен жылдың қорытындылары бойынша тұтастай алғанда болжанған деңгейден нақты деңгей шамалы ғана асатын болды.        

Алдыңғы жылдарға көз жүгіртсек 2007 жылы жылдық инфляция деңгейі 10,7%-ға жетті (2007 жыл желтоқсан 2006 жылғы желтоқсанға), алдыңғы жылдарға қарағандабіршама өскен.

Тұтыну бағаларының өсуінің басты себептері азық-түлік тауарларының қымбаттауы (8,1%-ға) және ақылы қызмет көрсетулері бағаларының өсуі (8,0%-ға). Азық-түліккежатпайтын тауарлар 5,9%-ға қымбаттады.

2007 жылы азық-түлік тауарларының құрылымында бағалардың жоғарылауы тіркелген болатын:  көкөніс пен жеміс-жидек – 23,1%-ға, күріш – 18,3%-ға, ет және еттағамдары – 12,5%-ға, қант – 11,9%-ға, балық және теңіз тағамдары 11,0%-ға. /19, 2б./

Азық-түлікке жатпайтын бағалар тобына да бағалардың өсуі байқалды. Олардың ішінде: киім-кешекке – 8,8%, аяқ-киім – 7,0%-ға, баспа құралдарына – 5,7%, жанар-жағармай – 3,2%-ға қымбаттады.

Ақылы қызмет көрсету құрылымында тұрғындық-коммуналдық қызмет көрсету аясында баға 7,4%-ға жоғарылады. Оның себептері: газбен қамтамасыз ету – 34,5%-ға, тұрғын үйді қамтамасыз ету – 9,6%-ға, қоқыс шығару – 8,0%-ға қымбаттады. Сонымен қатар, білім беру мекемелерінде де 19,5%-ға қымбаттауы тіркелді, денсаулық сақтау – 7,2%-ға, жолаушылар көлігі – 6,0%-ға қымбаттады. /19, 2б./

Орта жылдық инфляция  7,6% құрады, 2006 жылғы мақсаттық межені асып түсті (5,2-6,9%). /19, 2б./

2008 жылғы инфляция деңгейі жыл басынан бергі уақытта дейін %-ға жетті. Қазіргі таңда доллар девальвациясы жалғасып тұр. Оның бағамы жыл аяғына дейін 1=120 дәрежесіне жетуі мүмкін. Мұндай жағдайда экспорттың ақшаға шаққандағы (номиналды) көлемі ғана ұлғаяды. Ішкі жалпы өнімнің өсімі де сол деңгейден аспайды. Ал шынөсім бұл екі көрсеткіште мардымсыз болуы әбден ықтимал. Өйткені қымбаттаған теңге – тауардың өтімі, яғни сыртқы рыноктағы бәсекелестік қабілеті кемиді. Бұл ретте екіншідеңгейдегі банктер үлкен кері әсер етіп тұр. Дәлірек айтқанда олар, әсіресе, елдегі жарғылық қоры мол ірі үш банк шет елден жеңіл несиелер алып елге үлестіруін үдете түсуде. Бұл екі жақты зиянды. Біріншіден, Ұлттық Банк айналымдығы валюта мөлшерін азайту үшін оны сатып алуға мәжбүр болады. Демек, сақтық қордағы валюта мөлшері ұлғаяды, сол арқылы оның құнсыздануы өзінен-өзі жүріп, ұлттық қордағы номинальді қазына мөлшері теңгеге шаққанда азаяды. Демек, ұтыстан ұтылыс басым болып тұр. Мұндайжағдайда Ұлттық Банк теңгені үстеп қоректендіру (рефинансирование) тәсілін қолдануы мүмкін. Жыл басынан бері бір рет бұл тәсіл жүзеге асырылды да. Оның пайдасышамалы болды. Теңге бағамы өсе түсті. Сөйтіп, онсыз да қымбаттап бара жатқан (шет ел валюталарына қарағанда) теңгеміз ішкі рынокта құнсыздануын (инфляцияғаұшырауын) жалғастырады. Бұл дегенініз ең алдымен өткен жылдық мемлекеттік төлемдердің 30-100 пайыз деңгейінде өсуінің салдары. Сатармаңдар айналымдағы бос ақшаныөз қалтасына түсіруді ойлауы нарық заңдылығы. Ішкі рынок сұранысты тауарларға толмай тұр. Демек, инфляцияны өсіруші, сөйтіп, экономиканы «Голланд ауруына» әкеліптіреуші қоздырғыш күші әлеуметтік төлемдердің еселеп арттырылуы болып шықты. Бір жағынан халыққа жақсылық жасағандай, ал сол жақсылық экономикаға кері әсерінтигізіп отыр. Мұны экономика тілінде «Голланд ауруы» дейді. Біреулер Қазақстанды «Голланд ауруымен» үрейлендіре бастағанына екі-үш жылдың жүзі болды. Бірақ ондайдерттің алуы мүлде алыс. Оған себеп Қазақстан экономикасы әлі де болса ондаған, тіпті жүздеген миллиард доллар көлеміндегі инвестицияны ағзасына сіңіре алатын, қазақшалап айқанда мүлде «шөліркеп қалған» субъект. /18, 7б./

Қазақстан Республикасының Статистика  жөніндегі агенттігінің ресми деректері бойынша инфляция 2007 жылы шілдеде 0,9% құрады (2007 жылдың маусымында – 0,8%). Азық-түлік тауарларына баға 0,4%-ға , ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,9%-ға және ақылы қызмет көрсету – 0,5%-ға қымбаттады. /23, 2б./

2007 жылдың шілдесінде азық-түлік тауарларының ішіндегі жұмыртқа – 4,6%, қант – 2,5%, көкөніс – 1,7%, май – 0,4%, балық және теңіз тағамдары – 0,2% төмендеді. Бағаның жоғарылауы күрішке – 0,9% және ет, ет тағамдарына – 0,2%  байқалды. /23, 2б./

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар ішінде де бағаның жоғарылауы байқалды: жанармай – 6,5%-ға, сонымен қатар аяқ киім, киім-кешек, баспа жабдықтары, жеке гигиенатауарлары – 0,4%-ға.

Ақылы қызмет көрсетулер арасында да баға жоғарылады көлік қызметі – 2,0%, мәдениет және білім беру қызметтері – 0,6%, дәрігерлік қызмет көрсету – 0,5%. Тұрғындық-коммуналдық қызмет көрсетулер – 0,3%-ға қымбаттады. Сонымен бірге, газбен қамтамасыз ету – 0,6%, қоқыс шығару – 3,4%, сумен қамтамасыз ету – 0,4%, электр энергиясы – 0,1%. /23, 2б./

2007 жылдың басынан бастап тұтыну нарығында бағаның жоғарылауы 5,1% құрады (2007 жылдың қаңтар-шілде – 4,0%). Азық-түлік тауарларының бағасы 5,0% (4,7%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 3,4% (2,5%), халыққа ақылы қызмет көрсету – 7,0% (4,0%) жоғарылады. /23, 2б./

2007 жылдың шілдедегі инфляция жылдық деңгей бойынша – 8,1% құрады (2006 жыл желтоқсанда – 7,5%), азық-түлік тауарлары 8,4%-ға, азық-түлікке жатпайтынтауарлар – 6,8%-ға, ақылы қызмет көрсетулер – 11,1%-ға қымбаттады. /23, 2б./

Сонымен осы көрсеткіштерді талдай келе, инфляция деңгейі соңғы жылдары біраз жоғары деңгейде тұрғанын көруге болады, бірақ 2008 жылы 2007 жылғы инфляциядеңгейіне қарағанда төмендегені байқалады. Бірақ оны  дәл  айту әлі ертерек, себебі жылдық қорытындылар шыққан жоқ.

      


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

2.3 Инфляция салдарынан туындайтын проблемаларды талдау


 

Сонымен біз инфляцияны екі типке бөлдік – сұраныстың артуынан және шығындардың өсуінен болатын. Күнделікті өмірде бұл екі типті ажырату өте қиын. Мысалы, денсаулық сақтау шығындары тез арада өсті, артынан жиынтық шығыны көбейді, бұл сұраныс инфляциясын тудырады. Егер тауарларға, ресурстарға сұраныс өссе, онда кейбірфирмаларда материалдарға, ресурстарға, жанармайға шығын өсіп жатқандығы байқалады. Сол кезде өндіріп жатқан тауарлардың бағасын көтеруге мәжбүр болады. Өндірістікшығындар өсуі салдарынан сұраныс инфляциясы пайда болады. Бірақ көптеген фирмалар оны инфляция шығыны деп ойлайды. Бұл екі типтің қайсысы екенін ажырату қиын. Сұраныс инфляциясы жиынтық шығындар болғанда байқалады. Ал инфляция шығыны автоматты түрде өз-өзінен жоқ болады. Ұсыныс азайған кезде нақты ішкі өнім көлеміжәне айналым қысқарады. Бұл шығындардың өсуіне кедергі болады.

Инфляцияның үйлестірімді әсері. Ал енді инфляцияның зардабын зерттейік. Біріншіден, инфляция табысты қалай жіктейтінін және ЖІӨ-ге қалай әсер ететінін көрелік.

Баға деңгейі және ЖІӨ арасында белгілі бір қарым-қатынас бар. Нақты көлем және өндірістік бағалардың деңгейі бір қалыпта көтеріледі немесе қысқартылады. Бірақсоңғы 20 жыл ішінде көптеген оқиғалар болды. Мысалы, нақты өндірістік көлем қысқартылып, ал бағалар өсіп жатады. Нақты өндірістік көлем белгілі бір деңгейде тұр, барлығы жұмыс істеп жатыр. Нақты өндірістік көлемнің және табыстың өскенін елестетелік. Бұл жерде инфляцияның әсер етуін және табыс жіктелуін көре аламыз. Егерұлттық табыс өзгермеген болса, онда инфляция қалай әсер етеді?

Атаулы және нақты табыс. Бұл сұраққа жауап беру үшін біз атаулы табыс және нақты табыстың айырмашылығын білуіміз керек. Атаулы табыс – бұл айлық немесе пайызтүрінде алынған ақшаның саны. Нақты табыс – бұл тауарлар саны немесе қызмет, яғни біз осы табыс арқылы атаулы табысты сатып аламыз.

Егер атаулы табысыңыз бағаның өсу деңгейіне қарағанда тезірек өссе, онда нақты табыс өседі. Және, керісінше, егер баға өсу деңгейі атаулы табыс деңгейіне қарағандатезірек өссе, онда нақты табыс азаяды. Біз нақты табыс қалай өзгеретінен мына формуламен шығара аламыз:


 

Нақты табыстың       Атаулы табыстың                баға деңгейінің

пайыздық өзгеруі   =    пайыздық өсуі                   пайыздық өзгеруі


 

Егер атаулы табыс 10% өссе, ал баға деңгейі 5% өссе, онда нақты табыс 5% өседі және керісінше, 5%-дай атаулы табыс болса, инфляция 10%, сонда нақты табыс 5% болады. /17, 67б./

Тұрақты атаулы табыс алушылар. Атаулы және нақты табыс арасындағы айырмашылық бізге белгілі. Тұрақты атаулы табыс алған адамдарға инфляция жазалаудың біртүрі. Инфляция тұрақты табыс алушылар арқылы, басқа адамдар тобына табысты жіктейді.

Классикалық мысалға зейнеткерлерді алуға болады, оларға тұрақты зейнетақы атаулы табыс әкеледі. 1980 жылы зейнеткерлікке шыққан адамның тауарларды мол сатыпалуға мүмкіншілігі бар еді, ал 1995 жылы сатып алу қабілеті жартысына дейін төмендеп кетті, бұған жалдау төлемақысын жатқызуға болады.

Мүлік иелері. Инфляция мүлікті сақтаушыларға да үлкен зардап әкеледі. Баға өсуінен нақты тауардың бағасы төмендейді. Мысалы, бір кісі 1980 жылдан бастап 1995 жылға дейін 1000 доллар тығып қойды делік, сонда нақты баға құны жартысына дейін төмендейді. Бірақ, сақтау формаларының бәрі пайыздық табыс әкеледі. Егер инфляцияпайыздық мөлшерлемеден жоғары болса, онда сақтап қойған тауардың құны төмендейді. Мысалы, А. отбасы 1000 доллар 6%-бен банкке салды дейік. Инфляция 13%-ға өсті. Жылдың соңында 1000 доллар құны 938 доллар болады. Сонда ақша салушы 1060 алады.(1000долл.+60долл. пайзбен). /17, 69б./

Қарыз алушы және несие беруші (дебитор және кредитор). Қарыз алушы және несие беруші арасында инфляция табыстарды үйлестіреді. Болжалды инфляция қарызалушыларға несие берушілер арқылы пайда әкеледі. Мысалы, сіз банктен 1000 доллар алдыңыз, оны екі жылдан кейін қайтару керек; егер осы екі жылдың ішінде жалпы бағадеңгейі өссе, онда 1000 доллардың орнына 500 доллардай бересіз; сонымен инфляция кезінде бағаның құны төмендейді. /17, 71б./   

2004 жылдан бастап  Ұлттық  Банктің  негізгі  мақсаты ретінде  бағалардың  тұрақтылығын  қамтамасыз ету  ақша – кредит  саясатындағы мүлдем жаңа айқындама  болыптабылады.

Негізгі  мақсатты  орындау үшін Ұлттық Банкке  мынадай  міндеттер жүктелген:

- мемлекеттің ақша – кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;

- төлем жүйелерінің  жұмыс істеуін  қамтамасыз  ету;

- валюталық реттеуді және  валюталық  бақылауды жүзеге асыру;

- қаржы жүйесінің  тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал  ету.

Ұлттық  Банктің  негізгі  мақсаты мен  міндеттерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін  Ұлттық Банк жариялаған Еуроодақ стандартына  және  инфляциялық таргеттеу принциптеріне көшуді едәуір   нақты көрсетеді.

Инфляциялық таргеттеу  принциптерін пайдаланатын көптеген  елдер  инфляция жөнінде қойылған  мақсаттарға  қол жеткізу  жауапкершілігін  күшейту жағдайларында  инфляция бойынша  бағдарлар ретіндегі тұтыну  бағаларының индексіне сүйенбейтін болады.Оның орнына  инфляциялық  үрдістердің  негізгі  бағыттарын көрсететін бағаиндекстерін қарастырады және монетарлық емес тұрғыдағы («базалық инфляция» индекстері) түрлі дәрежедегі күйзелістердің ықпалын жояды.

Ұлттық Банк  2004 жылдан бастап  «базалық инфляция» индексіне  қарай бағдарлар  белгілейтін болады.

2004 жылы  ақша – кредит саясатының негізгі  мақсаты  орташа жылдық «базалық инфляцияны» 4-6% шегінде ұстап тұру ретінде  қалыптастырылған. Мұндай бағдарларбазалық инфляцияны  есептеу әдістемесі  бекітілгеннен кейін және ол нақты  бойынша нақты есептеу жүргізілгеннен кейін тағы да түзетілетін болады.

Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат – ақша  саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие  беру «процентін  және міндетті резерв нормасын өте  жоғарыдеңгейде ұстап отырды. Осылай  жүргізілген  монетарлық  (ақша – қаржы) саясаттың нәтижесінде  инфляция  ауыздықталды, сонымен бірге ішкі  өндіріс  пен нарық  екі – үшесе кысқарды,  ұлттық  өндіріс  орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық  күрт өсті. Негізінен  сыртқа  өнім шығаратын шикізат өндіру  салалары жұмысын  тоқтатқан жоқ,  керісінше  экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа  көшу жылдары Қазақстанда  бұрынннан  қалыптасқан  өндірісаралық диспропорциялар қысқарғанның  орнына артатүсті. /17, 75б./

Жалпы алғанда, инфляцияға  қарсы саясаттың  ұзақ мерзімдік стратегиялық  және  күнделікті  жүргізіліп  отыратын ағымдық, тоқтаусыз  тактикалық  түрі болды. Монетарлық саясат негізінен  күнделікті  жүргізіліп отыратын, айналымдағы ақша  көлемін  қадағалап  реттейтін  тактикалық  саясат түріне жатады. Әрине, белгілі біржағдайларда, мысалы, гиперинфляция  кезінде, бұл әдіс негізгі реттеу әдісіне  айналуы  заңды да. Бірақ, жалпы алғанда,  дамыған Батыс елдерінің  тәжірибесі көрсеткендей, күнделікті тактикалық, ұзақ мерзімдік стратегиялық даму саясатының  шеңберінде  жүргізіліп отырады екен. Қазақстанда  2001-2003 жж. арналған Ұлттық өндірісті дамытубағдарламасы жасалған. Қазақстан Үкіметі 2001 – 2005 жж. арналған  қысқа мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын қолдау бағдарламасын бекіткен болатын. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қазақстаннның барлық  әкімшілік – экономикалық  аймақтарының (облыстарының) Экономикалық - әлеуметтік  бағдарламалары  жасалып, іске  асырылуда. Осы бағдарламаның барлығын стратегиялық саясаттың  құралы ретінде қарастыруға болады. Қазақстанда  да монетарлық қаржы саясаты ұзақ және орта мерзімдік реалдыэкономиканы қолдау және дамыту бағдарламаларының шеңберінде жүргізілетін болады.

Құнсызданудың (инфляцияның) жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдары көптеген елдер үкіметтерін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді. Бұлжерде экономистер ең алдымен мына сұрақтың жауабын табуға ұмтылады: күрделі де тегеурінді іс – шаралар арқылы инфлияцияны жою керек пе, әлде инфляция жағдайынаикемделген дұрыс па?

Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде белсенді бюджет саясаты жүргізіледі – сұранымға ықпал жасаумақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұранымқысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс  өсуі  де  тырып,  жұмыссыздықты  арттырып жіберуі  мүмкін. Ол қоғам  үшін инфляцияны  тежеудің  құны  болады. Құлдырау жағдайында  бюджет саясаты  сұранымды  кеңейтуге  бағытталады. Егер сұраным  жеткіліксіз болса, онда  мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске  қосылады және  шығындар  артады,  салықтар  төмендетіледі. Ең алдымен  табысы төмен  нарық  субъектілеріне салынатын  салық  қысқартылады. Бұл бірден нәтиже береді: сұраным  тез өседі, ол өндіріске  ықпал жасайды,  жалпы экономикалық   өсу  басталады. бірақ  60 – 70 жылдары дамыған елдердің  тәжірибесі көрсеткендей, сұранымдыбюджет арқылы ынталандыру инфляцияны күшейтуі мүмкін екен. Сонымен  бірге бюджет шығындарының артуы  бюджет тапшылығын қалыптастырады және салық пеншығын арқылы экономиканы реттеудің мүмкіншілігі қысқарады. /17, 76б./

Екінші әдістемені жаңа  классикалық  бағыттағы  экономистер  ұсынады. Олар  бірінші орынға ақша – несие  арқылы  реттеу  әдісін  қояды. Бұл әдіс  экономика жағдайынажанама  түрде  икемлді  ықпал  жасайды. Бұл саясатты үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банк жзүргізеді. Орталық  банк  айналымдағы ақша көлемін өзгертеді жәнеқарыз пайызы (процент)  келісімін реттейді, сонымен  экономикаға  ықпал жасайды.

Сонымен инфляция салдары барлық әлеуметтік топтарға, экономикалық секторларға әсерін тигізбей қоймайтындығын айтуға болады. Қазіргі таңда көптеген экономистероны шешудің сан алуан жолдарын талдау үстінде. Бірақ көптеген білікті экономистердің пайымдауынша оны ақша-кредит саясаты арқылы жүргізу керек.


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

ІІІ. Инфляциямен күресу шараларын жетілдіру жолдары


 

3.1  ҚР да инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары


 

Қазақстан экономикасында сақталып отырған жақсы жағдайға байланысты Қазақстан республикасының Ұлттық Банкі ақша қатынастарын реттеудегі жаңа режимге, яғниинфляциялық таргеттеуге көшуге бағыт алды. Осы бөлімді қарастырғанда Ұлттық Банктің осындай бағытты не үшін, инфляциялық таргеттеудің негізгі бағыты туралымәселелер қозғалатын болады.

Еліміздегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу, қаржы секторының пәрменді дамуы, сыртқы экономикалық конъюнктураның жайлы болуы Ұлттық Банктіңқызметінің сапалы және жаңа жолға түсуіне себепші болды. Бұл өз кезегінде ақша-кредит саясатының құрылуына және дамуына ықпал етіп, іскерлік ортаға, коммерциялықемес банктердің жұмысын бақылауға және ақша айналымын тұрақтандыруға әсерін тигізді.

Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты ақша агрегаттары мен теңге бағамына ғана байланысты емес, сонымен қатар, басқа да монетарлық емес факторларға: ауылшаруашылық өнімдері, жанармай және тұрғындық-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің бағасына да байланысты инфляцияны минимизацияға бағытталған.

2002 жылдан бастап Ұлттық Банк өзінің ең басты мақсатын ақша-кредит саясатын дайындап, негізгі еуростандарттарға жақындауға мүмкіндік беретін инфляциялықтаргеттеудің негізгі принциптеріне ауысуды негізгі бағыты деп алды. Инфляциялық таргеттеу ақша базасының көрсеткіштерінен, инфляциялық көрсеткіштерге біртіндепбағытталуды көздейді. Бұған себепші болған инфляцияның «монетарлық» құштарлығының деңгейінің төмендеуі. Осыған байланысты, Ұлттық Банктің негізгі және соңғыбағыты – мемлекетте бағаның тұрақтылығын сақтау.

Таргеттеу (ағыл. targeting – бағыт алу, бағыттау, бағытталу) монетарлық саясатта – бұл ортамерзімдік перспективада негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді бағыттыбасқару процесі.

Бүкіләлемдік тәжірибеде таргеттеудің бірнеше стратегиялары ажыратылады, олардың ішінде: номиналды табысты таргеттеу, пайыздық мөлшерлемені таргеттеу, номиналды жалақыны таргеттеу, монетарлық таргеттеу, валюта бағамын таргеттеу (курстық таргеттеу), инфляцияны таргеттеу (6 суретті қараңыз). /22, 57б./


 


 


 

6 сурет. Таргеттеу стратегиясының классификациясы


 

Ең бірінші болып инфляциялық таргеттеуді қолданған 1990 жылы Жаңа Зеландияның Орталық Банкі. Соңғы он жылдың ішінде инфляциялық таргеттеуді қолданғанмонетарлық саясатты енгізген елдердің саны күрт өсті. Олардың ішінде: Канада (1991ж.), Ұлыбритания (1993ж.), Финляндия (1993ж.), Швеция (1993ж.), Испания (1994ж.). Біртіндеп инфляциялық таргеттеу элементтерін қолдануға келесі елдер келді: Чехия, Бразилия, Израиль, Чили, Норвегия, Исландия, Польша және Венгрия.

Инфляцияның Ұлттық Банк болжамының деңгейіне жақын болуы монетарлық сасаттың жеңісі болып табылады. Қазақстанда да болжамды деректер жасалынып, оларнақты деректермен салыстырылып жүр (2-кестеден қараңыз). Инфляция деңгейі көрсеткішінің қажеттілігі тек ақша нарығын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатарэкономиканың бүкіл жағдайын көрсететіні екендігі тек ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейін ғана ғылыми тұрғыдан дәлелденді. /22, 57б./

Инфляциялық таргеттеудің негізгі элементтері:

  1. ортамерзімдік көрсеткіштерді жария ету;

  2. ақша-кредит саясатының негізі ретінде баға тұрақтылығының институционалды келісімі;

  3. ортамерзімдік бағдар алудағы тәуелсіздік;

  4. ақша-кредит саясатының жоғары транспаренттілігі;

  5. қадағалау органдарының жоғарғы жауапкершілігі.

Ұлттық Банктің инфляциялық таргеттеуге көшуінің қажеттілігінің терең түсіндіру үшін 4 бөлімнен тұратын инфляциялық таргеттеудің негізін көрсетуге болады:

  1. күшті жақтары (strenght);

  2. әлсіз жақтары (weakness);

  3. мүмкіншіліктер (opportuinies);

  4. қатерлер (threans);


 

Күшті жақтары.

Соңғы жылдардың қорытындылары бойынша Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы республикалырының арасында көшбасшылық позиция тұр (экономикалық қарқынды даму, инфляция деңгейінің тұрақты болуы, ұлттық валютаның тұрақтылығы, бюджет дифицитінің аздығы, халықтың әл-ауқатының жақсаруы, Қазақстанға инвестициялық рейтингтіңберілуі). Елдегі саясаттың тұрақтылығы да жаңа ақша бағыттарына көшуде басты рөлдерді алады. /22, 58б./

2004 жылдан бастап қаржы нарығындағы бақылаушы және тұрақтандандырушы функцияларды Қазақстан Республикасының бақылаушы және тұрақтандандырушыАгенттігі атқарады. Қаржы нарығындағы бақылаушы және реттеуші функцияларының бөлінуі Ұлттық Банктің ерекше статусын белгіледі. Бүкіл ТМД елдерінің арасындаҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық банкке қатысты функциялары бар бірғана банк.

Ұлттық Банк – елдегі инфляцияны төмендетуге бағытталған ақша-кредит саясатын тәуелсіз өткізуші болып табылады. Инфляцияны төмендетуге бағытталған ақша-кредитқұралдарының толық арсеналы Ұлттық Банктің иелігінде.

Елдегі инфляция процесстерін және ликвид деңгейлерін қазіргі таңда аса маңызды және оптималды құралдарының бірі ақша нарығындағы айырбастау ставкалары арқылыреттейді. Инфляция қызуын төмендету үшін Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын қатаң тәртіпке бағыттап, қайта қаржыландыру ставкаларын көтеріп, 8%-ға дейін жеткізді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қайта қаржыландару ставкасы жылдық инфляция деңгейінен сәл жоғары болу керек.

Ақша-кредит құралын қолдану деңгеінде де, Ұлттық Банктің дербестігі инфляциялық таргеттеуді енгізудің ең бірінші талабы болып табылады. Бірақ Ұлттық Банк дербесболса да, өз құралдарын фискалдық бағытта, яғни бюджет дефицитінің (сеньораж) эмиссиялық қаржыландыруында мүмкіншіліктері шектеулі. 1998 жылдан бастап ҰлттықБанктің бюджетті қаржыландыруы тоқтатылды және заң жүзінде бекітілді : «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы». /22, 59б./

Соңғы жылдары теңге енгізілгені кезден бастап алғаш рет ұлттық валютамыздың АҚШ долларына шаққанда тұрақтандырылғаны байқалды және ол Қазақстанның бүкілқаржы секторында көрініс тапты. Ұлттық валютаның ревальвациясы коммерциялық банктердің депозит базасының деңгейінің өсуіне әсер етті. Сақталып отырған теңгеніңтұрақтылығы болашақта Қазақстан экономикасын дедолларизацияға әкелуі мүмкін. Қаржы сегментіндегі жайлы жағдайдың сақталып отыруы пайыз ставкаларының процесінқұрудағы маңызды рөлін атқарып төмендеуіне себепші болады.

Әлсіз жақтары. Қазақстанның шикізатқа бағытталған экономикасы, экспортқа шығарылатын көлемі мен дүниежүзілік шикізат ресурстарының бағасына тәуелділігі төлембалансымен ұлттық валютаға әсерін тигізеді.

Қазақстанның қаржы секторы реалды секторға қарағанда жоғарғы деңгейде даму үстінде. Депозиттік базаның және несиелік экономиканың кеңеюіне қарамастан, реалдысекторды қанағаттандыруға қаржының жетіспеушілігі, оның кейінгі экономикалық дамуына әсерін тигізеді. Соның салдарынан басқа жаңа қаржы көздерін іздеуге тура келеді.

Экономикаға «долларизация» деңгейіндегі монетарлық құралдардың әсері қаржы-несие сферасын әлсіретеді. Бұл оның инфляцияға әсерін тигізе алатындағын көрсетеді. Экономикадағы «долларизация» деңгейін жоғарғы деңгейде сақтап қалу қаржы-несие саясатына және Қазақстан экономикасына асау жеріне кері әсерін тигізеді.

Ұлттық Банктің бағалы қағаздар портфелі көлемінің жетіспеушілігі – ашық рынокта кең көлемде операциялар жасауға кедергі келтіреді. Міне осы операцияларинфляциялық таргеттеуге жоғары талаптар қояды.

Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық даму стратегиясының қабылдануы және Қазақстан экономикасындағы диверсификация процесініңжылдамдығы – экономикалық әр жақтылығы. /22, 60б./Бұл өз кезегінде экономиканың дүниежүзілік конъюктураға тәуелділігін төмендетеді. Бұл жерде ішкі және сыртқырыноктарда бәсекеге түсе алатын елдің индустриалды комплексін құру туралы айтылған.  

Инфляция инфляциялық таргеттеу кезінде маңызды рөлді атқарады. Сонымен қатар, ауыспалы ұсыныс пен сұраныс, ақша агрегаттары, пайыздық ставкалар, валюталықбағам, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы, инфляция және баға мен инфляциялық тосу бірге қолданылады. Осыған байланысты Ұлттық Банк трансмиссиондық модельдайындап, ақша-кредит саясатының экономикаға әсерін бақылап, «базалық инфляцияның» индексі саналуда.

Бүкіл әлемдік мұнайға деген баға тербелісі Қазақстан экономикасына кері әсерін тигізу қаупі тұр, себебі айырбастау курсы тұрақты болмай мұнай шығару экспортыныңкөлемінің ұлғаюына байланысты ұлттық валютамыздың курсының ревальвациясына, ол өз кезегінде «Голланд ауруының» симптомдарына әкелуі мүмкін. Көрші елдердегіэкономикалық тұрақсыздық та біздің елдің экономикасына зардабын тигізу қаупі бар.

Отандық қаржы нарығының сиымдылығының жеткіліксіздігі оған шетел капиталын толық жұтуға мүмкіншілік бермейді. Қысқа мерзімді спекулятивті капиталдың келуіэкономиканың күйреуіне, сонымен қатар, елде экономикалық кризиске қақтығысу қаупі болуы мүмкін.

Сонымен қорыта келе, инфляциялық таргеттеу принциптеріне көшу процесі, көптеген элементтердің институционалдық негізі инфляцияның бағыт көрсеткішініңҚазақстанда жұмыс жасауымен және осы режимді орнықтыруға барлық жағдайлар жасалғанымен жеңілдетіледі. Бірақ, тек қана практика жүзінде ғана қорытындыға келіп, осырежимнің ақша-кредит саясатындағы орнын анықтауға болады.           

3.2 Инфляцияға қарсы саясатты  жетілдіру жолдары


 

Инфляцияның өрістеп, күшеюі экономикалық жөне әлеуметтік қарама - қайшылықтарды асқындырып жіберетіндіктен мемлекет инфляцияны жою жөне ақша айналысынтүрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды . Инфляция кезінде мемлекет іс - қимылының екі нұсқасы   болады:

1) бейімделу саясатын жүргізу немесе инфляцияға бейімделу;

Бұл кезде табыстарды, жалақыны, пайыздық өлшерлемелерді, инвестицияларды индекстеу жөнінде шаралар қолданылады;

Компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімде жобаларды өткізеді, жеке тұлғалар табыстың қосымша көздерін іздестіреді және т.с.с.

2)  инфляцияны төмендету немесе басу жөнінде инфляцияга қарсы шаралардың кешенін жүргізу .

Инфляцияны жою жөніндегі шаралардың кешені қоғамның іс-әрекет етуінің өндірістік — экономикалық, қүқықтық, институционалдық, моралдық-адамгершіліксфераларының әр түрлі жақтарына әрекет етуді қамтиды десекте олардың шешушісі базалық, өндірістік — экономикалық сфера болып табылады.

Сұраным инфляциясын жоюға ақша жөне фискалдық саясатты пайдаланудың біршама қатардағы макроэкономикалық әдістермен жетуге болады.

Инфляцияга қарсы саясат — инфляциямен күреске бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мүндай саясаттың екі негізгі жолыбелгіленген дефляциялық саясат және кірістер саясаты.

Дефляциялык, саясат — мемлекеттің шығындарын азайту, несие үшін пайыздық мөлшерлемелерді арттыру, салық ауыртпалығын күшейту, ақша массасын шектеужолымен ақша-несие және салық механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді қарастырады. Бұл саясат экономиканың өсуін тежейді.

Кірістер саясаты — бағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың өсу шегін белгілеу жолымен параллелді бақылау жүргізуді қажет етеді. Оны жүзегеасыру әлеуметтік қайшылықтарды қоздыруы мүмкін. /16, 506б./

Инфляцияға қарсы саясат ақшалай ұсынымды шектеудің әр түрлі әдістерін кіріктіреді:

1.  Орталық банктің нақты ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының ауқымын азайту.

2.  Барлық несие ресурстарын қымбаттату және оларға қол жететіндігін азайту мақсатында орталықтандырылған кредитер үшін қайта қаржыландырудың есептікмөлшерлемесін арттыру.

3.  Кредит мультипликаторын қысу және коммерциялық банктердің кредит экспансиясын шектеуге жету үшін Орталық банктің коммерциялық банктерге резервтікталаптарын арттыру.

4.  Сондай мақсаттарда Орталық банктің кедитерін тікелей қысқарту.

Инфляцияға қарсы фискалдық саясат салықтарды көбейту, мемлекеттің шығыстарын қысқарту жөне осының негізінде мемлекеттік бюджеттің тапшылығын төмендетуарқылы жүргізіледі.

Салық саясаты инфляция жағдайында екі өзара байланысты, бірақ қайшылықты міндеттерді шешуі тиіс:

бірішіден, мемлекеттік бюджеттің тендестігіне жету және тапшылығын жою үшін оның кірістерінің деңгейін көтеру керек;

екіншіден, экономиканың бастапқы буындарында - өндіріс пен айырбас сферасында экономикалык белсенділікті жандандыру қажет.

Инфляцияға қарсы салық саясаты жанама салық салуды қысқартуда болып отыр . Жанама салықтардың инфляциялық сипаты болады, өйткені олар бағаны өсіреді, сүранымды қысқартады. Жоғары салықтардың іс - әрекетінің екінші аспекті өндіріске олардың қысымы болып табылады, бұл ұсынымды шектейді. Үшіншіден, едәуір салықауыртпалығы, әдеттегідей, салық жүйесін күрделілендіретін көптеген салықтардың іс-әрекетімен байланыстырылады, мүның өзі салықтан жалтарынуға әкеп соқтырады.

Сондықтан инфляция кезінде тұтынуға салық салуға акцентпен жеңілдіктеудің шарттарымен ауыртпалық түсірмейтін қарапайым және сенімді салық жүйесі тәуірірекболады. Бұл талаптарға айтарлықтай дәрежеде табысқа салынатын салық пен мүлік құнына қарай мөлшерлемелерді жіктеудің жоғары дәрежесі бар мүлік салығы сай келеді.

Мемлекеттің шығыстарын қысқарту бұл процесті бюджет сферасына да, мемлекеттің шаруашьшық жүргізуші субьектілеріне қатысты материалдық өндіріс сферасына датаратуды қажет етеді. Бұл жерде мынаны ойда ұстаған жөн: соңғы жағдайда инфляцияға қарсы шаралар инфляцияның екінші құрамдас бөлігіне - шығындар немесеөндірушілер инфляциясына қатысты болып отыр, сондықтан олардың ықпалы бөлек қарастырылатын болады. Бұл жөнінде инфляцияның екі түрі мен қарсы әрекеттің кешендіәдістері себептерінің өзара байланысы байқалады.

Жалпы мемлекеттік және жергілікті деңгейлердің бюджет шығыстары жайында басты бағыт барлық мүмкін болатын баптар бойынша оларды барынша қысқарту болыптабылады. Әлбетте, зейнеткерлерді, оқушыларды, тіркелген кірістері бар қызметкерлерді қорғау жөніндегі өміршендік маңызды әлеуметтік қажеттіліктер қамтамассыз етілуітиіс.

Бюджет шығыстарын шектеуге мыналар арқылы жетуге болады:

а)  тура әдістермен — шектеумен (рестрикциялармен), яғни заңнамалық актілер немесе өкілетті мемлекеттік органдардың өкімі негізінде қол жеткен деңгейменсалыстырғанда оларды мәжбүрлеу арқылы;

ө) секвестірлеу әдісімен — барлық шығыстарды әртүрлі факторлармен анықталатын төмендетудің берілген жалпы мөлшеріне сәйкес үйлесімді төмендетумен;

б)  қолда бар кірістердің деңгейін бақылаумен;

в) мемлекеттік бюджет тапшьшылығының деңгейін шектеумен.

Кез келген жағдайда шығыстарды қысқарту дамудың көптеген үлттық бағдарламаларының іс-қимылын, тез қайтарым бермейтін әртүрлі лайықты жобалардан, шараларданбас тартуды және т.с.с. шалады.

Мыналардың нәтижесінде инфляцияның екінші типін—шығындардың (өндірушілер инфляциясының) өсуінен туатын инфляцияны жою проблемаларын шешу неғүрлымқиынырақ болып келеді:

1)  жалақыны көбейту;

2)  үйымдық сипаттағы себептер бойынша шаруашылық механизмінің бұзылуына байланысты еңбек өнімінің төмендеуі;

3) шикізат жөне энергетикалық ресурстар иелерінің инфляциялық тосулары, осыған қарай олар өндірістің бастапқы өнімдеріне бағаны көтереді.

Өндіріс шығындарымен байланысты болатын инфляцияны жою өзара байланысты проблемалардың бірнеше күрделі блоктарын шешуді қажет етеді. /16, 508б./

Инфляцияны төмендету проблемаларының бірінші блогы экономикалық тұрақтандырудың бүкіл жүйесінің орталық буыны ретіндегі өндірістің құлдырауын жоюда болыпотыр. Өз кезегінде ол мына өзара тәуелді проблемаларға ұшырайды.

Біріншіден, еңбек өнімділігінің уәждемелік ынталандырмаларын, оның тиімді нәтижелеріне ынталылықты күшейту меселелерін шешу, басымдық ретіндегі өндірістікеңбек қызметін қалпына келтіру. Бұған қажырлы еңбек пен оның нәтижелерінің арасында тікелей байланыс болатын жекеше өндірістік секторды дамыту негізінде қол жетеді.

Сауда - делдалдық сфераға қарағанда өндірістік сфераның басымдығын қамтамасыз ету қажет. Өндірістік сфераның дамуын көтермелеуге салықтардың жеңілдікжүйесімен, несиені кедергісіз алумен және несиелер бойынша төмендетілген пайыздық мөлшерлемелермен, ұдайы өндіріс, еңбекке ақы төлеу қорларына даму үшін қолайлыэкономикалық нормативтерді, аударымдарды белгілеумен және т.с.с. жетуге болады, қажетті жағдайда өндірістік сектор қызметінің басым түрлерін қаржыландыру жолыментікелей қолдау жүзеге асырылды .

Инфляцияны жеңіп шығу жөніндегі шаралар жүйесіндегі қажетті элемент нарықтық бәсеке механизмі мен меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізушісубъектілерінің экономикалық жауапкершілігі механизмін жасау болып табылады; аталған механизмдердің іс-қимылы мына сызбаға саяды: шығындардың төмендеуі —бағалардың төмендеуі — өндірістің өсуі есебінен таза табыс көлемінің сақталуы - ұсынымның көбеюі— сүранымның қанағаттандырылуы.

Бәсеке механизмін жасау монополияға қарсы шараларды жүргізумен, меншіктің түрлі нысандарын дамытумен, шаруашылық- қаржы қызметіндегі олардың теңдігінзаңнамалық түрде қамтамасыз етумен байланысты болады.

Инфляцияға ықпал етудің ең түбегейлі құралы экономиканы мемлекеттік реттеу шеңберінде бағамен жалақыға бақылау қою болып табылады.  Баға мен жалақыныреттеудің ауқымдарын тандау қысқа мерзімді саясат бағдарламаларында айқындалады және кеңінен инфляция деңгейіне, өндіріс қарқынына, халықты әлеуметтік қорғаудыңқажеттіліктеріне қарай түрленіп оырады. Базалық технологиялық шекте - шикізат, отын, басқа бастапқы өнімдерді өндіруде бағаны реттеуді жүргізудің маңызы зор .Таполардың құны келесі технологиялық шектердің өнімі бағасының бүкіл пирамидасының негізіне қойылады.

Жалақыны реттеу бастапқы ( қол жеткен ) деңгейден еңбек өнімділігінің нақты артуына қатаң байланыста жүзеге асырылады, өйткені номиналды жалақымөлшерлемелерінің еңбек өнімділігі өсуінің қарқынына тең өсімі өзінің сипаты бойынша инфляциялық емес болып табылады.

Сыртқы экономикалық қызметті қамтып көрсететін төлем балансы тарапынан инфляцияны төмендету шаралары оның құрлымын жақсартуда болады . Бірінші кезекте бұлтауарлар мен қызметтердің, яғни экспорттық- импорттық операциялардың қозғалысымен байланысты болатын ағымдағы операциялар бойынша тендікке жетуге қатыстыболады.

Төлем балансының ағымдағы тапшылығын қысқартуға жалпы импортталатын тауарлар мен қызметтерге ішкі сүранымды отандық тауарлар мен қызметтерге ауыстыруесебінен, сондай-ақ сыртқы сұранымға қарағанда экспорттық өндірістің икемділігін арттыру есебінен жету керек. Бұған реалистік деңгейде валюта бағамын белгілеу саясатынжүргізу, инфляция-лық серпіліс кезеңінде сауда және валюталық шектеулердің ұтымды ұштасуы және инфляция қарқыны төмендеген кезде сыртқы экономикалыққатынастарды ырықтандыру арқылы жетеді.

Инфляцияны басқаруды жақсарту және инфляцияға қарсы саясат шараларының бірі ретінде қазіргі кезде инфляциялық таргеттеуге үлкен маңыз беріледі.

Ұлттық Банктің негізгі міндеті ретінде бағалардың түрақтылығын қамтамасыз ету ақша-кредит саясатындағы мүлдем жаңа айқындама Ұлттық Банк жариялаған Еуроодақстандарттарына және инфляциялық таргеттеуге көшумен үйлеседі. Инфляциялық таргеттеу қағидатарына дайындық және оған көшу ақша базасы бойынша мақсаттыкөрсеткіштерден біртіндеп бас тарта отырып, инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге кешуді болжайды. Соңғы жылдары формалды мақсатты инфляциялықкөрсеткіштерді белгілеуге негізделген ақша-кредит саясаты өнеркәсібі дамыған елдерде ғана емес, рыноктық экономикасы қалыптасып келе жатқан елдерде де кеңіненқолданылуда. Инфляцияның мақсатты көрсеткіштер жүйесі жүргізілетін ақша-кредит саясатына деген сенімді артырады. Инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштердіқолданатын өтпелі экономикасы бар елдер қатарының өсуі осы жүйенің артықшылықтары бар екендігінің жанама белгісі болады.

Австралия, Канада, Финляндия, Жаңа Зеландия, Испания, Швеция, Ұлыбритания инфляцияның мақсатты таргеттеуіне көшті. Сонымен қатар, рыноктық экономикасықалыптасып келе жатқан көптеген елдер де: Бразилия, Чили, Чехия, Израиль, Польша, Оңтүстік Африка Республикасы инфляцияны таргеттеуге көшеді. Инфляцияны мақсаттытаргеттеудің түрлі түрлендірулері болады. /16, 511б./

Ұлттық Банк рыноктық мөлшерлемелерді репо мөлшерлемесімен айқындалатын кейбір дәлізде үстап тұру арқылы инфляцияны басқаруды көздейді. Сонымен біргеинфляциялық таргеттеу тетігінің мынадай түрі болады. Ұлттық Банк репо мөлшерлемесі мен оның өзгерістері дәлізінің енін өзгерте отырып банктік резервтер мен банкаралықпайыздық мөлшер-лемелер арасындағы белгілі бір балансқа қол жеткізеді. Банкаралық мөлшерлемелер өз кезегінде, кредиттер мен депозиттер бойынша банктікмөлшерлемелерге ықпал етеді, сонымен қатар банктік өтімділікті, яғни инфляцияны да айқындайды. Инфляциялық таргетгеу кезіндегі негізгі құралдар ашық рынокоперациялары болады. Ашық рынок операцияларына ішкі рыноктан мемлекеттік бағалы қағаздарды, оның ішінде кері сатып алу міндеттемесімен (репо операцияларымен) сатып алу және сату кіреді. Репо операцияларының көлемі мен мөлшерлемелері оперативтік көрсеткіштер болып табылады. Мемлекеттік бюджет орнықты болғанда, макроэкономикалық тұрақтылық және қаржы жүйесінің тұрақтылығы, орталық банктің тәуелсіздігі, ақпараттың ашықтығы жағдайларында инфляциялық таргеттеу табыстыенгізілуі мүмкін. Қазіргі кезде Қазақстанда осы алғышарттардың бәрі бар.

Қазіргі уақытта инфляциялық таргеттеуді еңгізуге дайындық шеңберінде мынадай шаралар қабылданды. Ұлттық Банк 2000 жылдан бастап ақша-кредит саясатынжоспарлаудың үш жылдық деңгейін белгіледі. 2004 жылдан бастап инфляция бойынша мақсатты керсеткіштер — "базалық инфляция" индексі қолданыла отырып белгіленеді. Бұл индекс монетарлық емес факторлар бағаларының деңгейіне дағдарыстық ыкдалын жояды және инфляциялық процестердің негізгі үрдістерін көрсетеді. 2004 жылдыңқаңтарынан бастап Ұлттық Банктің мақсаты ретінде бағаларды тұрақтандыру және мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға тиым салу міндеті заңмен бекітілді, бұл инфляциялық таргеттеу енгізудің қажетті шарттарының бірі болып табылады. Еліміздің орталық банкі ретінде Ұлттық Банктің тәуелсіздігін күшейтетін нормативтік-құқықтық актілер әзірленіп жатыр. Тұрақты негізде қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу мүмкіндігі қарастырылуда. 2002 жылдың қазан айынан бастап Халықаралықвалюта қоры Ұлттық Банкке инфляциялық таргеттеу тетігін әзірлеу мәселелеріне қатысты ақпараттық және консультациялық көмек көрсетіп келеді. /16, 512б./

Инфляциялық таргеттеуге көшуге қажетті база жасау үшін Ұлттық Банктің алдында бірқатар мынадай ірі проблемаларды шешу міндеті түр:

- ашық рынок операцияларын кең ауқымды көлемде жүргізуге көшу үшін жағдайлар жасау;

- өзінің бағалы қағаздар портфелін ұлғайту;

- бағалы қағаздардың қайталама рыногын дамыту;

- трансмиссиялық тетіктің үлгісін, яғни репо мөлшерлемесі өзгерісінің инфляция деңгейіне ықпалын бағалауға мүмкіндік жасайтын үлгіні әзірлеу;

- инфляциялық таргеттеуді пайдалана отырып, шешім қабылдау қағидаттарын іске асыру рәсімін өзірлеу және т.б.

Жоғарыда жазылған мәселелерді қортындылай келе қазіргі таңда біздің экономикамызда жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатындағы ең тиімді жолы – инфляциялықтаргеттеуді қолдану. Әлемдік тәжірибе көрсеткедей бұл ең дұрыс та, тиімді бағыт болып табылады.


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

3.3 Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2009-2010 жылдарға арналған  іс-қимыл жоспары


 

2008 жылы 10 қарашада Премьер- Министр Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен Үкіметте болып өткен селекторлық кеңесте қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалықахуалының үш маңызды факторына нақты да толымды сипаттама берілген болатын.

10 қарашадағы жағдай бойынша еліміздегі инфляция деңгейі 8,8%  пайызды құрап отыр. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда  4,6% пайызға төмен. Инфляцияның болжамды мөлшері үстіміздегі жылдың аяғына дейін 10 пайыздық межеден аспайды. Бұл ТМД мемлекеттерінің ішіндегі ең төменгі көрсеткіш. Саралап айтарболсақ, үстіміздегі жылғы қазан айындағы мәлімет бойынша, инфляция деңгейі Ресейде 10,6% пайыз, Қырғызстанда 15,6%, Беларусьте  9,4%, Украинада      16,1%  пайызболған. Сондықтан еліміздегі бұл саладағы жағдай басқалардан әлдеқайда тәуір болады деп айтуға толық негіз бар.

Үкімет еліміздегі жанар-жағармайдың бағасын едәуір төмендетуге қол жеткізді. 1 қарашадан бастап 1 литр А-80  маркалы бензиннің бағасы – 60 теңгеге; АИ - 92\93 – 87 теңгеге; АИ - 95\97 – 100 теңгеге дейін арзандатылды. Қысқы дизель отынының 1 литрі 94 теңгеге дейін төмендетілетін болады.

Осы мерзім ішінде елімізде азық-түлік бағасы  9,5  пайызға  көтеріліп, еліміздегі инфляцияның жалпы өсуіне   3,9 пайыз әсер еткен. Азық-түлік емес тауарлар   6,5 пайызғаартып, жалпы инфляцияның өсуіне 2,1 пайыз  әсер еткен. Солай бола тұрса да  4 қарашадағы мәлімет бойынша бірқатар тауарлардың бағасы  атап айтқанда, картоп - 4,5 пайызға ( 64 теңге ),  сиыр еті -  8,5  ( 573 теңге ), қой еті -  5,6  (594 теңге), күнбағыс майы  - 3,9 ( 318теңге),  қант - 2,6 ( 113 теңге ), ұнның бірінші сорты - 1,2 пайызға  ( 80 теңге ) төмендеген. Ал қырыққабат  - 4,3 пайызға, жұмыртқа - 4 пайызға, «Ақмаржан» 1,04 пайызға қымбаттаған.

Тұтыну тауарларының төмен бағасы – Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында ең қымбат баға – Астана, Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстанжәне Жамбыл облыстарында көрініс тапқан. Елімізде азық-түлік қауіпсіздігін және олардың бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Үкімет тұрақты үнемі мониторингөткізіп отырады. Онда ішкі рыноктағы және шеттен келетін азық-түлік тауарларының бағасы сараптаудан өткізіледі. Ол үшін арнаулы жұмыс тобы құрылған. Жыл басынан берібұл жұмыс тобының алты жиналысы өтті. Еліміздің барлық өңірлерінде маңызды азық-түлік тауарларының, оның ішінде өсімдік майы, қант, күріш және ұнтақталған сүттіңжеткілікті қоры жасалған. Биыл өсімдік майын өндіретін дақылдардың  шығымы 160 мың тоннаны құрады. Бұл еліміздің өсімдік майына деген сұранысының   80 пайызын ғанақанағаттандырады. Қызылорда облысында  310 мың тонна күріш жиналды. оның  130 мың тоннасы азық түліктік сорт. Бұл еліміздің күріш дақылына деген сұранысын толыққамтамасыз етуге жетеді. Еліміз бойынша 1,8 миллион көкөніс,  1,9 миллион тонна  картоп жиналды. Мал шаруашылығы өнімдері бойынша да жағдай тұрақты. Үстіміздегіжылы барлық мал түліктерінің өсімі  4 - 5 пайызды құрады.

Инфляцияға қарсы күреске барлық өңірлердегі ӘКК-лер белсенді ат салысуда. Олар өңірлерге көкөніс тауарларын жеткізу және жылыжайлар мен көкөніс қоймаларыныңқұрылысын салуға қатысатын болады. 2008-2009 жылдары ӘКК-лердің қатысуымен жалпы сыйымдылығы  34,9 тонна  болатын 10 көкөніс қоймалары салынып, пайдалануға  беріледі. Сонымен бірге Қазақстанда экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын баж салығын  210 АҚШ долларынан  139 долларға дейін, экспортқа шығарылатынмазутқа салынатын баж салығын  130 доллардан  95 долларға дейін төмендету көзделіп отыр.

2007 жылдың екінші жартысында басталған әлемдік қаржы рыноктарындағы тұрақсыздық Қазақстанның даму қақынына әсер етті. Бұл отандық банктердің сырттанқаржылық ресурстарды тарту мүмкіндіктерінің төмендеуіне, демек, ішкі экономиканы несиелеу көлемінің қысқаруынан көрінді. Бұдан басқа, әлемдік азық түлік тауарларырыногындағы бағаның шапшаң көтерілуі салдарынан экономикаға инфляциялық қыспақты едәуір күшейтті.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банкі мен Каржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі әлемдік қаржы және тауар рыноктарындағытұрақсыздықтың теріс салдарын жұмсартуға бағытталған бірінші кезектегі шаралар кешенін жедел қабылдады және іске асырды.

Өтімділіктің жаһандық тапшылығын тудырған қаржы дағдарысының екінші толқыны әлемдік қаржы жүйесінің шеңберінен шығып, нақты секторға едәуір теріс әсер етті. Содан барып әлемдік экономиканың өсу қарқынының едәуір және соның салдары ретінде тауарлар мен қызмет көрсетулерге жаһандық сұраныстың баяулауы байқалды.

Бұл отандық экономиканы тұрақтандыру және оңалту жөнінде қосымша жаңа шаралар қабылдауды талап етеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржыжүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс қимыл жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау мақсатындаәзірленді және жаһандық дағдарыстың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға теріс салдарын жұмсартуға және болашақтағы сапалы экономикалық өсу үшін қажеттінегізді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін айқындайды.

Жоспардың мақсаты  Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға жаһандық дағдарыстың теріс салдарын жұмсарту және болашақта сапалы экономикалық өсуүшін қажетті негіздерді қамтамасыз ету болып табылады.

Мақсатқа жету үшін Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау агенттігі мынадай бес бағытта шоғырланатын болады:

  1. Қаржы секторын тұрақтандыру.

  2. Жылжымайтын мүлік рыногындағы проблемаларды шешу.

  3. Шағын және орта бизнесті қолдау.

  4. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту.

  5. Инновациялық, индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру.

Жобаны қаржылық қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының 10 млрд. АҚШ доллары ( 1 200 млрд. теңге ) көлеміндегі қаражатпайдаланылатын болады.

Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау агенттігі «Самұрық-Қазына әл-ауқат қоры және ҚазАгро ұлттық холдингі осы қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуынатұрақты мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді.

           Жоспарды іске асыру бойынша негізгі оператор болып «Самұрық-Қазына» қоры шығатын болды. Ол үшін үкімет «Самұрық-Қазына қорын 607,5 млрд. теңгеге қосымшакапиталдандыруды жүзеге асырды.

2007-2008 жылы қабылданған шараларға келер болсақ ағымдағы жылдың 9 айы ішінде ЖІӨ-нің өсуі шамамен 4%- ды, жұмыссыздық деңгейі 7%-ды құрады және тұтынубағаларының өсуін тұрақтандыру мүмкін болды.

Экономикалық өсу қарқынының төмендеуі жағдайында Үкімет контрциклдық бюджет саясатын, ал Ұлттық Банк – жағымды ақша–кредит саясатын жүзеге асыратынболады. Алайда экономика мен қаржы секторын тұрақтандыру шамасына қарай ақша-кредит және фискалдық саясаттар макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, оның ішінде, инфляцияның төмен қарқынын ұстап тұру мақсатында қаталдандыратын болады. Мысалы, Үкіметтегі отырыста Ұлттық Банк басшысы Әнуар Сәйденовмәлімдегендей, Қазақстанның тұтыну рыногындағы ахуал инфляцияның бәсеңдеп келе жатқанын көрсетеді. Бас банкирдің айтуына қарағанда, осы үрдіс ағымдағы жылдыңсоңына дейін сақталып, келер жылы да жалғаспақшы. Мұндай ахуал Ұлттық Банкке инфляцияның жылдық көрсеткішін 10 пайыздан асырмауға мүмкіндік туғызады. Соныменқатар, 2009 жылы инфляцияны 7,5-9,5 пайыз деңгейінде, 2010 жылы  7-9 пайыз деңгейінде ұстап тұруға әсерін тигізеді.

Ағымдағы жылғы 10 айда инфляция деңгейі 8,8% -ды құрады, мұның өзі 10%-дан аспайды деген болжамға сәйкес келді.

Жалпы алғанда тұрақтандыру шараларын жүзеге асыру арқылы еліміздің экономикасы 2 172 млрд. теңге көлемінде қосымша мемлекеттік қолдауға ие болады. 2007-2008 жылдары қолға алынған іс шаралардың және экономиканы тұрақтандыру жөніндегі  2009-2011 жылдарға арналған жоспарды орындаудың нәтижесінде Қазақстанда ЖІӨ ніңөсімі  2009-2010 жылдарда 1-3 пайыз деңгейінде тұрақтайды деген болжам бар. Сонымен қатар жоспарға сәйкес,  2009-2010 жылдардың соңына қарай инфляцияның деңгейі 7-9 пайыздан, жұмыссыздықтың деңгейі 8 пайыздан көтерілмейді.

Қорытынды


 

       Зерттеу жұмысының І – бөлімі «Инфляцияның теориялық аспектілері»  деп  аталады, онда мынадай мәселелер қарастырылды:

- Инфляция түсінігі, пайда болу себептері;

- Инфляция түрлері мен факторлары;

- Инфляция әлеуметтік - экономикалық салдарлары.

Инфляция қоғамда ақшаның құнсыздануы, бұл процесс қарқынды да ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау (бартер) кеңейеді.

Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат – ақша»  саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие  беру «процентін  және міндетті резерв нормасын өте  жоғарыдеңгейде ұстап отырды. Осылай  жүргізілген  монетарлық  (ақша – қаржы) саясаттың нәтижесінде  инфляция  ауыздықталды, сонымен бірге ішкі  өндіріс  пен нарық  екі – үшесе қысқарды,  ұлттық  өндіріс  орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық  күрт өсті. Негізінен  сыртқа  өнім шығаратын шикізат өндіру  салалары жұмысын  тоқтатқан жоқ,  керісінше  экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа  көшу жылдары Қазақстанда  бұрыннан  қалыптасқан  өндірісаралық диспропорциялар қысқарғанның  орнына артатүсті.

Қазақстан Республикасындағы инфляцияның дамуы – мемлекеттік бюджет тапшылығына байланысты. Бюджет тапшылығы   инфляцияның   қайталама  факторы  болыптабылады, өйткені ол  шығындардың  инфляциясынан  жәнге  осығарн  байланысты  мемелкет  кірічстерінің  құнсыздануынан туады.

Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды.

Курстық жұмыстың ІІ – бөлімі «Қазақстан республикасындағы инфляция және   оны реттеу» деп аталады, ол келесі бөлімшелерден тұрады:

- Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және  ерекшеліктері;

- ҚР инфляцияның қазіргі кездегі даму қарқынын талдау;

- Инфляция салдарынан туындайтын проблемалар

2004 жылдан бастап  Ұлттық  банктің  негізгі  мақсаты ретінде  бағалардың  тұрақтылығын  қамтамасыз ету  ақша – кредит  саясатындағы мүлдем жаңа айқындама  болыптабылады.

Негізгі  мақсатты  орындау үшін Ұлттық банкке  мынадай  міндеттер жүктелген:

  • мемлекеттің ақша – кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;

  • төлем жүйелерінің  жұмыс істеуін  қамтамасыз  ету;

  • валюталық реттеуді және  валюталық  бақылауды жүзеге асыру;

  • қаржы жүйесінің  тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал  ету


 

Ұлттық  банктің  негізгі  мақсаты мен  міндеттерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін  Ұлттық Банк жариялаған Еуроодақ стандартына  және  инфляциялық таргеттеу принциптеріне көшуді едәуір   нақты көрсетеді.

Курстық жұмыстың соңғы бөлімінде келесідей мәселелер келтірілді:

-ҚР-да инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары;

- Инфляцияға қарсы саясатты жетілдіру жолдары;

- Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары;

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2006 жылғы жолдауында айтқандай: «Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әріжаңарту мен әртараптандыру үшін мемлкет қазынагерлік, кредит-ақша саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта сапалы өнім мен қызметке деген сұраныстыкөтермелеп отыруға міндетті. Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру мақсатында нақтылы тұрғыда мынадай бағыттарда баса көңілбөлу керек. Оның бірі  - ақша-кредит саясаты Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілікҰлттық Банк пен Үкіметке жүктеледі. Олардығ қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар. Ақша-кредит саясатының келесі міндеті – қаржы нарығыныңтұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбасбағамының икемділігін сақтап тұру. Осы орайда Ұлттық қор маңызды рөл атқаруға тиіс. Үкімет Қор қаражатының ашықтығын және ұтымды құрылуы мен пайдаланылуынқамтамасыз етуге тиіс деп санаймын». /18, 4б./

Қазақстан экономикасында сақталып отырған жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша қатынастарын реттеудегі жаңа режимге, яғниинфляциялық таргеттеуге көшуге бағыт алды.

Еліміздегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу, қаржы секторының пәрменді дамуы, сыртқы экономикалық конъюнктураның жайлы болуы Ұлттық Банктіңқызметінің сапалы және жаңа жолға түсуіне себепші болды. Бұл өз кезегінде ақша-кредит саясатының құрылуына және дамуына ықпал етіп, іскерлік ортаға, коммерциялықемес банктердің жұмысын бақылауға және ақша айналымын тұрақтандыруға әсерін тигізді.

Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты ақша агрегаттары мен теңге бағамына ғана байланысты емес, сонымен қатар, басқа да монетарлық емес факторларға: ауылшаруашылық өнімдері, жанармай және тұрғындық-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің бағасына да байланысты инфляцияны минимизацияға бағытталған.

Сонымен тоқсан сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ, инфляция төңірегінде қозғалып жатқан мәселелерді жай сөз ретінде қалдырмай онымен күресу шараларынжетілдіріп, тиімді жолдарын іздестіру керек. 


 


 

Қолданылған әдебиеттер тізімі


 

  1. Бухгалтерия-Жұмабек Жанділдин «Қазақстан экономикасының «қызуы» қандай?». // Айқын апта №71 (523) 20.04.2006, бейсенбі.

  2. Бимендиева Л.А. «Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің   нәтижесі ретінде» // Хабаршы журналы № 6, 2004 ж.

  3. Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», 

      Алматы – 2001.

  1. Жүнісов Б., МәмбетовҰ., Байжомартов Ү.  «Нарықтық экономика  негіздері»    Алматы «Экономика»-2000ж

  2. Көшенова Б.А. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары»

      Алматы «Экономика»-2000ж

  1. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие»,  Алматы – 2000 ж.

  2. Мэнкью Н.Г. «Макроэкономика»,  Москва 1999 г

  3. Мауленова С.С. «Экономикалық теория».  Алматы – 2004.

  4. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С. «Микроэкономика».  Алматы – 2000 ж.

  5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының   ұзақ мерзімдік (2030 ж. дейінгі) даму стратегиясы.  Алматы - 1997

  6. Райханов Н. «Қазақстанның экономикалық реформа жолы өзінше»  // Ақиқат  -1996ж

  7. «Экономикалық саясат», // Экономика Алматы - 2002

  8. Ільясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы», // Алматы,2005ж.

  9. «Макроэкономика», Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанова.  Алматы – Экономика, 2003ж.

  10. Қазақстан Республикасының президентінің халыққа жолдауы. 2006 жыл, маусым

  11. «Банки Казахстана» №3, 2006ж. // Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2006 жылдың 7-мамыр №5 баспасөз-релизі 2006 жылдың қаңтар-ақпанға арналған.

  12. Сәйденов Әнуар. Ұлттық валюта: белесті жылдар бедері. //Егемен Қазақстан 2005ж. – 15 қараша, 6 бет.

  13. «Банки Казахстана»  №1, 2005ж. // Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі №004 баспасөз-релизі 2005 жылғы 13 қаңтар.

  14. «Банки Казахстана» №10, 2005ж. //Досниязова А.К. Инфляционное таргетирование.

  15. «Банки Казахстана» №8, 2006ж. //Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі баспасөз-релизі 2006 жылғы 16 тамыз.

  16. Қаржы-инвестициялық журнал «LS(Личный счет)» №2(17) Қыркүйек-қазан 2008жыл

  17. Г.С.Вечканов, Г.Р.Вечканова «Макроэкономика» Москва 2008г

  18. Егемен Қазақстан газеті 26 қараша 2008 жыл.

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  10  11  12  13  14  15  16  ..