С.Бегалин - халықтың сүйікт жазушысы

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 12

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..   190  191  192  193  194  195  196  197  198  199  ..

 

 

С.Бегалин - халықтың сүйікт жазушысы

 

 

 

       Сүйіктісі халықтың

 

Жүрегіңнің алаулатып жалынын,

Тамыршыдай дарындыны таныдың.

Қабыл болып ізгі тілек, ақ батаң,

Алдым шексіз ғибрат, мол тағылым.

Танымастай өзгерді ел, жер кейпі,

Озбырлықтың мәңгүрт басы еңкейді.

Семейдегі жарылыстың үні өшіп,

Абыралы қайта түлеп, көркейді.

Көкірегіме ұяласын қалай мұң,

Егемендік, еркіндікті қалаймын.

Кең әлемге нұрын төкті жарқырап,

Қайта туған бақ жұлдызы Абайдың.

Жалауымды күн аймалап, өпті шың.

Өзін емес өзгені де дос тұтқан,

Ұмытпайды өсер ұрпақ тектісін.

Жауды жеңіп көтерген ел іргесін,

Аруақтарды сыйламасақ бізге сын.

Дүр сілкінген қайта түлеп қырандай,

О,Сапеке, халқыңменен біргесің.

                          Жеңіс Қашқынов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ халқының кемеңгер әрі сүйікті жазушысы Сапарғали Бегалиннің есімі елімізде кеңінен танымал.

Сапарғали Бегалин артына мол әдеби мұра қалдырды.

Ол-халқымыздың ғасырлар бойы ауызша тараған әңгіме-аңыздарын, айтыс-өлеңдерін, шешендік толғауларды жатқа білетін ескінің көзі, оның үстіне этнограф, әрі тарихшы,  қазақ халық ауыз әдебиетінің білгірі және жинақтаушысы.  Ол көптеген халық әндерін, аңыз-ертегілерін, айтыскер ақындардың айтыстарының мәтінін жазған.

Сапарғали Бегалин-әдебиетіміздің поэзия, проза жанрларында тартымды, толымды шығармалар берген көрнекті суреткерОның шығармашылық сапарында суреткер қаламынан жиырманың үстінде поэма, оннан астам повесть, жүздеген әңгіме, бір роман, көптеген естеліктер, зерттеулер, мақалалар туды.

Ол-сазды лирик, сыршыл ақын.  Оның өлеңдеріндегі басты тақырып-туған жерге деген махаббат, өмірге, тіршілікке деген құштарлық.

Талантты аудармашы. Ол Пушкин, Лермонтов және басқа да көптеген орыс классиктерінің шығармаларын қазақшаға аударған.

Сапарғали Бегалин драматург ретінде де көпшілікке танымал. Ол оншақты пьесаның авторы.

Қазақ халқының ұлы ақыны Жамбылдың шығармашылық өміріне арнаған шығармасы, С.Бегалиннің ғалымдық еңбегінің үлкен жемісі.

Халық ақындары Иса, Шашубай, Төлеу, Доскей шығармаларын сұрыптап бастырып, олардың тұңғыш өмірбаянын жазған. Тәттімбет, Әміре, Естай, Майра, Қажымұқан тұлғасын кейінгі ұрпаққа танытуда мол еңбек сіңірген де Сапарғали Бегалин. Халық ақындарының шығармаларын сұрыптап «Халық ақындары», «Өмір жыры», өнер саңлақтары жөнінде «Сахара сандуғаштары» атты жинақтар шығарды.   Сапарғали Бегалин 50-ден аса әндерге өлең жазған ақын. Олардың ішінде «Ақтамақ» (муз. С.Кәрімбаевтікі), «Ақ көгершін» (муз. А.Жұбановтікі) сынды әндері халық әніне айналып кеткен. Ақынның өлеңдері бойынша М.Төлебав, Л.Хамиди, Е.Ерзакович, С.Мұхаметжанов, Е.Рахмадиев сияқты талантты композиторлар ән жазды.

Қаламгердің жоғары сауаттылығы, аса зеректігі үшін, басқалардан ерекшелеп, даралап көрсететін өзіндік қайталанбас сыпайы мінезі мен тиянақтылығы, ұқыптылығынан, құбылып, өзгермейтін рухани әлемінің кереметтігінен айналасындағы жақын, жора-жолдастары, қаламдастары, зиялы қауым сыйлы ақсақал ретінде таныған, оны ұстаз тұтқан, үлгі еткен. 

Десек те, ең бірінші Сапарғали Бегалин қазақ балалар әдебиетінің дамуына көп еңбек сіңірген, оның негізін қалаушы алғашқы көшбасшысы. Оны қазақ балалар әдебиетінің ақсақалыжәне классигі деп атайды.

Бүгінде жас ұрпақты Сапарғали Бегалиннің кітаптарын оқуға шақырғанда, біз алдымен одан халықтың дәстүрлі тіршілігі тудырған кәсіптердің неше түрлі көріністерін, дала өмірінің сан қилы қызықтарын тамашалауға болатынын еске аламыз. Оның төрт түлік туралы жырлары, ертегі, аңыз, мысалдары балалардың өмір тануына, табиғат сырын түсінуге, жан-жануарлар дүниесін ұғып, сырласуына жол ашады. Көпшілік қауым арасында жоғары баға алған  «Сәтжан»,   «Көксегеннің көргендері» сияқты тамаша туындылары құсбегілік, саятшылық өнердің қызықтарына тартпай қоймайды.

Балаларға арнап жазған өлең, әңгіме, повестері ондап, жүздеп саналады. Сапарғали Бегалин есімін тек қазақ баласына ғана емес, көптеген елдердің балалары арасында да танымал. Оның балалаға арнап жазған кітаптары көптеген ел тіліне аударылған. 

Бүгінде ақсақалдың «Балалар жазушысы»  деген атағы мәңгілік тарихта қалып Республиканың балалар кітапханасы 1996 жылдан бастап  Сапарғали Бегалин есімімен аталады.

Жазушы атымен аталатын Республикалық балалар кітапханасы өз тарапынан жазушының шығармашылығын көпшілік оқырман арасында насихаттаушы көшбасшылардың бірі ретінде оқырмандармен кітапхана  көптеген шаралар өткізілуде. Солардың ішіндегі ауқымдысы, жыл сайын жазушының туған күні қарсаңында өтетін «Бегалин оқулары».

Міне, осындай көрнекті жазушы, ақын, тарихшы, этнограф, зерттеуші Сапарғали Бегалиннің туғанына биыл 110 жыл толады. Еліміздің жас жеткіншектері осындай тамаша жазушының шығармашылығын білулері керек. Жазушының мерейтойы қарсаңында оның еңбектерін көпшілік арасында насихаттау мақсатымен еліміздің кітапханаларында әр түрлі шаралар өткізілуде. С.Бегалин атындағы Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы өз тарапынан жазушының өмірі мен шығармашылығына арнаған «Қазақ балалар әдебиетінің ақсақалы» әдістемелік құралды көпшілік назарына  ұсынып отыр.

Құрметті балалар оқуының жетекшілері мен кітапханашылар!

Халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп бүгінге жеткізген ардақты ақсақал  Сапарғали Бегалин - біздің алтын сандығымыз. Ол сандық ашқан сайын көз қызықтырып, көңілімізді өсіреді. Осы игілікті іске сәт-сапар тілейміз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ балалар әдебиетінің ақсақалы

Әңгіме

 

...Еңсеңді көкке көтере,

Кен есігін кең аштың,

Байлықтың өрін төтелеп

Мақтасам қалай жарастың.

Өсіп ем сенің өріңде,

Қайнарыңнан нәр алып,

Алуан қилы өмірге

Ер жеттім сенде жаралып...,-деп «Туған жер» атты өлеңінде өзі жырлағандай Сапарғали Бегалин бұрынғы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан), Абай ауданы Дегелең ауылында, кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Сапарғали атаның ата қонысы-Шоқан мадақтаған, қобызға тартып, ән салған, үлкен эпикалық дастандар тудырған, айтыс ақыны Жанақ жүйрік жырына қосқан Арқаның киелі мекендерінің бірі- Дегелең таулары. Бағзы қазақ қауымындағы жақсы дәстүр бойынша, атасы Бегалы немерелері секілді Сапарғалидың да бес жасында кәлимаға тілін келтіріп, арабша сауатын ашып, өзі оқытқан.  Осы алты-жеті жылға созылған сабақ обал мен сауап, күнә мен қылмыс, жұмақ пен тозақ секілді мәңгілік сұрақтарға имандай ұйытып жауап беріп, Сапарғалидың мінез-құлқын, кісілік келбетін, жүріс-тұрысын исламның адамгершілік мұраттары негізінде қалыптастырып, кейін таулар құлап, дариялар арнасынан ауып, тұтас қауымдар күйреп жатса да, құбылып, өзгермейтін рухани әлемнің алтын өзегін жасап берген.

Табиғатына зерек, ұғымтал балаға оқу оқыған, білім алған өте ұнайды. Бала Сапаштың одан кейінгі білім алуына немере ағасы, сол кездегі оқымысты Ысмағұлдың ықпалы өте зор болады.  Сол жылдары Тәшкенттегі мұсылмандар медресесін бітірген Ысмағұл туған ауылына қайтып оралған болатын. Оның қаладан өзімен бірге алып келген шығыс әдебиетіне, тарихқа байланысты және бастауыш мектебіне арналған оқулықтары ауыл балаларының жаңаша сауатын ашуларына көп көмегі болды. Сол кезде-ақ, ағасы кішкене Сапаштың алғырлығына көңіл аударып, оны үнемі жанынан тастамай Қарқаралы, Семей сияқты қалаларға ертіп жүретін.  Немере ағасының көмегімен Сапарғали Фирдоусидың «Шахнамасын», Ахмет Иассаудың «Хикметімен», Сайхали мен Бақырғани өлеңдерін, «Жүсіп-Зылиқа» дастанын, «Мың бір түнді»  бас алмай, жастығы астына жастанып оқиды. 

Қазан баспасынан шыққан қиссалармен, хикаялармен танысады. Оқыған сайын өзіне үздіктіретін «Қозы Көрпеш- Баян сұлу», «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр», «Қыз Жібек», «Ер Көкше» жырларын және де  көптеген  ертегілерді жаттап, жұртқа жаяды. 

«Осыншама өмірдегі ең бір оқшау бақытты кұндерімнің бірі деп әкем Семейден Абайдың 1909 жылғы алғашқы жинағын базарлыққа берген күнін айтар едім. Содан бері ұлы ұстазымыздың ұлағатты сөздерінен екі елі ажырап көрген емен. Менің ең үлкен ұстазым-халық, ел дәстүрі. Ал әдеби үлгі-өнегем-Абай», - дейді жазушының өзі.

  Жазушының бұдан былайғы өмірі үнемі күреске, тартысқа толы болды. «Шешеміздің айтуы бойынша, салқын күздің аяғында, терістіктен ызғырықтап жел соғып, ұшқындап қар жауып тұрған суық күні дүниеге келіппін. Табиғаттың маған еншіге бергені ме, әлде жасағанның бұйрығымен болатын құбылыс па,-білмеймін, әйтеуір жылда осылай, менің туған күнімде терістіктен жел ызғырықтап, ұшқындап қар жауып тұратын әдеті. Бүгін де, міне, ауа райының күрт бұзыла қалғанын көрмейсің бе. Сірә, мені қыспаққа салғысы, сынап алғысы келетін шығар. Бірақ мен де көне қоймаспын»,-дейді жазушы.

Шын мәнінде солай. Табиғаттың да, тағдырдың да Сапарғали ақсақалға тартқан сыбағасы жеңіл емес. Сапарғали Бегалин өз өмірінің жастық шағын суреттеп, ертеректе жазған бір өлеңінде былай дейді:

Мен бала боп өскелі,

Елім боп өмір кешкелі,

Қай белесті аспадым,

Қай қиянды баспадым.

Қай азапты көрмедім,

Қай мазаққа көнбедім.

Алаңсыз өмір кешкен бүлдіршін шағынан кейін, ақынның жасөспірімдік шағы қараңғылық қамаған көңілсіз, жүдеу өмір қыспағында өтеді. 

Жұттан қашып, алыстан жұмыс іздеген әкесіне еріп, 1911 жылы қалаға келген бала пристаньда қара жұмысқа түседі. Содан қазақтың тұңғыш ағартушы- мұғалімі Құлжанов Нұрғали мен Нәзипаның үйінде атының басын ұстап, делбеші боп жүріп, орыс-қазақ училищесін 1915 жылы бітіріп шығады. Семейде оқып жүрген шағында Сапарғали кәдімгі атақты Абай келіп орыс әдебиетінің классиктері Толстой, Лермонтов, Пушкиндермен тұңғыш танысқан Гоголь атындағы кітапханадан кітап алып оқиды. Көбінесе Абай өлеңдері мен Тоқай өлеңдерін қайта-қайталай, ойлана, толғана оқиды. Сапарғали алғаш өлең жазғанда осы екі ақынға ден қойып еліктей жазады. 1914 жылы жас Сапарғалидың тұңғыш өлеңі «Айқап» журналында басылады.

Қыналған киім, сыптай бой,

Қырынған жігіт желөкпе ой,

Киініп кербез ат баптап,

Іздегенің айт пен той.

Барыңды киіп үстіңе,

Қырынып үсті-үстіне,

Ел қыдырып, ет аңдып,

Оныңнан пайда түсті ме...

Бір жілік үшін ел кездің,

Атын алып кербездің,

Алтындай уақыт босқа өтті,

Оныңнан, құрбым не сездің?...

Талапсыз, ойсыз, бос кеуде,

Ермегің елден ет жеуде,

Көп барған үйің мезі боп,

Ұялар бірақ «кет!» деуге.

Ардақты құрбы, көп інім

Қалса да айттым көңілің,

Бос жүрме ізден, оқу тап,

Босқа өтпесін өмірің.

Бұл өлең өз заманына лайық, өз тұсындағы өзімен құрбылас ауылда қымбат уақытын босқа өткізіп жүрген жастарға арналған. Жас ақынның алғашқы туындылары  «Азамат арманы», «Көшер ме тұман серпіліп», «Қазақ қыз-бозбалалары» атты өлеңдері болатын.

С.Бегалиннің тырнақалды өлеңдерінен жалындаған отансүйгіштікі, туған елге деген ұшқындаған жастық сезімдерді байқауға болады:

Сүйем сені, асқар таудың әр басы,

Асылғанда ай толықсып төбеңнен.

Сүйем сені, шыққан күннің шұғыласы,

Жер мен аспан қуанышқа бөленген.

Сүйем сені, жар тастардың қиясы,

Күн сәулесі ойнағанда бетінде.

Сүйем сені, батқан күннің ұясы,

Алтын шапақ ойнағанда шетінде.  

1916 жылғы дүрбелеңде окоп қазуға зорлық-зомбылықпен жіберілген жігіттердің қалың легінде Сапарғали да кете барады. Мұстафа Шоқай басшылығымен Думадан арнайы шешім алдырып азаматтарды аурудан, өлімнен құтқарып, 1917 жылы  елге оралады.

Бұл тұста жас ақын бірталай өлеңдер жазады. Кейінгі жылдары сотта, газетте, ғылыми қызметте, Жазушылар Одағында кеңесші болып істейді.       

Сапарғали Бегалиннің артына қалдырған мұрасы әжептәуір. Оның шығармашылығы сонау бозбала кезінде жазған тырнақалды өлеңдерінен бастау алса, ең соңғы туындысы ғұмырнамалық «Замана белестері» атты роман. Октябрь революциясының алғашқы күндеріндегі қазақ ауылындағы, қаладағы әлеуметтік –психологиялық өзгерістерді көрсететін  деректі негізі бар мемуарлық еңбек. Шығарманың басты кейіпкерлері-белгілі қоғам қайраткері Мұқаметқали Тәтімов, қазақ әйелінен шыққан алғашқы оқымысты, көзі ашық жандардың бірі-Нәзипа Құлжанова, ұлы жазушы Мұхтар Әуезов, тағы басқа аты, есімі мәшхүр адамдар. С.Бегалиннің бұл романын Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу», Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі», Ғабиден Мұстафиннің «Көз көрген» сияқты айтулы шығармаларымен заңды түрде қатар қоюға болады.

Ақын Сапарғали -әсіресе, поэма жанрында көп көсіліп, ұзаққа, алысқа сілтеген қаламгер. Бұл саладағы оның көп еңбегі сөз арасында, ат үсті айтылғанымен, терең талданып, өзіне лайық бағасын алмағандығын өкінішпен ескерте кетудің артығы жоқ деп білеміз. Халық аңызының ізімен жазылған әдемі поэма «Абақ арманы». Бұл поэманы оқи отырып Абай, Ілияс құдыреттерімен жасалған тұлпарлар сапына тағы бір сәйгүлік қосылғандай әсер аласың.

Сапарғали Бегалиннің өткен өмірге арнаған, дерегі, ізі бар материалға сүйеніп жазған дастандарының ішіндегі ең шоқтығы биігі-дау жоқ, атына қатысты туған «Баян жүрек» поэмасы. Қазақ жігіті Сайқым мен қалмақ қызы Баян арасындағы махаббат, ерегістен ығыр болған екі ел арасындағығы келіспеушілік,  достықпен табысуымен сәтті көрсетілген.

Сапарғали ақсақалдың Ұлы Отан соғысы тұсында, еліміздің үстіне қатер төнген кезде жазған шығармалары өз алдына ауыз толтырып айтарлық еңбектер. Адамдар ерлігін, батырлығын мадақтайтын «Алтай аңызы» (Төлеген Тоқтаров туралы), «Қанатты қазақ» (Нүркен Әбдіров туралы), майданда отан қорғау жолында еңбегімен көзге түскен қазақ әйелі туралы «Жәмилә» деген, фашистердің оқ-дәрі жинаған қоймасын ойрандап, өртеп, сол Отан үшін өзі құрбан болған жас батыр қыз туралы «Орыс қызы» сияқты тебірене оқитын шығармалар жазды.  

Ақынның «Жаз лебі», «Көктем бұлты», «Нөсер артынан», «Сарыжайлау» секілді өлеңдері –сұлу бейнеленген пейзаж үлгілері. Сондай-ақ өзгеше жазылған «Кавказ аңыздары», «Бұқара-Самарқанд сапары»  топтамаларынан да тосын образ, әдемі деталь, есте қалар бейнелер табуымызға болады. Ұлы Абайға, Мұхтарға, Қасым Аманжоловқа арналған өлеңдерге жүректің тереңінен шымырлап шыққан сыр, таза сезім жан бітірген.

Сапарғали Бегалин жиырмасыншы-қырқыншы жылдары ел ішінде қызмет істеген кездерінде еліміздің кең атырабын көп аралап, ескініңкөздерімен табақтас, дәмдес, сырлас болған. Осы сапарында ол естіп, іріктеп, екшеп қағазға түсірген дүниелер-мол қазына. Халық ақындары Иса, Шашубай, Төлеу, Доскей, Қуат шығармаларын сұрыптап бастырып, олардың тұңғыш өмірбаянын жазған. Сапарғали Бегалин қазақ халқының ардақты ұл-қыздары Тәттімбет, Әміре, Естай, Майра, Қажымұқан, Қалыбек тұлғасын кейінгі ұрпаққа танытуда мол еңбек сіңірген. 

С.Бегалиннің зерттеуші, оқымысты, фольклорист ретіндегі ең жемісті, ең бағалы туындысы-«Жамбылдың ата тегі, өмірі» деген іргелі зерттеуі деп білеміз. Жамбылдың көзі тірісінде өзінен, онымен өкшелес қарттардың аузынан жазылып алынған бұл еңбекте ұлы ақынның өскен ортасы, ата бабасы, алған тағылымы, мінез-құлық ерекшеліктері туралы аса қызық деректер бар. Мұның үстіне Жетісу атырабының аңыз-әңгімелері, жүйрік аты, қыран құсы, сал-серісі, ақын – жырауы, домбырашысы-күйшісі жөніндегі деректер де өте бағалы, дәл.

«Айдос», «Ұр, торпақ» дастандарынан фольклордың жақсы әсері, өрнек-бедері, бояу нақышы байқалады.

Жазушының қазақтың көшпелі, бұрынғы тұрмыс-әрекетін жіті білетіндігі әңгіме, повестерінде мал баққан адамның психологиясы, аңшылардың жан дүниесі сенімділікпен, шыншылдықпен бейнеленген. Бұл шығармаларда енді қайталанбайтын, тарих қойнауына кеткен, суреткер қаламы арқылы есте қалар тарихи жанды суреттер бар. 

Жиырманың ішінде бірінші дүниежүзілік соғыстың майданында болып, адам қанының судай аққанын көріп, шошынған, отыздың ішінде жазықсыз елдің тападай тал түсте тоналып, зорлап жасалған тәркілеу кеселінен аштан бұралып қырылғанын көріп, не істерін білмей жүрегі қарайған, қырықтың ішінде ұлтының маңдайына біткен асылдарын атып-асып құртқан зұлымдықты көріп, дүниенің бәрінен түңілген, елудің ішінде туған Дегелеңі атом полигонына айналғанын көріп көзінен қанды жас аққан-Сапарғали Бегалин тіршіліктегі жалғыз медеті қалам қайратынан тапқан. Онда да тап тартысы, науқандық мәселелер емес, саясаттан аулақ, балалар әлемі, табиғат аясы шығармаларының негізгі өзегіне айналған.

Қазақ әдебиетінің проза жанрында С.Бегалин туындылары бір сала іспетті. Әсіресе, ол балалар әдебиетін дамытуға зор үлес қосып, «Бүгінгі Ыбырай», «Қазақтың Маршагы» атануы тегіннен –тегін емес. Есімдері әлемге аян Том Сойер, Гаврош, Тимур секілді қызық мінезді, қайратты балалардың қатарына С.Бегалин өз кейіпкерлері Сәтжан, Көксеген, Уәш, Ердендерді қосты. Қазір олар орыс, татар, грузин, поляк, корей және тағы басқа әлемнің көптеген елдерінің балаларының сырлас досына, ет жақын бауырына айналды.

Қазір бір ауыздан балалар әдебиетінің үлгілі туындысы саналатын, кезінде одақтық сыйлық алған әйгілі «Сәтжан» повесіндегі қазға түскен ителгінің қимыл-қозғалысы, динамикасы, өмір мен өлім тайталасы бір оқыған адамның есінен кетер ме?! «Көксегеннің көргендері» повесінде Алтай өңірінің сұлу табиғаты, өзгеше, дара сипаты жақсы берілген.

С.Бегалин прозасының негізгі арқауы –қақаған аяз, дүлей боран, шыжыған ыстық, небір аптапта дала төсін жайлаған кесек тұрпатты, ірі мінезді жылқышылар, қойшылар, аңшылар. Бұлардың дені өмірдің өріне шыққан егделер мен саналы тірлікке енді қадам аттаған жасөспірім, жеткіншектер-ауыл балалары. Жазушы өзінің балалар жазушысы болып қалыптасуы туралы былай деп еске алады: 

«Шығармашылық-балалық шақ әсерлерінен басталады. Әжеңнен, анаңнан, санаңда ән болып сіңетін бесік жыры, елдің эпос айтушыларынан естіген аңыз, ертегілерін, батырлық ғаламат жырлар бала қиялыңды қозғап, қилы-қилы ойларға жетелері хақ. Біз әдебиетке фольклордан келдік. Халық-ауыз әдебиетінен үйрендік.

Олар–ертегілер, қиял байлығы-тапқырлық, жауыздықтың жазасы болған халық қаһармандары жайлы аңыз. Адамшылықтың қиыннан қиысқан әр алуан сипатталатын тапқыр ойшылдықтың түрлері кейде жыр болып, кейде тақпақ болып айтылар еді. Балалар жазушысы болып қалыптасуымдағы мектептерім де, осылар»,-дейді жазушы өз естелігінде.

Қырқыншы жылдардың аяғына таман С.Бегалин әдебиетке біржола оралған сәтінде, оның ойында балалар әдебиеті тұрған болатын. Жазушы балалардың ауыр тағдырын екі рет көрді. Бірі –азамат соғысы жылдары, келесісі-Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарына тұспа-тұс келген еді. Бұл ауыр жылдардағы қабырғасы қатпаған балалар тағдырдың талай тауқыметін бастан кешті. Ата-анадан жетім қалды. Балалар ерте есейді. Осындай Қиындықты көрген адамның балаға көңілі қалай оянбас. Олардың тағдыры жайлы қалай жазбас. Мен екі ғасыр, екі дәуірді көзбен көрдім. Көпті көріп, білу, ауыр бейнеттің дәмін тату-қалай дегенде де, әлдебір талаптарға талпындырады, жұмылдырады. Мені балалар әдебиетіне әкелген де осы жайлар болса керек.  Енді ішіндегі өзіңе ең тартымдысы қайсы дегенге... Өзің жазған шығарма болған соң, олардың қайсысы да жаныңа жақын. жүрегіңе жылы. Әйтсе де өз шығармаларыңды оқушы, сыншы пікірі арқылы сезгендейсің. Әрқайсысына әр түрлі қанағаттанасың. Сондықтан да қаламымнан шыққан шығармалардың оқушы көпшілік жылы қабылдаған «Сәтжан», «Бала Шоқан», «Көксегеннің көргендері» повестерім»,- дейді жазушы ағынан жарылып.

Көптеген қазақ балаларымен қатар көптеген елдердің балаларының сүйікті кітабына айналған «Сәтжан» повесі дүниеге былай келген екен. Аягөз өңіріне жолсапармен барған жазушы ителгі асырап, құсбегілікпен әуестеніп жүрген Сәтжан деген баламен танысады. Оның тыныс-тіршілігі, сабақты жақсы оқитындығы, бұзау бағушылық жұмысына сондай тыңғылықты баланың тыныс-тіршілігі Сапарғали атаны қатты ойланырады. Бұрын өлең жазып жүрген адамның енді көз алдына көрген оқиғасы повесть болып елестейді. Көрген, зерттеп зердесіне түйген жайлар  толғанысы арқылы «Сәтжан» атты повесть жазып шығады.

«Түз қырандарын ұстап баулуға Сәтжан аса құмар болатын. Ол Серікбай атасының бүркітін қолына алып жем бергенін, аңға алып кеткенін көргенде, мен де құс салсам, деп аса құмарланатын. Ителгі балапанының дауысы шыққан жерін аңдып көп отырды. Жанай көлеңкеге жантайып жатып әндетіп құстың дауысын елең де қылған жоқ. Сонша болмады, жартастың сайға үңілген қия бетіне екі ителгі ұшып келіп қонды. Біреуі жартастың басына әлден уақытта қайта ұшып шықты. Ителгі ұясы бар деген ойын Сәтжан әбден анықтады...». Міне, жазушының бала ойымен, көркем суреттеп жазған повесі осылай басталады. Құсбегілікті жанындай жақсы көретін Сәтжан анасының көмекшісі, мықты аңшы, жақсы дос.  Сапарғали Бегалиннің әдебиеттің қызықты, абыройлы саласына машықтандырып балалар жазушысы болып қалыптасуына ықпал еткен осы шығармасы екен.

Балалар әдебиетінің қиын талабы мен абыройлы тәрбиелік сипатын ойлағанда, жазушының өзіне тоқ санайтын ендігі бір шығармасы-«Көксегеннің көргендері».   Жазушы жасынан табиғатты сүйіп өсті. Ешкімге тіс жарып айтпайтын жан сырын табиғатқа айтып, сонымен ғана  қуанышты да, қайғыны да бөліссем дейтін. Жазушы қиялындағы қызық өлкенің бірі—Алтай. Жазушы Алтайдағы «Рахман қайнарлары» санаторийінде демалып жатқан шағында бау-бақшаны баптап күтетін қарттың Көксеген деген баласымен танысады. Ол саяткер бала болып шығады. Аюдың паң жүрісі, қызық мінездері жайлы көрген-білгендеін жыр ғып айтып береді. Осы әңгіме желісі бойынша «Көксегеннің көргендері» деген атпен жаңа повесть өмірге келеді. «Көксегеннің көргендері»  повесінің міндеті-табиғат, жан-жануарлар тіршілігінің сырларын ашу, бала бойына сіңіру. Шығармада  «Жаратылыс ғажап, бір аңның қасиеті мүйізінде, мысалы, бұғының мүйізіндегі қан сан ауруға дәрі. Мына күдірдің кіндігіндегі жұпар да сондай қымбат. Ал аюдың өті сан жараға ем. Міне ғажаптар» деп табиғаттың сан қырлы құпиясын ашып, өзі білетін аңдардың сырларын ашумен болатын Көксегеннің табиғатқа, жан-жауарға деген ерекше ықыласы жақсы суреттелген. Жазушы сомдаған маралшы бала Көксеген өзінің туып өскен даласының еркесі десе де болады. Ол сол даланы қалай сүйсе, оның сырын да сондай жақсы біледі. Оның сол далада көргендерінің өзі-замандастары үшін тамаша, таңғажайып хикая. Сапарғали Бегалиннің мұндай шығармалары бүгінде де мән-мазмұнынын жоғалпайтын туындылар қатарына жатады. Сәтжан, Көксеген сияқты балалар образы арқылы жазушы жас ұрпақ бойына ел сүю, жер сүюдің жақсы сезімдерін егеді, оларды халық дәстүрін үйренуге, оны сыйлауға үйретеді

Жазушының балалар әдебиетіне қосқан елеулі еңбегінің бірі – «Бала Шоқан». Жазушы Семейдегі «Приходская школасында» оқып жүрген кезінде Шоқан оның аса талантты ғалым, жиһанкез екенін туралы кейбір кітаптардан, Потанин мен Домбровскийдің тебірене жазғандарынан  оқып-білген. Осыдан барып жазушының көкірегіне ұлы дарын иесі туралы, оның балалық шағы туралы жазуға құмарта бастайды. Бірақ, ол бұл жұмыстың оңай еместігін, үзбей дайындық жасау керектігін түсінеді. Көп жылғы ізденістен, Шоқанның туыстарының естеліктері, мұрахат құжаттарының сұрыпталуынан «Бала шоқан» повесі дүниеге келеді.

«Ауыл күзектен көшер алдында Шоқан Мысықты еркіне қоймай үйіне ертіп келді. Онысының екі түрлі себебі бар еді. Бірі-күзекке келгелі үйір болып өнеріне сүйсінген шебер бала, бөлініп өзінің үйінде қалады. Екіншісі-күздің аяғында етігі жоқ, үстіндегі шапаны далбаланған Мысық жағынан боздағы шығып тоңып жүр екен. Жаны ашып кетті. Апасына еркелене: Мына Мысыққа менің ана қоңыр шапанымды, жеңіл етігімді беріңізші, кисін, -деді. ...Екі жағының сөзін де, әке кесімін де тыңдап отырған Шоқан қайта-қайта Әбіл қартқа жалтаңдап қарап, әкесіне наразылана көз тастады. Бірақ, әке үкіміне қарсы келудің, көпе-көрнеу Әбілдердің, анау жаяу-жалпылы шұбап келген кедейлердің көріп отырған теңсіздігіне ара түсудің есебін таба алмады. Оның бар ойы» мынау жерсіз, сусыз, қоныссыз кедейлер қайда барып күн көреді, бұларға кім көмектеседі?!»- деу болды». Повестегі Шоқанның кеңсе күзетшісі, кедей баласы Мысықтың балшықтан ойыншық мүсін жасағанын көріп, талабын танып, оны өзімен бірге оқуға алып кетуі. Әсіресе, осы эпизод жазушыға өте ұнап повесть жазуға жұмылдырған еді.

Сапарғали Бегалиннің  қазақ халқының ұлы дарынды ұлдарының бірі Шоқан Уәлиханов жайлы жазған повесі беймезгіл заманда туып, заманның қыспағына түскен, жарқын талантымен, алғырлығымен қараңғы түнекті жарып өтуге ұмтылған адамның өмірін, балалық, жастық шағын нанымды әңгімелейді. Жазушы ұлы Шоқанның адамгершілік, көпшіл, қайырымды мінездері арқылы тарих белестеріне көз жібереді, тарих пен адамның қарым-қатынасына, адам және оның өзін қоршаған ортадағы күресіне назар аударады. Шоқан бойындағы отаншылдық сезімнің туу, қалыптасу жолдарын бейнелейді.

Жалпы, Сапарғали Бегалиннің балаларға арналған шығармашылығына шолу жасай отырып оны бірнеше топқа бөлуге болады. Бірінші топқа аң аулауды, мергендерді суреттейтін: «Сәтжан», «Көксегеннің көргендері», «Бала мерген» деген әңгімелерін жатқызуға болады. Екінші  топтағы: «Будан», «Қозышы Нұрман», «Жылқышы» атты поэмалары мал шаруашылығында жұмыс істейтін еңбекшілерді қиын да қажырлы өмірін паш етеді.  Ал табиғатты қорғау, балалардың жан-жануарларға деген қамқорлығы, қоршаған ортаға деген жақсы көзқарас қалыптастыратын «Жас бұтақ», «Қант бұршақ», «Мектеп бағында», «Хат», «Есеннің кірпісі» деген әңгімелері тағы бір топқа жинақталған. Жазушының көтерген  күрделі тақырыбы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Отан қорғаудағы қаһармандық күреске арналған. Бұған автордың «Тағы кездесті», «Машинист», «Жеткіншектер», «Киіксор» атты әңгімелері енген. Жазушы Бегалиннің тағы бір үлкен тақырыбы жас жеткіншектердің кейбір ұнамсыз мінез-қылықтарын, есірткен еркелердің олпы-солпы ұрыншақ мінездерін әшкере етеді, өмірге икемсіздікті мінейді, соларды түзу жолға, жөнге салуға, жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады. Бұған автордың «Ойламаған жүріс», «Ұрыншақ», «Жершіл шымшық», «Бес батыр», «Сымбатты Сима» әңгімелері жатады. Жазушының  шығармаларынан өмірді терең таныған мол тәжірибесі көрініп отырады және бұның өзі жасөспірім жеткіншектерге үлгі-өнеге болатыны сөзсіз. Сонымен қатар жазушы өз әңгімелерінде мектеп жұмысын өндірістік оқу жұмысымен тығыз байланыстырып, балаларды болашаққа, дұрыс бағытқа меңзейді.

Өзінің бүкіл саналы өмірін, еңбегін, шығармашылық қызметін адал қызмет ету жолына жұмсаған Сапарғали ата, өзінің туған өлкесін перзенттік ұлы махабатпен, ыстық жүрекпен сүйетін еді. Оның жер-су, орман-тоғай, өз өлкесінің барша табиғатын соншалық жетік білетін жіті көз Сапарғалиды үлкенді-кішілі қазақ жазушыларының ақылгөйі, «қасындағы жазып қойған хаттай» айрықша зерек,  дарынды адам ретінде сыйлаған.

Мұхтар Әуезов мұхит тектес дарын, телегей-теңіз білім иесі, атақ-даңқы жер жарған, әлемге мәшһүр жазушы, ғалым бола тұра Сапарғали Бегалинді зият тұтып, төрге шығарып, құрмет көрсетіп отырған.  Сапарғали Бегалиннің ауызекі әңгімесін, айрықша зеректігін Мұхтар Омарханұлы ерекше бағалаған. «Абай» романын жазған кезде қасынан шығармай, Шығыс өңірінің, Абыралы, Шұбартау, Қарқаралы өлкесінің керек деген тарихи адамдары, жер-су аттары туралы анықтап, үнемі сұрап отырған.

Міржақып пен Ахметтің кітаптарын жастығының ішіне тығып сақтап келген Сапарғали жазушы ұлтының рухани мұрасына адалдығын көрсеткен тағы бір сүйсінерлік мінезі осы болса керек. Ол өзінің «Сырым» деген өлеңінде  былай дейді:

Өмірге түзде туып, қырда өскенмін,

Күңгірт күн күңіренген жылда өскенмін.

Еңбектеп ес білгенше балапандай

Тұңғиық тұман басқан күн кешкенмін.

Қарманып, қараңғыда күнді іздегем,

Сырымды сұрапыл жел білгізбеген,

Өкпені өрде өшіріп алқынғанмен,

Тар заман күнгейіне кіргізбеген.

...Тозаңға топтан қалмай ілескенмін.

Бәйгесін бостандықтың құрбылармен

Бірге алып, бірге бөліп үлескенмін.

Сол бәйгем алтын шоқты айдарымдай,

Заманда адамдықтың майданындай,

Желпілдеп жел естіртіп айдарымнан

Міне, мен жеттім заман айғағындай.

         Бұл өлеңде суреткер өз өмірінің негізгі кезеңдерін, ізденісін тап басып тауып айтқан, қысқа айтқан нанымды айтқан. Сапарғали Бегалин өз өмір жолында өзі білген жақсы мінезін, сырын, ақылын, даналығын бойына жинай беріпті, өзін де өзгені де байытар рухани мол күш жинапты. Міне, шежіре адамның өмірі қандай қызық болса, шығармашылығы да сондай қызық.

Сапарғали Бегалин 1983 жылы дүниеден өтті.

Қазақ балалар әдебиетіне сіңірген ересен еңбегі үшін «Құрмет белгісі» және «Халықтар достығы» ордендерімен және бірнеше медальдармен мараппатталған.

 

 

 

 

 

Бала жанының бағбаны

Бүлдіршіндерге арналған ертеңгілік

 

Кітапханашы алдын-ала бүлдіршіндермен Сапарғали Бегалин өмірімен және балаларға арналған шығармашылығымен таныстырып өтеді. Балаларға оның өлеңдерін оқып, жаттап келуді тапсырады. Және де оқырмандарға жазушының шығармаларына байланысты сурет салып келу тапсырылады. 

         Ертеңгілік болатын күні тақырыптық сөре безендіріледі. Оған С.Бегалиннің бүлдіршіндерге арнап жазған өлеңдері мен әңгімелері қойылады. Сондай-ақ, тақырыптық сөреге балалардың көркем туындылары (суреттері) қойылады .

         Ертеңгілікке С.Бегалин туралы қызықты әңгіме айтып беретін ақын, жазушы, журналистерді шақыруға болады.

Ертеңгіліктің бағдарламасы:

1.     Кітапханашының кіріспе сөзі.

2.     Қонақтардың жазушы шығармашылығына арналған сөздері.

3.     Әдеби бөлім.  (Балалар С.Бегалин өлеңдерін оқиды. Жазушының «Ұр, тоқпақ» атты ертегі ізімен жазылған шығармасынан көрініс көрсетеді.)

4.     Қорытынды сөз.

С.Бегалиннің бүлдіршіндеге арнап жазған өлеңдері 50-60 жылдары жарыққа шыққан. Сондықтан көптеген кітапханалар қорында оның өлеңдері болмауы мүмкін. Сондықтан төменде ақынның өлеңдерін ұсынып отырмыз.   

 

Алтай мен ақ лақ

Алтай:

Құлдыр лақ, ақ лақ,

Құлағың неге, шұп-шұнақ?

Айтам саған бір сұрақ

Шошаңдамай сал құлақ!...

Ақ лақ:

Сен мені, Алтай, қуасың,

Қолыңа түссем буасың,Соямын деп ойнайсың,

Бір ойнасаң қоймайсың.

Сонан сенен қашамын,

Қияны, жарды басамын.

Мінезім кекшіл жел құйын

Арғы тегім киіктен,

Туған жерім тас үйім

Жөнелді лақ сағынып,

Ойнақ салып қыратқа.

Құлыншақ

Қиығындай құрақтың,

Қиығы екі құлақтың,

Үкідей кекілі желбіреп,

Бүліштей ерні үлбіреп,

Томағадай сауыры,

Аш бөрідей бауыры,

Толқынды бұйра жал-құйрық

Шопса құлын құдиып,

Шаншылып күлте құйрығы,

Құлын жердің жүйрігі.

(1941ж.)

 

Қоян

 Қорқақ қоян-сұр қоян

 Қыста-ақ, күзде-орқоян.

Жазда жалтаң, қыс қысаң

Қорыққанды қой, қоян.

Салпақ құлақ, масақ мұрт,

Қыли көзді, жырық ұрт,

Көлеңкеден қылт еткен,

Қорқақ дейді сені жұрт.

Қара құлақ, ақ қоян,

Қарда қарғып шап, қоян,

Жырық ерін, қыли көз

Көп көжекті тап. қоян.

Өрге шапса үдеген,

Ылди келсе жүдеген,

Иттен, құстан үрей боп

Жылында екі түлеген.

Бір көжегің бер маған,

Нан берейін мен саған.

Тигізбеймін ит, құсқа

Істеймін үйшік мен оған. (1944 ж.)

 

Қазым, қазым қаңқылда

(Орысша өлеңнің ізімен)

Бала: Қазым, қазым, қаңқылда,

Жүз көліңе, салқында,

Жем шашайын-жейсің бе?

Конфет берші дейсің бе?...

Қаз: Жоқ! Жоқ!

   Конфет маған болмайды ас,

   Арпа менен бидай шаш.

Төменгі сынып оқырмандары арасында «Қазақ балалар әдебиетінің атасы С.Бегалин- 110 жаста» немесе «Балдырғандар бағбаны С.Бегалин – 110 жаста» атты кітап сөресін ұйымдастырып, сонымен қатар «Есеннің кірпісі» деген әңгімені дауыстап оқып,  жазушының «Керкиік» атты кітабы бойынша әңгіме өткізіп, соңынан сұрақтарға жауап бергендері дұрыс.

 

Сұрақтар жобасы:

 

1.     Ерден қандай бала?

2.     Жазушы Бегалиннің «Керкиік» атты әңгімесі сендерге несімен ұнады? (Әсер алған жерлерін айтып береді).

3.     Ерденнің істеген істері қандай, үлгі алуға тұрарлық па?

4.     Неліктен жүдеу керқұланды «Керкиік» деп атайды, Керкиік тұлпар өнеріне қалай жетті?

5.     Ерден, Коля, Темір бастаған звено қандай табыстарға жеті және звеноға да, колхозға да қай күн ең қуанышты күн болды?

 

Төменгі сынып оқушыларына арналған әдебиеттер:

 

1.     Бегалин С. Есеннің кірпісі: Әңгіме. – Алматы:Жалын, 1997. –12 б.

 

2.     Бегалин С. Ермектің алмасы.- Алматы: Жалын, 1985.-24 бет:сур.

 

3.     Бегалин С. Керкиік: Әңгіме. – Кітапта: Бегалин С. Сәтжан.  Алматы, 1978. –121б.

4.     Бегалин С. Сырлы қайнар: Өлеңдер. – Алматы:ҚМКӘБ, 1963. –78б.

5.     Бегалин С. Сел: Әңгіме. – Кітапта: Бегалин С. Сәтжан.  Алматы, 1978. –152б.

6.     Бегалин С. Олжабектің оқуы: – Кітапта: Жыл он екі ай. – 1980. –Алматы, 1980. –11б.

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Орта буын оқырмандарымен жүргізілетін көпшілік жұмысқа жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы, «Балалардың сүйікті жазушысы» немесе «Жазушы С.Бегалин – 110 жаста» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, ондағы әдебиеттерге шолу жасаған дұрыс. Сонымен қатар С.Бегалин осы топтағы оқушыларға арнап жазған «Сәтжан» атты кітабына талдау жасалып соңынан сұрақтарға жауап бергендері жөн. Осы топтағы оқырмандармен жазушының өмірі мен шығармашылығына бойынша ауызша журнал өткізуге болады.

Кітап көрмесінің жобасы:

«Балалардың сүйікті жазушысы С.Бегалин –110 жаста»

                   Разы бүгін ел саған,

                                                    Еңбегің үшін арналы

                                                    Әсері күшті сөзіңмен

                                                    Жанына ұрпақ сән кіріп,

                                                    Жасымас асыл сезімің,

                                                    Жасай да берсін мәңгілік.

Ж.Өмірбеков

Әдебиеттер:

 

     Бегалин С. Сәтжан: Повесть. – Алматы: Жалын, 1978. – 188б.

 

     Бегалин С. Көксегеннің көргендері: Повесть. – Кітапта: Бегалин С. Сәтжан. Алматы, 1978. – 49 б.

 

     Бегалин С. Мектеп түлектері: Әңгімелер. – Алматы: ҚМӘКБ, 1961. – 111б.

     Бегалин С. Қыран туралы аңыз: Повесть пен әңгімелер. – Алматы: Жалын, 1978. – 27б.

 

С.Бегалиннің «Сәтжан» атты кітабын талдауды ұсынамыз, талдауға арналған сұрақтар жобасы

Сәтжан мен Жанай жазғы каникулда үлкендерге қандай көмек көрсетті?

Достар шың басына қалай көтерілді, ондағы суреттер сыры қалай ашылды?

 

Сәтжан мен Жанай бос уақыттарын қалай өткізді, мектепте қандай үлгілі істердің ұйытқысы болды?

 

Балалар Ителгіні баптап өсіруге кімнен үлгі алды, Сәтжан ителгісінің қандай қызғылықты істері болды?

 

Сендер Ителгі Бүркіттің саятшылық өнерін көрдіңдер ме, көрсеңдер алған әсерлеріңді айтыңдар?

Ауызша журнал беттерінің жобасы:

 

Ауызша журналды өткізудің мақсаты – жазушы С.Бегалиннің өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға кеңінен тарату, автор шығармаларынан оқырмандардың алатын тәрбиелік мәнін көрсету. Ауызша журнал өткізер алдында жазушының шығармашылығына арналған көрме ұйымдастыру қажет. Кітап көрмесіне кітапхана қорындағы әдебиеттерге қоса материалдар жергілікті баспадан, яғни С.Бегалиннің туғанына 110 жыл толуына байланысты шыққан газет-журнал мақалаларымен толықтырылуы керек.

Ауызша журнал беттерінің үлгісі.

1 – бет.                 Қазақ балалар әдебиетіндегі сүйікті қаламгер С.Бегалин өмірінен; (бұл бетте С.Бегалиннің өмірі жайлы, оның қазақ әдебиетіндегі сіңірген еңбектері туралы айтылуға тиісті).

 

2- бет.                   С.Бегалин балаларға арналған, алуан түрлі сыры мен оқиғасы қызықты кітаптардың авторы: (бұл бетте жазушының тек қана балаларға арналған шығармаларына шолу жасалып, оның оқырмандарға беретін тәрбиелік мәнін көрсету. Жазушының  табиғатты суреттеуі, оқушылардың жақсы мінездерімен қоса жаман әдеттен арылу керектігін көрсететін шығармалары жайлы айтуға болады).

 

3 – бет.                 Балалар әдебиетінің ақсақалы тарихымыз бен мәдениетіміз үшін де зор еңбектер жасады. (Ұлы ақын Жамбылдың, ән еркесі – суырып салма ақын Иса Байзақовтың, атақты Шашубайдың өмір баяндарын жарыққа әкелген болатын).

 

Ауызша журналдың соңынан ондағы әдебиеттерге шолу өткізген

жөн. 

Ауызша журналға арналған әдебиеттер.

 

Бегалин С. Ана қайраты. – Алматы: ҚМӘКБ, 1960. – 182б.

 

Бегалин С. Сырлы қайнар: Балаларға арналған өлең-поэмалар. –

Алматы: ҚМӘКБ, 1963. – 80б.

С.Бегалин. Сәтжан. Алданған жолбарыс. Сымбатты Сима.- Кітапта:  Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы/ Құраст Ш.Ахметов.-Өңд.толықт., 3-басылым.- Алматы:Арман-ПВ, 2005.- 7-47б.

 

Бегалин С. Сахара сандуғаштары: Естеліктер мен естігендер. – Алматы:

Қазақстан, 1976. – 167б.

 

Бегалин С. Сәтжан: Повесть. – Алматы: Жалын, 1978. – 168б.

 

 

Жан-жануарлар әлеміне саяхат

Ойын-саяхат

 

         4-6 сынып оқырмандарымен Сапарғали Бегалиннің торқалы тойына байланысты «Жан-жануарлар әлеміне саяхат»,-атты ойын-саяхат өткізуге болады. Бұл көлемді жұмысты өткізу үшін басқа кітапханалармен байланыс жасап керекті қосымша әдебиеттерді жинауға сол әдебиеттер арқылы көрме ұйымдастыруға, хабарландыру жазуға және жазушы еңбектерімен таныстыру үшін әңгіме ұйымдастырған жөн.

Кітапханашы мектеп мұғалімдерімен келісе отырып балаларға тапсырма береді. Мысалы: Оқушылардың бір тобына С.Бегалиннің әңгімелерінде кездесетін құстардың, жануарлардың суреттерін салуға, екінші топқа жазушының шығармашылығына деген көзқарасын ортаға салуға, үшінші топқа «Менің сүйікті кейіпкерім» атты тақырыпқа шығарма жазуды ұйымдастырады. Арада біраз уақыт өткеннен кейін саяхатшылар фестивалін немесе күндерін өткізуге болады. Бұл жұмысты жүргізу кезінде жазушының белгілі бір шығармасы жайында, болмаса қысқаша жалпы бірнеше әңгімелері туралы, оқушылардың жазған шығармаларының ішінен таңдаулы бірнеше шығарманы оқып беруге және сурет көрмесін ұйымдастыру арқылы тұжырымдауға болады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың сүйікті жазушысы

Шын жазушылық өнер –

                                                                           Асыл да, ауыр өнер…

                                                                                         Ө.Тұрманжанов

6-7 сынып оқушыларына арналған С.Бегалин шығармашылығы бойынша білгірлер турнирі

Ойынға «Балалар әдебиетінің ақсақалы» атты көрме безендіріледі.

          1. Цитата ретінде С.Мұқановтың жазушыға арнаған өлеңінен үзінді алуға болады:

...Сүйсініп оқитұғын туған халқы,

Жеткенше талант, ойдың шама-шарқы,

Бірталай еңбек жазды, алды жарқын,

Ласы жоқ, кіршігі жоқ, таза арты.

2«... Біз үшін бір бағалысы-сол жолдың бәрінде Сапекең өзінің туған халқының бар өзі білген жақсы мінезін, сырын, ақылын, даналығын бойына жинай беріпті, өзін де өзгені де байытар рухани мол күш жинапты. Оның шығармашылығына да қуат берген сол күш.»  

                                                                                С.Қирабаев

3«...Өзінің бүкіл саналы өмірін, еңбегін, шығармашылығын  адал қызмет ету жолына жұмсаған Сапекең, өзінің туған өлкесін перзенттік ұлы махаббатпен, ыстық жүрекпен сүйетін еді...»  Н.Ғабдуллин

 
Ойынның мақсаты: Ойын түрін пайдалана отырып, балалардың жазушы туралы білімдерін бекіту. Жазушы шығармашылығына деген қызығушылықты арттыру.

         Керекті құралдар: «С.Бегалин шығармашылығының білгірі» медалі, 7 секторға бөлінген ойын алаңы. тілі бар зырылдауық ойыншық, сұрақтары бар жеті конверт (әрбір секторға бір конверттен), 21 жетон.

         Ойынның шарты: Ойынға 7-10 адамнан құралған 2 топ қатысады.  Ойын басталмас бұрын топ мүшелеріне өздерінің көшбасшыларын сайлауына уақыт беріледі. Содан кейін көшбасшылар блиц-турнирі өтеді. Жеңген көшбасшының тобы ойынды бірінші болып бастау құқығына ие болады.

         Зырылдауықтың көмегімен сұрақтар таңдалады.

 

Жүргізуші: Сәлеметсіңдерме, балалар! Біз бүгін тамаша балалар жазушысы Сапарғали Бегалиннің шығармашылығына шолу жасап, білгендерімізді еске түсіреміз. Бүгінгі ойынның мақсаты:  С.Бегалин шығармашылығын жете білетін білгір топты анықтау. Жеңген команда аранайы медальмен мараппатталады.

         Сонымен ойынның шартымен мұқият танысып алыңдар. Сендердің алдарыңды 7 секторға бөлінген ойын алаңы тұр. Және әрбір сектордың жанында сұрақтары бар жеті конверт тұр.

         Ойынды бастамас бұрын көшбасшылар блиц-турнирін өткіземіз. Жеңген көшбасшының тобы ойынды бірінші болып бастау құқығына ие болады.

         Сұраққа ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Уақыт өткен соң сұрақтың жауабы тыңдалады.

         Қарсы команда сұрақты толықтыруға немесе дұрыс жауабын берулеріне болады. «әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай беріледі. Әділқазы мүшелері әрбір топтың жауабын мұқият тыңдап, оларға тиісінше ұпай санын бөліп береді. Сонымен... Турнирімізді бастаймыз.

         Көшбасшылар блиц-турниріне арналған сұрақтар:

1.     Сәтжанның досының аты-Жанай

2.     Уәш аулаған ешкі- елік

3.     Кірпі тауып алған бала- Есен

4.     Жас аңшы Уәштің итінің аты- Арлан

5.     Сәтжан ұстап алған қыранның түрі- ителгі

6.     Уәш өлтірген мысық-сілеусін

7.     Табыншы қыздың аты-Халиман

8.     Жұмақан кімнің немересі болған- Жамбыл Жабаевтың

 

 

Турнирге арналған сұрақтар:

        1. Ермек баптаған «ғажайып ағашта» қандай жеміс өседі? Баланың күтіміне ағаш қандай жауап қайырды? Ермек қандай сәлемдеме жіберді?

«Ағаштың бірнеше түбінде түйіні үлкен қызғылты ақтаңлақ тартқан апорт, шырынын әлі сыртына теппеген көкшіл антоновка. Тағы бір түбінде ерте пісетін лимоновка, сталовка, тағы басқа біртүсті алмалар өседі.

      ... Ертеңіне машинаға тиелген көп алманың ішінде айрықша жолдамасы бар бірнеше жәшік алма орын алды. «Ермек өсіріскен, көп сортты алманың жемісі»-деген жазу әр жәшікте бар еді. («Ермектің алмасы»)

 

2. Сәтжан бұзауларын өргізетін жер қалай аталады? Сәтжанның итінің аты? 

Жанай екеуі күндегісінше ертемен бұзауын өргізіп «Таңбалы тастың» бір үлкен саласына алып барады. Сәтжанның қасынан екі елі қалмайтын «Бөрібасары» бұзаулардың алдын шолып сайдың қабағына шықты.

 

3.  «Бала мерген» повесіндегі бас кейіпкердің аты кім? Ол қандай кәсіпке құмар болып өсті? Ол атып алған өте жыртқыш, азулы аң?

...Нұрқасым баласының тырнақ алды атысына сүйсініп қалды. Бұл Уаштың алғашқы тиін атуы ...Бұл елік емес, басқа азулы аңның біреуі. –Жаным-ау, мынауың сілеусін ғой. Бұл өте қатерлі аң ғой, жазым етпей жақсы түсіргенсің, Егер қапы болса бұл кісіге де жазым.Аңның ашулы тырнағынан шошына қаңсылап шыққан итін аяп Уаш жүгіріп барып құшақтай алды.

 

4. «Көксегеннің көргендері» повесінде Көксеген ағасы Жәнгүдей екеуі елік тектес қандай аңды атып алады? Оның қандай ерекше қасиеті бар еді?

-Міне күдіріңіз, (елік тектес аң) жануар аңқау болады, шошынып тұрса да орындарынан ұзамапты, ұзамай-ақ алдымнан кез бола кеткені. Жаңа саған көрсетіп едім ғой, күдірдің сарыған жерін, сол иіс осы үріптен шығады. Бұл күдір тек осы Алтай кенересінде ғана бар. Мына жұпары өте қадірлі, бұдан дәрі де жасайды. Етін жеуге болады. Әйтпесе мен бауыздаймын ба, бұл айыр бақайлы қоңыр аң, шөптен басқа жері жоқ. Ешкі тұқымдас.»

5. «Алданған жолбарыс» әңгімесіндегі бас кейіпкердің аты кім? Ол өзінің батылдығын қалай көрсетеді?

«Осы жердің тәңірісіндей болған Бозанбайдың қалың түйесінің қонысы осы Құйған болатын. Сол түйенің көптен бергі бабын білер бақташысы Ғайни Бозанбайдың босағасында өмір кешірген малшысы еді. Өткен жыл Бозанбай конфискеленгенде, оның түйесі тобымен колхозға алынды. Түйе күтіміне жетік Ғайни осы түйе түлігін басқарып, жеткіншегі Сейітті бағып, әкесінің жоқтығын елетпей өсіруге талпынды.

...Жоқ, аға, мен мерген атамның жанында болам. Қорықпаймын. Атамдар атқанда, мен мына пышақпен жарам, деп Сейіт жырта қарыс пышақты жеңінің ішінен суырып алды. Сейіттің мына түнде қорықпай әрі жаяу келуі мергендерді таңдандырса, онан да бір сүйсінерлік жағы қаруын сайлап, алған бетінен қайтпай, қатерді елемеуі еді...»

 

6. Ерден өзінің кер жабағы құлынын неліктен «Керкиік» деп атады?

«... Жылқылар да күйленіп, оңалып кетті. Ерден қораға келгенде алдымен кер жабағыны ұстайды, оның өне бойын тарақтап, тазалап, оттығына шөбін жаңалап, қадағалай күтті...Жем мен шөптен жұнттай болып семірген Ерденнің күтіміндегі кер жабағы аз уақытта көзге түсе өскен, сүйегі де тамаша түзелген. Әкесі келген күні Ерден өзі ерекше күткен, құлын күнінен тәрбиелеген жабағыны далаға шығарып ойнақтатты, жемін беріп, суарып,  бұлақ басынан үйге өзі мініп келді.

-Ерденжан, мынау «Керкиік деген тұлпар болмаса не қылсын. Осының ене жағында ахалтекеден қалған ұшпалақ мінез бар екен,-деп Әби кер жабағыны біраз айналдырып көрді.

         Сол күннен бастап кер жабағысын Ерден «Керкиік» деп атап кетті.

 

7.«Сымбатты Сима» әңімесіндегі  Симаға (Гүлсімге) мінездеме бер.

«Ол кезде оның бөлмесіне не жұмысшы әйел, не шешесі, не кішкене інісі аяқ басып кірмейді. Ол қандай сабақ әзірлейді, нені әзірлейді ешкімнің байқауында болмайды.  Сима ол кезде бөлмедегі үлкен айнаның алдында бет-аузын тырмалаумен әуре болады... Келесі күні Сима кешегі жұмыстан екі қолының қары, жұлын тұтасы ауырып, жөнді жұмыс істей алмады... Оның үстіне бұрын ешнәрсе ұстап көрмеген нәзік саусақтар барбиып ісініп, икемге келмеді... Сима сол созылған бойында төсекте жата берді. Оның бұрын күн шалып, су тимеген балбыр нәзік денесі бет-бетімен бытырап кеткендей, өзіне билетер емес... Айдар бөгелместен жолына түсіп кетті. Оның көз алдына көрікті ерке Сима емес, листовкадағы олақ сөлекет, жалқау, коллективті артқа сүйреген болбыр Сима елестеді...

 
Шоқан асулары

Оқырманар конференциясы

    

        Жазушы С. Бегалиннің жоғарғы сынып оқушыларына арналған «Шоқан асулары» атты кітабы бойынша оқырмандар конференциясын өткізуді ұсынамыз.  Конференцияға дайындық үстінде «Ұлы Даланың, Ұлы ұлдары» атты кітап көрмесін ұйымдастыруды ұсынамыз.

      Кітап көрмесінің бірінші бөлімі «Қазақ балалар әдебиетінің шебері» атпен С.Бегалиннің өмірі мен шығармашылығына арнаймыз. Көрменің екінші бөлімін «Аққан жұлдыз» немесе «Қазақ халқының кемеңгер ұлы» деп Шоқан Уәлихановтың өміріне арналады. Бұл бөлімге Шоқан Уәлихановтың балалық шағына арналған С.Бегалиннің «Шоқан асулары» кітабынан басқа С.Мұқановтың «Аққан жұлдыз», А. Нұрқатовтың «Ғасыр перзенті», И.Стрелкованың «Шоқан», С.Бақбергенов «Қоянкөзге құлаған жұлдыз» және тағы басқа Шоқан өмірінің қырларын ашатын кітаптарды қоюларыңызға болады. Жазушының ұлы, белгілі режиссер Мәжит Бегалиннің Шоқан өміріне байланысты қойған «Оның уақыты келеді» атты көркем фильмінен үзінді көруге болады.

 

Конференцияға арналған сұрақтар жобасы:

 

1.     Шоқанның кедей баласымен дос болуының сыры неде, және оған қандай көмектер көрсетті?

2.     Болашақ ғалым сурет салуды кімнен үйренді?

3.     Жас талаптың өмірінде хисса- дастандарды жинап оқуы қандай орын алды?

4.     Шоқан күнделік жазуды кімнен өнеге алды, және оның пайдасы неде?

5.     Даңқты ғалым – саяхатшы кадет корпусында оқығанда сабақты, кітаптарды қалай оқыды, және кімдермен жолдас болды?

6.     Повесте табиғат қалай суреттелген?

7.     Шоқанның өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, халқының болашағына деген қобалжуы қалай суреттелген?

 

Ақын Сапарғали Бегалин - 110 жаста

Әдеби кеш

 

         Әдеби кеш өткізілер алдында кітапханашы оқырман залына  «Ақын Сапарғали Бегалин - 110 жаста» атты кітап көрмесін ұйымдастырып,   С.Бегалиннің үлкейтілген суретін көрнекті жерге безендіріп қою керек. Әдеби кешті өткізер мезгілінде жергілікті жерден әдебиет пәнінің мұғалімін, немесе жазушының шығармашылығын жақсы білетін  ақын, жазушылардың бірін кешке шақыру керек.  Келген қонақ өз сөзінде ақын-жазушының шығармашылығына, оның ішінде ақындығына тоқталып, оқырмандар сұрағына жауап бергені жөн.

 

Әдеби кештің жобасы:

 

7.     Кітапханашының кіріспе сөзі.

(Кітапханашы оқырмандарға С.Бегалиннің өмірбаяны мен шығармашылығына  шолу жасап, кешке келген қонаққа сөз береді).

8.     Кешке келген қонақтың сөзі.

9.     Әдеби бөлім. (Бұл бөлімде оқырмандар ақын-жазушының өлеңдерінен, поэмаларынан үзінді оқиды. 

10. Кешті қорытындылау ( Кітап көрмесіндегі әдебиеттерге шолу өткізу).

Сапарғали Бегалинді ақын ретінде танытқан тамаша поэмаларымен қатар, өлеңдері де бар. Өкінішке орай ақынның өлеңдері кейінгі кезде шыққан шығармалар жинағына енбей қалған. Ақынның өлеңдер мен поэмаларының толық жинағы 1966 жылы шыққан. Сондықтан, қаламгердің бұл саладағы еңбектері көптеген кітапханалардың қорынан табылмауы мүмкін. Ақын-С.Бегалиннің көпшілік көңілінен шыққан, таңдаулы өлеңдерінің толық нұсқасы  мен поэмаларынан үзінділер беріп отырмыз.

       

Ана

Күйбеңдеп қоңыр үйінде,

Жөргекте ұлан өсірдің.

Талпынып ұлан күлгенде,

Масайрап сен де есілдің.

Ер жетті ұлан есейіп,

Тыным көрмей күйбеңдеп,

Қабыдың шапан, тері илеп,

Он саусағын сүйреңдеп.

Аттанды ұлан жорыққа,

Азығын жолға сайладың.

«Шаруаны ойлап, қамықпа»,-

Дедің де белді байладың.

Жолын күттің ұланның,

Келеді қашан ұлым деп.

Оралды аман шырағың,

Алдынан шықтың күлімдеп.

 

«Колхоз сахнасы»

Шаншылған зәулім жартас сайға төніп,

Бұраңдап жас шыбықтар желмен өріп.

Құлпырған көкшіл аспан көк шатырдай,

Жұлдыздар бірде жанып, бірде сөніп.

Жайқалып жасыл шалғын самал ырғап,

Жас қайың айдан бейне көлеңке ұрлап.

Әдеппен бұраңдаса жібек шашақ,

Шашындай сұлу қыздың қағар бұлғақ.

Сай-сахна, аспан-шатыр, шалғын-кілем,

Шақырады Арқа әншісін қолын бұлғап... 

 

Тау сыры

(поэмадан үзінді)

 

...Көк мұнар, кешкі тұрым, тау етегі,

Жібек жел қырдың гүлін тербетеді.

Жайқалып жапырағы, жасыл тоғай,

Сыбдырлап күбірлейді әндетеді.

Жар теуіп, тасты үйірген, мұздақ бұлақ,

Меруерт су, бұлттан сарқып, құзды қуалап,

Сылдырлап көк майсаға, көбік бөлеп,

Секіріп тастан тасқа жатыр тулап...

...Не күш бар аспайтұғын, мұз басында

Не сыр бар жан баспайтын құз тасында.

Жол салып, сырын алып қайтпақ керіп.

Ойын сап қарлы, құздың қырқасында.

Сынамақ қайраттарын қамал аттап,

Шырқау құз асқар таудың, жолын жаттап,

Керекті сағатында дайын тұрмақ,

Отанға созса қолын жау жалақтап. (1938ж.)

 

 

Жаз лебі

Жаздың лебі бір ессе,

Жүректі тербеп оятар,

Алдыңнан үміт елестеп,

Келер күн бейне тіл қатар.

Жел мамықтай үлбіреп,

Ызыңдамай есілер.

Жайдары жаз келді деп,

Жер шандуы шешілер.

Жаз лебінен жаным да

Қанаттана ұшардай,

Жаным сүйген жарым да

Елестейді құшардай. (1926 ж.)

 

Сары жайлау

Сарыны жүйткіп сары жайлау

Құлазып Арқа желіндей,

Күйінген бір үн бай-байлау

Күңіренген күйзеу еліндей.

Сары жұрт болған жайлауда,

Құлазып жалғыз күй толғап,

Ызалы тісін қайрауда,

Күйзелткен жанын шер толғақ.

Домбыра шегін сарнатып,

Сонымен демін күйші алған.

Сол үннен жанға сыз батып,

Тыңдаушыда шер қалған.

Көңілін күймен толғантып,

Күйші есінен танғандай,

Дөңбекшіп тұрып,бір жатып,

Болады жалғыз қалғандай.

Сарыны сазды күй тілі,

Тыңдасаң жанды тербеткен,

Нақысы назды үн зілі

Қиялды көкке серметкен.

 

Әдеби кешке арналған әдебиеттер:

 

Бегалин С. Сүйікті өлкем туралы сөз. – Кітапта: Бегалин С. Өлеңдер мен поэмалар. Алматы, 1962. – 8б.

 

Бегалин С. Ерлік – Даңқ еңбекте. Кітапта: Бегалин С. Өлеңдер мен поэмалар – Алматы, 1962. – 22б.

 

Бегалин С. Келешекті ал ойыңа. Кітапта: Бегалин С. Өлеңдер мен поэмалар – Алматы, 1962. – 53б.

 

Бегалин С. Сырлы қайнар :  Өлеңдер мен поэмалар – Алматы, ҚМӘКБ, 1963. –  6б.

 

 

Жазушы С.Бегалиннің шығармаларындағы бас кейіпкерлер

Тақырыптық диспут

Сұрақтар жобасы:

1.     Автордың қандай шығармасы саған ерекше ұнады, ұнаса несіменен?

2.     Жазушы әңгімесіндегі бас кейіпкерлердің ұқсастығы неде?

3.     Автор шығармаларындағы қай бас кейіпкерге ұқсағың келеді? Қандай кейіпкермен дос болар едің?

4.     «Сымбатты Сима» әңгімесіндегі Симаның істері шынымен сымбатты ма?

5.     Автор шығармалырында табиғат және аңшылық, саятшылық қалай суреттелген?

6.     Уаш аңшылық өнерді кімнен үйренді, өзінің аңшылық өнерімен шопандарға қандай көмек көрсетті?

7.     Бала Шоқанның адамгершілік қасиеттерін дәлелдейтін мысалдар келтір.

8.     Автор шығармасындағы мына жолдар қай шығармадан және қандай кейіпкерге айтылған? (…Әй…Әй, Жаңғалағым-ай өстіп жүріп мертігесің-ау…).

9.     Көксегеннің достарына сипаттама бер.

10.  Қалай ойлайсың Сәтжан өскенде қандай мамандық иесі болады? Ол мақсатына жете ме? Неліктен?

11.            Қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың немересі туралы әңгіме қалай аталады? Оның аты кім?

                                     Әдебиеттер:

 

Бегалин С. Ана қайраты: Повесть.-Алматы:ҚМҚӘБ, 1960.-181 б.

Бегалин С. Уақыт тынысы: Повестер мен әңгімелер – Алматы: Жазушы, 1968. – 280 б.

 

Бегалин С. Мектеп түлектері: Әңгімелер – Алматы: ҚМӘКБ, 1961. – 111б.

Бегалин С. Бала Шоқан: Повесть. – Алматы:ҚМӘКБ, 1964. – 115 б.

 

Бегалин С. Повесть пен әңгімелер: 2 томдық шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1979. – 280 б.

 

 

    

Балалар оқуын басқарушыларға арналған әдебиеттер:

      

       Бегалин С. Біз осылай өстік.-Кітапта: Сөзстан /Құраст. Қ.Ергөбеков.-Алматы:Жалын, 1983.-32-38б.

       Жәмішев Ә. Балалар жанының бағбаны.-Кітапта: Жәмішев Ә. Кезең кестелері.-Алматы, 1984.-216б.

       Қирабаев С. Ақсақал.-Кітапта: Қирабаев С. Әдебиет және дәуір талабы: Сын мақалалар мен зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1976. – 260-271 б.

      Сәрсенбаев Ә. Азамат ақын.-Кітапта: Сәрсенбаев Ә. Ұстаздар мен тұстастар.-Алматы:Жазушы, 1986.- 97-110б.

      Талжанов С. Сапар аға туралы. Кітапта: Талжанов С. Өткен күндер сөйлейді.-Алматы: Жазушы, 1979.-198 –210 б.

      Қазақ Совет балалар әдебиеті: Алматы: Қазақстан, 1965. – 284 б.

     

************

   Гумеров М. Жаны жомарт жан еді// Ұлан.-1995.-24 қазан

   Ғабдуллин Н. Елін ерекше сүйген //Егемен Қазақстан.-1995.-17 қазан

   Ергөбек Қ. Замана шежірешісі// Жас алаш.-1995.-17 қараша

   Қашқынов Ж. Ұмытпайды өсер ұрпақ тектісін// Халық кеңесі.-1995.-

   18   қазан

   Молдағалиев Т. Ұмытылмайтын ұстаз//Қазақ әдебиеті.-1995.-10 қазан

   Нұрғалиев Р. Дегелеңге біткен шынар// Қазақ әдебиеті.- 1995.-10 қазан

   Нысаналин А.Бала жанының бағбаны//2005.-13 қыркүйек.-4б.

   Өмірбек Ж. Өнебойы-үлгі-өнеге//Қазақ әдебиеті.-1995.-10 қазан

   

   Сапарғали Бегалин: Әдістемелік ұсыныс/ ҚМРБК. Құраст. Еженова  

    Н.Н.-Алматы, 1984.-14б.    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жазушы Сапарғали Бегалиннің жарыққа шыққан шығармаларының библиографиялық тізімі:

(Шығармалар  хронология бойынша топтасқан)

 

Шығарманың аты

Шығарған баспа

Жылы

Тиражы

1. Көксегеннің көргендері. Әңгіме

ҚМКӘБ

1943

25000

2.Қыран кегі (Ертегіден алынған поэма)

Қазбірмембас

1944

10000

3.Жамбыл. Өмірбаяны туралы очерк. Авт.:С.Бегалин, Ә.Тәжібаев, М.Ритман-Фетисов

Қазбірмембас

1946

15000

4.Төлбасылар. (Очерк. Әңгімелер жинағы)

Қазбірмембас

1948

10000

5.Саяхатшылар.(Өлең, орта мектеп оқушыларына арналған)

КМКӘБ

1948

30000

6.Ермектің алмасы. (Балалар үшін әңгімелер)

ҚМКӘБ

1951

15000

7.Сатжан. Тағы басқа әңгімелер

Жаңа өмір

1953

2100

8.Цимлян теңізі. (Өлең.Балалар үшін)

ҚМКӘБ

1953

30000

9.Жас бұтақ. Әңгімелер жинағы

ҚМКӘБ

1953

20000

10.Жеткіншіктер (Әңгімелер)

ҚМКӘБ

1953

15000

11.Саяхатшылар. (Өлең. Балалар үшін)

ҚМКӘБ

1954

30000

12.Бақыт. (Әңгімелер жинағы. Балалар үшін)

ҚМКӘБ

1956

10000

13. Таңдамалы өлеңдері мен поэмалары. Алғы сөзі Ә.Сәрсенбаевтікі

ҚМӘКБ

1956

10000

14.Көгалды көтергендер. Кіші жастағы балалар үшін әңгімелер

ҚМКӘБ

1957

20000

15.Тың. (Әңгімелер) (Орта мектеп оқушыларына арналған)

ҚМКӘБ

1957

20000

16.Әңгімелер. Алматы ҚМКӘБ,1

ҚМКӘБ

1958

150000

17.Ана қайраты. Ана туралы әңгімелер

ҚМКӘБ

1960

10000

18.Жеткіншік. Таңдамалы әңгімелер. 2-ші басылуы

ҚМКӘБ

1960

13000

19.Мектеп түлектері. Әңгімелер.

ҚМКӘБ

1961

9000

20.Өлеңдер мен поэмалар

ҚМКӘБ

1962

4200

21.Сырлы қайнар. (Балаларға арн. өлең-поэмалар)

ҚМКӘБ

1963

9500

22.Бала Шоқан. Повесть (Жоғарғы кл. оқушыларына арн.)

Жазушы

1964

24000

23.Шығармалары. Өлеңдер мен поэмалар

Жазушы

1966

10000

24.Мұстафа қарттың әңгімесі. Әңгімелер

Жазушы

1966

18000

25.Қыран туралы хикая

Қайнар

1967

8000

26.Уақыт тынысы. Повестер мен әңгімелер

Жазушы

1968

45000

27.Шоқан асулары

Жазушы

1971

43000

28.Сәтжан. Повестер мен әңгімелер

Жазушы

1973

44000

29.Замана белестері. Роман

Жазушы

1975

60000

30. Қыран туралы аңыз. (Повесть және әңгімелер)

Жалын

1976

49000

31.Сахара сандуғаштары (Естеліктер мен әңгімелер)

Қазақстан

1976

15000

32.Есеннің кірпісі. (Әңгіме. Мектепке дейінгі балаларға арналған)

Жалын

1977

25000

33.Екі томдық шығармалар т.1 Замана белестері. Роман

Жазушы

1979

47000

34. Т.2. Повесть пен әңгімелер

Жазушы

1979

47000

35. Ермектің алмасы. Әңгімелер (Мектепке дейінгі балаларға арналған: Қайта басылып шыққан)

Жалын

1985

28000

36. Жамбыл: Өмірбаяндық хикаят.

Жалын

1996

3000

37. Шоқан асулары. Повесть

Балауса

1996

2000

 

 

 

 

 

 

             Мазмұны                                                      Беттері

1. Кіріспе...................................................................................  4-5

2.  Қазақ балалар әдебиетінің ақсақалы: Әңгім....................  6-14

3.  Бала жанының бағбаны: Ертеңгілік.................................. 15-16

4.  «Керкиік» кітабы бойынша әңгіме....................................  17

5. «Сәтжан» повесі бойынша талдау......................................  18-19

6.  С.Бегалин шығармашылығы: Ауызша журнал................  19-20

7. Жан-жануарлар әлеміне саяхат: Ойын-саяхат................   20

8. Балалардың сүйікті жазушысы: Білгірлер турнирі.............21-24

9. Шоқан асулары: Оқырмандар конференциясы..............   24-25

10. Ақын Сапарғали Бегалин 110 жаста: Әдеби кеш..........   25-28

11. Жазушы С.Бегалин шығармаларындағы

бас кейіпкерлер: Тақырыптық диспут...........................      28-29

12.                 Библиографиялық тізім................................................... 30-31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрастырған: Мұқашева Шынар Батырханқызы

Редакторы:  Раева София Құмарқызы

Шығаруға жауапты: Раева С.К.

Қазақстанның С. Бегалин атындағы мемлекеттік республикалық балалар кітапханасының ротопринтінде басылған

 

Тапсырыс №     Таралымы    дана                 Көлемі       

«    » ----------------          2005 жылы басуға берілді   

 

 

 

 

 

 

 

        Екі томдық шығармалар т.1. Замана белестері. Роман

                                                        т.2.-Жазушы.

84Қаз

Б34 Бегалин, Сапарғали.

        Шығармалар: 2-томдық/ С. Бегалин.- Алматы: Жазушы.

 

84Қаз

Б34 Бегалин, Сапарғали.

        Шығармалары: Өлеңдер мен поэмалар/ С. Бегалин.- Алматы: Жазушы, 1966.- 435 бет.

 

        Әбдіқадыров, Қалмақан.

        Қажымұқан.Шоқан асулары: Повестер./ Қ. Әбдіқадыров, С. Бегалин.- Алматы: Жалын, 1989.- 510б.- (Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы.).

 

84Қаз

Ә 14        Әбдіқадыров, Қалмақан.

        Қажымұқан.Шоқан асулары: Повестер/ Қ. Әбдіқадыров, С. Бегалин.- Алматы: Жалын, 1988.- 510б.- (Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы).

 

 

84Қаз

Б34 Бегалин, Сапарғали.

        Ана қайраты: Ана туралы әңгімелер/ С. Бегалин.- Алматы: Қазмемкөркәдеббас, 1960.- 182 бет.

 

84Қаз

Б34 Бегалин, Сапарғали.

        Бақыт: Әңгімелер жыйнағы/ С. Бегалин.- Алматы: Қазмемкөркәдеббас, 1956.- 143.

 

84Қаз

Б34 Бегалин, Сапарғали.

        Бала Шоқан/ С. Бегалин.- Алматы: Қазмемкөркәдеббас, 1964.- 116.

 

 

84Қаз

Б34 Бегалин, Сапарғали.

        Ермектің алмасы/ С. Бегалин.- Алматы: Жалын, 1985.- 24 бет: суретті.- (Тілашар).

 

84Қаз

Б34 Бегалин, Сапарғали.

        Есеннің кірпісі: Мектеп жасына дейінгі балалар үшін/ С. Бегалин.- Алматы: Жалын, 1977.- 12 бет.

 

83.3Қаз

Б34 Бегалин, Сапарғали.

        Жамбыл: Өмірбаяндық хикаят/ С. Бегалин.- Алматы: Жалын, 1996.- 184 б.

 

84Қаз

Б34 Бегалин, Сапарғали.

        Жас бұтақ: Әңгімелер жыйнағы/ С. Бегалин.- Алматы: Қазмемкөркәдеббас, 1953.- 47 бет.

 

84Қаз

Б34 Бегалин, Сапарғали.

        Жеткіншектер: Әңгімелер/ С. Бегалин.- Алматы: Қазмемкөркәдеббас, 1953.- 99 бет.

 

84Қаз

Б34 Бегалин, Сапарғали.

        Замана белестері: Роман/ С. Бегалин.- Алматы: Жазушы, 1975.- 366 бет.

 

84Қаз

Б34 Бегалин, Сапарғали.

        Көгалды көтергендер/ С. Бегалин.- Алматы: Қазмемкөркәдеббас, 1956.- 12 бет.

 

84Қаз

Б34 Бегалин, Сапарғали.

        Қыран туралы аңыз: Повесть және әңгімелер/ С. Бегалин.- Алматы: Жалын, 1976.- 278 бет: суретті.

 

84Қаз

Б34 Бегалин, Сапарғали.

        Мұстапа қарттың әңгімесі: Әңгімелер/ С. Бегалин.- Алматы: Жазушы, 1966.- 91 бет.

 

84Қаз

Б34 Бегалин, Сапарғали.

        Сәтжан: Повестер мен әңгімелер: Орта және орталау мектептің оқушыларына арналған/ С. Бегалин.- Алматы: Жалын, 1978.- 168 бет: суретті.

 

84Қаз

Б34 Бегалин, Сапарғали.

        Сырлы қайнар: Балаларға арналған өлең-поэмалар/ С. Бегалин.- Алматы: Қазмемкөркәдеббас, 1963.- 80 бет: суретті.

 

84Қаз

Б34 Бегалин, Сапарғали.

        Уақыт тынысы: Повестер мен әңгімелер/ С. Бегалин.- Алматы: Жазушы, 1970.- 280 бет.

 

84Қаз

Б34 Бегалин, Сапарғали.

        Шоқан асулары: Повесть/ С. Бегалин.- Алматы: Балауса, 1996.- 208 б.

 

84Қаз

Б34 Бегалин, Сапарғали.

        Шоқан асулары/ С. Бегалин.- Алматы: Жазушы, 1971.- 191 бет.

 

84(5Қаз)

Б 34 Бегалин, Сапарғали.

        Шоқан асулары: Повесть/ С. Бегалин.- Алматы: Жазушы, 2003.- 240 б.- (Қазақ балалар әдебиетінің қазынасы).

 

84Р1

Л45 Лесков, Николай Семенович.

        Повестері мен әңгімелері/ Н.С. Лесков; Ауд. С. Бегалин.- Алматы: Қазмемкөркәдеббас, 1955.- 175 бет.

 

78(2Қ)

Б34

        Сапарғали Бегалин: Методикалық ұсыныс/ Құраст.: Н. Н. Еженова.- Алматы: ГРДБ ҚазССР, 1984.- 13 бет.

 

84Р7

С64 Соловьев, Леонид Васильевич.

        Қожанасыр/ Л.В. Соловьев; Орыс. ауд. Б. Бегалин.- Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1963.- 572 бет.

 

        Ергөбек Қ.

        Замана шежірешісі/ Қ. Ергөбек // Жас алаш.- 1995.- 17 қараша.

 

        Молдағалиев Т.

        Ұмытылмайтын ұстаз./ Т. Молдағалиев // Қазақ әдебиеті.- 1995.- 10 қазан (N25).-7б.

        Тіркешбайқызы Ж.

        Балалар әдебиетінің атасы атанған Сапарғали Бегалиннің туғанына 105 жыл толды: [Балалар кітапханасындағы кеш]/ Ж. Тіркешбайқызы // Ұлан.- 2000.- 5 желт.(N49).-3б.

 

 

 

 

Бегалин: «Екі үлкен империяның ортасында өсіп-өнген данышпан халқымыздың басынан не өтпеді дейсің. Өзінің кең байтақ жерін найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғай білген халқымның алдында басымды иемін.  Тарихтың өз талабы, өмірдің өз шындығы бар. Кейде біз !қазіргі жастар бұзылып барады» деп, құрдан-құр байбалам салуға шеберміз. Тәрбие жұмысын іс-жүзінде қолға алмаймыз. Атадан балаға мұра болып ауысатынәдет-ғұрпамызды дәріптемейміз. Бізде әлі күнге дейін балалар әдебиетіне оң көзбен қарау жоқ. Оларға арнап кинофильмдер түсірілмейді. Жасыратыны жоқ, балаларға арнап кезінде қалам тартқан С.Омаров, Ө. Тұрманжанов, Ә.Дүйсенбиев, Қ. Ыдырысов сынды ардақты жазушыларымыз дүниеден өткеннен кейін бұл жұмыстың да қиюы қаша бастады. Қазақ тілін үйренуге деген балалардың құлқы әбден төмендеді. Өзінің ана тілін жетік білмеген жастардан халқының мұң-мұқтажын, намысын қорғайтын ер, азамат шығады деп өз басым айта алмаймын.»- деп өзінің ағалық ойын айтқан болатын.

 

«Ақын болмауың мүмкін, ал бірақ, азамат болуға міндеттісің» деген тамаша шешім айтқан болатын. Осыны қағида етіп ұстаған Сапарғали тек жалаң шешендікке ғана беріліп, қоғамдық ұлы өзгерістердің ауыр да әділетті ісінен бойын аулақ салып, сырттан ғанабақылаушы, бейтарап ақын болып қамай, ең алдымен белсенді де байсалды азамат болуды мақсат етті. Ұлы Абай айтқандай игілікті қоғамдық құрылыстың кетігіне кірпіш болып қалануға дайын тұрдыү

 

өйтіп, жиырманың ішінде бірінші дүниежүзілік соғыстың майданында болып, адам қанының судай аққанын көріп шошынған, отыздың ішінде жазықсыз елдің тападай тал түсте тоналып, зорлап жасалған тәркілеу кеселінен аштан бұралып қырылғанын көріп, не істерін білмей жүрегі қарайған, қырықтың ішінде ұлтының маңдайына біткен асылдарын атып-асып құртқан зұлымдықты көріп, дүниенің бәрінен түңілген, елудің ішінде туған Дегелеңі атом полигонына айналғанын көріп көзінен қанды жас аққан-Сапарғали Бегалин тіршіліктегі жалғыз медетті қалам қайратынан тапқан. Онда да тап тартысы, науқандық мәселелер емес, саясаттан аулақ, балалар әлемі, табиғат аясы-шығармаларының негізгі өзегіне айналған.

Сапарғали Бегалиннің балаларға арналған шығармашылығына шолу жасай отырып оны бес топқа бөлуге болады. Бірінші топқа аң аулауды, мергендерді суреттейтін: «Сәтжан», «Көксегеннің көргендері», «Бала мерген» деген әңгімелерін жатқызуға болады. Екінші  топтағы: «Будан», «Қозышы Нұрман», «Жылқышы» атты поэмалары мал шаруашылығында жұмыс істейтін еңбекшілерді қиын да қажырлы өмірін паш етеді. Ал мичуриндік, агробиологиялық ғылымды насихаттайтын: «Жас бұтақ», «Қант бұршақ», «Мектеп бағында», «Хат», «Есеннің кірпісі» деген әңгімелері үшінші топқа жинақталған. Жазушының көтерген төртінші күрделі тақырыбы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Отан қорғаудағы қаһармандық күреске арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..   190  191  192  193  194  195  196  197  198  199  ..