ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 12

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  39  40  41    ..

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ

 

 

МАГИСТРАТУРА

 

МАМАНДЫҚ 6N0205 – Филология

 

 

 Енгізу күні                  

 

1 Қолдану саласы

 

Осы стандарт магистратурадағы білім беру бағдарламасы мазмұнының міндетті минимумына және оны бітірушілерді даярлау деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді.

Стандарттың ережелері барлық магистратура бойынша мамандар даярлау ұйымдарында олардың ведомстволық бағыныштылығы мен ұйымдық кұқықтық нысандарына тәуелсіз қолдануы және сақталуы тиіс.

Стандартты, сонымен қатар мемлекеттік басқару, білім беру және ғылым ұйымдарын аттестаттау және лицензия беру комиссиялары, оқу-әдістемелік бірлестіктер, тапсырыс берушілер мен жұмыс берушілер пайдалана алады және ол магистрлерді дайындаудың сапасын саралауда негізгі құжат болып табылады. 

 

2 Нормативтік сілтемелер

 

Осы стандартта төмендегі нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдаланылған:

ҚР ПР 40.1.01-2008 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын құруға, мазмұндауға, рәсімдеуге, мазмұнына және белгілеуіне қойылатын жалпы талаптар;

ҚР МЖМБС 5.04.019-2008 Жоғары білім. Негізгі ережелер.

ҚР МЖМБС 5.04.033-2008 Магистратура. Негізгі ережелер.

 

3 Терминдер мен анықтамалар

 

Осы стандартта Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, ҚР МЖМБС 5.04.019-2008, ҚР МЖМБС 5.04.033-2008 сәйкес қысқартулар, терминдер мен анықтамалар. Сонымен қатар, бұл стандартта төмендегідей қысқартулар қолданылған:

 

_____________________________________________________________

Ресми басылым

МЖМБС – Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты

БП – базалық пән

ПП – профильдік пән

МК – міндетті компонент

ТК – таңдау компоненті

Т – тәжірибе

ҒЗЖ – ғылыми-зерттеу жұмысы

ЭЗЖ – эксперименттік-зерттеу жұмысы

ҚА – қорытынды аттестация

МЕ – мемлекеттік емтихан

МДҚ – магистрлік диссертация қорғау

PhD – философия докторы

 

4 Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы

 

4.1 Магистратураның білім беру бағдарламалары ведомстволық бағыныштылығы мен меншік түріне қарамастан, магистратураның тиісті мамандықтары бойынша білім беру құқы және  лицензиялары бар білім және ғылым ұйымдары (бұдан әрі - мекемелер) арқылы  жүзеге асады.

4.2   Магистратурада мамандар даярлау төмендегі талаптарға сәйкес іске асады:

- осы стандарт негізінде;

- Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының Классификаторы негізінде;

- оқу-бағдарламалық құжаттары негізінде;

- магистранттардың жеке жұмыс жоспары негізінде;

- белгіленген тәртіпте бекітілетін басқа да құжаттар негізінде;

4.3 Магистратурада 6N0205 – Филология мамандығы бойынша мамандарды даярлау екі бағытта жүреді:

- бейіндік;

- ғылыми және педагогикалық.

4.4 Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерген және магистрлік диссертация қорғаған тұлғаға 6N0205 – Филология мамандығы бойынша «магистр» академиялық дәрежесі тағайындалады.

4.5  Осы стандарт ережелерінің негізгі мақсаты:

- магистранттар даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдары жұмысының тиімділігін арттыру;

- магистранттардың өз бетімен оқу, ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметін ынталандыру;

- «магистр» академиялық дәрежесін тағайындау туралы ҚР құжаттарының халықаралық білім беру кеңістігінде және халықаралық еңбек нарығында танылуын қамтамасыз ету.

4.6 Кәсіби қызметінің объектілері.

Магистратура бітірушілерінің кәсіби қызметінің объектілері бейіндік даярлық бойынша жоғары оқу орындары, орта мектептер (оның ішінде гимназиялар, лицейлер), орта кәсіптік оқу орындары (колледждер, училищелер), басқару органдары, мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі ұйымдар, мекемелер;

Ғылыми және педагогикалық даярлық бойынша жоғары оқу орындары, орта мектептер (оның ішінде гимназиялар, лицейлер), орта кәсіптік оқу орындары (колледждер,техникумдар, училищелер), ғылыми-зерттеу институттары және ЖОО-ның ғылыми-зерттеу бөлімдері.

4.7 Кәсіби қызметінің түрлері:

6N0205 – Филология мамандығы бойынша магистратураны бітірушілер келесі кәсіби іс-әрекеттерді атқара алады:

профильдік даярлық бойынша:

- педагогикалық-ұйымдастыру;

- әкімшілік-басқару;

- мәдени-ұйымдастыру;

ғылыми және педагогикалық даярлық бойынша:

- ғылыми-педагогикалық;

- ғылыми-зерттеу;

- білім беру-педагогикалық;

- педагогикалық-ұйымдастыру.

4.8 Оқу мерзімі

Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативті мерзімі:

ғылыми және педагогикалық дайындау бойынша 2 жылды құрайды.

кәсіби дайындау бойынша 1,5 жылды құрайды.

4.9 Магистратурада білім беру үдерісін аяқтаудың негізгі критерийлері магистранттың:

- профильдік даярлауда 36 кредиттен кем емес

- ғылыми және педагогикалық даярлауда 47 кредиттен кем емес кредитті меңгеруі болып табылады.

 

5 Магистратураға түсушілерге  қойылатын талаптар

 

5.1 Магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгеруге тілек білдіруші тұлғалардың алдыңғы білім деңгейі:

жоғары білім, филология бакалавриаты (немесе гуманитарлық) бейіні бойынша мамандықтар: 050205 (521230) – Филология, 050117 (021240) – Қазақ тілі мен әдебиеті, 050118 (021340, 030940, 521235) – Орыс тілі мен әдебиеті, 021540 – Шетел филологиясы, 521430 – Лингвистика, 021740 – Қолданбалы лингвистика, 050207 (021440) – Аударма ісі және т.б.

5.2 Магистратураға азаматтарды қабылдау тәртібі жоғары орыннан кейінгі білім беру кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының Типтік қабылдау ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

 

6 6N0205 – Филология мамандығы бойынша магистрлік білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері

 

бейіндік даярлықта:

- өзгеріс үстіндегі әлемде кәсіби компетенттілік пен әлеуметтілік мобильділікті қамтамасыз ететін филологиялық іргелі теориялық-әдістемелік, сондай-ақ іргелес ғылымдар саласы бойынша түбегейлі дайындықтың болуы;

- лингвистикалық / әдебиеттанушылық зерттеулерді жүргізу мен ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру, кәсіби қызметтің түрі мен сипатының өзгерісіне, пәнаралық жобалармен жұмыс істеуге бейімділікті дамыту;

- педагогикалық қызметті іске асыру үшін психологиялық-педагогикалық (ұйымдастыру-педагогикалық, білім беру-педагогикалық) білімді меңгеру;

- қазіргі заманғы редакциялау мен баспа құралдарын пайдалана отырып, жұмыс қорытындысын есеп, реферат, мақала түрінде таныстыра білуді қалыптастыру;

- кәсіби қызметте қазіргі компьютерлік технологияларды, қазақ/орыс тілінің Ұлттық корпусы ресурстарын және т.б. пайдаланудың практикалық машықтары мен дағдыларын қалыптастыру;

- магистранттардың өзін-өзі жетілдіру, дамыту қабілетін ашуды және өздігінен жаңа білім жолдарын шығармашылықпен игеру талабын төселдіру;

ғылыми және педагогикалық даярлықта:

- өзгеріс үстіндегі әлемде кәсіби құзіреттілік пен әлеуметтілік мобильділікті қамтамасыз ететін филологиялық іргелі теориялық-әдістемелік, сондай-ақ іргелес ғылымдар саласы бойынша түбегейлі дайындықтың болуы;

- зерттеуге қажетті ғылыми әдістерді игеру, нақты филологиялық зерттеудің міндеттерін шешу үшін Интернет электронды қоры мен қазақ/орыс тілінің Ұлттық корпусы мәліметтерін іске қоса отырып, бұрыннан бар әдістерді жаңарту және жаңа әдіс-тәсілдерді зерттеп дайындау біліктілігін қалыптастыру;

- ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызмет барысында туындайтын міндеттерді шешуге және түсіндіруге, өзіндік ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық қызмет дағдыларын меңгеруге қажетті жағдайды қамтамасыз ету;

- лингвистикалық / әдебиеттанушылық зерттеулерді жүргізу мен ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру, кәсіби қызметтің түрі мен сипатының өзгерісіне, пәнаралық жобалармен жұмыс істеуге бейімділікті дамыту;

- ғылыми проблеманы тану, түсіндіру және шешу қабілеттілігін, филология ғылымының қажетті саласына сәйкес әңгімені өрістете алу біліктілігін дамыту;

- педагогикалық қызметті іске асыру үшін психологиялық-педагогикалық (ұйымдастыру-педагогикалық, білім беру педагогикалық) білімді меңгеру;

- қазіргі заманғы редакциялау мен баспа құралдарын пайдалана отырып, жұмыс қорытындысын есеп, реферат, мақала түрінде таныстыра білуді қалыптастыру;

- қазіргі заманғы компьютерлік технологияны, оқытудың интерактивті әдістерін, орыс тілінің Ұлттық корпусы қорын т.б. пайдалана отырып, жоғары және орта оқу орындарында тілді/әдебиетті оқытудың кәсіби-практикалық біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру;

- оқушылардың өзін-өзі жетілдіру, дамыту қабілетін ашуды және өздігінен жаңа білім жолдарын шығармашылықпен игеру талабын төселдіру;

- жоғары дәрежелі, білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды, өзін-өзі жетілдіруге, әлеуметтік тұрғыдан икемделуге қабілетті жалпы және кәсіби мәдениетінің деңгейі жоғары кәсіби элитаны дайындау;

 

7 6N0205 – Филология мамандығы бойынша магистрлік білім бағдарламасының мазмұны

 

7.1. Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы әртүрлі білім беру мазмұнын анықтайтын оқу және ғылыми жұмыс, практика түрлерінен құралады, олардың өзара ара қатынасын, өлшемі мен есебін көрсетеді.

Оқу жұмысының еңбегін есептеу меңгерілген материал көлемі мен кредит бойынша өлшенеді. Бұл тұста алдындағы білім беру деңгейлерінде жинақталған кредиттерді есепке алатын жинақтаушы кредиттік жүйе күшінде болады.

7.2. Магистратурадағы оқу жылы жалпы ұзақтығы 30 аптаға созылатын академиялық кезеңдерден (семестрлерден), аралық аттестаттаудан, қорытынды бақылаудан, тәжірибелерден, демалыс және қорытынды аттестаттаудан тұрады.

7.3 Магистратурада оқыту тек қана күндізгі оқу түрі бойынша жүзеге асырылады.

7.4 Теориялық оқыту міндетті және таңдау компонентінен құралады. Міндетті компонент пәндері тізімі мен оған сәйкес кредиттердің минималды көлемі магистратура мамандығының осы және оған сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде анықталады. Таңдауы бойынша пәндер тізімі мен оған сәйкес кредиттердің минималды көлемі жұмыс берушілер мен еңбек нарығының сұранысына сәйкес жоғары оқу орнының шешімімен бекітіледі.

7.5 Магистратураның оқу бағдарламаларының мазмұны даярлық бағытына байланысты кестеге сәйкес қалыптасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-кесте

№№

Компонент-тердің қысқаша атауы

 

 

 

 

Пәннің аталуы

Кредит және сағат көлемі

Магистрлік даярлық бағыттары

Про-

филь-

дік

1,5 жыл

Ғылыми- пед.

2 жыл

1

2

3

4

1

Базалық пәндер (БП)

10

16

1.1

Міндетті компонент (МК)

5

9

1.1.1

Ғылым тарихы мен философиясы

Философия және әдістеме ғылымдары философиялық білімнің саласы ретінде. Өркениет пен мәдениеттегі ғылым. Ғылымның пайда болуы. Ғылымның тарихи дамуының негізгі кезеңдері. Ғылыми білімнің құрылымы. Ғылыми революция (төңкеріс). Ғылыми рационалдық. Ғылым дамуының қазіргі кезеңінің ерекшеліктері. Әлеуметтік институт ретіндегі ғылым. Қазіргі таңдағы ғылыми білімнің құрылымындағы жаратылыстану ғылымдары. Адам, тарих, мәдениет және қоғам туралы ғылымдардың қалыптасу тарихы. Нақты ғылымдардың өзекті философиялық мәселелері.

1

2

1.1.2

Шет тілі (кәсіби)

Бакалавриатта алған білімімен, біліктілігін күнделікті ауызекі сөйлеу үшін, шет тілін күнделікті, сондай-ақ кәсіби қарым-қатынаста жиі қолдану үшін дамытып, тереңдету. Лексика: күнделікті, жалпы ғылыми және кәсіби сипаттағы 5000 мыңнан аса (профильдік мамандығының 500 терминін қосқанда) бірлікті меңгеру. Грамматика: ауызша және жазбаша формаларды қосқанда ғылыми стильдегі грамматикалық құбылыстарды меңгеру; етістіктердің жақсыз формалары (инфинитиф, герундий, есімше) және олардың оралымдары, салалас құрмалас және сабақтас құрмалас сөйлемдер, шартты сөйлемдер, шақтар сабақтастығы. Сөйлеу: кәсіптік деңгейіне байланысты сан құбылған ситуациядағы, күнделікті қолданыстағы және қоғамдық-саяси мәндегі ауызша тілді - диалог пен монологты меңгеру. Жазу: реферат, аннотация, тезистер, баяндамалар,  шет тілінде  түйіндеме  жазу

2

2

 

1-кестенің жалғасы

 

 

1

2

3

4

 

дағдысын жетілдіру. Тыңдау: тұрмыстық, ақпараттық және кәсіптік мазмұндағы мәтіндерді қабылдау. Аударма: түсіндірме және қос тілдік терминологиялық сөздіктермен, сондай-ақ мамандық бойынша анықтамалық әдебиетпен жұмыс жасай білу,  шет тілден ана тіліне және ана тілден шет тілге жазбаша және ауызша аудара алу біліктілігін дамыту.

 

 

1.1.3

Менеджмент

Венчурлық (тәуекел) бизнес және жаһандану жағдайындағы бизнесті ұйымдастыру. Өнім сапасын басқару және бәсекеге қабілеттілігі. Басқару функцияларын және олардың өзара байланысын анықтау әдістемесі. Басқару құрылымын қалыптастыру. Ұйым түрлері. Сыртқы ортамен өзара қарым-қатынас жасауы бойынша ұйым түрлері. Бөлімшелердің өзара қарым-қатынасы бойынша ұйым түрлері.  Адамдармен өзара әрекеттесуі  бойынша ұйым түрлері. Ұйымдардың түрлері мен басқару деңгейіне байланысты басқарудың ұйымдық құрылымын жобалау. Әлеуметтік экономикалық жүйелерді басқару органдарының қызметін “басқару” категориясының психологиялық, жүйелі-мақсаттық және ақпараттық, экономикалық табиғатын ескере отырып жобалау. Басқару қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі. Жергілікті өзін-өзі басқару. Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру бойынша озық елдердің тәжірибесі мен оның Қазақстандағы жағдайы. Билік пен басқару. Биліктің жалпы түсінігі және анықтамасы. Ұйымдағы билік көздері. Биліктің ұйымдық негізі. Мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару.

1

1.1.4

Педагогика

Педагогиканың жалпы негіздері. Педагогиканың негізгі түсінігі. Педагогика ғылым ретінде. Педагогика ғылымының әдістемесі. Білім беру педагогика ғылымының нысанасы ретінде. Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы.

Жоғары білім берудегі педагогика. Жаңа дәуірдегі жоғары білімнің рөлі мен алатын орны. Қазіргі әлемдегі жоғары білімнің даму тұжырымдары мен негізгі бағыттары. Білім берудің жаңа парадигмасы. Қазақстан Республикасындағы  жоғары білім беру.

3

 

1-кестенің жалғасы

 

 

1

2

3

4

 

 Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің қалыптасуының негізгі кезеңдері. Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігі мен Болондық үдерістің бірігуі. Қоғам дамуындағы университеттік білім берудің рөлі. Жоғары мектепте ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлау.

Жоғары мектептегі оқытушының жеке тұлғасы және педагогикалық қызметі. Педагогикалық қызметтің мәні және құрылымы.  Жоғары мектеп оқытушысының жеке тұлғасы және кәсіби мүмкіндіктері. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі. Кәсіби-зерттеушілік мәдениетпедагогтың өзіндік шығармашылық тұрғыдан дамуының негізі.

Жоғары мектептегі оқыту теориясы (дидактика). Жоғары мектеп дидактикасының жалпы негіздері. Кәсіби білім берудің мәні және құрылымы. Жоғары мектепте оқытудың қағидалары мен қозғаушы күштері. Жоғары білім берудің мазмұны. Жоғары мектепте  білім беру үдерісін ұйымдастыру. Жоғары мектептегі оқытудың әдістері мен белсенді үлгілері (ОӘБ).

Жоғары мектептегі тәрбие жұмысы. Жоғары мектеп маманды қалыптастыру мен тәрбиелеудің әлеуметтік институты ретінде. Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының мәні мен негізгі бағыттары. Жоғары мектептегі кураторлық жұмыс.

Жоғары мектептегі қазіргі заманғы білім беру технологиялары.  Жоғары мектептегі білім беру технологияларының ғылыми негіздері. Білімдендіру технологияларының мәні. Жоғары мектептегі жаңа білім беру технологиялары: кредиттік оқыту жүйесі негізінде жоғары мектепте білім беру үдерісін ұйымдастыру. Оқытушы-профессорлардың академиялық дәрежесінің өзгеруі:  эдвайзер, тьютер мен офис регистратор, фасилитаторлар және олардың жоғары оқу орындары үдерісіндегі оқу-тәрбие қызметі. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша СӨЖ және педагогикалық бақылауды ұйымдастыру. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру технологиясы.

Жоғары мектептегі білім беру сапасының менеджмент жүйесі, оның  ұстанымдары мен

 

 

 

1-кестенің жалғасы

 

 

1

2

3

4

 

ұйымдастырылуы.

 

 

1.1.5

Психология

Жоғары мектеп психологиясының пәнi мен мiндеттерi. Жоғары оқу орнындағы психологиялық білім беру мазмұнының мәселелері. Білім беру ортасының психологиясы. Ақпараттық орта психологиясы. Нарықтық экономика жағдайындағы білім беру процесінің гносеологиялық және онтологиялық мәселелері.

Оқытудың кредиттік технологиясының талаптарын ескере отырып, жоғары оқу орындарының білім беру үрдісіне жүйелі психологиялық талдау жасау.

Қазіргі заман талабына сай оқытудың сапасы мен тиімділігін арттырудың психологиялық құралдары мен әдістері. Жоғары оқу орнындағы оқытушының профессиограммасы және психограммасы. Қазіргі заманғы студенттің жеке және топтық психологиялық портреті.

Оқыту процесінің психологиялық құрылымының динамикалық сипаты. Оқытушы мен студент арасындағы өзара тұлғааралық мәселесі. Оқытудың интерактивті әдістерінің психологиясы және бірлескен-диалогтық танымдық іс-әрекет.

Оқыту процесіндегі студенттің танымдық іс-әрекетінің психологиясы. Танымдық процестерді (қабылдау, ес, ойлау) біріктіру әдістері оқытудың инновациялық технологиясының негізі ретінде. Келіспеушілік жағдайларда оқытуды басқару процесі. Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы.

Білім беру процесіндегі субъектілердің психологиялық бейімделуі мен эмоциялық жай-күйінің мәселелері. Педагогикалық әсер ету психологиясы. Білім беру кеңістігінің экопсихологиясы. Ғылыми-педагогикалық ұжымының қалыптасуы мен даму психологиялық ерекшеліктері.

Жоғары оқу орнындағы психологиялық қызмет: мақсаты, міндеттері, ұйымдастырылу түрлері, жұмыс жасау тәжірибесі. Тұлға және студенттік топ психодиагностикасы. Студенттер мен оқытушыларға психологиялық кеңес беру. Педагогикалық іс-әрекет кезіндегі психологиялық алдын-алу жұмыстары.

1

2

 

1-кестенің жалғасы

 

 

1

2

3

4

1.2

Таңдау компоненті (ТК)

5

7

2

Кәсіби пәндер (КП)

18

18

2.1

Міндетті компонент (МК)

6

6

2.1.1

Тіл білімінің / қазақ, орыс тіл білімінің // әдебиеттанудың / қазақ, орыс әдебиеттануының өзекті мәселелері

Тіл білімі іліміндегі парадигма ұғымы. Е.С.Кубрякова бойынша қазіргі тіл білімінің парадигмалық айырықша белгілері (экспансионизм, адамға бағытталғандық, функционалдылық, экспланаторлық). Функционалдылық және функционалдық грамматика. Мәтіннен дискурсқа. Дискурс және дискурстық зерттеулер. Генеративтік лингвистикадан психолингвистикалық, нейролингвистикалық және когнитивтік зерттеулерге. Тілдік қабілет және менталдық лексикон. Тіл және тілдік білім. Әлемнің қарапайым (аңғал) бейнесінен тілдік бейнесіне.

Бұқаралық мәдениет пен әдеби иерархиялар мәселесі. Қазіргі әдебиеттанудағы модернизм, авангардизм және реализм мәселелері.

Қазіргі салыстырмалы әдебиеттану мәселелері. Әлемдік феминистік әдебиеттану мәселелері. Постмодернистік әдебиеттану мәселелері. Герменевтика мәселелері. Пәндер тоғысындағы әдебиеттану мәселелері. Проза поэтикасының мәселелері. Поэзия поэтикасының мәселесі. Ырғақ мәселесі. Әдебиеттанудың қазіргі категориялары.

Тіл білімі тарихындағы ғылыми парадигмалардың ауысуы. Қазақ / орыс тіл білімі жалпы тіл білімінің табиғи бөлігі ретінде. Тіл біліміндегі басымдықпен қолданылатын принциптер және олардың қазақ / орыс тіл білімінде жүзеге асуы. Антропоцентризм принципінің қазақ / орыс тіл білімінде қалыптасуы, мәтінді функционалды талдау, қазақ / орыс тіл біліміндегі семантикалық, лексикографиялық, терминографиялық зерттеулердің өзектенуінің, жүзеге асуының ғылыми негізінің қалыптасуы; Аталым мәселесі: аталымның лингвистикалық табиғаты; аталымның антологиялық және гносеологиялық мәселелері; аталым, референттілік, мағына, мән, аталымның когнитивтік аспектісі; аталым теориясы және сөзжасам мәселелері. Екінші

2

2

 

1-кестенің жалғасы

 

 

1

2

3

4

 

аталым, тілдік семантика, лексикалық таксономия; функционалды грамматика; функционалды синтаксис мәселелері.

Түркі әдебиетінің тарихи синхрондылығын дамытудың өзекті мәселелері: ежелгі қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңі (ілкітүркілік, түркілік). Ежелгі түркі әдебиетіндегі образдар генезисі, образдар, мотив және сюжеттер мәселесі. Әдеби дәстүрдің қалыптасуы мен құрылуындағы ежелгі әдеби және көркем шығармалардың типологиялық байланысының ролі. Орта ғасырдағы түркі әдебиетіндегі компаративистиканың өзекті мәселесі. Қазіргі кезеңде әдебиетті оқытудың теориялық және ғылыми-әдістемелік негізі.

Интермәтінділік: негізгі концепциялар, теориялық интерпретацияның ұғымы. Гумантарлық пәндердегі гендерлік зерттеу (социология, антропология, философия, лингвистика және т.б.). Әдебиеттанудағы гендерлік зерттеулер. ХХ ғ. әдебиеті мен өнеріндегі мифтік поэтика және оның ролі. ХХ ғ. мәдениетіндегі ең басты бағыттардың бірі неомифологизм (символизмнен постмодернизмге дейін). Ғылыми зерттеудегі семиотиканың ролі, негізгі ұғымдары мен категориялары. Семиотиканың негізгі және басқа да бағыттары. Семиотикадағы таңба жүйесі және таңба ұғымы. Ғылым мен мәдениеттегі семиотиканың даму бағыттары. Дін, сәулет өнері және кино семиотикасы. Нарраталогия. Нарратив қызметі, формасы және табиғаты. Нарратологияның негізгі ережелері. Нарратология және дискурсивті талдаулар. Дискурс тұжырымдамасы.

 

 

2.1.2

Тілтанудың / әдебиеттанудың // қазақ, орыс тіл білімінің / қазақ, орыс әдебиеттануының философиялық-әдістанымдық мәселелері

Тіл анықтамасының онтологиялық және гносеологиялық аспектілері (жайлары). Тіл білімінің дамуындағы үдерістер ғылым дамуының жалпы үдерістерінің көріністері ретінде. Лингвистика және тіл философиясы: ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Лингвистикалық білімнің жалпы ғылыми және философиялық аспектілері. Тіл антиномиялары және тіл білімі антиномиялары. Тіл,

1

1

 

1-кестенің жалғасы

 

 

1

2

3

4

 

ойлау және тұрмыс. Тіл және қоғам. Тілдік және тілден тыс деректер туралы мәселелер. Ассоциативтік-психологиялық түсініктер және феноменология. Мағына және мән. Сөз жөнінен философиялық рефлексия және оның лингвистикалық ілімдердің дамуына әсері. Уақыт диалектикасы және тіл. Ғылыми термин гносеологиялық пәннің таңбалық түрленісі ретінде. Тілді талдау әдістері: талаптарға жарамдылық, репрезентативтілік (сыпаттылық); әдістер қоспасы (синтезі); сандық және сапалық әдістер; интроспекция; контент-талдау, интент-талдау және басқалары. Жеке лингвистикалық пәндердің (әлеуметтік лингвистиканың, психолингвистиканың, когнитивтік лингвистиканың, этнолингвистиканың т.б.) әдістері.

ХІХ ғасырдағы неміс философиясы – ХІХ ғасырдағы әдебиеттанушылық әдіснамалық бағыттардың философиялық базасы. Еуропалық әдебиеттанудағы өмірбаяндық, мифологиялық, салыстырмалы-тарихи әдістер. Марксизм философиясы және әлеуметтік бағдарлы әдебиеттану. Соцреализмнің типологиялық ерекшеліктері. Соцреализм реализм теориясындағы неоклассицизм, сиапттарының қалыптылығы. Соцреализм теориясының қазіргі зерделенуі. Бахтиннің философиялық әдебиеттануы. Людвиг фон Витгенштейннің аналитикалық философиясы – феноменология, герменевтика, қабылдау эстетикасы, ақпарат теориясы, семиотика, құрылымдық лингвистика, философиялық (көркемдік) антропология, футурология, мәдениеттану идеяларындағы әдебиетті зерттеу әдістерінің плюрализмдік негізі.

Қазақ / орыс тіл білімінің философиялық-әдістемелік негіздерінің тілдің ролі мен маңызын, қызметін, тіл мен ойлаудың байланысын, ойды жеткізу мен мазмұндаудың тілдік құралдарын, тілді меңгеруді анықтау аспектісіндегі ролі. Қазақ / орыс тіл біліміндегі қазіргі жаңа бағыттар мен мектептердің философиялық негіздерін саралау: когнитивтік лингвистика, экологиялық лингвистика, функционалдық және коммуникативтік грамматика, психологиялық және әлеуметтік лингвистика, т.б.

 

 

 

1-кестенің жалғасы

 

 

1

2

3

4

 

Зерттеудің жалпы ғылыми және арнаулы әдістері: іріктеу және технология мәселелері.

Халықтық философия мен кәсіби классикалық философиялық прозаның сабақтастық мәселелері: Ежелгі түркі әдебиеті ескерткіштеріндегі және орта ғасыр түркі әдебиетінің даму кезеңі шығармаларының генезисі, философиялық, этикалық-эстетикалық түсініктердің қалыптасуы. Қазіргі қазақ философиялық прозасындағы жеке тұлға мен қоғамның экзистенциялық мәселесі.

Орыс әдебиетінің тарихи кезеңдеріндегі философиялық-эстетикалық ізденістер. Классиктердің философиялық-эстетикалық ойлары. Орыс вольтершілдері. ХIХ ғ. 20-30 жылдардағы орыс әдебиеті және неміс идеализмдеріндегі философия және эстетика. Л.Н.Толстойдың діни және философиялық көзқарастары: руссоизм, Л.Н.Толстой және Шопенгауэр. Ф.М.Достоевскидің антропологиясы жазушының “христиандық натурализмі”, руссоизм және шиллеризм. Достевский және Ницше. Танымшылдық жаңа халықтық прозадағы философияның негізі. Натурализм оның философиялық негізі, теориясы, поэтикасы. Натурализм эстетикасы, өнер саласындағы позитивтік ұстанымдар. И.Тэн ағайынды Ж.Гонкуровтардың, Э.Золяның философиялық идеялары және натурализм. ХIХ ғ. соңғы ширегіндегі ХХ ғ. басындағы орыс әдебиеті мен мәдениетіне, батыс европа мен орыс философиясының тигізген әсері. Ницше және көркемдік сана (символистер мен акмеистер). А.Бергсонның философиялық идеялары және импрессионизм. 1920-30 жж. орыс әдебиетіндегі философиялық ізденістер. Н.Федоровтың “Философия общего дела” еңбегіндегі идеялар. Еуразияшылдық концепцияның эстетикалық негіздері. Экзистенциализм ХХ ғасырдағы философиядағы ірі бағыттардың бірі ретінде жән оның әдебиет пен өнерге ықпалы. Постмодернизмдегі философиялық әдіс ерекшеліктері. Қазақ / орыс және әлемдік жаңа үрдістермен байланыс.

 

 

2.1.3

Тіл білімінің, әдебиеттанудың // қазақ, орыс тіл

2

2

 

1-кестенің жалғасы

 

 

1

2

3

4

 

білімінің жаңа бағыттары / Орыс әдебиетінің поэтикасы

Лингвистикалық идеялардың (бастамалардың) эволюциясы және тіл біліміндегі жаңа бағыттар: талдамалылық және функционалдылық, постструктурализм, жаңа зерттеу парадигмалары. Компьютерлік лингвистика және интеллектуалдық технологиялар: табиғи тілді автоматты өңдеу, компьютерлік лексикография және машиналық аударма, ақпараттық-іздеу тілдері және тезаурус, қарым-қатынасты моделдеу, гипермәтіндік технологиялар, тілдерді оқытудағы компьютерлік технологиялар, тілдердің ұлттық корпусы, зерттеушілерге арналған ресурстар (қорлар), лингвистикалық порталдар мен лингвистика бойынша блоктар. Психолингвистика: тіл онтогенезі, сөйлеудің өңделіп шығуы, сөйлеуді қабылдау (түсіну), психолингвистикадағы эксперименттер, этнолингвистика, патопсихолингвистика, психолингвистиканың қолданбалы аспектілері. Нейролингвистика: мидың зақымдануы кезіндегі сөйлеу үдерісінде болатын өзгерістер; афазия және оның түрлері; нормадан ауытқушылық және норма. Қарым-қатынас теориясы, сөйлеу актілерінің теориясы, прагматика. Лингвистикалық гендерлік зерттеулер. Этнолингвистика: тіл және этнос, этнолингвистика және антропологиялық лингвистика, диахрониялық және синхрониялық этнолингвистика, тіл және мәдениет, объективтік шындық және тілдік таңбалау, кеңістік, уақыт және тілдік таңбалау, халықтық таксономия, әлемнің тілдік бейнесі, тіл және стереотиптер (таптаурындар). Лингвопоэтика. Семиотика. Құрылымдық поэтика және мотив бойынша талдау. Неомифологизм поэтикасы. Әдеби туындыдағы психо-аналитикалық мотивтер мен мәселелерді талдау. Қазіргі медицина мен психология жетістіктерін пайдаланатын зерттеулер стратегиясы. Ықтимал әлемдер семантикасы, логикалық семантика, прагматика – әдебиеттанудағы философияның жаңашыл теорияларын қолданатын жаңа бағыттар. Сөйлеу актілері мен тілдік ойындар теориясының ойындық әдебиеттануда қолданылуы.

 

 

 

1-кестенің жалғасы

 

 

1

2

3

4

 

Характерология – психопатология жетістіктерін қолданатын бейнелерді әдебиеттанушылық тұрғыда зерттеу бағыты. Деконструкция – постмодернизмнің ғылыми-зерттеу стратегиясы. Тарихи-типологиялық және салыстырмалы-типологиялық бағыттар. Феминисттік және постмодернистік бағыттар.

ХХ ғасыр соңы мен ХХІ ғасыр басындағы лингвистикадағы басым бағыттар. Антропоцентризм: тілдік тұлға ұғымы, оның когнитивтік және прагматикалық позициядан талдануы. Тілдік семантика қазақ тіл білімінің басым бағыттарының бірі ретінде. Семантикалық зерттеулерді жүргізудің логика-семантикалық амалы. Қазақ/орыс тілінің лексика-фразеологиялық семантикасындағы «концепт» ұғымы, концептілердің типтері. Функционалды грамматика мәселелері, функционалды-семантикалық өріс проблемасы, функционалды-синтаксис, сөйлем түрлерінің және оның мағыналарының функционалдық сипаты. Қазақ/орыс тіл біліміндегі паралингвистикалық, прагмастилистикалық, семантикалық, когнитивтік, лингвомәдениеттану бағыттары. Қазіргі Қазақстандағы әдебиеттану ғылымы мен әлеуметтік-тарихи фактор құбылысы олардың жан-жақтылығы мен толымдылығы болмысты көркем қабылдау және шығармашылық мазмұндаудың әдіснамасы. Әдеби бағыттар: постмодерн, авангард, постструктурализм, мифологизм, сюрреализм сияқты формаларды бағалы негіз ретінде қабылдануы. Көркемдік әдіс және жазушы шығармашылығы. Жазушы шеберлігі және әдеби тектер мен түрлер, ағымдар мен бағыттар поэтикасы. Көркемдік жүйелердің дамуы және ХІХ-ХХ ғғ. орыс әдебиеті ірі өкілдерінің шығармашылығы (А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Н.В. Гоголь, И.С. Тургенев, Л.Н. Толстой, Ф.М. Достоевский, А.П. Чехов, И.А. Бунин, И.С. Шмелев, “күміс ғасыр” прозасы мен поэзиясы, А.К. Платонов, М.А. Булгаков, М.А. Шолохов және басқалар). Орыс әдебиетіндегі психологизм. Мифопоэтикалық бастау. Суреткер шығармашылығының макро- және микроконтексті. Суреткерлер шығармашылығындағы орыс әдебиетінің жанрлық эволюциясы. Көркем шығарма құрылымындағы жал-

 

 

 

1-кестенің жалғасы

 

 

1

2

3

4

 

пы теориялық поэтиканың («макропоэтика») және жеке поэтиканың («микропоэтиканың») ерекшеліктері. Шығарма көркем бірлік ретінде. Сюжет және оның бағдарлануы. Баяндау поэтикасы. Уақыт және кеңістік. Кейіпкерлер жүйесі. Поэтика және бейнелілік. Шығарманың мотивтік құрылымы.

 

 

2.1.4

Корпустық лингвистика // Қазіргі қазақ / орыс тіліндегі белсенді үдерістер // Көркем мәтін теориясы // Көркем мәтін интерпретациясы (зерделенуі)

Тіл корпусы ұғымы ақпараттық-анықтамалық жүйе ретінде. Тілдің ұлттық корпусы. Тіл корпусының басты белгілері: сыпаттылық, мәтіндердің қалыптанған теңбе-тең (пропорционалды) құрамы, түрлі мақсаттардағы статистикалық өңдеудің мүмкіндіктері және басқалар. Тіл құрылымы және корпус құрылымы. Ұлттық корпустардың түрлері: BNC (Британ ұлттық корпусы), Чех ұлттық корпусы, ruscopora және басқалар. Ғылыми қызметте және оқытушылық тәжірибеде тілдің ұлттық корпусын пайдалану амалдары мен ережелері. Іздеу түрлері (дәл формаларды іздеу, грамматикалық және семантикалық категориялар бойынша іздеу, мәнмәтіндік іздеу, корпусішілік қалыптасу және басқалары).

Мәтін негізі сипатындағы аналитикалық философия. Логикалық позитивизм – аналитикалық философияның алғашқы түрі. Аналитикалық философия ұстанымдары. Қиял философиясы. Өркениет. Дәйектілік және ақиқат. Шындық. Уақыт-кеңістік. Тілдік ойындар. Поэзия және проза – көркем мәтіннің түрлері. Көркем мәтін және өнердің басқа түрлері. Көркем мәтіннің құрылымы мен өзіндік ерекшеліктері. Көркем мәтін композициясының мәселелері. Көркем мәтін стилі оның барлық қырларының, эмоциялық мәнері жағынан образдық түрлерінің эстетикалық бірлігі ретінде. Семиотикалық, мәдениеттанушылық, филологиялық мәтін ұғымы. Мәтіннің әдебиеттанушылық ұғымы. Постмодернистік концепциялардағы мәтін. Авторлық емес сөз. Аралас сөз және төлеу сөз. Мәтін және интертекст. Гипермәтін.        Подтекст.        Дәйексөз,      аллюзия.

1

1

 

1-кестенің жалғасы

 

 

1

2

3

4

 

Әдебиеттегі әдебиет. Стилизация, пародия, әлқисса. Реминисценция. Интертекстуалдылық. Мәтіннің теориялық негіздері – мәтіннің тұжырымдамасы, ХХ ғасыр ғылыми және философиялық әдіснамасының бірқатар қосылымдық ыңғайлары. Ю. Лотман, К. Юнг, М.Бахтин теориялары.

ХХ ғасырдың екінші жартысы мен аяғындағы қазақ тіліндегі мәдени-тарихи жаңа тенденциялар. Қазақ тіліндегі соңғы жылдардағы тіл дамуының динамикасы. Қоғамдағы тілден тыс жағдаяттар. Мың жылдықтар шегіндегі қазақ тіліндегі динамикалық үдерістердің комуникативті-прагматикалық сипаты. ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы тілдің стилистикалық динамизмі. Ақпараттық құралдар тілі және сөйлеушілнр тіліне әсері. Қазіргі қазақ / орыс сөзжасам үдерістерінің жылдамдығы.

Қазіргі қазақ / орыс тіліндегі термин қабылдау үдерісі және варианттылық, оның тілдік нормаға әсері. Лексикадағы жүйелі үдерістер: кейбір лексикалық топтарды деидеологизациялау, саясаттандыру, метафоризациялау – қоғамдық-саяси жағдайлардың бағасын көрсететін кұрал. Лексикалық семантика және үйлесімділік трансформациясы: тілдің пассив құрамындағы лексиканы қолдану ерекшеліктері. Сыртқы және ішкі алмасулардың тілді таратушылар өміріндегі динамикалық үдерістерге жауап беруі. Қазіргі қоғамдық өмір контексіндегі шетелдік сөздер. Жаргондық лексиканы қолданудың ерекшелігі. Қазіргі қазақ / орыстілінің лексикалық жүйесіндегі неологизация типтері. Ғасырлар шегіндегі тілдегі жаңа фразеология, грамматикадағы актив үдерістер: септік функцияларының әлсіреу тенденциялары, синтаксистік ережелердің бұзылуы, морфологиядағы аналитизмнің өршуі. Екпін саласындағы актив үдерістер. Тілдегі жеке бастаманың күшеюі. Ауызша көпшілік коммуникациясы және оның сөйлеу мәдениетіне әсері.

Қазіргі кезде мәтін ұғымын пайымдау – әдебиеттанушылық және көркем эстетикалық мәселе  және оны әдеттегідей «белгілер жүйесі» ретінде түсіндіру шегін толықтыру. Мәтіннің табиғи жағынан   семантика-мағыналық    негізде   қайтадан

 

 

 

1-кестенің соңы

 

 

1

2

3

4

 

мазмұндау мәселесі. Оның шығармаға қатыстылығы. Интерпретация мәселесі және интерпретатордың деңгейі.

Көркем мәтінді талдау барысындағы теория мен практика, әдіс пен әдістеме бірлігі. Көркем мәтінді талдаудағы жүйелік ыңғай, мазмұн мен пішін бірлестігі. Талдау субъектісі мен объектісі. Көркем мәтін және көркем әлем: ұйымдастыру мәселелері. Көркем мәтінді ұйымдастырудың сюжеттік-фабулалық деңгейі. Көркемдік кеңістік және уақыт. Тақырып поэтикасы, эпиграф және сыртқы композицияның басқа элементтері, олардың көркемдік тұтастықты ұйымдастырудағы рөлі. Көркем шығарманың пәндік әлемі. Көркем мәтінді талдау тәсілдері және әдебиеттанудағы мектептер мен бағыттар. Биографиялық және психологиялық әдебиеттанудың әдіснамасы. Тарихи поэтика және салыстырмалы-тарихи әдебиеттанудың әдіснамасы: сараптау әдістері және теория. Формальды және құрылымдық-семиотикалық әдебиеттанудың әдіснамасы.     Мифопоэтиканың                   қазіргі әдебиеттанудағы зертеу стратегиясы ретіндегі әдіснамалық мәселелері. Классикалық және қазіргі заманғы әлемдік және қазақ, орыс әдебиетіндегі көрнекті өкілдер шығармашылығы бойынша көркем мәтінді зерделеу теориясы мен тәжірибесі.

 

 

2.2

Таңдау компоненті (ТК)

12

12

3.

Тәжірибе (Т)*

5

6

3.1

Педагогикалық

-

4

3.2

Зерттеу

-

2

3.3

Өндірістік

5

-

4.

 Магистранттың магистрлік диссертациясын есептегендегі ғылыми-зерттеу жұмысы (ҒЗЖ)

6

11

5.

Қорытынды аттестация (ҚА)

2

2

6.1

Мемлекеттік емтихан (МЕ)

1

1

6.2

Магистрлік диссертация қорғау (МДҚ)

1

1

 

Барлығы

36

47

 

* Ескерту − Тәжірибеге бөлінетін кредит саны жалпы жұмыс көлеміне енбейді. Қажет жағдайда ЖОО тәжірибеге бөлінетін кредит санын көбейте алады.

 

7.6 Оқу бағдарламасының ғылыми компоненті магистранттың ғылыми-зерттеу / эксперименттік-зерттеу, ғылыми жарияланымдарынан және магистрлік диссертациядан тұрады.

7.7 Магистратураның білім беру бағдарламасын жедел меңгерген және оған қойылған талаптарды орындаған жағдайда білім беру мерзімі есепке алынбай-ақ, магистрантқа «магистр» академиялық дәрежесі берілуі мүмкін.

7.8 Бейіндік магистратураны бітірген магистрант ғылыми және педагогикалық жұмыстарымен педагогикалық мамандық пәндері циклін меңгерген және педагогикалық практикадан өткен жағдайда ғана айналыса алады. Аталған цикл қосымша академиялық кезең ішінде игеріледі, оқу соңында негізгі дипломға сәйкес сертификат беріледі.

7.9 6N0205 – Филология мамандығы бойынша магистрдің түйінді құзыреттілігіне қойылатын талаптар:

бейіндік даярлық бойынша:

түсінігі болу керек:

- түлектің әлеуметтілік мобильділігін қамтамасыз ететін Қазақстан қоғамындағы саяси, экономикалық, мәдени-тарихи жағдайлар туралы;

 білуі керек:

- лингвистиканың / әдебиеттанудың терминологиялық-ұғымдық аппаратын, негізгі теориялық әдістемелік принциптерін; қазіргі ғылым парадигмасындағы лингвистиканың және әдебиеттанудың өзекті бағыттарын, олардың маңызды мәселелері мен жетістіктерін;

- лингвистикалық / әдебиеттану зерттеулерінің әдістері мен амалдарын;

- тіл бағдары деңгейінде кем дегенде бір шет тілін еркін білуі;

 істей білуі керек:

- әдеби тіл және әдеби үдерістердің бағыттары мен жай-күйін бағалауды;

- алдағы қызметінде тілдік әдебиеттану ғылымының әдістері, сондай-ақ шектес ғылымдардың концептуалды және әдістемелік аппаратын пайдалануды;

- танымының нәтижесін жинақтауды және оны жаңа білім алудың құралы ретінде пайдалануды;

- кәсіби компетенцияның тілдік параметрлерін еркін білуі, логикасына және таңдау қабілетіне сүйене отырып, ауызша және жазба ғылым тілінің адекватты стилін таңдауды;

- мемлекеттің тіл, әдебиет, тіл саясатындағы көңіл бөлетін құнды мәселелеріне сәйкес өзінің көзқарасын жеткізуді және негіздеуді;

- Интернет жүйесінде жұмыс істей алуды және оның қызметін пайдалануды;

- шешім шығаруды және оның жүзеге асуына ат салысуды, өзінің мүддесін өндіріс пен қоғамның талаптарымен байланыстыра алуды;

- ғылыми таным құралдары мен жаңа әдістерін, қазіргі ақпараттық мәдениеттің жетістіктерін белсенді пайдалана отырып, филология саласындағы ғылыми проблеманы көтеруді, негіздеуді және шешуді;

- жоғары және орта оқу орындарында жаңа әдістерді, технологияны, РС-ді ескере отырып, оқыту құралдарын пайдалануды;

дағдысы болуы керек:

- жүйелі ойлау, инновациялық-танымдық, инициативтік, өзіндік шығармашылық іс-әрекет мәдениетінің;

- әртүрлі типтегі мәтін редакторларымен жұмыс істеу, жаңа ақпараттық технологияны қолдана отырып, мәліметтер компьютерлік өңдеуден өткізу;

- ресми және бейресми жағдайда этикет ережелерін, қарым-қатынас мәдениетін сақтау;

- белсенді ізденіс пен ғылыми ақпаратты пайдалануды қамтамасыз ететін ілімді жаңарту, кәсіби өсу, әлеуметтік, экономикалық, кәсіби ролдердің динамикасы жағдайында аз шығынмен жұмыс бейінінің ауысуы мүмкіндігі;

- игерген білімінің тұтас кешенін және компетенттік аспектідегі біліктілігін іс жүзінде қолдану;

білікті болуы керек:

- кәсіби қызметінде филология ғылымының әдістемелік аппаратын және жалпы ғылыми әдістанымды қолдануда;

басқарудың экономикалық және ұйымдастыру теориясында, лидерлікте, адам ресурстарын, өндіріс және сапаны басқарудағы ақпараттық үдерістерде; менеджмент негізінде, стратегиялық жоспарлауда; инновациялық үдерістер мен білім беру жобалары экономикасы мен менеджментін ұйымдастыру барысында;

- әлеуметтік-экономикалық және білім беру әлеуетінің үнемі дамуы мен өсуімен байланысты жағдайларда, әр түрлі мәдениеттің, діни конфессия және әлеуметтік топтардың өкілдерімен сыпайы, түсіністік және жемісті қарым-қатынас жасауда;

- коммуникативтік өрісте кәсіби компетенцияның тілдік параметрлерін еркін білуде, сөйлеу мәдениетінің жоғары деңгейін көрсете отырып, ауызша және ғылыми сөйлеудің адекватты стилін таңдай алуда және логикамен меңгеруде;

- экологиялық мәселелерде табиғи және мәдени ортаны қорғау мен сақтаудың қажеттілігін сезіне отырып, әлемге деген этикалық жауапты қатынасты қалыптастыру және алған білімді педагогикалық қызметке енгізуде;

- Қазақстанның әлуметтік-экономикалық және саяси дамуы мәселелерінде; білім беру және мәдениет саласына байланысты заңдық және нормативтік құқықтық актілерді қолдануда.

Ғылыми және педагогикалық даярлық барысында:

түсінігі болу керек:

- түлектің әлеуметтілік мобильділігін қамтамасыз ететін Қазақстан қоғамындағы саяси, экономикалық, мәдени-тарихи жағдайлар туралы;

- қазақстандық филологиялық ғылыми мектептер туралы;

- жас ерекшелігі психологиясы туралы;

 білуі керек:

- лингвистиканың / әдебиеттанудың терминологиялық-ұғымдық аппаратын, негізгі теориялық әдістемелік принциптерін; қазіргі ғылым парадигмасындағы лингвистиканың және әдебиеттанудың өзекті бағыттарын, олардың маңызды мәселелері мен жетістіктерін;

- лингвистикалық / әдебиеттану зерттеулерінің әдістері мен амалдарын;

- тіл бағдары деңгейінде кем дегенде бір шет тілін еркін білуі;

- Қазақстан Республикасындағы білім беру концепциясының негізгі бағыттары мен проблемаларын;

- инновациялық технологияны, ЖОО-да және мектепте тіл / әдебиетті оқытудың дәстүрлі амалдары мен тәсілдерін;

- тіл бағдары деңгейінде кем дегенде бір шет тілін еркін білуі;

 істей білу керек:

- тіл мен әдеби үдерістердің бағыттары мен жай-күйін бағалауды;

- алдағы қызметінде тілдік / әдебиеттану ғылымының әдістері, сондай-ақ шектес ғылымдардың концептуалды және әдістемелік аппаратын пайдалануды;

- танымының нәтижесін жинақтауды және оны жаңа білім алудың құралы ретінде пайдалануды;

- кәсіби компетенцияның тілдік параметрлерін еркін білуі, логикасына және таңдау қабілетіне сүйене отырып, ауызша және жазба ғылым тілінің адекватты стилін таңдауды;

- инновациялық технологияны, ЖОО-да және мектепте тіл / әдебиетті оқытудың дәстүрлі амалдары мен тәсілдерін;

- мемлекеттің тіл, әдебиет, тіл саясатындағы көңіл бөлетін құнды мәселелеріне сәйкес өзінің көзқарасын жеткізуді және негіздеуді;

- Интернет жүйесінде жұмыс істей алуды және оның қызметін пайдалануды;

- шешім шығаруды және оның жүзеге асуына ат салысуды, өзінің мүддесін өндіріс пен қоғамның талаптарымен байланыстыра алуды;

- ғылыми таным құралдары мен жаңа әдістерін, қазіргі ақпараттық мәдениеттің жетістіктерін белсенді пайдалана отырып, филология саласындағы ғылыми проблеманы көтеруді, негіздеуді және шешуді, білімді интеграциялауды;

- ғылыми ұжымда жұмыс істеуді, ғылыми-кәсіптік қызметте коммуникацияны жүзеге асыруды, ғылыми-зерттеу үдерісінің және ғылыми зерттеу іс-әрекетінің ұйымдастыру ақпаратын меңгеруін;

- жоғары және орта оқу орындарында жаңа әдістерді, технологияны, РС-ді ескере отырып, оқыту құралдарын пайдалануды;

дағдысы болу керек:

- жүйелі ойлау, инновациялық-танымдық, инициативтік, өзіндік шығармашылық іс-әрекет мәдениетінің;

- білім беру өрісінде филологиялық пәндерді оқытуды жоғары теориялық және әдістемелік деңгейде ұйымдастыру;

- әртүрлі типтегі мәтін редакторларымен жұмыс істеу, жаңа ақпараттық технологияны қолдана отырып, мәліметтер компьютерлік өңдеуден өткізу;

- инновациялық ғылыми-педагогикалық технология, оқытудың интерактивті әдістері;

- ресми және бейресми жағдайда этикет ережелерін, қарым-қатынас мәдениетін сақтау;

- белсенді ізденіс пен ғылыми ақпаратты пайдалануды қамтамасыз ететін ілімді жаңарту, кәсіби өсу, әлеуметтік, экономикалық, кәсіби ролдердің динамикасы жағдайында аз шығынмен жұмыс бейінінің ауысуы мүмкіндігі;

- игерген білімінің тұтас кешенін және компетенттік аспектідегі біліктілігін іс жүзінде қолдану;

білікті болуы керек:

- филология және педагогика ғылымдарының әдістемелік аппаратын және жалпы ғылыми әдістемелікті кәсіби қызметінде қолдануда;

- оқытудың белсенді әдістерінің психологиялық негіздерін білуде; этикалық және адамгершілік құндылықтарды белсенді насихаттау мен қорғауда; интеллектуалдық қабілет пен моральдық беделді пайдалана алуда; тұлғааралық қарым-қатынас пен өзін-өзі жетілдіруде;

- әлеуметтік-экономикалық және білім беру әлеуетінің үнемі дамуы мен өсуімен байланысты жағдайларда, әр түрлі мәдениеттің, діни конфессия және әлеуметтік топтардың өкілдерімен сыпайы, түсіністік және жемісті қарым-қатынас жасауда;

- кәсіби компетенцияның тілдік параметрлерін еркін білуі, логикасына және таңдау қабілетіне сүйене отырып, ауызша және жазба ғылым тілінің адекватты стилін таңдауда;

- экологиялық мәселелерде табиғи және мәдени ортаны қорғау мен сақтаудың қажеттілігін сезіне отырып, әлемге деген этикалық жауапты қатынасты қалыптастыру және алған білімді педагогикалық қызметке енгізуде;

- басқарудың экономикалық және ұйымдастыру теориясында, лидерлікте, адам ресурстарын, өндіріс және сапаны басқарудағы ақпараттық үдерістерде; менеджмент негізінде, стратегиялық жоспарлауда; инновациялық үдерістер мен білім беру жобалары экономикасы мен менеджментін ұйымдастыру барысында;

- Қазақстанның әлуметтік-экономикалық және саяси дамуы мәселелерінде; білім беру және мәдениет саласына байланысты заңдық және нормативтік құқықтық актілерді қолдануда;

 

8 Магистрлік білім беру бағдарламаларының шарттарына және әзірленуіне қойылатын талаптар

 

8.1 Магистрант ғылым кандидаты немесе ғылым докторы атағы  бар немесе мамандық бойынша PhD докторы академиялық дәрежесі бар және аталған салада ғылыми зерттеу жұмысымен белсенді айналысатын ғылыми жетекшінің басшылығымен бірлесе отырып жасалған жеке жұмыс жоспары негізінде оқытылады. Жеке жұмыс жоспары оқудың барлық кезеңіне құрастырылады.

Қажетті жағдайда жақын ғылым саласынан ғылыми кеңесші тағайындауға болады.

Магистранттың жеке жұмыс жоспары оқу мерзімінің барлық кезеңіне жасалынады. Ол төмендегі тарауларды қамтиды:

- жеке оқу жоспары (қажетті жағдайда жыл сайын нақтыланады);

- ғылыми-зерттеу / эксперименттік-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, мерзімі мен есеп беру түрі);

- практика (бағдарлама, база, мерзімі мен есеп беру түрі);

- магистрлік диссертация (жұмыс) тақырыбы негіздемесі мен құрылымы;

- магистрлік диссертация (жұмыс) орындау жоспары;

- ғылыми жарияланым, тәжірибеден өту (қажет жағдайда) жоспары.

8.2 Білім алушының оқу жетістіктерінің бақылау нәтижелерін  халықаралық білім кеңістігінде танылуын қамтамасыз ету үшін,  білімді  бағалау  әріптік және  рейтингілік-баллдық жүйе арқылы жүргізіледі.

8.3 Практиканы ұйымдастыруға қойылатын талаптары:

Ғылыми және педагогикалық магистратурадағы білім беру бағдарламасы практиканың  төмендегі түрлерін қарастырады: педагогикалық, зерттеу практикасы.

Педагогикалық практика жоғары оқу орындарында оқытудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Ол оқу жоспары анықтайтын мерзімде жеке жоспарға сәйкес іске асады. Магистрант өз кафедрасының оқу үдерісіне қатысып, оқытушылардың бақылауымен дәрістер мен практикалық сабақтардың тиісті циклін өткізуі керек. Тәжірибеден өту барысында магистрант өзінің оқу жоспарын құруы және оны жүзеге асыруы тиіс, оқу үдерісінің аяқталған кесіндісін көрсететін сабақтарды жоспарлауы және жүйелі өткізуі керек. Тәжірибе қорытындысына сәйкес магистранттар өзі атқарған қызмет түрлерін сараптаған есеп береді.

Зерттеу тәжірибесі төмендегі дағдыларды меңгеру мақсатында өткізіледі: зерттеудің міндетін анықтау және жоспарын түзу; зерттеу нысаны мен предметін, аясын анықтау; мәселені қою, мақсаттар мен міндеттерді құру; зерттеу нысанына сәйкес тиісті зерттеу әдістерін таңдау; жүзеге асырылған ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындыларын есеп, реферат, мақала, баяндама жүзінде ұсыну; ғылыми-зерттеу ісінің мақсатты жоспарын, оның құрылымын түзу, ғылыми коммуникацияға қатынасу (ауызша баяндамалар, жарияланымдар және т.б.).

Педагогикалық практиканың өткізілетін орны жоғары оқу орындары;

зерттеу практикасының өткізілетін орны филологиялық зерттеулермен айналысатын жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу мекемелері болып табылады.

Профильдік магистратураның білім беру бағдарламасы өндірістік практиканы қамтылуы тиіс.

Өндірістік практика келесі машықтарды игеру мақсатында жүзеге асырылады: зерттеу гипотезасын негіздеу; деректік материал жинау, компьютерлік бағдарламалар мен Интернет ресурстарын пайдалана отырып, библиографиялық жұмысты орындау; қазіргі компьютерлік технологияларды қолдану арқылы әртүрлі лингвистикалық / әдебиеттанушылық эксперименттер жүргізу; зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми ақпараттарды өңдеу; ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиеттердегі мәліметтерді ескере отырып, алынған нәтижелерді өңдеу, зерделеу және талдау; зерттеудің жаңа әдістемелерін қолдану және оларды нақты зерттеуге модификациялау.

Практика барысында магистранттарға өздері жасаған бағдарламалар бойынша эксперименттік зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беріледі. Магистрлік диссертация тақырыбы бойынша зерттеу жүргізуге неғұрлым көп көңіл бөлінеді. Тәжірибе қорытындысы ретінде магистрант эксперименттік зерттеуден алынған нәтижелер мен әдістеме сипаттамасы қамтылған сараптамалық есеп тапсырылады.

Практика өткізілетін орын:

филологиялық зерттеулер жүргізуде эксперименттік алаң ретінде қаралатын ғылыми-зерттеу мекемелері.

8.4. Зерттеу / өндірістік практика мазмұны диссертациялық зерттеудің тақырыбымен анықталады.

8.5. Практиканың барлық түрі оқу жоспарында белгіленгендей жеке  жоспар мерзіміне сәйкес орындалады.

8.6. Магистранттың ғылыми-зерттеу / эксперименттік-зерттеу жұмысына қойылатын талдаптары:

Бағдарламаның ғылыми-зерттеу бөлімі:

- магистрлік диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблематикасына сәйкес болуы тиіс;

- өзекті, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңызы бар болуы тиіс;

- отандық және шетелдік ғылым мен тәжірибенің қазіргі теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделген болуы тиіс;

- ғылыми-зерттеудің жаңа әдістерін пайдалануға, компьютерлік технология мен алынған мәліметтерді өңдеу мен интерпретациялаудың жаңа әдістеріне сүйенуі тиіс;

- бағдарламаның экспериментальды-зерттеу бөлімі төмендегі біліктілікті қамтамасыз етуі тиіс:

- зерттеудің міндетін анықтауы және жоспарын түзуі;

- жаңа компьютерлік технологияны пайдаланып библиографиялық жұмысты орындау;

- зерттеуге қажетті әдістерді таңдау, зерттеудің қазіргі әдістемесін білу және оны зерттеудің нақты мақсатына қарай жаңарту;

- алынған нәтижелерді өңдеу, сараптау және оларды ғылыми-әдістемелік әдебиеттердегі мәліметтерге сәйкес интерпретациялау;

- орындалған жұмысты есеп, реферат, мақала, баяндама т.б. түрінде қорытындылау;

8.7. Магистрант ғылыми зерттеу / эксперименттік зерттеу жұмыстардың нәтижелерін әрбір академиялық кезеңнің соңында магистранттың есебі түрінде өткізеді.

Магистранттың ғылыми-зерттеу / экспериментальды-зерттеу жұмысының нәтижесі  магистрлік диссертация (жұмыс) болып табылады. Оны дайындауға  6 кредит (кәсіби дайындық) және 11 кредит (ғылыми және педагогикалық дайындық) бөлінеді.

Магистрлік диссертацияның негізгі нәтижесі кем дегенде бір басылыммен және ғылыми-практикалық конференцияға қатысуымен ұсынылуы керек.

8.8. Магистрлік диссертацияның (жұмыстың) мазмұны мен жазылуына, оның дайындығы мен қорғалуына қойылатын талаптар білім саласындағы өкілетті органның нормативті-құқықтық актылерімен анықталады.

8.9. Кадрмен қамтамасыз етілу талабы:

6N0205 – Филология мамандығы бойынша магистрлерге білім беру бағдарламасы білім беру қызметіне лицензиясы бар мекемелерде жүзеге асырылады, мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартындағы базалық және профильдік пәндер циклы бойынша дәріс беретін ғылым докторлары, ғылым кандидаттары атағы және философия докторы (РһD), профильдік доктор академиялық дәрежесі бар штаттағы оқытушылардың 45% -нен кем болмауы керек.

8.10. Магистратурадағы дәрісті ғылым кандидаты мен ғылым докторы атағы және РhD академиялық дәрежесі бар немесе ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлер өткізуі тиіс.

Профильдік магистратурадағы дәрістерді жүргізуге осы профильдік басқарудың  жоғары буынның тәжірибелі мамандары шақырылады.

8.11 Магистратурадағы оқу дәрістері инновациялық технологияны және интерактивті оқу әдісін қолдану арқылы жүргізілуі тиіс.

8.12. Оқытушылар оқытудың интерактивті әдісін және технологияларын біліп, оны оқу үдерісінде қолдануы тиіс. 

8.13     Оқу-әдістемемен қамтамасыз етудің талаптары:

Оқу үдерісінің оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыздығы магистранттардың білім алу бағдарламасын сапалы түрде меңгеруіне кепілдік беру керек.

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру барысында халықаралық ақпараттық жүйелерді, мәліметтердің электрондық базасын, кітапхана қорын, компьютерлік технологияны, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді кеңінен пайдалану мүмкіндігі  қамтамасыз етілуі тиіс

8.14 Магистратураның білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын мекемелерде оқу жоспарында көрсетілген теориялық, практикалық  дайындықтың барлық түрлерін жүргізу үшін, сонымен қатар магистранттың ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмыстарының нәтижелі орындалуына жағдай жасалуы үшін санитарлық-техникалық нормаларға сәйкес материалды-техникалық база (аудиториялық қор, компьютерлік класс, зертхана, приборлық қамтамасыздық, қор материалдары) болуы қажет.

Жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелер жарияланымдарының басылуына мүмкіндік туғызу керек. 

 

9. Магистрлерге білім беру бағдарламасын орындаған магистранттың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

 

9.1 Жалпы талаптар

Магитратураны бітіруші Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, бала құқығы туралы Конвенцияны; ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және ұйымдастыру-басқару міндеттерін шешуге керекті жалпытеориялық пәндердің қажетті мөлшердегі негізін; білім беру мен педагогикалық ғылымның негізгі бағыттары мен болашақтағы даму жоспарын; еңбекті ғылыми ұйымдастыруды; еңбекті қорғаудың ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік және өрттен қорғану техникасын білуі тиіс. Бітірушінің филология саласы бойынша іргелі, ғылыми және кәсіби педагогикалық дайындығы болуы тиіс; филология мен білім беру саласына бағытталған білім беру және зерттеу міндеттерін шешуге дайын болуы тиіс; ғылыми хабарды алу, өңдеу және сақтау әдістерін қоса алғандығы қазіргі ақпараттық технологияны меңгеруі керек, жаңа ғылыми және практикалық мәселелерді көтеруі және шешімін табуы тиіс; таңдаған ғылыми мамандығы бойынша ғылыми-зерттеу / эксперименттік-зерттеу іс-әрекеттерін жоспарлауы және жүргізе алуы тиіс; ЖОО-да сабақ бере алуы; таңдалған мамандық бойынша кәсіби қызметті ұйымдастыру, педагогикалық, басқаруды жүзеге асыруы тиіс; оқушылардың оқытылу деңгейін; оқыту барысында кездесуге тиісті қиындықтарды алдын ала болжауы; педагогикалық қөызмет барысында ретке келтірушілік және дамытушылық әрекеттерді іске асыра алуы шарт.

9.2. Магистратураның арнайы пәндер бойынша білім беру бағдарламаларының игерілуі олардың оқу бағдарламаларымен анықталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша А

(міндетті)

6N0205 – Филология мамандығы бойынша

Типтік оқу жоспары

ғылыми және педагогикалық дайындық)

 

Оқыту мерзiмi: 2 жыл

Академиялық дәреже: филология магистрі

 

Пәндер циклы

Пәндер коды

Пәндер атауы

Қредит көлемі

Семестр

Бақылау түрi

БП

Базалық пәндер

16

 

 

МК

Мiндеттi компонент

9

 

 

БП ТК

GTmF

 5201

Ғылым тарихы мен философиясы

2

1

емтихан

БПТК

 ShT 5202

Шет тiлi (кәсіби)

2

2

емтихан

БПТК

 Ped 5203

Педагогика

3

2

емтихан

БПТК

 Psi 5204

Психология

2

2

емтихан

 

Таңдау бойынша компоненттер

7

 

емтихан

ПП

Профильдiк пәндер

18

 

 

МК

Мiндеттi компонент

6

 

 

ППМК

TbA/KOTb/KOA/OM

5301

Тіл білімінің /әдебиеттану-

дың //қазақ/орыс тіл білімінің// қазақ/орыс әдебиеттануының өзекті мәселелері

2

1

емтихан

ППИК

Tb/A//KOTb/KOAFAM

5302

Тіл білімінің / әдебиеттанудың//қазақ/ орыс тіл білімінің//қазақ/ орыс әдебиеттануының философиялық-әдістемелік мәселелері

1

1

емтихан

ППМК

Tb/A//KOTb/KOAZhB

5303

Тіл білімінің/ әдебиеттанудың //қазақ/ орыс тіл білімінің//қазақ, орыс әдебиетануының жаңа бағыттары

2

2

емтихан

ППМК

KL//KKOTBU//KMT//KMI

5304

Корпустық лингвистика//қазіргі қазақ/орыс тіліндегі белсенді үдерістер //Көркем мәтін теориясы//

Көркем мәтін интерпретациясы

1

2

емтихан

ППТК

Таңдау бойынша компоненттер

12

 

емтихан

Тәжірибе

Педагогикалық

4

3

 

Зерттеу

2

4

 

Ғылыми-зерттеу жұмыстары (МҒЗЖ) және магистрлік диссертацияның орындалуы

 

11

4

 

Қорытындылау аттестациясы (ҚА)

1. Кешенді емтихан (КЕ)

 

1

4

 

2. Магистрлік диссертация қорғау (МДҚ)

1

4

 

Барлығы

 

47

 

 

 

* Тәжірибеге бөлінетін кредит саны жалпы жұмыс көлеміне енбейді. Қажет жағдайда ЖОО тәжірибеге бөлінетін кредит санын көбейте алады.

 

 

 


 

Қосымша Б

(міндетті)

6N0205 – Филология мамандығы бойынша

Типтік оқу жоспары

(профильдік дайындық)

Оқыту мерзiмi: 1,5 жыл

Академиялық дәреже: филология магистрі

 

Пәндер циклы

Пәндер коды

Пәндер атауы

Кредит

Көлемі

Семестр

Бақылау түрi

БП

Базалық пәндер

9

 

 

МК

Мiндеттi компонент

5

 

 

БПМК

 GTmF

 5201

Ғылым тарихы мен философиясы

1

1

емтихан

БПМК

 ShT 5202

Шет тiлi (кәсіби)

2

1

емтихан

БПМК

 Men 5203

Менеджмент 

1

1

емтихан

БПМК

 Psi 5204

Психология

1

1

емтихан

БПТК

Таңдау бойынша компонеттер

5

 

емтихан

ПП

Профильдiк пәндер

18

 

 

МК

Мiндеттi компонент

6

 

 

ППМК

TbA/KOTb/KOA/OM

5301

Тіл білімінің /әдебиеттану-

дың //қазақ/орыс тіл білімінің//қазақ/орыс әдебиетануыныңөзекті мәселелері

2

1

емтихан

ППМК

Tb/A//KOTb/KOAFAM

5302

Тіл білімінің /әдебиеттанудың//қазақ/орыс тіл білімінің //қазақ/орыс әдебиеттануының философиялық-әдістемелік мәселелері

1

2

емтихан

ПП

Tb/A//KOTb/KOAZhB

5304

Тіл білімінің/әдебиеттанудың//қазақ/орыс тіл білімінің//қазақ/орыс әдебиеттануының жаңа бағыттары

2

2

емтихан

ППМК

KL//KKOTBU//KMT//KMI

5304

Корпустық лингвистика//қазіргі қазақ/орыс тіліндегі белсенді үдерістер //Көркем мәтін теориясы//

Көркем мәтін интерпретациясы

1

2

емтихан

ППТК

Таңдау бойынша компоненттер

12

 

емтихан

Тәжірибе*

Өндірістік

5

3

 

Эксперименттік-зерттеу жұмыстары (МЭЗЖ) және магистрлік диссертацияның орындалуы

 

 

 

 

6

 

4

 

Қорытындылау аттестациясы (ҚА)

1. Кешенді емтихан (КЕ)

 

1

 

4

 

2. Магистрлік диссертация қорғау (МДҚ)

 

1

 

4

 

Барлығы

 

36

 

 

 

* Тәжірибеге бөлінетін кредит саны жалпы жұмыс көлеміне енбейді. Қажет жағдайда ЖОО тәжірибеге бөлінетін кредит санын көбейте алады.

 

 

 

 

 

 

__________________________________________________________________

УДК           37:006.354.(574                    МКС 03.180                           Т 50

 

Түйінді сөздер: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, кредиттік оқыту жүйесі, кредит, магистратура, магистрант, магистрлер, тұлғаны даярлау деңгейіне қатысты талаптар, магистрлар даярлаудың мамандығы, магистратураның білім беру бағдарламалары, магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгеру, магистратураның білім беру бағдарламаларына қойылатын талаптар, міндетті компонент, таңдау компоненті.

 

 

 

 

 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

ректоры, РОӘК секциясының

төрағасы, т.ғ.д., профессор

 

 

Б.Т. Жұмағұлов

 

 

Авторлық ұжым

 

Авторлық ұжым басшысы:

филология ғылымдарының

докторы, профессор

 

 

Э.Д. Сүлейменова

 

 

Орындаушылар:

 

филология ғылымдарының

докторы, профессор

 

Б.Қ. Майтанов

 

филология ғылымдарының

докторы, профессор

 

З-Ғ.Қ. Бисенғали

 

филология ғылымдарының

докторы, профессор

 

З.К. Сабитова

 

филология ғылымдарының

докторы, профессор

 

Б.Қ. Момынова

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  39  40  41    ..