Тарбағатай ауданының тарихы

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 12

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..   261  262  263  264   ..

 

 

Тарбағатай ауданының тарихы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы мамыр айындағы Жарлығымен Республикамыздағы әкімшілік 

жұмыстардың өзгертілуіне байланысты Ақсуат ауданы таратылып Тарбағатай ауданының аумағына енгізіліп Тарбағатай ауданы деп аталдыТарбағатай ауданы - Шығыс Қазақстан облысының Оңтүстік Шығыс бөлігінде орналасқанЖері 25,1 мың шаршы км. Аудан халқының саны 59800 адамҚұрамында 16 ауылдық, 1 кенттік  округтері, 69 елді мекендер бар. Аудан орталығы - Ақсуат ауылы.

Ауданның климаты өте континенттіКлиматтың континенттігі ауданның көп жерінде температураның тез ауытқуынанауаның құрғақ болыпжауын – шашынның аз жауатындығынан байқаладыАудан климатының мұндай болу себебі – оның мұхиттар мен теңіздерден өте алысқашықтықта орналасуына байланыстыСондай-ақклиматқа аудан территориясының және көршілес жатқан аймақтардың жер бедеріде әсер етеді.

Ауданның жазы ыстыққысы суыққаңтардың орта температурасы – 22 С, - 30С, шілдеде + 25 С, + 35 С. Жылдық жауыннын орта мөлшері 200-300 ммЖауын шашынның көбі қыста түседі.

Оңтүстік Шығыстан Солтүстік батысқа дейінгі орталық бөлігі ашық сарғылтым топырақ қабатыментау беткейлері қоңыр топырақты жайылғымен ерекшеленеді.
Аудан жерінің көпшілік бөлігі жазықЗайсан қазан шұңқыры манындағы құмдықұмдақ және қалынқабатты сұр топырақты жерлерде жусанды – соран өсімдіктер, ал Зайсан көлінің жағасына таяу шалғынды батпақты топырақта  тұрақты шалғындар мен жайылымдар бар.

Тарбағатай тауының етегінде қиыршық тасты боз қызыл-қоңыр топырақтарда тобылғы аралас әр түрлі шөп өседіТарбағатайда бірнеше топырақ пен өсімдіктер белдеулері бар 1400 м биіктікке дейін таулы қызыл-қоңыртаулы қара топырақтарда бозды бетегелі дала зонасыоданжоғары /1400-1700 м/ қара топырақ тәрізді шымды-шалғындық топырақтарда суальпілік және альпілік шалғындар өскен таулы зонасы бар.

Зайсан қазан шұңқыры – Қазақстанның шығыс бөлігіндегі ойысОңтүстік Алтай, Қалба және Сауыр – Тарбағатай жоталары аралығындағы тектоникалық ойыс.
Ұзындығы – 225 кмені 100 – 125 кмЗайсан қазан шұңқырының үштік дәуіріндегі көл тасқындарының аллювалдық шөгінділерінен түзілгенҚазан шұңқыр таудан ағатын өзендерменсай – жырлармен тілімделген ойыстан шөл және шөлейт жерлері жайылымға пайдаланады.

Ауданда жануарлар дүниесінен қасқыртүлкіқарсақсасық күзенақ құлақ борсыққос аяқсуыреліктиінқоңыр аюарқарсілеусін бар.
Ауданның далалы өңірінде елікдуадақтырнабезгелдекторғайқараторғайсарышұнақ, дала тышқанықос мекенділер мен бауырмен жорғалаушылардың төрт түрі – жасыл бақатас бақа және дала сұр жыланысекіргіш кесіртке кездеседі.

Ауданның таулы өнірін қасқыртүлкіқарсақсасық күзенборсыққосаяқсуырқоңыр аюарқарсілеусін мекендейді.
Аудан жерінде Тарбағатай тауларынан басталыпЗайсан көліне қарай ағатын Боғас, Базар, ҚарғыбаТебіскеТерісайрықТайжүзгенУластыҚандысу Құсты өзендері бар. Бұлардың көпшілігі жер суғаруға пайдаланылады.

Зайсан көлі Оңтүстік Алтай мен Тарбағатай жоталары арасындағы ойыста жатқан тущы көл.
Ұзындығы 100 км-дейені 30км-дей, ауданы 1800 шаршы км, жағасы көп жерінде жайпақ.

Көлде балықтардың 23 түрі бар, оның 17-сі кәсіптік балықтарКөлде балықтардың бежіреақ балықтайменшортанаққайран, сазан т балықтар ауланадыКеме жүзедіКөл жағасында бірнеше балықшылар ауылы орналасқан Туғыл кентінде балық аулайтынаулаған балықтыөңдейтін кәсіпорындар жұмыс істейді
Ауданның өсімдіктер әлемі түрлі-түстілігімен және сан алуандылығымен ерекшеленедіАуданның оңтүстік бөлігіндегі өсімдіктер аласа көгалдыөзен-бастау жағалаулары құрақты далалы        

Жер қойнауынан қоңыр көмірмәрмәр, никель, құрылыс материалдары бар екендігі анықталған.

Аудан жерінің батысынан шығысына қарай созылып жатқан Тарбағатай тауының ұзындығы 300 шақырымға жетедіЕні 30-50 шақырым шамасындаЕң биік шыны «Тастау» 2991 мШығысында Алтай тауы мен,  батысында Сарыарқа мен ұласадыАрғанатыМаңырақӨкпеті,ТүйемойнақЖылытау сілемдерінің де шоқтығы биік шындары көп.

Осыдан бастау алған Боғас, Базар, ҚарғыбаТебіскеҚарасуШорғаТайжүзгенҚандысуҚұсты  Зайсан көліне құяды.
Біздің ауданда  ойлаған көсемдер,  шешендер,  әділ билер,  жауға қол бастап шыққан  батырлар,  күйшілеркүміс көмей әншілерақындар

көріпкел әулиелігімен аты аңызға айналған емшілержауырыны жерге тимеген палуандар өмір сүргенЕжелден табиғатына бай «Барқытбел» атанған қарт Тарбағатай ерте замандардың көнекөз куәсі.

Бұл өңірде біздің жыл санауымызға дейінгі бірнеше мыңжылдықта ерте көшпенділер мекендегенБұған дәлел тау төскейіндегі далалардағы үйінді обалар.
Қазақстан тарихи зерттеулерінде «Алтын - оба» аталып кеткен Шілікті аңғарындағы қорғандардан осы дәуірдің көне мәдениет ескерткіштері табылғанАрхеологиялық қазба кезінде 500-ден астам алтын бұйымдар шыққанБұлардың көпшілігі еліміздің ұлттық мұражайында  жәнеәлемдегі ең үлкен мұражайлардың бірі Санкт-Петербургтағы эрмитажда сақталуда.  Шыбынды елді-мекені маңындағы обадан табылған барыс мүсіні орнатылған қос шырағданКіндікті өңірінен түркі қағанаты дәуіріндегі тас мүсіндер табылғанЖермен елдің тұтастығын сақтапқалған ұрпаққа ұранхалқына мақтан болған Қаракерей ҚабанбайБи БоранбайДәулетбай бабаларымыздың Тарбағатай өңірінің тумасы екендігінұлы ерлігіне лайық дарабоз,  батыр атануы ұрпақтар үшін зор мақтаныш.

Ел қорғаудағы ұлы ерліктер Тарбағатай өңірінде өткені белгіліАудан жеріндегі ҚалмаққырғанДолаңқараКергентасБаспанМайлышатҚұбас кезеңіШорғаМауқыбайШаманна тағы басқа тарихи жерлер осы оқиғаға байланысты аталған.

Осы өңірдегі 1826 жылы орыс патшалығына бодан болмаймыз деп алғаш рет анықтапашық қарсы шығып ақыры сол үшін құрбан болған Қожагелді батыр, Сатының ұраны болған БұтабайМаңырақ айқасында аты шыққан Байотар, ел бірлігін көксеген СасанШәкі билерСатыныңбиі қажыбүкіл исі қазаққа әйгілі Тана мырза мен Кенжелі шешенНайман елінен алғаш рет қажыға барған Шал қажыҚұрбан қажыӘулие емші ЫрғызбайОразбай дуанақарадан шығып аға султан болған Қисықсұлтандар Тарбағатай жерін мекендеген.

«Бақтиярдың қырық бұтағы» атты әйгілі дастаны бар Жанұзақ жыршы, 1907 жылы қазақ қаласында «Дүние үшін ғибрат нәме» атты кітап бастырған Қоқан қажыБабырБағаналы күйшіКәрібайОжырбайҚали ақындар сияқты ел ардақтылары көптен саналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..   261  262  263  264   ..