Су мәселесі

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 12

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..   230  231  232   ..

 

 

 

 

 

 

Су мәселесі

 

 

 

 

 

Орындаған:

Тексерген:

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Ғылым және Білім министрлігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2008 ж.

 

 

 

 

 

Бір қол – жағада, бір қол – сағада...

 

Қанша қиюластырғың келгеніменәу бастан қиюы қашқан нәрсенің икемге келіпиліге кетуі екіталайАл икемге келтіру үшін амал-тәсілдің сан түрінойластырыпмәселеге жан-жақты байыппен қарағанда ғана бұрыннан түйіні шешілмей жүрген түйткілді дүниенің түйіні тарқапкүрмеуі  біраз да болсашешілер едіӘйтпесе...

 

Су мәселесі бүгінгі таңда тек Орталық Азияда ғана еместіпті жаһандық тұрғыда талқыға түсіп жүргені белгілі.Аймақтық-өндірістік кешендерденбастап тұтастай ел экономикасының қарыштап дамуы бірінші кезекте мемлекеттің су ресурстарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуінебайланысты десекартық айтқандық болмасҚазіргі кезде Орталық Азия республикалары арасында шиеленісе түскен аталмыш мәселе көршілерменарадағы байланыстың болашақта қай бағытқа қарай бет алатынын бағамдауға мүмкіндік беретіндейТаразының бір басында Қазақстан болсаекіншіжағында Орталық Азиядағы  мемлекеттер тұрОған тағы да Ресей мен Қытайдың салар салмағын қосыңызОсы ретте алаң туғызар басты жәйтағынсудысоның ішіндеәсіресетрансшекаралық өзендерді пайдалануда жаңағы мүдделілік таразысының тепе-теңдігін қалай сақтауға болатындығыЕгерде аталмыш үдеріс бұдан былай да қазіргі бағытта өрістей беретін болсасу мәселесі төңірегінде жаңа шиеленіс түрінің туындауына жол ашылыпжүрмей меЖәне сол шиеленіс салдарынан түптің түбінде елдің зардап шекпейтініне кім кепілдік бередіСауал көпОған берілер жауаптың да аземестігіне дау жоқОсы ретте аталмыш проблема мемлекеттің экономикалық не болмаса экологиялық мүмкіндігін ғана танытып қоймайқауіпсіздікжәне  саяси  мәселе сипатына  көшетін сыңайы бар.

 

Орталық Азия республикаларының экономикасы үшін су ресурсы өткен ғасырдың орта тұсынан-ақ өзекті де өткір проблемаға айналғанын ескерсеконың әлдеқашан  халықаралық маңызға ие болғандығы анықТМД мемлекеттері ішінде біздің еліміз өзен суымен өте төмен деңгейде қамтамасызетілгенГеографиялық жағынан барлық трансшекаралық – ЕртісСырдарияЖайықІлеШуТалас секілді өзендердің төменгі сағасындаорналасқандықтан да боларҚазақстан үшін бұл проблема күрделілігімен қатаруақыт өткен сайын мүлдем жаңа түрге енетін  құбылмалылығымен деқиындық туғызуда.

 

Өткенге біраз шегініс жасасақсонау 1992 жылдың ақпан айында Алматы қаласында Орталық Азия мемлекеттері арасында Сырдария өзенінің суқатынастары мәселелерін реттеутрансшекаралық су ағындарының режім проблемаларын шешуәсіресежазғы суармалы мерзім кезінде суресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауды бірлесіп басқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатынАл 1998 жылдыңнаурыз айында осы өзеннің су-энергетикалық ресурстарын келісілген шартпен іске асыру мақсатында Орталық Азия экономикалық ынтымақтастығыұйымының үкіметаралық негіздемелік келісіміне қол қойылдыАлайдасоңғы екі  жылда аталған келісімдердің ережелерін Сырдария өзенінің жоғарғысағасында орналасқан мемлекеттер толығымен орындамай отырМәселенҚырғызстан қысқы мерзім аралығында энергетикалық режімге сәйкес 19,5 млрдтекше метрді құрайтын Тоқтағұл су қоймасынан суды көп мөлшерде жіберіпосы өзеннің төменгі ағысында орналасқан біздің ОңтүстікҚазақстан және Қызылорда облыстарының елді мекендерін су басу қаупін төндірудеАл Өзбекстан болса кейінгі кездері жылда түзілетін Сырдарияөзенінің су ресурстарын пайдалану туралыяғни жаз айларында алынған суға қырғыздың электр қуатын қабылдапсәйкесінше Қырғызстанға газ беругетиіс делінген мемлекетаралық келісім-шартты мойындамай келедіОсы шарттың орындалмауы салдарынан бар ауыртпашылықтың салмағы төменгісағада отырған Қазақстанның мойнына ауып отыржазда Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының егінді аймақтарын сумен қамтамасыз етуүшін біздің еліміз екі мемлекетке қатысты алынатын электр қуатын өтеуге мәжбүр болудаТағы бір айта кетерлігіарнайы белгіленген шартқа сәйкесөзен ағысы бойындағы су шаруашылығы құрылыстары тек мемлекетаралық келісім бойынша салынуы тиіс десекӨзбекстан бұл жерде де басқаша  қадамға барыпешқандай келісімсіз Арнасай су қоймасын салып алдыАл бұл өз кезегінде Шардара су қоймасынан апатты жағдайда жіберілетінсекөнтіне 2160 текше метр су өтімінің төмендеуіне әкеп соғудаБасқаша айтсақӨзбекстан алдымен өзін сумен қамтамасыз ету жағына бет бұрыптрансшекаралық өзендерді пайдалану ережесін ескерусіз қалдырдыҚырғызстан мен Өзбекстан бұл мәселеде қазаншының еркі бардың рөлін атқаруғатырысып бағуда.

 

Қазақстан тарапынан осы мәселелерді реттеу тұрғысында  Халықаралық су энергетика консорциумын құру туралы ұсыныс енгізіліпоныңтұжырымдамасы да әзірленіп қойдыОған Дүниежүзілік банк те өз тарапынан көмек көрсеткісі барДесек те аталмыш консорциумға жоғарыда аталғанмемлекеттердің кіріскісі деқатысқысы да жоқСебепәркім өз мүддесін ғана көздепгеографиялық жағдайларын көзір ретінде ұстанудаТіптен өзініңбасы қатқан мәселеге басқаның да басын қатырғысы барМәселенҚырғызстан жағы сонау Кеңес одағы кезінде жұмыс істепкейін жұмысы тоқтапқалған Қамбар ата су қоймасын қайтадан тұрғызу жағын алға тартудаТоқтағұлға еместап сол Қамбар ата су қоймасын тұрғызуғасөйтіп соныңжұмысын жандандыруға консорциум құрайық деген ұсынысын айтып жүр бүгіндеАл Өзбекстан ең алдымен өз жерінде су қоймаларын тұрғыза беруниетінде секілдіБірақконсорциумға оның да қатысқысы жоқЯғнибұл мәселе жөнінде де қайшылық жетіп жатырАталған мәселелердің түйініншешу мақсатында биыл Ашғабадта Орталық Азия мемлекеттерінің қатысуымен тағы да үлкен бір басқосу болады деп көзделудеБірқатар мәселелерсол басқосуда қозғалмақшы.   

 

Трансшекаралық су мәселесінің енді бір ұшы Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасқа тіреліп отырҚытай жағының трансшекаралықөзендерге қатысты мәселеге әлі де болса өзімбілемдік сақтықпен қарап келе жатқаны байқалатындайНеге десеңізҚытай су қатынастарына арналғанбір де бір конвенцияға күні бүгінге дейін қол қоймай келе жатырЕкі мемлекет арасында өткен жылдың  қазан айында Шанхай қаласындаТрансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Қытай комиссиясының үшінші бірлескен отырысы өткен болатынОнда Ертісжәне Іле трансшекаралық өзендерінің суын пайдалану жөніндегі келісімді әзірлеу туралы Қазақстан тарапының ұсынысы талқыландыКейбірсарапшылардың сөзіне қарағанда, “Қара Ертіс-Қарамай” каналы  іске қосылғаннан кейін Қытай жағы  Ертіс өзенінен 800 млнтекше метр көлемінде суала бастаған.  Ал оның көлемі кейін 1,5 млрдтекше метрге дейін жетуі мүмкін деген болжам да айтылудаБіле білгенге бұл болашақта қиын жағдайғадушар ететін көрсеткіш.  Егер де Ертістің жалпы су ресурсының мөлшері шамамен 9,8 млрдтекше метр екенін ескерсекҚытайдың бұл ұстанымыҚазақстанның ғана емессонымен қоса Ресейдің экономикасы мен экологиясына едәуір залал келтіретін боладыМәселенің қай жаққа қарай бағыталуы сол отырыста Комиссия шешімі бойынша Қазақстан әзірлейтін келісімнің жобасына және оның қабылдануына байланысты болмақДайын болғанкезде Қытай тарапына дипломатиялық жолмен жіберуі тиіс бұл жобаны әзірлеу жолдары әлі күнге дейін қарастырылу үстіндеСала  мамандары өзкезегінде  келісім жобасын жасау  үшін алдымен арнайы ғылыми негіздеме енгізуодан барып ғылыми-зерттеулер жүргізу керек дейдіСонда барып бұлмәселе бір ыңғайына келетін болады деген ұстанымдарын алға тартуда.

 

Ниет жағы баршылықбірақ соның нақтылыққа айналу жағы жоқтың қасыӘзірше жақсы бір шешім ретінде Қазақстан Қытаймен арада су көлігіқатынасын жандан­дыру жағына мықтап назар аударып отырМамандардың пікіріншеекі ел арасында кеме қатынасының жұмысы жолға қойылатынболсаҚытай мемлекетінің Қара Ертіс суын көп мөлшерде пайдаланып кетуіне мүдделілігі азаядыБұл да көңілге демеу болмақ.

 

Ал Ресей жағы шеСала мамандарының айтуына қарағандабұл елмен арадағы байланыс біртіндеп бірізділікке түсіп келе жатқандайДесе де кейінгі кезде Ресей тарапынан да басқаша ұстаным бой көрсете бастапты. Волгоград, Саратов облыстары мен біздің Батыс Қазақстан облысы аралығындағы біраз сулар жәділік жүйе арқылы бір-бірімен жалғасқан десек, біраз жылдар бойы сол жүйелер арқылы олар бізге су жіберіп келген. Бірақ кейінгі кезде  Ресей жағы суды тауарға айналдыру мәселесі жағын ойластырып бағыпты. Қашанғы бас шұлғи бермек біздің ел? Дәл осы мәселеге келісе қоймас. Себебі дейсіз ғой? Мұндайға жол берді деген сөз, домино қағидаты бойынша ұқсас мәселелердің шығуына жол берді деген сөз. Себебі, осы сияқты су жүйелері арқылы басқа елдерден бізге келетін өзендер баршылық емес пе? Ал егер Ресейге ақша төлеймін десек, Қазақстанның есептесу қауқары қарымды екен деп, мына жақтан Өзбекстан мен Қырғызстанның алақан жая келе, жалаңдауына тап-тамаша мүмкіндік табыла кетпей ме?

 

Суды декларациялауға қол қоюға келіскен күннің өзінде мынадай жағдай қалыптасар еді: егер әр текше метр су 1 теңгеден тұрғанның өзінде мемлекет қоржыны жылына 1,5-2 млрд. қаржыға қағылар еді. Ал бұл өз кезегінде мемлекеттің негізгі бүйіріне едәуір нұқсан келтіруіне әкеп соғады. Сол үшін жақын арада Ресей жағымен осы мәселе жөнінен келіссөз жүргізіп, бір мәмілеге келу көзделіп отыр.

 

Сонау бағзы заманнан халықтың басты қажетіне айналған судың жыры Қазақстан үшін енді қай бағытқа қарай бет бұрып, қай арнаға қарай ойысар екен. Көрші елдердің бір қолы — сағада, бір қолы жағада болып жүрмесін деңіз...

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..   230  231  232    ..