Кенен Әзірбаевтың әдеби шығармашылығы

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 9

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..   80  81  82  83  84 

 

 

 

Кенен Әзірбаевтың әдеби шығармашылығы

 

 

 

 

ӨТЕН АЙГҮЛ ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ

 

 

 

Кенен Әзірбаевтың әдеби шығармашылығы

 

10.01.02 – Қазақ әдебиеті

 

 

 

 

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

 

АВТОРЕФЕРАТЫ

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2008

Жұмыс Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының қазақ әдебиеті кафедрасында орындалды.

 

 

 

Ғылыми жетекші:                      ҚРҰҒА академигі, филология

                                                        ғылымдарының  докторы,

                                                        профессор С.А.Қасқабасов

 

Ресми оппоненттер:                   филология ғылымдарының докторы,

                                                       профессор Қ.Әбдезұлы

                                       

                                                               филология ғылымдарының

                                                               кандидаты С.Қосан

 

Жетекші ұйым:                           Абай атындағы Қазақ ұлттық

                                                        педагогикалық университеті

 

 

 

Қорғау 2008 жылы «_____» қыркүйекте сағат _________ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитеті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты жанындағы филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 53.34.01 Диссертациялық кеңестің мәжілісінде өтеді (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).

 

 

Диссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28).

 

 

 

 

Автореферат 2008 жылы «_____»  ________________  таратылды.

 

 

 

 

 

 

Диссертациялық кеңестің ғалым

хатшысы, филология ғылымдарының

докторы                                                                                    А.С.Ісімақова

ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адамзат тарихындағы үшінші мыңжылдықтың басталуы жаңа қоғамдық құндылықтардың қалыптасу жолында өткен дәуірлердегі мәдени, тарихи процестерге жаңаша көзқараспен қарауға зор мүмкіншілік тудырды. Соның ішінде, қазақ әдебиеті тарихының ХІХ ғасырдағы әдебиет пен өнер саласындағы тарлан тұлғаларының шығармашылық мұраларын қайтадан қарап, жарияланбаған еңбектерін халыққа насихаттауға еркін қол жетті.

ХІХ ғасырдағы ұлт әдебиетінің Қазақстандағы сол кездегі саяси-әлеуметтік, қоғамдық үлкен өзгерістерге, ауысуларға ұшырауына байланысты сан-салалы дамып, жаңа бағыт-бағдарға ие болғанын ХХ ғасырдағы кеңестік идеологияның социалистік реализм принципі тек біржақты таптық тоталитарлық тұрғыда зерттелуін қадағалап отырды. Сондықтан, қазақ әдебиетіндегі жыраулық поэзия, одан кейін дүниеге келген ақындық поэзияның ролі мен мақсат-мүддесі терең зерттелмей келді.

Жұмыста кеңес дәуірінде тиым салынып келген немесе кештеу зерттеле бастаған ХІХ ғасырда ақындық поэзияның ірі өкілдерінің бірі саналған және дәстүрлі айтыс өнерінің ақтангері атанған Кенен Әзірбаевтың (1884-1976) шығармашылық әдеби мұрасы зерттеледі.

Қазақ әдебиеті тарихында Кенен тектес халық ақындарының есімдері аталып, бірді-екілі кішігірім мақалаларға арқау болғанымен, кеңес дәуірінде олардың шығармашылық өмірбаяны, әдеби шығармашылығы жайлы арнайы зерттелмеді.

Диссертация жұмысының өзектілігі – ақын Кенен Әзірбаевтың барлық әдеби шығармашылығын алғаш рет тұтастай толық қарап, оның әдебиеттегі орны мен бағыттарын анықтау. Ақынның әдеби шығармашылық мұрасы диссертациялық зерттеуге арқау болып, бұрын ғылыми айналымға түспеуі себепті алғаш жалпы шығармашылық тұтастық күйінде арнайы сөз болуы және ақынның өзі өмір сүрген дәуірдегі тарихи-мәдени даму ауқымында саралануы тақырыптың зәрулігін анықтайды.

Кенен Әзірбаевтың әдеби шығармашылығын түбегейлі зерттеп, оның басты ерекшеліктерін, атап айтқанда, ақындар айтысын дамытудағы көшбастаушылық, жетекшілік ролін, ақындық поэзиядағы шығармаларының маңыздылығын тереңірек зерделеу қажет. Жоғарыда айтылған мәселелердің негізінде қазақ әдебиеті тарихында арнайы ғылыми зерттеу арналмаған Кенен Әзірбаевтың әдеби шығармашылығын толықтай зерделеп шығу тақырыптың өзектілігін дәлелдейді.

Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Ұлттық әдебиеттануымызда  Кенен Әзірбаевтың өмірі мен шығармашылығы ғылыми тұрғыда арнайы зерттелген емес. Кенен мұрасы хақында М.Әуезов [1], С.Мұқанов [2], Е.Ысмайылов [3], А.Жұбанов [4] және халық ақыны Ж.Жабаев құнды пікірлер айтты. Ал С.Бегалин [5], С.Бақбергенов [6], С.Сейітов [7], Т.Сыздықов [8], Ә.Тәжібаев [9], Н.Төреқұлов [10], М.Жолдасбеков [11], С.Негимов [12] т.б. мақалалар мен естеліктер жазды. Кенен мұраларына қатысты жеке зерттеу еңбек болмағанымен, әр жылдарда жазылған Т.Тебегенов [13] пен Ш.Керім [14], С.Жумкина [15], Т.Әлібековтардың [16]  еңбектерінде ақынның аты аталып кетеді.

1984 жылы Н.Төреқұлов пен Б.Әзірбаевтың құрастыруымен екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы, 1998 жылы Т.Кененқызының авторлығымен «Кенен» [17] естелік-эссесі, 2000 жылы «Аңыздар сыры» [18] жинағы, 2001 жылы «Екі Кенен тумайды» [19] естеліктер жинағы, 2003 жылы Е.Қосбармақовтың құрастыруымен «Көпшілік, тыңда әнімді» [20] әндер жинағы, 2004 жылы ақынның 120 жылдық мерейтойына арналған Б.Кененұлының құрастыруымен «Әке рухымен сырласу» [21] атты ақын туралы естеліктер мен мақалалар топтастырылып, кітапша болып жарық көрді.

Бұл еңбектердің бәрі – ақын мұраларына, оның қазақ поэзиясына қосқан үлесіне ғылыми тұрғыдан баға беретін татымды дүниенің бастауы, бір арнасы ғана. Алайда Кенен шығармашылығын ұлттық әдеби дәстүрлер аясында кеңінен қарастырып, әдеби-тарихи контекстте байыптау, сол арқылы ақынның өзіндік дара бітімін ашып, әдеби дамудағы, рухани өмірдегі орнын айқындау, шығармаларын халықтың әдеби мұраларымен сабақтастыра зерттеу кешеуілдеп келді. Әдеби-тарихи кезеңді объективті бағалауға қолайлы жағдай жасалуы, сондай-ақ әдебиет тарихына қатысты көптеген деректердің жиналуы, молығуы әлі күнге тұтас зерттеле қоймаған көрнекті шығармашылық өкілдерінің өмірі мен әдеби мұрасын бүгінгі күн тұрғысынан таразылауға мүмкіндік береді.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты – ХІХ ғасырда өмір сүрген ақын Кенен Әзірбаевтың әдеби мұрасын жинақтау, оның шығармашылығын қазақ әдебиеті тарихы аспектісінде дәуірлік сипаттарын айқындау және тақырыптық, көркемдік өрнектеріне талдау жасау арқылы тұтастай әдеби баға беру болып табылады. Сол себепті диссертация орындау барысында ақынның шығармалары жүйеленіп, мазмұндық мағынасына орай сипатталды.

Негізгі мақсатты орындау үшін осы диссертациялық жұмыста төмендегідей міндеттер қойылды:

• Кенен Әзірбаев өмір сүрген дәуірдің қоғамдық саяси-әлеуметтік      

  сипатын саралай отыра, оның жекелей ғұмырнамасы мен әдеби

  ортасына баға беру;

• Ақын туралы әдеби-тарихи мағлұматтарды, архивтік деректерді, жеке

  адамдардағы материалдарды жинастырып, оны толықтырып, жан-

  жақты сараптау жұмыстары жүргізілді;

• Ақынның ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетіне қосқан үлесін анықтау,

  шығармаларын ғылыми жүйелік негізде жан-жақты талдау;

• Әдебиеттануда ақын туралы айтылған әр қилы ой-пікірлерге, түрлі

  материалдарға назар аудара отырып сараптамалар жасау;

• Қолда жинақталған барлық шығармаларының тақырыптық

  және көркемдік ерекшеліктерін айқындай отырып, оған әдеби баға

  беру арқылы ғылыми айналымға енгізу;

• Айтыстары мен өлең, толғауларының мазмұны мен түріне қарай

  олардың әдеби теориялық құрылымын анықтау;

• Кененнің айтыс өнерін игерудегі, жетілдірудегі үлесін, суырып салма-

  импровизаторлық шеберлігі мен кәсіпқойлық деңгейіне әдеби

  сипаттама беру, ақындық поэзияны дамытуға қосқан үлесін анықтау.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. ХІХ ғасыр әдебиетіне, соның ішінде, айтыс жанры мен ақындық поэзияны дамытып жетілдіруде зор үлес қосқан Кенен Әзірбаевтың әдеби шығармаларының алғаш рет толықтай жинақталып зерттелуінің өзі тақырыптың ғылыми сипатын көрсетеді.

Ақын мұраларын зерттеу барысында диссертациялық жұмыстың жаңалықты тұстары төмендегі мәселелерден көрінеді:

1.           Кенен Әзірбаевтың шығармашылық өмірбаяны тұңғыш рет біртұтас

жүйеде қарастырылып, осыған дейін түрлі жинақтарда, баспасөз

беттеріндегі әр қилы пікірлер сараланып, оған тұжырымды дәлелдер

беріліп, ғылыми тұрғыда сарапталды.

2.           Ақынның тарихи-ғұмырнамалық деректері негізінде ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихының кейбір мәселелерін қазіргі жаңа көзқарас тұрғысында бағалауға талпыныс жасалып, зерделенді.

3.           Диссертациялық жұмысты жазу барысында Кенен Әзірбаевтың бұрын еш жерде басылмаған, баспасөз бетінде жарияланбаған еңбектері Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының сирек қолжазбалар қорынан және ұрпақтарынан алынып, оларға тұңғыш рет ғылыми тұрғыдан зерттеу жүргізілді.

4.           Кенен Әзірбаевтың айтысы туралы әр жылдары жарыққа шыққан жинақтарда, баспасөздерде, жекелей монографияларда шағын мақалалар ғана болған. Жұмыста ақынның айтыстарына жан-жақты ғылыми талдау жасалынады және оның ХІХ ғасырдағы ақындар айтысы жанрына қосқан үлесі сараланды.

5.           Кенен Әзірбаевтың ақындық поэзиядағы орны, өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері алғаш рет таразыланып, жаңа қорытындылар ұсынылады. Сонымен қатар, тұңғыш рет табылған «Абай», «Құрметті інім Жұмабайға» деген өлеңдері талданып, ғылыми баға беріліп, әдеби айналымға түсірілді. Ақынның өнердегі басқа да қырларына (әңгімешіл, ертегішіл, әншілігі, күйшілігі) зерделеу беріледі.

6.           Қоғамдағы саяси, тарихи-әлеуметтік құбылыстар мен жағдайлар негізінде қалыптасқан рухани-мәдени ортаның көркемдік талап пен талғамға әсері, Абай, Біржан, Балуан Шолақ, Жамбыл мектептерінің Кенен шығармашылығына жасаған ықпалы мен орны жайлы тұжырымдалған байламдар жасалды.

7.           Ақынның шығармашылығы жекелеген мақалалар көлемінде болмаса диссертациялық тұрғыдан зерттелмеген. Ғылыми нәтижесі тұңғыш рет ақынның мұрасы жан-жақты жинақталап, талданып, оқу құралы ретінде баспа бетінен жарық көрді.

Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар.

Кенен Әзірбаев шығармашылығын зерттеу арқылы қазақ фольклоры мен әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық, жалпылық пен даралық мәселелері жан-жақты, теориялық та, практикалық та тұрғыдан қарастырылып, қазіргі әдебиеттанудың қажеттілігі мен талабы деңгейінде шешілді. Жеке ақын бойында синкреттік өнер ХХ ғасырда да, яғни жазба әдебиеттің, әр алуан кәсіби өнердің, техника мен ғылымның жоғары дамыған тұсында да өмір сүретіні дәлелденді, ал мұның өзі – қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани күш-қуатының әлі де мықты екенін көрсетеді. Кененнің таланты жыршылық әрі ақындық өнер арқылы ашылғаны, яғни ХХ ғасырдың өзінде де қазақ ауыз әдебиетінің өкілдері, дәлірек айтқанда халық ақындары көп жағдайда жыршы болып бастап, даралығы бар сөз шебері ретінде қалыптасатыны – заңдылық. Мұны Жамбылдың, Нұрпейістің, Исаның, т.б. халық ақындарының шығармашылығынан көреміз.

– К.Әзірбаев – ХІХ ғасырдың аяғы, ХХ ғасырдың басындағы ақындық, жыршылық мектептердің көрнекті өкілі, оның дәстүрін жалғастырушы, жаңғыртушы.

– Кененнің үлгі алу мектебі – Жетісу жеріндегі би-шешендер, ақындар мен жыршылар шоғырланған рухани орта және фольклор мен авторлық ауыз әдебиеті, атақты сал-серілердің шығармашылық үлгілері мен тәжірибелері.

– К.Әзірбаев – айтыс өнерінің майталманы, эпикалық жанрда да өзіндік қолтаңбасы бар ақын.

– Кенен – қазақ сөз өнерінің дәстүрлі өлең өрнектерін өзінше құбылтқан айшықты, көркем тілдің шебері.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысында алынған нәтижелер мен ғылыми тұжырымдардың, қорытынды пікірлердің практикалық мәні үлкен. Ғылыми нәтижелерді қазақ әдебиетінің тарихына, авторлық ауыз әдебиеті өкілдеріне қатысты зерттеу жүргізгенде, жоғары оқу орындары филология факультеттерінің қазақ бөлімдерінде қазақ әдебиеті тарихын өту барысында, арнаулы курстар мен семинарларда, сондай-ақ гимназия, лицей, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін тереңдетіп оқытатын мектептерде пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының ғылыми, теориялық, әдістемелік негіздері. Диссертациялық жұмыстың теориялық және методологиялық негізі ретінде әдебиеттану ғылымының жетістіктері, ғылыми ізденістері басшылыққа алынды. Әсіресе, қазақ поэзиясын, оның тарихы мен теориясын, сондай-ақ ақындардың, жыраулардың, жыршылардың шығармашылығын қарастырған еңбектер зерттеуіміздің негізгі методологиялық әрі ғылыми тірегі болды. Сонымен қатар орыс оқымыстыларының диссертация мәселелеріне қатысты зерттеулері мен ой-пікірлері негізге алынып, тақырыпты игеру барысында әдістемелік бағыт-бағдар ретінде пайдаланылды.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Диссертациялық жұмыста жүйелі-кешенді, тарихи-хронологиялық-сипаттамалы талдау әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының нысаны және негізгі дерек көздері ретінде К.Әзірбаевтың Өлеңдері мен дастандары (1952) [22], Өлеңдері мен дастандары және ән текстері (1955) [23], Өмірімнің әндері (1961) [24], Тойбастар (1973) [25], Алатау шыңы (1974) [26], Екі томдық таңдамалы шығармалар (1984) [27], Аңыздар сыры (2000) [18], Көпшілік, тыңда әнімді (2003) [20] атты жыр жинақтары, әр жылдар мерзімді басылымдарда жарық көрген шығармалары, қолжазба қорында сақталған мұралары, өмірбаяндық очерктері, баспасөз беттерінде жарияланған сын-зерттеу материалдар, танымдық мақалалар пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі мен сарапталуы. Диссертациялық жұмыс нәтижелері мен тұжырымдары белгіленген тиісті басылымдарда жарияланған 3 ғылыми мақала мен халықаралық, республикалық ғылыми-теориялық және ғылыми-тәжірибелік конференцияларда жасалған 4 баяндама түрінде көрініс тапты. Диссертациялық жұмыстың қолжазбасы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты тарих-филология факультетінің қазақ әдебиеті кафедрасының, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қазіргі қазақ әдебиеті бөлімінің, институттың ғылыми кеңес  мәжілістерінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.

 

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

 

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттелу деңгейі, мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, ұсынылатын тұжырымдар, зерттеу нысаны мен дерек көздері, теориялық-тәжірибелік маңызы, сарапталуы мен құрылымы жөнінде негізгі мәліметтер берілген.

Диссертациялық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім Кененнің жыршылық өнері деп аталады. Бұл бөлім Кененнің репертуарындағы жырлар”,  Кененнің жырды орындау мәнері” деген екі тарауға бөлінеді.

Кененнің репертуарындағы жырлар атты бірінші тарауда тұңғыш рет Кенен Әзірбаев өнерінің жыршылық өнері қарастырылып, түрлі әдеби қорлардан алынған дәйек көздері мен ел аузынан жиналған мәліметтер негізінде Кененнің жыршылық шеберлігі зерттеледі.

Кенен – қазақтың бай эпикалық мұрасы мен импровизаторлық дәстүрін жалғаушы әрі дамытушы. Ол қазақ, қырғыз халықтарының төл жырларымен шығыс аңыздарының желісіне құрылған қисса-дастандарды рухани азық етіп, өмір бойы жырлап өткен. Алайда, ХІХ ғасырдың көп ақындары сияқты Кененнің де жыршылық қыры бүгінге дейін ашылмай келді. Шындығында ол “Ұлы жүз жайында аңыз”, “Жалғыз қаз”,  “Қырғызбай”, “Әли батыр”, “Кенебай – Кербез”, “Жамбыл – жыр”, “Бұрынғы өткен батырлар”, т.б. жырлар мен “Сүйінбай мен Тезек төренің кездесуі”, “Тезек төре мен Бақтыбай ақын”, “Тезек төре – Түбек - Құлмамбет”, “Құлмамбет ақынның Шабдан батырға айтқаны” және өзінің айтыстарын жадында ұстап, ел арасына таратып келген.

Кененнің жыршылық репертуарында Орта Азия халықтарына ежелден әйгілі болған “Ер Төстік”, қырғыздың атақты эпосы “Манас” (“Төкетай мен Мәнікер”) жырлары болған. Біздің дәуірімізге ақын идеялық-көркемдік мәні күшті “Қырғызбай”, “Әли батыр”, “Кенебай – Кербез”, “Жамбыл – жыр” жырларын жеткізді. Кененнің бұлардан да басқа эпикалық аңыздарды айтып келгені де белгілі.

Төкетай мен Мәнікер (көлемі 1000 жолдай) мазмұны өзге қазақ жырларынан бөлек. Бұл тұста оның үш ерекшелігін атап көрсеткіміз келеді. Біріншіден, мұнда әрекет ететін қаһармандар қазақ пен қырғызға белгілі (Көкетай, Ер Қосай, Әлмембет, Ер Көкше т.б.), екіншіден, балаларына қыз іздеп Күнбатыста Ақжелек, Күншығыста Көкжелек елдерінің арасын кезетін Төкетайдың бағыты Ертістен Қырымға дейінгі жерлерді мекендеген бір замандағы Алтын Орда империясының аймағын қамтиды, үшіншіден, жырда ертегінің әйгілі қаһарманы Ер Төстік Қырым елінің батыры ретінде көрінеді. Жанрлық жағынан алып қарағанда мұнда батырлық эпостың да, тарихи жырдың да, ертегінің де элементтері араласып келіп отырады. Бір тараптан қарағанда Төкетай мен Мәнікер ертедегі бірнеше жырдың сарынынан құралған туынды секілді. Кітапта бұл жыр үзінді ретінде ғана берілгендігі оның генетикалық немесе жанрлық сипаты туралы тұжырым жасауды қиындатады. Өзге нұсқаларды кездестіре алмадық. Сондықтан әңгіме жырдың дәл кітаптағы нұсқасы және оның кейбір көңіл аударатын елеулі тұстары туралы болмақ.

Бұл – Кененнің ең көлемді эпикалық дастаны. Негізгі сюжеті қырғыздың Манас эпосы мен қазақтың Ер Төстік ертегісінен нәзира етілген. Кенен 1940 – 45 жылдары үзік-үзік жыр етіп жүріп, 1947 жылы басын біріктіріп, ұзақ дастан қалпына келтірген. Оны өзі Көкетайдың асы деп атаған. 1967, 1974 жылдардағы жинағында Төкетай мен МәнікерЕр Төстік деген тараулары жарияланды. Ақынның 100 жылдық мерейтойына арналған екі томдық таңдамалы шығармалар жинағына бұл жолы екі дастанды біріктіріп, мазмұн желісіне қарай аты Бұрынғы өткен батырлардеп өзгертіліп, толық нұсқасы берілді.

Төкетай мен Мәнікер жырындағы қаһарманның бірі – Ер Төстік. Бұл ертегінің кейіпкері Ер Төстікпен негізі бір екені анық. Мұнда ол Елеместің (ертегідегі Естеместің емес) отыз ұлының кенжесі, мұның да жүйрік аты Шалқұйрық деп аталады. Жырдың аңғарына қарағанда Ер Төстік Қырым ханы Ақжелекке бағынғысы келмейтін, елді өзі билеуге ұмтылған адам. Жетісудан барған, Ақжелек ханмен тіл тапқан жалғыз жолаушы, жеке батыр – Төкетайды өлтіріп жіберуі Ер Төстіктің айбаты мен қайраты ханнан да жоғары екенін сездіреді. Төкетай мен Мәнікер жырында тарихи оқиғалардың жаңғырығы бар деп топшылауға болады. Алтын Орда дәуірінде  сол ұлан-байтақ ұлысты жайлап жатқан елдердің жергілікті өз билеушілері болғаны, олар өзара дауласып, соқтығысып отырғаны белгілі. Кейде ондай билеушілер хандардың айтқанына көнбей азулы батырлар мен ру басылар болатын. Бұған тарихтан аты мәлім Ноғай, Мамай, Едігелерді мысалға келтірсек те болады. Эпоста жол жөнекей ескертілген жайлардың тасасында халықтың тарихи тәжірибесі мен естелігі, түрлі оқиғаларға көзқарасы мен бағасы жататынын мойындасақ, Төкетай мен Мәнікердің де өткен замандардың әлеуметтік қайшылығынан өз дәрежесіне көркемдік хабар бере алатындығын көреміз.

Жырдың тілдік кестесі көркем. Оның кейбір тұстары эпосымыздың ең таңдаулы жолдарын еске салады. Төкетай мен Мәнікер талай жыршының аузымен айтылғаны, табиғи екшелу, жеттігу жолынан өткені аңғарылады. Мұнда терең ойларды тұжырымдап, қанатты нақыл сөздер қалыптастырған шумақтар аз емес.

Бозторғайға бақ қонса

Бидайық, қыран бағынар.

Шымшық құсқа бақ қонса

Самырық келіп жағынар [27,152 б.], – деген жолдар осы ойымызды дәйектей алса керек.

Кенен Әзірбаев аңыз, ертегі негізінде Ер Төстік жырын да айтып келген. Бұл жырдың түрлі халықтар арасында тараған сюжетінде көне дәуірдің мифологиялық түсініктерін әйгілейтін деректер мол. Мәселен, үш қат әлем – жер, жердің асты, көк туралы ұғым бұл жырда анық байқалады. Жер бетінің тұрғыны Төстік жер астына түсіп, көп қатерлі оқиғаларға душар болады. Тағы да бір ескерерлігі – Ер Төстік жырда жер астына  ажалдан қашып түскен болып суреттеледі. Бұл арадан Қорқытқа байланысты аңыздардың идеясы елес береді.

Кененнің жырды орындау мәнері” атты екінші тарауда Кененнің орындаушылық өнері жөнінде ой-пікірлер қозғалады. Кенен жырларын, оның орындаушылық қабілетін аңғара қарасақ, онда жыршылықтың нышаны анық байқалады. Ол өзінен бұрынғы және өз замандастарының өлең, жырларын жатқа айта білетін “құйма құлақ” жыршы. “Сүйінбайдың Тезек төреге айтқаны”, “Сарбас пен Қуандық”, “Шөже мен Кемпірбай айтыстары” және қырғыз ақындары Қалмырза, Оспанқұл, Әлімқұлдың шертпе жырларын өз әуен, өз мақамымен жырлаған.

Импровизация  процесінде өлеңді, сөзді барынша мол қамтып игеру жағына құрылған Кенен шығармалары көбіне орындаушылыққа бағына бірде таза ән, бірде терме секілді, бірде ән мен терменің қосыла өрілген сипатында жасалған. Шығармаларының жанрлық болмысына қарай ән саздары біресе толғау, біресе термелеген нақылды, дидактикалық әуенді түрде салмақты ырғақта жырланды. Кейбір шығармаларының әуезді сазды болмысы сызылған әнге жақындап кетеді де кең қайырымды сазбен аяқталады. Кейбір шығармаларының басы желдірмелетіп өзі және өмір туралы тақпақталып басталады да аяғы ән қайырымы мен өрілген түйінді ойлармен қорытындыланады. Демек, Кененнің импровизаторлық өнері - ән әуеніне, мақамға сүйене шығарылған дәстүрдің жалғасы. Бірақ, бұл жалғастық тек қайталау емес, Кенендік стильдің дара болмысын да айқындайды.

Кенен өз замандастарының суырып салма дарыны, жыршылық даралығы, айтылатын сөз бен әуен, сарын, әуез, мақамдарды үйлестіре, сіңістіре білетін сазгерлік қабілетімен ерекшеленеді. Кенен айтыстарының әуендеріне қарағанда, үні асқақ, лирикалық сезім басым болып келеді. Бұл – Жетісу ақын, жыршыларының бәріне тән ерекшелік.

Кененді халық ақын, әнші-композитор, жыршы ретінде жақсы біледі. Ақындық, жыршылық дәстүрді дамытқан Кенен ерте кезде домбырамен күй тартатын өнері де болыпты. Жыр сарындарын күйге айналдырып немесе күй ырғақтарын жыр сарындарына ұластыруға шеберлігі көбінше эпикалық жырларды орындау үстінде көрінген. Халық әдебиетін зерттегендегі олқылықтарымыздың бастысы – сөз өнері мен саз өнерін біртұтас қарастырмай, жеке бөліп кететінімізде. Мүмкін, бұл синкреттіліктен арылғанның белгісі де болар. Ә.Қоңыратбаев былай деп жазады: Жыраулар мен ескі айтыс ақындарында импровизацияның төрт түрлі өнері бірлесіп, ол синкретизм аңғарында көрінген: 1) Олар асқан импровизатор болған, мұны сөз өнері дейміз; 2) Теңдесі жоқ күйші [домбыра, қобыз] болған, мұны музыкалық импровизация дейміз; 3) Олар ғажап орындаушы [солист, артист] болды; 4) Заман, ел жайын терең толғайтын үлкен ойшыл, ұстаз болды. Бүгінгі ақындарда алдыңғы үш белгі өзінің өрнегін жоя бастаған [28,25-26 бб.]. Ал, Ә.Қоңыратбаев атаған осы өнер түрлерінің Кенен бойында жымдасып, үндестігін тапқаны айқын көрінеді: Кенен айтысқанда, өлең, толғау, жыр-дастандарды жырлағанда тыңдаушыларды үйіріп әкететін қасиеттері аз болмаған. Бұл ерекшеліктері туралы Т.Кененқызының естеліктерінде біраз мәліметтер бар [29]. Кенен ақынның күйшілік қыры туралы әр қилы пікірлер сараптала келіп, әр түрлі жинақтар мен зерттеулерге сүйене отырып, бірінші бөлім аяқталған.

Екінші бөлім “Кененнің ақындық шығармашылығы” деп аталып,  “Айтыстары”, Арнау өлеңдер”, “Лирикалық және тарихи өлеңдер”, “Толғаулар” атты төрт тарауға бөлінеді.

Айтыстары” тарауында Кенен Әзірбаевтың  ақындық өнерінің сабақтасу, даму жолдарын, өзіне тән ерекшеліктерін жан-жақты сараптап, зерттеу нәтижесінде оның бүгінгі кезге дейін белгісіз болып келген қырлары, қалыптасу бағыттары айқындалды. Ақынның халық әдебиеті үлгісіндегі толғау, арнаулары, импровизация дәстүрінде дүниеге келген айтыс-қағыстарының поэтикалық өрнегі, ірі жыр бәсекелеріндегі ақындық шеберлігі тақырыпты игеру барысында талданып қарастырылды. Қолда бар материалдардың негізінде алғаш рет шығармашылық өмірбаяны жазылып, тың мағлұматтар берілді. Ақын шығармашылығының халықтық сипаты, танымдық-тәрбиелік ролі поэтикалық дәстүр аясында сабақтастырыла сараланды. Кененнің өнерпаздық тәлімінің ақындық ортасына болған ықпалы, әсері анықталды.

Кенен жасынан халық әдебиетінің сан ғасырлар үзілмей келген асыл мұраларының үлгілері мен ақындық, жыршылық, шешендік мектептердің өнер-өнегесінен нәр алып, оны өз тарапынан жетілдіре, кемелдендіре отырып, кейінгі ұрпаққа жеткізуге ұйытқы болды. ХІХ ғасыр қазақтың ақындық поэзиясын шырқау биікке көтерсе, сол дәрежеге жеткізген соқпақ жол – айтыс өнері екені даусыз. Ілкі замандардан жеткен көне сүрлеуді жалғап, өз тарапынан кемелдендіре отырып, тың межеге көтеруде ақынның атқарған еңбегі зор. Кенен – ең алдымен айтыс ақыны. Оның есімін ел есінде сақтаған да осы өнері. Бұл анықтама өнердің өзге саласындағы қырларын жоққа шығармаса керек. Шәлипа, Ләтипа, Бөдене және Шәйнек, Бопина, Халима, Жамбыл, Кенжеқожа, Әбдіғали, Шашубай, Есдәулетпен айтыстары бұл айтқанымыздың анық дәлелі.

Сонымен қатар, бұл тарауда Кененнің айтыстарда қолданатын тәсілдері, шығармаларының көркемдік ерекшеліктері тиянақты қарастырылады. Өзінің сөздік қорын байыту үшін халық әдебиетінің мол мұрасын ауқымды түрде игерген, оның  сан-салалы құбылыстарын жете түсінген, әр сөз тіркесінің мәні мен мағынасындағы ерекшеліктерді, құбылтулар мен құлпыртуларды жетік меңгерген, қазақ айтыс өнерін жалғастырушы әрі дамытушы Кенен Әзірбаев – дәстүрлі ақындық поэзия мен халық әдебиетінің озық үлгілерін өз шығармашылығына көркемдік құрал ретінде молынан пайдалана білген шебер ақын. Өзіне де, өзгеге де қатал сыншы бола білген суырып салма ақын, айтыс ақындарына:

Қытықтамай, шымшып айт,

Өткір жырмен қыршып айт [26,276 б.], - дейді. “Әсерлі, қызулы, тасқынды, екпінді жырларыңмен оттай шалқып, еркін көсіліп сөйлеңдер!” - деп үн тастайды. Асылы, ақынның бұл лебізінде өлең сөздің көркемдік болмысына, эстетикалық табиғатына қатысты құнды ойлар көрініс тапқан.

Кенен өзін жыр әлеміндегі желмен жарысқан сәйгүлікке балау (оза шапқан тұлпар, топ бастаған жүйрік т.б.) арқылы халық поэзиясындағы метафораларды, әсіресе, күрделі метафораларды туындыларына шебер пайдаланады. Шалқыған шабытын тұлпардың шабысына, арғымақтың қарышына, жорғаның шалысына салыстыра бейнелейді. Бұл Кененнің айтыстарында жүйелі сипатқа ие. Айтыстағы әр сөз, тіркес, тармақ кестелі  орамдармен көмкеріліп отырады. “Тайымда атқа қосып елім мені”, “Жүйрік аттай замғаймын көсілгенде”, “Тең жорға төрт аяғым бірдей шалыс” – мұның бәрі метафоралық үзілістер. Егер өлең жолдарындағы метафоралық үзілістерді жеке қалдырар болсақ, онда ақынның жеткізбек ойы төмендегідей болып сүреңсіз шығар еді: “[Мені]-тайымда атқа қосып”, “[Мен]-жүйрік аттай самғаймын,” “[Мен]-жорға едім”.

Ақын күрделі метафораларды қосу арқылы өз ойына күшейтпелі мағына беріп, оларды жүйе-жүйесімен түрлендіре құлпыртуды мақсат тұтады. “Тайымда атқа қосып елім мені” деген түйінді сөз тіркесінде шынайылықтың белгісі жатыр. Жыр алыбы Жамбылдың ақындық мектебінен тәлім алған Кенен өнер аренасында ерте көрінді әрі өткірлігінің, дарындылығының арқасында қазақ даласына тез танылды. Ақын соны меңзеп отыр. “Тең жорға төрт аяғым бірдей шалыс” дегенде, бойына өнердің бар саласы тоғысқанын, мұндай қабілет екінің біріне қона бермейтінін паш етеді. Қазақта төрт аяғын бірдей шалыс басатын жорға жылқы тым аз кездеседі. Ал шала жорғаларды кез-келген үйірден табуға болады. Бұл орайда ақын халық поэзиясында сирек көрінетін көркем бейненің озық үлгісін ұсынады.

Ақынның шығармашылығын әсерлі айшықтармен ажарлай түсетін метафоралардың бір бөлігі қыран құстарға қатысты. Жан–дүниесінің сілкінісін, ақындық қиялдың серпілісін сипаттағанда, “көктұйғындай сілкінді”, “ақ сұңқардай түледі”, “тастүлектей таранды”, “тау бүркіттей шаңқылдап”, “ақиықтай таранды”, “қыран құстай қаранды”, “ақиықпен талпынды”, “ақбөкендей желейін”, “құстай ұшыпсұңқардайын қиялап” деген халықтық тіркестерді, бейнелі оралымдарды тапқырлықпен пайдаланады. Сөйтіп, бір ойдың өзін сан түрлі киіндіріп, өрнектеп, әдемілеп жеткізеді. Алуан түрлі, нешеме сырлы мән-мағынадағы сөздер немесе құс атаулары ой тиегін ағытуда, белгілі бір ой-пікірді білдіруде поэзиялық қызмет атқарады. Икемділікті, ептілікті, құштарлықты айтса, оған ақынның Бопинамен айтысындағы:

Көлдегі сен – аққу қаз, мен – лашын,

Қайырып қанатыңды ілмеймін бе? [26,266 б.] – дегені нақты дәлел. Кененнің Кенжеқожамен айтысындағы:

                    “Таудан аққан мен бұлақ, сен бір тамшы” – деуі өзін “бұлаққа”, қарсыласын “тамшыға” теңеуі – үлкен шеберліктің жемісі. Астарлы мағынаны айқындар болсақ, мұнда ақынның әріптесіне деген ауыр мысқыл, зілді кекесін жатқандай.

Қазақ поэзиясындағы айтыс жанрының бір бұтағы ақындардың өзара дидарласу кезіндегі сәлемдесу, қоштасу, көңіл айту мазмұнындағы сөз жарыстары. Мысалы: Жамбылдың “Майкөтпен дидарласу”, Нартайдың “Жамбылдың қазасына” т.б. Бұнда ақындардың төкпе ақындықтағы жырлау шеберлігі барынша ашылады. Осы жырлау шеберлігінің – замандас ақынның шығармашылық келбеті, оған арналған жырлаушы ақынның сезім пернелері шертіледі. Кененнің бұндай жыры Үмбетәлі қайтыс болғанда оның қазасына көңіл айту түрінде болады:

Сайраған Алатудың бұлбұлы едің,

Арыны басылмаған дүлдүл едің.

Сүрінген қапылыста, асыл Үмбет,

Ақынға әрбір сөзі үлгілі едің [26,277-278 бб.].

Өзге замандастары сықылды Кенен арнау, толғаулары мен айтыстарының жыр үлгісіне құрылған тұстары да кездеседі. Әсіресе, егіз, шалыс, ауыспалы ұйқастармен ауыз әдебиеті дәстүрін дамыта, өрістете жырлау әдісінен Кенен де сырт қала алмаған. Мұндай жымдасқан ұйқас, әуезді ырғақ, дыбыс үндестігін шебер үйлестіру Кенен сынды өрелі ақындардың қолынан келсе керек. Кенен мұраларында тау, тас, өзен-су, адам аттары, ру атаулары т.б. өте мол ұшырасады.

Кенен өзінің айтыстарында ұйқастың барлық түрлерін қолданған. Шәлипа, Ләтипа, Кенжеқожамен айтысы, Бөдене және Шәйнек деген жеңгелерімен әзіл-қағыстары 11-12 буынды қара өлең, кейде аралас, егіз ұйқастарға құрылған. Ал, Әбдіғалимен сөз сайысын да қара өлең, аракідік кезекті шалыс, аралас ұйқастармен өрнектеген. Негізінен 3 бунақты, 9-10 буынды, кейде 2 бунақты 7-8 буынды тармақ, шумақтар аралас ұйқасып та отырады. Кей айтыстарында өлеңнің әуезділігін арттырып, түрлендіре құбылтатын ішкі ұйқастар да кездеседі.

Кенен Әзірбаев шығармалары бейнелеу құралдарына мейлінше бай, олардың танымдық, тағылымдық, әсемдік әсері мен эстетикалық қызметі ерекше мәнді. Ол – дәстүрлі халық поэзиясына тән сөз өнерінің інжу-маржандарын айрықша сезіммен талғап-екшеп өз туындыларына шебер қолдана білген зергер ақын. Оның ақындық даралығы бейнелеу құралдарын шашыратпай, тығыз бірлікте, поэтикалық тұтастық қалпында игера алатын зор қабілетінде жатса керек. Тарихи шындық көркемдік шындықпен астасып, жымдасып жатады. Сөйтіп, айтысқа тың сипат беріп, тақырыпты жаңаша түрлендіру арқылы мазмұнын жаңғыртады. Кенен шығармаларының тілі көркем, әсем де айшықты нақыштармен астарланып, өрелі де тапқыр оймен әдіптеліп, ұйқас ұйытқысымен көмкеріліп жатады. Көркемдік-бейнелеу құралдары өзара қабысып, бір-бірімен тығыз байланысып отырады. Мазмұны мен пішіні, сөз өрнегі мен ұйқас үндестігі ақын даралығын, шеберлігін байқатады.

Арнау өлеңдер” атты екінші тарауында Кененнің арнау өлеңдерінде келтірілген деректер негізінде ақынның шығармашылық тұлғасын, адами болмысын, дүниетанымын, жеке көзқарасын айқындадық.

Кенен ақындығының ендігі бір ерекшелігі – ол өлеңді көбінесе біреуге қарата, арнап айтады. Рас, бұл халық ақындарының бірталайына тән ерекшелік. Әйтсе де Кенен өлеңдерінің дені түр-тәсіл жағынан: “Ұсталарым, көрікті қыздыра соқ, басқармалар, басшылық ете білгін”, - деп келеді.  Ақын арнаулары тақырыптық, идеялық мазмұны жақтарынан жарлай арнау және патриоттық арнау түрінде болып келеді, “Аттан!”, “Майданға сәлем”, “Мен сүйемін халқымды” деген арнау өлеңдерінде жанрды Кененнің публицистикалық көтеріңкі ақындық шабыт қуатымен өзіндік шеберлікпен дамытқаны көрінеді. Арнау жанрының табиғатына тән ақындық «меннің» көпшілікке қаратылуы азаматтық үнмен асқақ естіледі. Мысалы, “Мен сүйемін халқымды” арнауында:

Ән шырқап Алатауда арындадым,

Ағындай таудан аққан сарындадым [20,30 б.] - деп, өзіне қарата және бүкіл ақындар қауымын сөз өнерінің эстетикалық-тәлімдік, қоғамдық-әлеуметтік қуатын арттыруға шақырады. Қалың көпшілікке бағытталған арнауларында сол көпшіліктің қандай орта екендігі анықталады. Мысалы: “Жауынгер туыс, бауырлар” (“Майданға сәлем”), “О, халқым, ән мен күйді мендей сүйші”  (“Композиторлар съезіне”), “Бірлесіп жатқан, халқым-ау!” (“Құттықтау”), “Шарықта, елім, шарықта” (“Тойға шашу”), “Әлеумет, көрдің, міне, жаңа заңды” (“Жаңа заң”), “О, халқым, осы айтқан сөз тура шығар” (“Әңгіме туралы”).

Кененнің арнау өлеңдерінің бір тобы - өзі ұстаз тұтқан Абай, Балуан Шолақ, Жамбыл мен өзімен қатарлас халық таланттарының жаңа дәуір жыршыларына арналады. Мысалы, “Абай” (1934). Бұл ақынның шығармалар жинағына енбеген өлеңі қолжазба түрінде [32],   “Балуан Шолақпен кездескенде” (1912), “Жүз жасаған Жамбылға” (1945). “Құрметті інім Жұмабайға” (1948). Бұл да ақынның шығармалар жинағына енбеген өлеңі қолжазба түрінде [32], сондай-ақ “Менің ұстаздарым” (1954), “Күләшқа” (1958), “Жақсыбай қайтыс болғанда” (1958), “Қырғыз достарыма” (1959), “Омар Шипинге” (1959), “Мұқаным” (1960), “Балтағұлға” (1961), “Қайран Тайыр” (1965) деген шығармаларын атауға болады. Бұл арнауларында автор ақындық өнер иелерінің әрқайсысының дара ерекшеліктеріне сәйкес олардың бейнелерін жасайды. Әсіресе, әділдікті, адамгершілікті жырлап, адамзатқа достық құшағын жайған Абайдың ақындық тұлғасын бейнелеуде Кенен оның ойшылдық-даналық өрісін, халыққа, кейінгі ұрпаққа қалдырған өнегесін кеңінен толғайды:

Ақынның таңдамасы аты шулы Абай,

Сынаған көп ақынның сөзін талай.

Қадірлі алтын сөзін жаттайды елім,

Жас-кәрі жаны жылып бірі қалмай [32].

103 тармақтан тұратын осы өлеңнің композициялық бітімі жүйелі ақындық ойдың тегеурінді шеберлік қуатын танытады. Өлеңнің әуелгі шумақтарында Абай ақындығы мен өмір сүрген заманы арасындағы байланыстары айтылады. Кейінгі шумақтарында Абай армандаған бостандық, әділдік, білім-өнер, шындық салтанат құрған кейінгі заман туралы жырланады. Демек, Абай ақындығына ден қою Кенен лирикаларына композициялық өлеңдік құрылыстың шеберлік сапаларын дарытқаны байқалады. “Қадірлі алтын сөзін” деген тіркес – Кенен ақынның өлең өнері туралы тың баламасы.

Кенен шығармаларының ішінде өз заманының тарихи оқиғалы кезеңдерінде ел тағдырына жанқиярлықпен аянбай ат салысқан жаңа заман кейіпкерлеріне арналған мадақтау өлеңдер де бар. Ежелгі грек поэзиясында батырларды мадақтайтын “панегирик” Еуропа поэзиясында ода түрлерінде, ал классикалық шығыс және қазақтың жыраулық-ақындық поэзиясында өріс алған осы жанрдың Кененде де болуы, әрине, заңды құбылыс. Ауызша және жазбаша поэзияда да тұрақты сақталған осы дәстүрлі жанрдағы Кененнің “Мұхтарға”, “Сәбитке”, “Ғабитке”, “Кішіпейіл келеді білімді адам” өлеңдерін атауға болады. Кененнің мадақтау жырларында объектіге алынған адамның портретінен бастап, оның рухани келбетін ашатын қоғамдық-әлеуметтік қызметі сараланады. Тарихи тұлғаның ерекше бітімін даралау үшін ақын фольклорлық суреттеу әдістерін мол қолданады. Бірақ, Кененнің мадақтау өлеңдерін таза панегирикаға жатқызуға келе бермейді. Мысалы, “Композиторлар съезіне” арнауы негізінен астана жұртшылығына, Мәскеу көрермендеріне қарата айтылғанмен қазақтың өнер қайраткерлерін даралап таныстыруға арналады:

Біржан сал, Ақан сері, Әсет, Майра,

Жаза алмай арманда өтті кең құлашты [26,91 б.].

Арнау жыр мақсатында туған бұл өлең осы жолдар арқылы мадақтау жырдың табиғатын да береді. Кененнің осы типтегі арнауларының тағы бір қасиеті – тұтас бір елдің, не облыстың, ауданның қол жеткен табыстарының қорытындысына арнап жырлау. Мұндай арнауларда ақын халық алдында есеп бергендей фактілі мәселелерді жыр өрнегіне айналдырады. Мысалы, “Тың желдірмесі” өлеңі Мырзашөл мен Мақтаарал аудандарының ақ алтын жинаудан табысын мадақтауға арналады. Кененнің арнаулары мен мадақтауларының ара жіктері ерекше білінбей араласып жатуы – ақын стилінің өзіндік ерекшелігі.

“Лирикалық және тарихи өлеңдер” атты үшінші тарауда Кененнің ақындық табиғатында лирикалық  кейіпкер сезімінің алуан  иірімдеріне  құрылатын азаматтық-философиялық, көңіл-күй, махаббат, табиғат тақырыптарына арналған лирикалық өлеңдеріне талдау жасалды. Қазақтың жыршылық-ақындық поэзиясындағы ежелден келе жатқан дәстүрдің бірі — көңіл-күй әуеніндегі жырларда ақындардың өз  тұлғаларын даралап, өзіндік өмір жолындағы асу-белестерін, қиындықтарын айтып, мақсат-мүдделерінің  түпкі нәтижелерінің орындалуы туралы  есеп бергендей жырлаушылық. Мұндай жырларды біз Жүсіп Баласағұнның “Құтты білігінен” [33], Қожа Ахмет Иассауидың “Ақыл кітабынан” [34], Ахмет Иүгінекидің “Ақиқат сыйынан” [35] кездестіреміз.

Кененнің осы дәстүрдегі  өлеңдермен де үндесетін  біраз шығармалары бар. Солардың ішіндегі ең көлемдісі – “Жас кезеңдері” деген өлеңі. Ақын мұнда өзінің жастық шағын, ержеткен кезеңін, елге танымал болған заманын сипаттап, ақындық өнерінің және азаматтық істерінің арқасында үлкен беделге, құрметке ие болғандығын жырлайды. Кәрілікке жеткенге дейінгі  жиырма бестен басталатын аралықтағы кезеңдерді суреттеуде ол дәстүрлі ақындық әдебиетте қалыптасқан тұрақты образдау, айшықтау, сөз оралымдарын түйдек-түйдек қолданады. Мысалы, “лақтайсың”, “бұлақтайсың”, “қылыштайсың”, “пырақтайсың”, “садақтай” және т.б. Ақын өз өмірінің сұлу да өрнекті, мағыналы мазмұнын осындай бейнелі, терең ойлы сөздермен жырлай келіп, кәрілікке жеткен қалпына мұңдана сөз арнайды:

Сексенде селкілдектей ауру келіп,

Басыңа ие болмай былғақтайсың [36].

Кененнің осындай дәстүрлі тақырыпта жырлаумен  үндес шығармаларды қазақ поэзиясының тарихындағы  ақындар мұраларынан да кездестіре аламыз. Мысалы, Махамбеттің “Мен, мен едім, мен едім”, Тұрмағанбеттің “Назым”, “Кейінге нені тастап кетемін деп”, Кенен Әзірбаевтың “Өзіме арнау”, Нартайдың “Өздерің білер Нартаймын”, Қасым Аманжоловтың “Өзім туралы” және  т.б. шығармалар. Бұл ғасырлардан жалғасып келе жатқан үзілмес дәстүр. Бұны ұлы ақындардың бәрі де тұтынады. 

Біз қазақ даласының табиғат көркін, жыл мезгілін Абайдың қаншалықты айқын бояумен шебер суреттегендігіне сүйсінеміз, Абайдан кейінгі дәуірдегі қазақ поэзиясында осы дәстүр қалыптаса түскендігін Кенен поэзиясынан тағы сезінеміз. Жасарып гүлденген көктем (“Май мереке”, “Көктемде жан бола ма желікпеген”, “Көктем жыры”), тамылжып құлпырған ыстық лепті жаз (“Нұрлы жаз”), сарғайып сұры қашқан жауынды, дауылды күз (“Алтын күз”), сақылдаған аяз, дүлей боранды қыс (“Аяз ата”, “Жаңа жыл”) міне, ойымыздың тағы бір дәлелі.

Ақынның бір шоғыр өлеңдері  тау туралы. Кенен үшін тау — сұлулық символдарының бірі. Тау  ақын бойында талай ойлар тудырған. Тау бірде тәкаппарлықтың белгісі болса, бірде қол жеткізбес арман, бірде асқақ романтика, бірде биік қиялға жетелейтін көрініс. “Ой жайлау”, “Қордай”, “Алатау аспанменен тілдескендей”, “Тауға барсаң тамаша” сияқты өлеңдердің тақырыбы да, мазмұны да бір-біріне жалғас, бірін-бірі толықтырады. Туған жер топырағының ғажайып қасиеттері өзгеше бір тың өрнектермен, бояулармен кестеленіп, көркемделуі Есік көлінің Кенен суреттеуіндегі:

Айнасы Алатаудың Есіккөлі,

Атамның мекендеген бесік көлі.

Сұлу көл ұл-қызының көңіліндей,

Кәнеки жүзіңдерші, есіп көлді [27,179 б.], - дерліктей бейнесі шынымен-ақ қызықтырады, көз алдыңда бұрын көрмеген бір суреттер тұрады. Сондай-ақ Алатау тауларына арналған өлеңдердегі тал түсте шаншыла созылып жермен табысып жатқан сәулелердің күн жолындай, ал жоғарыға бой созған ақ таулардың жер қолындай, әр құз арасында сыңғырлап, сылқылдап ағып жатқан бұлақтардың шашылып қалған күлкідей көрінуінде ақынның тосыннан тапқан баламаларының әсерлі, тартымды күші бар. “Таудың суы тасқындап” өлеңінде жер, табиғат көріністері де осындай бір өзгеше бейнеленген сипатымен, ақынның өзіндік сөз өрнегімен көз аясында, көңіл дүниесінде көркем де жанды бір өмір болып тұрғандай.

Кенен шығармаларының тілі оқырманға түсінікті, қарапайым, шешен. Ол қазақ халқының тіл байлығын аса мол игерген ақын. Кенен халық поэзиясына еркін сусындай отырып, өзі де мақалдап;

Елдің көркі не болар?

Көкорай шалғын бел болар [27,124 б.], - деп өлеңдерінің дені ән ырғағына лайықты үйлесіп, үндесіп келеді.

Кененнің ендігі бір көсіле көтеріліп, шырқай тартқан тың тақырыбы бар. Ол – ақынның алабұртқан көңіл-күйіне, жан тебіренісіне байланысты туған лирикалары – тарихи өлеңдері. “Қаласын Ленин қорғаймыз”, “Жаурамасын батырлар”, “Біз жеңеміз”, “Тракторшы Елеусіз”, “Кек алу”, “Төрт батыр”, “Майданға сәлем”, “Жамбылға көңіл айту”, “Батыр болсаң Мәліктей бол”, “Қуанышты күн”, “Жерлес батырға”, “Жеңіс салтанаты”, “Күйгенім-ай, сүйгенім-ай!”, “Қайран Шөкем!”, “Сүйгенім-ай”, “Жалғыз қайным”, “Сағындым-ау, Жапарбек”, “Жеңіс жылғы шаттық ән” т.б. ән-өлеңдері ақындық үлкен тебіреністен туған шығармалар.

Соғыстың алғашқы жылдары шығарған Кенен Әзірбаевтың өлеңдерінің үгіт-насихаттық мәні басым болғанын көреміз. Бұл сөзімізге дәлел, 1941 жылы 6 шілдеде “Ленин жолы” газетінде жарияланған “Жауға қарсы шығыңдар!” өлеңі.  Ақынның “Біздің Отан жеңеді” өлеңінде лирикалық кейіпкердің жан-тебіренісі, сезім күйлері арқылы бүкіл адамдардың Отанға деген ұлы махаббаты, сол сүйікті Отан үшін қандай қауіп – қатерге, қиындыққа болса да әрдайым әзір екендігі нанымды бейне тапқан.

“Толғаулар” атты төртінші тарауда ақынның ел арасына таратқан толғаулары жайлы сөз болады. Кененнің ақындық тұлғасын даралап көрсететін шығармашылық белгісі – оның азаматтық, ойшылдық, халықтық тәлім-тәрбиелік мазмұндағы толғаулары. Оның толғаулары арнау, шақыру мазмұнында және өсиет-өнеге, нақылдық сипаттарда көрінеді. Арнау, шақыру мазмұнындағы толғаулары, негізінен патриотизм, батырлық жайлы толғаныс түрінде келеді. Мысалы, “Біздің Отан жеңеді”, “Ел қуанышы”, “Кек алу”, “Майданға сәлем”, “Біз жеңеміз” - толғаулары осы жанрға тән классикалық белгілердің дәстүрінде шығарылған дүниелер. Атап айтқанда, бұл толғаулар азаматтық-патриоттық,  дидактикалық мазмұнмен, 7-8 буындық жыр өлшемімен, түйдекті-шұбыртпалы ерікті, кейде егіз ұйқаспен, тирадалық-шумақтық құрылыспен шығарылған. Кененнің ерлікке, елдікке үндеген патриоттық мазмұнды толғаулары Ұлы Отан соғысы кезінде шығарылғандықтан тылдағы елді еңбекке жұмылдыруға арналып (“Біз жеңеміз”):

Ұл-қызым жауға аттанды,

Қаруланып, қырланып.

Тылда қалған еңбекші,

                    Біз де бейқам тұрмалық [26,80 б.] – десе, “Кек алу” толғауында жыраулық толғауға тән белгі қылаң береді:

Жігіт батыр бола ма,

Бастап шеру тартпаса [26,65 б.].

Кенен толғауларының екінші түрі – таза дидактикалық өсиет, нақылды терме түрінде болып келеді. Кененнің мұндай толғаулары өмірдегі ұсақ-түйектерді емес, адамдық тіршіліктегі бір ғана дәуірге емес, ғасырларға жетерлік жалпылық мәні бар ойлы болып келеді. Сондықтан Кененнің мұндай толғауларын қазіргі қазақ фольклортануында айтылып жүрген терме жанрымен сабақтастыра, біріктіре қараймыз. Профессор Р.Бердібаев айтқандай, “... терме талабына кез келген өлең емес, үлкен әлеуметтік астары бар, ұстаздық үлгі айтатын толғаулар неғұрлым сай... Терме-толғаулар... алуан мәселе ауызша ғибрат түрінде айтылатын кезінде көп міндетті атқарысқан... Тұрмыстық-салттық кодекс, норма, адамның жас кезінен қартайғанға дейінгі өмір белесінің сипаттамасы бәрі де толғау – термеден көрініс тапқан” [37,56-57 бб.].

Кененнің ақындық шабытынан туған толғау-термелері дидактикалық толғанысты ақылға, өсиетке, өнегелі ойларға толы болып келеді. Ақынның толғау-термелері Шығыстың жазба әдебиетіндегі нақыл өлеңдер үлгісімен араласқан өзгеше түр. Шығыс поэзиясы бойынша, “По форме терме – типичное рубаи, где, как известно, рифмуются между собою первая, вторая и четвертая строки” [38,105 б.]. Бұл жағынан алғанда толғау – терменің Кенендік стильмен нақыл өлеңдер формасына айналғанын көреміз.

“Бір өсиет жастарға”, “Ерлі-зайып” деген толғауларында “Мал аласы – сыртында, адам аласы - ішінде” деген халықтық даналық ойларға негізделген Адамтану мәселесін жырлайды. Көзіңе күле қарап жүрген кейбір пенделердің қаракөкірек, зұлым болатынын ашына айтады. Кенен дәстүрлі салыстыру әдісімен жағымсыз жандардың адымын ашырмай, өмірдің мөлдірлігі мен тазалығын сақтау жолында жүрген күрескер адамдардың парасат биігіндегі адамгершілік тұлғаларына баға береді. “Кішіпейіл келеді білімді адам” деген нақыл өлеңінде егіздеу әдісімен адамдық мінез сапаларындағы қасиеттер ақылдылық пен талаптылықты, ықылассыздық пен талапсыздықпен салыстыра келіп, заман тынысына, халық тағдырына араласа алатын биік арман, мақсаттарға құлаш ұратын сападағы адамдардың рухани болмысына, жаратылысына баға береді:

Кішіпейіл келеді білімді адам,

Дәні толық тарыдай басын иіп [27,180 б.].

Ақынның “Танисың” деген толғауында да дәстүрлі салыстыру әдісі мол қолданылады. Кененнің толғаулары – оның терең ойлы, өткір тілді ақындығының жарқын көрінісі.

“Кенен поэзиясындағы кейіпкерлер жүйесі” деп аталатын үшінші бөлім “Батыр мен оның достары, қарсыластары”, “Әйелдердің бейнеленуі”, “Халық бейнесі” атты үш тараудан тұрады. “Батыр мен оның достары, қарсыластары” деп аталатын бірінші тарау Кенен шығармашылығындағы батыр мен оның достары, қарсыластарына ортақ қасиеттерді әрі әрқайсысына тән ерекшеліктерді айқындауға құрылған. Бұрынғы эпосты шығарушылар ұлы шайқастарға өздері араласа жүріп, көзімен көріп, жойқын ерлікті жырлап, халық батырларын дәріптеген. Халық ақындары да дәл солай, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысып, кезеңді оқиғаның ізінше жұрттың көкейіндегі жырларды тудырған. Мұны Жамбыл, Өмірзақ, Кенен, Омар, Сәт, Қуат ақындардың шығармашылығы айқын дәлелдейді. Кенен ұлт-азаттық көтерілісі тақырыбына арнап «Аттан!», «Қайран елім», «Он алтыншы жыл», «Қырғыз бауырыма», «Кек» секілді ән-жырларын; «Қырғызбай», «Әли батыр» тәрізді тарихи дастандарын шығарды. Бұл екі дастан да импровизациядағы эпикалық дәстүрді сақтаған, жазба әдебиеттің дәрежесінде жасалған, тақырыбы, көркемдік құны, қуаты жағынан да тарихи шындықты сапалы сипаттау тұрғысынан да әдебиетіміздің биік әрі табысты шығармалары. Кененнің 1916 жыл ұлт-азаттық қозғалысына да ақындық, азаматтық үн қосқаны сөзсіз. Ақын осы азаттық қозғалыстың ізін суытпай 1916 жылға арналған көлемді дастан шығарып, оны ел арсында айта бастайды. Оның бұл дастанында халық күресі, елінің батыр ұлдары Әли мен Қырғызбайлардың жанқиярлық қимылдары нанымды суреттелген.

«Қырғызбай» дастанның бас кейіпкері Қырғызбай сергелдеңге түскен қалың елді бастап, патша әскеріне қарсы көтеріліске аттанады. Бірақ сол жерде қатты қырғын соғыс болып, Қырғызбай қапияда қолға түседі.

Кетті алып байлап, матап Қырғызбайды,

Еш жерге сусындатып тұрғызбайды.

Алайда, батырдың салы суға кетіп, қайғырып, қамығып қалмайды. Қайта елі-жұртын, үзеңгілес серіктерін жаудан кек алуға шақырады.

Тауға сіңген серіктер,

Белін бекем буынсын.

Кек шыңдаған ақ семсер,

Жау қанына жуылсын [26,298-299 бб.].

«Әли батыр» дастанның ең бір ерекшелігі сол – ақын сол қозғалыстың тікелей қатысушысы болып көрінеді. Халық кегі жайдары күндері теңіздей тыныш шымырлап жатса, дауылды күндері барлық құдіретті стихиясымен толқымақ! Ол кезде оған ешбір күш қарсы келе алмайды. Әли батырдың тобына халық үшін қабырғасы қайысқан ерлер қосылады. Соның бірі Нүсіпбай. Ол:

Кісі екен қошқар тұмсық, қара торы,

Ерліктің маңдайынан түскен жолы.

Оралған құлағына қара мұрты,

Қақпақ жаурын, қажымас дене зоры [39]

Қысқасы, бұл екі дастанның екеуі де 1916 жылдың азаттық көтерілісін қамтиды. «Әли батыр» дастаны «Қырғызбайдың» заңды жалғасы, алдыңғы оқиғаны шарықтау шегіне жетіп, шешілер жерін суреттейтін соңғы тарауы іспетті. Осы секілді шығарма қаһармандарының іс-әрекет, қылықтарында да бүтін бір тұтастық бар. Алдыңғы дастандағы Қырғызбай мен соңғы дастандағы Әли тұлғалары бірін-бірі толықтыру үшін алынған кейіпкерлер екендігі түсінікті. Сөйтіп Кененнің «Қырғызбай» мен «Әли батыр» атты дастандары, қай жағынан алып қарасақ та, оның шығармасы өсу жолындағы биік бір белесі екендігін көреміз.

Екінші тарау “Әйелдердің бейнеленуі” деп аталады. Кенен шығармашылығында сыр мен сымбаты келіскен, жүрек толқытарлық не бір сұлу кескінді бейнелер жасалған. Соның ішінде бекзат болмысымен ерекше елеулісі, көңілге де көзге де көрікті, қиял қозғап, ойды оятарлық сүйкімдісі - әйел бейнесі. Әрине, осынау тұтас, жалпы айтылған “әйел бейнесі” деген ұғымды жіктеп, жүйелеп, бөлшектеп айтар болсақ, онда жас ерекшелігіне, өмірдің қай баспалдағында екендігіне орай бірнеше түрлерге бөліп, бірнеше атаулармен атауға болады. Мысалы, қыз, қарындас, жар, келіншек, ана, бәйбіше т.б. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері, қасиеттері, көркемдік кестесі мен мәнері, суреттегіш-бейнелегіш құралдары болатынын айту қажет.

Әйелді біріншіден – қыз деп атар,

Қыз бала ер баламен жүрер қатар.

Бір кезде келіншек боп жаулық салып,

Бөтен жұрттық боп кетіп бір жылатар [27,82-83 бб.].

Кенен поэзиясындағы әйелдер бейнесі барынша көркемдік кемелдікпен суреттелген. Ақын Кененнің әдемілікке деген көзқарасы жоғары дәрежеде бейнеленген деуге толық негіз бар. Кенен тілінде жас аруды сипаттайтын “асыл тас”, “тау талындай”, “тоты құстай”, “маралдай”, “бұлбұлым”, “сандуғашым”, “болатым”, “гауһар тасым”, “таң жұлдыз”, “аттың жорғасындай”, “сұңқарлары”, “ұлар” сияқты сөздер мол. Осы бейнелі сөздер, ұғымдар ақын өлеңдерінде көркемдікпен қолданылған. Айрықша стилистикалық ерекшеліктерге ие. Бұлардың ұлттық поэзияда мейлінше мол әрі сүйкімді әуенмен жырлануы ақынның өзіне ұғымды, түсінікті, жанына жақын болғандықтан. Мәселен, былай болып келеді:

Тау талындай, ендеше, тау талындай,

Ашымаған сабаның саумалындай

(“Қыздар”) [27,42 б.].                                                               

Тал бойыңда тарыдай бір мінің жоқ,

Тоты құстай бұралып тұрасың ба?

(“Мөртай”) [20,11 б.].

Қандай сөз-образ болса да, көркем шығарма ішінде олар бір-бірімен тамырлас, өзектес болып келеді. Сондықтан да эстетикалық мәні терең сөз – көркем образ жасаудың маңызды құралы.

Ақын атаулының бәрінде нағыз шеберліктің шыңына жеткізетін қасиет – шығармаларын бейнелелікпен, көркем тіл өрнектерімен жырлау. Көркем де бейнелі өрнектелген поэзия тілі адам жанының иірімдеріне терең бойлап, ақын шығармаларының халық жүрегіне берік ұялайтын қадір-қасиетін арттыра түседі. Жазба поэзияның шеберлікті үйрену жолында да импровизатор ақындардың жырларындағы осындай сапалық белгілердің әсер еткені даусыз шындық.

“Халық бейнесі” деп аталатын үшінші тарау Кенен шығармаларындағы халық бейнесінің дәстүрлі өрнектері, оның ақын өлеңдерінде алатын орны айқындалады. Ақын шығармаларының тақырыптық аясы кең. К.Әзірбаев шығармаларының дені кеңес дәуірінде жазылғандықтан да, олардан сол кездегі қоғам талабы көрініс береді. Сондықтан ақын шығармаларының тәрбиелік, тағылымдық мәні әсте кемімегендігі анық. Игіліктің, жақсылықтың бәрі еңбектен басталады. Сондықтан да Кенен ақын еңбекшілдікті – адамның жоғары қасиеті деп санады.              

Астықты тың далаға аттаныңдар,

Берерін табиғаттың ап қалыңдар [26,134 б.].

Ақын еңбекті ақыл-ой парасатымен сәтті ұштастырған «молшылық көзі егінде» деген тармақтың мәні зор. Қазақтың жалпақ жерінің мұндай игілікке ие болуы ғылымның көмегіне сүйенген ұйымшылдық іс екенін бейнелі бере алған. Қалған екі өлең де еңбекті дәріптеген. Бұл – еңбек нәтижесі, ал еңбек –  тіршілік тірегі деген ұғым береді. «Ақыл-нақыл» атты өлеңінде маңдай тердің туған жерге сіңуін тілек етеді. Тер – тек еңбек қуатының тері болуы керек деп қысылу мен қорқудың тері болмағанын қалайды. Адам мен Жер бірінсіз-бірі жоқ екі алып, Жер  адамға ғұмыр берсе, адам жерді гүлдендіреді. Осы екі фактор адам қиялында нық орныққан. Жерге сән беретін, жанындай аялайтын еңбек адамының қалпын «Қызыл тулы» өлеңінен көреміз.

Міне, егін  бапкерінің бүкіл болмыс-бітімі, мінез-құлқы осылайша көз алдымызда іс-әрекеттері арқылы  тұлғаланып тұра қалады. Мұнда Кенен  еңбеккердің ісіне де, өзіне де сүйсіне қарайды, оны үлгі етеді. 

Мол материалдық игілік – жан қиналта  құлшына еткен еңбек жемісі. Соны ұғынуда, оны бағалай білуде  кім болса да сынға түседі. Адам өміріндегі осындай нәзік иірімді кейде елемей кететіндігімізді ақын «Ақ бидай» деген өлеңімен еске салады.  Нанның молдығынан «бидай көп» деген пікірімізде де қателік барын байқаған. Бір кездегі аштықты ұмытып кететіндігімізді айта келіп, ол: «шашырап бір дән ысырап болмасын да» деп ой тастайды.

Ақ бидайды оруға ел араласты,

Еңбектің шаттығынан шашу шашты [26,89 б.].

Немесе;

Табиғат алтын түгін, інжу дәнін,

Еңбек сүйгіш ерлерден аямайды [32].

Ақын осылайша бар халыққа үндеу тастайды. Осы өлеңнің негізгі ой-түйіні – еңбекті дәріптеу, еңбек адамдарын бағалау. Кенен еңбектің адам өміріндегі, қоғам өміріндегі маңызын жоғары қояды.

Қорытындыда ақын Кенен Әзірбаевтың шығармашылық өмірбаяны мен әдеби шығармашылығын зерттеуде белгілі ғалымдардың, ақын-жазушылардың ой-пікірлері негізге алынғаны, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясындағы сирек қорлардағы қолжазбалар жекелей және отбасылық материалдары пайдаланылғаны айтылады. Ғылыми жұмыстың қандай мәселелерге жете назар аударылғаны, оның зерттеу нәтижелері берілген.

Кенен Әзірбаев қазақ поэзиясының бүкіл болмыс-бітімінен өзі сусындап өскен ауыз әдебиетінің дәстүрлерін жалғап, дамытып, жаңа сатыға көтергені айқын аңғарылады. Ақын өлеңдері мен дастандары, толғаулары – ХІХ ғасырдың өзекті мәселесі адамгершілік категориялары, ар-ождан, өнегелілік, сенімділікті насихаттайтын, дидактикалық тағлымы зор мұра ретінде бағалы.

ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі өкілі, айтыс өнері мен импровизаторлық дәстүрдің ақтангері, көшбастаушысы, ақындық поэзияны жаңа белеске көтеріп дамытушы Кенен Әзірбаевтың әдеби шығармашылығы – ұлт мәдениетінің алтын қорынан орын алатын қазына.

Диссертациялық жұмыстың алғашқы бөлімінде тұңғыш рет Кенен Әзірбаев өнерінің жыршылық қыры сөз болып, түрлі әдеби қорлардан алынған дәйек көздері мен ел аузынан жиналған мәліметтер арқылы ғылыми тұрғыда негізделді. Кенен – жыршылық өнерді жалғастырушылардың бірі. Орта Азия халықтарына ежелден әйгілі болған «Ер Төстік», қырғыздың атақты эпосы «Манас» («Көкетайдың асы») жырларын жырлап келген. Ақын жырды түбегейлі өзгертпегенімен композициялық құрылымына, көркемдік кестесіне өзінше құбылтулар енгізді. Жыр біткен жадында жатталып, көп нәрсені көкірегіне түйген ақынның бұл салада да өзіндік қолтаңбасы бар екені анық. Кененнің жыршылық өнері туралы ой-пікірлер, деректер екшеленіп, алғаш рет бір арнаға тоғыстырылып, ғылыми дәлелдеулер арқылы тұжырымдама берілді.

Жұмыстың екінші бөлімінде Кенен айтыстарына, өлеңдері мен толғауларына жан-жақты талдаулар жасалынды. Бұрыннан белгілі, түрлі айтыс жинақтарында жарыққа шыққан айтыстарымен қатар, тұңғыш рет ғылыми айналымға енген Жамбылмен, Шашубаймен, Есдәулетпен, Ләтипамен айтыстары терең зерттелді. Айтыс өнері Кененнің негізгі ақындық қырын анықтайды десек, жұмыста ақынның барлық айтыстарының тарихына, оның көркемдік ерекшеліктеріне, тақырыптық арнасына кең зерттеу жасалды. Осы орайда, айтыс жанрына байланысты белгілі әдебиетші-ғалымдардың сараптамалары негізге алынып, жұмыстың теориялық бағытын анықтауға мән берілді. Кенен Әзірбаевтың айтыстары жеке дара талданбай ХІХ ғасырдағы айтыс ақындарының шығармашылығымен салыстыру әдісі арқылы берілуі – жұмыстың сапалылығын анықтайды деп есептейміз.

Кененнің ақындық өмірі, шығармашылдық жолдағы даралығы, сол өнер соқпағындағы шыншылдық пен турашылдық қасиеттері, оны маңайындағы ақындардың ұстазы деңгейіне көтерді. Түйіндеп айтқанда, ХІХ ғасыр поэзиясында алатын көрнекті орны бар Кенен ақын – халқымыз қастерлеп өткен айтыс өнеріне тың леп қосып, кейінгі ұрпаққа түрлендіре, кемелдендіре жеткізуші хас шебер ақындардың бірегейі. Мұның өзі ақын шығармашылығының өзіндік бет-бағдары мен ешкімге ұқсамайтын ерекшеліктерін айқындайды.

Кенен өлеңдері мен толғаулары тәрбиелік мақсаты, әсіресе, бүгінгі күннің өзекті мәселесі – адамгершілік, ар-ождан, инабаттылық, өнегелілік категорияларын насихаттайтын, дидактикалық тағлымы зор мұра. Жұмыстың екінші бөліміндегі «Арнау өлеңдер» атты тарауда осы мәселелер кеңінен талданады.

Ақынның әдеби мұрасын жинастыру барысында табылған жаңа өлеңдері жұмыстың жаңалығы болып саналады. Себебі, Кененнің «Абай», «Құрметті інім Жұмабайға» өлеңдері – бұрын баспа бетін көрмеген, ғылыми айналымға түспеген мұралар.

Жұмыстың үшінші бөлімін ақын поэзиясындағы кейіпкерлер жүйесі туралы жазылған пайымдаулар құрайды. Мұнда ақын шығармашылығындағы кейіпкерлерді өзінара жүйелеп, жіктедік, оларға ортақ қасиеттерді әрі әрқайсысына тән ерекшеліктерді ашуға тырыстық. Ақын өлеңдерінің көркем тілде алатын орны, қазақ тілі грамматикасындағы троптарға сай кездесетін категориялық мағыналы жүйелерге, сөз бейнелілігі мәселелеріне тоқталдық. Өлеңдеріндегі ұйқас, буын өлшемдеріне назар аударылып, оның теориялық құрылымына талдау берілді.

Кенен шығармаларының көркемдік-бейнелеу құралдары алуан түрлі, олардың атқаратын көркемдік-эстетикалық қызметі де жоғары. Ақын фольклордың  көркемдік құралдарының мол мүмкіндіктерін терең игеріп, жаңа заманды бейнелеуге ұтымды жарата алды. Ұйқас пен ырғақ байлығы, ой мен сөз жарастығы ақын жырларында асқан шеберлікпен, әрі суреткерлікпен астасып жатыр. Кенен өнерінде шешендерге тән тура сөйлеудің де, ақындарға тән айшықтап айтудың да неше алуан көркемдік үлгілері бар. Ендеше Кенен Әзірбаевтың әдеби мұрасы қазақ поэзиясының тарихында өзіндік орнымен ерекшеленеді. Ерекшелігі мен құндылығы оның сан қатпарлы мазмұнында, көркемдік қасиетінде деп танимыз.

Диссертцияда Кенен Әзірбаевтың Жетісу жеріндегі ақындық, жыршылық, би-шешендік дәстүріне әсер етуі нақтыланып, сөз ете отырып, Кененнің халық ақындары шоғырындағы өзіндік орны анықталды. Айқындалған ақиқат: Кенен Әзірбаев – қазақ әдебиетінің тарихында ақындық қасиеттерімен, көркемдік қуатымен айрықшаланған, халқымыздың белгілі бір кезеңдегі рухани өміріне өз тарапынан игілікті ықпал жасай алған, соңына сырлы сөздері мен  сұлу әндерін қалдырған шығармашылық дара тұлға.

Қазақ халқының әдебиет тарихында айрықша шығармашылығымен қайталанбас туындылар қалдырған Кенен Әзірбаевтың әдеби мұрасы өзінің барлық көркемдік және құрылымдық ерекшеліктерімен қазақ әдебиетінің

үздік үлгісі ретінде қала бермек.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1 Әуезов М. Әр жылдар ойлары. –Алматы: ҚМКӘБ, 1959. –371 б.

2 Мұқанов С. Халық мұрасы. –Алматы: Қазақстан, 1974. –236 б.

3 Ысмайылов Е. Жамбыл және халық ақындары. –Алматы: 1996. –240 б.

4 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. –Алматы: Жазушы, 1975. –464 б.

5 Бегалин С. Сахара сандуғаштары. –Алматы: Қазақстан, 1976. –165 б.

6 Бақбергенов С. Бозторғай. –Алматы: Өнер, 1981. –96 б.

7 Сейітов С. Өмір өрнектері. –Алматы: Жазушы, 1969. –316 б.

8 Сыздықов Т. Толғандырар тағдырлар. –Алматы: Қазақстан, 1977. –139 б.

9 Тәжібаев Ә. Жылдар, ойлар. –Алматы: Жазушы, 1976. –472 б.

10 Төреқұлов Н. Жамбыл мен Кенен. –Алматы: Жалын, 1978. –128 б.

11 Жолдасбеков М. Асыл арналар. –Алматы: Жазушы, 1986. –328 б.

12 Негимов С. Өнерпаздық өрнектері. –Алматы: Ана тілі, 1996. –88 б.

13 Тебегенов Т. Халық ақындары шығармаларындағы әдебиет пен фольклор  дәстүрі. –Алматы, Білім, 2001. –332 б.

14 Керимов Ш. Проблемы традиционного и индивдуального в творчестве казахских поэтов-песенников (сал-сері) второй половины ХІХ и начала  ХХ веков. автореф... канд. филол. наук: –Алматы, 1991. –24 с.

15 Жумкина С. Ш.Қошқарбайұлының әдеби мұрасы және ақындық              орта дәстүрі: канд. дисс. –Алматы, 2003. –129 б.

16 Әлібеков Т. Құланаян Құлмамбеттің ақындық мұрасы: канд. дисс. – Алматы, 2002. –198 б.

17 Кененқызы Т. Кенен. –Алматы: Жалын, 1998. –176 б.

18 Әзірбаев К. Аңыздар сыры. –Астана: Елорда, 2000. –348 б.

19 Кененқызы Т. Екі Кенен тумайды. –Алматы: Шартарап, 2001. –160 б.

20 Әзірбаев К. Көпшілік, тыңда әнімді. Әндер жинағы. –Тараз: 2003. –72 б.

21 Кененұлы Б. Әке рухымен сырласу. –Астана: Елорда, 2004. –320 б.

22 Әзірбаев К. Өлеңдері мен дастандары. –Алматы: ҚМКӘБ, 1952. –116 б.

23 Әзірбаев К. Өлеңдері мен дастандары және ән текстері. –Алматы:       ҚМКӘБ, 1955. –176 б.

24 Әзірбаев К. Өмірімнің әндері. –Алматы: ҚМКӘБ, 1961. –124 б.

25 Әзірбаев К. Тойбастар. –Алматы: Жазушы, 1973. –103 б.

26 Әзірбаев К. Таңдамалы шығармалар. –Алматы: Жазушы, 1974. –463 б.

27 Әзірбаев К. Екі томдық таңдамалы шығармалар: Бірінші, екінші том.      –Алматы: Жазушы, 1984. –360 б.

28 Қоңыратбаев Ә. Эпос және оның айтушылары. –Алматы: Қазақстан, 1975. –25-26 бб.

29 Кененқызы Т. Атамның жеті күйі. Еңбек туы // 30.06.1984.

30 Нұрғалиев Р. Телағыс. –Алматы: Жазушы, 1986. –440 б.

31 Каскабасов С. Фольклорный театр народов СССР. –М: Наука, 1985. –115-137 сс.

32 ҚРҰҒА Қолжазбалар қоры, №548 бума, 2-дәптер.

33 Баласағұн Жүсіп. Құтты білік.–Алматы: Жазушы, 1986. –616 б.

34 Иассауи Қожа Ахмет. Диуани хикмет. –Алматы: Мұраттас ғылыми-зерттеу және баспа орталығы, 1993. –262 б.

35 Иүгінеки Ахмет. Ақиқат сыйы. –Алматы: Ғылым, 1985. –152 б.

36 ҚРҰҒА Қолжазбалар қоры, №848 бума.

37 Бердібаев Р. Сарқылмас қазына. –Алматы: Мектеп, 1983. –248 б.

38 Кабулниязов Д.Ж. Пути развития узбекского советского фольклора:  авторефер... док. филол. наук: –Ташкент, 1973. –72 с.

39 ҚРҰҒА Қолжазбалар қоры, №548 бума, 4-дәптер.

 

Диссертация тақырыбы бойынша жарық көрген мақалалар тізімі

 

1  Кенен Әзірбаевтың Ұлы Отан соғысына арналған шығармалары // ҚР 

    ҰҒА Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. №4. Алматы, 2005. 51-56 бб.

2  Кенен Әзірбаевтың “Әли батыр” дастанының текстологиясы // ҚР

    ҰҒА Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. №1. Алматы, 2006. 75-78 бб.

3  Кенен Әзірбаев шығармаларының поэтикасы // ҚР ҰҒА Хабарлары.  

    Тіл, әдебиет сериясы. №2. Алматы, 2006. 90-93 бб.

4  Кенен өлеңдері мен халық өлеңдерінің ара-қатынасы // “Тіл және 

    әдебиет: кешегісі мен бүгіні” атты Халықаралық ғылыми-

    практикалық конференция материалдары. Алматы: Арда, 2006. 380-

    387 бб.

5  Кенен жырларындағы табиғатты жыр етуі // “Бүгінгі түркітану және 

    оның даму бағыттары” атты Халықаралық ғылыми-практикалық     

    конференция материалдары. Алматы, 2006. 373-382 бб.

6  Кененнің эпикалық шығармалары // “Бүгінгі түркітану және оның

    даму бағыттары” атты Халықаралық ғылыми-практикалық

    конференция материалдары. Алматы, 2006. 383-390 бб.

7  Кенен Әзірбаев шығармаларындағы бейнелеу тәсілдері // “Әлемдік

    рухани құндылықтар және қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері”

    атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. 

    Алматы, 2007. 409-417 бб.

 

РЕЗЮМЕ

 

на автореферат диссертации, представленной на соискание ученой степени кандидата филологических наук по специальности

10.01.02 – Казахская литература

 

Отен Айгуль Жаксылыккызы

Литературное творчество Кенена Азербаева

 

Общая характеристика работы. Проблема традиций и новаторства в сфере устного народного творчества – наиболее трудный объект анализа, и эта область исследована менее других. По проблеме новаторства творчества Кенена Азербаева еще нет крупных исследований, а имеющие к ней отношение не систематизированы и не обобщены.

Актуальность темы. Одним из наиболее перспективных для дальнейшего исследования стало изучение творчества виднейших представителей устного народного творчества. Обращение к  литературному творчеству классика казахской литературы Кенена Азербаева продиктовано попыткой проанализировать его обширное наследие и вклад в историю казахской литературы, а также осветить на основе этого анализа некоторые актуальные вопросы литературоведения.

Состояние разработанности проблемы. Наследие Кенена Азербаева постоянно привлекала и привлекает внимание исследователей. К творческому наследию К.Азербаева обращались такие видные ученые, как М.Ауэзов, С.Муканов, Е.Ысмаилов, А.Жубанов. Своеобразие его творчества осмысливается Ш.Елеукеновым, М.Жолдасбековым, С.Негимовым. Однако литературное творчество  Кенена Азербаева до настоящего времени не было предметом специального научного исследования. Таким образом, анализ публикаций, освещающих литературную деятельность  К.Азербаева, позволяет заключить, что пришло время проблемно-целостного изучения его творчества.

Научная новизна исследования.  

1.     Впервые предпринята попытка целостного рассмотрения творческой биографии Кенена Азербаева, осмыслены отзывы и отклики, опубликованные на страницах периодической печати.

2.     На основе историко-биографических сведений акына с современных позиций осмыслены некоторые вопросы истории казахской литературы XIX века.

3.     Введены в научный оборот не изданные ранее труды Кенена Азербаева, обнаруженные в рукописном фонде Национальной академии наук Республики Казахстан.

4.     Подвергнуты разностороннему научному анализу айтысы К.Азербаева и рассмотрен его вклад в совершенствование искусства айтыса в XIX веке.

5.     Выявлены художественные особенности стихов Кенена Азербаева,  также введены в научный оборот и подвергнуты анализу стихи «Абай» и «Құрметті інім Жұмабайға».

6.     Определено влияние духовно-культурной среды на формирование художественного вкуса акына и рассмотрена роль школ Абая, Биржана, Балуана Шолака и Жамбыла на творчество Кенена.

7.     Разработано учебное пособие, где собрано и проанализировано творческое наследие К.Азербаева.   

Объектом данного исследования явились материалы рукописного фонда Центральной научной библиотеки Министерства образования и науки Республики Казахстан, института литературы и искусства им. М.О.Ауэзова, историко-литературного мемориального музея им. Кенена Азербаева.

Цель и задачи исследования. Целью работы является систематизация литературного творчества акына, жырау Кенена Азербаева, определение тематического своеобразия  и оценка его творчества в контексте истории казахской литературы. Для достижения цели были поставлены следующие задачи:

·        рассмотрение творческой биографии акына в контексте общественной социально-политической ситуации и литературной среды;

·        сбор, дополнение и всесторонний анализ литературно-исторических, архивных сведений об акыне;

·        определение вклада акына в казахскую литературу XIX века, всесторонний научный систематический анализ его произведений;

·        осмысление отзывов, откликов, различных материалов в литературоведении, посвященных творчеству акына;

·        оценка, введение в научный оборот и определение идейно-тематических и изобразительно-выразительных особенностей произведений К.Азербаева;

·        определение литературно-теоретической структуры айтысов, стихотворений, толгау по форме и содержанию;

·        определение вклада Кенена в искусство и совершенствование айтыса, совершенствование поэзии акынов, литературная характеристика его импровизаторского мастерства.  

Теоретической и методологической основой исследования явились труды ведущих ученых, посвященные вопросам казахской поэзии, ее истории и теории, а также творчеству акынов, жырау и жыршы.

Методы исследования. В работе использованы комплексно-систематический, историко-хронологические методы.

Теоретическая и практическая значимость. Выводы и предложения диссертационной работы могут быть использованы при написании истории казахской литературы, в процессе преподавания спецкурсов и спецсеминаров по истории казахской литературы в высших учебных заведениях.

Структура диссертации. Исследование состоит из введения, трех разделов, заключения и списка использованных источников.

Первый раздел посвящен певческому искусству Кенена. В этом разделе определяется, что поэт исполнял отрывки из эпосов «Манас», «Ер-Тостик». Также рассмотрены и проанализированы с идейно-тематической, жанровой позиций и другие эпосы из репертуара жыршы, вошедшие в один из его 10 сборников. Здесь же рассматривается реализация в творчестве акына фольклорных традиций и фольклорных жанров.

Во втором разделе рассматривается поэтическое мастерство Кенена, проблема традиций и преемственности. Раскрыты художественные особенности стихов поэта, изменения, внесенные им в размер стиха.

Третий раздел посвящен анализу системы персонажей в поэзии Кенена. В ней дается систематизация и классификация персонажей, встречающихся в творчестве акына, а также выявляются общие и индивидуальные черты героев.

 

SUMMARY

 

On the author's abstract of the dissertation submitted on competition of a scientific degree of Candidate Philology Sciences on a speciality

10.01.02 - the Kazakh literature

 

Oten Aigul Zhaksylykkyzy

Kenen Azerbayev’s Literary creativity

 

General characteristic of the dissertation work. The problem of traditions and innovations in sphere of oral national creativity are the most difficult object of the analysis, and this area is investigated less others. On a problem of innovation of creativity of the Kenen Azerbayev still there are no large researches, and having to its the attitude are not systematized and not generalized.

      Urgency of a theme. To one of the most perspective for the further research began studying creativity of the most outstanding representatives of oral national creativity. The reference to literary works of classic of Kazakh literature Kenen Azerbayev was dictated in order to analyze his extensive heritage and contribution in history of Kazakh literature, as well to light up some actual problems of literary criticism on the basis of this analysis.

      Developed condition of the problem Kenen Azerbayer’s heritage constantly attracted and attracts researcher attention. Such well-known scientists as M.Auezov, S.Mykanov, E. Ismaillov, A.Zhubanov have appealed to creative heritage of K.Azerbaev. The originality of his works interprets by the leading literary critics and critics: Sh.Eleukenov, M.Zholdasbekov, S.NegimovThough the literary creation of K.Azerbaev wasn’t the subject of special scientific investigation till now.Thus, the analysis of publication reported literary works of  K. Azerbayev allows to conclude that it’s time of problematic-integral learning of his works.

     Scientific novelty of research. 

1. Attempt of complete consideration of Kenen Azerbayev’s creative biography, comprehended opinions,  responses published on pages of periodicals for the first time is undertaken.

2.    On the basis of historico-biographic of akyn’s data from modern positions comprehended some questions of Kazakh literature history of XIX century.

3.    Kenen Azerbayev’s works not issued earlier which has been found out in hand-written fund of the National academy of sciences of Republic Kazakhstan are entered into a scientific revolution.

4.    Are subjected to the versatile scientific analysis K.Azerbaev’s aitys and his contribution to perfection of aitys art in XIX century is considered.

5.    Art features of K.Azerbaev’s verses are revealed, also are entered into a scientific revolution and verses "Abayand «To dear brother Zhumabay» are subjected to the analysis.

6.    Influence of the spiritual-cultural environment on formation of art akyn taste is determined and the role of schools of Abay, Birzhan, Baluan Sholak and Zhamdyl on Kenen’s creativity is considered.

7.    The manual where K.Azerbayev's creative heritage is collected and analysed is developed.  

     Object of the given research were materials of hand-written fund of the Central scientific library of the Ministry of Education and a Science of Republic Kazakhstan, M.O. Auezov Institute of the literature and art, Kenen Azerbayev  historico-literary memorial museum.

The purpose and research problems. The purpose of work is ordering of akyn, zhyrau Kenen Azerbayev's literary creativity, definition of a thematic originality and an estimation of his creativity in a context of  history of the Kazakh literature. For achievement of the purpose the following tasks have been put:

-      Consideration of the creative akyn biography in a context of a public sociopolitical situation and the literary environment;

-      Gathering, addition and the all-round analysis of literary-historical, archival data about akyn;

-      Definition of the akyn contribution in the Kazakh literature of XIX century, the all-round scientific regular analysis of his products;

-     Judgement of opinions, responses, various materials in the literary criticism, devoted to akyn creativity;

-      An estimation, introduction in scientific revolution and definition of ideological-thematic and graphic - expressive features of K. Azerbayev's products;

-      Definition of aitys, poems, tolgau literary-theoretical structure under the form and contents;

-      Definition of Kenen contribution in art and perfection of aitys, perfection of akyns poetry, the literary characteristic of his improvisatory skill.  

Theoretical and methodological basis of research were the works of conducting scientists devoted to questions of the Kazakh poetry, its history and  theory, and also creativity of akyns, zhyrau and zhyrshy.

Methods of research. In work complex-regular, historico-chronological methods are used.

The theoretical and practical importance. Conclusions and offers of dissertational work can be used at a spelling of history of the Kazakh literature, during teaching special courses and special seminars on history of the Kazakh literature in higher school.

Structure of the dissertation. The Research consists of introduction, three sections, the conclusion and the list of the used sources.

     The first section is devoted to Kenen singing art. In this section the poet executed fragments from eposes "Manas", "Er-Tostic"it is determined. Also 10 collections are considered and analysed from ideological-thematic, genre positions and other eposes from zhyrshy repertoir, including in one of it. Here realization in akyn creativity  folklore traditions and folklore genres is considered.

In the second section Kenen poetic skill, problem of traditions and continuity is considered. Art features of verses of the poet, the changes brought by it at size of a verse are opened.

     The third section is devoted to the analysis of system of characters in Kenen’s poetry. In her ordering and classification of the characters meeting in akyn creativity is given, and also the general and individual features of heroes come to light.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..   80  81  82  83  84