Құрылыс салуға жасалған шарттар

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 12

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  1  2  3  4  5  ..

 

 

Құрылыс салуға жасалған шарттар

 

 

11 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ

Құрылыс салуға жасалған шарттар

МАҚСАТЫ

Осы Стандарттың мақсаты құрылыс салуға жасалған шарттармен байланысты кірістер мен шығыстар есебі тәртібін белгілеу болып табылады. Құрылыс салуға жасалған шарттарға сәйкес жасалатын қызметтің сипатына қарай шарт бойынша жұмыстарды бастау күні мен шарт бойынша жұмыстарды аяқтау күні әдетте түрлі есептік кезеңдерде көрсетіледі. Сөйтіп, құрылыс салуға жасалған шарттар есебіндегі басты мәселе құрылыс жұмыстары жүргізілген есепті кезең жөніндегі шарт бойынша түсімдер мен шығындарды бөлу болып табылады. Пайда мен залал туралы есепте түсімдер мен шығыстар құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсімдер мен шығыстар ретінде танылуға тиіс болған кезін анықтау үшін осы Стандарт қаржы есептілігін әзірлеу мен ұсыну қағидаттарында белгіленген тану өлшемдерін пайдаланады. Ол сондай-ақ осы өлшемдерді қолдану жөнінде іс жүзіндегі нұсқаулар береді.

ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

1.         Осы стандарт құрылыс салуға жасалған шарттар үшін мердігерлердің қаржы есептілігінде қолданылуға тиіс.

2.         Осы Стандарт 1978 ж. бекітілген 11-«Мердігер шарттарын есепке алу» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартын алмастырады.

АНЫҚТАМАЛАР

3.         Осы Стандантта мына терминдер төменде көрсетілген мәндерінде пайдаланылады:

Құрылыс салуға жасалған шарт - бұл активтің немесе олардың құрылымы, технологиясы мен қызметі немесе түпкі мақсаты немесе пайдалануы жағынан өзара тығыз байланысты немесе өзара тәуелді активтер кешенін салуға арнайы жасалған шарт.

Белгіленген бағасы бар шарт - бұл шарт, оған сәйкес мердігер шарт бойынша өнімнің әрбір бірлігі бойынша белгіленген бағасына немесе белгіленген ставкасына келіседі, мұның өзі шығындардың өсуіне байланысты көтерілуі мүмкін.

«Шығындарды қосу» шарты - бұл құрылыс салуға жасалған шарт, оған сәйкес мердігерге жол берілетін немесе өзгеше анықталатын осы шығындардан шығындарға қосылған пайыздар немесе белгіленген сыйақы өтеледі.

4.         Құрылыс салуға жасалған шарт бір объектінің ғимараты, мысалы, көпірлер, үйлер, бөгеттер, труба құбырларын, жолдар, кемелер мен үңгіме жолдар алу үшін жасалуы мүмкін. Мұндай шарт құрылымы, технологиясы мен қызметі немесе олардың түпкі мақсаты немесе пайдалануы жағынан өзара тығыз байланысты немесе өзара тәуелді бірқатар объектілер құрылысы үшін де жасалуы мүмкін; мұнай өңдеу зауыттарын немесе басқа күрделі негізгі құралдарды салуға жасалған шарттар осының мысалы бола алады.

5.         Осы Стандарттың мақсаттары үшін құрылыстар салу шартына мыналар жатады:

(а) объектілерді салумен, мысалы, жобаларды басқару және сәулетшінің қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтер көрсетуге тікелей байланысты жасалған шарттар; және

(b) объектілерді қиратуға және қалпына келтіруге, объектілерді бұзғаннан кейін қоршаған ортаны қалпына келтіруге жасалған шарттар.

6.         Құрылыс салуға жасалған шарттар әр алуан қалыптастырылуы мүмкін, бірақ осы Стандартқа сәйкес олар белгіленген бағасы бар құрылыс салуға жасалған шарттар және «шығындарды қосу» шарттары ретінде сараланады. Кейбір құрылыс салуға жасалған шарттар, мысалы, келісілген ең көп бағасы бар «шығындарды қосу» шарттары жағдайындағы сияқты шарттарының екі түрінің сипаттамасы болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда мердігер 23 және 24-параграфтарда мазмұндалған жағдайларды құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсімдер мен шығындарды қай кезде тану керектігін анықтау үшін қарауы қажет.

ҚҰРЫЛЫС САЛУҒА ЖАСАЛҒАН ШАРТТАРДЫ БІРІКТІРУ МЕН БӨЛУ

7.         Әдетте осы Стандарттың талаптары құрылыс салуға жасалған шарттың әрқайсысына бөлек қолданылады. Алайда белгілі бір жағдайларда Стандартты бірыңғай шарттың бөлек анықталатын құрамдас бөліктеріне немесе шарттың немесе шарттардың тобының мәнін көрсету үшін шарттар тобына бірге қолдану керек.

8.         Шарт бірқатар объектілерді қамтыған кезде олардың әрқайсысы құрылыс салуға жасалған бөлек шарт ретінде қарастырылуға тиіс; егер:

(а) әрбір объектінің құрылысына жеке жоба берілетін болса;

(b)        әрбір объекті бойынша жеке келіссөздер жүргізілетін және мердігер мен тапсырыс берушінің әрбір объекті жөніндегі шарттың бір бөлігін қабылдау немесе қайтарып тастау мүмкіндігі болса; және

(с) әрбір объекті бойынша шығыстар мен түсім анықталуы мүмкін болса.

9.         Шарттар тобының, бір немесе бірнеше тапсырыс берушімен жасалуына қарамастан, құрылыс салуға жасалған бірыңғай шарт ретінде қарастырылуға тиіс, егер:

(а) келіссөздер шарттардың тобынан тұратын пакет бойынша жүргізілетін болса;

(b) шарттар пайданың жалпы нормасымен осы шарттар іс жүзінде бірыңғай жобаның бөлігі болып табыла отырып өзара мейлінше тығыз байланысты болса; және

(с) шарттар бір мезгілде немесе үздіксіз жүйелілікте орындалатын болса.

10.       Шарт тапсырыс берушінің қалауы бойынша қосымша объекті құрылысын салуды көздеуі мүмкін немесе қосымша объектінің құрылысы туралы ережені енгізу үшін өзгеруі мүмкін. Қосымша актив құрылысы құрылыс салуға жасалған жеке шарт ретінде қарастырылуға тиіс, егер:

(а) объекті өзінің құрылымы, технологиясы мен қызметі жағынан объектіден немесе бастапқы шартпен көзделген объектілерден елеулі түрде өзгешелігі болса; не

(b) объектінің бағасы туралы келіссөздер бастапқы шарттың құнына қарамастан белгіленетін болса.

ҚҰРЫЛЫС САЛУҒА ЖАСАЛҒАН ШАРТ БОЙЫНША ТҮСІМ

11.       Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсімге мыналар енуге тиіс:

(а) шартта келісілген табыстың бастапқы сомасы; және

(b) шарттың талаптарынан ауытқулар, наразылықтар мен ынталандыру төлемдері:

(і) олардың түсімнің туындауына әкеп соқтыратын деңгейіндегі; және

(іі) олардың шынайы бағалауға лайықтылары.

12.       Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсім алынған немесе алынуға тиісті өтеудің әділ құны бойынша өлшенеді. Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсімді бағалау болашақ оқиғалардың нәтижесіне байланысты болатын әр түрлі екіұштылыққа ұшырайды. Есептік бағалаулар көбінесе оқиғалардың басталуы мен екіұштылықтардың жойылуына қарай қайта қарауды қажет етеді. Сондықтан құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсім сомасы бір кезеңнен келесі кезеңге артуы немесе кемуі мүмкін. Мысалы:

(а) мердігер мен тапсырыс беруші шарт жасалғаннан кейінгі кезеңде құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсімді арттыратын немесе кемітетін ауытқуды немесе қарсылықты келістіруі мүмкін;

(b) белгіленген бағасы бар шартта келісілген түсім сомасы бағалардың артуына жол беретін ескертулер нәтижесінде ұлғаюы мүмкін;

(с) құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсім сомасы мердігердің кінәсінен шартты орындауда кешіктірулер нәтижесінде туындаған айыппұл санкцияларының нәтижесінде кемуі мүмкін; не

(d) белгіленген бағасы бар шарт шығарылатын өнімді шығаруға белгіленген үлесті көздеген кезде құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсім шығарылған бұйымдар санының артуына қарай ұлғаяды.

13.       Ауытқу - бұл тапсырыс берушінің құрылыс ұйымына құрылыс салуға жасалған шарт бойынша орындалатын жұмыстар ауқымының өзгеруіне берген нұсқауы. Ауытқу құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсімнің артуына немесе кемуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Ауытқудың мысалы объекті сипаттамасының немесе құрылымының өзгеруі және шарт мерзімінің ұзақтығының өзгеруі болып табылады. Ауытқуға құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсім сомасы жатады, егер:

(а) тапсырыс беруші осы ауытқудың және осыған байланысты туындайтын кіріс сомасының ықтималдығы болуын мақұлдайтын болса; және

(b) түсім сомасы сенімді түрде өлшенетін болса.

14.       Шағым - құрылыс ұйымы мердігер тапсырыс берушіден немесе басқа тараптан шарт бағасына енгізілмеген шығындарды өтеу ретінде алуға ұмтылатын сома. Шағым, мысалы, тапсырыс берушінің кінәсінен кідірістердің, құрылыс салуға жасалған шарт бойынша техникалық сипаттамалардағы немесе құрылымдардағы қателіктер және даулы ауытқулар нәтижесінде туындауы мүмкін. Шағымдар нәтижесінде туындайтын түсім сомасының өлшемінде екіұштылықтың жоғары деңгейі болады және көбінесе келіссөздердің нәтижелеріне байланысты болады. Сондықтан шағымдар құрылыс салуға жасалған шарт бойынша кіріске тек мына жағдайларда ғана жатады:

(а) тапсырыс беруші шағымды танығанда келіссөздер ілгерілеу сатысына жеткен кезде; және

(b) тапсырыс беруші танитын сома, әлбетте, сенімді түрде бағаланған кезде.

15.       Ынталандыру төлемдері - бұл, егер жұмыстарды орындаудың белгіленген стандарттары сақталатын немесе артып кететін болса, құрылыс ұйымы төлейтін қосымша сома. Мысалы, шартта мердігердің құрылыс салуға жасалған шарт бойынша жұмыстарды мерзімінен бұрын аяқтағаны үшін ынталандыру төлемі көзделуі мүмкін. Ынталандыру төлемдеріне құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсім жатады, егер:

(а) жұмыстарды орындаудың белгіленген стандарттары сақталуының немесе артып кетуінің мейлінше ықтималдығы болған кезде шарт атқарылу сатысына жететін болса; және

(b) ынталандыру төлемдері деңгейі сенімді түрде өлшенуі мүмкін болған кезде.

ҚҰРЫЛЫС САЛУҒА ЖАСАЛҒАН ШАРТ БОЙЫНША ШЫҒЫНДАР

16.       Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша шығындарға мыналар жатады:

(а) нақты шартпен тікелей байланысты шығындар;

(b) тұтастай алғанда мердігер шарты бойынша іс-шараларға жатқызуға болатын және нақты шартқа жатқызылуы мүмкін шығындар; және

(с) шарт талаптарына сәйкес тапсырыс берушілерге төленуге тиіс осындай басқа да шығындар.

17.       Нақты шартқа тікелей қатысты шығындарға мыналар жатады:

(а) құрылыс алаңындағы қадағалауды қоса алғанда, құрылыс алаңындағы жұмысшылардың жалақысы;

(b) құрылыс салу кезінде пайдаланылған материалдардың құны;

(с) шартты орындау үшін пайдаланылған негізгі құралдардың амортизациясы;

(d) құрылыс алаңына және одан машиналарды, жабдықтар мен материалдарды көшіріп орнатуға жұмсалған шығындар;

(е) машиналар мен жабдықтар жалдауға жұмсалған шығындар;

(f) шартпен тікелей байланысты конструкторлық және техникалық қолдауға жұмсалған шығындар;

(g) қателіктерді түзету мен кепілдік жұмыстарға жұмсалған болжамды шығындар, оның ішінде кепілдік жөндеу шығындары; және

(h) үшінші тараптардың шағымдары.

Бұл шығындар құрылыс салуға жасалған шарт бойынша кіріске енгізілмеген кездейсоқ табыспен, мысалы, шарт орындалғаннан кейін материалдардың артықтарын сатудан және машиналар мен жабдықтардың шығарылуынан түскен табыспен кемуі мүмкін.

18. Тұтастай алғанда құрылыс салуға жасалған шарт бойынша қызметке жатқызылуы мүмкін шығындар, сондай-ақ нақты шарттарға жатқызылуы мүмкін, ол шығындарға мыналар жатады:

(а) сақтандыру төлемдері;

(b) нақты шартпен тікелей байланысты емес конструкторлық және техникалық қолдауға жұмсалған шығындар; және

(с) құрылыс бойынша үстеме шығыстар.

Мұндай шығындар ұқсас сипаттамалары бар барлық шығындарға дәйекті түрде қолданылатын жүйелі және ұтымды әдістер көмегімен бөлінеді. Оларды бөлу құрылыс қызметінің қалыпты көлеміне негізделеді. Құрылыс бойынша үстеме шығындарға құрылыс қызметкерлері құрамының жалақысы бойынша деректерді әзірлеуге және өңдеуге жұмсалатын шығындар сияқты шығыстар жатады. Тұтастай алғанда құрылыс салуға жасалған шарт бойынша қызметке жатқызылуы мүмкін шығындар нақты шарттарға жатқызылуы мүмкін, егер мердігер 23-«Қарыздар бойынша шығындар» IAS Халықаралық стандартында берілетін баламалы әдісті қабылдайтын болса, қарыздар қаражатын пайдалану бойынша шығындар қосылады.

19.       Шарттың талаптары бойынша тапсырыс беруші тікелей алып жүретін шығындар өтелуі шартпен көзделген жалпы әкімшілік шығыстар мен әзірлеуге жұмсалған шығындардың бір бөлігіне қосылуы мүмкін.

20.       Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша мердігердің қызметіне жатпайтын және құрылыс салуға жасалған шартқа жатқызылмайтын шығындар құрылыс салуға жасалған шарт бойынша шығындарға қосылмайды. Мұндай шығындарға мыналар жатады:

(а) өтелуі шарттың талаптарымен көзделмеген жалпы әкімшілік шығыстар;

(b) өткізу бойынша шығындар;

(с) өтелуі құрылыс салуға жасалған шартпен көзделмеген зерттеулер мен талдамаларға жұмсалатын шығындар; және

(d) нақты шарт бойынша пайдаланылмайтын тоқтатылып қалған машиналар мен жабдықтардың амортизациясы.

21.       Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша шығындарға оған қол қойылған күннен бастап толық аяқтауға дейінгі кезең ішінде құрылыс салуға жасалған шартқа жатқызылатын шығындар жатады. Алайда шартпен тікелей байланысты және оны жасасу үшін шеккен шығындар да, егер олар жеке анықталатын және сенімді түрде өлшенетін болса, сонымен бірге, егер шарт жасалған болса, құрылыс салуға жасалған шарт бойынша шығындардың бірбөлігі ретінде жатқызылады. Егер де шарт жасауды қамтамасыз ету кезінде шеккен шығындар олардың туындауы кезеңінде шығыстар ретінде танылатын болса, егер шарт келесі кезеңде жасалатын болса, олар құрылыс салуға жасалған шарт бойынша шығындарға жатпайды.

ҚҰРЫЛЫС САЛУҒА ЖАСАЛҒАН ШАРТ БОЙЫНША ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫСТАРДЫ ТАНУ

22.       Егер құрылыс салуға жасалған шарттың нәтижесі сенімді бағаланған болса, ол бойынша түсім және шығындар тиісінше есепті күнгі құрылыс салуға жасалған шарт бойынша жұмыстың аяқталу кезеңіне сілтемелер беру арқылы түсімдер мен шығыстар ретінде танылуға тиіс. Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша күтілетін залал 36-параграфқа сәйкес шығыстар ретінде дереу танылуға тиіс.

23.       Белгіленген бағасы бар шарт жағдайында құрылыс салуға жасалған шарт бойынша нәтиже мына төмендегі барлық жағдайларды сақтаған кезде сенімді бағалануы мүмкін:

(а) шарт бойынша жиынтық түсім сенімді түрде бағалануы мүмкін;

(b) шартпен байланысты экономикалық пайдалардың компанияға түсуі ықтимал болғанда;

(с) құрылыс салуға жасалған шартты аяқтау үшін қажетті шарт бойынша шығындар, сондай-ақ есепті күнгі құрылыс салуға жасалған шарт бойынша жұмыстардың аяқталуының сатысы сенімді түрде бағалануы мүмкін; және

(d) құрылыс салуға жасалған шартқа жатқызылатын шарт бойынша шығындар айқын сәйкестендірілуі және сенімді түрде бағалануы мүмкін, демек құрылыс салуға жасалған шарт бойынша іс жүзінде шеккен шығындар бұрын жүргізілген есептік бағалаулармен салыстырылуы мүмкін.

24.       «Шығындарды қосу» шарты жағдайында құрылыс салуға жасалған шарт бойынша төмендегі барлық жағдайларды сақтаған кезде дұрыс бағалануы мүмкін:

(а) шартпен байланысты экономикалық пайдаларды компания алу ықтимал болғанда;

(b) құрылыс салуға жасалған шарт бойынша шығындар, олардың нақты өтеуге жатқызылуына немесе жатқызылмауына қарамастан, оған жататын шығындар айқын сәйкестендірілуі және сенімді түрде бағалануы мүмкін.

25.              Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша жұмыстардың аяқталу сатысына қатысты түсімдер мен шығыстарды тану көбінесе «орындалған жұмыстың үлесі бойынша» әдіс деп аталады. Осы әдіске сәйкес шарт бойынша түсімдер белгілі бір аяқталу сатысына жету кезінде шеккен шарт бойынша шығындармен қатыстылықта болады, бұл ретте олар есептілікте жұмыстардың аяқталған бөлігіне жатқызылуы мүмкін түсімдер, шығыстар және пайда туралы хабарлама беріледі. Бұл әдіс құрылыс салуға жасалған шарт бойынша жұмыстардың көлемі және кезең ішіндегі қызмет нәтижелері туралы пайдалы ақпарат береді.

26.         «Орындалған жұмыстың үлесі бойынша» әдіске сәйкес құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсім тиісті жұмыс орындалған кездегі есепті кезеңдердегі пайда мен залал туралы есепте көрсетіледіҚұрылыс салуға жасалған шарт бойынша шығындар әдетте жұмыс орындалған кезде осы кезеңдерге жататын жұмыс орындалған кезде есепті кезеңдердегі пайда мен залал туралы есепте көрсетіледі. Алайда шарт бойынша сомалық шығындардың шарт бойынша сомалық кірістен күтілетін артуы 36-параграфқа сәйкес шығыс ретінде дереу танылады.

27.         Мердігер ол жөніндегі болашақ қызметпен байланысты құрылыс салуға жасалған шарт бойынша шығындар шегуі мүмкін. Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша мұндай шығындар, егер оларды өтеу ықтимал болса, актив ретінде есептеледі. Мұндай шығындар тапсырыс берушіден алынуға тиісті сома болып табылады және көбінесе құрылыс салуға жасалған шарт бойынша аяқталмаған өндіріс болып бағаланады.

28.              Құрылыс шартының нәтижесі компания одан экономикалық пайда алуы ықтимал жағдайында ғана, сенімді түрде бағалануы мүмкін. Алайда, ендігі жерде құрылыс салуға жасалған шарт бойынша кіріске енгізілген және ендігі жерде пайда мен залал туралы есепте танылған соманы алу мүмкіндігіне қатысты екіұштылық туындаған кезде алынуы мүмкін емес сома, немесе өтелуі ықтимал болудан қалған сома құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсім сомасын түзету ретінде емес, қайта шығыс ретінде танылады.

29.         Әдетте, компания шарт жасалғаннан кейін сенімді бағалаулар жүргізуі мүмкін, ол мыналарды белгілейді:

(а) салыну көзделетін объектіге қатысты әрбір тараптың заңды құқықтары;

(b) болжамды қарсы өтеуді; және

(с) өзара есеп айырысулардың тәртібі мен шарттарын.

Компанияның, сондай-ақ, қаржылық жоспарлары мен есептілігінің тиімді ішкі жүйесі болуы қажет. Шарттың орындалуына қарай ол құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсімдер мен шығыстарды тексереді және қажет болған жағдайда оларды қайта қарайды. Мұндай қайта қараудың қажеттілігі шарт нәтижесінің сенімді түрде бағалануы мүмкін емес екенін білдіреді.

30.         Шарттың орындалу сатысы бірқатар әдістермен анықталуы мүмкін. Компания ол әдістерден орындалған жұмыстың сенімді түрде өлшенетінін қамтамасыз ететін әдісті пайдаланады. Шарттың сипатына қарай бұл әдістерге мыналар жатады:

(а) есеп жасалған күні жұмыстарды орындау үшін шеккен құрылыс салуға жасалған шарт бойынша шығындардың құрылыс салуға жасалған шарт бойынша жалпы шығындардың есептік деңгейіне қатынасын айқындау;

(b) орындалған жұмыстарды байқау; не

(с) құрылыс салуға жасалған шарт бойынша орындалған жұмыстардың қандай да бір табиғи үлесін нақты есептеу.

Тапсырыс берушілерден алынған аралық төлемдер мен аванстар көбінесе орындалған жұмысты көрсете бермейді.

31.         Орындалу сатысы есеп жасалған күні шеккен шарт бойынша шығындарға қатынасы бойынша анықталған кезде, тек орындалған жұмысты көрсететін құрылыс салуға жасалған шарт бойынша шығындар ғана белгілі біркүнге шеккен шығындарға жатқызылады. Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша орындалған жұмыс дәрежесін көрсетпейтін шығындардың мысалдары мыналар болып табылады:

(а) құрылыс алаңына жеткізілген немесе шарттың орындалуы жағдайында пайдалану үшін кейінге қалдырылған, бірақ әлі пайдаланыла қоймаған немесе, егер осы материалдар осы шарт үшін арнайы дайындалмаған болса, құрылыс салуға жасалған шарт бойынша пайдаланылмаған немесе қолданылмаған материалдардың құны сияқты, құрылыс салуға жасалған шарт бойынша болашақ қызметке жататын шығындар; және

(b) көмекші мердігер шарттары бойынша орындалған жұмыстар есебіне көмекші мердігерлерге аванстық төлемдер.

32. Егер құрылыс салуға жасалған шарттың нәтижесі сенімді түрде бағаланбайтын болса:

(а) түсім құрылыс салуға жасалған шарт бойынша шеккен шығындардың қандай дәрежеде өтелуі ықтимал болғанда ғана танылуы тиіс; және

(b) құрылыс салуға жасалған шарт бойынша шығындар олардың туындауы кезеңіндегі шығыстар ретінде танылуға тиіс.

Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша күтілетін залал 36-параграфқа сәйкес шығыс ретінде дереу танылуға тиіс.

33. Шартты орындаудың басталу сатыларында оның нәтижесін сенімді түрде бағалау көбіне қиын болады. Соған қарамастан компанияның құрылыс салуға жасалған шарт бойынша шеккен шығындарды өтеуі ықтимал болады. Сондықтан құрылыс салуға жасалған шарт бойынша кіріс шеккен шығындар өтелуі күтілетін деңгейде ғана танылады. Өйткені шартты орындау нәтижесі сенімді түрде бағалануы мүмкін болмайды, пайда танылмайды. Алайда, тіпті егер шартты орындау нәтижесі сенімді түрде бағалануы мүмкін болмайтын болса, шарт бойынша жалпы шығындар құрылыс салуға жасалған шарт бойынша кірістің жалпы сомасынан артып кетуі де ықтимал. Мұндай жағдайларда шарт бойынша күтілетін жалпы шығындардың осы шарт бойынша жалпы түсімнен артуы 36-параграфқа сәйкес шығыс ретінде дереу танылады.

34. Мердігер шарты бойынша шығындар, олардың өтелу ықтималдығы нөлге тең болғанда, шығыс ретінде дереу танылады. Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша шеккен шығындарды өтеу ықтималдығы болмайтын және оларды шығыс ретінде дереу тану жағдайларының мысалдарына мына шарттар жатады:

(а) құқықтық қорғау толық дәрежесінде қамтамасыз етілмеген, яғни олардың заңдық күші үлкен күмәнді мәселе болып қалатын шарттар;

(b)                             орындалуы күтілетін соттық талқылаулардың немесе заң актілерінің нәтижесіне байланысты;

(c)                              соттың шешімі бойынша иеліктен айыруы немесе тәркілену ықтимал мүлікке қатысты;

(d)                             тапсырыс беруші өзінің міндеттемелерін орындай алмаған кездегі; не

(e)                              құрылыс ұйымы шартты аяқтай алмаған немесе ол бойынша міндеттемесін орындай алмаған кездегі шарттар.

35. Егер шарттың нәтижелерін сенімді түрде бағалауға кедергі келтіретін екіұштылықтар болмаса, құрылыс салуға жасалған шартпен байланысты кірістер мен шығыстар 32-параграфқа сәйкес емес, керісінше 22-параграфқа сәйкес танылуға тиіс.

КҮТІЛЕТІН ЗАЛАЛДАРДЫ ТАНУ

36.     Шарт бойынша жалпы шығындар шарт бойынша жалпы түсімнен артып кетуі ықтимал болған кезде күтілетін залал шығыс ретінде дереу танылуға тиіс.

37.     Мұндай залалдың деңгейі мыналарға қарамастан анықталады:

(а) құрылыс салуға жасалған шарт бойынша жұмыстың басталуына немесе басталмауына;

(b) құрылыс салуға жасалған шарт бойынша жұмыстардың орындалу сатысына; не

(с) 9-параграфқа сәйкес құрылыс салуға жасалған бірыңғай шарт ретінде қарастырылмайтын басқа шарттардан алынуы күтілетін пайда мөлшеріне.

ЕСЕПТІК БАҒАЛАУЛАРДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

38.     «Орындалған жұмыстың үлесі бойынша» әдіс әрбір есеп кезеңіндегі құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсімдер мен шығындардың ағымдағы есептік бағалауларына кумулятивтік негізінде қолданылады. Сондықтан құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсімдер мен шығындардың есептік бағалауындағы өзгерістен тиімділік немесе шарт нәтижесі есептемесіндегі өзгеріс тиімділігі есептік бағалаудағы өзгеріс ретінде ескеріледі  (8-«Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер және қателіктер» IAS Халықаралық стандартын қараңыз). Өзгертілген есептемелер өзгерістер жасалған кезеңдегі және одан кейінгі кезеңдердегі пайда мен залал туралы есепте танылған түсімдер мен шығыстар деңгейін анықтау кезінде пайдаланылады.

АҚПАРАТТЫ АШЫП КӨРСЕТУ

39.     Компания мыналарды:

(а) кезең ішінде түсім ретінде танылған шарт бойынша түсім сомасын;

(b) кезең ішінде танылған шарт бойынша түсімді анықтау үшін пайдаланылған әдістерді; және

(с) орындалу процесіндегі шарттардың орындау сатысын анықтау үшін пайдаланылған әдістерді ашуы керек.

40.     Есепті күні орындалу процесіндегі аяқталмаған келісім-шарттар үшін мына төмендегілерді ашуға тиіс:

(а)               ағымдағы күнгі шеккен шығындар мен танылған пайданың жалпы сомасы (танылған пайданы шегергенде);

(b)               алынған аванстар сомасы; және

(с)               ұстап қалулар сомасы.

41.     Ұстап қалулар осындай төлемдер үшін шартпен көзделген талаптарды орындағанға дейін немесе ақаулар жойылғанға дейін төленбейтін ұзақ мерзімді шарт бойынша аралық шоттар түрінде ұсынылған сома болып табылады. Ұзақ мерзімді шарт бойынша аралық шоттар - бұл тапсырыс берушінің төлегеніне немесе төлемегеніне қарамастан, құрылыс салуға жасалған шарт бойынша орындалған жұмыс үшін қойылған сомалар. Құрылыс ұйымының тиісті жұмысты орындағанға дейін алған сомалары аванстар деп аталады.

42.     Компания мыналарды есептілікте:

(а) құрылыс салуға жасалған шарт бойынша жұмыс үшін тапсырыс берушіден алынуға тиесілі жалпы сомасын актив ретінде; және

(b)құрылыс салуға жасалған шарт бойынша жұмыс үшін тапсырыс берушіге төленуге тиісті жалпы сомасын міндеттеме ретінде көрсетуі тиіс.

43.     Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша жұмыс үшін тапсырыс берушіден алынуға тиісті жалпы сома - бұл нетто-мөлшер:

(а) шеккен шығындар, оған қосу танылған пайда; минус

(b)                             орындау процесіндегі барлық шарттар үшін танылған залал және ұсынылған аралық шоттар сомасы, оларда танылған пайдамен (танылған залалдарды алып тастағанда) сомадағы шеккен шығындар ұсынылған аралық шоттардан артық болады.

44.     Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша жұмыс үшін тапсырыс берушіге төленуге тиіс жалпы сома - бұл нетто-мөлшер:

(а) шеккен шығындар, оған қосу танылған пайда; минус

(b) танылған залалдар мен аралық шоттар сомасы

іске асыру процесіндегі барлық шарттар үшін, олардағы ұсынылған аралық шоттар шеккен шығындар және танылған пайда (танылған залалдарсыз) сомасынан артық болады.

45.     Компания 37-«Бағалау міндететмелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер» IAS Халықаралық стандартына сәйкес кез келген шартты міндеттемелер мен шартты активтерді ашады. Шартты міндеттемелер мен шартты активтер кепілдік жөндеуге арналған шығындар, шағымдар, айыппұлдар немесе ықтимал залалдар сияқты баптарға байланысты туындауы мүмкін.

КҮШІНЕ ЕНУ КҮНІ

46.     Осы Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты 1995 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін басталатын кезеңді қамтитын қаржы есептілігіне қатысты күшіне енеді.

 

___________

          Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-на авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  1  2  3  4  5  ..