«Кәсіби қазақ тілі» пәнінен құрылыс мамандығы бойынша тест тапсырмалары – ЖҚФ

 

  Главная      Тесты     Экзаменационные билеты и тесты с ответами (разные)

 

 поиск по сайту           правообладателям

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     72      73      74      75     ..

 

 - 2019 год

 

 

«Кәсіби қазақ тілі» пәнінен құрылыс мамандығы бойынша тест тапсырмалары – ЖҚФ

 

$$$1 Қазақ тiлiнiң лексикалық құрамының баю жолдарын көрсетіңіз.

$$ тума және кiрме жолдармен

$ аударма жолымен

$ тек сөздік қордағы сөздерді пайдалану жолымен

$ көнерген сөздерді жаңғырту жолымен

 

$$$2 Құрылыс өндірісінің негізгі міндеті – ...

$$ қазіргі ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, ғимараттар, үймереттер салу, оларды жөндеу, темір конструкцияларын тұрғызу.

$ түрлі салаларда қолданылатын материалдар мен бұйымдар шығару.

$ алынған бұйымдарды, материалдар мен конструкцияларды сынақтан өткізу.

$ құрылыс салудың қыр-сырын игерген маман дайындау.

 

$$$3 «Ғимараттар салу» тіркесіне мағыналас тіркес қатарын көрсетіңіз.

$$ ғимараттар тұрғызу, тұрғын үйдің іргетасын қалау

$ ғимараттарды жөндеуден өткізу, темір конструкцияларды тұрғызу

$ тұрғын үйлерді сынақтан өткізу

$ темір жол құрылысын жүргізу

 

$$$4 Жер үсті жұмыстарына қандай жұмыстар жатады?

$$ бұрғылау, жару жұмыстары, жер өңдеу мен су шаруашылық құрылысындағы жұмыстар

$ жабындық жұмыстар

$ мұнай мен газ құбырларының магистральдық желілерін жүргізу жұмыстары

$ ғимараттар мен құрылыстарды қайта қалпына келтіру, толық жөндеу жұмыстары

 

$$$5 Жер қазу жұмыстарының түрлерін көрсетіңіз.

$$ қазан шұңқырлар, катлаван, алаңды тегістеу, су ағызу

$ электр қуатымен қамтамасыз ету

$ геодезиялық жұмыстар жүргізу

$ жылу желілерін жүргізу

 

$$$6 Атмосфераға тұрақтылық терминінің анықтамасын көрсетіңіз.

$$ заттардың атмосфералық факторлар әсеріне төтеп беру қабілеттілігі

$ ауадағы ылғалды сіңіру қабілеттілігі

$ су жұқпайтындық қасиеті

$ ерітінді қоспаның артық суды ұстау қабілеттілігі


$$$7 Су өткізгіштік  терминінің анықтамасын көрсетіңіз.

$$ материалдың қысымда ылғал өткізу қасиеті

$ ауадағы ылғалды сіңіру қабілеттілігі

$ материал қасиетінің ылғал әсеріне ұзақ кедергі көрсетуі

$ ерітіндінің жұмысқа қабілеттілік уақыты

 
$$$8 Үйкелгіштік терминінің анықтамасын көрсетіңіз.

$$ материалдың үйкелгіш күштер әсеріне кедергі қасиеті

$ қарқынды дыбысты әлсіздендіру қабілеттілігі

$ материал қасиетінің ылғал әсеріне ұзақ кедергі көрсетуі

$ материалдың ағару деңгейінің көрсеткіші

 

 

$$$9 Суыққа төзімділік  терминінің анықтамасын көрсетіңіз.

$$ материалдың маусымды мұздату және ерітуге қабілеттілік қасиеті

$ ақ бояуға пигментті пасталарды қоса отырып дара бояу дайындау процесі

$ материал қасиетінің ылғал әсеріне ұзақ кедергі көрсетуі

$ бұзылу басталғанға дейін материалдың максималды қысымы


$$$10 Отыру терминінің анықтамасын көрсетіңіз.

$$ материалдың кебу, қатаю кезінде өлшемі мен көлемінің кішірею қасиеті

$ сулы суспензия

$ қоймалжыннан қатты күйге өту қабілеттілігі

$ қатты фазаның отыруы

 

$$$11 Сөйлемнің жалғасын табыңыз: «Бетон арматураны тез қызудан сенімді қорғап тұрады, өйткені...».

$$ өрт кездерінде олардың отқа төзімділік дәрежесі жеткілікті

$ ұзақ мерзім пайдалануға болады

$ беріктігі уақыт өткен сайын жоғарылай түседі

$ механикалық қасиеттері жоғары

 

$$$12 Сөйлемді толықтырыңыз: «Темірбетонның артықшылықтары - ...».

$$ отқа төзімділігі жоғары, ұзақ мерзімде пайдалану мүмкіндігі

$ созылмалы және иілгіштік қасиеті

$ қоймалжың күйге өту қабілеттілігі

$ салмаққа төзімсіздігі

 

$$$13 Сөйлемнің жалғасын табыңыз: «Темір бетон дайындалу тәсіліне қарай ...».

$$ тұтас, яғни құрылыс объектісінде дайындалатын болып бөлінеді.

$ арматуралы бетон болып бөлінеді.

$ өте беріктігі ескеріледі.

$ салмаққа төзімді болып бөлінеді.

 

$$$14 Сөйлемнің жалғасын табыңыз: «Тасты конструкциялар мыңдаған жылдар бойы қолданысқа ие болған, ...».

$$ қазіргі кезде де сыртқы және ішкі қабырғаларда, іргетас бағандарында көп қолданады. 

$ құрал-сайман жасауда ғана негізгі материал болып табылады.

$ жабын ретінде қазір де қолданылады.

$ төзімділігімен ерекшеленетін ағаш.

 

$$$15 Сөйлемнің жалғасын табыңыз: «Беріктігі төмен болғандықтан алюминий ...».

$$ таза түрінде конструкцияларда қолданылмайды.

$ тек ыдыс-аяқ жасауда қолданылады.

$ өңдеуді қажетсінбейді

$ төзімділігін арттыру мүмкін емес

 

$$$16 Металл    конструкциялардың    конструктивтік    түрі    қандай құрылыс түрлерінде кездесетінін көрсетіңіз:

$$ көпқабатты және биік ғимараттардың қаңқасы

$ кірпіш өнімдері

$ есік, терезе

$ ішкі және сыртқы әрлеу

 

$$$17 Сөйлемді толықтырыңыз: «Коррозия дегеніміз - ...».

$$ металдың агрессивті ортамен әрекеттесуі арқасында химиялық қирау үрдісі

$ заттың түсінің өзгеруі

$ пішінінің өзгеріске ұшырауы

$ жылу айырғыш металдардың қолданылуы

 

$$$18 Көпірлер  сөзіне тіркес бола алатын сөздер қатарын көрсетіңіз.

$$ аркалық, аспалы

$ әрекеттесу, түзілу

$ айналмалы, электрлі

$ қолданбалы, өзгермелі

 

$$$19 Коррозия түрлерін көрсетіңіз.

$$ атмосфералық, жерастылық, контактілік, электрохимиялық

$ тіршілік әрекетінен пайда болған

$ сұйықтық, құрылымдық 

$ жерүстілік, ауа

 

$$$20 Сөйлемді толықтырыңыз: «Құрылыс металл конструкциялары көбінде ...  ұшырайды».

$$ атмосфералық коррозияға

$ электрлі коррозияға

$ жай коррозияға

$ жерүстілік жұмыстарға

 

$$$21 Сөйлемді толықтырыңыз: «Атмосфераның коррозиялық агрессивтігі оның ... байланысты».

$$ ылғалдығы мен ластығына

$ түрі мен түсіне

$ пішіні мен көлеміне

$ салмағы мен аумағына

 

$$$22 Сөйлемді аяқтаңыз: «Бетонның отыруы қатаюдың бастапқы кезінде ...».

$$ қарқынды болады.

$ болмайды

$ өте қарқынсыз болады

$ білінбейді

 

$$$23 Арматура терминінің анықтамасын табыңыз.

$$ Арматура деп темірбетон құрамындағы болаттан жасалған сырықтарды айтады

$ Барлық арматуралық болаттар кластарға бөлінеді.

$ Арматураның әр класының өз беріктік және деформациялық сипаттамалары бар.

$ Арматуралық болаттардың қасиеттері көп.

 

$$$24 Құрылыс терминдерін көрсетіңіз.

$$ арматура, темірбетон, конструкция

$ лексика, омоним, грамматика

$ салмақ, килограмм, өлшегіш

$ сілті, қышқыл, темір

 

$$$25 Құрылыс терминдерін көрсетіңіз.

$$ баған, қаңқа, анкер

$ шрифт, дизайн, сурет

$ қылқалам, бояу, өшіргіш

$ қосу, азайту, көбейту

 

$$$26 Құрылыс терминдерін көрсетіңіз.

$$ ағаш құрылыс конструкциясы, темірбетон конструкциясы

$ семіздік ауруы, айықпас дертке шалдығу

$ түн ұйқысы төртке бөліну, көз ілмеу

$ зергерлік бұйымдар жасау, иненің көзі

 

$$$27 Құрылыс терминін көрсетіңіз.

$$ жұқа қабырғалы көлемді конструкциялар

$ фразеологиялық тіркес

$ қолжазба құқығы

$ баспа табақ

 

$$$28 Сөйлемді аяқтаңыз: «Ағаш құрылыс конструкциялары көбінесе...»

$$ қылқан жапырақты ағаштардан жасалады

$ ағаш бұтақтарынан жасалады

$ ағаш жапырақтарынан жасалады

$ ағаш үгінділерінен жасалады

 

$$$29 Сөйлемді аяқтаңыз: «Темірбетон коррозиясы деп конструкцияның уақыт өтуімен ...»

$$ зиянды ортаның әсерінен болатын бұзылуды айтады.

$ қылқан жапырақты ағаштың құрылымымен танысамыз.

$ заттарды таңдауда эксплуатациялық шарттарын ескереді

$ атмосфералық жауындардан қорғау керек.

 

$$$30 Қазақ халқының ежелгі баспанасы - ...

$$ киіз үй

$ кірпіш үй

$ шалаш

$ коттедж

 

$$$31 Стильдің түрін анықтаңыз: «Бетонның созылуға қарсылығы қысуға қарағанда 10-20 есе төмен».

$$ ғылыми стиль
$ көркем әдебиет стилі
$ ауызекі сөйлеу стилі

$ ресми-іс қағаздар стилі

 

$$$32 Терминдердің қай салаға қатысты екенін табыңыз: «бетон беріктігі, бетон класы». 

$$ құрылыс 
$ экономика 
$ тіл білімі 
$ әдебиет

 

$$$33 «Комплекс» сөзінің қазақша баламасын табыңыз. 

$$ кешен

$ мекеме

$ кеден

$ құрылыс

 

$$$34 Терминдік тіркесті табыңыз.

$$ термо қатайтылған болат

$ ерекшелігі мол тіл

$ наным-сенімге бай

$ бастықтың ағасы

 

$$$35 Берілген сөйлемдерге мағыналас сөйлемдерді табыңыз: «Қабырғалар ақ мәрмәр ұнтақ қосылып сыланған».

$$ Қабырға сылағына ақ мәрмәр ұнтақ қосылған.

$ Қабырға әктас қосылып сыланған.

$ Қабырғалар ақ мәрмәр ұнтақсыз сыланған

$ Қабырғалар мәрмәрдан қаланған.

 

$$$36 Берілген сөйлемдерге мағыналас сөйлемдерді табыңыз: «Төрт қабатты имарат негізін тас тіреулер мен бетон тоғыспалардан қаланған қаңқа құрайды».       

$$ Төрт қабатты имарат негізі тас тіреулер мен бетон тоғыспалардан қаланған қаңқадан құралған.

$ Төрт қабатты имарат негізін темір тіреулер мен ағаш тоғыспалардан қаланған қаңқа құрайды.

$ Төрт қабатты бұл имарат негізін ұстындар мен бағаналардан қаланған қаңқа құрайды.

$ Төрт қабатты бұл имарат негізін металл конструкция қаңқа құрайды.

 

$$$37 Жалғастырыңыз: «Бөлмеаралық есіктер – ...»

$$ үйдің бір бөлшегі

$ үйдің жалғасы

$ үйдің іргетасы

$ үйдің едені

 

$$$38 Термин сөздер дегеніміз не?

$$ Тілдің лексикасында ғылым мен техниканың алуан түрлі саласына қатысты қолданылатын сөздер.

$ Тіларалық қарым-қатынас нәтижесінде бір тілден екінші тілге ауысқан бөгде тілдік элементтер.

$ Белгілі бір аймақта қолданылатын сөздер.

$ Жалпы халықтық тілде қолданылып, сөздік құрамға енетін сөздер.

 

$$$39 Дұрыс құрастырылған сөйлемді көрсет.

$$ Әр халықтың өз дүниетанымына, өз болмысына сай, оның ұлттық ерекшеліктерін айшықтайтын сәулет өнері болған.

$ Колизейге болған жандардың назар аударады Рим қаласында барлығы.

$ Тіліміздің табиғи дамуының нәтижесі мұны деп қарауға болмайды.

$ Тіл өсу үнемі даму үстінде де,тірі организм секілді болады.

 

$$$40 «Көлем» сөзінің синонимін табыңыз

$$ ауқым

$ көлеңке

$ көл-көсір

$ көркем

 

$$$41 «Қоғамдық ғимарат» тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.

$$ общественное здание

$ изобразительное исскуство

$ древний город

$ общественное сооружение

 

$$$42 Синоним бола алатын қатарды табыңыз.

$$ мамандық, кәсіп

$ ауыл-аймақ, ағайын

$ күйзелу, сүйсіну

$ тоңу, шаршау.

 

$$$43 Термин сөзді табыңыз.

$$ іргетас

$ теңіз

$ мұхит

$ көгершін

 

$$$44 «Нысан, бағана» терминдері қай салада қолданылатынын табыңыз.

$$ сәулет-құрылыс

$ география

$ физика-математика

$ филология

 

$$$45 «Бетон» сөзіне тіркес құраңыз.

$$ қоспасы

$ ағаш

$ топырақ

$ өнер

 

$$$46 Құрылыс саласына қатысты емес сөзді табыңыз.

$$ әңгіме

$ ұстын

$ тіреу

$ арқалық

 

$$$47 Салалық терминдер мол қолданылатын стиль түрі:

$$ ғылым стиль

$ көркем әдебиет стилі

$ ресми құжаттар стилі

$ сөйлеу стилі

 

$$$48 Ғылыми еңбекті қысқаша тұжырымдау:

$$ тезис,конспект

$ пікір,сыни-пікір

$ жоспар, мақала

$реферат, мақала

 

$$$49 Ғылыми монолог дегеніміз - ...

$$ реферат

$ пікірталас

$ алқалы жиын

$ дәріс

 

$$$50 «Проектная организация» тіркесінің аудармасын табыңыз.

$$ жобалау ұйымы

$ жобалау кешені

$ жобалау ұжымы

$ жобалау шарты

 

$$$51 Кәсіби салада тілдік қызмет көрсететін тілдің ерекше функциональды түрі

$$ кәсіби тіл

$ шет тілі

$ әдеби тіл

$ ұлттық тіл

 

$$$52 Сөйлемді толықтырыңыз: «Қазақстанда бүгінгі күні құрылыс жұмысы қарқынды жүргізіліп, сәулетті де зәулім ғимараттар күн сайын көптеп...».

$$ бой көтеруде

$ азаюда

$ жиналуда

$ айтылуда

 

$$$53 «Составная часть» сөзінің аудармасын көрсетіңіз.

$$ құрамдас бөлік

$ ауқымы кең

$ бақылау орны

$ толық құрам

 

$$$54 «Декоративный штукатур» сөзінің аудармасын көрсетіңіз

$$ сәнді сылақ

$ өрнекпен нақыштау

$ өңдеу жұмыстары

$ қабырғаны сылау

 

$$$55 Терминдік тіркесті табыңыз. 
$$ ордерлік жүйе

$ айтып берді

$ әперіп жіберді

$ келе жатты

 

$$$56 Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз: «Темір, бетон, шыныдан ... оның аумағы да таңқаларлықтай». 

$$ жасалған

$ жүргізілген

$ жіберілген

$ жеткізілген

 

$$$57 Терминдердің қай салаға қатысты екенін табыңыз: «тұрғын үй, зәулім ғимарат». 

$$ сәулет-құрылыс

$ биология 
$ тарих
$ ауылшаруашылық

 

$$$58 Аяқталмаған сөйлемді табыңыз: 
$$ 
Ағаш конструкциялары тұтас болып

$ Діни және мемориалдық ескерткіштер 3 негізгі топқа бөлінеді
$ 
Сәулет өнерінің екінші мекке атанған ғажайып ескерткіші Қожа Ахмет Иасауи кесенесі

$ Қазақтың халықтық сәулет өнерін дамытуда ескерткіштің маңызы орасан зор болды.

 

$$$59 Кәсіби сөздер дегеніміз не?

$$ жұрттың бәріне бірдей түсінікті бола бермейтін, белгілі бір кәсіппен я шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдардың арасында ғана айтылатын сөздер

$ қандайда бір тілдің сөздерін екінші бір тілде қолдану

$ бір жерде өмір сүретін, бір тілде сөйлейтін халық тіліндегі түрлі ерекшеліктер

$ тіларалық қарым-қатынас нәтижесінде бір тілден екінші тілге ауысқан бөгде тілдік элементтер

 

$$$60 Терминология дегеніміз не?

$$ бір тілдің шеңберінде қолданылатын терминдерді түгелдей жинақтап, жүйелейтін ғылым

$ тілдің сөз байлығын, лексикасын зерттейтін ғылым

$ тілде екі немесе одан да көп сөздермен тіркесіп, бір ғана мағынаны беретін сөздер

$ сөз және онын формалары туралы iлiм

 

$$$61 Құрамында кірме сөз бар тіркесті терминді табыңыз

$$ бетон қабырға

$ сөйлем құрау

$ таза тіл

$ қанатты сөз

 

$$$62 Сөйлемді толықтырыңыз «Сәулет адамзат қызметінің ежелгі түрлерінің біріне...».

$$ жатады

$ болады

$ жазады

$ болмайды

 

$$$63 Терминжасамда жиі кездесетін жұрнақтарды көрсетіңіз:

$$ - лық; - лік; - дық; - дік; - тық; - тік

$ - та; - те; - да; - де

$ - мен; - бен; - пен

$ - нан; - нен; тан; - тен

 

$$$64 Аннотация дегеніміз не?

$$ мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау

$ мәтін мазмұнын толық баяндау

$ мәтінді сөзбе сөз көшіру

$ мәтіннің сызбасы

 

$$$65 Конспект деген ...

$$ белгілі бір еңбектің қысқаша, жазбаша мазмұны

$ шығарма

$ мәтіннен үзінді

$ мәтінді ауызша талқылап, түсіндіру

 

 

$$$66 Бір компоненті төл сөзден, екіншісі кірме сөзден тұратын тіркесті терминді көрсетіңіз.

$$ гидродинамикалық апат

$ күмбезбасты құрылыс

$ киіз үй

$ орталық саябақ

 

$$$67 Терминжасамда жиі кездесетін жұрнақтарды табыңыз:

$$ - ғыш; - гіш; - қыш; - кіш

$ - тың; - тің; -дың; - дің

$ - ты; - ті; -ды; - ді

$ - тан; - тен; -дан; - ден

 

$$$68 Тұрақты тіркесі бар сөйлемді көрсетіңіз.

$$ Ол өз ісін бес саусақтай біледі

$ Сәулет өнері ескі заманнан бері адамзатпен бірге жасап келеді

$ Құрылыс өнерінің бас шебері деген мағынаны білдіреді

$ Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас

 

$$$69 Дұрыс құрастырылған сөйлем нұсқасын көрсетіңіз. 
$$ Құрылыс материалдарын үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланады

$ Үйлерді, ғимараттарды құрылыс материалдарын салу мен жөндеуде пайдаланады

$ Ғимараттарды салу мен жөндеуде құрылыс материалдарын, үйлерді, пайдаланады

$ Үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланады құрылыс материалдарын

 

$$$70 Бір тілдің шеңберінде қолданылатын терминдерді түгелдей жинақтап, жүйелейтін ғылым

$$ терминология

$ лексикология

$ сейсмология

$ физиология

 

$$$71 Көп нүктенің орнына жіберлген сөзді қойыңыз: «Ғимарат жоба ... салынды».

$$ бойынша

$ туралы

$ жөнінде

$ қасында

 

$$$72 Кәсіби сөзді табыңыз. 
$$ ыңғуыр 
$ өсімдік
$ құлпынай 
$ сөздік

 

$$$73 Стильдің түрін анықтаңыз: «Емен жылу сүйгіш ағаштар қатарына жатады. Ол 150-200 жылдай өмір сүреді». 
$$ ғылыми стиль
$ көркем әдебиет стилі
$ ауызекі сөйлеу стилі

$ ресми-іс қағаздар стилі

 

$$$74 Термин сөзді табыңыз. 
$$ монолит
 

$ бұлақ

$ болашақ 

$ аспан

 

$$$75 Кәсіби сөзді анықтаңыз. 

$$ торлама

$ әуежай

$ кеден

$ касса 

 

$$$76 Қазақша баламасы жоқ интернационалдық терминді көрсетіңіз. 
$$ глобус
$ космос 

$ квитанция
$ комплекс 

 

$$$77 Терминдердің қай салаға қатысты екенін табыңыз: «бетон, тас қалау». 
$$ құрылыс 
$ математика 
$ қаржы 
$ білім

 

$$$78 «Дефект» сөзімен дұрыс табыңыз. 
$$ ақау
$ мекеме
$ кеден
$ құрылыс

$$$79 Термин сөзді қатарды табыңыз. 
$$ 
Құрылысшы-инженер-технолог құрылыс индустриясы объектілерін жобалау міндетін шешеді

$ Қасым ұста іске жарайды-ау деген мүйіздерді жинады 

$ Сұрапыл дауылға төтеп беру қиын-ақ 

$ Қарағым, қолыңнан келеді, зерттеушілікпен айналысқаның жөн 


$$$80 Дұрыс құрылған сөйлемді табыңыз. 
$$ 
Астана қаласының сәулеті мен құрылысы күннен-күнге дамып келеді 
$ 
Қаласының Астана сәулеті мен құрылысы күннен-күнге дамып келеді

$ Күннен-күнге дамып келеді Астана қаласының сәулеті

$ Күннен-күнге сәулеті мен құрылысы Астана қаласының дамып келеді

 

$$$81 Тура мағыналы сөзді табыңыз.
$$ қара көйлек

$ қара жұмыс
$ қара ниет
$ қара сөз

 

$$$82 Термин сөздерді табыңыз. 
$$ өндіріс, құрылғы

$ диалект, садақ
$ адырна, найза
$ сауыт, айбалта

 

$$$83 Берілген сөйлемдерге  мағыналас сөйлемдерді табыңыз: «Құбыр арқылы алыс қашықтықтарға мұнай мен газ тасымалданады».

$$ Құбыр арқылы алыс қашықтықтарға сумен қатар мұнай және газ тасымалданады

$ Құбыр арқылы тек су тасымалданады

$ Құбыр арқылы мұнайды тасылмалдауға болады

$ Құбыр арқылы әр түрлі заттар тасымалданады

        

$$$84 Берілген сөйлемдерге  мағыналас сөйлемдерді табыңыз: «Құбыр салушы құбырдың астына бірнеше қабат топырақ салады».       

$$ Құбыр салушы құбырдың астын топырақпен толтырады

$ Құбыр салушы құбырдың астына топырақ салмайды                     

$ Құбырдың астына қабат – қабат кірпіштер салынады

$ Құбырдың астына ештеңе төсемесе де болады

 

$$$85  Құрылыста сылау жұмыстары  қашан басталады? 

$$ Негізгі қабырғалары қаланып, төбесі жабылғаннан кейін

$ Жер асты жұмыстары аяқталғаннан кейін басталады

$ Сатылы басқыштар салынғаннан кейін  

$ Іргетасы құйылған соң

 

$$$86 Тас, гранит құрылыста неліктен жиі қолданылады?

$$ жылдам тоза қоймайтын қасиеті үшін

$ құрылыс арзанға түсу үшін 

$ қазіргі құрылыс талабына сай болу үшін       

$ әсемдік үшін

 

$$$87 Ғимараттың еденін, сатылы басқыш алаңын немен қаптайды?    

$$ табиғи және жасанды тас тақтайшалармен

$ темірмен                         

$ матамен 

$ ұсақ-түйек материалдармен

                                        

$$$88 Жалғастырыңыз: «Терезе – ...»

$$ үйдің бір бөлшегі

$ үйдің жалғасы

$ үйдің іргетасы

$ үйдің едені

 

$$$89 Жалғастырыңыз: «Есіктер ашылу әдісіне қарай – ...».

$$ қос қапталды, жиналмалы болады

$ ағашты болады

$ сықырлауық болады

$ әйнекті болады

 

$$$90 Жалғастырыңыз: «Есіктер формасына қарай – ...».

$$ тікбұрышты болады

$ бес бұрышты болады

$ дөңгелек болады.

$ сопақша болады

 

$$$91 Жалғастырыңыз: «Есіктер жасалады – ...».

$$ ағаштан, әйнектен

$ мәрмәрдан, ақтастан

$ бетоннан,желімнен

$ тастан, қағаздан

 

$$$92 Күрделі сөзді табыңыз.

$$ қара көк

$ Асанды қара

$ қара жіп

$ көк сия

 

$$$93 Стиль түрін анықтаңыз: «Ұлы географиялық ашылулар кезінде Канар аралдары испандардың саяхаттарына аттанатын тірек пункті қызметін атқарған».

$$ ғылыми стиль

$ публицистикалық стиль

$ көркем әдебиет стилі

$ ауызекі сөйлеу стилі

 

$$$94 Қай стиль түріне жататынын ажыратыңыз: «Көшпенділердің киіз үйі – адамзат тарихындағы ең бірінші архитектуралық құрылыс. Ол жер сілкіністерге де төзімді».

$$ ғылыми стиль        

$ ауызекі сөйлеу стилі

$ көркем әдебиет стилі

$ ресми іс қағаздары стилі 

 

$$$95 Тілдік өзгеріске себеп болатын факторды көрсетіңіз.
$$ қоғамдық прогресс
$ қоғамдағы тұрақтылық

$ түрлі табиғи құбылыс

$ дифферентация

 

$$$96 Тіл дамуына себепші факторды көрсетіңіз.
$$ тілдердің байланысы

$ тілдердің тоғысуы

$ қолданылу ерекшелігі
$ тілдердің ыдырауы

 

$$$97 Түбір сөздің ережесін анықтаңыз.
$$ Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегі
$ Жаңа мағына тудырушы бөлшек

$ Қосымша жалғанған бөлшек

$ Қосымша қосуға болмайтын бөлшек

 

$$$98 Туынды түбірлерді көрсетіңіз.
$$ бөлшек, өндіріс
$ қасиеттер, парасат
$ сөздік, малақай

$ шұңқыр, үй

$$$99 Сөз түрлендіруші жұрнақты көрсетіңіз.
$$ -ырақ, -ірек
$ -сыз, -сіз

$ -гер, -паз

$ -лық, -лік

$$$100 Туынды түбірлерді анықтаңыз.
$$ өнім, іргетас
$ тәрбие, сөздер

$ береке, көрімдік

$ негізгі, мекені 

$$$101 Жаңа сөздің жасалу жолын табыңыз.
$$ бірігу арқылы

$ түбір сөз

$ көптік жалғау

$ септік жалғау

 

$$$102 «Қолданбалы» сөзінің аудармасын көрсетіңіз

$$ прикладное

$ тепло

$ запасной

$ природы

 

$$$103 Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз: Құрылыс материалдары ... ... байланысты әртүрлі конструкциялар жасау үшін қолданылады.

$$ өздерінің қасиеттеріне

$ техникалық ғылымдармен

$ сол конструкцияларды

$ химия ғылымдарына

 

$$$104 «Қорытындылау, баяндау, аяқтау» етістіктері қай стильге тән?

$$ ғылыми стильге

$ сөйлеу стиліне

$ іс-қағаздары стиліне

$ көркем әдебиет стиліне

 

$$$105 Ғылыми стильдің ерекшелігі неге негізделеді?

$$ анықтама, дәлелдеме, формулаға негізделеді

$ сөзге, сөйлемге негізделеді

$ мінездеме, баяндамаға негізделеді

$ дауысқа, ырғаққа негізделеді

 

$$$106 Мына сөйлемдердің қайсысы ғылыми стильге жатады?

$$ Күнге бәрінен де жақын бірінші шеңбер жолында Меркурий тұрады

$ Президент Республика халқын жаңа жылмен құттықтады

$ Қайдан келуші ем? Сендерді іздеп келдім

$ Су түбінде жатқан тас жел толқытса шығады

 

$$$107 Ғылыми стильдің лексикасына тән ерекшелік

$$ Сөздер тек өзінің негізгі мағынасында қолданылады

$ Сөздердің ауыспалы мағынада қолданылуы

$ Ой автоматты түрде дайындықсыз айтылады

$ Образды сөздердің көп кездесуі

 

$$$108 Ғылыми стильге қайсысы тән?

$$ монография

$ әңгіме

$ өмірбаян

$ роман

 

$$$109 Кәсіби лексикаға қатысты сөзді табыңыз

$$ сұйық шеге

$ гүл, өсімдік

$ барымта, жер дауы

$ кітап, дәптер

 

$$$110 Ғылыми-бағалау мәтіндері:

$$ пікір, сыни-пікір

$ түйін, тұжырым

$ реферат, курстық жұмыс

$жоспар,тезис

 

$$$111 Нақтылық, дәлдік, анықтық сипатқа ие стиль:

$$ ғылыми стиль

$ көркем әдебиет стилі

$ сөйлеу тілі

$ публицистикалық стиль

 

$$$112 Салалық терминдер мол қолданылатын стиль түрі:

$$ ғылым стиль

$ көркем әдебиет стилі

$ ресми құжаттар стилі

$сөйлеу стилі

 

$$$113 Публицистикалық стильді ғылыми стильге жақындастыратын тәсіл:

$$ фактіні толық және жүйелі баяндау

$ образды сөзді мол қолдану

$ сандық көрсеткішті мол пайдалану

$ баяндау еркіндігі

 

$$$114 Тұрақты тіркестің мағынасы: Диас құрылыс материалдарының сапасын бес саусағындай біледі

$$ жақсы біледі

$ өнерлі

$ санын біледі

$ зерттейді

 

$$$115 «Қауіпсіз» сөзінің аудармасын көрсетіңіз

$$ безопасный

$ очертание

$  рисунок

$  древесина

 

$$$116 «Облицовка кирпичная» сөзінің аудармасын көрсетіңіз

$$ кірпішпен қаптау

$ таспен қаптау

$ әрлеу жұмыстары

$ болат көпір

 

$$$117 Құрылысшы мамандығы бойынша қай салада  жұмыс істеу керек?

$$ құрылыс өндірісі

$ ой еңбегі саласы

$ ауыл шаруашылық

$ өнер саласы

 

$$$118 Дұрыс құрастырылған сөйлемді табыңыз.

$$ құрылыс өндірісі – материалдық өндірістің маңызды саласы

$ материалдық өндірістің – құрылыс өндірісі маңызды саласы

$ құрылыс өндірісі маңызды саласы материалдық өндірістің

$ маңызды саласы құрылыс өндірісі – материалдық өндірістің

 

$$$119 «Рационально использовать» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасын табыңыз.

$$ тиімді пайдалану

$ тиімсіз қолдану

$ нәтижелі шешім

$ қорғау талаптары

 

$$$120 Құрылыс терминін көрсетіңіз. 
$$ алюминий балқымасы

$ берілу керек

$ келешек  

$ жер беті

 

$$$121 Сөйлемді жалғастырыңыз: «Аннотацияда шығармаға баға беріп, автор туралы мәліметтер келтіруі, кітаптың немесе жекелеген мақаланың жазылу тарихын қамтуы, ...»

$$ әдебиеттерге және тағы басқа деректерге сілтеме жасауы да мүмкін.

$ кітаптың авторы

$ мақаланың көлемі

$ берілген пікір

 

$$$122 Аннотацияның рефераттан айырмашылығын көрсетіңіз. 
$$ түпнұсқаның негізгі тақырыбынан ғана хабар береді
$ кітап авторының өмірбаянынан хабар береді

$ ауарайы туралы хабарлайды
$ мақаланың мазмұны жөнінде түсінік береді

 

$$$123 «Беріктік көрсеткіші» термині қай салада қолданылатынын табыңыз: 
$$ құрылыс
$ биология 
$ тарих
$ лексика

 

$$$124 «Ғылыми еңбек» тіркесінің синонимдік қатарын табыңыз. 
$$ ғылыми жұмыс, ғылыми зерттеу
$ ғылыми дерек, ғылыми зерттеу 
$ ғылыми сана, ғылыми нәтиже
$ ғылыми тәжірибе, ғылыми еңбек


$$$125 Мәтін композциясын талдауда маңызды орын алатын мәселені көрсетіңіз.

$$ мәтіннің типологиясы

$ мәтіннің тақырыбы 

$ шығарманың тақырыбы

$ әртүрлі мәселелер


$$$126 Сөйлемді толықтырыңыз: «Ғылыми еңбек мазмұнына берілген ...».
$$ аннотация 
$ реферат 

$ мәтін

$ өмірбаян  

 

$$$127 Сөйлемді толықтырыңыз: «Ғылыми ... деректер толық келтірілген».
$$ зерттеуде

$ жолда
$ кеңседе
$ жиналыста

 

$$$128 Ғылыми стильдің стильдік ерекшелігі. 
$$ нақтылық, дәлдік

$ нақты емес, шамамен
$ болжамдық, болжау
$ ресмилік, бағалау


$$$129 Сөйлемді толықтырыңыз: «Мәтін лингвистикасында ең маңызды топтастырудың бірі -  ...».

$$ көркем және көркем емес мәтіндер

$ ғылыми емес мәтіндермен

$ көлемі үлкен мәтіндердің

$ шағын сұхбат мәтіндер

        

$$$130 Сөйлемді аяқтаңыз: «Мәтін – өте күрделі ...».

$$ тілдік құрылым

$ сөйлем                  

$ тілдік емес

$ сөз тіркестері

 

$$$131  Мәтінге тән ерекшеліктерді атаңыз. 

$$ реттілік, байланыстылық

$ реттіздік, байланыспаушылық

$ жүйелілік, ретсіздік

$ тұтастық, қажетсіздік

 

$$$132 Мәтіннің ең кіші мағыналық бірлігін көрсетіңіз.

$$ күрделі фразалық тұтастық

$ көпмағыналылық

$ фразалық тіркестер    

$ сөз тіркестері

 

$$$133 Тақырып дегеніміз не?

$$ мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні   

$ мәтіннің мазмұны                       

$ мәтіннің маңызы

$ мәтіннің құрылымы

                                        

$$$134 Мәтін құрылымын айқындайтын басты белгілерін табыңыз.

$$ жүйелілік және тұтастық

$ мәтіннің жалғасы

$ экспрессивтілік

$ эмоциональдық

 

$$$135 Жалғастырыңыз: «Мәтін композициясы мазмұн элементтерінің жалғасуының ...».

$$ түрлі болуына жол береді

$ біртекті болады

$ көп мағына береді

$ жол бермейді

 

$$$136 Мәтін жанрының ғылыми түрі.

$$ пікір, рецензия

$ сұхбат, очерк

$ жеделхат, өтініш

$ әңгіме, ертегі

 

$$$137 Сөйлемді жалғастырыңыз: «Мәтін - қарым-қатынастың...».

$$ негізгі бірлігі

$ негізгі бөлігі

$ кіріспе бөлімі

$ қорытындысы

 

$$$138 Ғылыми стильдің жазбаша түріне не жатады?

$$ ғылыми кітаптар, мақалалар

$ диалог, әңгімелесу

$ жиналыс хаттамасы

$ өлең оқу, ән салу

 

$$$139 Сөйлемді толықтырыңыз: «Екінші қатардағы мәтіндерге: ..., ... жатады».

$$ пікір, аннотация

$ хат, әңгіме, ертегі

$ күнделік жазбалары

$ ғылыми мақалалар

 

$$$140 Сөйлемді жалғастырыңыз: «Түп нұсқалы мәтіндерге: ..., ... жатады».

$$ авторлық өмірбаян, жарнамалар

$ мазмұндама, конспект

$ рецензия, инсценировка

$ қанатты сөздер, сөйлемдер

 

$$$141 Сөйлемді толықтырыңыз «Ғылыми стильде сөздер...».
$$ өздерінің тура мағынасында қолданылады
$ үнемі образды мәнде жұмсалады

$ үнемі ауыспалы мағынада қолданылады

$ тура мағынада мүлдем қолданылмайды

 

$$$142 Ғылыми стильге тән ерекшелік.
$$ тұжырымды, пікірді ғылыми дәлелмен жеткізу

$ ойды образды түрде жеткізу

$ ауызша түрде жеткізу
$ мазмұндап жеткізу

 

$$$143 Ғылымның дамуына байланысты жаңа ұғымдар қалай аталады?
$$ неологизмдер
$ архаизмдер

$ историзмдер

$ көне сөздер

 

$$$144 Макромәтінге анықтама беріңіз.

$$ көлемі үлкен шығарма

$ ойдан құрастырылған шығарма

$ көркем шығарма

$ шағын шығарма


$$$145 Микромәтінге нелер жатады?

$$ анықтама, жеделхат, газет мақаласы, хат

$ шағын әңгіме

$ көркем шығармалар

$ роман, алғысөз.

$$$146 Ғылыми стильдің синтаксистік ерекшелігі.
$$ ой күрделі баяндалып, дәлелдемеге негізделеді
$ ұқыптылыққа, сауаттылыққа

$ тұтастыққа, образдылыққа

$ негізге, мақсатқа

$$$147 Мәтіннің түрлерін көрсетіңіз.
$$ әңгімелеу, сипаттау, пайымдау

$ мазмұндау, суреттеу, жазу

$ оқу, пайымдау, айту

$ бейнелеу, сипаттау, түзу

 

$$$148 Термин сөзді табыңыз.

$$ бетон

$ қайшы

$ мұрап

$ үміт


$$$149 «Құнды көбейту процесі тұрғысынан алғанда өндіріс құрал жабдықтары тұрақты капиталды қосымша еңбек сіңіру үшін-өмір сүреді» – бұл қандай стиль?

$$ ғылыми

$ іс-қағаздар

$ ауызекі

$ публицистикалық


$$$150 Сөздің шығу төркінін қай сала зерттейді?

$$ этимология

$ фразеология

$ лексикография

$ диалектология

 

 $$$151 Тек тақырыпқа байланысты деректі қамтитын реферат.
$$ индикативті

$ конспект-реферат

$ библиографиялық

$ хабарлаушы

 

$$$152 Дұрыс тіркескен қатарды көрсетіңіз.
$$ арматуралық тор, арматуралық болат, арматуралық жұмыстар

$ арматуралық топырақ, арматуралық жер, арматуралық есеп

$ арматуралық көлденең, арматуралық жанама, арматуралық сипат

$ арматуралық аркалы, арматуралық кернеу, арматуралық сырық

 

$$$153 Тілдің лексикасында ғылым мен техниканың алуан түрлі саласында қолданылатын сөздерді көрсетіңіз.

$$ термин сөз

$ көнерген сөз

$ жалпы халықтық сипаты бар сөз

$ диалект сөз

 

$$$154 «Грунты сыпучие» тіркесінің дұрыс аудармасын табыңыз.

$$ сусыма топырақ

$ тұтасқан топырақ

$ жер асты суы

$ шөкпе топырақ

 

$$$155 Етістіктен жасалған анықтауышы бар терминдік тіркестерді көрсетіңіз.

$$ су жібергіш имарат,  су таратқыш құбыр

$ су кадастры, ішкі суағар

$ тамшылы биосүзгі, капиталды құрылыс

$ су жылытқыш қазандық, жылу өткізгіштік

 

$$$ 156 Терминдердің қандай ғылым саласына қатысты екенін табыңыз.
клапан, құрылыс өнімі, бөгет тісі 
$$ құрылыс 
$ медицина
$ география 
$ биология 

$$$157 Құрылыс саласына қатысты термин сөзді табыңыз. 
$$ армирлеу жұмысы 
$ үй жұмысы
$ жұмыс басты
$ менің жұмысым

 

$$$158 Мүсінші шығармасын неден жасайды?

$$ тастан, мәрмәрдан, саздан

$ судан, құмнан, тұздан

$ сөз, буын, сөйлем

$ акварель, тушь, гуашь

 

$$$159 Кәсіби сөздерге қатысы жоқ саланы анықтаңыз. 
$$ ағашшылық, суретшілік 
$ мақташылық, диқаншылық 
$ диқаншылық, ұсталы. 
$ қолөнершілік, зергерлік

 

$$$160 Дұрыс тіркесті көрсетіңіз.

$$ ғылыми-көпшілік  
$ зерттеу-ғылыми 
$ статистикалық-ғылыми
$ ғылыми-институт

 

$$$161 Сөздіктерді зерттейтін тіл білімінің саласын көрсетіңіз. 
$$ лексикография
$ морфология
$ фразеология

$ синтаксис

 

$$$162 Ресми құжат түрін көрсетіңіз. 
$$ автобиография, өтініш
$ конспект, мақала
$ баяндама, тезис

$ арыз, аннотация

 

$$$163 Сөйлеу стилінің қолданылатын орны

$$ адамдардың күнделікті қарым-қатынасында

$ тарихи оқиғаны суреттеуде

$ ғылыми тұжырым жасауда 

$ өлең жазуда

 

$$$164 Мәтіннің қысқаша анықтамасы.

$$ мәтін – жазба тілдің көрінісі

$ мәтін – баяндаудың қысқаша түрі

$ мәтін – аннотацияның бір түрі

$ мәтін – рефераттың бір бөлігі

 

$$$165 Дұрыс құрылған сөйлемді табыңыз.

$$  ғимарат сәулеті қатаң да жинақы үлгіде тұрғызылды

$ қатан да жинақы үлгіде тұрғызылды ғимарат сәулеті

$ сәулеті қатаң да жинақы үлгіде тұрғызылды ғимарат

$ тұрғызылды ғимарат сәулеті қатаң да жинақы үлгіде

 

$$$166 Сөйлемнің қазақ тіліндегі баламасын табыңыз: «Архитектура и градостроительство Астаны».

$$ Астана сәулеті мен қалақұрылысы

$ Астана жобасы мен жоспары

$ Астана құрылысы мен табиғаты

$ Астана сәулеті мен ауа райы

 

$$$167 Дұрыс құрастырылған тіркесті табыңыз.

$$ қорғау талаптары

$ керек пайдалану

$ тарту желілер

$ жабдықтау суға

 

$$$168 «Промышленное и гражданское строительство» сөз тіркесінің қазақ тіліндегі баламасын табыңыз.

$$ өндірістік және азаматтық құрылыс

$ өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс

$ өнеркәсіптік және өндірістік құрылыс

$ азаматтық және қоғамдық құрылыс

 

$$$169 Құрылыс сөзі қай етістікпен тіркесе алады.

$$ салынды

$ айтты

$ келді

$ сөйледі

 

$$$170 «Проектные организации» сөзінің қазақша аудармасы қалай болады?

$$ жобалау ұйымдары

$ жұмыс жер телімі

$ ғылыми-жобалау орталығы

$ жобалау бөлімі

 

$$$171 Дұрыс жазылған сөз тіркесін табыңыз.

$$ құрылыс материалы

$ жобам құрылыс

$ жұмыс менің

$ үйді бетон

 

$$$172 Сөйлемнің қазақ тіліндегі баламасын табыңыз: Инженеры-строители организуют, проверяют, контролируют работу.

$$ құрылысшы-инженерлер жұмысты ұйымдастырады, тексереді, бақылайды

$ құрылысшы-инженерлер мәселелерді шешеді, зерттейді, үйренеді

$ құрылысшы-инженерлер жұмысты жоспарлайды, жоспар жасайды, қадағалайды

$ құрылысшы-инженер өз өндірістік учаскесіне байланысты мәселелерді шешеді

 

$$$173 «Мердігер» сөзінің аудармасын табыңыз.

$$ подрядчик

$ облицовщик

$ кровельщик

$ строитель

 

$$$174 Конспектті жасау кезінде қандай ережелерді білу керек?

$$ Барлық жауап дұрыс

$ Конспектілеу алдында, мәтінді қысқартып, оның нақты жоспарын жасау

$ Мәтіннің жоспарына анализ жасап, мәтіннің мазмұнына әсер етпейтін бөлімдерді қысқарту
$ Қысқартылған жоспарды жазыңыздар (кейбір бөліктерін біріктіруге болады)

 

$$$175 Cөйлемді толықтырыңыз: «Тікелей құрылыс алаңында жүзеге асырылатын құрылыс процестерінің жиынтығын ... дейміз».

$$ құрылыс өндірісі

$ құрылыс процесі

$ құрылыс алаңы

$ құрылыс жобасы

 

$$$176 Cөйлемді толықтырыңыз: « ... – үйлер мен ғимараттар салу және әртүрлі жабдықтарды орнату кезінде істелетін жұмыстар».

$$ Құрылыс-монтаж жұмыстары

$ Құрылыс процесін жеделдету

$ Құрылыс технологиясы

$ Құрылыс жобасын сызу

 

$$$177 Cөйлемді толықтырыңыз: « ... – үйлер мен ғимараттар салу және әртүрлі жабдықтарды орнату кезінде істелетін жұмыстар».

$$ Құрылыс-монтаж жұмыстары

$ Құрылыс процесін жеделдету

$ Құрылыс технологиясы

$ Құрылыс жобасын сызу

 

$$$178 Cөйлемді толықтырыңыз: «Құрылыс-монтаж жұмыстары суық мезгілде істелетіндіктер ... деп аталады».

$$ қысқы жұмыстар

$ жазғы жұмыстар

$ сызу жұмыстары

$ жоспарлау жұмыстары

 

$$$179 Cөйлемді толықтырыңыз: «Құрылыс-монтаж жұмыстары ... болып бөлінеді».

$$ жалпы құрылыстық және арнайы жұмыстар

$ тігін және пішу жұмыстары

$ салу және тұрғызу жұмыстары

$ үгіт насихат жұмыстары 

           

$$$180 Cөйлемді толықтырыңыз: «Құрылыс-монтаж жұмыстары ... болып бөлінеді».

$$ жалпы құрылыстық және арнайы жұмыстар

$ тігін және пішу жұмыстары

$ салу және тұрғызу жұмыстары

$ үгіт насихат жұмыстары 

 

$$$181 Cөйлемді аяқтаңыз: «Құрылыс жөніндегі менеджер инженерлік, сәулет жобалары мен құжаттарын кәсіби мамандармен талқылап,... ».

$$ құрылыстың жоспарға сәйкес өрістеуін қадағалап, бақылап отырады

$ ана-аналар жианалысын ашады

$ жұмысшылардың еңбекақысын таратады

$ жоба жасайды

 

$$$182 Үй тұрғызу тіркесіне мағыналас сөз тіркесін көрсетіңіз:

$$ үй салу

$ үй бұзу

$ үй жинау

$ үй алу

 

$$$183 Cөйлемді аяқтаңыз: «Қазіргі заманғы  құрылыста бетоннан жасалған неше түрлі өнімдер ... ».

$$ кеңінен қолданылады.

$ өте аз қолданылады

$ қолданысы өте тар

$ қолданылмайды

 

$$$184 Главный фасад зданий тіркесінің аудармасын көрсетіңіз:

$$ ғимараттың басты қасбеті

$ ғимараттың негізгі бөлігі

$ ғимараттың басты кіру есігі

$ ғимараттың негізгі қабаты

 

$$$185 Cөйлемді аяқтаңыз: «Құрылыс сапасы – тұрғызылған ғимараттар мен имараттардың, олардың бөлшектерінің ...».

$$ жобалық шешімдер мен мөлшерлерге сәйкестігі.

$ көз тартымды болып шығуы

$ кең қолданыс табуы

$ өзара үйлесуі

 

$$$186 Cөйлемді аяқтаңыз: «Сапа мемлекеттік стандарттармен, құрылыс мөлшерлері мен ережелері ... ».

$$ және техникалық шарттармен анықталады.

$ және жеке келісім шарттарымен анықталады.

$ және жеке еңбек шарттарымен 

$ және мемлекеттік бақылаумен  

 

$$$187 Табиғи құрылыс материалдарын көрсетіңіз.

$$ саз, құм, ағаш, топырақ, қиыршық тастар

$ саз, құм, ағаш, бетон, қиыршық тастар

$ пластмасса, құм, мәрмәр, топырақ, әйнек

$ керамика, құм, ағаш, топырақ, қағаз

 

$$$188 Табиғи құрылыс материалдарын көрсетіңіз.

$$ саз, құм, ағаш, топырақ, қиыршық тастар

$ саз, құм, ағаш, бетон, қиыршық тастар

$ пластмасса, құм, мәрмәр, топырақ, әйнек

$ керамика, құм, ағаш, топырақ, қағаз

 

$$$189 Cөйлемді аяқтаңыз: «Құрылыста тас, граниттің қолданылуы – материалдардың ... ».

$$ ұзақ мерзім бойы пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

$ бір отбасының ғана пайдалануын қамтамасыз етеді.

$ үнемділігін қамтамасыз етеді. 

$ әсемдігін ғана қамтамасыз етеді.

 

$$$190 Основные блоки тіркесінің аудармасын көрсетіңіз:

$$ негізгі блок

$ ортаңғы блок

$ бірінші блок

$ аралық блок

 

$$$191 Внутренные стены  тіркесінің аудармасын көрсетіңіз:

$$ ішкі қабырға

$ сыртқы қабырға

$ бөлмеаралық қабырға

$ тас қабырға

 

$$$192 Отделочные работы  тіркесінің аудармасын көрсетіңіз:

$$ әрлеу жұмыстары

$ жер асты жұмыстары

$ жер қазу жұмыстары

$ дайындау жұмыстары

 

$$$193 Висячий мост тіркесінің аудармасын көрсетіңіз:

$$ аспалы көпір

$ айналмалы көпір

$ биік көпір

$ ағаш көпір

 

$$$194 Құрылыста сылау жұмыстары  қашан басталады? 

$$ Негізгі қабырғалары қаланып, төбесі жабылғаннан кейін

$ Жер асты жұмыстары аяқталғаннан кейін басталады

$ Сатылы басқыштар салынғаннан кейін.  

$ Қазу жұмыстарынан кейін

 

$$$195 Cөйлемді аяқтаңыз: «Құрылыс алаңдарында бетон ... ».

$$ арнаулы айналмалы қондырғылар арқылы жасалады.

$ тек дайын күйінде келеді.

$ дайындаудың қажеттілігі туындамайды. 

$ тек іргетас қалауда ғана қолданылады.

 

$$$196 Cөйлемді толықтырыңыз: «Табиғи тас табиғаттың өзі тудырған түс пен түрдің ... толық көрсете алады.».

$$ байлығын

$ жаратылысын

$ салмағын 

$ көлемін

 

$$$197 Cөйлемді аяқтаңыз: «Табиғи тас – нәзік, ... ».

$$ тығыздығы жоғары материал.

$ материал.

$ қажет материал. 

$ әрі әшекей бұйымдар жасауда ғана қолданылатын материал.

 

$$$198 Cөйлемді аяқтаңыз: «Тұрғын үй – қоршаған ортаға үйлесімді, қоғамдық және жеке-психологиялық талаптарға ... ».

$$ сәйкес салынған ғимарат.

$ сай

$ қажет материал. 

$ әрі әшекей бұйымдар жасауда ғана қолданылатын материал.

 

$$$199 Cөйлемді аяқтаңыз: «Бетон және темірбетон конструкцияларын ... ».

$$ жер асты конструкцияларда және жер үсті конструкцияларда қолданады.

$ құрамында арматуралы қаңқасы бар.

$ алюминий балқымаларынан жасалады.

$ қымбатырақ болып келеді

 

$$$200 Cөйлемді аяқтаңыз: «Ағашты желімдеу үшін ... ».

$$ синтетикалық суға төзімді желімдер қолданады.

$ аяқ киім желімдері қолданады.

$ қағаз желімдері қолданады.

$ тұсқағаз желімдері қолданады

 

$$$201 Дұрыс құрастырылған тіркесті табыңыз.

$$ отқа төзімділік

$ керек пайдалану

$ болу төзімділік

$ отпен кіріп, шығу күлмен

 

$$$202 Дұрыс құрастырылған тіркесті табыңыз.

$$ капиталды құрылыс

$ қолданыс табу кеңінен

$ аймағы қолдану

$ жұмыс бірлескен

 

$$$203 Дұрыс құрастырылған тіркесті табыңыз.

$$ арматурасыз бетон

$ арматуралық бетон

$ арматураландыру бетон

$ арматуралау бетон

 

$$$204 Дұрыс құрастырылған тіркесті табыңыз.

$$ техникалық және экономикалық тиімділік

$ техникалық жағдай мен тиімсіз экономикалық

$ жағдайсыз техникалық мен экономикалық тиімділік

$ техникалық жағдайларды пен экономикалық тиімділік

 

$$$205 Дұрыс құрастырылған тіркесті табыңыз.

$$ сілкініске беріктік

$ жоғары беріктігі

$ сілкінісі жер

$ беріктігі ауыз

 

$$$206 Ғылми стиль жанрларын көрсетіңіз. 
$$ аннотация, тезис, пікір
$ конспект, роман
$ баянхат, мәлімдеме

$ арыз, автобиография, өтініш

 

$$$ 207 «Темірбетон конструкцияларын армирлеу» термині қай салада қолданылатынын табыңыз: 
$$ құрылыс
$ биология 
$ тарих
$ филология

$$$ 208 «Арматуралық қанат» термині қай салада қолданылатынын табыңыз: 
$$ құрылыс
$ медицина

$ тарих
$ филология

 

$$$ 209 «Цемент қоспасы» термині қай салада қолданылатынын табыңыз: 
$$ құрылыс
$ биология 
$ ауылшаруашылық
$ филология

 

$$$ 210 «Анкерлеу» термині қай салада қолданылатынын табыңыз: 
$$ құрылыс
$ биология 
$ медицина
$ филология

 

$$$211 Құрылыс саласына қатысты емес сөзді табыңыз.

$$ таза ауа

$ баған

$ арматура

$ арқалық

 

$$$212 Құрылыс саласына қатысты емес сөзді табыңыз.

$$ иллюзия

$ коррозия

$ конструкция

$ деформация

 

$$$213 Терминдік тіркесті табыңыз. 
$$ 
геодезиялық мұнаралар

$ мұнар тартқан тау

$ мұнар күн

$ мұрнына су жетпеу

 

$$$214 Терминдік тіркесті табыңыз. 
$$ 
конструкцияны құрастыру

$ өтірік әңгіме құрастыру

$ ойынан құрастыру

$ өтірік құрастыру

 

$$$215 Терминдік тіркесті табыңыз. 
$$ 
қосалқы конструкциялар

$ қосымша мәлімет

$ қосалқы автобөлшек

$ қос жұлдыз

 

$$$216 Тасты материалдардың түрлерін табыңыз. 
$$ 
табиғи, жасанды

$ табиғи, кірпіш

$ табиғи, дайын

$ пісірілген, жасанды

 

$$$217 Құрылысқа табиғи тас қайдан алынатынын көрсетіңіз. 
$$ 
карьер

$ теңізден

$ ойдан

$ судан

 

$$$218 Жасанды тастар қандай тәсілмен алынатынын көрсетіңіз. 
$$ 
күйдіру тәсілі

$ сүзу арқылы

$ табиғи дайын күйінде

$ пісіру тәсілі арқылы

 

$$$219 Cөйлемді аяқтаңыз: «Фанера деп шпон деп аталатын сансыз қабаттардан құралған...».

$$ жазық бетті материалды айтады.

$ көйлектік материалды айтады.

$ тігін материалды айтады.

$ темір материалды айтады.

 

$$$220 Cөйлемді аяқтаңыз: «Фанера жоғары беріктігі бар, массасы аз, зиянды орталарға жақсы төтеп бере алады ...».

$$ және суға төзімді болып келеді.

$ сынбайтын болып келеді.

$ жанбайтын болып келеді.

$ отқа төзімді болып келеді.

 

$$$221 Дұрыс құрастырылған сөз тіркесін табыңыз.

$$ жобаны жетілдіру

$ жетілдіру жобаға

$ жобасы жетілдіру

$ жетілдіру жоба

 

$$$222 Берілген сөйлемнің мағынасына сәйкес келетін сөйлемді табыңыз: «Бүгінгі күні Астана еліміздің ең ірі құрылыс алаңдарының бірі».

$$ Бүгінгі таңда Астана еліміздің ірі құрылыс алаңдарының біріне айналды

$ Астана сәулеті күннен-күнге дамып келеді

$ Астана көрікті қалалардың біріне айналды

$ Астана еліміздің елордасы, бас қаласы

 

$$$223 Сөйлемді толықтырыңыз: «Ғимараттың ...жылтыраған ашық мәрмәрлі тақталармен қапталған».

$$ қасбеттері

$ жобасы

$ әйнектері

$ сызбасы

 

$$$224 Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңыз: «Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстанның сәулет құрылысы өзгерістерге ..., жаңа элементтердің елеулі алғышарттары жасалды».

$$ ұшырап

$ қосылып

$ жасалып

$ қарап

 

$$$225 «Ол тез жығып, түйеге артып жүре беруге, шапшаң тігуге ыңғайлы, көшіп-қонуға лайықтап жасалған» не туралы айтылғанын табыңыз.

$$ киіз үй

$ қонақ үй

$ жеке жай

$ жеке меншік үй

 

$$$226 Туынды сөздерді көрсетіңіз.

$$ өнерпаз, сәулетші, құрылысшы

$ кісімен, адамдар, ауылда

$ дәптерім, анасы, кітабың

$ қаладан, жаным, қайықтар

 

$$$227 Стиль түрін ажыратыңыз: «Қазақ тілінде калька жолымен жасалған терминдер қатары екіге бөлінеді: дара терминдер және күрделі терминдер»

$$ Ғылыми стиль

$ Көркем әдебиет

$ Іс-қағаздар

$ Публицистикалық

 

$$$228 Синонимдік сөз қатарын табыңыз.

$$ көлемді, аумақты, ауқымды

$ алыс, шалғай, жақын

$ қадірлі, сыйлы, көрікті

$ терең, саяз, қырлы

 

$$$229 Сөйлемді толықтырыңыз: «Терминологияны толықтыратын, әрі дамытатын – …».

$$ салалық терминдер

$ төл сөздер

$ диалект сөздер

$ мақал сөздер

 

$$$230 Ғылыми стильде жазылған еңбек түрін көрсетіңіз.

$$ монография

$ очерк

$ роман

$ повесть

 

$$$231 Құрамы кірме сөзден тұратын тіркесті терминді табыңыз:

$$ талшықты композиттер

$ суға төзімділік

$ жағадағы қойма

$ ағаш мақтасы

 

$$$232 Күрделі жұрнақ арқылы жасалған терминдерді көрсетіңіз.

$$ ағаштың ылғалдылығы, су тұтынушылық

$ іккі кернеулер, бетоннан су бөліну

$ жылдық қабат, кесекті бетон 

$ жанартау қожы, болат арматура

 

$$$233 Цитаталау – ...

$$ мәтінді сөзбе сөз көшіру

$ оқу материалы туралы өз ойын қысқа жазу

$ бөлім, тақырып бойынша негізгі ұғымдарды ретке келтіру

$ тапқан кітап, т.б. мағлұмат көзі туралы мәлімет

 

$$$234 Сөйлемді аяқтаңыз: «Панельдi үйлер сыртқы көрiнiсi мен пайдалану сапасы бойынша кiрпiш және монолиттi үйлерден...».

$$ кем емес

$ жұмыс істеді

$ тең түседі

$ болып табылды

 

$$$235 Жалғастырыңыз: «Энергия сақтайтын материалдар мен технологиялар күн сайын үлкен ...».

$$ сұранысқа ие

$ табысты

$ ұқсайды

$ керек

 

$$$236 Құрамы кірме сөзден тұратын тіркесті терминді табыңыз

$$ бетон қабырға

$ сөйлем құрау

$ таза тіл

$ қанатты сөз

 

$$$237 Сөздердің бірігуі арқылы жасалған термин сөз: 
$$ наноөнеркәсіп 
$ суға төзімділік
$ цемент
$ тас материалдар

 

$$$238 Терминжасамда жиі кездесетін жұрнақтарды табыңыз:

$$ - ғыш; - гіш; - қыш; - кіш

$ - тың; - тің; -дың; - дің

$ - ты; - ті; -ды; - ді

$ - тан; - тен; -дан; - ден

 

$$$239 Жаңа сөздің жасалу жолын табыңыз.
$$ бірігу арқылы

$ түбір сөз

$ көптік жалғау

$ септік жалғау

 

$$$240 Термин сөздердің қолданылуымен берілген сөйлемді табыңыз. 
$$ Құрылысшы-инженер-технолог құрылыс индустриясы объектілерін жобалау міндетін шешеді

$ Қасым ұста іске жарайды-ау деген мүйіздерді жинады 

$ Сұрапыл дауылға төтеп беру қиын-ақ 

$ Қарағым, қолыңнан келеді, зерттеушілікпен айналысқаның жөн

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     72      73      74      75     ..