Әңгімелеу мәтінінің тілдік-стилистикалық сипаты

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 9

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  1  2  3   ..

 

 

Әңгімелеу мәтінінің тілдік-стилистикалық сипаты

 

 

 

 

МАРЕТБАЕВА МАРИНА ӘБІЛЖАНҚЫЗЫ

 

 

 

 

 

 

 

10.02.02 ­–  Қазақ тілі

  

 

 

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның

 

АВТОРЕФЕРАТЫ

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2008

 

     Жұмыс    Абай  атындағы  Қазақ ұлттық  педагогикалық  университетінің

теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасында орындалды.

 

 

     Ғылыми жетекшісі:                          филология ғылымдарының

                                                                 докторы, профессор Б. Шалабай

                        

           

 

     Ресми оппоненттері:                        филология ғылымдарының                                                    

                                                                 докторы, доцент Г.М.Әжімжанова

                                                               

                                                                филология ғылымдарының

                                                                 кандидаты Б. Қапалбеков

 

                                             

 

      Жетекші ұйым:                                Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия

                                                                 ұлттық   университеті        

            

                                                  

 

 

      Диссертация   2008 жылы  « 20 »  қазан күні сағат   14 -де Абай   атындағы

Қазақ    ұлттық   педагогикалық  университетінде   филология,     педагогика ғылымдарының докторы   (кандидаты)  ғылыми    дәрежесін  беру жөніндегі

Д 14.09.04 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.

      Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, 215a-кабинет.

 

 

      Диссертациямен      Абай    атындағы     Қазақ    ұлттық    педагогикалық

 университетінің кітапханасында танысуға болады.

 

 

 

      Автореферат     2008 жылы      « 19 »        қыркүйекте таратылды.

 

 

 

 

                                                                                                             

      Диссертациялық кеңестің

      ғалым хатшысы, филология                                      

      ғылымдарының докторы, профессор                                         Г. Қосымова

                                                                                                     

Кіріспе

 

      Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Сөйлеудегі «жанды тілдің» өзіне тән болмысы мен табиғатын зерттеудің өзектілігі мен қажеттілігі күн санап артып келеді. Себебі ол қолданыстағы, қоғамдық өмірдің барлық саласына белсене араласқан, қоғамдық қарым-қатынас барысында сұрыпталған, шыңдалған, қалыптасқан, сол қатынас нәтижесінде өмір сүруге бейімделген тіл болып табылады. Шынайы тіл тілдік қарым-қатынастың барлық түрлері арқылы жүзеге аса алатын, эмоциялық көңіл-күй сезімдер, ақиқат өмір туралы ақпарат бере алатын тіл болып табылады. «Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау» [1, 10 б.]. Тілдің мұндай қызметтері туралы ақпараттың барлығы мәтін бойында жинақталған. Мәтін – сөйлеу барысында қалыптасып, сұрыпталған, тұрақталған айрықша типтік сигналдардың жиынтығы болып табылады. Оған айрықша форма мен композиция, құрылым тән болып келеді. Адамзат баласы мәтіннің өзіне тән болмыс-қасиетін зерттеуге сан ғасырлардан бері ұмтылып келе жатса да, оның бүгінгі күн талабынан зерттеуді қажет етіп жатқан тұстары әлі де көп. Бұл бағытта жаңадан қалыптаса бастаған қазақ мәтіні лингвистикасы жас болса да біраз тәжірибе жинақтады. Ол еңбектер қазақ тіл білімінде соңғы он жылдағы зерттеулерді қамтиды. Қазіргі ғылымның тоғысқан, жаңа салаларының пайда болып жатқан кезеңінде қазақ мәтіні лингвистикасы мәселелерін жан-жақты зерттеу аса қажет. Ол өз кезегінде психолингвистикалық, этнолингвистикалық, когнитивтік, прагматикалық, компаративтік, әлеуметтік лингвистикалық, тілдік-мәдени, мәтінді оқытуға қатысты зерттеулерге тірек болатыны анық. 

     Мәтін лингвистикасында зерттеуді аса қажет ететін маңызды мәселелердің бірі – әңгімелеу мәтінінің тілдік және стилистикалық ерекшелігін таныту. Әңгімелеу – тұтасым, байласым және мағыналық аяқталғандық, ақпарат беру категорияларына ие композициялық-сөйлеу формаларының бірі. Шығарма мазмұнын құраушы бірлік ретінде әңгімелеу мәтіні өз бойына қатысымдық, логика-семантикалық, психолингвистикалық, құрылымдық-композициялық қасиет-сапаларды жинақтаған категория. Әңгімелеу мәтінінің өзіне тән табиғаты жалпы мәтін мәселелері аясында айтылып жүргенмен, арнайы зерттеу нысанына айнала қойған жоқ. Осы орайда зерттеу жұмысының  қажеттілігі және өзектілігі көрінеді. Зерттеу тақырыбының өзектілігі, сонымен қатар, әңгімелеу мәтінінің көркем прозалық шығармалардағы қолданысын, стилистикасын зерттеуге бағытталуымен ерекшеленеді. Әңгімелеу мәтінінің сөйлеу композициясы тұтастығындағы қызметі мен жүзеге асу тетіктерін анықтауымен өзекті болып табылады. Аталған мәселелер қазақ мәтін теориясының толыға түсуіне үлес қосады.

     Зерттеудің мақсаты көркем мәтін мазмұнын құраушы мүшелердің бірі ретінде әңгімелеу мәтінінің құрылымдық-стилистикалық ерекшелігін анықтау болып табылады. Осыған байланысты зерттеу жұмысы өз алдына  мынадай міндеттерді шешуді көздеді:

- әңгімелеу мәтінін зерттеуге тірек болатын теориялық тұғырларды анықтау;

-    мәтіннің коммуникативтік, тілдік және көркемдік ерекшеліктерін негізге ала отырып,  әңгімелеу мәтінінің тұтас мәтін жүйесіндегі орнын және қызметін, мәтін түрлерімен арақатынасын белгілеу;

        - әңгімелеу мәтінінің көркем шығармадағы ақпараттық-мазмұндық, композициялық және стилистикалық тұрғыдан ұйымдасу ерекшелігін  анықтау;

        - әңгімелеу мәтінінің көркем шығармадағы мағыналық-тақырыптық  түрлерін анықтап, олардың лексика-семантикалық сипатын айқындау;

        -  әңгімелеу мәтінінің тілдік-құрылымдық ерекшелігін анықтау.

       Зерттеудің нысанына қазақ көркем прозасындағы әңгімелеу мәтіні және оның құрылымдық-стилистикалық ерекшелігі алынды.  

       Зерттеудің әдістері. Жұмыста мәтін лингвистикасына арналған зерттеулердегі ой-пікірлерді түсіндіру, жинақтау, салыстыру, талдау, топтастыру, жүйелеу, сипаттау, эксперимент, модельдеу әдістері қолданылды.

      Зерттеу материалдары ретінде 3000-ға жуық монологтық сөйлеу түріндегі мәтіндері «таза» және өзге мәтінтүзуші мүшелермен «аралас» қолданылған түрде көркем шығармалардан алынды.

       Зерттеу жұмысының дереккөздері ретінде ХХ ғасыр қазақ көркем прозасының көрнекті өкілдерінің шығармалары  алынды.

       Зерттеудің теориялық-әдістанымдық негізін мәтін лингвистикасы, мәтін стилистикасы мен прагмастилистикасы, психолингвистика, тіл білімінің жекелеген мәселелерін зерттеуші А.Байтұрсынұлы, В.В.Виноградов, В.В.Одинцов, И.Р.Гальперин, Г.Я.Солганик, О.А.Нечаева, И.О.Москальская, Г.А.Золотова, Л.С.Выготский, М.М.Мұқанов, М.Жинкин, А.Р.Лурия, Е.А.Реферовская, И.Я.Чернухина, М.П.Брандес, О.Н.Гришина, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, М.Балақаев, Ә.Т.Қайдар, Р.Сыздық, Т.Қордабаев, Е.Н.Жанпейісов, С.С.Құнанбаева, Б.Шалабай, Ж.А.Жақыпов, С.С.Мұстафина, З.Ш.Ерназарова, Г.М.Әзімжанова, Ж.Т.Қайшығұлова сынды қазақ және шетел тіл білімі ғалымдарының мәтін теориясына,  мәтіннің психологиясына, сөйлеу әрекеті теориясына, көркем проза тілі, көркемдік даралық мәселелеріне қатысты айтқан ой-пікірлері құрайды.

      Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері.

      - қазақ тіл білімінде арнайы зерттеу нысаны болмаған көркем әдебиет стиліндегі әңгімелеу мәтіні мәтін лингвистикасы тұрғысынан қарастырылды;

           - әңгімелеудің   көркем   шығарма   мәтінін   құраушы  бірлік    болып         

саналатыны әрі аяқталған мағыналық тұтастық екендігі дәлелденді;

      -әңгімелеу мәтіні ақпараттық-мазмұндық жағынан белгілі бір қатысымдық бағыт-бағдары бар, соған сәкес құрылымдық және композициялық ерекшелігі, өзге мәтін түрлеріне ұқсамайтын мәтін түрі екендігі ғылыми-теориялық тұрғыда негізделді;

      - әңгімелеу мәтінінің композициялық ерекшелігі және олардың қызметі анықталды;

      - әңгімелеу мәтінінің көркем шығармадағы қолданысы, көркем шығарманың стилистикалық композициясын, эстетикалық тұтастығын жасауға қатысы талданды;

      - әңгімелеу мәтінінің субъективтік және объективтік уақытқа қатысты тақырыптық-мағыналық түрлері анықталды.

      Зерттеудің теориялық мәні. Мәтіннің бір түрі әңгімелеуді зерттеу барысында алынған нәтижелер мен тұжырымдар көркем мәтіннің құрылымдық және стилистикалық ерекшелігін тануда, оның өзге мәтін түрлерінен (ойталқы, суреттеу) тілдік-стилистикалық айырмашылық-белгілерін айқындауда және жалпы мәтін лингвистикасы мәселелерінің толығуына үлес қосады. Сонымен бірге қазақ мәтінін оқытудың лингвистикалық-теориялық негіздерін анықтауға үлес қосады.

      Зерттеудің практикалық мәні. Жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде мәтін лингвистикасы, стилистика, тіл білімінің салаларын (фонетика, лексика, грамматика) оқытуда, көркем әдебиет стилистикасы, прагмастилистика, функционалды грамматика, тіл мәдениеті, көркем мәтінді лингвистикалық талдау бойынша оқылатын дәрістерде және арнайы курстарда қосымша құрал ретінде пайдалануға болады.

       Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

      - КСФ – әңгімелеу мәтіні – оқиғаны, іс-әрекетті ретімен, мезгілін, мекенін көрсете мазмұндауға құрылатын мәтіннің түрі;

      - әңгімелеу мәтіні құрамындағы сөйлем-айтылымдар негізінен тізбектік, сонымен қатар, параллельдік синтаксистік байланысқа құрылып, Бастауыш→Бастауыштық, Баяндауыш→Бастауыштық, Бастауыш→ Толықтауыштық, Бастауыш→Анықтауыштық синтаксистік байланысу тәсілдері негізінде жасалады;

      - әңгімелеу мәтінінің композициялық құрылымы өзіне тән грамматикалық құрылымдармен ерекшеленетін аңдату, мазмұндау, қорыту бөліктерінен тұрып, аңдату бөлігінің қимыл мәнді, мезгіл мәнді, мекен мәнді мағыналық түрлері ажыратылады; әңгімелеу мәтінінің аңдату бөлігі мен мазмұндау бөлігінің арасында қарама-қарсылық, анықтап-нақтылау, салыстыру, шарттылық, себеп-салдарлық логика-семантикалық қатынас түрлері болады;      

      - әңгімелеу мәтінінің оқиғаның дамуының объективтік, субъективтік уақытқа қатыстылығына қарай жақтық мәнді, оқиғалы мәнді мағыналық түрлері   болады;

      - әңгімелеу мәтіні мәтінтүзуші бірлік ретінде көркем шығарманың эмоционалды-экспрессивтік, стилистикалық композициясын жасауға қатысып, стилистикалық қызмет атқарады;

      - әңгімелеу мәтіндерінің лексика-грамматикалық құрылымдарының өзгешелігіне, композициялық ұйымдасу ерекшелігіне қарай әр көркем шығарманың стилистикалық сипаты анықталады.

 

 

 

 

       Жұмыстың талқылануы мен жариялануы.

       Диссертацияның негізгі тұжырымдары мен нәтижелері 2 халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда, 2 республикалық ғылыми-практикалық конференцияда баяндалды. Диссертациялық жұмыстың мазмұны бойынша республикалық басылымдарда 3 ғылыми мақала жарияланды. Барлығы ғылыми жұмыс бойынша 7 материал баспадан шықты. Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасында және біріктірілген лингвистикалық семинар мәжілісінде талқыланды.    

      Жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен көркем шығарма тізімі берілді.

 

                                                     Негізгі бөлім

      Диссертацияның кіріспесінде зерттеу тақырыбының өзектілігі, зерттеу нысаны, зерттеудің мақсаты мен міндеттері, жұмыстың ғылыми және практикалық жаңалықтары, қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар туралы мәлімет берілді.

      Диссертацияның бірінші тарауы «Әңгімелеу мәтінін зерттеудің теориялық мәселелері» деп аталып, мәтін лингвистикасындағы мәтін теориясына қатысты негізгі теориялық тұжырымдар мен көзқарастар, мәтінді зерттеудің психолингвистикалық мәні, мәтіннің сөйлеу бірлігі ретіндегі ақпараттық мазмұн ерекшелігі, әңгімелеу мәтінінің ақпараттық-мазмұндық сипаты, композициялық сөйлеу бірліктері, әңгімелеу мәтінінің олармен арақатынасы жан-жақты сөз болды. Қазақ тіл білімінде бұрын арнайы зерттелмеген әңгімелеу мәтінінің ақпараттық, әлеуметтік, психологиялық жүк арқалап, белгілі бір тілдік өрнекке ие болатын сөйлеу бірлігі екендігі мәтін теориясына сүйене отырып, нақты мысалдармен талданды.

      1.1 «Мәтінді зерттеудің жалпы теориялық мәселелері» деп аталатын қысқаша шолу бөлімі мәтіннің қазіргі зерттелу жай-күйі және әңгімелеу мәтінін талдаудың теориялық негіздерін айқындауға арналды.

      Мәтін лингвистикасы мәселелері қазақ тілі білімінде соңғы жылдары кеңінен қарастырыла бастады. А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Р.Сыздық, Х.Нұрмұқанов, Е.Жанпейісов, М.Серғалиев, Х.Кәрімов, Б.Шалабай, Н.Уәлиев, С.Құнанбаева, З.Ерназарова, С.Мұстафина, Г.Әзімжанова, Ж.Қайшығұлова, А.Әділова, Г.Смағұлова, М.Ахметова т.б. ғалымдардың зерттеулерінде сөз болып, көркем әдебиеттің тілдік фактілері сараланды. Қазіргі     қазақ    тіл     білімінде     көркем    мәтіннің     танымдық    қырлары

Қ.Ә. Жаманбаева,       Г. Қосымова,       Ш.М. Елемесова,         Ж.Б. Саткенова,

Ә.Ж. Айтпаева т.б. ғалымдардың еңбектерінде кең түрде зерттеле бастады. Тіл зерттеушілерінің мәтін мәселесіне деген бетбұрысы олардың жалпы тілдік сана мәселесіне деген ықыласын аңдатады.

        Қазіргі таңда мәтін лингвистикасына қатысты қалыптасқан зерттеулердің мынадай бағыт-бағдарларын көрсетуге болады: негізгі қасиеттері тұтастық пен тығыз байланыстылық болып табылатын, ең жоғары жүйе ретіндегі мәтіндік зерттеулер; мәтін типологиясын коммуникативтік көрсеткіштері және соларға қатысты лингвистикалық белгі-қасиеттерімен бірге қарастыру; мәтінді құрайтын бірліктерді, ерекше мәтіндік категорияларды анықтау; мәтін әсерінен болатын тілдік бірліктердің сапалық дәрежелерінің жүзеге асырылуының әртүрлі деңгейлерін айқындау; фразааралық байланыстар мен қарым-қатынастарды зерттеу. Мәтін лингвистикасы мәтіннің түрлі аспектілеріне кешенді талдау жүргізеді. З.Я.Тураева оның қазірде белгілі болған онтологиялық, гносеологиялық аспект,  жеке лингвистикалық,  психологиялық,  прагматикалық аспектілерін көрсетеді [2, 8 б.]. Көркем мәтінді  зерттеудің алғышарттарына, ұстанымдарына мыналар жатады: көркем шығарманың мазмұн мен формасын (тілін) бірлікте алып зерттеу; көркем шығарма тілінің  басқа компоненттерімен байланыс, қарым-қатынасын ескеру; бейнеленетін мазмұнға автор қатынасын ескеру; шығарманың жанрлық ерекшеліктерін ескеру; ғылыми дамудың жаңа бағыт-бағдарларына сүйену т.б.

      Мәтінтанушы ғалымдардың зерттеулерінде мәтінге  тән белгілерге  тұтастық және байланыстылық (И.Р.Гальперин); аяқталғандық (Г.В.Колшанский, Н.А. Купина, И.Р.Гальперин); бөлшектену (Т.В.Трошина); прагматикалылық (И.Р.Гальперин) жатқызылады. Көркем прозалық шығармалардағы әңгімелеу мәтінінің өзіндік  сипаты поэтикалық мәтіндермен салыстырғанда ашыла түседі. Бұл орайда А.Н. Веселовский, А.А.Потебня,  Б.В. Томашевский, Ю.М. Лотманның пайымдаулары өте маңызды.  Поэзия мен проза эстетикалық қызметті атқару ерекшеліктеріне қарай ажыратылады және осы тұста өзіндік ұқсастықтары да жоқ емес. Көркем прозалық шығармалардағы әңгімелеу мәтіні категориялық белгілерге ие болып келеді. Мәтіннің мұндай категориялық белгілеріне Н.С.Болотнова коммуникативтілік, концептуалдылық, прагматикалылық, ақпараттылық, құрылымдық, интегративтілік, регулятивтілік, мағыналық аяқталғандық, бөлшектік, тұтастық, мүшелену, когезия, модальдылық, экспрессивтілік, эмотивтілік, проспективтілік, ретроспективтілікті жатқызады [3, 31 б.]. Л.Г.Бабенко «мәтіннің универсалды категорияларының негізіне тұтастық (мазмұн межесі) және байланыстылық (тұрпат межесі) алынады, олар бірін-бірі толықтырады, иерархиялық қатынаста болады», ­–дей келіп [4, 56 б.],   мынадай категориялардың маңыздылығын атап көрсетеді: тұтастық, ол мәтін мағынасының концептуалдылығымен байланысты болады; байланыстылық, ол ақпараттық, интегративтілік, аяқталғандық, хронотопа т.б. категориялар арқылы қамтамасыз етіледі; аяқталғандық (контекстік-мағыналық); көркем мәтіннің антропоцентристік сипаты, диалогтық сипаты; көркем мәтіннің ішкі және сыртқы формаларының бірлігі; мазмұн толықтығы және бірізділігі (немесе логикалылығы), күрделілігі (эстетикалық қасиетіне қарай прагматикалылығы, концептуалды болуы, бейнелілігі); түсіндірілуі [4, 57 б.]. 

     А.Байтұрсынұлы көркем мәтіннің өзіне тән ерекшеліктерін басты назарға ала отырып, «ақын тілі» мен «әншейін тілдің» айырмашылығын,  сөздің ажарлы, келісті де қисынды болуының талғамдық шарттарын ұсынды. Ол тілді зерттеудің функционалдық, қатысымдық қырын басшылыққа ала отырып, көркем мәтінді өзге мәтіндерден ажыратудың басты белгісі ретінде эстетикалық критерийді алады. Ғалымның әуезе түрлерін анықтауда мазмұндық-құрылымдық емес, жанрлық ұстанымды басшылыққа алатыны байқалады.  Ол  осы  ұстанымға  сүйене  отырып,   әуезенің   шежіре,   заман

 хат,   өмірбаян,  мінездеме,   тарих,  тарихи  әңгіме деген  түрлерін көрсетеді

 [1, 208 б.].

      Әңгімелеу өзге мәтін түрлері сияқты  мынадай бірліктерден тұрады: сөйленім (сөйлем деңгейіндегі) – фразалар тұтастығы немесе күрделі синтаксистік бірлік – үзінді-блоктар. Ғылыми зерттеулерде мәтін бірліктері шығарманың өсіңкілік қасиетіне сүйене отырып, бірнеше деңгейлерге бөлініп көрсетіледі: Сөйлем –  КСТ –  Үзінді – Тарау –  Бөлім –  Шығарма (аяқталған тұтас шығарма) [5]. Қазақ тілінің мәтін құраушы құралдарын зерттеген С.С.Мұстафинаның ойынша, фразадан жоғары тұтастыққа –  әрі синтагматикалық, әрі функционалды ұғым, оған байланыстылық, тұтастық тән. Оның құрылымдық тұтастығы анафоралық қайталаулардан және есімдіктерден, етістіктердің шақтық тұлғаларынан, жалғаулықтардан т.б. көрінеді. Ал байланыстылығы мазмұнның мағыналық бір тұйық тұтастыққа бірігуінен көрінетінін айтады [6, 24 б.]. С.С.Құнанбаева қазақ көркем мәтініне тән темпоралдық қатынастар туралы зерттеуінде әңгімелеу мәтінінде кездесетін темпоралдық жағдайлардың негізгі 6 типін және 10 түрін көрсетеді. З.Ш.Ерназарова, Г.Әзімжанова мәтіннің, мәтін құраушы бірліктердің  прагматикалық ерекшеліктерін басшылыққа алу қажеттілігін негіздеп берді. Әңгімелеу мәтінінің табиғатын жан-жақты тану үшін де ең алдымен, оның тілдік-құрылымдық және стилистикалық табиғатын анықтау қажет, ол келешекте үлкен, кең көлемді зерттеулерге тірек болатыны анық  [7,  43 б.].

     1.2 «Мәтінді зерттеудің психолингвистикалық мәні» атты бөлімшесі әңгімелеу мәтінін зерттеуде басшылыққа алынатын психолингвистикалық мәселелерді айқындауды, мәтіннің антропоцентристік мән-маңызын психолингвистикалық қыры тұрғысынан анықтауды міндет етіп қойды.

      Мәтін сөйлеудің сыртқа шыққан, материалданған көрінісі. Ал сөйлеу  психологиялық әрекет нәтижесі болып табылатын жоғары психикалық қызметтің күрделі түрі. Сөйлеу әрекетіне көп деңгейлі, көп қырлы құрылым мен өзге де психикалық қызметпен тікелей байланыстағы күрделі жүйе тән. Осымен байланысты мәтінге тән күрделі психикалық құрылым оның мағыналық, құрылымдық және композициялық тұтастығынан, грамматикалық ерекшелігінен көрінеді.

      А.Н.Леонтьевтің айтуынша, сөйлеуді психолингвистикалық тұрғыдан талдауда адамның сөйлеуден тыс болатын түсінісу механизмдері басты нысанға айналады. Мәтіннің жасалуынан сөйлеу әрекетінің үш фазалы құрылымнан тұратын психологиялық моделін байқауға болады. Олар: әрекеттің бағыттылығы,  орындаушылық сипат алуы, бақылануы (В.И.Галунов, Т.М.Дридзе, А.Н.Леонтьев). Мәтіндегі сөйлеуші әрекетінің бағыттылығы дегеніміз – оның не мақсатта сөйлеп жатқанын көрсететін коммуникативтік ойы мен ниеті. Сөйлеушінің бұл коммуникативтік ниеті мәтіннің жасалуына түрткі болады да, мәтіннің мазмұны мен құрылымының коммуникативтік-танымдық     бағдарламасын    айқындайды    (Л.И.Доблаев,

В.П.Белянин, И.А.Зимняя ). Мәтін авторының сөйлеуге, қарым-қатынасқа тікелей қатыстылығы және сөйлеу пәнін жеткілікті білуі  оның авторлық позициясын танытады. Мәтінде суреттеліп отырған құбылысқа немесе оқиғаға деген автордың интеллектуалдық, эмоционалдық бағасы – шығармада әрдайым беріліп отыратын құбылыс. Мәтіннің жасалуының бұл 1-фазасында автордың негізгі ойын нақты әрі түсінікті жеткізуі үшін маңызды мынадай мәселелерді ескеру керек: сөйлеуге негіз болған қарым-қатынас жағдайы; мәтіннің семантикалық жақтан айтылатын ойға байланысты толыққанды болуы, бірақ ондағы берілген ақпараттың шектен тыс көп немесе артық болмауы (В.П.Белянин, А.И.Новиков). Мәтіннің жасалуының 2-фазасында автордың негізгі ойының «тілдік материалдануы» жүзеге асырылады. Негізгі ой санада қалыптасқанмен, оның «тілдік қабық жамылуы», сонымен бірге қалыптасып, аяқталған сипат алуы сөйлеу барысында ғана мүмкін болады. Ғалымдардың пікірінше, осыған байланысты санадағы ой әуел бастан өзінің семантикасы жағынан оның сөйлеудегі сипатына сәйкес келе бермейді. Сөйлеу әрекеті құрылымының 3-фазасында сөйлеушінің айтайын деген негізгі ойы «мағыналық жағынан өңделіп» қана қоймайды, оның вербалдануы да сұрыпталады. Осы тұста мәтіннің тақырыптық және мағыналық тұтастығының болуы өте маңызды, себебі санадағы ойлардың ассоциациялығы тіл арқылы берілген ойдың семантикалық тұтастығына нұқсан келтіруі мүмкін. Шынайы аяқталған мәтін, яғни сөйлеу бірлігі тақырыптық, мағыналық және құрылымдық тұтастыққа, композициялық тәртіптілікке, грамматикалық байланыстылыққа ие болуы керек. Сонда ғана сөйлеу әрекеті толыққанды жүзеге асады. Айтылған қасиет-сапалардың тілдік қана емес, психологиялық та маңыздылығы бар:

 

1-кесте – Мәтіннің тілдік және психологиялық құрылымы

Аяқталған сөйлеу бірлігіне тән қасиет-сапалар

Олардың психологиялық мәні

1

2

 

Тақырыптық тұтастық

Сөйлеудің логикасына нұқсанын келтірмейді, реципиенттің мәтінді қабылдауына оңтайлы жағдай туғызады.

 

Мағыналық тұтастық

Сөйлеудің      негізгі     (орталық) және қосалқы (перифериялық) компоненттерін және мәтіннің, сөздің маңызды бөліктерін ажыратуға мүмкіндік береді.

 

    

 2-кестенің жалғасы

1

2

 

 

Композициялық тұтастық

Мәтінді түсінуді, қабылдауды жеңілдетеді, мәтіннен тыс, мәтіндегі және мәтінде астарлы берілген мән-мағыналарды жалпы композициялық

тұтастықта алып түсінуге мүмкіндік береді. 

 

Грамматикалық байланыстылық

Мәтін мазмұны мен құрылымын тұтастықта ұғынықты және жеңіл қабылдауға әсер етеді.

 

     Берілген кестеден мәтінге қатысты маңызды екі процестің жүзеге асатынын көреміз. Бірінші – мәтіннің жасалуы (кодталу), екіншісі – қабылдануы және түсінілуі (декодталу). Алғашқысы сөйлеуші немесе жазушы автор арқылы қалыптасса, соңғысы айтылған мәтінді қабылдаушы тарапынан жүзеге асырылатын процесс болып табылады.  Біріншісі психолингвистиканың сөйлеудегі сөзөндіру үдерісі туралы мәселелердің негізін құраса, екіншісі сөзқабылдау және түсіну туралы мәселелерге тірек болады. Аталған психологиялық үдерістердің нысанын сөйлеу әрекетінің негізгі бірлігі ретінде мәтін құрайды. Әңгімелеу мәтіндерін талдауда сөйлеу әрекетінің аталған аспектілерінің алғашқысы – мәтін талдаудың өлшемдері мен талаптары ретінде негізге алынса, соңғысы – оның эстетикалық және коммуникативтік, прагматикалық табиғаты мен болмысын, сипатын тануда басшылыққа алынады.

      Мәтін талдауда басты назарға алынуы тиіс тағы бір мәселе – мәтіннен тыс – мәтінде – мәтін астары арқылы көрінетін психолингвистикалық модель (В.П.Белянин, Н.И.Жинкин, А.И.Новиков). Сөйлеу бірлігінде ақиқат өмір туралы обьективтік ақпараттар орын алады да, ол мәтіннен тыс қалыптасатын объективтік құбылыстарға жатады. Әрине, көркем мәтіндерде көп жағдайда қоршаған ортадағы өмір сол қалпында берілмейді, ол мәтіннен тыс мәліметтер автордың көзқарасы тұрғысынан, оның «дүниетаным ракурсы» шеңбері аясында суреттеледі. Мәтіннен тыс модельге ақиқат өмірдегі оқиғалар жатады. Көркем мәтінде оның жасалуына автордың қиялы өзіндік ықпалын тигізетіні белгілі. Мәтін астары  жасырын берілген ақпарат болып табылады да, ол рецепиенттің қабылдау-түсінуі арқылы белгілі болады. Оны түсіну мәтін бірліктерінің арасындағы ассоциациялық байланыстың, олардың «аккумулятивтік» қасиеттерінің нәтижесінде іске асады.

      Мәтіннің сөйлеудегі нейропсихологиялық аспектісінің маңызды тұсы – оның мидағы көрінісі болып табылады, себебі сөйлеу әрекеті мида жүзеге асады. Қазіргі психология сөйлеуді қарым-қатынас жасаудың аса маңызды құралы, саналы әрекеттің күрделі және арнайы ұйымдасқан түрі   ретінде қарастырады. Сөйлеуге тән басты ерекшелік – экспрессивтілік. Оған мотив түрткі болып, ішкі сөйлеу алқабы арқылы сөйлеу схемаларында кодталатын ойдан тұрады. Ол «генеративті» грамматика арқылы толық сөйлеуге айналады. Сонымен қатар, импрессивті сөйлеу бөгде адамның сөзін қабылдау және оны талдап түсіну арқылы декодталуы, мәнді-маңызды жақтарын аршып алу және оны ішкі сөйлеу алқабы арқылы астарлы мән қоса отырып сөйлесімге айналдырудан тұрады. Сөйлеудің бұл жүзеге асу тетігі сөйлесім арқылы мотивтің декодталуымен аяқталады. Сөз және сөйлемде берілген ақпаратты талдау және топтастыру арқылы нақты пайымдаулар мен шешімдер қалыптасады. Сондықтан сөйлеу қатынас жасау құралы бола тұра, бір мезгілде дерексіздендіру және топтастыру операцияларын жасауға тірек болатын әрі ақыл-ой қызметін жүзеге асырушы тетік, әрі категориялық ойлаудың негізін қалайды. Демек, кез келген аяқталған мәтін сөйлеу бірлігі ретінде тек қана тілдің материалданған көрінісі ғана болып қоймайды, ол сонымен бірге, сөйлеушінің ойлау, ойлауды жүзеге асыру құралы болып табылады. Мәтіннің жазба тілде таңбаланғанға дейінгі оның санада ұйымдасу процесі мен механизмдерін, оның тілде көрініс табуын, тіл арқылы сана болмысын тану, жеке санада (гендерлік және индивидуалды тұрғыда) дүниенің тіл арқылы таңбалануын, сөйлеуші сөзінің санадағы уақыт пен кеңістікке қатысын психолигвистикалық, нейролингвистикалық тұрғыдан кең түрде зерттеу қазақ тіл білімінің, соның ішінде, мәтін лингвистикасының күн тәртібінде тұрған өзекті  мәселелері болып табылады.

      Жұмыстың 1.3 «Мәтіннің ақпараттық мазмұны. Әңгімелеу мәтінінің ақпараттық-мазмұндық ерекшелігі» атты бөлімшесінде КСФ-ның қатысымдық қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері талданып, әңгімелеу мәтінінің ақпаратты жеткізудегі өзіндік сипаты сөз болды.

       Мәтінде берілетін ақпарат иә эмпирикалық сипатта, деректік мәнде келуі мүмкін, иә теориялық сипатта концептуалды-болжамдық мәнде болуы мүмкін; ақпаратты қабылдау тәсілдері мен жолдарын түсіндіруге құрылған әдістемелік сипатта, моральдық-этикалық, эмоционалдық, бағалауыштық категориялармен байланысты эстетикалық сипатта;  белгілі бір әрекетке жетелейтін нұсқаулық сипатта келуі мүмкін. Ақпаратты жеткізуде мәтіндер құбылыстың сапа-белгісін, қасиетін, оқиғаның өту сипатын анықтайды, оқиға мен оның өту процесін динамикалы түрде әңгімелейді. Мұндай мәтіндерде ой себеп-салдарлық және шартты-мерзімдік қатынасқа негізделеді. Мәтіндердің осы ерекшеліктеріне орай М.П.Брандес, Н.С.Валгина    композициялық-сөйлеу формаларын қарым-қатынас жасаудың модельдері дейді. Мәтінде  ақпараттың берілу сипатына қарай сөйлеушінің ойлау өрнегі де көрініс табады. Э.Верлих оның нақты сөйлеу формаларына сәйкес түрлерін қатысым категориясымен бірлікте көрсетеді.

     Мәтіннің логикалық және қатысымдық категорияларының тілдік көрінісі әр мәтінде әртүрлі. Ол, әсіресе, сөйлемдердің ремалық бөлігінде айқын байқалады. В.В.Виноградовтың айтуы бойынша, сол контекске немесе жағдайға сәйкес белгілі бір сөйлемнің нақты мазмұнын анықтауда сөйлемнің темасы мен ремасының ақпараттық жүгін білу өте маңызды. Сөйлемнің темалық және ремалық бөліктері арқылы сөйлемдердің ақпараттық қайнар көзі, сөйлеу кезіндегі екі адамға да белгілі мәселелер мен айтылымның ядросы, ақпараттық негізі анықталады. Мәтіннің семантикалық ұйымдасуында ремалық бөлік ерекше маңызды рөл атқарады,  бір сөйлемнен екінші сөйлемге өткен сайын ремалық бөлік негізгі ақпаратқа қатысты жаңа ақпараттарды үстемелеп отырады. Әңгімелеу мәтіндерінің тақырыптық ұйымдасуы әрекет иесінің сипатына байланысты болады. Әрекет иесі біреу болған жағдайда мәтінге бірізді баяндау мәнері тән болады да, ремалық бөліктегі субъектінің әрекетіне қатысты объектілер, мақсат пен адресат келесі сөйлемдердің темасына айналады. Әрекет иесі екеу немесе одан да көп болған жағдайда олар сөйлемнің тематикалық бөлігін параллельді ауыстырып отырады. Мысалы: Осымен жұрттың бәрі кеттіге есептеп қойып еді, үш күн өткенде бір күні таңертең ойда жоқта Көксерек өзінен-өзі сап ете түсті. Құрмаш пен әжесі қасқырдың бұл мінезіне сүйсініп, қуана қарсы алды (М.Әуезов). Мұндағы қимыл-әрекет иесі бірнешеу – жұрт, Көксерек, Құрмаш пен әжесі.

      Мәтінге қатысты жаңа ақпараттың қосылып отыруы ашық немесе жасырын түрде жүзеге асырылады. Ақпараттың шектен тыс артық, не шектен тыс аз берілуі оны қабылдауды қиындатады. Мысалы: Су жағалап жиырма-отыз қадамдай жүріп екінші тастамаға келді. Салбырап тұр. Едіге жинай бастаған. Шынында бос екен (М.Мағауин). Бұл контексте сөйлемдерде имплицитті түрде түсіріліп қалған ақпараттардың әсерінен тема-ремалық тізбектілікті бірден байқау мүмкін емес. Мәтін мазмұнындағы белгілі бір ақпараттың жасырын берілуі, автордың айтайын деген ойының маңыздылығын арттыра түседі. 1-сөйлемнен кейін қосылған жаңа ақпараттың 3-сөйлемде анық танылуы тақырыптың  маңыздылығын көрсетіп тұр: Қарсы алдынан ескен самалға кеудесін тосып, сипай қамшылап келе жатқан. Ойламаған жерден, жол үстінен, ытқи жөнелді. Бір-ақ тұтам оқ жылан (М.Мағауин). Ақпараттың авторлық мақсатқа қарай «әдейі» түсіріліп берілуі қазақ жазушыларының шығармаларында стильдік тәсілі ретінде қолданылатынын байқауға болады. Бұл тәсіл әңгімелеу мәтіндерінің жасалуында да белсенді түрде қолданылатынын көреміз.

     Көркем мәтіндегі ақпараттың берілу ерекшелігіне қарай оның құрылымы да күрделене түседі. Мысалы, төменде мәтінге жаңа қосылған ақпарат мәтін тақырыбына орай қатыстырылып, оның ақпараттық мазмұнын күрделендіріп тұр және ол мәселенің маңыздылығы бірден көрінбейді: ...Сондай ұлыған қарлы дауыл астында, елсіз меңіреу дала, Абайдың өзі туып-өскен сахарасы болса да, қазірде соншалық мейірсіз, қатал, өгей анадай. Кеше ғана балалығымен, жігіттік жастығының, жасыл шөбі сарғаймас алтын бесігіндей болса, сол қызықты қан жайлау қазір суық қабыр ызғарындай, аяздап, қырауытып тұрған тас табытындай (М.Әуезов). 1-сөйлемнің темасы – «сондай ұлыған қарлы дауыл астындағы елсіз меңіреу дала» болса, 2-сөйлемнің темасы – сол ойдың жалғасы – «қызықты қан жайлаудың» куәсі болған дала бейнесіне ұласқан. Мәтіннің темасына қарай жаңа қосылған Абайдың ішкі жан дүниесі туралы ремалық бөліктегі  ақпарат бірден көзге түсе қоймайды. Негізгі ақпарат – дала туралы болып отыр. Мәтін астары осындай күрделі ойдан туған күрделі құрылымдар арқылы жасалады. Бұл жердегі мәтін астары автордың көркемдік мақсатына орай психологиялық параллелизм тәсілімен ұтымды шыққан.

      Кейде бір сөйлем ішінде көп ақпараттың берілуі ойды да,  құрылымды да күрделендіреді, кейіпкердің әрекетіне, оқиғаның өтуі барысына ерекше мән беріледі: Ерлі-зайыпты екеуі бір-бірінің бетіне қарап, бір-біріне жауапсыз сұрақ қойып, бір-біріне мағынасыз тесірейе қарап, күрсініп отырып кешті батырды, жалғыз сиыр сауусыз қалды, жалғыз ат тұсаулы қалды, ер-тоқымы да сыпырылмады, түн ортасы ауған кезде екеуі шешініп жатқан болды, бірақ көз ілу қайда, бір-біріне жауапсыз сұрақ қойып кезек-кезек күрсініп, аударылып, төңкеріліп жатып әппақ таңды кірпік ілмей атырды, жатын бөлменің бұрыш-бұрышындағы алакеуім көлеңкелерді күн нұры анық аластаған кезде екеуі де бір мезгілде, бір шешімге бекінді... (Ә.Тарази). Бір абзац көлемін алған бұл сөйлемнің ұзақтығын автордың өзіне тән көркемдік баяндау тәсілі ретінде түсіндіруге болады. Сөйлемдегі айтылған әр етістікті жеке-жеке сөйлем ретінде айтуға да болады. Егер дәл мұндай тәсілді көркем емес мәтіндерде қолдансақ, онда қажетсіз, бір сөйлем көлеміне сай келетін ақпараттарды тым ұсақтаған болар едік және оның мәні де жоғалады. Ал көркем мәтіндерде ол арнайы көркемдік баяндау тәсілі ретінде орынды жұмсалған. КСБ-ларда ақпарат эксплицитті ғана емес, имплицитті жолмен де беріліп отырады. Қарама-қарсы қою, себеп-салдарлық, мерзімдік-шартты байланыстар мен ақпараттар бірліктердің позициялық  орналасуы арқылы беріліп отырады. Мысалы: Сол түні Наймантай көпке дейін ұйықтай алмады. Аз уақыт бірге болса да қиялдай тәтті елес боп көңілін баурап алған Аққыздың әрбір қылық-қимылы көз алдында тұрып алды (А.Сейдімбеков). Мұнда себеп-салдарлық байланыс жасырын түрде (имплицитті) берілген. Жан-жағына қызықтап келе жатқан шал, бүйірдегі топ шіліктің қалқасынан шыға келген Бексұлтанды көргенде, оған тосырқай қарап қалды. Шалдың жүрегіне діріл де ұяламапты, қаперсіз, ешбір таңданусыз, Бексұлтанның қимылын ғана бағып тұра берді (Р.Сейсенбаев). Мұнда сөйлемдердің қарама-қарсылық мәнде байланысқаны жасырын түрде берілген. Шал таңертең разъезден түсіп қалды. Разъездің оқшау үйіне бұрылмастан, адымдай басып жүріп кетті. Төрт бес жалаңбұт бала бұған состия қарап қалыпты. Сары күшік абалап үріп, соңына түсті де, шал еш әрекет көрсетпеген соң өз жөнімен кетті (Р.Сейсенбаев). Берілген мысалда мезгілі жағынан ыңғайлас жүзеге асқан әрекеттер жасырын түрде берілген.

     Әңгімелеу мәтіндерінде ақпаратты жинақы беру үшін субъектінің нақты қалыптасқан жағдайға қатысты сезіп-білуге, көріп-қабылдауға қатысты әрекеттері (етістіктер) түсіріліп, тек айналада болып жатқан  өзгерістер мен құбылыстар баяндалады. Тіпті кейбір жазушылардың тілінде бұл арнайы көркемдік тәсіл ретінде жұмсалады.

     Мәтіннің ақпараттық мазмұнын кеңейтудің екі жолы бар: интенсивті және экстенсивті. Интенсивті жолмен мәтіннің ақпараттық мазмұнын арттыруда мәтін көлемі азайтылады, бірақ аз көлемге көп мағына-мазмұн беріледі. Алайда мәтін көлемінің азаюы әрдайым оның ақпараттық мазмұнының кеңеюін көрсетпейді.         Мәтіннің ақпараттық мазмұнын экстенсивті жолмен кеңейтуде ақпарат молынан беріледі. Осының нәтижесінде мәтіндегі сурет нақты әрі бөлшек-бөлшегімен (детализация) суреттеледі. Бұл суреттелініп отырған құбылысты терең тануға, оның сыртқы өмірмен қатынасы мен байланысын бақылауға әкеледі. Мәтін мазмұнын экстенсивті жолмен кеңейту мәтінге баяндалып отырған құбылыс, оқиғаны анықтайтын, нақтылайтын, түсіндіретін, бейнелейтін қосымша ақпараттар енгізу арқылы жүзеге асырылады.

      1.4 «Композициялық-сөйлеу формалары. Әңгімелеудің өзге мәтін түрлерімен арақатынасы» деп аталатын бөлімшеде КСФ-лардың түрлері мен олардың ара жігі, көркем шығармадағы қолданысы туралы талданды. 

       «Суреттеу – бейнелеудің кеңістіктегі дамуы болса, әңгімелеу – мезгілдік дамуы, ал, ойталқы – логикалық дамуы... Шығарманың композициялық құрылымы осы айтылған сөйлеу формаларының түрліше байланысып қиысқан өрмегінен тұрады. Бір-біріне байланыса, кіріге отырып, сөйлеу формалары көркем шығарманың одан да ірі композициялық құрылымдарына бірігеді [8]. Әңгімелеу, суреттеу, ойталқы нақты шығармада бірнеше сөйлемнен құрылған тұтас мәтіннің үзінділерін құрайды.

     КСФ-лар мынадай белгілерге ие болып келеді: олар айрықша мағыналық категория болып табылады; идеалдық мағынаға ие және  материалды таңбалардан тыс өмір сүре алмайды. Мәтіннің материалды таңбалық  сипаты оның сыртқы қабығы болып саналады; КСФ – бұл тілдің емес, ойлаудың логикалық формасы. Бұл қандай да бір берілген мазмұнның, шындық өмір туралы берілген ақпараттың формасы, ал оны біз тілдік таңбалар арқылы тани аламыз; КСФ – қалыптасқан типтік формалық сипатқа  ие. Нақты сөйлеуден тыс барлығына бірдей, жалпыланған, тілдік тұрғыдан сұрыпталған жүйе, сөйлеу композициясының біртектес қалыптасқан формасы болып табылады. Күнделікті сөйлеу барысындағы сөздеріміз осындай КСФ-лардың идеялық формаларының нақты көрінісі болып есептеледі.

      КСФ – ойлау үдерісінің  құрылымын, типін және ойлау бөлшектерін өзара және бір-бірімен байланыстырудың тәсілдері мен жолдарын бейнелейтін форма болып табылады. Ойлауды құрайтын маңызды бөлшектерге уақыт пен кеңістік және себеп-салдар жатады. Материяның формасы және оның жасалуы әр түрлі болғаны сияқты оның ұйымдасуының да түрлі жолдары бар. Алайда оларды екі құрылымға бөліп қарастыру қалыптасқан: уақыт құрылымы және кеңістік құрылымыэкстенсивті және интенсивті құрылымдар. Экстенсивті құрылым кеңістікте өмір сүрсе, интенсивті құрылым уақытқа байланысты өмір сүреді. Экстенсивті құрылымға бірыңғай заттарды байланыстырудың қалыптасқан түрлері тән болса, интенсивті құрылымға себеп-салдарлық сипат тән. Осыған сүйене келіп құрылымдық байланыстың екі түрін ажыратуға болады: «әңгімелеу» (интенсивті құрылым) және «суреттеу» (экстенсивті құрылым).

      Егер де оқиғаның, іс-әрекеттің уақыт ішіндегі өрбуі тұрғысынан интенсивті құрылымды әңгімелеуге тән құрылым десек, ойталқыға логикалық құрылым тән болып келеді. Кеңістік –  қатарлас нәрселердің орналасу тәртібін көрсетсе, уақыт – қатарлас нәрселердің бірін-бірі ауыстыруын, себеп-салдар – бірінен екіншісінің пайда болуына әкелетін құбылыстардың байланысын көрсетеді. КСФ-ның бұл типтік түрлерінің модификациясы әрқалай. Құрылымы жағынан  олар «классикалық» үлгіде немесе күрделі, аралас, өзгермелі құрылымды болып келуі мүмкін. Алайда, мәтіннің қандай да бір модификациясы (қалып алуы, формалануы) сөйлеушінің субъективтік ұстанымына тығыз байланысты болады. КСФ – табиғатынан екі жақты құрылым. Ол – ойлаудың бір түрі, яғни сөйлеу әрекетін жүзеге асырады, әрі сөйлеу әрекетінің бір түрі, яғни қатысым түріне жатады. «Описательные ССЦ предназначены для характеристики явлений природы, предметов, лиц и т.д. путем перечисления их признаков. В зависимости от предмета, который характеризуется, они делятся на пейзажные, на ССЦ портретной характеристики и др... В повествовательных ССЦ дается представление о развитии описываемых событий, об их последовательности. На первый план выдвигается порядок протекания действия. В каждом ССЦ типа рассуждения четко вычленяются три части: а) тезис, б) доказательство (аргументация) и в) вывод» [9, 71 б.]. Берілген анықтаманың өзінен КСФ-ға тән құрылымдық, мағыналық ерекшеліктер мен композициялық ұқсастықтарды анық байқаймыз.

      КСФ-лар мәтіннің контекстік-вариативтік бөлшектерін құрайды. Бұлар –  мәтін құрылымының негізін құраушы тұрақты элементтер. Сондықтан көркем мәтіннің мазмұны да КСФ-лардың кезектесіп, араласып келіп, өзара тұлғалық, мағыналық байланысуы арқылы беріледі. Көркем мәтіннің біртұтастығы осы сөйлеу формаларының ұласымы нәтижесінде ұғынылады. Кейбір көлемі шағын шығармалар тек бір сөйлеу формасы арқылы құрылуы әбден мүмкін, не болмаса мәтіннің негізгі баяндау қабаты бір сөйлеу формасы арқылы ұйымдасады. Мәселен, М.Әуезовтің «Қыр суреттері» әңгімесі негізінен суреттеу арқылы баяндалса, Р.Сейсенбаевтың «Үкім» әңгімесінде негізгі баяндау тәсілі ретінде әңгімелеу қолданылады. Сол сияқты Ш. Айтматовтың «Кассандро таңбасы» шығармасында ойталқы мәтіні басым екені байқалады. КСФ-лардың әр мәтіндегі басымдылығы авторлық стильдік мақсаттағы қолданысын танытады.

       Көркем шығармада әңгімелеу, суреттеу, ойталқы мәтіндері аралас жұмсалады. Көркем шығармада әңгімелеу мәтіні көп жағдайда суреттеумен қатар жұмсалады. Сонымен қатар ойталқы мәтіні мен суреттеу және әңгімелеу мүшелерінің бір мәтін ішінде араласып келуі де көркем шығармада кездесіп отырады. Жүргізілген талдаулар әр мәтіннің өзіндік артықшылықтары мен баяндаудағы тиімділігін түсінуге мүмкіндік береді. Ал олардың көркем шығармадағы қолданысы туралы мынадай тұжырым жасауға болады: көркем шығармада суреттеу мәтіндері қоршаған ортадағы заттарды, кейіпкердің бейнесін, портретін, мінезі, құбылыстың сырт пішінін, табиғатты, мекенді суреттеу үшін; әңгімелеу мәтіндері оқиғаға негіз болған белгілі бір уақыт шеңберінде бірінен кейін бірі жүзеге асқан әрекетті бірізді бейнелеп көрсету үшін; ойталқы мәтіні авторлық ой-толғанысты, кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты авторлық көзқарасты білдіруде, адамгершілікті дерексіз категориялық мәселелер туралы баяндауда жұмсалады.

      Екінші тарау «Әңгімелеу мәтінінің көркем шығармадағы ұйымдасу ерекшелігі» деп аталып, мұнда әңгімелеу мәтінінің тілдік-құрылымдық сипаты, тақырыптық-мағыналық түрлері мен композициясы және стилистикалық ұйымдасу ерекшелігі көркем прозалық мәтіндер негізінде талданды.

      2.1 «Әңгімелеу мәтінінің тілдік-құрылымдық ерекшелігі» бөлімшесінде әңгімелеу мәтіндерінің лексика-грамматикалық сипаты мен құрылымы сөз болды. Қазақ ұғымындағы «Сөз жібек жіп, жыр кесте» сөзінің метафораланған баламасы мәтін деуге болады. Кесте тігу өнері мен мәтін құрау өнерінің жасалу тетіктері де бір-біріне өте жақын. Мәтіннің жасалуы оның бөлшектерінің өзара байланысы мен қатынасынан, байланысу тәсілінен көрінеді. Синтаксистік байланыс дегеніміз –  сөйлеу бірліктерінің өзара қатынасы болып табылады. Ол жекелеген сөйлемдердің арасындағы байланыс түрлері мен тәсіліне және құралдарына қарай ажыратылады. Жекелеген сөйлемдердің синтаксистік байланысы параллельдік және тізбектік болады. Параллельдік байланыс дегеніміз қатар тұрған көршілес сөйлемдердің бірдей, ұқсас синтаксистік құрылымдарға ие болып келуі (Әзімбай да кешкі салқын түсе, үлкен үйдің көлеңкесінен тұрды. Жіңішке қайың құрық сыпталып, жонылып болған-ды (М.Әуезов). Тізбектік байланыс сөйлемдердің синтаксистік тоғысуынан көрінеді (Жылтыр қара мұртының астынан қып-қызыл еріндері күле түсіп, аппақ тістерін ақситып, Мәнікенің қасына ерді. Оны Ысқақ ауылына қарай жаяу ертті де, үй ішінде өткен кеңесті тыңдаумен болды (М.Әуезов). Тізбектік байланыста сөйлемдер құрамына қарай әртектес, параллельдік байланыста біртектес болып келеді. Егер тізбектік байланыстың формуласы А→В, В→С болса, параллельдік байланысқа мынадай формала тән болып келеді: А→ В, С→ Д (В.В.Одинцов). Синтаксистік байланыс бастауыш-толықтауыштық (Үйге кірген Асан ақсақал екен. Оны Мәніке бірден таныды), бастауыш-анықтауыштық Оның артынан біздің Далабай төтенше үйден шықты. Оның да босап шыққанын сезіп, мен қасына да бармадым (Ғ.Мүсірепов).  баяндауыш-бастауыштық Кенжекей маздатып от жақты. Жалпылдақ отын лезде тұтады... Қызыл ұшқыны сіркіреп, сытыр-сытыр жанып кетті (Ә.Нұрпейісов). анықтауыш-анықтауыштық Қала тұрғындарының көбінің жеке меншігінде қайығы бар... Солардың біреуінің қайығын сұрап ап, шофер әкелген тамақ пен оқ дәріні, мылтықтарды артып, Мәлік пен Нұрлан көлдің арғы қамысты қабағына есіп барды...  т.б. тәсілдер арқылы тұтас мәтін құруға қатысады. Мәтін құрамындағы сөйлемдердің мұндай байланысы арасында белгілі бір синтаксистік қатынастар орын алады. Синтаксистік қатынас деп жеке дара сөйлемдер, КСБ-лар арасындағы семантикалық-синтаксистік қатынастар айтылады. Әңгімелеу мәтіндеріне қарама-қарсы қою, шартты, анықтап-нақтылау, себеп-салдарлық, жалпыдан жекеге ассоциациялық логика-семантикалық қатынас түрлері тән болып келеді.

       Әңгімелеу мәтіндерінде тізбектік байланыстың тікелей және жанама (қашық) байланыс түрлері қолданылады. Тікелей байланыс (контактілі) дегеніміз жақын әрі қатар тұрған сөйлемдердің тізбектік байланысы. Бұған жоғарыдағы мысалдар дәлел болады. Қашық байланыс (дистанттық) дегеніміз өзара алыс тұрған сөйлемдердің тізбектік байланысы. Әңгімелеу мәтіні бірліктерін байланыстырушы синтаксистік құралдар сан алуан болып келеді. Оларға фонетикалық құралдар (интонация, ырғақ т.б.); лексикалық құралдар; грамматикалық құралдар; синтаксистік-стилистикалық құралдар жатады. Әңгімелеу мәтіндерінің бірліктерін мағыналық-құрылымдық және композициялық тұтастыққа біріктіруде ең жиі қолданылатыны есімдік сөздер болып табылады. Соның ішінде жіктеу, сілтеу, жалпылауыш мәнді, өздік есімдіктері белсенді түрде жұмсалады. Әңгімелеудегі есімдіктер мен үстеу сөздер оқиғаның уақытқа қатысты дамуын бейнелеуге қатысып отырады: Кей кезде, әсіресе соңғы уақыттарда, алғашқы он кісі бір-бір кіріп шыққан соң тағы тың адамдарын да жіберетін болған. Бұлар бес-алтыдан да келеді. Кейдетіпті елеусіз болсын деп, өгіз мінгізіп, жалғыз-жарым кедей-кепшікті де жібереді. Келгендердің бәрі де ұғындырған тәртіп бойынша сауда қыла келеді. Әр күн әр ләкпеден әр алуан ұсақ-түйек алады. Бірақ бір қадақ сабын, яки бір кез шыт қана алатын болса да, саспай көп қыдырып, көп саудаласып жүретін қазақ әдетінің осы кездерде пайдасы тиген (М.Әуезов).

     Осы сияқты «осы кезде», «осы уақытта», «сол заматта», «бұл уақытта» т.б. есімдік + үстеу сөздері арқылы жасалған тіркестер шартты синтаксистік қатынас жасауға қатысады. Шарттылық мән іс-әрекеттің, оқиғаның уақытқа қатысынан көрінеді. Әңгімелеудегі оқиға желісінің дамуына, кейіпкердің іс-әрекетін, қимылын баяндауда етістік ең жиі қолданылатын лексика-грамматикалық категория болып табылады. Әңгімелеу мәтіндерінде оқиғаның өтуін бірізділікпен сипаттау үшін етістіктің -ды/-ді, -ты/-ті жедел өткен шақ тұлғалары жиі қолданылып, бірінен соң бірі болған әрекетті жеткізуге бейім болып келеді: Құдайберген құлаған жоқ. Траптың көлденең ағашына арқасы соғылды да тұрып қалды. Ивлев оңдап тағы бір салды. Құдайберген сасар емес. Өз тілінде әлдене деді де, көзі қанталап Андрейдің кеудесін сол қолымен бүріп, оң қолын түйіп, бастан салып қалды. Балғадай жұдырық Ивлевті мұрттай ұшырды. Құдайберген тіл қатпастан траппен жоғары өрлеп кетті. Жұрт күліп жатыр. Біреуі Андрейдің басына шелектеп су құйып жіберді (Р.Сейсенбаев). Жедел өткен шақ өтіп жатқан оқиғаны деталь арқылы нақтылап суреттеу мақсатында көркем шығармада стилистикалық мақсатта жиі қолданылады: Бетін сипап орнынан тұрды. Төбет келіп аяғына оратылды. Аянышты қыңсылады (Р.Сейсенбаев). Ал есімшенің -ған/-ген, -қан/-кен тұлғалары шығармада баяндалып отырған оқиға уақытынан бұрын болған оқиғаны жеткізуде басымырақ қолданылады. Мысалы: Оның әкесі Тілеміс, Есенейдің сұлтан-правитель кезінде тілмашы екен. Бұл қызметті Тілеміс байлықпен немесе бектікпен алмаған, өз басының өнерімен алған. Оның әкесі Сапақ, қазақша «Стоп» орысша Пресногорьковка аталатын казак-орыс станицасына жалшы боп шошқасын бағады екен (С.Мұқанов).

     Әңгімелеу мәтіндерінің жасалуына жалғаулық шылаулар, қыстырма конструкциялар, синтаксистік параллельді құрылымдар, сөздердің орын тәртібі негіз болады. Жалғаулық шылаулар алдыңғы сөйлемде айтылған пікірге, оқиғаға қарсы мән тудыру мақсатында жұмсалады. Қыстырма сөздер, айқындауыш мүшелер сияқты мәтін оқиғасына, кейіпкер іс-әрекетіне қатысты субъективтік қарама-қарсы, ыңғайлас, толықтырушы көзқарасты, ойды, бағалауды көрсету үшін қолданылады. Анафора, эпифора, дамыту, қайталау т.б. және троп түрлері де сөйлемдерді, КСБ-ларды синтаксистік жағынан байланыстырып, оларға белгілі бір стилистикалық мағына, реңк үстеп тұрады. Бұл жолы Яков жылады. Егіліп, шын жылады. Көнбіс Көбеген үшін. Бақытсыз Сақыпжамал үшін. Оқ астында қанға батып өлген бейтаныс әйел - өзінің туған анасы үшін. Тіпті, өмірін аурумен, азаппен өткізген сөйлеуік қара кемпір үшін. Түптен келгенде өзі үшін. Кісі қолына қарап, біржола жетім қалғаны үшін (М.Мағауин). – «жылады» етістігі мен «үшін» шылауының қайталанып келуі мәтін мазмұнының себеп-салдарлық мәнін өзектендіріп тұр. Қайталанып келген етістік пен шылаудың сонымен бірге кейіпкердің  ұзақ, қатты қайғырып, түңіліп және таусыла жылаған бейнесін беруге стилистикалық құрал ретінде жұмсалған. Септеулік шылаудың сөйлемнің соңында келуі де оның маңыздылығын арттырып, себеп-салдарлық мағынаға ерекше мән беріп тұр. Әйел екеуміз аз ғана ұрсысып қалдық. Әйел тісінің арасынан бірдеңе деп маған ұрсады, мен де ақырын ғана оған ұрсамын. Әйел жанына батқандықтан және еркектен ұялғандықтан ұрсатын шығар деймін, мен әйелдің өзін аяғандықтан ұрсам (Ғ.Мүсірепов). Етістік сөз қайталанып келу арқылы бірнеше рет жүзеге асқан әрекетті нақтылауға және  мұнда да себеп-салдарлық мағынаны ашуға көмекші қызмет атқарып тұр. Троп түрлерінің байланыстырушы құрал ретінде жұмсалуы көркем шығармаға тән болғанмен, әңгімелеу мәтіндерінде ол сирек кездесетін құбылыс (суреттеу мәтіндерімен салыстырғанда). Троп түрлерінің қолданылуы шығарманың тұтас стилистикалық композициясы мен стиліне, жанрына да байланысты болады. Мысалы, Ғ.Мүсіреповтің символдық мәнде баяндалатын ана тақырыбындағы циклдік шығармаларында және тағы да басқа кейбір шағын көлемді шығармаларының баяндау тілінде троп түрлері жиі ұшырасып отырады. Тіпті әңгімелеу мәтіндерінде де кездеседі. Мысалы: Тоқпақтай тиетін тоқпақ жілік, «күрзідей» тиетін ортан жілік, шоқпардай тиетін асықты жіліктер жарқ-жұрқ етіп, әр жерден өре тұра келді. Бәрінің көздегені келген батырдың шекесі сияқты (Ғ.Мүсірепов). Мұнда кейіпкерді суреттеуде синекдоха ұтымды қолданылған. Троптың әңгімелеудегі қолданысы шығарма «мінезіне» тән «асқақтық», «көтеріңкі» көңіл-күй мен эмоцияны жасауға қатысқан. Жартастың қасында дүлдүлге қарап Мұңайтпас та әлі тұр. Әсем айғырға қатты қызығып, мініп бір бел шауып барып қайтар ма едім дейді. Дүлдүлдің қасында өз ағаларының аттары бір топырыш сияқтанып қалған. Әсем айғырға бүйірі бұрғандай, астындағы тарлан көк бие де мінез көрсете қалды (Ғ.Мүсірепов). Алдыңғы сөйлемдегі метафораның кейінгі сөйлемдерде эпитетті тіркеске айналып қайталануы әңгімелеуге өзек болған оқиғаға қатысты көркем бейнені беруге қызмет етіп тұр.   Кенжекей маздатып от жақты. Жалпылдақ отын лезде тұтады... Қызыл ұшқыны сіркіреп, сытыр-сытыр жанып кетті (Ә.Нұрпейісов). Екі айтылым-сөйлемді байланыстыруға дәнекер болып тұрған сөздердің кейінгі сөйлемде эпитетті зат есімге айналуы оның сын-сипатын бейнелеуге қатысып тұр. Әңгімелеу мәтіндерінде түбірлес сөздердің қайталанып келіп, байланыстырушы қызмет атқаруы да жиі кездесетін құбылыс болып табылады.

     2.2 «Әңгімелеу мәтінінің тақырыптық-мағыналық түрлері» деп аталатын бөлімшеде әңгімелеу мәтіндерінің мағыналық-тақырыптық түрлерін топтастыруға талпыныс жасалды.

     Әңгімелеу мәтінінің тақырыптық түрлерін топтастыру бұған дейін орыс ғалымы Г.А.Золотованың еңбектерінде айтылған болатын. Ол мәтіннің тақырыптық түрлерін ондағы берілген ақпараттың сипатына қарай анықтап, әңгімелеу мәтініне тән мағыналық топқа акционалды және статикалы-динамикалы ақпаратты ремалық бөлікті мәтіндерді жатқызады. М.П.Брандес әңгімелеу мәтінінің оқиға туралы әңгімелеу, көңіл-күйді әңгімелеу, қалыптасқан жағдайды әңгімелеу, қысқаша ақпаратты әңгімелеу түрлерін көрсетті. Қазақ тіл білімінде М.Ахметова суреттеу мәтіндерінің кейіпкерді суреттеуге және кейіпкердің қоршаған ортасын суреттеуге арналған статикалық, динамикалық суреттеу түрлерін ажыратып берді.

      Ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, әңгімелеу мәтіндерінің тақырыптық-мағыналық түрлерін жақтық және оқиғалы мәнді әңгімелеу мәтіндері деп топтастырып қарадық. Көркем шығарма табиғатына тән негізгі екі нысан кейіпкер және сюжет болып табылады. Көркем шығармадағы әңгімелеу мазмұны да осыларға байланысты өріліп отырады. Жақтық мәнді әңгімелеу мәтіндерінің басты ерекшелігі – мәтіннің басты тақырыбы кейіпкерге, кейіпкердің нақты жағдайға байланысты іс-әрекеті сөз болуында. Белгілі бір қалыптасқан жағдайға сай іс-әрекетін әңгімелеу арқылы кейіпкердің мінез-құлқын, ішкі жан дүниесін ашу көзделеді: Шатқал арасына жеткенде аттан түсті. Аттың ауыздығын алып, айылын босатты. Ерді алуға жүрексінді. Шілік арасын кезіп жүріп, биік, жалғыз қара ағаш түбінен көз тапты. Таңдайы кеуіп қаталап тұр еді: етпеттей жата кетті. Су жып-жылы екен, жүрегі айныды. Басын жоғары қарай бір сілкіп тастап, суға қайта еңкейді. Сонда байқады: судың іші толған шіркей. Орнынан тұрып, ұзақ түкірінді. Жүрегі айнып, лоқсып-лоқсып алды. Қалың шілікті көлеңкесіне ендеп кіріп, шапанын астына төсеп жата кетті. (Р.Сейсенбаев). Мұндағы мәтіннің динамикалық ұйымдасуы ремалық бөліктегі етістіктерден, олардың бірыңғай шақтық тұлғаларынан көрінеді. Мұнда іс-әрекеттің уақыт-мерзімге қатыстылығы негізінен етістік тұлғалары арқылы ашылған.

      Мәтінде етістік сөздер және оның бірыңғай өткен шақтық тұлғалары синтаксистік байланыстырушы құрал ретінде жұмсалған. Сонымен қатар, мәтіндегі теманың жасырын түрде беріліп, ремалық бөліктің бірыңғай кейіпкердің әрекетіне құрылуы автордың көркемдік мақсатынан туындаған стилистикалық амал ретінде көрінеді. Мәтін құрамындағы параллельділік те бірінен соң бірі бірдей ырғақпен, бір қалыпты, біртоға орындалған қимыл-әрекетті баяндау арқылы кейіпкердің көңіл-күйін жеткізуге көмектесіп тұр. 

     Әңгімелеу мәтіндерін ұйымдастыруға ұйытқы болатын  есімдіктердің синтаксистік байланыстырушылық қызметі мен рөлі ерекше болып келеді. Кез келген мәтінде екінші сөйлем, болмаса, үшінші немесе төртінші сөйлемдер алдыңғы сөйлеммен есімдік сөздер арқылы байланысып жатады. Есімдіктер жақтық мәнді әңгімелеу мәтіндерінде кейіпкерді меңзеп, оның іс-әрекетін әр қырынан дамытып отырады. Жақтық мәнді әңгімелеу мәтінінде жалғаулық шылаулардың,  сан есімдердің де қызметі айрықша болып келеді.

     Оқиғаның, кейіпкердің оқиға уақытына объективтік, субъективтік қатыстылығы олардың тема/ремалық бөліктерінен байқалады. Әңгімелеу мәтіндерін тақырыбы мен мазмұнына қарай жақтық мәнді және оқиғалы мәнді деп бөлудің өзі шартты. Себебі оқиға екі жағдайда да болады. Бірақ басты ерекшелігі – осы оқиғаға кейіпкер қаншалықты қатыстырылады және оған автор қаншалықты мән береді. Бұл көркем мәтінді тақырыптық-мағыналық түрлерге топтастыруда назарға алынатын басты ұстаным болып табылады. Осы шарттылыққа қарай бұл мәтін түрлерін субъективті және объективті деп те атауға болады. Жақтық мәнді әңгімелеу мәтіндеріндегі субъективтілік кейіпкердің іс-әрекетіне, соған қатысты баяндалатын оқиға-жағдайға тәуелді болса, оқиғалы әңгімелеу мәтіндеріндегі объективтілік объективтік уақытқа тәуелді болады. Мысалы: Қазақ, қырғыз, өзбек, тағы басқа халықтарды қара жұмысқа алу, 1916 жылғы көтеріліс және оны патша жазалаушыларының аяусыз қырып-жоюы үйреншікті өмір ырғағын бұзып, Түркістан халықтарының әл-ақуалын тіпті нашарлатқан еді. Бұл тұста кейбір аудандарда бұрынғы мал басының үштен бірі ғана қалып, мал шаруашылығы ерекше күйзеліске енді. Оның үстіне 1917 жылдың қысы қатты, жазы қуаң болды. Осынау кезеңде миллиондаған халық көз телмірткен Россия астығын Ақтөбеден Дутов, Кавказдан ағылшын интервенттері бөгеді де, Жетісу ақ бандылары Сібір астығына тосқауыл жасады. Осының нәтижесінде 1918 жылдың августындаТашкентте ауыр жағдай орнады (Ж.Арыстанов).

Көркем шығармаға тән әңгімелеу мәтінінің баяндалу мәнеріне    шығарманың жанры да өз ықпалын тигізеді. Мұндағы уақыт пен оқиға параллель бірге жүріп отыратындығы байқалады.

       2.3 «Әңгімелеу мәтінінің композициялық құрылымы»  және оның тыңдаушыға әсері зерттеушілердің назарына ертеден ілігіп келеді. Мәтіннің композициялық бөліктері А.Байтұрсынұлының зерттеулерінде мазмұн мүшелері ретінде анықталады «Шығарманың тақырыбынан басқасы мазмұны болады. Мазмұнның үш мүшесі болады: 1. Аңдату. 2. Мазмұндау. 3. Қорыту. ...Аңдату мүшесі шығармаларда керегіне қарай болады. Мазмұндауында ой тиегін ағытқан сияқты айтайын деген пікірдің бәрі айтылады. Мазмұндау – шығарманың мазмұн мүшесінің ең зоры, онсыз шығарманың мазмұны болмайды. Мазмұнның қорытуында мазмұндауда айтылған пікірдің қорытылып, маңызы шығарылады. Қорыту мүше де мазмұн біткеннің бәрінде бола бермейді, бұ да керегіне қарай болатын мүше» [1, 13 б.]. Ғалымның осы тұжырымдарын негізге ала отырып, композициялық-сөйлеу формаларын құраушы құрылымдық бірліктер әр КСФ-тың мақсат-міндеті мен қызметіне қарай түрліше ұйымдасатынын көруге болады. Әңгімелеу мәтінінде сөйлеушінің мақсаты оқиға туралы әңгімелеу болатындықтан онда суреттеу нысанының қасиет-сапасынан гөрі оқиғаны бейнелейтін қимыл мен іс-әрекет басты орында тұрады. Ал қимылдың басталатын уақыты болады, бір қимыл екінші қимылға түрткі, себеп болады. Сонымен бірге, қимылды жүзеге асырушы кейіпкер, оның жүзеге асатын орны, дамуы, нәтижесі болатындығы белгілі. Әңгімелеу мәтіндерінің басты мазмұндық және құрылымдық сипатын да осылар құрайды. 

      Мәтіннің қай түрінде болсын оның алғашқы бөлігі баяндалатын тақырып туралы жалпы мәліметті ұстап тұрады да, кейінгі бөліктердің мазмұндық ұйымдасуына түрткі болып, бағыт-бағдар беріп тұрады. Аңдату бөлігінің автор және оқырман үшін де басты қызметі осында – бағыт-бағдар беруінде: Құдайберген аттан түсіп, түн қараңғылығында қос тізесін құшақтап отырып қалды. Жирен иесінің иығын түрткілейді. Батыр ендігі тірлікте жапа-жалғыз сопиып қалғанын түсінді. Жалғыз... қалды... (Р.Сейсенбаев). Мысалда аңдату бөлігі кейінгі мазмұндау бөлігі үшін қызмет етіп тұр. Кейіпкердің нақты оқиға жағдайындағы жай-күйі 1-сөйлеммен түйінделген. Мұнда сөйлем көркемдік жағынан да ұтымды шыққанын анық көруге болады. Тізесін құшақтап отырып қалған кейіпкердің әрекеті кейінгі сөйлемдерді түсіндіріп, толықтырып, мағынасы мен әсерлілігін күшейтіп тұр. Оған кейіпкердің нақты оқиға жағдайындағы әрекеті негіз болған. Әңгімелеу мәтіндерінің аңдату бөлігі мен мазмұндау бөлігі бір-бірімен анықтау, себеп-салдарлық, және қарама-қарсы қою қатынастарында ұйымдасады. Мәтін түрін анықтауда мазмұндау бөліктері шешуші рөл атқарады. Әңгімелеудің аңдату бөлігі жалпы тақырыпты ұстап тұрмайды, кейінгі мазмұндау бөлігінде баяндалатын оқиға жағдайындағы табиғатты, мекенді, оқиғаның, әрекеттің басталу мезгілін, сипатын меңзеп тұрады:  Бұлақтың қыр жақ бетіне тіккен бүлдіршіндей ақ отаудың түрулі іргесінен құлын құйрық майда леп соқты. Төрехан иығындағы түйе жүн шекпенді сырып тастап бешпентшең қалды. Сонан соң, кәрлен кесені бәкене сары солдатқа дөңгелетіп жіберді (А.Сүлейменов). Биік құздың жапсарында жабыса тігілген жалғыз қазақ үй, дәл үстінен түспесең көзге оңайлықпен іліне қоймайды. Құдайберген үйдің күншығыс жақ бетінен шықты. Үй алдында қараңдаған төбет жақындап қалған аттылыны көріп, абалап үре түрегеліп еді, жүгірген жоқ абалауын да лезде қойды (Р.Сейсенбаев). Осы кезде сырттан дабыр-дүбір естіліп қалды. Қарағұл маған, мен Қарағұлға қарадым (С.Сматаев). Әңгімелеу мәтініне тән аңдату бөлігінің мынадай мағыналық түрлерін көрсетуге болады: 1) қимыл мәнді аңдату; 2) мезгіл мәнді аңдату; 3) мекен мәнді аңдату.

 

     2.4 «Әңгімелеу мәтінінің стилистикалық ұйымдасу ерекшелігі» деп аталатын бөлімше көркем шығармалардағы әңгімелеу мәтінінің стилистикасына, оның жанрлық сипатын анықтауға арналды. Композициялық-сөйлеу формаларының әрқайсысы тұтас шығарманың көркемдігін жасауға қатысатыны анық, алайда осылардың қайсысы қаншалықты және қалай автордың көркемдік дара стилін жасауға үлес қосатындығы зерттеуді әлі де қажет ететін үлкен маңызды мәселе болып табылады.

     Әңгімелеу мәтіндерінің лексика-грамматикалық құрылымдарының өзгешелігі әр автордың баяндау стиліне өзінше реңк береді. Ертегі, мысал жанрындағы шығармаларда әңгімелеу мәтіндері басым болып жатады. Жас оқырмандарға арналған бұл шағын жанр шығармаларында оқиғаның, ойдың бірізділігі қатаң сақталады да, оқушыны өзіне оңай ілестіріп отырады: «1) Ертеде бір шал мен кемпір болыпты. 2) Олардың үш баласы, бес ешкісі бар екен. 3) Бір күні үлкен баласы басқа жерден пайда кәсіп қылуға талап етіп, өзіне тиген енші ешкісін сойып алып, етінен кемпір мен шалға бір түйір де берместен арқалап кетіпті. 4) Келе жатса бір өнерші байдікіне келеді. 5) Бұл байға өнер үйренуге ол жігіт жалданыпты» (Ы. Алтынсарин. «Тазша бала» ертегісінен). Мұндағы етістік сөздердің -ып/-іп/-п көсемшелі тұлғасы тек қана оқиғаның өткен шақта болғанын білдіріп қана тұрған жоқ, оқиғаның логикалық байланысын,  бірінен кейін бірі болғанын білдіріп тұрған ертегі жанрына тән ерекше стильдік элемент. Бір сөйлем мен екінші сөйлемді мағыналық және құрылымдық жағынан байланыстырушы мұндағы тәсілдер жалпы әңгімелеу мәтінінде ерекше белсенділікпен қолданылады. Осындай тәсілдердің арқасында әңгімелеу мәтіндері ауызша әңгімелеу стиліне жақын тартып тұрады. Сөздердің сөйлем басында қайталанып, сабақтасып келуі оның фоникасына, архитектоникасына ерекше әсер етеді. Ертегідегі әңгімелеу мәтіндерінде автор бейнесінің ІІІ жағы айрықша стильдік қызметте келеді. ІІІ жақ әрдайым бақылаушы, соның арқасында тыңдаушы (оқушы) да сырт бақылаушы рөлінде көрінеді.

      Кез келген мәтіннің өзіне тән баяндалу ырғағы мен интонациясы болады және көркем мәтіннің эмоционалды-экспрессивтік ұйымдасуына ықпал етеді. Олардың көркем мәтінде түрліше қолданысы оның жанрлық ерекшелігіне де байланысты болады. Әңгімелеу мәтіндерінде суреттеуге қарағанда эпикалық баяндау тәсілі, ал суреттеу мәтіндерінде драмалық және лирикалық баяндау тәсілі басымырақ болып келеді. Осының барлығы мәтіннің стилистикалық тонына айрықша ықпал етеді. Шығарманың стилистикалық тоны дегенде туындының жалпы эмоционалды ауаны, шығарманың көңіл-күйі айтылады. Адамның көңіл-күйі сияқты шығарманың да адамға сыйлайтын көңіл-күйі болатыны белгілі. Шығарманың стилистикалық тоны оның интонациясынан, сол арқылы танылатын ырғақтан анық көрінеді. Ғылымда көркем прозаға тән ырғақ туралы түрлі көзқарастар бар. Ырғақ – бұл объективті құбылыс, сондықтан дүниедегі құбылыстардың өзіне тән өмір сүру ырғағы бар. Көркем прозаға тән ырғақ өлеңге ұқсамайды, бірақ ол да мәтіннің көркемдік тұтастығын жасауға, эмоционалды-экспрессивті бояуын жеткізуге үлес қосады. Суреттеуде ырғақ кеңістікті бейнелесе, әңгімелеу уақыт ырғағын, ал ойталқы логикалық құрылымдардың ырғағын бейнелейді. Ырғақ мәтіннің мазмұнына, ондағы автордың ойына қарай тез немесе баяу,орташа қарқынды болады.  Сол сияқты көркем мәтін мазмұны оның эмоционалдық-экспрессивтік сипатына қарай «салтанатты», «байсалды», «риторикалық көтеріңкі», «метафоралық бояулы», «қатаң», «көтеріңкі» т.б. ырғақты, интонациялы болып келеді.

      Көркем шығармадағы әңгімелеу мәтіндерінің ұйымдасу ерекшелігі туралы мынадай тұжырымдар жасауға болады: әңгімелеу мәтіндері бірыңғай құрылым, композиция бойынша жасалғанмен, көркем шығармада ол стилистикалық жағынан әртүрлі болып ұйымдасады да көркем шығарманы құраушы әрі тілдік, әрі стилистикалық мүше ретінде қызмет атқарады; әңгімелеу мәтіндерінің ұйымдасу ерекшелігі тұтас шығарманың стилистикалық композициясына әсер етеді, шығарманың өзіне тән «мінезін», «көңіл-күйін», интонациясы мен ырғағын қалыптастыруға қатысады; -көркем шығармадағы әңгімелеу мәтіндері кейіпкердің бейнесін сомдауға, ішкі сезім-күйлерін суреттеудің тәсілі ретінде де жұмсалады; осылардың барлығы жиналып келіп, әңгімелеу мәтінінің эмоционалды-экспрессивтік ерекшелігін жасайды. КСФ-ның ұйымдасуында автор стилінің логикалық құрылымы мынадай сатылардан көрінеді: объективтік-психологиялық құрылым; субъективтік-психологиялық құрылым; тілдік құрылым. Осы құрылымдардың нақты шығармадағы сипатына қарай жазушының типі және осыған байланысты шығармаға тән автордың дара стилі анықталады. Сол себепті сөйлеудің типтік түрлерін қарастырғанда оның мазмұндық қыры басты назарда болады.

Қорытынды

       Әңгімелеу мәтініне қатысты жүргізілген зерттеулер  нақты мынадай тұжырымдар жасауға негіз болады:

       - диссертацияда қазақ көркем прозасындағы әңгімелеу мәтінінің құрылуын, бір мағыналық тұтасымға ұйымдасу ерекшелігін анықтау барысында әңгімелеудің өзге мәтін түрлерінен айырмашылығы, оның тілдік-грамматикалық құрылымы, ақпараттық-мазмұндық ұйымдасу ерекшелігі және оның лингвистикалық табиғаты айқындалды;

      - әңгімелеудің тақырыптық түрлерін анықтауға ондағы баяндалатын көркем уақыттың объективтік, субъективтік уақытқа қатысы  негіз болады. Осыған байланысты оның тілдік-грамматикалық ұйымдасу ерекшелігі анықталып, талданды;

       - әңгімелеу мәтіні өз алдына аяқталған сөйлеу бірлігі ретінде композициялық тұтастыққа ие болып келеді және оны құрайтын әр бөлік нақты мазмұнды жеткізуге қызмет етіп тұрады;

      - әңгімелеу мәтіндерінің лексика-грамматикалық құрылымдарының өзгешелігіне, композициялық ұйымдасу ерекшелігіне қарай әр көркем шығарманың стилистикалық сипаты анықталады.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

      1  Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш.  –  Алматы: Атамұра, 2003. –  208-б.

      2  Тураева З.Я.   Лингвистика текста.  –  Москва:   Просвещение,   1986.  –

107 с.

      3 Болотнова Н.С. Основы теории текста.  –  Томск: Издательство Томского университета, 1999.  –  205 с.

      4  Бабенко Л.Г., Васильева И.Е., Казарин Ю.В. Лингвистический анализ художественного текста. –  Екатеринбург:  Деловая книга,  2000. –  345 с.

      5  Сыздық Р. Абай  және  қазақтың ұлттық әдеби тілі. –  Алматы:  Арыс, 2004. –  613-б.

      6 Мұстафина С.С. Текстообразующие средства казахского языка. Автореф.  канд.  филол.  наук.  –  Алматы:   Институт   Языкознания   имени

А. Байтурсынова, 1986.  –  24 с.

      7  Құнанбаева С.С.   Темпоральные отношения в казахском художественном тексте. Автореф. дисс. докт. фил. наук. – Алматы: Институт   Языкознания   имени А. Байтурсынова, 1991. –  43 с.

      8    Шалабай Б.   Көркем проза тілі. – Алматы:  Білім, 1994. –  124-б.

      9  Лосева Л.М.  Как   строится текст. –  Москва:   Просвещение, 1980.  –   94 с.

 

Диссертацияның негізгі мазмұны мынадай басылымдарда

жарияланды

 

      1 Мәтін және оның ақпараттық мазмұны // «Әлемдік рухани құндылықтар

және қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. 2 бөлім. – Алматы: ҚазМемҚызПи, С.Демирел атындағы университет, 2007.  –  354-359-б.

      2 Көркем мәтін түрлері мен ерекшеліктері // «Қазақ диалектологиясының мәселелері және профессор Хасан Кәрімұлы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Алматы: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  2007. –  121-126-б.

      3 Көркем мәтінді зерттеудің теориялық мәселелері // «Тіл білімі»  ғылыми-теориялық конференция материалдары. 3 бөлім. – Астана: Л.Гумилев атындағы ЕҰУ,  2007.  –  130-134-б.

     4  Әңгімелеу мәтінінің жанрлық-стильдік ерекшелігі //  Қазақ тілі мен әдебиеті. –  2007.  –   №11. –  56-61-б. 

      5  Композициялық сөйлеу формалары және дара стиль //  Ізденіс. –  2007. – №4. –  54-57-б.

      6  Сөз – жібек жіп, жыр – кесте // Ұлт тағлымы. – 2007. – №4. – 285-288-б.

      7  Мәтінді   зерттеудің    психолингвистикалық    мәні //   «Профессор

 С.М. Исаев: қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың теориялық және әдістемелік мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. 1 бөлім. – Алматы: ҚазМемҚызПи, Абай атындағы ҚазҰПУ, 2008.  –  365-372-б.

 

Резюме

 

Маретбаева Марина Абильжановна

 

Языковая и стилистическая характеристика повествовательного текста

 

10.02.02 – Казахский язык

 

     Актуальность исследования. Актуальность и необходимость исследования естества и природы «живого языка» возрастает с каждым днем.  Вся информация о функциях языка сосредоточена в тексте. Текст – это совокупность особых типовых сигналов, которые закреплены в процессе речи.  Ему присущи особые структура, форма и композиция. Лингвистика казахского текста, которая  только начала формироваться, имеет достаточно  значительный опыт. На данном этапе, когда в современной науке появляются все новые отрасли, всестороннее исследование вопросов лингвистики казахского текста особенно необходимо. Ясно, что оно в свою очередь станет опорой для исследований, имеющих отношения к обучению психолингвистического, этнолингвистического, когнитивного, прагматичного, компаративного, социально-лингвистического, культурно-языкового текста. Одним из важных вопросов лингвистики текста, которые особенно требуют изучения, является познание языковых и стилистических особенностей повествовательного текста. Повествование – одна из композиционно-речевых форм, обладающих категориями целостности, связанности и смысловой законченности, передачи информации. Повествовательный текст как единица, составляющая содержание произведения, является категорией, содержащая в себе относительные, логика семантические, психолингвистические, структурно-композиционные свойства. На сегодняшний день  своеобразная природа повествовательного текста требует определенного исследования. Этим объясняются необходимость и актуальность данной исследовательской работы.  

      Целью исследования является определение структурно-стилистических  особенностей повествовательного теста в качестве одного из членов, составляющих  содержание художественного теста. В связи с этим научная работа ставила перед собой решение следующих задач:

      - выявление теоретических оснований, которые могут стать опорой для исследования повествовательно текста;

      - на основе коммуникативных, языковых и художественных особенностей текста, определить место и функцию повествовательного текста в системе целого текста, а также его соотношение с другими видами текста;

      - выяснение особенностей организовывания повествовательного текста в художественном произведении с информационно-содержательной, композиционной  и стилистической точек зрения;

      - выявив значимо-семантические  виды повествовательного текста в художественном произведении, уточнить их лексико-семантический характер;

     - определение структурно языковых особенностей повествовательного текста.

     В качестве объекта исследования взяты повествовательный текст казахской художественной прозы и его структурно стилистические особенности.

     Методы исследования. В работе использованы методы: пояснение мнений в исследованиях, посвященных лингвистике текста, обобщение, сравнение, анализ, группировка, систематизация, характеристика, эксперимент, моделирование.

     В качестве источников исследования из художественных произведений взяты около 3 000 «чистых» и «смешанных» с другими текста образующими членами текстов в виде монологической речи из произведений известных представителей казахской художественной прозы XX века.

     Теоретико-методологическую основу исследования составили труды отечественных и зарубежных ученных посвященные изучению отдельных проблем лингвистики текста, стилистики и прагмастилистики текста, психолингвистики, языкознания, высказанные ими относительно  теории текста, психологии текста, теории речевого действия, языка художественной прозы, вопросов художественной индивидуальности.

      Результаты исследования:

      - повествовательный текст  стиля художественной литературыне являвшийся до этого объектом специального исследования в казахском языкознании, рассмотрен с точки зрения лингвистики текста;

      - доказано, что повествование считается единицей, образующей текст художественного произведения, и что оно также является законченным значимым целым;

      - с научно-теоретической точки зрения выяснилось, что  повествовательный текст имеющий относительное направление с  информационно-содержательной стороны, соответствует структурно-композиционным особенностям не похожие на  другие виды текста;

       - выявлены композиционные особенности повествовательного текста и их функции;

      - проанализированы использование повествовательного текста в художественном произведении, а также его отношение к построению стилистической композиции, эстетического единства художественного произведения;

      - выявлены тематико-значимые виды повествовательного текста относительно субъективного и объективного времени.

     Теоретическая и практическая  значимость исследования. Результаты и выводы, полученные в процессе исследования одного из видов текста – повествования, вносят вклад в познание структурных и стилистических особенностей художественного текста, выявление его стилистико-языковых отличий от других видов текста (обсуждение, описание), пополнение круга вопросов лингвистики текста в целом. Вместе с тем исследование вносит вклад в определение теоретико-лингвистических основ изучения казахского текста. Может быть использовано как дополнительное пособие в преподавании лингвистики текста, стилистики, разделов языкознания (фонетика, лексика, грамматика), на знаниях по стилистике художественной литературы, прагмастилистике, функциональной грамматике, культуре речи, лингвистическому анализу художественного текста, а также на специальных курсах.

     Основные положения выносимые на защиту:

      - КРФ – вид текста, составляемый для изложения повествовательного текста – события, действия по порядку с указанием места, времени;

      - предложения – высказывания в составе повествования текста, образованные, в основном, последовательный, а также параллельной синтаксической связью, построены на основе следующих способов синтаксической  связи: Подлежащее – Подлежащее – Сказуемое – Подлежащее, Подлежащее – Дополнение, Подлежащее – Определение.

       -  композиционная структура повествовательного текста состоит из таких частей, как введение, главная часть, заключительная часть, которые выделяются присущими им грамматическими структурами, различают значимые виды понимания: со значением действия, со значением времени, со значением места; между частью ведения и  главной частью изложения в повествовательном тексте имеют место такие типы логико-семантических отношений, как противопоставление, выявление – конкретизация, сравнение, условность, причинно – следственные;

      - повествовательный текст подразделяется на такие значимые виды, как со значением лица, событийно-значимый, в зависимости от отношения развития события к объективному и субъективному времени;

      - своеобразие лексико-грамматических структур, особенностями композиционной  организации повествовательных текстов определяется стилистическая характеристика каждого художественного текста.

      Обсуждение и публикация работы.

      Основные выводы и результаты диссертации были изложены на 2 международных научно-теоретических конференциях, на 2 республиканских научно-практических конференциях. По материалам диссертационной работы в республиканских изданиях были опубликованы 3 научные статьи. По научной работе всего было издано 7 материалов. Диссертация была обсуждена на кафедре теоретического и прикладного языкознания и на заседании объективного лингвистического семинара Казахского национального педагогического университета имени Абая.

     Структура работы. Диссертация состоит из введения, двух глав и заключения. В конце работы даны список использованной литературы и список художественных произведений.

 

 

Summary

 

Maretbaeva Marina Abilzhankyzy

 

The linguistic - stylistic description of narrative text.

 

Speciality : 10.02.02 – The Kazakh language

 

     Actuality of theme.  Actuality and necessity of research the nature of “alive speech” is becoming actual nowadays.  Because it based on communication and presents in all spheres of social life.  The real speech takes part in all types of communication and gives information through emotion and feelings about real life.   

     The information about these function of speech we can find from text. The text is a groupe of special typical signals which are based and developed in speech. It has own form, composition and structure. Though human have been researching the speech for a long time it steel needs further investigating.

     Though linguistics of   kazakh text is new at this direction it has 10 years experiment. While in modern science appears new branches, the problems of Kazakh text linguistics needs especially all-round researchment.   

     Nowadays to investigate the  linguistics Kazakh text is  actual, because it will be base of researches in psyckolinguistics, ethnolinguistics, cognitivical, pragmatical, comparativical, social linguistics and in studying the text.

    The one important problem’s of text  linguistics  which demands especially study  is to get to know  stylistical and speakable  specialities of narrative  text.

    The narrative text is one of the compositional speech forms which possesses categories as completeness, connectiveness and communication.

     The narrative text as an unit consistable content of composition has category which has logico-semantical, psyckolinguistical, structer compositional qualities. Nowadays the peculiar nature of narrative text demands definitive investigatement.  

      This explaines necessity and actuality of given researchment.

     Aim of investigation is to define  structure-stylistical especially of narrative text  which is one of  the component  part consisting art text’s content. According to this research has to define  these tasks: 

    - to define theoretical meanings which will be the base of researchment narrative

text;

     - on the base of communicational,  lingual and art especiallies of text to sign the

place and function, connection with other types of text in whole text’s system of narrative text.

     - to  define informational composition, compositional, stylistical  organizational

especiallies of  narrative text in art composition.

     - to define meaning-thematic, lexical-semantical  qualities of narrative text in art.

     - to  define linguistic-structural  especially of narrative text.

     Object of investigation of this work is narrative text and its structural-stylistical  especially.

      Methods of investigation at given work were used  methods like these: explanation of opinions in researchments dedicating to linguistic texts, generalization, to group, comparison, analysis, to systematize, description, to experiment, to model

    The  materials  of investigation are about 3000 of monologue speech and mixed types  of  art composition.

     Sources  of  investigation were  taken from  works of  famous  Kazakh   prose writers  of XX century. (A.Baytursinyly, V.V.Vinagradov, V.V.Odincov, M,P.Brandes, I.R.Galperin, G.I.Solganik, O.A.Nechaeva, I.O.Moskalskaya, G.A.Zolotova, L.S.Vygotski, M.M.Mukanov, M.Zhinkin, A.R.Luriya, E.A.Referovskaya, I.I.Chernukhina, O.N.Gryshyna, K.Zhubanov, S.Amanzholov, M.Balakaev, A.T.Kaydar, R.Syzdyk, T.Kordabaev, E.N.Zhanpeisov, S.S.Kunanbaeva, B.Shalabai, Zh.A.Zhakipov, s.S.Mustafina, Z.Sh.Ernazarova, G.M.Azimzhanova, Zh.T.Kayshygulova etc.).  The theoretical-methodical base  of  investigation composes thoughts of scientists which researches linguistics, stylistics, pragmastylistics about theory of text,   psychology of text, theory of  speech, art problems.

     The  novelty  of the research:

     - narrative  text of art literature style which  was not before researched in kazakh  linguistics  was  linguistically considered;

     - the  narrative as component unit is forming the text  of art composition and complete semantic totality was proved;

      - scientific – theoretically turned out the narrative text which has relative direction  from informatic – contentual side corresponds  structure – compositional specialies differentiates  from other types of text.

     - the narrative text’s compositional specialties and its functions were made known.

     - the  use of narrative text in art composition, its  relation to formation stylistical composition of work and aesthetic totality of art were anylised.

     - the  thematic-semantical types of narrative text with regard to subjective and objective time were defined.

    The theoretical  and practical  meaning   the  results  and meanings were taken in process  of    investigation   narrative text brings in investment  in  cognition  of   structural and stylistical  specialies of art text, identifying its lingual-stylistical differences from other types of texts (discussion, description),  replenishment  problems of  general  text’s   linguistics.

      It can  uses as  supplementary  textbook in teaching  text  linguistics, stylistics, sections of  linguistics (phonetics,  lexicology,  grammatics), in stylistics of art literature,  speech  culture,  linguistic  analyze  of  art text,  also  in special  courses.

     The  results  of  the  research:

     KSF –  the narrative text which is based on retelling the story or action describing the time and place by order;

     - sentences-expressions  are  consisting of narrative text in  the  main based on

consistent and  parallel  syntactic connection built on basis of Subject – Subject, Subject – Predicate, Subject – Object, Subject – Attribute syntactic connection methods;

     - narrative  text  consists of   introduction,   retelling  and conclusion  parts which  detaches with own grammatical structures  and differentiates some  semantic  forms of  meaning  which are show  action, place and time;  there are some  logically-semantic   types  of connection  between  the introductive and main  parts of the narrative text  as contrary,  concrete  defining,  comparing, conditional  and motive;   

     - according to the relation of action to objective or visual time there are semantic types carries  subjective  and eventual meanings;

      - as a main text-making unit, narrative text takes part in making emotional-expressive, stylistic structure of composition.

     The approbation and  publication  of the thesis.

     Main summary and results of the dissertation were published in the 2 republican scientific publications and 2 in international scientific and practical conference proceedings. On the basis of this dissertation  3 scientific articles were published in republican publications.

     According to this work  were  published only 7 materials.  

     The dissertation was discussed at the objective  linguistic seminar of theoretical and practical linguistics of the Kazakh  national pedagogical  university after Abay.

The dissertation  consist of introduction,  two chapters, conclusion.

At the end of work were given a list of used literature, art  composition from

which were taken examples to this work.

 

 

     

 

 

 

 

 

 

Маретбаева Марина Әбілжанқызы

 

Әңгімелеу мәтінінің тілдік-стилистикалық сипаты

 

10.02.02 - Қазақ тілі

 

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін

дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

 

Басылуға 18.09.2008 жылы қол қойылды. Пішімі

Көлемі    . Офсеттік қағаз.                 басылыс. Тапсырыс

Еаралымы    дана. Бағасы келісімді.                 Баспасы.

050038.Алматы қаласы,        даңғылы,

«                    »                                                басылды.

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  1  2  3   ..