|
|
АВТОРЕФЕРАТ ДИССЕРТАЦИИ Түркістан ұлттық элитасының қалыптасуы мен қызметінің тарихы (1900-1924 жж.)
ӘОЖ 958
4(584 5) : 947. Д83
Отандық тарихтың мазмұнын байытып, осы кезге дейін қалыптасқан тарихи таным жүйесін қайта қарауда дәстүрлі тоталитарлық жүйенің әдістемелік негіздерінен бас тартаотырып, оны алмастыратын тың негіздер батыл тұрғыда іздестіріліп, зерттеу барысында қолданысқа енгізіліп келеді. Қоғам дамуының заңдылықтарын айқындап, тарихиүдерістерге баға беруде элита теориясы ұтымды тәсіл ретінде шетелдік қоғамдық ғылымдарда сәтті қолданыс табуда. Таптық қағидаларға балама позиция ұстанатын бұл концепцияәзірге отандық тарих ғылымында іргелі зерттеу жұмыстарына негіз бола қойған жоқ. - екіншіден, ХХ ғасыр басындағы дүниежүзілік ұлт-азаттық қозғалыстың Ресей отарындағы аймақтық көріністері түрінде пайда болып, даму барысында дербес саясиқұбылыстарға айналған Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы мен Алаш қозғалыстары да қазіргі кезде тарихи ойдың қызығушылығын оятып отыр. Қазақстан мен Орта Азияреспубликалары тәуелсіздігінің бастауында тұрған бұл қозғалыстарды бірін-бірі толықтыратын біртұтас ортақ құндылықтарымен және бірін-бірі қайталамайтын ерекшеліктерімендара құбылыстар ретінде қарастыру қажеттілігі айқын сезіліп отыр. Бұл мәселеге элита теориясы тұрғысынан назар аударылар болса онда тарихи танымның игілігіне айналатынсоны нәтижелерге қол жеткен болар еді. Өйткені, бұл қозғалыстардың идеялық сабақтастығы мен бағдарламалық мақсаттарының сәйкестігі үйлестіруші факторларыныңортақтығымен бірге олардың басқарушы элита өкілдерінің де саяси көзқарасы мен рухани-мәдени ұстанымдарының ортақтығынан туындап жатты. Бұндай саяси, мәдени-руханиортақ ұстанымдардың негізділігі қазіргі бауырлас мемлекеттер арасындағы интеграциялық ықпалдастықты одан әрі өрбітуге жаңа тыныс береді. - тақырып өзектілігінің үшіншіқыры – қазіргі заманғы тарихи таным тәсілдерінің бірі ретінде элита теориясы концепциясын қолдану мүмкіндігінен туындайды. Еліміздің тарихи Ресей мен Кеңес Одағықұрамындағы даму факторларының жүйесінде саяси басқару факторы маңызды орын алып келді. Бұл жағдай мемлекеттік басқарудың субъектісі болған саяси элитаның рөлінарттыра түседі. Түркістан өлкесінде іске асырылған кез-келген модернизация осындай себептермен “жоғарыдан төменге“ қарай бағытталғаны белгілі. Тоталитарлық билік қоғамдықдамудың эволюциялық ырғағына қарсы жүргізген саясаты терең әлеуметтік, саяси күйзелістерге ұрындырғандықтан да осының бәріне тікелей жауапты билік басындағы басқарушыэлитаның қоғамдық құбылысқа айналған болмысын тану қажет-ақ. Осы міндетті шешуде жаңа әдістемелік тәсілдің маңызы арта түседі деп есептейміз. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар мен бұрынғы кезеңдегі элитаайналымы үлгісінің түбірінен өзгергеніне қарамастан саяси элита бұрынғысынша еліміздегі саясиүдерістің маңызды факторы болып отыр. Соңғы кездегі саяси, әлеуметтік талдаулар көрсетіп отырғандай елімізде қалыптасқан мемлекеттік билік құрылымдарында саяси элитаөзінің ролін нығайтып келеді. Бұл үдерістің алдағы уақытта да жалғаса түсетін тенденциясы байқалуда. Дәстүрлі қоғамдағы әлеуметтік институттардың билік құрылымдарынқалыптастыруда ұстанған құндылық бағдарлары қазіргі кезде де маңызын жойған жоқ [2]. Демек қоғамдық өмірде саяси элита ықпалының артуы Қазақстандаэлитақалыптастырушы үдерістердің генезисін тарихи деректік материалдар негізінде концептуалдық тұрғыда зерттеудің маңыздылығы тақырыптың барынша өзекті екендігітанытады.
Бұл себептерге қосымша айтармыз, ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Түркістанның қоғамдық-саяси тарихын ғылыми ойдың тезінен өткізіп, тәуелсіздік идеологиясыталаптарына сай қайта қарау отандық тарихнамадағы олқылықтардың орнын толтырады деп есептейміз.
Біріншіден, Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы өзінің бағдарламалық мақсаттары, қызмет аясы, әлеуметтік-саяси негізі, тіпті ұйымдық құрылымы бойынша әлемде теңдесі жоққайталанбас ерекшеліктері мол тарихи құбылыс болатын. Сондықтан ол құбылыс аймақтық оқшаулауға көнбейтін, әлемдік ұлт-азаттық қозғалыспен саяси-идеялық тұрғыдасабақтасып жатты. Міне, осы күрделі сипат жүргізілген зерттеу жұмыстарының барынша әралуандығына негіз болды.
Тақырыптың зерттелуіндегі ең түйінді деп есептеген үшінші себеп - зерттеу жұмыстарында қолданылған теориялық-әдістемелік тәсілдердің сипатымен айқындалады. Тақырып тарихнамасының қомақты бөлігін құраған кеңестік тарихнамада маркстік таптық-формациялық әдістеме тарихи танымының негізі болған еді. Бұл кезеңдегі қоғамдықғылымдарда ғылыми зерттеудің элита теориясына орын болмады. Оның есесіне әлемдік ғылыми ойда бұл таным тәсілі қоғамдық-саяси құбылыстар мен тарихи оқиғаларға талдаужасап, ғылыми баға беруде батыл қолданып келеді. Ал идеологияланған кеңестік тарихнама оған “буржуазиялық қоғамның” кезекті сәтсіз тәжірибесі деген баға беріп қойды. Соданда кеңестік тарихнамадағы элитаға қатысты ой-пікірлерді ауқымды зерттеулердің арасынан біртіндеп іздеуге және ұқсас мәнді тұжырымдар мен концепцияларды элитологиялыққағидаларға сай талдап, тақырыпқа қарай “бұрып әкелуге” тура келеді. Демек, осы кезге дейін қолға алған тақырып концептуалды тұрғыда дербес зерттеле қоймағандықтан да алғақойған міндеттерді шешу ғылыми зерттеуді барынша мұқият жүргізуді қажет етеді. -элита теориясына қатысты әлемдік ақыл-ойды тарихнамалық тұрғыда талдау және жүйелік тәсілмен зерттеу; -“элита” категориясын тарихи-әдістемелік танымның нысаны ретінде негіздеу; -Түркістан қоғамындағы элитақалыптастырушы факторларды айқындау және жіктеу; -дәстүрлі, ұлттық элита мен партиялық-мемлекеттік номенклатураның қалыптасу үдерісіне талдау жасау; -кеңестік реформаларды іске асырудағы ұлттық элитаның қызметіне баға беру; -ұлттық элитаның жеке құрамы мен олардың арасындағы саяси ағымдарды айқындау; -Түркістан ұлт-азаттық қозғалысындағы ұлттық элитаның басшылық қызметін талдау; -кеңес өкіметінің жергілікті ұлт өкілдерін саяси, мемлекеттік құрылымдар басшылығына тартудағы топтық, әлеуметтік шектеу тетіктерінің сырын ашу; -Түркістандағы Алаш қозғалысы Оңтүстік қанатының қызметі туралы тұжырымды одан әрі тереңдету. Диссертацияның ғылыми жаңалығы. Отандық тарихта теориялық-әдістемелік тұрғыда Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының тарихы алғаш рет элита теориясының әдістемелікнегіздері бойынша қарастырылды. Осы кезге дейін тақырыптың бұл аспектісі отандық және шетелдік тарихшылар тарапынан қолға алынбаған болатын. Осыған байланысты зерттеужұмысының мынадай маңызы мен жаңалықтарын атап көрсетеміз: -алғаш рет шет елдік және отандық элита теориясына қатысты зерттеу жұмыстарына жүйелі түрде тарихнамалық талдау жасалып, қалыптасқан ой-пікірлердің мектептері менағымдары қарастырылды; -отандық тарихта тарихи таным тәсілі ретінде ғылыми-зерттеу жұмыстарында элита теориясының әдістемелік мүмкіндіктерін қолданудың алғышарттары айқынды; -нақты тарихи жағдайда элитақалыптастырушы саяси, әлеуметтік, рухани және этникалық факторлардың өзара байланысы жүйеленді; -Түркістанның тарихи қоғамдық-мемлекеттік жүйелеріндегі элита айналымының саяси, әлеуметтік тетіктері жіктеліп, олардың ортақ белгілері мен ерекшеліктеріажыратылды: -Түркістан жағдайында орныққан кеңестік қоғамның тоталитарлық жүйесінің билеуші тобына айналған партиялық-мемлекеттік номенклатураның қалыптасуы мен қызметінеталдау жасалды; -ұлттық элитаның жоғарғы және орта буын өкілдері жеке құрамының сипатты ерекшеліктері айқындалып, олар ұлттық мүддеге қатысты әрекеттеріне қарай топтастырылдыжәне олардың саяси көзқарастары мен қоғамдық ұстанымдары бір ізге түсірілді; -қоғамдық-мемлекеттік билік институттарының қоғамды модернизациялау саясатына қатысты ұлттық элитаның ұстанған позициясы мен ықпал етуші қызметіне баға берілді; -Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының негізгі кезеңдеріндегі ұлттық элитаның басшылық қызметтеріне және ұлттық күштердің арасындағы саяси ағымдарға талдау жасалды; -партиялық-мемлекеттік номенклатураның элитаайналымының тетігі ретінде қолданған жоғарылату тәсілінің таптық сипаты мен саяси мазмұны жан-жақты сараланды; -Түркістан ұлттық элитасы қызметі арқылы Алаш қозғалысының Оңтүстік қанаты жасырын жағдайда 1924 жылға дейін қызмет жасағандығы жөнінде концепция негізделді. Тақырыптың хронологиялық шеңбері. Түркістан ұлттық элитасының қалыптасуы мен қызметінің тарихы тақырыбының хронологиялық кезеңінің бастауы 1900 жыл болыпбелгіленді. Өлкеде отарлық билік толық орнап, оның мемлекеттік билік құрылымдары қоғамдық, саяси, экономикалық модернизациялау міндеттерін іске асыруға шұғыл кірісуіұлттық саяси элитаның қалыптасуы мен қызметін осы кезден бастауға негіз болады. Түркістан ұлт-азаттық қозғалысында қарулы күрестен бас тартқан ұлттық элита саясатсахнасына саяси күрес идеяларын алып шықты. Ал Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу әкімшілік, саяси бірлік ретінде Түркістан ұғымын тарих қойнауына жіберді. Ендігі жерде ұлттық элита қызметі жеке ұлттық мемлекеттер аясында қарастырылатын болғандықтан тақырыптың зерттеу кезеңі 1924 жылмен шектелді. Диссертацияның практикалық құндылығы ретінде элита теориясының әдістемелік қағидаларын басшылыққа алып, бай деректік материалдар негізінде жасалған негізітұжырымдар мен қорытындыларды, алынған нәтижелерді ғылыми еңбектер, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар дайындауға, сол сияқты әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағыболашақ доктор, магистр, бакалавр мамандары үшін отан тарихының теориялық және әдістемелік мәселелеріне байланысты арнайы курстар дайындауда қолданылатындығын айтуғаболады. Сол сияқты зерттеу жұмысында қалыптасқан әдістемелік тәсілдер ұлттық элита өкілдерінің қоғамдық-саяси қызметін жан-жақты зерттеп, тарихи таным нысанынаайналдыруға мүмкіндік береді. Диссертациялық жұмыстың деректік негізі. Отандық тарихнамада элитаға қатысты арнайы зерттеу еңбектердің болмауы және тәуелсіздік жағдайындағы тарихи танымқағидалары мен ұстанымдардың өзгеруі тақырыптың деректік негіздерін сұрыптаудың біршама күрделі сипатын айқындайды. Осыған байланысты зерттеу жұмысыныңдеректемелік негіздері бірнеше бағытқа топтастырылды. Атап айтқанда: - патша өкіметінің Түркістан өлкесі мен Далалық облыстарға қатысты реттеуші заңнамалық құжаттары; - кеңес өкіметі мен үкіметінің, Коммунистік партия мен басқа да ұйымдардың Түркістан Республикасы мен Қырғыз (Қазақ) автономиялы Республикасына қатысты шешімдерімен қаулы-қарарлары; - Түркістан өлкесі мен қазақ облыстарында жарық көрген мерзімдік басылымдар; - тақырыптың хронологиялық ауқымы шегіндегі қоғамдық-саяси, тарихи оқиғаларды айғақтайтын түрлі кезеңдердің міндетін арқалаған құжаттық деректердің жинақтары; - ұлттық элита өкілдерінің жарық көрген мемуарлық туындылары мен шығармаларының жинақтары.
Деректік негіз ретінде архив материалдары кеңінен пайдаланылды. Атап айтқанда Ресей мемлекеттік қазіргі заманғы саяси тарих архивінің (РГАСПИ) В.И. Ленин қоры (Қ.2), Халық Комиссарлар Кеңесі және Еңбек пен Қорғаныс Кеңесінің төрағасы В.И. Лениннің хатшылығы (Қ.5), РК(б)П ОК Саяси Бюросы (Қ.17), РК(б)П ОК Туркбюросы (1920-1921)
(Қ.61), БК(б)П ОК Ортаазиялық бюросы (Қ.62), БОАК пен РКФСР ХКК Түрккомиссиясы (Қ.79), БОАК пен РКФСР ХКК Түркістан істері жөніндегі комиссия (Қ.122), П.А. Кобозев (Қ.133) қорлары, Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік архивының (ҚРОМА) Жетісу облыстық басқармасы (Қ.44), Уақытша үкіметтің Жетісу облыстық комиссариаты (Қ.Р-13), Верный, Әулиеата, Қазалы, Түркістан, Шымкент уездік басқармалары (Қ.
41, 140, 267, 119, 124) қорларында жинақталған деректік материалдар қамтылды. Ал ҚазақстанРеспубликасы Президентінің архивындағы (ҚРПА) Халық Комиссарлар Кеңесі (Қ.14), Қырғыз Өлкелік партия комитеті (Қ.139), Қазақ Өлкелік партия комитеті (Қ.141) және Саясиқайраткерлердің естеліктері (Қ.811) қорларында ұлттық элита өкілдерінің 1924 жылдан кейінгі қызметтеріне қатысты мол құжаттық деректер талдау нысанына айналды.
Зерттеу тақырыбының негізгі нысаны болғандықтан басты дереккөзі ретінде Өзбекстан Республикасы Орталық Мемлекеттік архивының Түркістан генерал-губернаторыныңкеңсесі (Қ.1), Сырдария облыстық басқармасы (Қ.И-17), Сырдария облыстық соты (Қ.И-127), Түркістан Республикасы ОАК (Қ.17), Түркістан Республикасы Халық КомиссарларКеңесі (Қ.25), Түркістан Республикасы Ағарту Халық Комиссариаты (Қ.34), Түркістан Республикасы Ұлт істері жөніндегі Халық Комиссариаты (Қ.36), Түркістан РеспубликасыКәсіподақтардың Орталық Кеңесі (Қ.735) қорларының, сонымен бірге Өзбекстан Республикасы Президентінің архивындағы ТКП Ферғана обкомы (Қ.25), ТКП Сырдария обкомы (Қ.56), ТКП Орталық Комитеті (Қ.60), ТКП Самарқанд обкомы (Қ.68) қорларының материалдары дереккөз ретінде қолданылды. ХХ ғ. алғашқы ширегінде жарық көрген қазақ тілді “Қазақ” (Орынбор), “Сарыарқа” (Семей), “Бірлік туы”, “Сана”, “Ақ жол”, “Шолпан” (Ташкент), өзбек тіліндегі “УлұғТуркистон”, “Кенгаш”, “Хуршит”, “Наджот”, “Турон”, “Тарракий”, “Ойна” (“Айна” –Х.Т.) басылымдарында ұлттық элита өкілдерінің қоғамдық-саяси, әлеуметтік экономикалықмәселелерді көтерген құнды мақалалар жарық көрді. Ұлттық идеяның, тәуелсіздік идеологиясының қалыптасу эволюциясын анықтап, элита қызметіне баға беруде бұл деректемелікнегіздің маңызы ерекше. Сол сияқты осы кезде Түркістанда шығып тұрған “Туркестанские ведомости”, “Туркестанский курьер”, “Туркестанское сельское хозяйство”, “Туркестанский вестник”, “Известия” (Түркатком мен ТКП ОК органы) басылымдарында өлкедегі қоғамдық-саяси үдерістің мазмұнын айқындайтын құнды деректер жарияланды.
Кеңес өкіметі мен Коммунистік партияның Түркістандағы қызметін бейнелейтін орасан зор көлемдегі саяси құжаттарды бұл күнде деректік құндылық ретінде қарастырудыңмаңызы үлкен. Сол сияқты партия, кеңес қайраткерлерінің еңбектері де тақырып мазмұнын ашуда маңызды дереккөз болмақ. Тақырыптың құнды дереккөзі қатарында Түркістан ұлттық элитасы шоғырындағы М. Тынышпаев, С. Лапин, М. Бехбуди, Мұнауар Қари, М. Шоқай, Н. Төреқұлов, Т. Рысқұлов, С. Асфендияров, Ф. Хожаев, С. Қожанов, З. У. Тоған және т.б. қайраткерлердің мақалалары мен еңбектері, естелік жазбалары пайдаланылды. Сонымен біргеТүркістандағы саяси қозғалыспен тығыз байланыста болған Алаш қайраткерлері Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Қ. Кемеңгеров, Ж. Досмұхамедов, Х. Досмұхамедов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Әуезовтердің шығармашылық мұраларында тақырып мазмұнын айшықтайтын деректер көптеп кездеседі.
Аса елеулі деректік база ретінде отандық және шетелдік архивтердің бұрын қол жетпейтін қорлардағы құжаттардың жарияланымы болды. Осыған байланысты ҚазақстанРеспубликасы Президентінің архивы дайындаған жинақтар және Алаш қозғалысына қатысты құжаттардың жинақтарымен бірге Москваның «РОСПЭН» баспасынан жарық көргенжинақтар дереккөз ретінде кеңінен қолданылды.
Ұлттық элитаның қалыптасуы мен қызметі туралы теориялық танымымыз бен ұстанымдарымыздың қалыптасуына идеялық және әдістемелік тұрғыда елеулі ықпал жасағанжәне іргелі теориялық еңбектері басшылыққа алынған авторлар қатарында С. Зиманов, Р.Б. Сүлейменов, М. Қозыбаев, К. Нұрпейіс, М. Қойгелдиев, Х. Әбжанов, Т. Омарбековтердіатаймыз. -Қазақ мемлекеттігі құрылымының тарихи мәселелеріне теориялық талдау жасаудың элитологиялық концепциясы қоғамдық дамудағы саяси-әлеуметтік факторлар менэтникалық рухани үдерістердің өзара ықпалынан туындайтын ерекшелікті ескеруді қажет етеді; -ұлт-азаттық күресі ең басты элитақалыптастырушы фактор болғандықтан осы рухта қалыптасқан ұлттық элита құрамы мемлекеттік басқаруда қарымдылық таныта алмады; оның бір айғағы - Кеңес Одағы құрамындағы ұлттық мемлекеттік құрылымды айқындауда ұлттық элита өкілдерінің қоғамды модернизациялаудың орнына полиэтникалық негіздеТүрік Кеңестік Автономиялық Республикасын құру туралы жасаған саяси әрекеттері тарихи дамудың талаптарына жауап бере алмады; осы мәселеге байланысты Түрккомиссияныңәрекеті біржақты шовинистік сипатта түсіндіріліп келді; -Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының қозғаушы күші ретінде кеңестік тарихнамада европалық саяси партиялардың, европалық үлгідегі элитаның қызметіне басымдық берілсесоңғы жылдардағы тарихнама керісінше жәдитшілік, мұсылмандық, түркілік негіздегі қоғамдық ұйымдар мен партиялардың, ұлттық элитаның қызметін жоғары қояды, содан даөзінің әлеуметтік, саяси және ұлттық негіздері барынша әртекті, ортақ мақсатқа жұмылдыратын тұрақты үйлестіруші факторлары да сан-алуан болып келетін күрделі құбылысқа солүдерістердің ұйымдастырушысы болған элита қызметі арқылы баға беру барынша объективті нәтижелерге қол жеткізеді;
-мемлекеттік билік құрылымдарының қалыптасуы мен билеуші топтың қызметін зерттегенде таптық-формациялық теория мен элита теориясы бір-біріне бара-барлығынақарамастан, оларды бірден-бір оңтайлы тәсіл деп қабылдауға болмайды, өйткені қарастырылатын мәселенің мәні олардың арасындағы бірін-бірі теріске шығаратын теориялықалғышартқа қатысты емес, барлық түйін - әлеуметтік ақиқатты танудың тарихи өлшемінің өзгеруінде; -дәстүрлі қазақ қоғамы мен қазіргі қазақстандық қоғамның билік құрылымы мен басқару институттары қызметінің арасында рухани сабақтастық сақталғанымен, олардыңмазмұндық, түрлік, құрылымдық ерекшеліктері өте елеулі. Қоғамдық даму барысында бұндай ерекшеліктердің қалыптасуына өзге факторлармен бірге ұлттық элита қызметініңықпалы да айтарлықтай болды, сол сияқты ұлттық элитаның табиғаты да осы қоғамдық дамуға тікелей байланысты еді;
-элита категориясы билікке қол жеткізген билеуші топ түрінде қоғамдағы тұрақты әлеуметтік-саяси қауымдастықты танытатын болса Түркістан жағдайында ұлттық элитаұғымына өлкеде билік жүргізген патшалық, тоталитарлық элитаға балама позиция ұстанып түркілік, мұсылмандық, этникалық негізде топтасып, саяси мүдделерді қорғағанжергілікті ұлттың билікке араласқан, оған ықпал жасаған жоғарғы тобы енгізілді. Қазақстанның жаңа тарихынан бастап қазақ қоғамында ұлттық өркениетке аралас элементтер енебастады да қазіргі ұғымдағы “қазақстандық өркениет” қалыптасты. Тарихи дамудың осы сұлбасы қазіргі заманғы элита ұғымына да тән: қазіргі кезде ұлттық элита ұғымын қазақұлты құрған мемлекетке топтасқан қауымдастықтың жоғарғы тобын білдіретін “қазақстандық элита” ұғымына балама ретінде қолданамыз.
Диссертацияның құрылымы. Ғылыми жұмыстың құрылымы кіріспеден, бес тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Зерттеу бағытын таңдау ХХ ғ. алғашқы ширегінде Түркістан ұлт-азаттық қозғалысына элита теориясы тұрғысында тарихи талдау жасауға негізделді.
“Элита концепциясының қалыптасуы, тарихнамасы және теориялық әдістемелік негіздері” деп аталған бірінші тарауда отандық және шетелдік зерттеулерде негізделген элитатеориясының ғылыми мектептері, бағыттары талданып, тақырып бойынша жүйелі тарихнамалық шолу жасалды және мәселенің теориялық-әдістемелік негіздері қарастырылды.
Саяси элита мәселесінде Н. Макиавелли (1469-1527 жж.) тұтастай ғылыми көзқарастар жүйесін негіздеп, арыстанның табандылығы мен түлкінің айлакерлігін үйлестіреалатын билеушінің бейнесін жасап, билік шыңына өз қажыр-қайратының арқасында, тағдырдың сәттілігімен, отандастарының қолдауымен немесе қылмыс жасау сияқты үштәсілмен жетуге болады деп есептеді. Элита мен қоғамның ара-қатынасы туралы идеялар Томмас Гоббстың, Ж. Боденнің, Вольтердің көзқарастарында одан әрі дамытылды. Социализм таптар жойылған қоғамда орнайды деп сенген В.И. Ленин буржуазияны жеңген пролетариат саяси билікті қолға алып, қаналушыдан қанаушы тапқа айналады депесептеді. Социалистік басқару жүйесі нақты мәселелермен бетпе-бет келгенде жалпыадамзаттық құндылықтармен сыйыспайтын қателіктерге ұрындырды. Пролетариат қолынабилік тиген соң таптық идеяларға елігіп, кез-келген күшті таптап тастайтын көзсіз тобырға айналды. Ленин өмірінің соңында элита қалыптастыру жүйесін жетілдірудің шараларынұсынғанымен кеңестік билік құрылымы біртіндеп партиялық номенклатураға ұласты.
Саяси элита мәселесі орыс ойшылдарының шетелдік өкілдері-философтар Н.А. Бердяев, И.А. Ильин, С.Л. Франк, әлеуметтанушы П.А. Сорокин сияқты ғалымдарды да қаттықызықтырды. Дегенмен мәселені әр қырынан қарастырған ғылыми бағыттар мен мектептер элитаның қалыптасуы мен қызметінің заңдылықтарын анықтай алмады. Саяси элитамәселесін жүйелі зерттеу ХХ ғ. соңы – ХХІ ғ. басында ғана барынша қарқынды қолға алынды. Алғашқы бағыттағы зерттеу жұмыстары тақырыптық, желілік тұрғыда барынша кең ауқымда жүргізілді және ол зерттеулердің теориялық-әдістемелік тәсілдері де алуан түрліболып келеді. Осы тұрғыда Х. Әбжановтың “Ұлт-азаттық қозғалыстың үш мәнді белгісі бар: біріншісі - қозғалысқа жалпыұлттық идеяның тән болуы; екіншісі - қозғалыс алғақойған негізгі мақсаттың анық та ашық түрде мемлекеттік билік мәселесіне келіп тірелуі; үшіншісі – қозғалыс басында ұлт зиялыларының саяси көрегендік, қолбасшылық, кемелдік, дипломатиялық әбжілдік, харизмасы өткір қасиеттері бойында бар көрнекті өкілдердің тұруы” [3] деген тұжырымы Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының тарихнамасынталдауға жаңа тыныс береді.
Кеңестік дәуірдегі тарихнаманың бастапқы кезеңі таптық идеология орныға қоймаған, тарихи танымның “төңкеріске дейінгі” мектебі өкілдерінің ықпалы сақталуыменерекшеленеді. Т. Рысқұловтың еңбектері ұлттық элитаға қатысты құнды деректік құжат болды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы элитаның қызметіне ресми органдарбарынша керітартпа топшылдық күрес деп баға берді. Жариялылық пен демократия кезінде мәселеге қатысты тың концептуалды тұжырымдар ұсынған ортаазиялық тарихшылар [6] большевиктердің Түркістанда жүргізген ұлтсаясатын жаңа қырынан қарастыруға алғашқы талпыныстар жасады. Жаңа теориялық-әдістемелік негізде Түркістан қозғалысы тақырыбында іргелі ғылыми зерттеулер жүргізілді [7]. Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы және ондағы ұлттық элитаның қалыптасуы мен қызметіне қатысты отандық зерттеулерге әдістемелік негіз қалаған К. Нұрпейістің [8], М. Қойгелдиев [9] пен Д. Аманжолованың [10] және Ө. Озғанбайдың [11] іргелі зерттеу еңбектерінің маңызын атап көрсетуіміз керек. К. Нұрпейіс алғашқы болып Түркістанда қызметжасаған Алаш қозғалысының Оңтүстік қанаты туралы идеяны тұжырымдады. М. Қойгелдиев Түркістан Мұхтарияты мен Алашорда үкіметін бір-бірімен сабақтас мемлекеттікқұрылымдар ретінде қарастырды және Түркістан қозғалысының көсемі М. Шоқай туралы зерттеулері тақырып аясын кеңітті. Д. Аманжолованың еңбегі мәселеге құжаттық талдаужасап, ұлт-азаттық қозғалыстың шынайы мазмұнын қалпына келтіріп, ұлттық элитаның жеке құрамының қызметіне баға берудегі объективтілігімен ерекшеленеді. Ал Ө. Озғанбайдың зерттеуінде Ресей Мемлекеттік Думасына Дала және Түркістан өлкелерінен депутат болып сайланған ұлттық элита өкілдерінің қызметі алғаш рет және жаңа көзқарастұрғысында жан-жақты қарастырылды.
Түркістан тарихын соңғы жылдары отандық зерттеушілер түрлі аспектілерде қарастыруда. Тақырыпқа қатысты да бірқатар диссертациялық зерттеулер жүргізіліп, монографиялық еңбектер жарық көрді.
Тақырып тарихнамасындағы тұлғатануға қатысты еңбектер жекелеген желілерді терең де байыпты қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл бағыт ХХ ғ. басындағы ұлттық элитаөкілдерінің шығармашылық қызметінен бастау алды.
Х. Әбжанов ұлттық элитаға қоғамдық саяси құбылыс ретінде баға беріп, Шәкәрім қажының “Ең жақсы адам не қылған кісі?” деген сауалына “ел тағдырын шешер биліктің екітізгін, бір шылбыры кемелдің, үздіктің үздігінің қолында болуы қажет. Топты жарып шыққан осындай кемелдерді, осындай үздіктерді ғана ұлттық элита деген айдарменайшықтауға негіз бар” [24] деген ғалымның жауабы тарихи танымдағы элита ұғымының ұлттық мазмұнын айқындайды.
Дамыған елдердің индустриялды даму дәуіріне енуімен бұқараның рөлі артып, олардың билікке қоятын талабы күшейді. Бұл жағдай күштеуге негізделген азшылықтыңбилігін танытатын дәстүрлі басқару түрінің тиімсіздігіне көз жеткізіп, элита теориясын жетілдіруге ынталандырды. В. Парето элитаға өз қызметінің сапасымен барынша жоғары көрсеткішке ие адамдар деп анықтама беріп, оларды басқарушы элита және басқаруға қатыспайтын элита депбөледі [26]. Ол элитаның халықты бағындыруда күш пен құқықты бөліп атайды. Күштің көмегімен билік жүргізушілерді «арыстандар», ал билікті қулықтың көмегімен ұстаптұратындарды «түлкілер» деп атады. Элитаның бірінші тобы қатаң күштеу тәсілдеріне сүйенсе, екінші тобы үгіт-насихат пен саяси айла-шарғыға иек артады деп есептейді. Роберт Михельс қираған ескі мемлекеттің үйіндісіне орнаған жаңа тапсыз қоғам да элитаны қажет етеді, өйткені қоғамдық байлықтарды тиімді басқару шенеуніктер тобыныңауқымды жүйесін жасақтау арқылы ғана мүмкін болады дейді. Маркс капиталистік және коммунистік қоғамның арасында пролетариаттың революциялық диктатурасына сәйкескелетін экономикалық кезең болуы тиіс десе, Михельс оны өліп бара жатқан буржуазияның қолынан билік скипетрін алуға күші мен дәті жеткен социалист көсемдердіңдиктатурасы болады деп атайды. Көсемдер бұқараның жаратуымен дүниеге келіп, оның әміршісіне айналады, адам өз қолымен жасағанының өзіне билік жүргізуіне жол береді, бұқара үкіметтің әрекетсіздігіне төзбегенімен көсемдердің әділетсіздігіне кешіріммен қарайды, содан да үкіметке қарағанда өз көсемдеріне көп құлақ асады деген Михельстіңпікірлері кеңестік қоғамның билік заңдылықтарын талдауға мүмкіндік береді.
Қазақ топырағында дүниеге келген Қорқыт, әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Ясауилердің еңбектерінен мемлекеттік билікке қатысты жоғарыда айтылған теориялармен концепцияларға ортақ, ұқсас ойлар мен идеяларды көптеп кездестіреміз. Әйтсе де Ясауидің «камил инсан»-«толық адам» концепциясы сияқты элиталық ойларға жақын төлтумаидеялар да жоқ емес. Хандық дәуірдегі жыраулар поэзиясында кездесетін қазіргі заманғы элита теориясына тән қоғамдық ой-сана жетістіктері орыс мәдениетінің ықпалынсызқалыптасқан дербес құбылыс болса, орыс мәдениетімен ықпалдасқан Шоқан мен Абай көзқарастары элита теориясындағы ұлттық мазмұнды байытуға қызмет етті.
Элита қызметінің маңызды белгісі – стратегиялық шешімдер қабылдау және қабылданған шешімдерді бұқаралық сана мен құлық деңгейіне дейін жеткізуді қамтамасыз ету. Осыған байланысты қазіргі заманғы қоғамда орныққан билік көлбеуінің үш деңгейлі пирамидасы ерекшеленеді: жоғары деңгейде – билеуші элита; екінші деңгейде – «жоғарыдағылардың» қабылдаған шешімдерін таратушы саяси топ; үшінші деңгей – пирамиданың ұлтанын басқару нысаны болатын бұқара көпшілік құрайды. Бұл тұжырымэлиталық концепцияның таптық-формациялық теориядан ең басты ерекшелігін айқындайды. Саяси элита құрылымы қалыптасуының маңызды негіздерінің бірі - элиталық бөліктің саяси ықпалының қоғамдық-саяси, құқықтық-нормалық тұрғыда институттанудеңгейіне байланысты. Саяси ықпалының институттық мазмұн алуы деңгейіне қарай элитаны жетекшілер (көсемдер) және бюрократтар деп шартты түрде екіге бөлуге болады. Бюрократтар атқарушы билік құрылымдарында жоғары позиция иемденген барлық деңгейдегі және лауазымдағы әкімшілік басшыларын қамтиды. Саяси жетекшілер категориясынасаяси қызметпен кәсіптік тұрғыда айналысатын және саяси шешімдер қабылдауға жоғары деңгейде ықпалы бар, бірақ атқарушы билік құрылымдарынан тыс тұлғалар енеді.
Элитадан тыс топтардан өз құрамына мүше тарту сипатына қарай элита айналымы қоғамдық-саяси мазмұн алады. Әртүрлі әлеуметтік топтар өкілдерінің өз қатарына еркіненуіне мүмкіндік беретіні ашық элита деп, айналым үдерісі өзін-өзі жаңғырту сипатында болса, онда ол жабық элита деп аталады.
Қоғамды элиталық және элитадан тыс топтар деп бөлгенде оларды билікке әлеумет үшін маңызды стратегиялық шешімдер қабылдауға қатысу деңгейіне қарай бөліпотырғанымыз назарда болуы керек. Содан да зерттеу барысында «элита» терминіне «билеуші топ»,
«басқарушы орта»,
«биліктің жоғары эшелоны» деген ұғымдар синоним ретіндеқолданылады. “Ұлттық элита және Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы (1900-1917 жж.)” деп аталатын екінші тарауда отарлық тәртіптегі Түркістан өлкесінің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық тарихы, билік құрылымдары мен олардың қызметінің қалыптасу негізінің ерекшеліктері қарастырылады. Түркістан қоғамында билік құрылымдарын жасақтаудагуберниялардың үлгісі басшылыққа алынуы Ресей мемлекеттік бюрократиясының табиғатын тануға итермелейді.
ХІХ ғ. екінші жартысында әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыру мүддесі басқарушы топты қайта құру міндетін қойды. Империялық бюрократия қызметітиімсіздігінің басты себептерінің бірі шенеуніктердің білім деңгейінің төмендігі болса элита қатарын толықтыруда сословиелік шектеу де үлкен кедергі болды. Ресей бюрократиясыэлита айналымының ерекшеліктердің бірі – оның полиэтникалық құрамы еді. ХІХ ғ. соңында империядағы элитаның жеке құрамының ассимиляциялану үдерісіне қазақ ақсүйектеріде тартылды.
Облыстық әскери губернаторлардың құзырына әкімшілік, полицейлік, сот және әскери биліктер шоғырланды. Кең өкілеттілік «тұрғындар тыныштығын қамтамасыз ету жәнеондағы қандай да болмасын тәртіпсіздікті басып-жаншу үшін» жасалынды. Тәртіптің күшеюімен бірге губернатор жанындағы облыстық басқармалардың салалық құрылымыкеңейіп, билігі нығая түсті.
Патша өкіметінің жергілікті билік құрылымдарын жасақтау мүделерінің қисынсыздығынан Түркістан мен қазақ облыстарындағы әкімшілік басқару жүйесі тиімділігіменерекшелене қоймады. Ресейлік билік жүйесі қысқа мерзімде өлке экономикасын метрополия мүддесіне сай қайта құрды Түркістанды рухани отарлау арқылы ұлттық мәдениеттіңнегізін шайқалту үшін отарлық әкімшілік Түркістанда дәстүрлі мектептерге балама қалалық және приход школдарын, Ташкент қаласында мұғалімдер семинариясын ашты. Европалық үлгідегі оқу орындары әлемдік мәдениет жетістіктерімен танысуға жол ашты дегенмен ұлт өкілдерінің ол мектептерге барынша аз тартылуы, оқушыларды қосалқыкеңсе қызметкерлері етіп дайындау бағыты олардың ағартушылық миссиясын шектеді.
Ресей Мемлекеттік Думасына депутат сайлау Түркістандағы қуаты элитақалыптастырушы факторға айналды. Түркістан халқы «Мемлекеттік Дума сайлауы туралы ЕреженіЖетісу, Закаспий, Самарқанд, Сырдария және Ферғана облыстарында қолдану тәртібі туралы» Ереже бойынша сайлауға қатысты. Орыс азшылығы мен жергілікті ұлт көпшілігіарасындағы теңсіздікті бекіте түскен сайлау жергілікті тұрғындардың терең әлеуметтік мүдделерін оятып, халық бұқарасын саяси күреске тартты. Қатаң әкімшілік-саяси тәртіпорныққан өлкеде сайлау науқаны қоғамдық сана мен саяси әрекеттің белсенділігін арттырды. Қоғамдық сананы жаңғыртқан осындай жаңалаушы екпін жағдайында «Ресейдегі орысхалқының озық ойлы зиялылары да, отар болып бодандықтың қамытын киіп отырған шет аймақтағы халықтардың өкілдері – қазақ зиялылары да жеке дара ел билеудің келмескекетіп бара жатқанын түсінді»
[11,11 б.]. Кеңестік Түркістанда ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы бірнеше кезеңді қамтыды. 1918-1920 жж. аралығын қамтыған бірінші кезеңде мұғалімдер мен мәдени ағартуқызметкерлері үш, алты айлық курстарда дайындалды. Халыққа білім беру, жаңа қоғамдық құрылысқа, мәдениетке тарту қажеттігі асығыс шаралар арқылы іске асты. 1920-1930 жж. қамтыған екінші кезеңде ұлттық интеллигенцияның негізі жаңадан ашылған мұғалімдік, дәрігерлік, өндірістік, ауылшаруашылық техникумдарында дайындалды. Орта Азиямемлекеттік университетін осы кезеңде жергілікті ұлт өкілдерінен барлығы 20 маман бітіріп шықты. Ал 1930 жылдан кейінгі үшінші кезеңде педагогикалық, өндірістік-техникалық, ауылшаруашылық, дәрігерлік және басқа да жоғары оқу орындарының ашылуы жоғары білікті мамандарды көптеп дайындауға мүмкіндік берді. Ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы ұлттық элитаның қалыптасуы деген сөз емес. Кеңес өкіметіне жаңарту міндеттерін іске асыру үшін жергілікті ұлт өкілдеріненбасқарушы кадрлар керек болғандықтан кадр тапшылығы мәселесін шешуде жұмысшылар мен шаруаларды басшы қызметтерге ұсыну, жоғарылату тәсілі кеңінен қолданылды. Коммунистік партия бұл үдеріске шексіз монополия орнату арқылы элита қалыптастыру үдерісін өз құзырына алды. Жоғарылатылғандардың білімі мен тәжірибесіндегі олқылықты, қоғамдық ортадағы моральдық қолайсыздықтарды олардың бойындағы революциялық рух пен таптық қырағылық алмастыруы тиіс деп саналды.
Республиканың билік органдарында партиялық басқарудың орнағаны 1919 ж. мамыр айында өткен Түркістан коммунистік партиясының ІІІ съезі барысында анық білінді. Осыкезде республика коммунистерінің қатары 24077-ге жетсе, олардың 12043-і жергілікті ұлт өкілдері еді. ТКП құрамында ұлт коммунистерінің тең жарыға жетуін үлкен саяси күшретінде ұлттық элита өкілдері орынды пайдалана алды. ТКП ІІІ съезі мен Өлкелік мұсылман коммунистерінің І конференциясында Т. Рысқұлов «Бізге бұл жерде, көптеген өзгеұлттар мекендеген Түркістан өлкесінде таптық күресті бірлесе жүргізгендіктен де ол ұлттарды біріктіру керек, өйткені пролетариат ұлтқа бөлу дегенді білмейді»
[28] деді. Стратегиялық міндет ретінде Т. Рысқұловтың сөзінде алғаш рет түркістандық бірлік идеясы тұжырымдалды. Осындай мәлімдемелер Мұсылман коммунистері бюросына (1919-1920) съезд мінбесінен оң баға беруге қол жеткізді.
Ұлттық басшы кадрлар дайындауда үлкен маңызға ие болған Орта Азия коммунистік университетінде 1922 ж. тыңдаушылардың саны 445 болса, олардың 175 қазақ,
115 өзбек,
48 түркімен,
29 татар,
7 қарақалпақ,
53 орыс ұлтының өкілдері еді. Саяси дайындықтан өткен бұл кадрлар партия, кеңес, шарушылық органдарының төменгі және орта буындарындақызметке араласты.
«Қосшы» одағының ұлттық элита қалыптастыруда бір-біріне қарама-қарсы сипаттағы екі ықпалын бөліп атауымыз керек. Біріншіден, одақ белсенділері отарлық биліктіңсарқыншақтарын жоюды мақсат етіп, ұлттық құндылықтар үшін күресті. Екіншіден, С. Қожановтың сөзімен айтқанда «Бай-манап элементтерін жоюға бағыттылған кеңес өкіметініңшараларын іске асыру»,
«орыс және бұратана халықтардың бейбіт туысқандық ынтымақтастығын орнықтыруға жағдай жасау» барысында одақ белсенділері таптық белсенділік пенұлттық нигилизмге бұрыла берді. Бұл екіұшты жағдай қоғамның дамуы барысында ұлттық элитаның мәдени деңгейі, рухани ұстанымы және саяси бағытына қарай жіктелуінеәкеліп соқты. Осы одақтың қызметі арқылы көптеген түркістандық элита өкілдері республиканың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласты. Түркістанда бірінші орыс революциясының, жастүріктер мен жаспарсылар қозғалыстарының өнегесі тәуелсіздік идеясының орнығуына негіз болды. Бірінші дүниежүзіліксоғысқа дейін жәдитшілердің бағдарламалық құжаттарында феодализм мен отаршылыққа қарсы күрестің дәлелдері айқындалып, билік институттарын конституциялық жолменреформалау идеясы қалыптасты. Мұсылман халықтары үшін бұл кезеңде белгілі бір таптың мүддесін қорғаудан да отарлық тәуелділіктен құтылу қажеттілігі басым еді.
«Шурои Исламия»
- Мұсылмандар кеңесі ұйымның атауы оны европалық үлгідегі кеңестерден ерекшелендірумен бірге оның діни сипаттағы саяси-әлеуметтік бағытын дабайқататын еді. Өлкелік Мұскеңес төрағасы М. Шоқайдың Уақытша үкіметтің Түркістан Комитетінің мүшесі ретіндегі қызметі ұлттық-демократиялық күштердің автономияидеясын саяси күрес тәсілдері арқылы іске асыру әрекетіне кең жол ашты. Мұскеңес алдында ендігі кезекте ұлттық-демократиялық күштердің жікке бөлінуіне жол бермеу міндетітұрды. Өйткені Түркістанда ұлттық мемлекеттілік үшін күресте діни негізде орын алған алауыздық қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың бағдарламалық құжаттарында нақтыкөрініс тауып, одан әрі тереңдей түсті. Бұндай баламалы бағдарламалар ұлттық саяси күштердің дамуымен бірге ұлт-азаттық қозғалыстың көп жыл кейінгі тағдырын айқындаған алауыздықтың да көрінісі еді. Сондай алауыздыққа қарамастан Ташкенттегі большевиктік өкімет жеңісінен соң «Шурои Исламия» бастаған Түркістан ұлттық-демократиялық күштері халықтың өзін - өзібасқаруына қол жеткізу үшін 1917 ж. 26 қазанда Түркістан Мұхтарияты жарияланды .
Түркістан қозғалысының тұғырнамалық негіздері бойынша екі саяси ағымға жіктелуіне ұлттық элитаның саяси күрестегі тәжірибесінің аздығы, интеллектуалдықдайындығының төмендігі, халықтың полиэтникалық құрамы да айтарлықтай әсер етті. Ұйымдық, теориялық тұрғыда пісіп жетілмеген күштер большевиктік экстремизмге қарсытұра алмады. Бұл жағдай Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының қарулы қарсылық кезеңіне жол ашты.
Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының ерекшеліктері мынадай факторлардан туындады: біріншіден, өлке халқының полиэтникалық құрамынан туындаған саяси, руханиәралуандық түріндегі ішкі фактор; екінші, тарихи Ресейдің қоғамды модернизациялауының қарқынды жүргізілуі түріндегі сыртқы фактор. Алғашқы фактордың ықпалымен ұлт-азаттық қозғалысының идеологиясын қалыптастыруда жәдитшілер басты рөл атқарды және тәуелсіздік идеясы халықтың мұсылмандық, түркілік, түркістандық түріндегі ортақатаулармен бірігуіне негізделді. Ал екінші факторға байланысты отарлық биліктің қоғамдық өмірге, экономикаға жасаған өзгерістері өлке тұрғындарының тұрмысы мен санасынаелеулі ықпал жасай отырып, шовинистік сипаты арқылы ұлттық наразылықты өршіте түсті. Ұлттық элита қызметінің үлкен жетістігі болған Түркістан Мұхтариятының қуыптаратылуынан соң өлкедегі ұлт-азаттық қозғалыс сипаттық өзгеріске ұшырады. Жаңа қоғамдық құрылыс басқару элитасының құрамын елеулі түрде жаңартуды талап етті. Қоғамдық-саяси даму барысы елдегі көпөкіметтік биліктің қалыптасуына негізқалады. Ұлт-азаттық қозғалысының идеялық дем берушісі және тікелей іске асырушылары қос төңкеріс аралығында митингілер мен шерулер өткізу, партиялар мен ұйымдар құру, жалпыға бірдей, тең сайлау және жасырын дауыс беру құқына, әйелдерді саяси өмірге тартуға, дін ұстану еркіндігіне қол жеткізу арқылы мемлекеттік билік құрылымдарыныңқызметін демократияландыруға бастамашы болды. М. Шоқай ұлттық мемлекеттікті тек тәуелсіздік жағдайында ғана құруға болады деп есептеп, барлық өмірін осы идеяныңнасихаттауға арнады.
Тәуелсіздікті Бүкілресейлік Құрылтай жиналысымен байланыстырған ұлттық саяси күштер оның сайлауына белсене араласты. Жетісу облысынан Құрылтай жиналысына М. Тынышпаев, И. Жайнақов, С. Аманжолов, О. Әлімжанов сайланса, күрделі саяси жағдайға байланысты Сырдария округінде сайлау өтпей қалды. Бірақ Сырдария облысы қазақтарыарасында да сайлауға қатысты үгіт-насихат қызу жүргізілген. Депутат сайлау халық арасында үлкен саяси белсенділік туғызды. Бұрынғы сайлауда елудің бірі сайлауға қатысып, өзгелері тікелей дауыс беруден сырт қалатын халық бұл жолы әлеуметтік, мүліктік, діни сипаттағы шектеулерсіз тура сайлауға қатысып көрді. Билік құрылымдарына жергілікті ұлт өкілдерін тарту Кеңестердің Өлкелік V съезінен (1918 ж. 20-30 сәуір) басталды. Мемлекеттік құрылысты айқындауда алдын-аладайындалған шешімді заңдастыру үшін Орталық билік жергілікті ұлт өкілдерінен съезд делегаттарын көбейтуге мүдделі еді. С. Лапиннің «мұсылмандар барлық билікті өздерінеберуді талап ете алады, бірақ келімсек элементтердің өздерін билікке араластыруына келісім береді» деп кеңестік билікті парасатты сұхбатқа шақырған ұсынысы өктемдікпен аяқасты етілуі Түркістан Мұхтариятын жариялап, кең ұлттық өкілеттік негізде билік құрылымдарын жасақтауына ұласқан еді. Биліктегі ұлттық өкілеттікті кеңейту тәжірбиесінбольшевиктер V съезде іс жүзінде қолдануға тырысып, партияның қатарындағы
12 жергілікті ұлт өкілін Түркатком құрамына енгізді. Кеңестік мемлекеттік құрылыс жүйесінде Түркістан Халық комиссарлар Кеңесі (1917–1918 жж.) орталықтың ұстанымдарынан ауытқымайтын қуыршақ орган болды. Түркістан Кеңестерінің VІ төтенше съезінде (1918 ж. қазан) қабылданған Конституция Ресей үлгісін басшылыққа алғандықтан кеңестік құрылыстың саяси жүйесі ұлтқа жатқұндылықтарға басымдық беріп, отаршыл басқару құрылымының империялық-тоталитарлық үлгісін жаңғыртты. Басқару құрылымдарын жасақтауда таптық қағида басшылыққаалынып, ұлттық мүдде назардан тыс қалды. Ресейлік үлгімен құрылған сот, прокуратура, ВЧК, әскери трибуналдар жергілікті европалық жұмысшылар мен солдаттарданжасақталды, олардың басшылары орталықтан келген «десанттардан» тағайындалды. Жергілікті ұлт өкілдеріне сенімсіздік танытып, оларды күштік құрылымдарға жолатпауынанбұл салалардағы ұлт кадрлары аз болды. 1920 жылға дейін жергілікті ұлт өкілдері қызыл әскер қатарына алынбады. Эмиссарлық органдар Түркістан республикасында жоғары деңгейде партиялық және мемлекеттік қадағалау орнатып, партия-кеңес, шаруашылық қызметкерлерінен «десант» түсіру тәсілін тұрақты түрде қолданды. 1920–1923 жж. аралығында Түркістанға келген мәскеулік «десантшылардың» қатарында М. Буденный, Г. Бокий, В. Куйбышев, Ф. Голощекин, Я. Рудзутак, Л. Каганович, А. Иоффе, В. Ногин, С. Орджоникидзе, М.В. Фрунзе, Ш.З. Элиава сияқты «кәсіпқой революционер» деп аталған ескі гвардияның «генералдары» болатын. Олар Түркістанның қабырғасы қатпаған жас ұлттық элитасына орасан зор саяси, моральдық қысым жасады. Тіпті Фрунзе ұлттық саяси элита менТүрккомиссия мүшелері арасындағы саяси теке-тіресті тізеге салып, Орталықтың пайдасына күшпен шешіп берді. Қызыл әскер Орталықтан келген саяси элитаның арқа сүйеген еңбасты күші еді, 20-жылдардың бас кезінде Түркістанда 200 мыңнан астам ресейлік солдат болды. Түркістандағы барлық шиеленіс мемлекеттік билікті айқындаудан туындады. Тәуелсіздік идеясы Ресей төңірегіне топтасқан біртұтас, бөлінбейтін мемлекет құру саясатынақарсы қойылды. Ұлттық демократиялық қоғам орнатуға деген ұмтылыс таптық қоғам құруды көксеген озбырлық әрекетке қарсы тұрды. Ұлттық элита құрылымының балаңдығы, саяси күштердің ұйымдық тұрғыда пісіп жетілмеуінен саяси теке-тірес большевиктердің пайдасына шешілді. Ұлттық күштер сапалық өзгерістерге сай тәуелсіздік үшін күрестіңжаңа жағдайдағы тактикалық мақсаттарына топтаса бастады. Түркістанда большевиктер саясатының басты бағытына айналған кеңестендіру жұмысын билік құрылымдарына жергілікті ұлт өкілдерін тартусыз іске асыру қиын еді. Соғансай ұлттық кадрларға байланысты екі айырым көзқарас қалыптасты: біріншіден, мемлекеттік қызметтерді сеніп тапсыратын білікті ұлт кадрлары жеткілікті дәрежеде қалыптасаалмады; екіншіден, ұлт кадрларына билік тұтқасын тапсыруға деген сенімсіздік басым болды, өйткені олардың кеңестік құрылысқа, большевиктік идеяларға тәуелділігінқамтамасыз ететін саяси тетік қалыптаса қойған жоқ. 1918 ж. ортасы мен 1919 ж. ортасы аралығында Түркістанда жергілікті кеңестерде ұлттық құрам бойынша екі деңгейайқындалды, біріншісі ауылдық, селолық және болыстық аткомдар; екіншісі уездік, облыстық аткомдар. Төменгі сайланбалы органдар мүшелерінің ұлттық құрамы сол әкімшілікбірлік аумағындағы ұлттың үлесіне сай келді. Ал керісінше уездік, облыстық атқару комитетінің құрамындағы ұлт өкілдерінің үлесі тұрғындардың абсолюттік санына сай келмеді.
Ұлт өкілдерінің билік құрылымдарына сайлануы қандай қиын болса, сайланғандардың қызметтік құқықтарын іске асыруы да көп қиындықтарға тап болды. Жетісу, Сырдарияоблыстарында атком мәжілістері мен съездерде жергілікті халықтан сайланған делегаттарға қысым жасау жағдайлары кездескен. Ұлт өкілдерін кеңестік билік құрылымдарына тарту 1919 ж. соңы - 1920 ж. басында кеңестердің атқару комитеттерінің революциялық комитеттерге ауысуында бірқатарөзгерістерге түсті. Ұлт өкілдерінің атқарушы билік органдарындағы үлесі едәуір артқанымен, тағайындау қағидасы және ревкомның сандық құрамының шектелуі олардыңжергілікті билік құрылымдарындағы абсолюттік санын кемітіп жіберді. Түрккомиссия бастамасымен ұлыдержавалық-шовинистік және ұлтшылдық көзқарастарынан арылмаған түркістандық қызметкерлердің бір тобы Түркістаннан босатылып, Орталықтың қарамағына жіберілді. Оның есесіне 1920 ж. сегіз айда Түркістанға РК(б)П ОК түрлі мамандықтардағы 596 қызметкерлерді жолдады. Бұл әрекет ұлттық элитаныңсаяси эволюциясының ырғағын бұзып, ұлттық саяси бағыт-бағдарсыз партиялық-мемлекеттік номенклатураны қалыптастыруға негіз қалады.
1920 ж. қаңтарында Түркатком төрағалығына сайланған Т. Рысқұлов және оны қолдаушы партия, кеңес қызметкерлерінің тобы кеңес органдарына жергілікті ұлт өкілдерінкеңінен тартуға байланысты шараларды батыл іске асыра бастады. Мемлекеттік билік құрылымдарын қалыптастыруда таптық мүддемен бірге ұлттық мүддені де алға тартқан бұлтоптың әрекеті кеңес органдарының кадрлық құрамын жасақтауда таптық қағидадан ұлтшылдыққа ауытқу деп бағаланды.
Мемлекеттік аппаратты жергіліктендіруде П.А. Кобозовтың, Т. Рысқұлов пен оның жақтастарының жергілікті тұрғындарға кеңестерде басым көпшілік орын беруі туралыұсынысы Түрккомиссия нағыз шектен шыққандық деп бағаланды. Мәселеге В.И. Лениннің өзі араласып, тең үлесті өкілеттік туралы талаптарды дамыта келе РК(б)П ОК СаясиБюросының 29 маусым 1920 ж.
«Партияның Түркістандағы міндеттері туралы» қаулысы жергілікті кеңестер билігін сенімді коммунистердің бақылауымен еңбекшілерге берудідайындау және оны біртіндеп іске асыру қажеттігін көрсетті. Ұлт өкілдерін билік құрылымдарына, қоғамдық-саяси ұйымдарға кеңінен қатыстыруды ТКП V съезі (1920 ж. қыркүйек) өлкедегі отарлық қалдықтарын толығымен жоюаясында қарастырды. Түркістан кеңестерінің ІХ съезінде ТАКСР Халкомкеңесінің төрағасы И.Е. Любимов кеңес өкіметінің Түркістандағы бірден–бір дұрыс жолы ретінде РК(б)ПОК талдап жасаған «отаршылық та, ұлтшылдық та бізге керек емес, біз үшінші – интернационалдық бағытты жүргіземіз»... деген шешімді жайып салды. Ол өз сөзіндереспубликаның партия, кеңес органдары жергілікті қоғамның билеп-төстеушілерімен емес еңбекші бұқарамен жұмыс жасауы керек, «ұлттық бағытта емес таптық бағытта» күресжүргізу керек [30] деп Орталықтың талабын шегелей түсті. 1918-1920 жж. Түркістандағы кеңес аппаратына жергілікті ұлт өкілдерін тартуда маңызды кезең болды. РК(б)П ОК мен Түрккомиссияның нұсқаулары және тікелей қадағалауыарқылы республиканың орталық және жергілікті билік құрылымдары ұлт кадрларын дайындау, орналастыруға қатысты шараларды іске асыру нәтижесінде республиканың билікқұрылымдарына ұлт өкілдері кеңінен тартыла бастады. Әйтсе де демократиялық қағидаларды желеу еткен большевиктік билік ұлт кадрларын өсіруге таптық, идеологиялықшектеулер арқылы қоғамдық даму үдерісін қасаң таптық арнаға бағыттаумен болды. Осы кезеңде ұлт мәселесін пролетарлық интернационализм қағидаларымен алмастырудыңалғашқы негізі қаланды. Шектеулер мен қиыншылықтарға қарамастан аталған кезеңде кеңестік қоғамдағы ұлттық элитаның алғашқы буыны өсіп шықты. Кеңес өкіметінің нығаюы ұлттық элитаның саяси толысуына біршама қолайлы жағдай жасады. Бірақ ұлт-азаттық қозғалыста қалыптасқан идеялық тұтастық кеңестікқоғамдағы ұлт мүддесінің шешіміне және оны іске асыру тәсілдеріне деген көзқарас әр алуандығына байланысты ұлттық элитаның саяси жіктелуіне ұласты. “Ұлттық элитадан – кеңестік номенклатураға” деп аталған төртінші тарауда элиталық құрылымның кеңестік үлгісі - партиялық-мемлекеттік номенклатураның қалыптасуқағидалары мен әдістері, соған сай кеңестік реформаларды іске асырудағы ұлттық мәселелердің шешімі жан-жақты талданады. Кандидатурасы тиісті партия комитетіндеталқыланып, ұсынылып және бекітілетін барынша маңызды лауазымдар тізімін құраған номенклатураға маңызды қызметтігі қызметкерлер енгізілді. Н. Бердяев «Мемлекеттікбилікті күшейткен пролетариат диктатурасы бүкіл елді және өзіне бағыныштыларды шырмауықтай шырмап алып, орасан зор бюрократияны дамытады. Патшалық биліктіңбюрократиясынан әлдеқайда күшті бұл жаңа кеңестік бюрократия дегеніміз халық бұқарасын аяусыз қанайтын жоғары дәрежелі топтың өзі» деп жаңа қалыптасқан билеуші топқабағасын береді. Бұндай тұжырымдарды салыстыра отырып антагонистік топтар болмайтын социалистік қоғамда «халық бұқарасын аяусыз қанайтын» «жаңа топ» қалай пайда болды, оныңәлеуметтік негізін кімдер құрайды? деген сауалдарға «Мемлекет дегеніміз – күштеу мекемесі», «Мемлекет дегеніміз күштің ерекше ұйымы, қандай да болмасын тапты басып-жаншуұйымы» деген лениндік тұжырымның мәні «еңбекшілердің жалпыхалықтық социалистік мемлекеттерінде» «мемлекет қанаушы таптың қарсылығын басып-жаншу үшін қажет» [31] екендігін аңғартады. Лениннің өзі 1917 ж. сәуірдегі партия конференциясында «Кеңес мемлекеті полициясыз, тұрақты әскерсіз, артықшылық жағдайдағы шенеуніктерсіз жаңа үлгідегі мемлекетболады» деген сенімде болатын. Әйтсе де оның қоғамдық дамуда жағымсыз фактор ретінде жоюға мүдделі болған саяси институттары керісінше жаңа биліктің үштаған тірегі болыпшықты. Жаңа мемлекеттің күші мен қуаты осы тіректерді қалай қалыптастырып, қалай орнықтыруға тікелей байланысты болатын. Артықшылық дәрежедегі бюрократияныңқалыптасуы қатты толғандырған большевиктер көсемінің «пролетариат диктатурасын» «коммунистердің большевиктік партиясы іске асырады» деген қисынына сүйенер болсақ, пролетариат жаңа қоғамға билік жүргізуші, қоғамдық дамудың авангарды болып шығады. Осы «жаңа үлгідегі партияның» өзге партиялардан ерекшелігі оның мемлекет пен мемлекеттік аппаратты алмастырған тарихи миссиясы мен ішкі құрылымынан туындайды. «Бір жағынан ол кадрлық аппараты бар томаға-тұйық иерархиялық ұйым, екінші жағынан ол көпмиллиондық мүшелік құрамы бар ашық бұқаралық партия. Содан да партияныңэлитасы, белсенділері өздерін «партияның ішіндегі партия» сияқты сезінді» [32].
Большевиктік партияның кеңестік билікті нығайтудағы басты міндеттерінің бірі - партиялық-мемлекеттік аппаратты қалыптастыру болып белгіленуі алысты болжаған саясатеді. Соған байланысты Ресейдің ұлт аймақтары үшін кеңестік үлгідегі партия және мемлекет шенеуніктерін дайындауға баса мән берілді.
Кеңестік элитажасақтау жүйесінде дамудың мобилизациялық үлгісі сақталып қалды. Партияның Орталық Комитеті 1919 жылдың өзінде барлық күштер мен ресурстардықатаң түрде орталықтандыру қажеттігін атап көрсетті. Өкімет біртұтас әскер мен біртұтас қолбасшылық, орталықтанған қаржы, транспорт жүйесі және т.б. енгізуді көздеді. Мобилизациялық үлгі қалыптасуының алғашқы кезеңі – әскери коммунизм саясаты болды. Л. Троцкийдің «Әскери коммунизм өзінің маңызы бойынша қоршаудағы қамалдыңтұтынуын реттеу жүйесі болды»
[33] деген тұжырымы халықты мобилизациялаудың тетігі ретінде әскери коммунизм саясаты концепциясының негізгі идеясы - еңбектіәскерилендіруге алып келді. Ол билікті монополиялаған саяси шараларға ұласып, өзге партиялармен бірге партияішілік қатынастарды да орталықтандырып және әскерилендіретүсті. Бұл жағдай 1919 ж. қабылданған партияның жаңа Жарғысында ішкі партиялық нормаларды күшейту түрінде көрінді.
1922 ж. ХІ партия конференциясында большевиктік емеспартияларды қуғындауға дейін қатаң шаралар қолдану қарастырылды. Мемлекеттік және партиялық аппаратты жаппай бюрократияландыру басқарушылар штатын едәуір арттыруды талап еткен экономиканы национализациялаудан туындады. Бюрократияның қаулап өсуіне әсер еткен келесі фактор – қарапайым игіліктердің зәрулігі жағдайында шенеуніктің статусы ол игілікке паек түрінде ресми, пара түрінде биресми қолжеткізудің кепілі еді. Кеңестік жүйенің басқарушылар табының қатарын толықтырушылар үшін басты қозғаушы күш – материалдық игіліктерге қол жеткізу болғандығынаңғарамыз. Кеңес өкіметінің меншіктік қатынастарды мансұқтауы және меншік иелерін қанаушы тап ретінде қуғындауы материалдық игілікке қол жеткізудің бір ғана жолы –меншікті басқаруға мүмкіндік беретін билік лауазымдарын иемдену болды. 1920 жылдан 1930 жылдардың бас кезіне дейінгі басқарушы тап қызметінің тиімсіздігі - билеуші тап ішіндегі алауыздық және басқару элитасы мен халық бұқарасыарасындағы алшақтық еді. Орталықта элитаішілік алауыздықтың себебі индустриялық модернизация технологиясына қатысты концептуалдық және билік үшін күреске арналғанжеке бәсекелестік түрінде сипат алды. Бұл үдеріс Түркістан жағдайында көпқырлы көрініс тапты. Бұнда элитаішілік алауыздықтың себептерінің алдыңғы қатарына ұлттық өзін-өзібасқарудан туындаған себептер шықты, одан кейінгі басты себеп – Орталықтағыдай жаңа билік үшін емес, жекелеген ұлттардың жоғары билік құрылымдарындағы басымдығы үшінкүрестен туындады. Элита айналымына елеулі ықпал еткен партиялық тазарту акцияларына зорлық-зомбылық, бассыздық деп берілген баға басым болып келеді. Біздің пікірімізше, бұл акцияларбассыздықтан да бұрын партиялық басшылықтың белгілі мақсат көздеген байыпты әрекеті болған. «Әдебиет, партия, әскер – бұлар кейбір клеткалардың өлуін күтпей-ақауыстыруды қажет ететін организмдер. Сіздерді сендіре аламын, егер біз ескілері өліп біткенше күтіп, сосын барып жаңалаймыз десек, онда біздің құрығанымыз» [34] дегенСталиннің тұжырымы партия қатарын, сол сияқты элита құрамын үздіксіз тазартып отырудың мобилизациялық даму жағдайына қажетті шарттардың біріне айналғандығынтанытады.
Елдің экономикасын жеделдете модернизациялау міндеттері қажет еткен сталиндік элитажасақтаудың мәні бірпартиялық жүйе түрінде билік ұйымдарының монополиялығы; комсомол, кәсіподақ, білім беру жүйесі, БАҚ және т.б. түріндегі азаматтық қоғам құрылымдарын мобилизациялау құралдарына айналдыру; сайланбалы органдарға билікаппаратының үстемдігін қамтамасыз ету; мемлекеттік басқару мен оның түйінді элементі саяси элитаны (партияны) әскерилендіру; саяси элитаның ішкі тұтастығына негізделгенқатаң иерархиялық ұйым құру; басқару элитасы сапасының ерекше рөлі мен басқарудың жоғарғы эшелонының тиімді жұмыс істей алатын аймақтық және салалық жетекшілерініңтобын (200–300 адам) жасақтау және оларды стратегиялық маңызды лауазымдарға тағайындауды қалыптастыру; тұтастай алғанда, саяси элита мен саяси жүйені жоғары деңгейдеидеологияландыру еді.
Партия құрылысында ұлт мәселесінің шиеленісті сипат алуы ұлыдержавалық шовинистер мен буржуазиялық ұлтшылдар өкілдерімен күрес деп сыныпталды. ТүркістанКомпартиясы ұлыдержавалық шовинизмді басты қауіп ретінде таныды және Кеңес өкіметінің шараларын Түркістан халықтарының ерекшеліктерін ескермей қолдануға дегенұмтылыс деп бағаланды. Ал жергілікті ұлтшылдық ұлттық ерешеліктерді дәріптеу, таптық мәселені кейінге ысыру, ұлт ішіндегі таптық мүдделерді тұншықтыру деп айыпталды. Ұлттық элитаның кез-келген саяси әрекеті қанаушы таптың мүддесін көздеу, социалистік құрылыс ісін бүлдіруге ұмтылу, буржуазиялық қатынастарды қалпына келтіру түріндебағаланды. Партияның өз ішіндегі осы екі ағыммен күрес теориялық шеңберден шығып, ұйымдық-партиялық сипат алды. Осы негізде ұлттық құндылықтар таптық, бибауырмалдыққұндылықтармен батыл түрде алмастырыла бастады.
Алаштық тұғырнамадағы ұлттық элитаны билік құрылымдарына тарту большевиктердің амалсыздан ымырагершілікке барған уақытша жағдай болатын. Бұл жөніндегікөзқарасын И.В. Сталин Қазақ революциялық комитетінің құрылуынан соң іле-шала Е.Д. Стасоваға жазған хатында А. Байтұрсыновқа қатысты былай деп ашық білдіреді: “Мен оныреволюционер-коммунист немесе оны жақтаушы деп есептегенім жоқ және есептемеймін де, соған қарамастан оның ревком құрамында болуы қажет” [36]. Дегенмен, жоғарғыпартиялық билікті қолына алып үлгерген И. Сталин ескі ұлттық интеллигенцияны биліктен шеттетіп, оны «пролетарлық интеллигенциямен» алмастыру мәселесін күн тәртібінеқойды.
1918-1920 ж. Ташкент қаласындағы алғашқы партия, кеңес мектептері 2100, соның ішінде 600 жергілікті ұлт өкілдерінің басшы кадрларын дайындап шығарды. Бұл әрекетреспубликалық партия, кеңес органдарын басшы кадрлармен қамтамасыз етуге шешуші ықпал жасай алмағанымен республикадағы жаңа үлгідегі ұлттық басшы кадрларкорпусының іргетасын қалады. Партия ұйымдары жергілікті кеңестердің сайлауын мемлекеттік басқару қызметкерлерін дайындау және тәрбиелеу мақсатына пайдаланды. Партиялық басшылық кеңестерқұрамын буржуазиялық-ұлтшыл элементтерден тазартып, оларды жұмысшы, диқандармен тездетіп алмастыруды Түркістандағы ұлт саясатының тағдырымен байланыстырды.
1924 ж. мамырдағы ТКП VІІ съезі партиялық билікті нығайту бағытында Орталық партия органдарының шешімдерін одан әрі тереңдетіп, партияның өз ішіндегі топшылықтыайыптады. Бұл айыптау ұлт мүддесінің жоқтаушысы болған ұлттық элита өкілдерін ықтырудың кезекті саяси амалына айналды. Партияның комсомол комитеттеріне идеялық басшылығы әсіре билік пен саяси өктемдікке ұласуы республикалық партия және комсомол ұйымдары басшылығының арасында 1920 ж. жазында саяси жанжалға негіз болды. Мәселенің елеулі сипат алғандығын оны Түркбюро мәжілісі 31 шілдеде арнайы қарап, «Түркістан Коммунистік Жастар Одағы менТКП ОК арақатынасы туралы» қаулы қабылдауынан аңғарамыз. Ұлт жастарының басым бөлігін өз қатарына біріктірген комсомол ұйымдарының практикалық қызметі өлкедегіэлитақалыптастыру үдерісіне елеулі ықпал жасай алды. Ғани Мұратбаевтың Түркістандағы саяси қызметі оның кеңестік үлгідегі жаңа буын элитаның өкілі болып қалыптасып кележатқандығын танытатын еді.
Түркістан АКСР түріндегі алғашқы мемлекеттік құрылым аумақтық тұрғыда Түркістан генерал-губернаторлығының көшірмесі ғана болды. Сол территория, сол халық жәнешешімін таппаған бұрынғы мәселелер. Тек патша өкіметі кезінде сыналап іске асырылған отарлық саясатты кеңес өкіметі ашық жүргізе бастады. Кеңестік Ресейдің ОрталықАзиядағы геосаяси мүддесін Л. Троцкий «Әлемдік саясаттың азиялық алаңында біздің Қызыл Армия европалық саясат алаңымен салыстырғанда әлдеқайда қуатты күш екендігінеешқандай күмән жоқ. Бұл жерде бізге Европадағы оқиғалардың қалай өрбитіндігін ұзақ күтумен бірге азиялық шептегі белсенді қимылға да мүмкіндік беріледі»
[37] дептұжырымдайды. Бұл мүдде бойынша Түркістанға әскери, саяси плацдарм міндеті жүктелді. Идеология өзгергенімен, тарихи жағдай ауысқанымен патша өкіметінің геосаясиқадамдарының заңды жалғасы болған большевиктік билік ортаазиялық аймаққа толық бақылау орнату мақсатында 1917-1922 жж. әскери және саяси тұрғыда батыл қадамдар жасап, ұлттық мемлекеттік құрылымдарды талқандады. “ХХ ғ. алғашқы ширегіндегі Түркістан ұлттық элитасы” деп аталған бесінші тарауда ұлттық элитаның жеке құрамы мен саяси-әлеуметтік құрылымындағы саяси ағымдаржәне тарихи кезеңдегі ұлттық элита қызметінің сипатты ерекшеліктері айқындалды. Элитаның маңызды сипаттарының бірі - билігінің заңды деп танылу мәселесі болса, қазақ қоғамында билік заңдылығының М. Вебер негіздеген үш үлгісі де кездеседі, олар: дәстүрлі қоғамдағы беделді құрметтеуге негізделген дәстүрлі билік заңдылығы: екіншісі, харизмалық қасиеттерді ұлықтауға негізделген заңдылық; үшінші, парасатты заңдылыққасүйенген демократиялық қоғамдағы биліктің заңды деп танылуы. Бұл үлгілер қазақ қоғамында өзіндік ерекшеліктерімен көрініс тапты.
Европалық қоғамдық-саяси тәжірибе негізінде қалыптасқан элиталық теорияның көптеген өлшемдерді көшпелі өркениеттің төлтума ерекшеліктерін қамти алмайды. Дәстүрліқазақ қоғамындағы саяси билік пирамидасының биігі - хан, іргетасы - халық болса, биліктің екі нысанының арасын жалғастыратын аралық буынды билер, жыраулар және батырлартүріндегі элиталық қатпар құрады. Ғылыми әдебиетте орныққан осы байланыстырушы категориялардың қатарына діни элита өкілдері де қосылады. Әр рудың діни мәселесі қожаәулетінен шыққан, арнайы дайындықтан өткен пірлердің құзырында болып, олар элита қалыптастырудағы дін факторының өзегін құрады.
Ресми билікке қатынасы, әлеуметтік-саяси жағдайы және ұстанған қағидаларының әртүрлілігіне қарамастан діни, этникалық тегіне қарай топтасқан әлеуметтік топты ұлттықэлита деп атаймыз. Ұлттық элита Түркістан халықтарына ортақ ұғымда қолданылады. Оның жеке құрамы отарлық билікке жақын ұлт шенеуніктері, буржуазияның ықпалдыөкілдерімен бірге әкімшілік қызмет атқармаса да ел ішіндегі дәстүрлі билік ықпалын сақтап қалған дін, мәдениет қайраткерлерін біріктірді. Бұл топтың арасында дін өкілдері менақын-жазушылардың қатары мол әрі ықпалы да елеулі болды. Ұлттық элитаның отарлық билікке оппозиция ретіндегі салмағы уақыт өткен сайын арта түсті. Кеңес өкіметінің орнауымен біртұтас Түркістан ұлттық саяси элитасының идеялық және этникалық даралануы қатар дамыды. Қоғам ауысты, мемлекеттік билікинституттарының құрылымы мен мазмұны жаңарды. Ұлттық саяси элитаның кеңестік билікті мойындамаған өкілдері биліктен ғана емес, қоғамнан да шеттетіле бастады. Алэлитаның жаңа буыны өкілдерінің саяси партиялық номенклатура талаптарына сай қалыптаса бастады. Ұлттық мүддеге бірде жақындап, бірде алыстаған олардың элиталық қызметіалғашқы кезден бастап күрделі сипат алды. М. Сұлтанғалиев пен Т. Рысқұлов коммунистік доктринаның барлық постулаттарын қабылдай отырып, оны аймақтың ерекшелігінебейімдеуге әрекет жасады. Олардың кеңестік және коммунистік үлгідегі республикалардың «түрік», «мұсылман» нұсқасын іздестіруінің мәні - коммунистік тәртіпті орнату тетігінжұмсарту («социализмге тақия кигізу») ғана болғандығын билік басындағылар түсінгісі келмеді. Түркістанда жұмысшылардың партиясы ретінде большевиктік идеяларға әлеуметтікнегіз болмағанымен саяси белсенді ұлттық интеллигенцияның партия қатарына өтуі пайдакүнемдік, мещандық және интеллигенттік ұлтшылдық деп бағаланды.
Әлеуметтік құндылықтар билікке ұмтылған ұлттық элитаның әрекетін реттеуге ықпал жасады. Тәуелсіздік, әлеуметтік теңдік, сөз, ождан бостандығы сияқты демократиялыққұндылықтардың субъектісі ретінде ұлттық саяси элита құрылымдық, мазмұндық сапаларын жаңалауымен бірге ұлттық мүддені көздеген саяси ұрандар арқылы бұқаралық санағаықпал жасай бастады.
Жаңа экономикалық саясат жағдайында партиялық және мемлекеттік билік құрылымдарындағы ұлт коммунистері Кеңестік биліктің ұлт саясатына наразылықтарын ашықбілдіре бастады. Бұндай белсенділіктен қауіп ойлаған басшылық партия ұйымдарындағы ауытқушылық атаулымен күресті күшейту мақсатында ұлт коммунистерінің ІV кеңесінұйымдастырды. М. Сұлтанғалиевті идеялық тұрғыдан талқандауда Сталин дайындаған саяси ойынға ұлттық мүдденің қорғаушысы болып қатысқан Т. Рысқұлов одан айыпкерболып шықты. Партиялық басшылық Т. Рысқұловтың саяси күрестегі ұстанымдар жүйесіне «рысқұловшылық» деген айдар тақты. Ұлттық элита өкілдері Т. Рысқұлов көзқарасыныңинтернационалдық сипатын қуаттамай, оның идеяларының саяси тәуекелшілдігін сынап отырған. Т. Рысқұловтың Түрік Кеңестік Социалистік республикасын құру идеясына қарсыболып, оны биік мінбелерден әшкерелегенімен Н. Төреқұлов “рысқұловшылықты” саяси мүдде көздеген топтық құбылыс емес, қайта жергілікті мәдени-рухани және қоғамдықерекшеліктерден туындаған әлеуметтік ағым деп парасатты тұрғыда бағалады. Оның пікірінше, әлеуметтік ағым ретінде жаңа қоғамдық тәртіп онымен күреспеуі керек, қайта ондайағыммен санасуы тиіс. Дақпыртқа айналған ұлтшылдық ағымдардың бірі «Қожановшылық» алдымен Түркістанды, кейін Қазақстанды «отаршылық боқтықтан» (С. Қожанов) тазартуға қызмет етті. С. Қожановтың өлкедегі эмиссарлық орган мүшелерімен ұлттық мәселеде өткір саяси қақтығысқа келуі оның қызметіне партия тарапынан жағымсыз мінездеме беруге негіз болды. Ресми органдарда бұрыннан қалыптасқан бұндай теріс көзқарас Т. Рысқұловтың Сталинге жазған хаты арқылы «қожановшылық» деген саяси айдарға ұласты. Ал Түркістанқоғамында билік құрылымдарына ықпал жасау сипатына ие болған «Қожанов тобы» шын мәнінде ұлттық мүддеге топтасқан элита құрамын қуғындауда ресми билік өрбіткен саясидаңғаза еді.
1923 жылы С. Қожановтың Ортаазиялық Бюро құрамына мүшелікке тағайындалуы оны большевиктік биліктің мойындауы еді. Ұлттық элита арасындағы Рысқұлов пенҚожановтың саяси бәсекесі осы тағайындаудан соң ресми сипат алды. Екі қайраткердің көзқарасында ұлттық мүддеге қатысты ортақ ұстанымдар болғанымен олардың бір-бірінеқарама-қарсы пікірлері де аз емес болатын. Мәскеулік эмиссарлар екі қайраткерді бір-біріне қарсы қою арқылы ұлттың тұтастығына жік салуды көздеп, саяси бәсекені ашық саяситеке-тіреске дейін өршітті. Дегенмен бұл әрекет түгелдей мәскеулік сценарийдің жемісі деуге болмайды. Екі тұлғаның саяси көзқарасы мен қызметіндегі қарама-қайшылықсындарлы кезеңде ұлттық болмыстың бетпе-бет келген күрделі қоғамдық-саяси қайшылықтарының да көрінісі еді. Бұл жерде олардың жеке өмірінде ұстанған әлеуметтік, мәдениқұндылықтар жүйесі саяси тұлғаларының бағыт-бағдарын айқындағандығын ескеруіміз керек. Топшылдық күреске партиялық билік бағасының негізсіздігін әшкерелей келе осысаяси құбылысқа жаңаша көзқарас қалыптасуы қажеттігіне көз жеткіземіз. Ол көзқарас топшылдықты саяси құбылыс ретінде кемшілік, жетістігімен бірге ұлттық саяси элитаныңқоғамда ұлттық мүддені қорғауға бағытталған күрес тәсілі ретінде қарастыруға негіз болады. Кеңестік қоғамның басқару құрылымдарының негізін құраған ескі мемлекеттік қызметкерлердің басты миссиясы екі қоғам арасындағы байланыстырушылық рөл еді. Бұлкатегорияның қатарында М. Тынышпаев, С. Асфендияров, Т. Рысқұлов, С. Қожанов, Н. Төреқұлов, А. Серғазиев, Қ. Ибрагимов, И. Тоқтыбаев, Б. Аралбаев, Қ. Сармолдаев, С. Есқараев, О. Жандосов, Т. Жүргенов, Н. Айтақов, Н. Рүстемов, Ә. Палмұхамедов, Ә. Құдабаев, Н. Сатығұлов, Қ. Болғанбаев, Қ. Қожықов, Қ. Күлетов және т.б. көптеген тұлғалардыатауға болады. Олар жаңа қоғамда ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға ықпал жасады. Партноменклатура жүйесі нығайған сайын билік институттарындағы ұлттық элитаныңалғашқы буынының ықпалы азая берді. Оларды қуғындаудың алғашқы толқыны 1930 жылы А. Байтұрсынов, М. Дулатов, екінші толқыны М. Тынышпаев, Халел Досмұхамедовжәне Жанша Досмұхамедовтер бастаған топқа байланысты жүргізілді. Бұл істер бойынша істі болғандардың көпшілігі түркістандықтар болды.
Қуғындаудың келесі толқыны 1932-1933 жж.
«Бірыңғай жасырын орталық басқарған біртұтас контрреволюциялық құрылымдар» деген атпен оннан астам істі біріктірді. Ұлтшылдық орталықтың басшылары И. Тоқтыбаев, Б. Аралбаев, Қ. Баймұхамедов, Ғ. Нығматіллаевтердің ісі дербес жүргізіліп, бес жүзден астам азамат түрлі мерзімдерге басбостандығынан айрылды. Қуғындалғандардың басшылары Түркістанда жоғары лауазымды қызмет істегендер еді.
Көпұлтты Түркістан жағдайында қалыпты көрінген топшылдық күрес Қазақстандағы Голощекин-Қожанов тартысында ашық саяси айыптау нысанына айналды. С. Қожанов 1927 ж. Өлкелік Комитетке Ежов пен Ненайшвилидің «басшылық ықпалы негізінен топаралық қатынастарды есепке алу, топтардың арасалмағын теңестіріп отыру саясатынақұрылды. Ал мен топтарға заңды сипат беруге қарсы тұрдым»
[39] деп жазды. Топшылдық тартысқа партия органдарының қоғамдық-саяси сипат беруі мемлекеттік билік тізгінінұлт өкілдерінің қолына ұстатпауға қызмет жасады. Осы мәселенің ушығып кеткендігі соншалықты С. Қожанов 1924 ж. қазанында Сталинге «...Қырғызстандағы партия-советкадрларының одан әрі ыдырауын тоқтату және тоқырау ахуалынан суықтыру үшін ең алдымен РК(б)П Орталық Комитетінің өзінің тікелей басшылық жасауымен табандыпартиялық режим орнату керек»
[40] деп жазуға мәжбүр болды. Ұлттық элитаның саяси-идеялық тұтастығына Түркістан қоғамында қағылған сына біртұтас қазақ мемлекеттілігіжағдайында ресми биліктің қолдауымен қауіпті саяси алауыздыққа ұласты.
Ә. Бөкейхановтың мүдделестер тобын құрып, қатардағы көп міндеттерден ең бастысын ажыратып алатын көсемге тән саяси көрегендігіне сай Әлихан – Нәзір қатынасынаерекше назар аударуға болады. Олардың Минск қаласында түйіскен тағдыры саяси ынтымақтастыққа ұласты. Кеңестік биліктің жоғары лауазымдарында болған Н. ТөреқұловШығыс халықтарының Орталық баспасында өз ұстазын материалдық тұрғыда қолдап, саяси қамқорлыққа алған.
Ұлттық мүддені ұлықтаған «ақжолдықтар» мен И. Сталинге жүгінген большевик- биұлтшылдар түрінде ұлттық элитаның арасына түскен терең саяси, рухани жік қоғамдамуымен бірге алшақтай түсті. Кеңестік тоталитарлық жүйе осы теке-тіресте ұлтшылдарды большевик-биұлтшылдарға жеңіп бергендей болғанымен 30 жылдардың соңындаолардың өзі де сталиндік қанды қасаптың құрбаны болды. Осыған байланысты «Ұтқан кім, ұтылған кім?» деген сұрақ туындайды. Біздің пікіріміз, саяси жүйенің ойынына айналғанбұл пайдасыз, берекесіз тартыста ұтқан ешкім жоқ. Бәрі де ұтылушылар болды. Ең басты ұтылушы - қазақ ұлты еді, өйткені оның тәуелсіздігі көп жылға кейінге шегерілді.
«Түркістандық» деген жалпы атаумен біріккен түркі халықтарының ұлттық даралану үдерісін кеңес өкіметінің межелеу саясаты аяқтады. Жасанды жолмен біріктірілген «түркістандықтардың» жеке ұлттарға бөлінуі болмай қоймайтын тарихи ақиқат болатын. Т. Рысқұловтың Түрік Кеңестік Социалистік Республикасын құру жөніндегі идеялары менпрактикалық іс-әрекеттері белгілі бір мақсаттарда өзін ақтағанымен саяси конъюнктурадан өзге үлкен тарихи жүк көтере алмады. Өйткені түркілік бірлікті саяси-экономикалықтұрғыда кеңестік мемлекеттік жүйе құрылымына кіріктіретін оңтайлы практикалық тетік жасалмады. С. Қожановтың бұрынғы қалыптасқан дәстүрлі байланыстарды дамытаотырып, ұлттық-территориялық тұрғыда межелей отырып, Орта Азия мемлекеттерінің саяси федерациясын құру жөніндегі ұсынысы нақты өмір шындығын танытқанымен кеңестікбилік мәселені өз мүддесіне сай шешті.
Соңғы кезге дейін отандық тарих ғылымының ғылыми зерттеу қызметінде элита теориясының әдістемелік мүмкіндіктері толық игерілмей келеді. Қазақ ұлттық мемлекеттігінің билік құрылымдарының теориялық мәселелері қоғамдық дамудың рухани-адамгершілік және мәдени-әлеуметтік факторларын ескеріп, ұлттықмүддені жалпыадамзаттық құндылықтармен ұластыру арқылы шешілмек. Бұл мәселеде қоғамдық дамудағы ұлттық ерекшеліктерге басымдық берілуі тиіс. Элита категориясыбелгілі бір мәдени-рухани дәстүрлерде қалыптасып, орныққан, біртұтас азаматтық қауымдастық негізде топтасқан қоғамның барлық құндылықтарының жинақтаушысы, жаңғыртушысы болатын саяси-әлеуметтік топ. Ал ұлттық элита категориясы мемлекет құрушы қазақ ұлтының төңірегіне топтасқан саяси-әлеуметтік қауымдастықтың жоғарытобын білдіретін «қазақстандық элита» ұғымында орнығуы керек. Элитаның күрделі саяси-әлеуметтік құрылымы өзінің ішкі заңдылықтарына сай өз қатарын толықтырып, саяси-әлеуметтік бағдарын өзгерте алғанымен оның қызметініңтиімділігі белгілі дәрежеде мемлекеттің саясатына тәуелді болып келеді. Демек, қоғамның элитақалыптастырушы орта болғаны сияқты элиталық құрылым да мемлекеттіңқоғамдық-саяси, мәдени-әлеуметтік институттарын қалыптастыруға тікелей басшылық жасайды. Бұл өзара байланыстың үйлесімділігі қоғам дамуының деңгейін анықтайды. Түркістан тарихын элита теориясы концепциясының тұрғысында кешенді және жүйелі түрде талдау қазіргі заман тарихының қоғамдық-мемлекеттік бағдардағы ұлттық мүдденіңқалыптасуы мен іске асу эволюциясын айқындауға мүмкіндік береді. Бұл жағдай өз кезегінде қазіргі тәуелсіздігіміздің бастауында тұрған ұлттық элита өкілдерінің қызметіне бағаберумен бірге қоғамдық дамуға ықпал жасаған тарихи үдерістердің заңдылығын жан-жақты тануға негіз болады. Отан тарихындағы күрделі мәселелерді зерделеуде элитатеориясының концептуалдық әдіс-тәсілдер кешені саяси, әкімшілік, этникалық, аймақтық, шығармашылық, кәсіптік элита түрінде жаңа желілерді қарастыруға және тарихи танымдатың көзқарас қалыптастыруға негіз қалайды.
Отан тарихының кеңестік кезеңінде таптық көзқараспен қалыптасқан қоғамдық-саяси қағидалар мен ұстанымдардың шынайы мазмұнын ашуда таптық теорияға баламаретінде қолданылатын элита теориясы қазіргі кездегі таным тәсілдерінің әралуандығына қарамастан өзінің позициясын орнықтырып келеді.
Теориялық-әдістемелік концепция ретінде элита теориясы пәнаралық шекарасы нақты айқындала қойған жоқ, содан да бұл концептуалдық бағыттың тарихи аспектісінайқындаумен бірге саясаттану, әлеуметтану ғылымдарының зерттеу тәсілдерін тарихи таным мақсаттарына қолдану мүмкіндігі іздестірілуі тиіс. Мәселенің осылайша қойылуыотандық тарих ғылымының мазмұнын жаңартуда элита теориясының теориялық-әдістемелік және ғылыми танымдық мүмкіндіктерін одан әрі дамытуға ықпал жасайтын болады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Назарбаев Н. Тарих толқынында. –Алматы: Атамұра,
-1998. –237 б.
РЕЗЮМЕ
Актуальность исследования: исторический опыт формирования и деятельности национальной элиты в национально-освободительном движении Туркестана, стоявшего уистоков независимости народа, определяет актуальность исследования, как важного фактора в оценке направлений развития современных государственных властных структур иобщественных отношений.
Основные положения, заключения и результаты диссертации можно использовать для подготовки научных трудов, учебных пособий по теоретическим и методическимвопросам отечественной истории. Обоснованные в диссертации методические основы дают возможность всесторонне исследовать общественно-политическую деятельностьнациональной элиты.
SUMMARY
Actuality of the research: the historical experience of shaping and
activity of the national elite in national-liberation movement of
Turkestan, being the source of independence of people, determines
actuality of the research, as an important factor in evaluation of
directions of development of modern state authoritative structures and
public relations.
|
|
|