Міржақып Дулатұлы  шығармаларындағы «Ғаламның тілдік бейнесі»

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 12

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..   80  81  82  83  84  85  86  87 

 

 

 

 

Міржақып Дулатұлы  шығармаларындағы «Ғаламның тілдік бейнесі»

 

10.02.02. – қазақ тілі

 

     

 
 
 
  

 

  Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

 

 

АВТОРЕФЕРАТЫ

 

 

 

 

 

     

     Қазақстан Республикасы

     Алматы, 2007

Жұмыстың жалпы сипаттамасы

 

         Қазіргі тіл білімінің антропоөзектік бағыттағы зерттеулерінде тілді тек тіл жүйесі ауқымында зерттеп қоймай, сонымен бірге тіл мен мәдениет байланысын, оның ішіндегі тіл иесінің алар орнын анықтаумен ұштастыра қарастыру көзделіп отыр. Осымен байланысты әдеби тілді дамытушы жеке тілдік тұлғаның тіл ерекшелігін когнитивті тұрғыдан зерттеу - тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі. Осыған орай жеке тілдік тұлғаны екі түрлі қырдан, атап айтқанда, когнитивтік лингвистика аясында және лингвомәдениеттану бағытында зерттеу оның терең қырларын ашуға өз септігін тигізеді. Осы тұрғыдан қарастырылған М.Дулатұлының шығармаларының концептілік құрылымы негізінде анықталатын ғаламның тілдік бейнесі мен тілдік тұлға ретіндегі болмысын ашуға ұмтылыс тіл мен мәдениет сабақтастығын дәйектейтін өзекті мәселелердің санатындағы қажеттіліктен туындап отыр.            

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. М.Дулатұлы шығармалары мүлде лингвистикалық зерттеу нысаны болған емес, осыдан барып М.Дулатұлы мұрасын тілдік тұрғыдан зерттеудің қажеттілігі айқындалады. Демек, зерттеудің өзектілігі, біріншіден, жалпы М.Дулатұлының тілдік тұлғасының мүлдем зерттелмеуі, Міржақыптану ғылымындағы тілдік ерекшеліктің сөз болмауынан туындайды. Екіншіден, М.Дулатұлының қазақ әдебиетінде тұңғыш роман жазушы ғана емес, сонымен бірге публицист, математик, педагог, саяси қайраткер сынды жан-жақты жетілген тұлғаның тілдік ерекшеліктерінің тілдік тұлға тұрғысынан қарастырылмауы зерттеудің көкейтестілігіне негіз болады. Сондықтан оның шығармаларындағы лингвомәдени бірліктердің қолдану деңгейіне антропоцентристік тұрғыдан   талдау жасау зерттеудің негізгі өзектілігін сипаттайды.

Зерттеудің нысаны - М.Дулатұлының тілдік тұлғасының концептілік аясы және шығармаларындағы лингвомәдени бірліктердің қолданыс  ерекшеліктері.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты – қазақтың ұлттық санасын оятушы арыстарымыздың бірі М.Дулатұлын тілдік тұлға ретінде сипаттайтын құндылықтарын шығармаларының тілі арқылы көрсету. Осы мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер белгіленді:

-        М.Дулатұлы тілдік тұлғасының вербалды-семантикалық деңгейін анықтау;

-        М.Дулатұлы дискурсындағы өзгеше түр мен сипатқа ие, ұлттық құндылықтарға құрылған «ғаламның тілдік бейнесін» қалыптастыратын негізгі бірліктерді айқындау; 

-        М.Дулатұлы тілдік тұлғасының лингво-когнитивтік деңгейін анықтап, шығармаларындағы концептілер өрісін когнитивті және құрылымдық тұрғыда зерттеу,           

-        М.Дулатұлы тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейін саралау;  

-  М.Дулатұлының көркем шығармаларындағы, публицистикасы мен ғылыми-ағартушылық мақалаларындағы кірме сөздер мен рухани-діни сөздердің, фразеологиялық тіркестер құрамындағы тілдік бірліктердің лингвомәдени   мәнін ашу.

Зерттеу жұмысының дереккөздері. Жұмыстың дереккөзі ретінде Міржақып Дулатұлының 2002-2004 жылдары М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты ұжымы жарыққа шығарған бес томдық шығармалар жинағы және М.Дулатұлының 1991 жылы жарық көрген бір томдық, 1997 жылы шыққан екі томдық жинағы.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмысында сипаттама жасау, лексика-семантикалық талдау, этимологиялық түсіндіру, семалық сараптама, когнитивті лингвистикалық тәсілдер қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері:    

- Міржақып Дулатұлы шығармалары тілдік тұрғыдан  тұңғыш рет зерттеліп отыр.

         -   М.Дулатұлының тілдік тұлғасы  вербалды-семантикалық   деңгейде қарастырылды;

         -  М.Дулатұлы дискурсындағы «ғаламның тілдік бейнесі»  автордың таным әлеміндегі ұлттық құндылықтар арқылы сипатталды;

         - М.Дулатұлы тілдік тұлғасының концептілік құрылымын көрсететін сурет-сызбасы бейнеленді. Концептілердің когнитивті моделі жасалып, когнитивті құрылымы айқындалды;

         -  М.Дулатұлы тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейі сарапталып, нақтыланды;

         - Көркем шығармалары мазмұнындағы мынадай лексика-семантикалық топтар анықталды: ұлттық салт-дәстүр, ұлттық мінез, ұлттық тыйым, ұлттық соматизм, ұлттық теңеу, заттық мәдениет бірліктері, діни ұғымға, алғыс, бата беруге байланысты және қарғыс мағынасындағы лингвомәдени бірліктері, наным-сенім, ырымға байланысты, ұлт мәдениетіндегі өзге мәдениеттің нышандарын білдіретін лингвомәдени бірліктер;

     -   Оқу құралдарындағы заттық, рухани мәдениет атауларын білдіретін лингвомәдени бірліктердің ағартушы бойындағы ұлттық таным деңгейін   көрсетудегі маңызы нақты көрсетілді.

     -   М.Дулатұлының көсемсөз, әдеби сын, зерттеу мақалаларындағы лингвомәдени жүйені құрайтын автор тіліндегі ұлттық менталитетті, ұлттық көзқарасты аңғартатын фразеологиялық тіркестер, рухани-діни сөздер,  мақал-мәтелдер, метафора, теңеу секілді көріктеу құралдарына лингвомәдени талдау жасалды.     

     -   Ұлт өміріндегі болып жатқан өзгерістерді баяндау, оқу-ағарту, білімді сөз ету, адамгершілік, мінез-құлық, дін, дүниеге көзқарасын білдіруге байланысты ақынның кірме сөздерді жұмсаудағы прагматикалық мақсаты дәлелденді.

  Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы.

М.Дулатұлының шығармалары негізінде ғаламның тілдік бейнесі анықталып, «тілдік тұлға» теориясы мен лингвомәдениеттану ұстанымдары негізінде түсіндірілуі, сонымен қатар жоғарыда аталған теориялық тұжырымдар жеке тілдік тұлғаның тілінен нақты дәйектелуінің нәтижесіндегі зерттеу тұжырымдары қазақ тіл білімінде қалыптасушы антропоцентристік бағыттағы когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттану салаларына белгілі дәрежеде үлес қосады. Ғылыми зерттеу нәтижелері жоғарғы оқу орындарының филология факультеттерінде жүргізілетін когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану, лингвостилистика бойынша оқылатын дәрістерде және жеке тілдік тұлға шығармашылығының тілін талдауға бағытталған арнайы курстарда пайдалануға болады.

 Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

     -  Міржақып Дулатұлы – қоғамдық-саяси қайраткер, көркем суреткер, ағартушы. Осымен байланысты М.Дулатұлы вербалды–семантикалық, лингво-когнитивтік, прагматикалық қырлары арқылы ашылатын тілдік тұлға; 

     -   М.Дулатұлының тілдік тұлғасы мынадай концептілік құрылымдардан  тұрады: «ұлтжандылық»; «ислам діні»; «әйел теңдігі»; «оқу-білім»; «надандық»; «ғылым»; «өнер»; «қазақ тілі»;

     -   М.Дулатұлы  тіліндегі «ғаламның тілдік бейнесі» сол кезеңдегі озық ойға құрылған ұмтылыстан тұратын концептілер мен ақын қиялының көрсеткіші. Ол антропоцентристік тұғырдан тұратын, яғни жазушы танымынан қалыптасатын әлем бейнесінің тілдегі көрінісі;

     -   М.Дулатұлы – аялық білімі ұлттық мәдени құндылықтарға негізделген, баяншы-тыңдарман қатынасына  құрылған тілдік тұлға;

     -   М.Дулатұлы тіліндегі қазақ ұлтының рухани дүниетанымы оның тіліндегі «ғаламның бейнесі» ретінде байқалады. Бұл концептілік құрылым ерекше ұлттық мазмұнға ие;

     -     Міржақып Дулатұлы тілдік тұлғасын танытатын ерекшелік – оның  тіліндегі әр түрлі сипаттағы ұлттық мәдениетпен, дәстүр көрінісі бейнесімен астасып жатқан авторлық метафоралардың молдығы;

     -   Міржақып тіліндегі оның ұлттық танымының тереңдігін дәлелдейтін әртүрлі символикадағы сөз-символдардың молынан келуі;

     - М.Дулатұлын ұлттық тілдік тұлға дәрежесіне биіктеткен факторлардың бірі – оның тіліндегі окказионал сөздердің қолданысы, риторикалық сұраулардың қолданылу ерекшелігі, етістіктің көріктеу құралы ретінде келуі, қайталамалардың  көптігі;

     -   М.Дулатұлының тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейі оның ұлтты сүю, оларға насихат айту, уәж, мақсаттарынан тұрады.

      Жұмыстың талқылануы мен жариялануы. Зерттеу жұмысының негізгі мазмұны мен нәтижелері А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ұйымдастырған «Академик Ә.Т.Қайдар және тіл білімінің мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2004), «Академик Ш.Ш.Сарыбаев және қазақ тіл білімі мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2005), Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында өткен «Жұбанов тағлымы» атты ҮІ халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Ақтөбе, 2005), ҚР БҒМ М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ұйымдастырған «Рухани мұра және қазіргі мәдениет: тестология, игеру, зерттеу» атты халықаралық ғылыми симпозиумда (Алматы, 2005), «Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру - әрбір азаматтың парызы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Орал, 2005), «Ғасырлар тоғысындағы түркі өркениеті: саясат, экономика және мәдениет» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Орал, 2007), ҚР БҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы «Лингвистикалық жұма» атты ғылыми-әдістемелік лингвистикалық семинарда (2007, маусым) баяндалды. 

         ҚР ЖАК-ы бекіткен тізімдегі республикалық ғылыми басылымдар мен жинақтарда диссертация тақырыбына байланысты 9 мақала жарияланды.

  Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

Жұмыстың мазмұны

 

1  Міржақып Дулатұлының  тілдік тұлғасы

         Қазақстан Республикасы өзінің  тәуелсіздігін алғаннан бері жан-жақты қарқынды дами бастауы, өз тарихының зерттелмей жатқан беттерін түсіндіруге, зерделеуге жол ашты. «Мәдени мұра», «Алаш мұрасы» бағдарламалары бекітіліп, қыршын кеткен арыстарымыздың еңбектері оралып, зерттеліп, жарық көре бастады. Алаш ардақтыларының бірі М.Дулатұлының тілдік мұрасы түрен түспеген тың өлкелердің бірі. Алғаш «Оян, қазақ!» деп үн қатқан ардақты ағамыздың тілдік тұлғаға саналу сипатын дәлелдеу осы тектес зерттеулердің басты мақсаты.

         Когнитивтік лингвистикада алғаш рет қарастырыла бастаған «Тілдік тұлға» мәселесі қазақ тіл білімінде де кеңінен зерттеліп, сөз бола бастады. «Тілдік тұлға» ақынның немесе жазушының өз образы [Қ.Жұмалиев] мәселесінде әдебиет тұрғысынан және тілдік тұрғыдан зерттеліп келеді. Мысалы: Р.Сыздық «Абай шығармаларының тілі», А,1968; Е.Жанпейісов «М.Әуезовтың «Абай жолы эпопеясының тілі», А,1976. Бұл іргелі зерттеулерде белгілі бір суреткер тілінің жалпы сипаты мен шығармашылық ерекшелігі сөз байлығы, көріктеу амал-тәсілдерін шебер қолданудың тілдік көріністері (метафора, теңеу, эпитет т.б.), стильдік қолданыс ерекшеліктері шығарма тілінің құрылымдылық жүйесіне сүйеніп жасалған еді. Ал, осы дәстүрлі лингвистика негізінде одан әрі даму үстіндегі қазіргі тіл білімінің антропоцентристік бағыты негізгі назарды сол шығарманы жазушының жанына, танымдық (шығармашылық) болмысына аударады да, тілді соның нәтижесі, көрінісі деп қарайды. Осымен байланысты қазақ тіл біліміндегі Ф.Қожахметова, А.Әмірбекова, Ш.Ниятова т.б. зерттеулерін атап өтуге болады.

«Тілдік тұлға» мәселесінде басты ерекшелік тұлғаның (личность) жай саналы адам (гомо сапиенс) аумағынан кең көлемге өзінің тілдік ерекшелігі арқылы шығып кетуінде жатыр. Кез келген жеке тұлға өзінің тілдік емес басқа қасиеттерімен жұртқа танылғанымен, тілдік тұлға бола алмайды. Оның басты себебі, жеке тұлғаның тіл қаруымен қаруланбауында жатыр. Мысалы, Қажымұқан қазақ халқының ұлы перзенті болғанымен тілдік тұлға ретінде қабылданбайды, ал Махамбет Өтемісұлының дара тұлғасы оның өр де, азаттық рухына сәйкес көркем тілімен сабақтасып, өзіндік ерекше тілдік тұлғасын танытады.

         Демек, «Тілдік тұлға» есімі, оның айтқан сөздері, шығарған өлең-жырлары, жазған мақалалары ел есінде мәңгі қалуы тиіс. Академик В.В.Виноградов тілдік тұлғаны екіге бөліп зерттеген: автор тұлғасы және кейіпкер тұлғасы. Ал Ю.Н.Караулов көркем мәтінді тірек ретінде алып, тілдік тұлғаның үш деңгейлік үлгісін жасайды [1,118].  

Шын мәніндегі тілдік тұлға құрылымы – кешенді құбылыс. Мысалы, Міржақып Дулатұлының шынайы тұлғалық келбеті оның барлық қырын (журналист, ақын, тарихшы, қоғам қайраткері, саясаткер, тілші, математик, педагог, жазушы, драматург, дәрігер) зерделеу арқылы аңғарылады. Себебі тілдік тұлға мазмұнына, В.А.Маслованың көрсетуінше, мынадай компоненттер енеді: 1)құндылық, дүниетанымдық, тәрбие мазмұны компоненті, яғни құндылықтар жүйесі және өмірдің мәндері; 2) мәдениеттану компоненті, яғни тілге деген қызығушылықтың тиімді құралы ретінде мәдениетті игеру деңгейі; 3) жеке тұлғалық компонент, яғни, әр адамда бар терең жекелік қасиеттер [1,119]. Тілдік тұлғаның қуаты - сөз, ойы – қоғамдық ісінен көрінеді, ал психологиясы – ұлт перзенті ретінде халқын сүюі сезімімен өлшенеді. Осы үш қасиет бірлесіп келіп, адамның бойындағы игі, ізгі қасиеттердің оянуына, бас көтеруіне әкеліп, зиялы қауым уәкілі ретінде «арнау» айту қажеттілігі туындайды. Тілдік тұлға сипатына ену, мақсатты түрде жүзеге аспайды. Оның дамуына қозғаушы күш, яғни ұлттық сезімнен немесе табиғи дарынның қабілетінен туған ішкі жағдайлар әсер етеді. Тілдік тұлғаның қалыптасуына мына алғышарттар пайда болуы тиіс деп ойлаймыз: 1. Ұлттық тәрбие (отбасылық тәрбие); 2.Ұлттық тілдегі өлшемдер (қабылданған, қабылданбаған құндылықтар); 3. Мәдени ақпарат (салт-дәстүр, әдет-ғұрып); 4. Рухани сана (дін қағидалары); 5. Үлгі тұтатын тұлғалар (Абай, Шоқан т.б.); 6. Озық білім жүйесі; 7. Тектілік интеллектісі. Міне, осы қасиеттерді бойына жинаған индивид, саналы адам дәрежесінен тұлға одан әрі тілдік тұлға дәрежесіне көтеріле алады. М.Дулатұлының өзіндік әлеміне бойлай ену үшін, оны қалыптастырған жағдайлардың мән-мәнісін түсініп алған жөн.

1.1  М. Дулатұлының шығармашылық қызметіне қысқаша шолу. Міржақып Дулатұлы -  сан қырлы тұлға. Атап айтқанда, ол – лингвист, әдебиетші, сыншы, зерттеуші, публицист, ғалым, жазушы, ақын, ұстаз, математик, журналист, қоғам қайраткері, жаратылыстанушы, аудармашы, заңгер. М.Дулатұлының жарық көрген кітаптары мыналар: 1. «Оян, қазақ!»  1909ж, Уфа: «Шарқ» баспасы; 2. «Бақытсыз Жамал», 1910ж, Қазан: Каримовтар баспасы; 3. «Азамат» (өлеңдер жинағы) Орынбор, 1913ж;                 4. «Терме» (жинақ) Орынбор, 1915ж; 5. «Есеп құралы» оқулығы. Орынбор: «Дін уә мағишат» баспаханасы, 1914ж; 6. Бастауыш мектепте екі жыл оқылатын Қирағат кітабы. Орынбор: Ғ.Ғ.Хусаинов баспаханасы, 1916ж Соңынан көзі тірісінде «Қирағат кітабы» 1923 жылы, «Есеп құралы» 1927 жылы өңделіп, алтыншы рет басылды.

Міржақып Дулатұлы өзі замандас Алаш зиялылары (А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, К.Кемеңгерұлы т.б.) секілді барлық шығармашылық ғұмырында ұлттық тіл, оның мәдениеті мәселесін өткір де, өзекті мәселе деп есептеген. М.Дулатұлы қазақ тілі туралы, оның ішінде сөз нормасы, қолдану мәдениетімен егжей-тегжейлі айналысып, ана тіліне деген жан ашарлығын байқатады: «Қазақ тілін іске асыратын болсақ, қазақ әдебиетін күшейтеміз десек, алдымен істің санын салмақтамай, сапасын ескеруіміз керек. Ол үшін қазақша деп жазылған сөздердің әлгі кемшілігін құрту керек» деп  сол кемшіліктерді атап өтеді: «Ол кемшіліктің бірі - дыбыс жүйесі жағынан болатын кемшілік. Екінші кемшілік - сөз жүйесі жағынан болатын кемшілік, қазақша жалғау, жұрнақтарды елемегеннен болатын кемшілік. Үшінші кемшілік- сөйлем жүйесі жағынан болатын кемшілік»[ІІ,208]. Алаш ағартушыларының ортақ идеясы халықтың санасын оятып, оқу-білімге үндеу болатын. Бұл жөнінде Қ.Кемеңгерұлының тілтанымдық мұрасын зерттеген тілші О.Жұбаева былай дейді: «ХХ ғасырдың басы қазақ тарихында рухани ояну дәуірі болғаны белгілі. Ұлттың өзіндік белгісін сақтап қалатын негізгі қасиеттерінің бірі – тіл екенін терең түсінген қазақ зиялылары өз беттерінше білімін жетілдіре отырып, қазақ тілі бойынша оқулықтар жазған, баспасөз бетінде түрлі пікірталастар ұйымдастырып отырған. Қазақ тіл білімінің сол кезге дейінгі зерттелу жайы мен жалпы тіл біліміндегі түрлі бағыт-көзқарастармен таныса отырып, қазақ тілінің өзіндік болмысын танытуға тырысқан»[2,3].  

1.2 М.Дулатұлы тілдік тұлғасының вербалды-семантикалық деңгейі

        Тілдік тұлғаның өзінің болмысына сәйкес қалыптастырған, енгізген түрі, сөз саптауы, көзқарасы эталондық сипат дәрежесіне көшеді де, оның тілін зерттеудің арқауы бола бастайды. Бұл көбіне тілдік тұлғаның дәстүрлі вербалды – семантикалық деңгейінде байқалатыны даусыз. Осыған сүйенген ғалымдар тілдік тұлға көп қабатты және көп компонентті құрылымнан тұратын жүйе деп есептейді.  Ю.Н.Караулов тілдік тұлғаны үш құрылымдық деңгейден тұрады деп санайтыны белгілі:

1.Вербалды-семантикалық деңгей;

2.Когнитивтік деңгей;

3.Прагматикалық (мотивациялық) деңгей; [3,36].

Вербалды-семантикалық деңгейде тілдік тұлғаның күнделікті дәстүрлі тілді меңгеру деңгейі анықталады. Бұл деңгейге автордың өзіндік сөз қолданысы,  әртүрлі образдар көрінісінің қолданылу дәрежесі, тілдік тәсілдердің сонылығы, түр жаңалығы, семалар ерекшеліктері енеді. Бұл тілдік тұлғаның бастапқы таным көрінісін ашатын деңгей болғандықтан, ол кейде нөлдік деңгей деп те аталып, тілдік тұлғаның тілді қолдану ерекшелігі басым түрде әңгіме болады. Қ.Жаманбаева «Тіл қолданысының когнитивтік негіздері» еңбегінде А.Байтұрсынұлы көрсеткен тіл толғау шарттарын осы деңгейге енгізеді: 1.Сөз дұрыстығы; 2.Сөйлемдерді орайластырып, құрмаластыру; 3.Тіл анықтығы; 4. Тіл дәлдігі; 5.Тіл көрнектігі [4,19]. Бұл деңгейде, әсіресе, жекелік метафора мен мақалдар, қанатты сөздер, фразеологизмдер ерекшелігін қарастырған жөн. 

          Тілдік тұлға осындай құрылымдық ерекшеліктерден тұратын кешенді категория ретінде кеңінен қарастырылған. Алайда, оның тілді қолдануды арнайы жоспарлауда, мәтін түзудегі сипаты, сөздерді тілдік айналымға енгізудегі кейбір ерекшеліктері назардан тыс қалып жатқанын айта кеткен жөн. Бұған, мысалы, тілдік тұлғалардың әртүрлі қырын сипаттайтын хаттар (эпистолярлық) лексикасы, драматургиясы мен аудармалары тілін де жатқызуға болады. Мәселен, М.Дулатұлының жан-жақты шығармашылығын көрсететін драмалық шығармалары, аудармалары, хаттарының молдығы оның кейбір когнитация мәселелерін зерттеуге қиындық тигізетіні байқалды. Дегенмен, ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларына тән ой-сана, қазақы ұлттық мәдениет көрінісі М.Дулатұлы  шығармашылығын негізгі мазмұнда тұтастырады.

         ХХ ғасырдың басында жастар санасында бір бұлқыныс, ренессанс дәуірі басталғандай болды. Бұған әсер етуші ұлттық сана дамуындағы жаңаша үдеріс пен жалпы азаматтық өркениетке сәйкес орыс мәдениетінен, батыстан келіп, еніп жатқан ғылым, өнердің соңғы жетістіктері болатын. Осы жағдай сананың түрленуіне, ұлттық ойдың, болмыс-бітімнің өзгеруіне алып келді. Материалдық өмірдегі күнде болып жатқан өзгерістердің жастар санасына әсер етуі нәтижесінде, олардың алғаш байқағандары өз ұлтының кемдеу қалып бара жатқан жағдайы еді. Міне, Міржақып Дулатұлы сынды зиялы азаматтардың көзі ашық, санасының ояу болуына, ұлттың, ұлтжандылық рухтың оянуына әсер еткен де осы жаңалықтар екені сөзсіз.     Қазақ даласындағы осы өзгерістер көптеген дара тұлғалардың қазақ ойының көгіне көтерілуіне мүмкіншілік жасады. Ол туралы Міржақып: Семейден шықты Ыбырай Құнанбаев, сөзінде хата бар ма сынап көрсең, ақын аз Байтұрсынов Ахметтей, сөзі алтын, мағынасы меруеттей, Оралдан Әбубәкір молла шықты, Омбыдан Қыпшақбайдай жорға шықты. Торғайда Ақмолла мен Нұржан жатыр, Шөже, Орынбай, Мәшһүр Жүсіп о да шықты [Іт,98] десе, С.Торайғыров: «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам, Қараңғылықтың кегіне күн болмағанда, кім болам!» деп оқыған қазақтың халқы алдындағы міндетін нақты көрсетеді.

         Қазақ сөз майталмандарының тіліне әсер ететін бірінші қайнар көз – фольклор. Міржақып шығармашылығына халық ауыз әдебиеті әсер еткен бірінші бастау  екенін өз еңбектерінде фольклор жанрының үлгілері мен деректерін үзбей пайдаланылуы айғақтаса керек. Әсіресе, балаларға арналған педагогикалық еңбектерінде, оқу құралдарында фольклор үзіктері үзбей қолданылады. Мысалы, («Қобыланды мен Тайбурыл», «Қара батыр» ертегісі т.б.). Міржақып сонымен қатар, дәстүрлі шығыс әдебиетінің өзіндік ерекшелігінің бойына қабылдайды, өйткені ол кезде қазақ даласында шығыс шайырларының есімдері дәуірлеп тұрған болатын. Шығыс ойшылдарының еңбектері, ислам дінінің имандылық мәні Міржақыптың алғаш танысқан әдеби үлгілері, тұма бұлақтары болатын. Кейіннен ол алдыңғы қатарлы орыс әдебиетін оқыған, көзі ашық ағартушы дәрежесіндегі тілдік тұлғаға айналды. Соңынан Абай өлеңдері жарыққа шыққаннан бастап, Міржақып әдеби тұлғасына ерекше әсер еткен дана Абай көрсеткен жол еді.

         Міржақыпты тілдік тұлға ретінде танытатын қырының бірі - оның публицистикасы екені және қазақ көсемсөзінің қалыптасу кезеңінің басында тұрғандардың да бірі Міржақып Дулатұлы болғаны зерттеушілерге аян.         (М.Дулатұлының «Қазақ» газетінде, «Айқап» журналында жарияланған мақалалары). Міржақыптың ақындық жазушылығынан басқа шығармашылық тіліндегі бір көрінісі - оның аудармалары. Мысалы, оның араб тілінен аударған Әл-Фараби замандасы, арабтың ертедегі ақыны Абу Фарастың «Тағдырдан сұра, қаскүнем» өлеңі, А.С.Пушкиннен, М.Ю.Лермонтовтан, Н.Ановтан жасаған әдеби аудармаларымен қатар, әртүрлі заңдар, кітапшалар, оқу құралдарының аудармалары сақталған.

Міне, осы қасиеттерді бойына жинақтаған М.Дулатұлының таным әлемі және қоғамға, тілге деген еңбегінің қозғаушы күші тілін зерттегенде ғана айқындалады.

1.2.1 М.Дулатұлы тілдік тұлғасын сипаттайтын көріктеу құралдары. Тілдік тұлғаның табиғатын ашып, суреткерлік шеберлігін тану үшін оның тілінде қолданылған көріктеу тәсілдеріне зер саламыз. «Жазушының дүниені ерекше көркем түсінуі, сезінуі, оның көркемдік әдісі міндетті түрде оның шығармасында көрініс табады»[5,112]. Міржақыптың тіліндегі теңеу, эпитет, метафоралар қолданысы қазақ тіліндегі дәстүрлі қолданыспен сабақтас. Көрнекті тілдік тұлғалардың тілінде қалыптасатын мұндай жүйе – заңды құбылыс. Міржақып тіліндегі бейнелі теңеулер эпитеттік сипатта қазақ дәстүрлі үлгісінен туындаған, сондай-ақ, бұрын қолданылмаған тың теңеулер тобы да молынан ұшырасады. В.А.Маслова теңеудің табиғатын лингвомәдениеттану ғылымының өзекті мәселесі деп есептейді: «Халықтық діл (менталитет) және рухани мәдени тіл бірліктері алдымен олардың бейнелік мазмұндары арқылы жүзеге асады» [1,145]. Міржақыпта дәстүрлі –дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары арқылы жасалған теңеулер көптеп кездеседі. Мысалы: қаныққандай көңіл жүдеу; кісідей арақ ішкен әуреленіп; келді мұжық көшкен бұлттай; простой біздің қазақ қара тастай; файдасыз жемісі жоқ қу ағаштай; біздің жұрттың зәрредей жоқ  намысы; шортандай шабақ жұтқан жалмауыздар; тал жібектей; жақсы емес тікенектей; құрт жайлаған тамырын қу ағаштай; зиһінім (зерде) қайыршының дорбасындай; жер алу үшін хохолдар селдей ағып келеді т.т.

Міржақып тіліндегі көріктеу құралдың бірі – метафора (балау), олардың жекелік түрлері. Міржақып өлеңдері мен роман, пьеса, әңгімелерінде қазақ  танымындағы дәстүрлі ұқсатулар (ассоциациялар) мол орын алған. Метафоралық қолданыс сөз қолданушының айырым танымының сол тілдегі мінезін жан-жақты бейнелейді. Міржақып поэзиясында метафоралық қолданыстар аз болғанымен, өзіндік өрнегімен сол кездегі алдыңғы түр, жаңашылдық деңгейде болғанын байқаймыз. Міржақып метафораларында өзін айқындықта көрсету орнына, бәсең солғын, басқаша айтқанда «қарапайым» көрсету кеңінен орын алады. Бұл да ақынның өзіндік табиғи қарапайымдылығының көрсеткіші болса керек. Мысалы,

                   Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,

                   Емеспін жемісі көп тамаша ағаш...                  

                   Мен дағы жылағанның бірі екенмін,

                   Қайғырып соларды ойлап жүр екенмін.

немесе

                   Мен міскін бұларды ойлап қиял басқан т.т.

Міржақып метафорасында жан-жануар, ағаш, тұрмыстық-салт лексика да кездесіп отырады: Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш; Алғырдан туған сұңқарым; Іле алмай сұңқар қу маңғаз, Тұғырға құзғын қонып тұр; Есекке арғымақты қосақтасаң, өтпей ме ғұмыр зайғы бекер деген; Қу ілген қыран бүркіт біз боламыз. Сондай-ақ Міржақып өлеңдеріндегі ғашықтықконцептісі шегінде байқалатын өлеңдерде қызды «құсқа», оның ішінде «аққуға» балайды. Метафора әлемді танудың үлгісі, сондықтан ауысулардың жаңа түрлері Абай үлгісімен жасалғандай көрінеді. Міржақыптың тілдік шеберлігіне әсер етуші фактордың бірі орыс поэзиясынан алған мол білімі екені байқалады. Сол себепті кейде орыс сөздері де метафоралық қолданыстардың мүшесі ретінде қолданылады:

                   Сырты - алтын, іші – фальші болып шығып,

                   Сан соғып, құрбыларым, өкінбелік!

немесе

                   Магниті сұлу қыздың күшті емес пе,

                   Жігітті көңілі сүйген қайтып тартпас...

Міржақып «жігіттің раушаны» деп жастықты, жақсы қызды «баға жетпес гауһар тасқа, қызыл түлкіге», жағымсыз кейіпкерді «жапалаққа, есекке», жақсы жігітті «қыран бүркітке, қырғи құсқа, аспаһани қылышқа», ғылымды «ағып жатқан бұлаққа», талапты жастарды «бағланға», сауатсыздықты «тұманға», оқығандарды «жау жүрек, қыран көзді арыстанға», патша империя саясатын «күнбатыстың қара бұлты»  балайды. Міржақып поэзиясында өзін-өзі айқындау орын алған. Ол өзін «ағашқа, тұлпарға, міскінге» балайды.

Символ да метафора сияқты тілдік тұлғаның тіліндегі ұлттық мәдениеттің көрсеткіші ретінде көрінеді. Символдық таңба – лингвомәдениеттану мен когнитивті лингвистиканың зерттеу нысандарының бірі. Символ тілдік тұлғаның  тіліндегі біріккен ой жүйелерін көрсетіп, бір-екі сөзбен береді, сол себепті символдық мәнді халқымыздың дәстүрлі ұғымдарын білдіретін сөздерден іздеуіміз керек. Символды зерттеуші Қ.Қайырбаева бұл туралы: «Сөз – символ жазушының айтпақ ойын дөп басып шығарманың бейнелігін арттыру үшін қажет. Сондықтан символдың жеке автор қолданысындағы мәнін ашу, мағынасын тану ерекше қабілет пен көкірек көзін қажет етеді», - дейді [6,11]. Сөз – символдарды ғалымдар әр түрлі қырынан зерттеген: рухани мәдениет пен материалдық мәдениетке қатысты [Е.Жанпейісов, Ж.А.Манкеева], түр-түс атауларының символдық мағынасы [Ә.Т.Қайдаров, З.Т.Ақтамбердиева], символдық мәні бар фразеологизмдер сипаты [Р.Сыздық, Г.Смағұлова, Н.Уәлиұлы], сұлулық символизмдер [А.Қ.Сейілхан], символдың когнитивтік сипаты [Қ.Ә.Жаманбаева],  этномәдени атаулар символы [Қ.Т.Қайырбаева] т.т.         

 Ақ, қара түстері символикалық мәнге ие болады.  «Жарасып ақ үйлердің қияфаты немесе қаптап тұр күн батыстың қара бұлты». Ақын қазағын «ақ» түспен, патшалық империяны «қара» түспен таңбалайды. М.Дулатұлының ұлттық танымы, ұлттық азаматтық рухы қазақ тіліндегі бұрын қалыптасқан символдар мәнінен айқын байқалады. Бұрынғы әмбебаптық қасиетіне М.Дулатұлы шығармаларындағы сөз-символдар авторлық ерекшелік мән жамайды да, кең көлемді сипатта келеді.  

Міржақып шығармаларындағы оның тілдік тұлғасының тағы бір қырын көрсететін құрал - риторикалық  сұраулардың қолданылуы. Риторикалық сұрау бұрыннан келе жатқан ерекшелік болғанымен, қазақ поэзиясында ХХ ғасыр басында тек осы М.Дулатұлы шығармаларынан көрінеді. Риторикалық сұраулардан оның ұлтжанды тілдік тұлғалық қыры ашылады. Бұдан «қазақ жері, алаш, ер азамат, үй» концептілері айқын көріністе жүйе құрайды. Мысалы: «Алашқа» өлеңінде «қайда» сұрағы қайталама құрайды:

                   Көк майса бетегелі жерің қайда?

                   Күмістей  толқындаған көлің қайда?

                   Ың-жың боп жер қайысқан төрт түлікпен,

                   Жөңкіліп, көшіп қонған елің қайда?

                   Көтерген ақ киізге ханың қайда?  

Міржақып поэтикасында перифраздар метафорлық сипатта Абай салған түрге жақын мазмұнда қолданылады. Мысалы: жабыққан, мұңды көңілін – тағдыр соққан шынжыр; шәкіртті – бақыт таңы; қорлықтағы елін – қос қанаты майырылған мүгедек; жалғанның қызығы – мол мекен; оқығанды – қамалға қарсы шыққан қаһарманым; сауатсыздықты - надандық шәрбаты; талапты баланы - гауһар тас;  табиғи дарынды – алла жаққан кеудедегі от  т.т.     

Қайталамалар -  ежелден тілімізбен біте қайнасып, түрленіп келе жатқан категория. Қайталамалар Р.Сыздық, Б.Момынова, Г.Әзімжанова, О.Бүркіт еңбектерінде кеңінен қарастырылғандықтан Міржақып тілінен бір-екі мысал келтіріп шектелейік. Мысалы, «Қайда?» сұрағының қайталамалық көрінісін алайық:      Қақ жарған қара қылды биің қайда?

                                    Ақ орда би түсетін үйің қайда?

                                    Салтанат Сарыарқада құрған қазақ?

                                    Толықсып тұрған кеше күнің қайда?

                                    Шаң жұтқан текежәумет атың қайда?

                                    Қалдырмас жауға тастап жақын қайда?

Қайталамалардың қолданылуы Міржақыптың дәстүрлі әдебиет шеңберінен шықпай, стильдік тәсілдерге жүгінгенін байқатады. Сондай-ақ осы тараушада жазушы тіліндегі окказионал сөздер мен көркемдегіш құрал ретінде алынған етістіктің қызметі де айқындалады. 1.2.2 Міржақып Дулатұлы дискурсындағы «ғаламның тілдік бейнесі». Дискурс орыс тілінде «речь» деген ұғымды береді, сонымен бірге, мәтін ұғымының синонимі іспеттес қолданылады. Қазақ тіл білімінде Р.Қ.Бөкейханова дискурсқа дәл анықтама береді. Біз дискурсты осы мәнде түсініп, зерттеу жұмысымызға арқау еткендіктен  дәйек-сөзді сол күйінде берейік: «Дискурс сегодня – сложное коммуникативное явление, включающее, кроме текста еще и экстралингвистические факторы (знание о мире, мнения, установки, цели адресата), необходимые для понимания текста» [7,73]. Сонымен дискурсты мәтін ұғымымен барабар түсінуіміз дұрыс, тек автордың «таным әлемін» есепке алу қажет. Дискурс дәстүрлі, когнитивті, лингвомәдениеттану ғылымдарының зерттеу арқауы бола алады, бірақ әр ғылым өзінше жіктеп, өзінші бағалайды. Дискурс - тілдік тұлғаның қасиетін көрсететін тілдік факті. Дискурста тілдік тұлғаның мынадай ерекшеліктері байқалады: 1.Сөйленіс деңгейі; 2.Ұлттық таным деңгейі; 3.Сөз қорыту, түсінік, ұғыну, сезіну деңгейі; 4. Қоғамдық ойының сипаты; 5. Интеллект деңгейі.

Дискурста «ғаламның тілдік бейнесі немесе дүниенің тілдік суреті» деп те аталатын құрылым, жүйе, ой көрінеді. «Ғаламның тілдік бейнесі» күрделі ұғымдық құрылым болғандықтан, табиғатын ашып түсіндіруді әр зерттеуші өзіндік  тұрғысынан шешеді. Қоршаған шындық болмыстың адам тілінде бейне құрап, адамның дүниені, әлемді көзі, тілі арқылы тани алатынын тұтас теория ретінде алғаш ұсынған неміс ғалымы Л.Вейсгербер болатын. В.фон Гумбольдтың тілдің ішкі формасы ілімін негізге алған ол, «ғаламның тілдік бейнесі» ұғымына лингвопсихологиялық концепцияларды негіз етіп алады. «Ғаламның тілдік бейнесі» - индивидтің танымдық көзқарасын көрсететін тілдік бірлік, яғни эмпирикалық тәжірибелердің жиынтығы, аралас жүйедегі білім. «Ғаламның тілдік бейнесін» докторлық зерттеуіне арқау қылған Ислам Айбарша  былай дейді: «Дүниенің тілдік суреті адамның танымдық іс-әрекеті, ұлттық мәдениеті негізінде түзіледі және белгілі бір ұлт қауымдастығының өкілдеріне ортақ. Демек, дүние суреті дегеніміз – концептуалды (логикалық) және тілдік үлгілер формасымен берілетін санамен тікелей байланысты дүние туралы білімдер жиынтығы» [8,7-13]. 

 Ғаламның тілдік бейнесі әр тілде әртүрлі болады. Себебі индивид сол тілдің семантикалық базасында тілді меңгереді. Осы кезде тілдегі мәдени құндылықтар сөздердің мәні арқылы ұлттық мінез бен ұлттық менталитетті қалыптастырады. Осы орайда тілші ғалым Г.Смағұлова былай дейді: «Тіл бір адамның меншігі емес десек те, сол тілде сөйлейтін жеке адам өз ұлтының бүкіл бітім болмысы, өмірлік тәжірибесін, дәстүрлерін меңгеру, сіңіру арқылы ол да аз тарапынан ұжымдық мәдениетке үлесін қосады. Осындай ерекшіліктер арқылы тұлға ретінде ұлт өкілі боп сақталады» [9,145]. Шоқан, Абай, Ыбырай, Міржақыптардың тіліндегі ғаламның тілдік бейнесінің ерекше болуы, яғни ұлттық нақышта ұлтжандылық концептілерінің келуі олардың өз ана тіліндегі барлық сөздердің мәнін түсініп, ұлттық таным позициясында шегеленуінде, сол деңгейде өсіп-өнуінде жатыр деп ойлаймыз.

Орыс тіл білімінде де «ғаламның тілдік бейнесі» зерттеушілер тарапынан қызығушылық танытып, қарастырып жүрген мәселесі. Бұл тілдік мәселе Ю.Н.Караулов, В.А.Маслова, Ю.Д.Апресян, Н.В.Уфимцева, В.И.Постовалова, Е.С.Кубрякова, Г.В.Колшанский, С.А.Васильева, Н.И.Сукаленко, Г.А.Грутян т.б. зерттеушілер еңбектерінде кеңінен сөз болуда. Г.В.Колшанский ғаламның тілдік бейнесіне мынадай анықтама береді: «Шынайы, тілдік емес, әртүрлі топтағы адамдардың тарихи, жағрафиялық, мәдени және басқа да факторлар ықпалымен біртұтас обьективті әлем шеңберінде жүзеге асқан танымдық қызметінің көрінісі»   [10,31]. Демек, ғаламның тілдік бейнесі адам санасында өмір сүру тәжірибесіне қатысты қалыптасып, соның әсерінен тілінде өзгеріске түсіп, дамып отыратын ақпараттар жүйесі. М.Дулатұлы тіліндегі қазақ ұлтының кейпі оның шығармаларындағы ғаламның бейнесі ретінде байқалады. Мұны, әрине, концептілік құрылымнан ерекше нақышта көруге болады. Әр заманның өзіндік ғаламдық бейнесі тілді қолданушыларға әсерін беріп, келесі дәуір көрінісінің баспалдағы болды. М.Дулатұлының тіліндегі «ғаламның тілдік бейнесі» - сол кездің заманында озық ойға құрылған ұмтылыстан тұратын концептілер мен ақын қиялының көрсеткіші. Ғаламның тілдік бейнесі адамда ғана көрінетін, оның тілдік ерекшелігінен байқалатын тілдік бірлік. Міржақып Дулатұлының барлық шығармаларындағы қоршаған орта, әлемге деген баға ұлтжандылық, ұлтты сүю тұрғысынан берілетіні байқалады. Сол себепті, ағартушы тіліндегі ұлттық бояу қай жерде де қоюланып көрінеді.

Мысалы:                Жүйрік қиял дүниені кездіріп,

                              Туған ел мен өскен жерден бездіріп.

                              Қиын қиғаш қияларға жетектеп,

                              Сырын айтпай, жөні қалай сездіріп.

                              Ере бердім мен артынан бір есер,

                              Қарсы келіп еркім бар ма тіресер?

                              Жел айдаған тұрағы жоқ қаңбақтай,

                              Ағынымды дедім-дағы сай кесер.

                              Сай орнына душар болды терең жар,

                              Мезгіл жетпей шығу қиын, өзі тар.

Өзінен бастаған ақын сөз соңында өз ұлтының мүшкіл халіне ауысып кете береді: Даласы жоқ елдерде қаңбақты қайдан білер, қаласы көп жерлерде «сай», «терең жар» сөздерін қайдан түсінсін? Үріккен қойдай бағу – бұл суретті мал бақпаған ел қайдан түсінер? Міне, осындай өзіндік қазақ ұлты ғұрыптары мен көріністері бейнеленген сөздің ішкі формаларын аңғартатын сөз үлгілері арқылы оған өзіндік қазақы тілдік бейнесін береді. Мәселен: туған жер мен елден бездіру; қиын қиғаш қияларға жетектеу; ағынын сай кесу (қандай әдемі сурет, таудан екпіндеген, жолындағының бәрін жапырып келе жатқан ағын сай кезіксе, орнын толтырғанша ағыны басылмай ма?) су жүрек боп сорлы қазақ бұғулы т.т. Ұлтжандылық түсінігі орын алған «мұңдану» концептісі де Міржақып өлеңдерінде жиі кездеседі. Оған себеп ақын өмірінің көбі түрмеде, айдауда, қапаста, туған жерден шалғайда өткендігі болса керек. Тағы да «мұң» концептісі арқылы танымындағы дүниенің тілдік суретін байқап қаралық:

                                      Сенімсіз басым, пайдасыз жасым арманда,

                                      Жетермісің тілегіңе жалғанда?

Қан тамшылап тұрса да көзден жас ағып,

«Сенікі жөн», -деп құлаққа ілген жан бар ма?

Елең етер намысқа қызып жігіт аз,

Бұл не ғажап – жұрт керең боп қалған ба?

Өлеңнің аты «Мұң» деп аталғанымен, ақын жан-дүниесін жабырқататын өзіндік, субъективтік психологиялық жай-күй емес, халқының, ұлтының соқыр, сауатсыз, надандық жағдайда өмір сүріп жатқандығы.  

М.Дулатұлының тіліндегі «ғаламның тілдік бейнесі» ұлтжандылық, дін, қиял, оқу, ғылым, өнер-білім, ана тілі, қазақ жері, татулық, азаттық, әйел теңдігі концептілерінен құрылғандай сипат алады. Басты ақынның арманы - қазақ ұлтының өнер-біліміне, оқу ғылымына қолы жетіп, терезесі тең ел дәрежесіне көтерілуі. Ақын дискурсындағы ең басты ерекшелік - осындай басқа ұлттық құндылықтарға құрылған дүниенің тілдік суреті.  Әлемдік этикеттің озық үлгілерін, қазақы мінездің қаймағын бұзбай, халыққа тарату - М.Дулатұлы ғаламының тілдік бейнесінде байқалатын арманы.

1.3. Міржақып Дулатұлы тілдік тұлғасының лингво-когнитивтік деңгейі. Когнитивтік лингвистика өз бастауын философиядан алатыны мәлім. Себебі бұрын тіл және ой, ой жүйесі мәселелері біріктіріле қарастырылған. Когнитивтік тіл білімі мәселелері шығыс ойшылдары Әл-Фараби және көне грек ойшылдары Аристотель, Платон, Сократ еңбектерінде алғаш қарастырылады. Бұндағы басты ерекшелік тілдің  танымдық деңгейін айыруға ұмтылыс жасауда жатыр. Шетел тіл білімінің В.фон Гумбольдт және оның ізбасарлары еңбектерінде алғашқы тілді тану талпыныстары жасалды. Когнитивтік лингвистиканың алғашқы мәселелерін шешу Н.Хомский, М.Джонсон, Дж.Лакофф, Р.Лангакер, А.Вежбицкая т.б. зерттеушілердің еңбектерінде орын алады.

Бұл мәселелер орыс тіл білімінде Ю.Д.Апресян, Е.М.Кубрякова, Ю.Н.Караулов, А.Вежбицкая, Н.Д.Арутюнова, Д.С.Лихачев, В.А.Маслова, т.б. зерттеушілер еңбектерінде кеңінен қарастырылады. Танымдық тіл білімі тілдегі ұлттық мәдениет нышандары мәселесімен түйіседі де, бір-бірінің жүйелік деңгейлері аралас күйде ғылымға айналады. Лингвомәдениеттану ғылымы мен когнитивтік лингвистиканың бірлесе қарастыратын мәселелері осы байланыстан туындайды. Когнитивтік лингвистика мен лингвокультурология бір-бірімен тығыз байланыста, алайда өзіндік зерттеу ілімдері әр қилы. Мұны В.А.Маслова былайша жіктеп береді: «Если когнитивная лингвистика, вкупе с когнитивной психологией и когнитивной социологией, образующие когнитологию, пытаются ответить на вопрос о том, как в принципе организовано сознание человека, как человек познает мир, какие сведения о мире становятся знанием, как создаются ментальные пространства, то все внимание в лингвокультурологии уделяется человеку в культуре и его языку, здесь требуется дать ответы на многие вопросы, в числе которых следующие: каким видит человек мир, какова роль метафоры и символа в культуре, какова роль фразеологизмов, удерживающихся в языке веками, в репрезентации культуры, почему они так нужны человеку?» [1,8].

     Қазақ тіл білімінде Ә.Қайдар, К.Хұсайын, Ж.А.Манкеева, Г.Н.Смағұлова, Н.Уәлиев бастаған лингвомәдениеттану мектебі қалыптасты. Бұнда когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану мәселелері кейде аралас, кейде өз алдына жеке зерттелу үстінде. Мәселен, Ислам Айбарша «Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті», Қ.Жаманбаева «Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана», Э.Оразалиева «Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы» т.б. Осы мектеп өкілі Ш.Елемесова «Көркем мәтіндегі ұлттық мәдениеттің тілдік релеванттары» еңбегінде «концепт» термин түсінігін үш топқа бөліп жүйелейді: 1.Концепт  ұғымға синоним ретінде қолданылады. 2.Концепт – тіл иесі халықтың жеке тұлғаның (индивидуалдық) және ұжымдық санасындағы ұғымдардың орнын алмастырушы. 3.Концепт салт-дәстүр, ауыз әдебиеті үлгілері, дін мен идеология, адамның өмірлік жеке тәжірибесі мен мәдени маңызды құндылықтар жүйесінің өзара әрекетінің нәтижесінде қалыптасатын «әлем бейнесінің» ментальді құрылымын көрсетеді [11,94].   

Өз жұмысымызда когнитивтіктен гөрі мәдени концептілік мәселесін жеке автор тілінен іздейміз. Мәдени концепті когнитивті концепті сөзінің беретін мәнінен өзгеше. Мәдени концепт – лингвомәдени таным бірлігі, онда ұлттық мәдениет көріністерінің жиынтығы бейнеленеді. Біздің мақсатымыз - М.Дулатұлын қазақ ұлтының бөлшегі ретінде қарап, оның тіл ерекшелігіндегі мәдени концептілердің жүйелік өзгешелігін ашу. Себебі адам - өз ұлттық мәдениетін  бойына жинақтаушы субьект. Мәдени концептке ұлттық мәдениетке жататын барлық ерекшеліктер тән: 1) ұлттық ойлау; 2) ұлттық қабылдау; 3) ұлттық этикет; 4) ұлттық сөйлеу; 5) ұлттық ой қорыту; 6) ұлттық діл; 7) ұлт ұстанатын дін ерекшеліктері. М.Дулатұлының ағартушылық еңбектеріндегі «ұлтсүйгіштік, ұлтқа жаны ашушылық» концептілер ерекше түрде келеді. Бұл концептілердің мәнін айқындауды көкейкесті, қызықты, игілікті, борышты іс деп ұғыну қажет. Сонымен концепт туралы ойларды қорыта айтқанда, концепт жайлы А.Вежбицкаяның анықтамасын келтірген дұрыс деп есептедік: «Адамның әлем туралы жинақталған мәдени түсініктері бейнеленген және атаулары бар ғаламның тілдік бейнесі» [12,85].

М.Дулатұлының шығармаларындағы басты ерекшелік - ХХ ғасыр басында пайда болған ағартушылық ниеттен туған  жаңа мәдени концептілер жүйесінің мол көрінуі. М.Дулатұлының көркем, көсемсөз, сыни, зерттеу шығармаларының өн бойындағы қазақ ұлтының ұлттық мәдени нышандарын бейнелейтін концептілер жүйесін былай топтадық: 1) «Ұлтжандылық» концептісі; 2) «Ислам діні» концептісі; 3) «Әйел теңдігі» концептісі; 4) «Надандық» концептісі; 5) «Оқу, білім, өнер» концептісі; 6) «Қазақ тілі» концептісі. «Ұлтжандылық» мәдени концептісі. М.Дулатұлы шығармаларында  «ұлтжандылық» концептісі оның қазақ ұлтының бір бөлшегі ретінде ұлтына қызмет ету мәнінен көрінеді. М.Дулатұлы шығармаларында ұстанған  ең басты кредосы - «ұлтжандылық», ұлтына жаны ашу. Мұндағы тірек концептілер (тірек сөздер) күшті логикалық мәнде құрылған күйінде қолданылады. «Ұлтжандылық» концептісі Махамбет, Абай жырларынан бастау алып, ағартушылар шығармаларынан жалғасын тапқан. Мәселен, Махамбеттен келтірсек; Қорлықта жүрген халқына; Абай: Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, т.б. М.Дулатұлының «Ұлтжандылық» концептісіндегі ең басты тірек сөзі «Оян, қазақ!». «Ояну» семемасы «ұйқыдан тұру» болса, «надандықты» ақын «ұйқы» лексемасымен береді. «Надандық» сөзі мынадай синонимдер парадигмасымен беріледі: қараңғы, ұйқы, түкпір, ұмыт қалу, таршылық, ғафилдік, тұманға кіру, ғафилдік ұйқысы, надандық шәрбәтіне мас болу т.т. Бұған «ұлтжандылық» концептісіндегі «ояну» ауыс мағынадағы мәдени категориясын ақын қарсы қоядыкөз қою, көңіл ашу, файда табу, дінді тану, ғылым оқу, һүнерлі (өнерлі) болу, орысша оқу, зейін арту, талап тау кеседі, ғақыл тағу, тағлым алу т.т. Ұлтжандылық концептісі М.Дулатұлының мәдени кеңістігінің бір тармағы ретінде ашылады. «Мәдени кеңістік – мәдениеттің оның өкілдерінің санасында өмір сүру формасы. Мәдени кеңістік когнитивтік кеңістікпен сәйкес, өйткені бір мәдени-ұлттық қауым өкілдерінің жеке немесе ұжымдық кеңістігінің жиынтығынан құралады» [1,48]. Қазақ мәдени кеңістігі үшін, «жер», «еркіндік» ұғымы болса, Міржақып мәдени концепциясының жүйесіндегі категорияны «қазақ жері» сөз тіректері құрайды. 

«Ислам діні» концептісі. М.Дулатұлының «ислам діні» концептісі - дүниеліктен арылған, яғни діни фанатизмнің жұрнағы жоқ дүниетаным. Керісінше, ислам діні қазақтарды оқуға, имандылыққа, тәртіпке шақырып, әлемдік мәдениет ғасырлар бойы жинаған дінде көрініс тауып, бекіген құндылықтарды меңгеруге шақырушы күш. Сол кездегі ағартушылар ислам дінін қазақты алға сүйрер күш ретінде есептейді, М.Дулатұлының ойынша, ислам діні белгілі бір тәртіппен уағыздалса, сонда ғана қазаққа мол пайда боларын кәміл түсінеді.  

                              Әуелі үйренетін бір ғылымың,

Өзіңнің мұсылманша дін ғылымың.

Шарттарын исламның кәміл білсең,

Ахиреттік азық берер шын ғылымың.

Бұйырған, тыйған ісің шариғаттың:  [Іт,80б].

«Ислам діні» концептісінің тірек сөзі - «аллаға сыйыну» М.Дулатұлында да кездеседі. Оның «Я, алла!» өлеңінде жаратқаннан өз халқына әділдік, ғылым, өнер, білім сұрайды. Бұл оның рухани дүниесіндегі «сенім» категориясының бәйтерегі, яғни жоғары ұлттық мәдениеттегі көрсеткіші. Міржақып «Алланың алдында бәрі пенде» деген қағида ұстанады. «Әйел теңдігі» концептісі, тезаурусы, концептілік құрылымы. Әйел теңдігі концептісі бұрын қазақ тілінде ғашықтар өмірі, мұңы, сүйген адамдардың суреттеген лирикалық шығармаларынан көрінетін. Мәселен, Қыз Жібек, Қозы Көрпеш-Баян Сұлу т.б. М.Дулатұлының шығармашылығында екі тақырыпта байқалады: 1) Көркем шығармалары. («Бақытсыз Жамал» романы, «Балқия» пьесасы); 2) Мақалалары. Әйел теңдігі мәселесін қазақ әдебиетінде  тұңғыш жазған адам – М.Дулатұлы, сондықтан бұл концептінің тезаурусын көптеген тірек сөздер құрайды. Бесікте жатқан ұл мен қыз балаға, Ата-анасы болады құда, Өскен соң бірін-бірі сүймей тұрса, оны нешік қосуға көп болады. Бір адамның қатыны өлген болса, өзі алпыс-жетпіс жасқа келген болса, айттырып он бес жасар қыз алады. Атасына малды көп берген болса. Әйел теңдігі концептісінің когнитивтік моделі. 1) Әйел – ана. Әйел біреудің анасы; Бүкіл халықтың тәрбиесі -әйелдің қолында. Әйел – халықтың анасы. Тәрбиесіз ананың өсірген баласы қандай болмақ? Қазақ –қырғыз әйелінде теңдік, адамгершілік, сүйіспеншілік болмаған соң, ол кімді жақсылап тәрбиелесін. Сатылып кейбір қыздар кете барар2) Қыз - қалың мал құрбаны. Айттырып он бес жасар қыз алады. Атасына малды көп берген болса; қалады бейшараның обалына, оның дағы өзі теңі бар еді ғой; адамның қызығады малына адам; 3) Қыз – кемдік. Хисабы күң орнына бағаланар; тақия тігетін беретін, «әйел бала демеңіз», әйел дәріс айтып елге бас болмас; тоқалдан туған қыз; «ұрғашының шашы ұзын, ақылы қысқа» деген осы; «қатын-дұшпан» деген осы; «Әйел теңдігі» концептісінің концептілік құрылымы. 1.Малына қызығады – фрейм. Әйел құрбандық, тауар құндылығы ғана. Мысалы, Біреу байдың малына «қызығады», «құда боп қызымды ал»,- деп қыздырады. 2. Көз жасы – ойсурет. Малға сатылған қыздың бейнесі «аянышты» коннотекасына ие. Мысалы, Жылаған көз жасына қарамайды, обал, сауап болғанын санамайды. 3. Тоқал алу – фрейм. Санада әбден бекіген дәстүр. Мысалы, Байлар тоқал алады қызмет үшін. 4.Қор болу – сценарий. Теңсіздіктен туған, қалыптасқан ұғым. Мысалы, Разы болып Жұманға барсам, ғұмырымша қор боламын ғой. 5.Қалың мал – фрейм. Стереотипті жүйе: қыз - қалың мал – қор болу. Мысалы, Қалың мал аз күннің ішінде жоғалып бітпейді. Міржақып шығармашылығындағы «әйел теңдігі» концептісі бұрынғы келе жатқан кертартпа салтқа қарсылық жүйесінен тұрады. Бұл концепт те бұрын қазақта болмаған тың ой жүйесі. «Надандық» концептісі.  Ағартушы танымында бұл концепт адамды тұңғиыққа батырар,  зор  «Күшті жауымыз – надандық. Бұл надандықты жеңбей, одан құтылмай отырып, тоқсан тоғыз бостандық болса да, жұрттың ілгері басуы қиын» деп қауіптенеді. «Надандық» концептісіне құрылған тезаурус қараңғы, ұйқы, түкпір, ұмыт қалу, таршылық, саңырау, түнек, ғафилдік, тұманға кіру, ғафилдік ұйқысы, надандық шәрбәті, қара тас,  сөз тіркестерін құрайды. «Оқу», «ғылым», «өнер» концептісінің когнитивтік моделі. Бұл концептіде үш ірі ұғым біріктіліп беріледі, себебі Міржақып үшін Абай, Шоқан, Шәкәрім ұстанған жүйе – ең басты жол. Оқу, ғылым, өнер қазақ үшін ең асыл, қол жетпейтін арман болғандықтан, ағартушылар бұл ұғымды бірдей қолданады. 1.Өнер – ғажапЖүргізді автомобиль ат жекпестен; Ғамал ғып пароходпен; аз күнде жеткізеді бұл отарба; телеграф және шықты сым темірсіз; машина электрический және келді; 2.Өнер – жастардікі. Шығады асыл – тастан, һүнер – жастан; һүнерпаз қара жерге салар қайық; қанағат, көп білдім деп етпе һүнерге; біздің халық һүнерден жатыр жырақ 3.Оқу, білім – ояну. Орысша оқып һүнерлі болалық; оян, қазақ, көтер басты; құтылып надандықтан ғылым тапса; қазақты ояталық етіп һүммәт; қазақты төрге сүйреп жеткізші; ғылымның талиблары нұрын төккей, жатпалық жастар. 4.Оқу, ғылым – шәкірт. Шәкірт кітап ұстап, ойлайды ол: «ашсам сырын, тапсам ғылымжұртым-ау, қылсам еңбек, болып құлың...»; көніп жүр таршылыққа неше жылдай,қыс оқып, жаз ақша іздеп, ешбір тынбай; ұлтына қараңғыда қамаулы өскен, жарқырап жарық сәуле болғандай бас; 5.Оқу, ғылым – жалғыз үміт, тірекБасқалармен жарысуға, тартысуға оқу- білім керек; қазақ баласына оқуға жабысудан басқа жол қалған жоқ. Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақсақ та, дүниеден сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. 6.Оқу, ғылым – Абай, Шоқан үлгісіҒылымсыз сахара қазақтары ішінде жалғыз жұлдыздай болып жанып; орыс әдебиетінің гүл шоқтарын өз тілінде сайратқаны; мол еңбектенумен орыс тілін үйреніп; танымы ауқымды; әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш – Абай сөзі, Абай аты боларға керек. Қазақ халқына сәуле беріп, алғашқы атқан жарық жұлдыз – Абай;Абайдың аты жоғалуы, ескерусіз ұмытылу ықтималы қазақтың жоғалуымен, қазақ атты халықтың ұмытылуымен бірдей: (Оқу, ғылым → Абай → қазақ ұлтының оқу, ғылымға ден қоюуы құрылымы туындайды). 7. Оқу, ғылым – медресе, мектепТәртіпті медресе жоқ бұл қазақта; Медресеге сайлансын екі молла, бірі оқытсын мұсылманша, бірі орысша; мектеп һәм медреселерде оқыту тәртібі жеңіл һәм мақсатқа тез жетерлік орысша, ана тілінде араб харпімен оқытылуы тиіс; бізде кеудемізді қағарлық мектеп-медреселер жоқ; Медресе «Ғалияны» естімеген қазақ жоқ;

              Оқу, ғылым, өнер концептісі жүйесінен туындаған схемалар

Оқу, ғылым, өнер

 

                                 
   
 

Талап

 
 

Мұрат

 
 

Абырой

 
 

Байлық

 
 

Пайда

 
 

Бақыт

 
 

Кәсіп

 
 

Қиындық

 

 
  

 

 

 

 

 


 

  М.Дулатұлы тілдік тұлғасының рухани-мәдени болмыс-бітімінің концептілер жүйесіндегі бейнесі

 

 
  

 

 

 

 

 

 

 


 

                                                                     

 

 
  

 

 

 

 

 

 

 


 

1.4 Міржақып Дулатұлы тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейі

«Прагматика» (грек. прагматос – іс-әрекет) – семиотика мен лингвистиканың саласы, яғни тілдегі белгілер қызметін зерттейді. Бұл терминнің лингвистикаға енуі У.Моррис еңбектерінен басталады, ал қазіргі прагматика терминін түсінуде Людвиг Витгенштейннің философиялық  таным қағидасын ұстанамыз. Прагматиканың басты өзегі баяншы (сөйлеуші), (субъект) пен тыңдаушы (оқырман) арақатынасы, өзара байланысы. Сонымен қатар, бұған прагматикалық пресуппозициялар, яғни тыңдаушының жалпы білімін оның зейінін, көзқарасын, түсіну қабілетін, психологиялық ерекшелігін, тағы басқа деңгейлерін айтушының ескеруі, бағалауы кіреді. Прагматиканың басты мақсаты – сөздің қолданыс ерекшелігіндегі өзіндік ережелерді ұғындыру. Ю.Н.Караулов тілдік тұлғаның ең жоғарғы деңгейі деп прагматикалық деңгейін таниды. Себебі бұл деңгей тілдік тұлғаны дамытатын уәждер мен мақсаттардан тұрады [3,181].

 Когнитивтік және прагматикалық деңгейлер кейде аралас құрылымнан көрінуі мүмкін. Уәж және мақсат - кез келген жеке адамды тілдік тұлға сатысына көтерерлік күшті, қуатты күштер, барлық адамдар мен қоғамды ілгері бастырудағы күш ретінде тілдік тұлғаның қалыптасуына әсер етуші басты факторлар. Уәж, мақсат, мүддеден ізденіс, ой тереңдігі, білім тереңдігі басталады. М.Дулатұлы – баяншы ретінде алғашқы кітабынан бастап, прагматикалық ерекшелікке ие тілдік тұлға. Көркем мәтіндегі прагматиканың қызметін зерттеген Г.Әзімжанова: «Алынған ақпаратпен қатар, субъект бойындағы іс-тәжірибесі арқылы мазмұн тұтастығын құрайтын ақпарат мәтін мазмұнына келіп қосылады» деп көрсетеді [5,7]. Олай болса, М.Дулатұлының оқу мен ғылымнан жинаған тәжірибесі оның санасындағы «ғаламның тілдік бейнесін» дамытып, мәтіннен тілдік тұлғаның болмысын көрсетуге негіз болады. Прагматикалық деңгей тілдік тұлғаның «Гамлеттік» ой-толғаныс, пайымдау, өзін-өзі тануға тырысушылықтан туған, монолог, сұрақ-жауап, риторикалық сұраулардан байқалады. Сонымен қатар көркем прозасындағы бір ойлау жүйесінен тұратын автор идеяларының тұтастығынан да аңғарылып отырады. Прагматикалық деңгей көп жүйелі, көп қабатты құрылымнан тұрғандықтан тілдік тұлғаның қоғамға деген қатынасынан күрделі түрде жүретінін білдіреді. М.Дулатұлын тәрбиелеген уәж өз ұлтының надандық шырмауында қала беру қаупі еді. Сондықтан ағартушылық қызметті таңдаған ол үндеу, шақыру тектес өлеңдер жазды. Бұл сипаттағы өлеңдер М.Дулатұлын өз ұлтына танымал етті. Оның шығармалары өзін қайраудан, өзін жетілдіруден басталып, таным ішкі ойлау жүйесін көлемді мәтінде беруден аяқталады. Мысалы,   

                    Міржақып, неге отырсың қалам тартпай,

Бәйге алмас болғанменен жүйрік шаппай.

Шамаңды қадари хал көрсетсеңші,

Байғұс-ау оянсаңшы қарап жатпай.

Өлең арқылы халқымен диалог құру оны әңгімеге шақыру М.Дулатұлының шығармашылық ерекшеліктерінің бірі. Ағартушылық қызметті басты мақсат ету – ұлы, абыройлы іс болатын, сондықтан Міржақып, Ахмет т.б. ақындар өзін үлгі ретінде ұсынып барып тілдесуге құмарланады М.Дулатұлы тілінде бағалауыштық сипат оның терең білім дәрежесінен басталады да, сыни тұрғыдағы ой бөлісуге айналып кетеді. Ой бөлісу - Абайдан бастау алып келе жатқан прагматикалық ерекшелік. Мысалы, «Я, Алла!» атты өлеңінде Алламен сөйлескендей монолог құрылады да, ой бөлісулер кезегінен көрінеді:

Я, Алла! Ғаламыңды жаратқаның,

Жүзіне мақұлықтарды таратқаның,

Өндіріп бір адамнан мұнша халық,

Әлсізді күштілерге қаратқаның.

М.Дулатұлының прагматикалық деңгейге көтеретін мүдде, себеп, уәждері бірқатар. Айталық, «Бақытсыз Жамалдың» жазылу себебі - әйел теңсіздігі, қазақ қыздарының малға сатылып, өмірлерінің қорлықта өтуі. Ал «Оян, қазақ!» кітабының жазылу мақсаты – ойынан көрініп тұрғандай, надандықтың ұйқысынан қазағын «найзамен түртіп» ояту, өнер-білімді, ғылымды, алдыңғы озық мәдениет нышандарын насихаттау.

М.Дулатұлының философиялық пайымдаулары – оның тілдік тұлғалық қасиетін ерекшелейтін белгі. Рухани қазақы болмыс-бітімі оның ойлау жүйесінің жетілгенінен анық байқалып, Міржақып тілдік тұлғасының ерекше себеп, қырларын ашады. Мысалы: «Тіршілік – бәсеке, жарыс. Дүние – бәйге үлестіруші. Озғанға қарай бәйге береді. Жарыстың алды болып келген бәйгенің алдын алады, ортасы болып келген ортасын алады, соңында қалған бәйгеден тіпті құр қалады. Дүниенің ісі осылай болған соң, адамнан адам, жұрттан жұрт, ұлттан ұлт озсам дейді»[ІІт,82]. Осындағы М.Дулатұлының қазақ ұғымына жақын бәйге жарыс арқылы дүниедегі бәсекені түсіндіруі оның қазақы болмысын анық көрсетеді. Прагматикалық деңгей - ұлттық сипаттан анық байқалатын тілдік тұлға деңгейі, сол себепті ұлттық мәдениет өлшемдері тілдік тұлғаның қаратпа, ой салу, үндеулерінен байқалады.  М.Дулатұлының тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейі оның ұлтты сүю, оларға насихат айту, уәж, мақсаттарынан тұрады.

 2 «М.Дулатұлы шығармаларындағы ғалам бейнесінің тілдік сипаты» деп аталатын екінші тарауда М.Дулатұлының шығармаларын лингвомәдениеттанымдық жағынан талдау барысында, оның шығармашылық жүйесін құрайтын барлық туындыларында көрініс тауып, бейнеленген, автордың сомдаған ғаламдық бейнесі мен тілдік тұлғасы, оны дәйектейтін тілдік бірліктер жан-жақты сипатталып, талданды. Атап айтқанда, көркем шығармалары, көсемсөзі, ағартушылық еңбектері, әдеби-сын зерттеулері т.б. лингвомәдени бірліктерге (лингвокультурема) баса мән берілді. В.В.Воробьев «лингвокультурема» терминін енгізе отырып, мынадай анықтама ұсынады: «Лингвокультурема - комплексная межуровневая единица, форму которой составляет единство знака и языкового значения, а содержание - единство языкового значения и культурного смысла» [13,44]. Біз осы тұжырымды ұстандық. 2.1 Көркем шығармаларындағы лингвомәдени бірліктер. Халықтың көркем әдеби шығармасы ұлттық мәдениеттің қайталанбас құбылысы болып табылады. Көркем туынды ұлт тілінің құдіретін танытып қана қоймай, оның сыр-сипатын, бүкіл болмысын жан-жақты ашуға, тануға негізделген. М.Дулатұлының да көркем шығармаларындағы лингвомәдени бірліктер осы мақсатта жұмсалғаны зерттеу барысында нақты дәйектелді. 2.1.1 Прозалық шығармаларындағы лингвомәдени бірліктер.   М.Дулатұлының прозалық шығармаларындағы ұлттық дүниетанымды білдіретін сөздер мынадай лингвомәденитанымдық бірліктер тобын құрайды: Ұлттық салт-дәстүр лингвомәдени бірліктері«Екі ауылнай елдің жайлауы Саумалкөлге жағалай ауылдар қонып, былтырғы жұрттарына үй тігіп, көп ұзамай бие де байлады; бір ауылды бір ауыл ерулікке шақыра бастады; үй тіктіріп, лау байлатып, қой сойдыруға шыққан; Сүйінші, Сәрсеке! Шолпан жеңгем аман-есен босанып, тақия тігіп беретінтапты; бір қыз айттырды, кедей әмеңгер алып, молдекеңе мал әкел деп әмір етті, бата қылынып, сойылды, Жұманға құда болатын лайықты жеркиітке риза қылып қайтарды, биыл «баламды ұрын жіберем» деген хабар келді. Ұлттық мінез бірліктері: «Ерлерге қарсы келсек ұнамаймыз, теңбас қыздың көбі бара алмайды, жаманға барсаң қор боп ғұмыр өтер, сөзімде қате болса сөкпе, халқым; бір кісіні боқтап, қамшымен салып қаламын деп; Қарашы, бетбақ! Тумағаныңды қыласың ғой; Ұлттық соматизмді лингвомәдени бірліктер: «Ұрғашының шашы ұзын, ақылы қысқа; аяғы құтты болды; Әй, қу бас!; бетке баспа; сүйгеніңнің қолы қысқа; ғұмырынды қол ұстасып жүрсін деп; Діни ұғым лингвомәдени бірліктері: «хұсуса молдалардан оқытпаңыз, «иман шарт», «бәдуәм», «әптиек», «әйжіктерді» былай қойып, намаз үйрет; дұға қылып; фатиха қылып жіберелік Наным-сенім, ырымға байланысты: «Һәрбір тамыршы дәрігерлерді әкеліп тамыр ұстатып, ұшықтатып-қақтырып көрсе де тәуір болмады; Құдайға тапсырдық аруақ жар болсын; аяғы құтты болды; дұғамен ер көгерер». Шығармалар тілінен ұлт мәдениетіндегі өзге мәдениеттің нышандарын білдіретін лингвомәдени бірліктер де кездеседі. Мысалы: «Сәске кезінде қоңыраулатып пәуескемен төре де көрінді. Алды-артынан етектері далиып, жалпылдап шапқан қазақтармен даярлаған үйге келіп тоқтағанда, мойындарына шынжырлы знак таққан ауылнай, билер неше мәрте шұлғып, қошеметпен, «тақсырлап» үйге кіргізеді».М.Дулатұлы шығармаларынан ұлтымыздың рухани дүниесінде, бітім-болмысында, менталитетінде бар құнды дүниелерді таба аламыз. Аялық білімі, жазушы тіліндегі лингвомәдени бірліктердің молдығы М.Дулатұлының тілдік тұлғасының ұлттық мәдени сипатта құрылғанын көрсетеді. 2.1.2 Поэзиясындағы лингвомәдени бірліктер. Оның поэзиясында ұлттық рух, ар-намыс, ұлтжандылық сипаттағы тілдік орамдар ұлт мәдениетіндегі лингвомәдени бірліктер арқылы көрінеді. «Қазақ халқының бұрынғы мағишаты» атты өлеңінде ұлттық мәдениет көріністері орын алады:                   «Қазақтың қандай еді мағишаты

   Бір күнде көшіп қонған рахаты...

    Қазақ халқының салт-дәстүріндегі көшіп-қону, жаз жайлауға көшу, оның да өзіндік қырлары, ерекшеліктері бар.  

     Жарысып жас балалар жүруші еді,

       Жаратқан үкі тағып жүйрік аты...

Тізіліп көл жағалай қонушы еді

Жарасып ақ үйлердің қияфаты.

                                       Көкорай шалғындарға бие байлап...» 

Үкі лингвомәдени бірлігінің мифтік танымға сәйкес өзіндік мәні бар. Тіл-көзден, ауру-сырқаудан сақтайды деген сенімде болған қазақтар оны киелі санаған. Ақ үй тіркесі ұлттық баспана атауына ие лингвомәдени бірлік. Ұлт тіліндегі ақ орда, ақ үй, қара үй, қараша үй, отау, қос атаулары - ұлт тұрмысынан, тұрмысынан хабар берер лингвокультуремалар.

 «Қиял» өлеңінде:         Тағы да көз алдымда бір жиын-той

           Үй тіккен, ошақ қазған, сойылған қой

                     Ат шапқан, палуан түскен, серке тартқан

              Шаттанған, күлімдескен, толқыған ой...

 Осындағы  үй тіккен, ошақ қазған, сойылған қой, ат шапқан, палуан түскен, серке тартқан сөз тіркестері қазақ халқының рухани мәдениетіндегі мәдени  коннотацияға ие лингвомәдени бірліктер.2.2.Ағартушылық еңбектеріндегі лингвомәдени бірліктер.   «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт - оқуда. Теңдікке жетсек те, жұртығымызды сақтасақ та, дүниеден сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз- оқу. Надан жұрттың күні қараң, келешегі тұман»,- деп ағартушы халқын оқу, білімге шақырады [ІІт,130]. М.Дулатұлының “Есеп құралы” оқу құралы жөнінде А.Байтұрсынұлы: “Бұл күнге шейін қазақ тілінде әліппе, қирағат кітаптары болса да, есеп кітабы жоқ еді... Кітап ең соңғы жаңа тәртіппен шығарылып, таза қазақ тілінде қазақ емлесімен басылған, мысалдары да қазақ тұрмысынан алынған” деп баға берген [“Қазақ” газеті, 1914ж]. Ағартушы ретінде Міржақып өз ұлтының болашағын алыстан болжап, халқымыздың ғұмыр бойы келе жатқан мәдениетінен ажырап қалғысы келмейді. Ұлттық мәдениет ұлттық тәрбиеге тікелей қатысты екенін тереңнен сезе отырып, өскелең ұрпақты есепке үйреткенде бейне бір әдебиет сабағын оқытқандай үйретеді. Мәселен, «Есеп құралының» алғашқы беттерінен-ақ ұлттық таным тіні сезілгендей болады: «Жылқыбайдың 4 айғыр үйір жылқысы бар еді, тағы бір қысырақ матады. Жылқыбайдың жылқысы неше үйір болды?» [ІҮ,114]. Міне, осындағы ұлттық таным мен ұлттық мәдениетті аңғартып тұрған лингвомәдени бірліктерге тоқталайық: 1. Жылқыбай  антропонимі. «Мыңдаған кісі аттары әдет-ғұрып, салт-сана, ырым мен дәстүрлерге байланысты қойылып отырған. Ауыз әдебиетінің түрлі жанрларында төрт түлік мал көбірек айтылып отырады. Онда көшпелі тұрмыстағы түйенің маңызы, жылқының адам өміріндегі орны ерекше бейнеленеді. Сөйтіп, төрт түлік атауына байланысты ат қою дәстүрі кеңінен етек алады» [14,26]. Жылқыны қазақ өзге малынан артық көріп, ерекше қастерлейді. Жылқыбай есімі «Жылқылы бай болсын» деген тілекпен қойылғаны айқын аңғарылады. Өйткені, байлықты бұрын халқымыз ақшамен емес, қылқұйрық санымен есептеген. Шортанбай жырауды еске алайық: «Сауып ішер сүті жоқ,    Мініп көрер күші жоқ, Ақша деген мал шықты».

 2. Айғыр үйір жылқы лингвомәдени бірлігі. Төрттүлік халқымыздың көшпелі өркениетінің басты бөлшегі. Халқымыз мал шаруашылығына тәуелді болғандықтан М.Дулатұлы мал атауларын ұлттық мәдениет бірліктері ретінде алып, жиі мысал келтіреді. Мысалы, үйір тек жылқыға қатысты болса, табын сиырға, матау түйеге қатысты тіркесілімдікке ие болады. Айғыр үйірдің бастаушысы ретінде қабылданады. Өйткені, мұнда «күшті» узуалды семасы бар. 3. Қысырақ матады. Осындағы «матады» сөзі екі түрлі позицияда қолданады: 1. Өз еркімен беру, ұсыну. 2. Тыпырлатпау. Мысалы, байлап, матап тастады. Негізі қазақша күресте қолданылатын әдістің аты. 2.3 Көсемсөз, әдеби сын зерттеу мақалаларындағы лингвомәдени бірліктер. М.Дулатұлының ұлттық мәдениеттің құрсағынан жаралған тілдік тұлға ретінде көрінер тұсы –  оның көсемсөз, публицистикалық ой-толғамдары. «Сәулелі жарық жолға ұмтылсам - ұлтыммен қосыла ұмтылып бағамын» деп талпынған ұлтжанды қаламгердің осы мақсатты жолда қалам тартқан мақалаларының барлығында ұлттың табиғатына, қазақы бітім-болмысқа ғана тән ерекшелікті бейнелейтін лингвомәдени бірліктерді кездестіре аламыз. М.Дулатұлы ұлт тіліндегі лексикалық байлықты өз орнымен шебер қолданады. Қаламгер сол кезеңнің шындығын бейнелеп, ұлт дүниетанымын, ұлт мінезін, өткені мен қазіргісін ұлттық тілдегі лингвомәдени бірліктер арқылы  танытады. М.Дулатұлы «Сана қайда?» атты мақаласында өз танымдағы қазақ халқының   бітім-болмысын  былайша баяндайды: «Қазақ деген халық едің. Еділ-Жайық, Есіл, Нұра, Арқа,Сыр, Ертіс, Орал, Алатау, Алтай мекенің еді. Ту ұстап, тұлпар мінген ерлерің бар еді. Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін билерің бар еді. Ел бастайтын көсемің бар еді. Сөз бастайтын шешенің бар еді. Ақ киізге көтерген хандарың бар еді. Ізгі қария шалдарың бар еді. Сауық-сайран жиының бар еді  [ІІт,312]. «Қазақ», «Алаш», «Үш жүз» т.блингвомәдени бірліктер ұлт танымдағы қасиетті ұғымдарды білдіретін тілдік атаулар. М.Дулатұлының тілдік тұлғасындағы ерекше орын алар «ұлтжандылық», «атамекен» концептілері осы бірліктердің аясынан көрінеді.    

Қазақ танымдағы  қасиетті ұғымдардың бірі – шежіре. Қазақта Жеті атасын білген ұл, Жеті жұрттың қамын жер, Өзін ғана білген ұл, Құлағы мен жағын жер деген мәтел бар. М.Дулатұлы «Қазақтың тарихы» атты мақаласында «шежіре» сөзіне тоқталады: «Қазақ ішінде әр үйдің отағасы, әр ауылдың ақсақалы – тұрған бір шежіре. Бұрынғы өткен-кеткеннен естіген-білгені болса, кейінгі жастарға соның бәрін айтып отырады [ІІ.59].  Қазақтың әдет-ғұрпындағы   қонағасы, жиендік қылу, сүйінші алу, барымта, қалыңмал атаулары мәдени коннотацияға ие лингвомәдени бірліктер. М.Дулатұлы «Сот қайтсе түзеледі?» деген мақаласында «елдің әдет-ғұрпымен санасатын, қазақтың салтына жетік, қандай нәзік мінездерін білетін, түзу билік  айта алатын, қазақтан сайланған» әділ сот иелерінің қажет екенін айтады. Мәтін деңгейінде қарастырсақ: «Қазақ өзінің әдетінше, қонағасы бермей тағы тұра алмайды. Сондықтан сот жатқан ел еріксіз шығындалады.  Мәселен, қазақта жиендік қылу сықылды әдеттер бар. Жиен нағашысының малын ұстап алған болса, мұны қазақтың ғұрпын білмейтін сот ұрлық иә зорлық деп қарар еді; қазақтың ежелгі бір әдеті және шынға сүйінші алу; [ІІІ,167]. М.Дулатұлы көсемсөзіндегі оның тілдік тұлғасын айрықша танытып, өзіндік ғалам бейнесін жасауда ерекше қызмет еткен фразеологиялық тіркестер мен рухани-діни сөздер ерекше назар аударуды қажет етеді. 2.3.1 Фразеологизмдердің лингвомәдени мәні. Ұлттың рухани дүниетанымын, салт-санасын, ұлттық мінезін өн бойына жиып, сан ғасырлар өтсе де санадан өшпейтін ұлт тіліндегі асыл қазыналардың бірі – фразеологизмдер. Біз көбінесе М.Дулатұлының публицистикасында кездесетін  фразеологизмдерге тоқталдық. Қаламгерді толғантып, қаламға жүгіндірген халқының надандығы, жайбасарлығы, ұлтының өзге жұрттан жәбір көрген халі, оның қаналуы, тоналуы еді. Осындай елдегі жағдай туралы ойын айтып жеткізу үшін халықтың тілінде жиі қолданылатын тұрақты сөз тіркестерін тиімді пайдалана біледі. Яғни, публицист  өз заманындағы халқының таным-түсінігін, қабылдау, білім деңгейін ескеріп отырған.  Мысалы: Әрбір ақыл иесі адам қара қазан, сары баланың қамын ойламай, бұрынғыдай пайдасыз дүрмекпен кете берсе, құдай алдында мойындарынан үлкен борышты түспей, кейінгі нәсілінен де қарғыс алуында шибһе жоқ (ІІт.40). Оқығандарымыз бар – қалтасы тесік, байларымыз бар – төбесі тесік (ІІт.41). Қазақ баласы енді оянбасаң, мәңгіге шейін ұйқың ашылмай, қараңғыда, құлдықта, тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кеткенің [291.]... 2.3.2. Рухани-діни сөздердің лингвомәдени мәні. Рухани мәдениет адамдардың қоршаған дүниеге көзқарасы, діни танымы, наным-сенімі, мінез-құлқы, қабілеті т.б. ұғымдар арқылы танылады. Адамның рухани болмысының қалыптасуында тіл мен діннің маңызы зор. «Діни лексиканы зерттеу - дінді зерттеу емес, ол тіл арқылы халықтың ертедегі рухани байлығын жан-жақты қарастыру, байымдау болып табылады. Қазақ даласына араб мәдениеті тараған соң қазақ халқының рухани өміріне үлкен әсер етті. Ислам әлеміне тән көптеген сөздер мен ұғымдар кірді» [15,10]. М.Дулатұлы тіліндегі қолданылған рухани-діни лексика сол кезеңдегі қазақ халқының рухани дүниесін, қоғамдық ойлау жүйесін, наным-сенімін, таным-түсінігін, әлеуметтік қызметін байқатар лингвомәдени бірліктер болып табылады. Мысалы, Алла, дін, милләт, рухани идарада, мешіт, шариғат, никах, талақ, мирас, жаназа оқу, харам, нәфсі,  бенде, тәңірі, илаһим, молла, дүние, мәзһәп, иман, намаз, бақсыға сарнату, тұмар тақтыру, т.т. 2.4. М.Дулатұлы шығармаларындағы кірме сөздердің лингвомәдени (прагматикалық) мәні. М.Дулатұлы шығармаларындағы кірме сөздерді екі топқа бөліп, лексика-семантикалық талдау жасаймыз. 2.4.1 М.Дулатұлы шығармаларындағы араб-парсы кірме сөздеріне лексика-семантикалық сипаттама беріліп, лингвомәдени мәнін ашу көзделді. М.Дулатұлы алғашқы жазған шығармаларында шығыс тілдерінен енген сөздерді молырақ қолданған. Қаламгердің мұсылманша сауат алғандығы және сол кездегі әдеби тіл нормаларынан тыс кете алмағандығынан болар. М.Дулатұлының  дүниетанымында, тілдік тұлғасында қалыптасқан діни ұғымдар оның шығармалары бойынан сипат алады. Ақынның «Тәртіпті медресе жоқ бұл қазақта», «Қазақ халқына діни бір уағыз» өлеңдерінде кездесетін шариғат, қирәат, қағида, фарыз, уәжіп, құран, низам, никах, талақ, мирас, мұсылман, ислам, дін, ғибадат, ләкиін,  муафиқ, машауарат, хадим, сахаби, мұхаббат сөздеріараб сөздері ұлттық рухани мәдениеттің көрсеткіші. Қазақ халқының өміріне енген ислам шариғатын дұрыс ұстанып, ұлт пайдасына, оқу, ғылымға жасауға үндейді. Ақын ойын былайша білдіреді: «Ортаға жарар еді мешіт салсаң, Намазды қаза қылмай барып тұрсаң; Медресеге сайлансын екі молла, Бірі оқытсын мұсылманша, бірі орысша» [Іт,47]. М.Дулатұлы араб-парсы сөздерін саналы түрде орнымен қолданған. Мысалы, ақын ұлт өміріндегі болып жатқан өзгерістерді баяндау, оқу-ағарту, білімді сөз ету, адамгершілік, мінез-құлық, дін, дүниеге көзқарасын білдіру мақсатында жұмсаған.

2.4.2. Орыс сөздері (русизмдер). Қазақтың әдеби тіліне молынан енген орыс сөздерінің Міржақып тілінде көрініс табуы заңды еді. Яғни, көркем сөз дүниесіне ұлт мәдениетіндегі  барлық өзгеріс айнадағыдай өз  бейнесін түсіріп отырады. «Бақытсыз Жамал» романында кездесетін орыс сөздері қазақ қоғамындағы әлеуметтік қатынас, ел билеу ісіне қатысты жағдайларды, қазақ өміріндегі болып жатқан өзгерістерді, шынайы дүниенің тілдік бейнесін беруде қолданылған. Мәтіннен мысал келтірсек: «Хақиқатында бұл қыз Жұман Байжанұғлының некелі қатыны екен, растығына үшбунің илән бірге жіберілген указной молда Ахметжан Аямасұғлының метрический книгадан берген куәлігі дәлел һәм билердің билігінен законлы срок, яғни он бес күннің ішінде келіп копияалмады, соның үшін билікті орнына келтіруге әмір етсеңіз екен» [І,236]. М.Дулатұлы шығармаларында кірме тіл элементтерін жаңа дүние жаңалықтарымен, ғылым мен мәдениет саласымен таныстыру мақсатында қолданған. Мысалы, «Һүнермен хасыл болған нәрселер» өлеңінде пароход, бомба, мина, пистолет, револьвер, браунингтер, граммафон, телескоп, завод, фабрика, газет, журнал, машина электрический сөз бен сөз тіркестері ұлт мәдениетіне еніп жатқан қоғамдық өзгерістерді танытар мәдени бірліктер. Дегенмен, қаламгер ұлт тілінің тұнық болуына аса сақтықпен қараған. Сол себепті де  орыс сөздерін шығармаларында мейлінше аз пайдаланған. М.Дулатұлы тіліндегі кірме сөздердің өзге мәдениеттен хабар берер тілдік деректер сипатында болғанын аңғарамыз.

Қорыта келгенде,  зерттеу барысында М.Дулатұлы тілдік тұлғасының вербалды–семантикалық, лингво-когнитивтік, прагматикалық қырларын нақты дәйектер негізінде ашуға тырыстық. Осымен байланысты Міржақып Дулатұлы тілдік тұлғасының мәтінге түскен таным әлемі, «ғаламның тілдік бейнесі» мәселесінің зерттелу жағдайы, қазақ тіл біліміндегі айқындалу деңгейі сараланып, анықтамаларына талдау жасалынды. 

 Міржақыпты тілдік тұлға ретінде танытатын және тілдік тұлғаның қозғаушы күш екендігін айғақтайтын сала – оның публицистикасы мен көркемсөзі, мақалалары. М.Дулатұлының шығармаларындағы басты ерекшелік ретінде ХХ ғасыр басында пайда болған ағартушылық ниеттен туған жаңа мәдени концептілер жүйесінің, тілдік тұлғасының мынадай концептілік құрылымдары анықталды: «ұлтжандылық»; «ислам діні»; «әйел теңдігі»; «оқу-білім»; «надандық»; «ғылым»; «өнер»; «қазақ тілі». М.Дулатұлы шығармаларын лингвомәденитанымдық аспектіде зерттеу ұлттың дүниетанымынан, психологиясынан, тарихынан хабардар етер лингвомәдени бірліктердің мәнін ашу арқылы жүзеге асады. Осымен байланысты көркем шығармаларындағы, ағартушылық еңбектеріндегі заттық, рухани мәдениет атауларын білдіретін лингвомәдени бірліктердің ағартушы бойындағы ұлттық таным деңгейін  көрсетудегі маңызы  ерекше.

 

Сілтеме жасалған әдебиеттер тізімі

 

1.     Маслова В.А. Лингвокультурология. –Москва: «Академия», 2001.-202С

2.     Жұбаева О. Қ.Кемеңгерұлының тілтанымдық мұрасы мен

      лингвистикалық тұжырымдамалары. Филол.ғыл.канд.дисс.автореф.,   

      Алматы, 2002, – 27б

3.     Караулов Ю.Н.  Русский язык и языковая личность.  – Москва: Наука, 1987. – 263с. 

4.      Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. Алматы «Ғылым». 1998, 137б

     5.  Әзімжанова Г. Көркем проза прагматикасы. Алматы, 2005, 300б

     6.  Қайырбаева Қ.С. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың символдық

    мәні.  Филол.ғыл.канд.дисс. –Алматы, 2004. – 135б

 7.  Букейханова Р.К. Субъектный аспект когнитивного механизма 

         обработки  дискурса // Актуальные проблемы лингвистики и методики       

         преподаванияиностранных языков: Материалы международной научно-      

         практической конференций, посвященной 10-летию независимости РК и       

         60-летию Каз ГУМО и МЯ. Абылай хана. Ч.1. – Алматы, 2001. 72-75сс. 

     8. Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті.

         Филол.ғыл.докт.дисс.автореф – Алматы, 2004. – 47б

 9. Смағұлова Г.Н. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени

       аспектілері. Алматы «Ғылым», 1998. – 292б

    10.  Колшанский В.Г.  Объективная КМ в познании и языке. М., 1990.

    11. Елемесова Ш.М. Көркем мәтіндегі ұлттық мәдениеттің тілдік

            релеванттары (Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты” романы бойынша).  

            Филол.ғыл.канд.дисс. –Алматы, 2003. – 127б

    12. Вежбицкая А.   Язык. Культура. Познание. – Москва. Русские

              словари.,  1996, - 416с.

    13.  Воробьев В.В.  Лингвокультурология (теория и методы). М., 1997,

               331с

    14.  Жанұзақов Т. Қазақ есімдерінің тарихы. Алматы: Ғылым, 1971. – 215б

15.  Ғабитханұлы Қ. Қазақ мифологиясының тілдегі көрінісі.А.,2006,

 

 

 

 

Диссертацияның негізгі мазмұны мен тұжырымдары төмендегі басылымдарда жарияланған:

 

1.     М. Дулатовтың «Насихат-ғұмумия» өлеңіндегі араб-парсы сөздері // Қазақ ұлттық университеті хабаршысы. Филология сериясы. Алматы, 2002, № 5(56). 102-10б.

2.     М. Дулатов шығармаларындағы ұлттық мәдениеттің тілдік  көріністері // «Жұбанов тағылымы» атты ҮІ Халықаралық ғылыми-теориялық конференция. Ақтөбе: Ақтөбе мемлекеттік   педагогикалық институты. 2005, 114-117б

3.     М.Дулатов шығармалары тіліндегі теңеудің лингвомәдени ерекшелігі // «Академик Ә.Т.Қайдар және тіл білімінің мәселелері»  атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция. Алматы: А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты. 2004, 214-218б

4.      М.Дулатовтың тілдік тұлға ретінде қалыптасуының поэзиядағы көрінісі // «Академик Ш.Ш.Сарыбаев және қазақ тіл білімі мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция. Алматы: А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты. 2005ж., 287-293б

5.      Рухани мәдениеттің М.Дулатұлы шығармаларындағы ұлттық сипаты // «Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру - әрбір азаматтың парызы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция.  Орал, 2005ж. 155-158б

6.       М. Дулатовтың «Есеп құралы» оқулығындағы ұлттық танымды білдіретін линвгокультуремалар // «Рухани мұра және қазіргі мәдениет: текстология, игеру, зерттеу» атты халықаралық ғылыми симпозиум. Алматы: М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. 2006, 259-264б

7.      М. Дулатұлының “Есеп құралы” оқулығының ұлттық тәрбиелік мәні // Қазақ тілі мен әдебиеті. 2006, №8, 57-63б

8.       М.Дулатұлы шығармалары тіліндегі араб-парсы сөздерінің лингвомәдени мәні // «Ғасырлар тоғысындағы түркі өркениеті: саясат, экономика және мәдениет» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда Орал, 2007, 39-43б

9.      М.Дулатұлы тілдік тұлғасының «ұлтжандылық» мәдени концептісі // Тілтаным. 2007, №1,152-156б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕЗЮМЕ

 

Имашева Гулим Есенгалиевна

 

Языковая картина мира в произведениях М.Дулатова

10.02.02-казахский язык

 

Актуальность исследования. Сегодня исследование языка в науке познания языка углубленно охарактеризовано по антропоцентрическому направлению. Исследовать язык надо не только в диапазоне языковой системы, но и нужно рассматривать его совместно с другими научными отраслями. Одной из таких отраслей является лингвокультурология, исследующая связь языка и культуры, роль человека в развитии языка,  национальной культуры в языке, общенациональное мировоззрение. Наряду с этим исследование индивидуальной языковой личности, оказывающей влияние на развитие литературного языка, с когнитивной точки зрения является одним из главных направлений в исследовании  языка.

  В связи с этим произведения М.Дулатова необходимо исследовать через когнитивную лингвистику и лингвокультурологию. Актуальностью исследования являются интерес к языковой личности М.Дулатова, неизученность особенностей языка автора первого романа в казахской литературе с научной точки зрения, неизученность  особенностей его языка как публициста, математика, педагога, политического деятеля, неисследованность «языковой картины мира» в творчестве М.Дулатова с точки зрение антропоцентристики, отсутствие научного анализа лингвокультурологических единиц, использованных в произведениях М.Дулатова.

Объект исследования – концептосфера языковой личности и особенности лингвокультурем в творчестве  М.Дулатова.

Цель диссертации - выявить особенности языковой личности в области когнитивной лексики, исследование и анализ особенностей  лингвокультурологических единиц в произведениях М.Дулатова. Для достижения данной цели необходимо решение следующих задач:

-       исследование языка художественного текста  через  теорию «языковая личность»;

-       определение вербально-семантического уровня языковой личности М.Дулатова;

-       выявление основных единиц, формирующих «языковую картину мира», созданную на национальных ценностях в дискурсе М.Дулатова;

-       исследование концептуальной структуры языковой личности М.Дулатова с когнитивной и структурной точки зрения;

-       дифференцирование прагматического уровня языковой личности М.Дулатова;

-       определение особенностей применения лингвокультурем   в произведениях М.Дулатова через лингвокультурологию и  выявление их значения.

Методы исследования - лексико-семантический, семасиологический, когнитивно-лингвистический  анализы, этимологическое пояснение.

 Новизна исследования:

-           впервые исследован язык произведений М.Дулатова с языковой точки зрения;

-           языковая личность М.Дулатова рассмотрена на вербально –семантическом уровне;

-           охарактеризована «языковая картина мира» в дискурсе М.Дулатова через национальные ценности автора в познании мира;

-           проанализирован и конкретизирован прагматический уровень языковой личности М.Дулатова;

-           рассмотрены и выявлены значения лингвокультурем в публицистике, поэзии, прозе.

Применение результатов исследования - можно применять в курсе лингвистических дисциплин, при проведении семинаров и спецкурсов по лексикологии, когнитивной лингвистики и лингвокультурологии в вузах.

Основные выводы исследования:

-                   М.Дулатов - языковая личность,  состоящая из вербально-семантических, лингво-когнитивных, прагматических уровней;

-                   языковая личность М.Дулатова состоит из следующих концептуальных структур: «нациолюбие»; «исламская религия»; «равноправие женщин»; «учеба-знание»; «невежество»; «наука»; «искусство»; «казахский язык»;

-                    духовное мировоззрение казахской нации в языке М.Дулатова рассматривается в качестве «картины мира»;

-                   языковую личность М.Дулатова характеризуют метафоры, использующиеся для описания национальной культуры и традиций. Большое употребление слов-символов в языке М.Дулатова является доказательством глубины национального познания. Применение окказиональных слов, особенности употребления риторических вопросов, употребление глагола в качестве художественного оформления, обилие повторов;  

-                   важна роль лингвокультурем отражающих национальное мировоззрение   в духовном мире просветителя.

 

 

 

 

 

 

 

SUMMARY

 

Imasheva Gulim Esengalievna

 

language picture of the world in works M.Dulatov

10.02.02-kazakh language

 

Urgency of the study. Today study of the language in science of the cognition of the language is deeply characterized on anthropocentrical direction. It is necessary to research the language within the range of language system not only, but also it is necessary to consider it other scientific branches. One of such branches is linguocultural, researching relationship of the language with cultures, role of the person in development of the language, national culture in language, general national worldoutlook. At the same time studing of the individual language personality, influencing to (on) development of the literary language, with cognitive standpoint is one of the main directions in studing of the language.

  In this connection works of M.Dulatov is necessary to research through cognitive linguistics and linguocultural. Actuality of the study are the interest to language personality M.Dulatovunstudied (unknown)of particularities of the language of the author of the first novel in kazakh literature with scientific standpointunstudied particularities of its (his) language as publicist, mathematics, teacher, politician,unexplored "the language picture of the world" in creative activity M.Dulatov with the points vision of  anthropocentrical; the absence of the scientific analysis linguocultural units, used in works M.Dulatov.

The Object of the study - konceptosfera of the language personality and particularities of linguoculturem in creative activity M.Dulatov.

The Purpose to thesis – to reveal the particularities to language personality in the field of cognitive lexicon, studing and analysing of the particularities linguocultural units in works of M.Dulatov. For achievement to this given purposes are necessary decision of the following problems:

-     studing of the language of the artistic text through the theory "of language personality";

-          the determination of verbal-semantic level to language personality of M.Dulatov;

  -      revealing of the fundamental units, forming "language picture of the world", which created on national value in discourse of M.Dulatov;

 -     the studing of the conceptual structure to language personality of M.Dulatov with cognitive and structured standpoint;

 -       the differentiation of pragmatic level to language personality of M.Dulatov;

 -       the determination of the particularities of the using linguoculturem in works of M.Dulatov through linguocultural and revealig of their importance.

The Methods of the study - lexical-semantic, semiosiologicalcognitive-linguistical analysises, etymological explanation.

 Novelty of the study:

         for the first time (first of all) was explored the language of the works of M.Dulatov with language standpoint;

         the language personality of M.Dulatov was considered on the verbal semantic level;

         "the language picture of the world" was characterized in discourse of M.Dulatov through national value of the author in cognition of the world;

         it was analysed and rendered concreted the pragmatic level of the language personality M.Dulatov;

         they are considered and revealled importances linguoculturem in publicistics, poetries, prose.

Using result studing – it is possible to use in course of linguistical discipline, when undertaking seminar and special courses on lexicology, cognitive linguistics and linguocultural in high school.

Main (findings) conclusions of the study:

         M.Dulatov - a language personality, consisting of verbal-semantic, linguo-cognitive, pragmatic level;

         the language personality of M.Dulatov consist of the following conceptual structures: "national eoving"; "islamic religion"; "the equality of women"; "training-knowledge"; "the ignorance"; "the science"; "the art"; "the kazakh language";

          the spiritual worldoutlook to kazakh nation in language of M.Dulatov was considered as "pictures of the world";

         the language personality of M.Dulatov is characterize the metaphores, using for description of the national culture and tradition. Large using the words-symbol in language of M.Dulatov is proving of the depth of the national cognition. Using occasional words, particularities of the using the rhetorical questions, using the verb as artistic registration, abudance repetition;  

         the important role of linguoculturem reflecting national worldoutlook in spiritual world of enlightner.

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..   80  81  82  83  84  85  86  87