Дискурс ұғымы XX ғасырдың

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 8

 поиск по сайту           правообладателям

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  1  2  3  4  5  6  7  8  9    ..

 

 

 

Дискурс

 

Дискурс ұғымы XX ғасырдың 70-жылдарынан бастап философияда кеңінен қолданыла бастадыТұңғыш болып «дискурс» ұғымын ЮХабермас өзінің «Коммуникативтіккомпетенция теориясына дайындық» атты еңбегінде қолданған болатынСодан бері бұл термин батыстық философияда кең қолданылып жүрХабермас «дискурске» мынатөмендегідей белгілер тиесілі деп қарастырады  қарым-қатынасқасұхбатқа имманентті (іштей тиесілі), сол кезеңнің қоғамдық өмірінде қалыптасқан нормаларережелержәне негізгі құндылықтар жинағынан тұратын идеологиялық тілОндағы идеология деп отырғанымыз жалпы белгілер жүйесі деген мағынада қолданылып отыр.

Дискурс  тілдік коммуникация түріКең шеңбердедискурс дегеніміз уақыттың мәдени тілдік контекстіОған рухани-идеологиялық мұракөзқарасдүниетаным кіредіТар мағынададискурс деп қандай да болмасын мағыналықұнды іс-әрекеттің (актініңнақты тілдік шындығын айтады.

Фде Соссюрден бастап қазіргі француз функционалистеріне дейінгі классикалық лингвистика тілді қоғамның барлық мүшелеріне ортақтүсінікті константты(өзгермейтінқұрылым деп қарастырадыОл түсініктің пайда болуына тілге деген мынадай көзқарастар әсер еттіБіріншідентілде бір нақты нәрсені білдіретін белгі және солнәрсенің өзі бірін-бірі анықтайды деген түсінікекіншіден сол тілді қолданатын тілдік ұжым мүшелері үшін тілдік белгілердің бәрі бір мағынаға иеүшіншіденосы жоғарғыайтылғандардың нәтижесінде тіл қоғамның барлық әлеуметтік топтарына бірдей қызмет етеді.

Шындығындатіл  бәрімізге ортақбәріміз осы тілде сөйлесемізбір-бірімізді түсінемізБірақ күнделікті өмірдегі сөз саптасымызға жіті көңіл бөлетін болсақонда бізмынадай қызық нәрсені байқаймыз  әрбір сөз өзінің нақты заттықбұйымдық мазмұнынан басқа көптеген уақытшаөзгермелі идеологиялық мағынаға да ие екенСол шексізкөп түрлі мағынаның болуы бір ұлтқа тиесілі ортақ тілді көптеген «социолекттерге» бөліп-бөліп жібередіОсы «социолекттерді» МБахтин «әлеуметтік-идеологиялық тіл», «айтылған сөз» депРБарт «жазу типі» деп атайды.

Адамның бірде-бір сөзі тиянақталыпаяқталмағанөйткені ой принципті түрде тамамдалуы мүмкін емесӘрбір сөз әрбір адамның рухани әлемінде өзіндік өзгеріскеұшырайдыТірі санатірі қарым-қатынас барысында тілді бұлжымасқозғалмас жүйе деп қарастыру мүмкін емесАдам үшін оны қоршаған тілдік орта даол адамның өзініңтілдік санасы да түгелдей дерлік көп дауыстылықтанкөп мағыналылықтан тұрадыСөз ендігі жердетек бір нәрсені білдіріп қана қоймайдысөздің өзіндік «иісі», тіпті өзіндік«дәмі» де бар.

Рухани өлемнің өзіндік ерекшелігін оның белгіліктаңбалық қасиетінен іздеу керекРухани болмыс  мағыналы белгітаңба болмысыРухани өлемнің «белгілік» болмысы оны адам болмысының «материалдық» шындығынан өзгешелеп қана қоймайдытіпті «материалдық» әлем мен жақындастырыпбіріктіреді.Өйткенібелгі қашанда«материалдық», «заттық» белгіСондықтан да белгілік шығармашылықтың жемістері  өнер туындысығылыми жұмыстардіни рәміздерсалт-дәстүрлер және т.ббәрі адамды қоршаған шынайы әлемнің материалдық заттай бөліктеріОлардың басқа заттардан ерекшелігі оның мағынасындамәніндеөзіндік құндылығында.

Адамдар қарым-қатынасының әмбебап құралы ретінде белгі түгелдей дерлік қоғамменәлеуметпен қатынасты әлеуметтік болмысОл қашанда адамдар сұхбатынаадамдар қарым-қатынасына бағышталғанБелгілік шығармашылық және ол шығармашылықтың мазмұны тікелей қарым-қатынассұхбат негізінде ғана жүзеге асуы мүмкін.

Жалпыұғыну мәселесі XX ғасыр философиясындағы өзекті тақырыптардың біріне айналды десек боладыОсы мәселеге сонау ФШлейермахерденВДильтейденбастап МХайдеггерХ.-ГГадамер сынды ойшылдар көп көңіл бөліпбіраз тер төктіТүсіну мүмкіншілігі туралы айтылған біраз көзқарастарды қарастырып өткеніміз жөнВДильтей өзінің міндетін гуманитарлық ілімнің ерекшеліктеріннемесе сол ВДильтейдің кезіндегі Германияда қалыптасқан терминология бойынша, «рухани ғылым-дардың» өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру деп білдіСондықтан да ол өзінің негізгі еңбегін тікелей рухани ғылымдар мен жаратылыстану ғылымдарының қарама-қайшылығына негіздеп, «Рухани ғылымдарға кіріспе» (1883) деп атады.

Рухани ғылымдар мен жаратылыстану ғылымдарының ерекшелігі олардың зерттеу объектілерінің өзгешелігімен ғана байланысты емессонымен қатар ол ғылымдардыңтаным тәсілімен детәжірибе үлгісімен де байланыстыТабиғаттың белгілі бір мақсаты жоқ және ешқандай мағыналық құрылымы жоқ болып келедіЖаратылыстануғылымдарында табиғат  таным объектісі ретінде ақыл-ойы және еркі бар адамға (таным субъектісінеқарама-қарсы тұрөйткені адам үшін табиғат қашанда «сыртқы әлем», «сыртқы» тәжірибенің материалыАл енді гуманитарлық ілімдернемесе «рух туралы ілімдерде» адамның өзі таным субъектісі бола тұра өзін-өзіяғни адамды зерттейдіСондықтан бұл жерде объекті мен субъектінің бір болуынбіріне-бірінің дәл келуін байқаймызОсы тұста ВДильтей өзінің шығармаларының орталық мәселесін  адамныңсубъектінің өзін-өзі түсінуөзін-өзі танымдық объекті ету мүмкіндігі туралы жағдайды кетередіБір сөзбен айтатын болсақжалпыгуманитарлық ілімдердің болмыстықмүмкіншілігін зерттейді. «Рух туралы ғылымдар жаратылыстану жүйесіне сай құрастырылған қисынға негізделмейді».

Адамды түсіну үшін оның дүниетанымынкөзқарасынидеалдарыняғни рухани әлемін білу қажетАл ол жаратылыстану ғылымдары сияқты көзге көрініп тұрған нәрсеемессондықтан оны танып білузерттеудің де өзіндік ерекшеліктері барОсы тұста бізді қызықтыратын ұғынутүсіну мәселесі көтеріледі.

Жаратылыстану ғылымдары зерттейтін пәніне көзімен көріпқолымен ұстап «сыртқы» әлемнен «сыртқы тәжірибе» арқылы жететін болсарухани ғылымдарға бұғанқарама-қарсы тәсілмен әрекет ету керекРухани әлемді тек «эмпатикалық» енубойлау арқылыяғни сол зерттейтін субъектінің орнына өзіңді қойыпсоған айналу арқылы бір сөзбен айтсақұғыну арқылы танимызЖаратылыстанунемесе нақты ғылымдар өз фактілерін өздері түсіндіретін болсаал рухани ғылымдарды түсінуұғыну керекОларды суреттепмазмнұндап беру мүмкін емесоларды түсіну керекәркім өз санасынан өткізіпөз жеке басымен сезіну керек.

Табиғатты біз түсіндіремізсипаттаймызал рухани өмірді үғынамызТабиғат құбылыстары қайталанбалы нәрсесондықтан да оларды тәжірибе жүзінде бақылауғаболадыал рухани ілім объектілерімысалы тарихи факті өмірде жалғыз рет қана орын аладыбірегейсондықтан да ешбір тәжірибе жүзінде бастапқы қалпындақайталанбайдыБіз ешқашан Цицеронды өмірге қайта келтіре алмайтындығымыз сияқтыешқашан оның өмір сүрген кезеңін деондағы тарихи жағдайларды да өз қалпындақайталай алмаймызНақты ғылымдарда біз абстрактілі жалпылауыш түсініктермен істес болсақал тарихи ілімдер немесе тағыда басқа рухани ілімдерді игеру барысында бізөзіміз сияқты ерен жеке тұлғаменоның ойыменарман-мақсатымен кездесемізБасқаны объективті түрде суреттепсипаттаптүсіндіріп беру мүмкін емесБасқаны ұғынусезінутүсіну қажет.

ВДильтейдің осы «ұғыну» теориясы герменевтиканың бас-тауында жатырВДильтей үшін Цезарьді түсіну Цезарь болуды талап етедіТарихи түлғаны тек «іштей ене» түсіну ғана мүмкіняғни соның «терісін жамылып», соның орнына өзіңді қойып қана ол туралы бір нәрсе айта"аласың.

Қарап отырсақ рухани әлемдегі болмыстың табиғи әлемнен ерекшелігін көрсетуге тырысқан ВДильтей тым субъективті тәсілді пайдаланған көрінедіЗерттеуші өзініңөмір сүріп отырған уақытынаноның негізгі әлеуметтік-мәдени контексінен ешқашан ары кете алмайдыөйткені адамдардың белгілі бір мәдени-әлеуметтік кезеңге сай өзіндікпсихологиялық қалпы боладыТүгелдей дерлікбар жан-тәніңмен бұдан бұрын өткен тарихи тұлғаларға немесе ондағы идея  ойларға ену мүмкін емесВДильтейдің «ұғынутеориясы шын мәнінде басқаны танутүсінуге жол бастамайдыөйткені тек біреуге «етене ену» арқылы басқаның (өткен тарихи тұлғаныңбасқалығын түсіну мүмкін емесөйткені сен өзіңді басқада жоғалтып алдыңөзіңнің бір тұтастығыңнан айырылдыңШынайы ұғыну қаншалықты біреудің «ішкі тұңғиығына» бата білсеңсоншалықты оданбиікке көтеріле алуды талап етедіҰғыну үшін танымдық контекст болу керекБіздің танымдық контексіміз қаншалықты кең болсаяғни біздің зерттеу объектіміздісалыстыратынқарама-қарсы қоятын басқа объектілер көп болсасоншалықты біз оны (зерттеу объектісінтерең түсінеміз.

Таным екі жақтылықты қажет етедібіріншідензерттейтін нәрсеңе «іштей ену», екіншіденодан «тысқары кету». ВДильтей мұның біріншісіне ғана маңызды деп мәнберіпекіншісіне көңіл аудармадыСондықтан да оның «ұғыну» теориясы өміршең бола алмады.

АДильтейден гөрі үғыну теориясында шындыққа Х.-ГГадамер жақын болдыОл зерттеушінітүсіндірушініталдаушыны бір жақты текст авторының тарихи жағдайынақойыпоның өзінің тарихи шекарасын ұмытуын мақсат тұтпадыХ.-ГГадаиер әлеуметтік тарихи-мәдени көк жиектерді жақындатуды ҮсындыХ.ГГадамер өз еңбектерінде«зерттеуші» мен «зерттелушінің» бірі-бірінің алдынан қарама-қарсы шықпайындашынайы түсінудің болмайтындығын айтадыТүсінудің негізгімақсаты ақиқат түбіне жетуболатын болсаол ақиқатқа өзінің (зерттеушініңнақты тарихи жағдайы мен өткен (зерттелушіәлемнің диалогыбітпес сұрақтарға берілген шексіз жауаптар қатынасы арқылығана жетуге болады.

МБахтиннің ұғыну теориясы ВДильтейдің қатесін қайта-ламайдыОл түсіну барысында өзін-өзі «ұмытпау» керектігінөзін сырт қалдырмау қажеттігінонсызтанымның толық емесбіржақтылығын айтадыТүсінудіұғынуды етене ену және өзіңді басқаның орнына қою (яғни өз орныңды жоғалтудеп қана қарастыру жөнсізҰғынуүшін мағыналық артықшылық қажетал оған біз тек «өзіміздің дарабірегей» орнымызда тұрғанда ғанаөз орнымызды жоғалтпағанда ғана ие боламыз.

МБахтиннің бір қарағанда жүйесіздеуүзікті паратермино-логияға сүйенген философиясының өзіндік қисыны барәр түрлі мағыналық топтарды біріктіретін ортақидеясы барОны жалпылай келе мәдениет әлеміндегі адамның сұхбаттық болмысы деуге болады.

«Басқаның» абсолютті қажеттілігін мақсат тұтатын диалог адам санасының болмыстық қасиетінен туындайды. «Басқаны» ақыл-ой өзінің үғымдары арқылы толығымен қамтиалмайдыол дәстүрлі мағынадағы философиялық категория да емесабстракция да емесөмірдің өзінен о баста орын алғанөмірдің негізінде жатқан «Менің» сүйемелімегізсыңарым.

Адам ешқашан біртұтастықты өз басынан ғана таба алмайдыМәселе мүнда біреудің біреуден тәуелділігінде емесмәселе адамның амбиваленттібинарлы болмысындаАдам әрқашан басқалармен қарым-қатынаста болғысы келедіөзінің жалғыз-дығынан шошидыолай болсажеке адамжалғыз басты адам өз-өзіне жеткіліксізСолжетіспеушіліктіңжоқтың орнын толтыру үшін басқа адам керек. «Мен басқаларға тығыламынбасқалар үшін басқа болуға тырысамынбасқалардың өлеміне басқа ретіндекіремінсөйтіп өзімнің өмірдегі жалғыздығымның ауыртпалығынан кетуді қалаймын». {Бахтин МЭстетика словесного творчества С. 371). Бірақмен түгелдей дерлікөзімдіөз орнымды жоғалтпаймынӨйткені, «менің қазіргі тұрған бұл дүниедегі жалғыз нүктемде осы болмыстың осы кеңістігінде менен басқа ешкім орналаса алмайдыМенің істейтін ісімді бұл дүниеде менен басқа ешкім жасамайды».

 

 

 

 

 

содержание   ..  1  2  3  4  5  6  7  8  9    ..