ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 6

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  39  40  41  42  43  44  45  46  47  48  49  50  ..

 

 

 

 

 

 

 

 

МҰХАМБЕТОВ ЖОМАРТ ИБАТОЛЛАҰЛЫ

 

 

 

 

Көркем мәтіндердегі диалектизмдердің этномәдени мәні

 

 

10.02.02 – қазақ тілі

 

 

 

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

 

 А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2007

Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және Қылым министрлігі А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында орындалды.

 

 

 

   Ғылыми жетекшісі:            филология ғылымдарының докторы,                профессор О.Нақысбеков

 

Ресми оппоненттер:              филология ғылымдарының докторы,                профессор Қ.Қалиев

                                       

                                             филология ғылымдарының                                          кандидаты К.Күркебаев

 

 

 Жетекші ұйым:                    Қазақ мемлекеттік Қыздар                                         педагогикалық институты

 

 

Диссертация 2007 жылы “15 маусым сағат 16.00-де 
ҚР БжҚМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.06 – түркі тілдері және 10.02.02 – қазақ тілі мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д 53.38.01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).

 

Диссертациямен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Орталық кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28).

 

 

Автореферат 2007 жылы “15 мамырда таратылды.

 

 

 

 

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, филология

ғылымдарының докторы, профессор                                 Ж.А.Манкеева

 

 

 

 

ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

 

Зерттеудің өзектілігі. Соңғы жылдары тіл мен мәдениеттің арақатынасы туралы мәселе өзекті мәселелер қатарында қарастырылып келеді. ХХ ғасырдың аяғында ғалымдардың аталған мәселеге ерекше назар аударуы лингвомәдениет-тану ғылымының дамуына жол ашты. Ол тіл бірліктерінің ұлттық-мәдени семантикасын зерделеуге мүмкіндік береді. Лингвомәдениеттану – ұлттық мәдениет-тің тілдегі көрінісін сипаттау мәселелерін зерттейтін тіл білімінің саласы.

Лингвомәдениеттануда тіл коммуникация мен таным құралы ғана емес, ұлттың мәдени коды ретінде қарастырылады. Әлемнің ұлттық тілдік бейнесі тіл бірліктері мен тілдің ұғымдық-категориалдық құрамындағы мағыналық бірліктерді ұлттың қабылдауы мен дүниетанымы тұрғысынан сипаттайды. Адам когнициясы мен мәдениеттүзу қызметінің негізгі тетіктерінің пайда болуы мен дамуы барысындағы тілдің қызметін зерттеу ақиқат болмыстың тілдегі бейнеленуін сипаттап, осы мәдениет өкілдерінің дүниетанымы, эстетикалық нормалары, діни наным-сенімдері туралы жан-жақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Лингвомәдениеттануда тіл мен мәдениетті тұтынушы ретінде адам маңызды орын алады. Оның аялық білімі, мінез-құлығы мен тәртібі, ұстанымдары мен дүниетанымы белгілі бір мәдениеттің өкілі ретінде оны басқалардан ерекшелендіріп тұрады. Сол себепті лингвомәдениеттануда адам факторына маңызды орын беріледі.

Осымен байланысты белгілі бір аймаққа тән жергілікті тіл ерекшеліктеріндегі этнолингвистикалық сипаттарға талдау жасау қазақ тіл білімінде әлі де болса өз деңгейінде зерттелмей келеді. Негізінен осы уақытқа дейін жергілікті сөзқолданыстардың лексикалық, грамматикалық, фонетикалық ерекшеліктері қарастырылып, ондағы талдаулар көбінесе құрылымдық грамматика мәселелері тұрғысынан сөз болып келді. Ал соңғы жылдары антропоцентристік бағыттағы зерттеулердің жалпы тіл білімінде қарқынды қолға алуына байланысты жергілікті сөзқолданыстарды да әлемнің тілдік бейнесін адам факторы мәселелерімен тығыз байланыста қарастырудың қажеттігі анықталып отыр. Себебі осы тілдік құрылымдардың түзілуіне әсер еткен экстралингвистикалық факторлар анықталғанда ғана осы жерге тән ерекшеліктердің пайда болу себептерін көрсетуге болады. Бұл орайда қазақ тіл білімінде М.Атабаеваның “Қазақ тілі диалектілік лексикасының этнолингвистикалық негізі” атты еңбегін ерекше атап өткен жөн. Онда ғалым жалпы қазақ тіліне ортақ этнодиалектизмдерге тоқталады. Аталған еңбек этносты тіл арқылы танытатын этнолингвистикалық ізденістердің басы болып табылады. Ал нақты белгілі бір аймаққа, оның ішінде Батыс Қазақстан аймағына жататын этнодиалектизмдер осы уақытқа дейін арнайы зерттеу нысаны болмаған. Осымен байланысты жұмыста батыс өңірінің этномәдени сипаты айшықты көрініс тапқан көркем мәтіндерден жинақталған диалектизмдер тіл мен мәдениет сабақтастығында қарастырылды. Тақырыптың өзектілігін осы тұрғыдан сипаттауға болады деп ойлаймыз.

Зерттеудің мақсаты – көркем мәтіндердің негізінде Батыс Қазақстан өңіріне тән жергілікті ерекшеліктердің этномәдени сипатына кешенді түрде талдау жасау. Ол үшін мына міндеттерді жүзеге асыру көзделді:

- тілдік құбылыстарды лингвомәдениеттанымдық ерекшеліктер ретінде талдаудың теориялық-әдістанымдық негізін анықтау;

- осы өңірге тән салт-дәстүр, ырым-жоралғыларда, кәсібінде ономастикалық жүйесінде, өңір тарихы мен мәдениетіне қатысты прецеденттік мәтіндерде, фразеологиялық тіркестердің мазмұнында бейнеленген рухани мәдениетке тән тілдік бірліктердің қызмет ерекшеліктерін талдау;

- лексикалық, фразеологиялық, паремиологиялық бірліктердің негізінде қазақ тіліндегі, оның ішінде Батыс Қазақстан өңіріне тән лингвокультуремалардың көркем мәтіндерде берілу ерекшеліктерін анықтау;

- сол өңірде қалыптасқан материалдық мәдениет атауларының ұлттық-мәдени ерекшеліктерін сипаттау;

- сол өңірге тән лингвокультуремалардың көркем әдебиеттегі қызметіне талдау жасау, өзіндік ерекше топтарын жіктеу, төркінін анықтау.

Зерттеудің жаңалығы. Зерттеуде Батыс Қазақстан аймағына тән жергілікті диалектизмдердің этномәдени сипаты, оның ерекшеліктері, тілдік, стильдік табиғаты алғаш рет арнайы қарастырылып, өзіндік белгілері айқындалып отыр.

Зерттеу нысаны: Көркем мәтіндегі Батыс Қазақстан аймағына тән диалектизмдер.

Зерттеу әдістері: Зерттеу барысында салыстыру, тілдік материалды этнолингвистикалық сипатта зерделеу, сөздік дефиницияларға талдау жасау, компоненттік және семантикалық талдау, сипаттама жасау әдістері қолданылды.

Зертеудің материалдары. Жұмыста Батыс Қазақстан өңіріне тән жергілікті ерекшеліктердің аймақтық, түсіндірме, фразеологиялық сөздіктердегі деректері, осы өңірлердегі мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестерінің көркем шығармалардағы көрінісі (Қ.Сланов, Х.Есенжанов, Ә.Сәрсенбаев, Ә.Кекілбаев, т.б.) негізге алынды. Жұмыста 4 мыңға жуық мысал талдауға негіз болды.

Жұмыстың теориялық-әдіснамалық негізі ретінде лингвомәдениет-тану мәселелерімен айналысушы отандық және шетелдік ғалымдар: А.Вежбицкая, В.А.Маслова, Ю.Н.Караулов, И.Г.Ольшанский, Ш.Сарыбаев, Ә.Нұрмағамбетов, Қ.Қалиев, Р.Сыздық, Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева, Н.Уәлиев, М.Атабаева, Қ.Қабитханұлы, К.Күркебаев, Б.Ақбердиева, А.Қ.Сейілхан, М.Жақсыбаева, Г.Снасапова т.б. еңбектері алынды.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

- жергілікті тілдік ерекшеліктер материалдық және рухани мәдениет бірліктер ретінде сол аймаққа тән әлемнің тілдік бейнесін ұрпақтан-ұрпаққа беріп, сол арқылы тілдің маңызды қызметтерінің бірі – ақпарат жеткізуші қызметін орындайды;

- әлем бейнесі сөйлермен тілінің жергілікті ерекшеліктері ретінде көркем мәтіндерде айшықты түрде көрініс тауып, қоршаған орта туралы ақпарат жеткізуде басты орын алады;

- диалектизмдер көркемдеуші құрал ретінде көркем әдебиет стилінде ғана қолданыла алады, ал ғылыми, іскери тілде қолданылмайды;

- диалектизмдер лирикалық жанрлармен салыстырғанда прозалық шығармаларда жиі қолданылады және фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктерге қарағанда, лексикалық ерекшеліктер көбірек кездеседі;

- мақсатты түрде орынды қолданылған жергілікті ерекшеліктер тілдік экспрессияның тиімді құралы болып табылады.

- фразеологиялық диалектизмдерде, аймаққа тән ономастикалық жүйеде, прецеденттік мәтіндерде сол өңірге тән ерекшелік, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық болмыс айқын көрінеді;

- әрбір лингвокультуремада өзі қалыптасып, пайда болған өңірдің мәдени жүйесінің белгісі, өзіндік қолтаңбасы қалып отырады.

Жұмыстың теориялық және практикалық құндылығы. Зерттеу жұмысындағы жергілікті тіл ерекшеліктерінің этнолингвистикалық сипатын айқындау әлемнің тілдік бейнесінің аймақтық ұлттық сипатын көрсетіп, этнодиалектология мәселелерінің теориясына өзіндік үлес қосады. Зерттеу материалдарын жоғары оқу орындарының филология және журналистика факультетінің студенттеріне, сондай-ақ “Қазақ әдеби тілінің тарихы”, “Тарихи лексикология”, “Қазақ диалектологиясы”, “Этнолингвистика”, “Стилистика”, “Лингвомәдениеттану” пәндерін оқытуда, арнайы семинарлар мен курстарда пайдалануға болады.

Жұмыстың талқылануы. Зерттеу жұмысының негізгі түйіндері мен тұжырымдары республикалық ғылыми басылымдарда 12 мақала түрінде жарияланып, 3 халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларда баяндалды. Атап айтқанда: А.Байтұрсынұлының туғанына 130 жыл толуына орай ұйымдастырылған ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2004), А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында академик Р.Сыздықтың туғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастылған ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2004), әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен профессор Р.Әмірдің туғанына 75 жыл толған мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2004) баяндалды. ҚР БжҚМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы “Лингвистикалық жұма” атты ғылыми-әдістемелік семинарда жөмыс баяндалып (2005, сәуір), Тіл тарихы мен диалектология бөлімінің кеңейтілген мәжілісінде талқыланды, (30 наурыз, 2007 ж.). Сондай-ақ зерттеу жұмысының негізінде жиналған материалдар бойынша “Қазақ тілінің диалектологиясы” университеттердің филология факультеттеріне арналған оқу құралы жарық көрді (2006, желтоқсан).

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГҚЗГҚ МАЗМҰНЫ

 

Диссертацияның “Диалектизмдерді лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері” атты бірінші тарауында диалектизмдер тіл мен мәдениеттің өзара қатысы тұрғысынан сипатталып, оларды талдауға негіз болатын қағидалар көрсетілді.

ґткен ғасырдың соңынан бастап тіл білімінде құрылымдық-жүйелік парадигмалардың орнын антропоцентристік, когнитивтік, динамикалық бағыттағы зерттеулер басып, бұл сала қарқынды дами бастады. Антропоцентристік бағыттағы зерттеулерде адам проблемасы басты назарға алынып, “адамның сөзқолданысы”, “тілдегі адам бейнесі” мәселелері ерекше маңызға ие болды. Бұл мәселе лингвомәдениеттану, психолингвистика, этнолингвистика, когнитивті лингвистика салалары арқылы қарқынды дамып келеді.

Соңғы жылдары лингвомәдениеттану саласы этнолингвистикадан жеке бөлініп шықты. Лингвомәдениеттанудың міндеті – тіл мен мәдениеттің, тіл мен этностың, тіл мен ұлттық менталитеттің арақатынасын сипаттап, зерделеу болып табылады. Осы жұмыста көркем мәтіндердегі диалектизмдердің этномәдени мәнін сөз етуге талпыныс жасалды. Бұл бағыттағы зерттеулер үшін ең алдымен, лингвомәдениеттану теориясының негізгі ұғымдарын анықтап алу қажет. Осыған байланысты И.Г. Ольшанский: “Цель лингвокультурологии – описание обыденной картины мира в том виде, как она представлена в повседневной речи носителей русского языка, в различных дискурсах и разных (вербальных и невербальных) текстах культуры. Ее материалом являются живые коммуникативные процессы, литературный, философский, религиозный, фольклорный дискурсы как источники культурной информации... Слово, с точки зрения лингвокультурологии, является своеобразным “свернутым текстом”, хранящим культурно значимую информацию, закрепляющим особенности мировидения носителей русского языка”, – деп жазады [1]. Демек, лингвомәдениеттану нысаны – тіл мен мәдениеттің өзара әсері мен арақатынасы, тілдегі рухани және материалдық құндылықтардың көрінісі, яғни адам еңбегінің нәтижесінде пайда болған құндылықтар. Бұлардың бәрі жинақтала келе әлемнің тілдік бейнесін құрайтыны белгілі.

Тіл мен ұлттық мәдениеттің өзара байланысы түрлі қырынан сөз болып келеді, атап айтқанда: ұлттық-мәдени компонент аспектісінде 
(Е.М. Верещагин, В.Г.Костомаров), аялық білім түрінде (Ю.А. Сорокин), мәдениет нышандары түрінде таңбаланған коннотация түрінде (В.Н. Телия) т.б.

Тіл ұлттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде халықтың ұлттық болмысын танытатыны, қоғамда болып жатқан құбылыстар, өзгерістер тілде үнемі ізін, таңбасын қалдырып отыратындықтан, тарихпен, этнографиямен тығыз байланыста зерттеуді қажет етеді, сол мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші тілдің кумулятивтік қызметі туралы академик Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева т.б. ғалымдардың зерттеулерінде жан-жақты қарастырылды.

Соның нәтижесінде тіл мен мәдениетті өзара байланыста, сабақтастықта зерттегенде ғана зерттеулер оң нәтижесін беріп, тілдің көпқырлы қызметі ашыла түсетіні анықталып отыр. Осы сабақтастықтың белгілі бір аймаққа қатысты тілдік көріністері қандай екенін көрсету бұл мәселені толықтыра түспек. Осыған орай біз жоғарыда атап көрсеткендей, оның көркем мәтіндегі бейнеленуін талдауға назар аударып отырмыз. Сондықтан “Диалектизмдердің көркем мәтіндегі қолданысы” деп аталатын бөлімде көркем әдебиет стилінің басқа стильдерден ерекшелігіне сәйкес онда диалектілердің қолданылу сипаты, мақсаты, қызметі туралы сөз болады.

Прозалық шығармаларда диалектілік ерекшеліктер негізінен кейіпкерлердің тілінде қолданылады. Сонымен қатар кейде автор сөзінде қолданылуы да орын алып отырады. Жазушылар диалектілік ерекшеліктерді көбінесе жергілікті тұрғындарды сипаттауда, халық тұрмысын шынайы көрсету, белгілі бір аймаққа тән материалдық және рухани мәдениет ерекшеліктерін беру, халықтың болмысын, рухын шынайы түрде бейнелеу мақсатында қолданады. Жергілікті ерекшеліктердің лирикалық поэзияда қолданылуы мен прозалық шығармаларда қолданылуының өзіндік ерекшеліктері бар.

Прозалық шығармалармен салыстырғанда, лирикалық шығармаларда диалектілік ерекшеліктер әлдеқайда аз қолданылады, оның үстіне онда негізінен лексикалық ерекшеліктер ғана қолданылады да, фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктер мейлінше аз кездеседі. Бұл ақындардың жергілікті тұрғындардың тіліндегі фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктерді көрсету емес, ойын нақты беру, қысқа да түсінікті етіп жеткізу мақсатынан туындаған.

Көркем мәтіндердегі жергілікті сипаттағы лексикалық ерекшеліктерді өз ішінен бірнеше топқа жіктеуге болады:

- нақты лексикалық ерекшеліктер – әдеби тілде баламасы, синонимі бар сөздер;

- семантикалық ерекшеліктер – белгілі бір тұрғындардың тілінде жалпыхалықтық қолданыстан бөлек мағынасы бар сөздер;

- этнографиялық ерекшеліктер – белгілі бір аймаққа ғана тән, басқа жерлерде қолданылмайтын немесе олардан түбегейлі ерекшеленетін заттар мен құбылыстардың аттары. Мұндай этнографизмдердің жалпыхалықтық тілде баламасы болмайтындықтан, оларды сипаттама түрінде ғана беруге болады;

- фразеологиялық ерекшеліктер – белгілі бір аймаққа ғана тән, сол жерде ғана түсінікті болатын тұрақты сөз тіркестері. 

Жергілікті ерекшеліктер жалпы көпшілікке бірдей таныс болмайтындықтан, олардың көркем әдебиеттегі қолданылуы көп талас тудырған мәселелердің бірі болып келді. Ол, ең алдымен, шығарманың тақырыбына, мазмұнына, суреттелетін оқиғаларға, автордың мақсатына, эстетикалық идеалы мен шеберлігіне байланысты. Көркем шығармадағы диалектизмдердің қолданысы туралы С.Б.Кураш былай дейді: “В художественной речи диалектизмы выполняют важные стилистические функции: помогают передать местный колорит, особенности речи героев, наконец, диалектная лексика может быть источником речевой экспрессии” [2].

Жергілікті ерекшеліктерді жазушы цитата түрінде қолданып, контексте басқа стильдің элементі ретінде пайдалануы мүмкін. Сонымен қатар әдеби тіл нормаларына жауап бере алатын басқа сөздер сияқты, солармен тең қолдануы мүмкін. Жергілікті тіл ерекшеліктерінің эстетикалық мәні контекстегі қолданысы мен ішкі уәжділігі негізінде айқындалады. Шығармада жергілікті тіл ерекшеліктерінің қолданылуы белгілі бір аймақтың колоритін, шығарманың шынайылығын бере бермейді. Әдеби тілде жергілікті ерекшеліктерді шамадан тыс қолдану да шығарманың тілін шұбарландырып, түсініксіз етеді.

“Диалектизмдердің лингвомәдениеттанымдық зерттеулер тұрғысы-нан зерттелуі” деп аталатын бөлімде диалектизмдердің, оның ішінде Батыс Қазақстан өңіріне тән диалектизмдердің осы уақытқа дейін зерттелу жайы, онда негізге алынған ұстанымдар, олардың ішінде жергілікті тіл ерекшеліктерін лингвомәдениеттанымдық жағынан талдауға тырысқан зерттеу еңбектері туралы сөз болады. Батыс Қазақстан өңіріне тән жергілікті ерекшеліктер, осы өңір тұрғындарының тұрмыс-салты С.И.Руденко, Р.Карутц, С.Аманжолов, Ә.Нұрмағамбетов, С.Омарбеков, Ш.Сарыбаев, У.Қыдыралин еңбектерінде сөз болған. Батыс Қазақстан өңірі тіліне тән жергілікті ерекшеліктерді сөз еткен ғалымдар Ә.Нұрмағамбетов, С.Омарбеков еңбектерінде, негізінен, диалектизмдердің фонетикалық, грамматикалық, лексикалық сипаты көрсетілген. Сонымен қатар ғалымдар бірқатар диалектизмдерді талдау барысында олардың этимологиялық жағына да тоқталады. Ә.Нұрмағамбетов осы өңірдегі кейбір сөздерге тіл тарихы тұрғысынан талдау жасай келіп, олардың төркінін қарақалпақ, ноғай тілдерінен табуға болатынын айтады. Зерттеуші батыс диалектісіндегі ноғай, қарақалпақ, татар, башқұрт тілдері элементтері соңғы кезде ғана халықтардың көршілес отыруының нәтижесіндегі ауыс-түйіс емес, ноғай ордасы дәуірінен қалған із екенін дәлелдейді [3, 200].

Сонымен қатар диалектолог ғалым С.Омарбековтің “Қазақтың ауызекі тіліндегі жергілікті ерекшеліктер” атты еңбегінде де Маңғыстау қазақтары тілінде түрікпен, қарақалпақ тілінен ауысқан сөздердің көп кездесетінін нақты көрсетеді [4, 65].

Батыс өңіріндегі тұрғындардың тілінде ноғай, түркімен, қарақалпақ тілдерінің әсері, әсіресе, лексикалық ерекшеліктерде мол орын алған. Жоғарыда көрсеткеніміздей, Ә.Нұрмағамбетов қазақ халқының қалыптасуында Ноғай ордасының орны ерекше болғанын айта келіп, ноғай тілінің әсерін адстрат ретінде қарамай, ежелден келе жатқан ру, тайпа тілінің қалдығы және өзіндік диалектизм деп санайды [3, 109].

Батыс өңіріндегі ақын-жазушылардың, жыраулардың тілінен орта азиялық түркі жазба әдеби тілінің әсері де байқалады.

18-19 ғасырлардағы Маңғыстау ақын-жырауларының тілін арнайы зерттеген ғалым Б.Нұрдәулетова бұл өңірдегі ақын-жыраулар мұсылманша сауатты болуына байланысты түркі жазба әдеби тілдерінің әсері ерекше болғанын айта келіп: “Осы өлкенің ауызша поэзиясында орталық түркі жазба әдебиетінің ерекше тілдік дәстүрінің қалыптасуына тағы бір себеп – ғасырлар бойы қарақалпақ, түркімен халықтарымен іргелес отырып, мәдени, әдеби байланыста болуы. Қарақалпақ қосуқшылары, түркімен шайырлары, маңғыстаулық жыршылар өмірде де, өнерде де іргелес жүріп, бір-бірінен үйренген, қатар жырлаған. Ал бұл халықтардың көркем әдеби тілі орта азиялық түркі жазба әдеби тілінің негізінде өркен жайғаны белгілі”, - дейді [5, 52].

Ал лингвомәдениеттануда мәдениеттің мейлі ол жалпы ұлттық болсын я белгілі бір аймаққа тән мәдениет болсын, дәстүрлі түрде қалыптасқан тілдік бірліктер, атап айтқанда, сөздер, фразеологиялық тіркестер, мәтіндер т.б. объективті элементі ретінде көрінетіні белгілі. Тілде ұлттық болмыстың, менталитеттің көрініс табуы нәтижесінде өзек сөздер, лингвокультуремалар туындайды. Әр тілдің өзіндік ұлттық ойлау ерекшелігін, дүниетанымдық ерекшеліктерін білдіретін концептілер қалыптасады.

 Н. Уәлиев халықтың тарихы тілінде өз таңбасын қалдырып отыр-атынын айта келіп: “Халық өзінің өткен дәуірлердегі наным-сенімін, түйсік-түсінігін, ой-қиялын, тыныс-тіршілігін аз сөздің аясына сыйдырып, әрі нәрлі, әрі әрлі етіп ерекше өрнектей білген. Түп төркіні беймәлім сөздердің сәті түсіп, кілті табылғандай болса, көп нәрсені баян етіп, халықтың өткендігі ой-қиялы, тыныс-тіршілігі, дүниетанымы туралы сыр шертіп тұрады” [6, 12], - дейді.

Лингвомәдениеттанымдық бағыт бойынша, белгілі бір этномәдениетке жататын тілдік тұлғаның менталитетін білдіретін лингвокультуремалардың лингвомәдени ерекшеліктері болады. Лингвомәдениеттану тұрғысынан сөз еткенде, лингвокультуремалар белгілі бір мәдениет өкілінің рухани болмысын танытатын менталды бірлік ретінде танылады. Бір тілді тұтынатын, яғни бір тілде сөйлейтін адамдардың сөздік қоры бір-бірінен өзгеше болады, ол белгілі бір сөзді қолдану ерекшеліктеріне, ол сөзге қандай мағыналарды сыйғызуына да байланысты болады. Адамның қай сөзді жиі қолдануына және оның қандай мәнде жұмсалуына қарай оның санасындағы осы сөздің ерекшелігін, сипатын көруге болады.

Яғни тіл мен мәдениеттің арасындағы байланысты бүтін мен бөлшектің арасындағы байланыс ретінде қарастыруға болады. Тіл – мәдениеттің құрамдас бөлігі әрі құралы бола алады. Солай бола тұрса да, тілді жалпы мәдениеттен тыс, тәуелсіз, дербес семиотикалық жүйе ретінде қарастыруға болады. Белгілі бір тілде сөйлейтін сөйлермен сол мәдениеттің тұтынушысы да бола береді. Сол себепті тілдік таңбалар мәдениет таңбасы ретінде қызмет атқарып, мәдениетті танытатын негізгі құрылымдардың бірі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, тіл сөйлермендердің мәдени-ұлттық ментальдылығын бейнелей алады.

Сондықтан да түрлі мәдениет өкілдерінің санасындағы, танымындағы әлемнің бейнесі әртүрлі. Әр халықтың өмірді тануы, қабылдауында өзіне тән ұқсастықтар, ортақ, жалпы жақтары болумен қатар өзіндік ерекшеліктері, айырмашылықтары да болатыны белгілі. Халықтың белгілі бір ортада, белгілі бір аймақта өмір сүруі оның ұлттық сипатына, болмысына әсер етеді. Ұлттық сипаттағы өзіндік ерекшеліктер мен менталитет этностың мәдениетінде, тұрмысында, күнделікті өмірінде көрініс табады. Олар, сөз жоқ, тілде бейнеленіп, көрінеді.

“Батыс Қазақстан өңіріне тән материалдық мәдениетке қатысты этнодиалектизмдер” деп аталатын екінші тарауда осы өңірдегі материалдық мәдениет атаулары мағыналық топтарына қарай жіктеліп, әр топтың арнайы өзіндік ерекшеліктері, оның пайда болуына түрткі болған тілдік алғышарттармен қатар экстралингвистикалық жағдайлар туралы сөз болады.

Батыс Қазақстан өңіріне тән материалдық мәдениетке қатысты этнодиалектизмдер былайша топтастырылды:

- үй-жай атауларындағы диалектизмдер;

- ыдыс-аяқ атауларындағы диалектизмдер;

- киім-кешек атауларындағы диалектизмдер;

- дене мүшелерінің атауларындағы диалектизмдер;

- тағам атауларындағы диалектизмдер;

- құрал-жабдық атауларындағы диалектизмдер;

- жануарлар атауындағы диалектизмдер;

- жер бедері атауларындағы диалектизмдер;

- өсімдік атауларындағы диалектизмдер.

Батыс өңіріне тән диалектизмдердегі үй-жай атауларындағы этнодиалектизмдерге тұрғындардың баспана атаулары мен архитектурасына қатысты мәдени-танымдық ақпарат беретін лингвокультуремалары жатады. Мәселен:

Бұл бағытымен төрт қанат жаман шатпаның төрінде ала қағаз қыстырылмаған уық қалдырар түрі жоқ (Ә.Кекілбаев, Құс қанаты. 24-б.).

Қос жолым үйді жасырған Қамшысайдың арқа жақ құлай берісі: “Қапия мен Тақаттың” жайлауы – “Құр тоғай” деп аталады (Қ. Сланов, Дөң асқан).

Жолым үй сөзінің мағынасы “Қазақ тілінің сөздігінде”: керегесіз, уыққа киіз жауып, уақытша тігілген шошақ жаппа, – деп берілген. Аталған сөз В.Радловта – “дорожная кибитка”, А.Старчевскийдің “Спутник русского человека в Средней Азии” атты еңбегінде “дорожный шатер, войлочная палатка (из одного войлока)”, – деп сипатталған. “Қазақша-орысша сөздікте”: “лачужка, в роде кибитки, у которой унины прямые и верх остроконечный” деп түсіндірілген. Диалектолог-ғалым Ә.Нұрмағамбетовтың “Қазақ говорларындағы кейбір лексикалық ерекшеліктерінің пайда болу жолы мен этимологиясы” атты мақаласында: “Біздің ойымызша “жолым үй” алғашқы түлғасын кейін өзгерте отырып екі мағынаға ие болуы да мүмкін. “Жолым үй”, “жолма үй” тұлғасында көрінгенде шалаш, балаған мағынасын беретін болған да, ал өзінің алғашқы – жолым үй күйінде – киіз үйдің кішкене түрін білдіретін болған шығар”, – десе, “Жергілікті тіл ерекшеліктерінің төркіні” атты еңбегінде “жолым үй”-ге мағынасы да, тұлғасы да ұқсас жолом (жаба салма үй) сөзін байланыстыра келіп, ол сөз монғол тілінен енген “күрке” мағынасында қолданылатынын айтады [3, 47].

Маңғыстау киіз үйлерінің жергілікті табиғат жағдайына сай көшіп қонуға ыңғайлы, ықшамдығы жағынан ешбір көшпелі елдің асып түспегенін әр кездегі зерттеушілер атап кеткен. Маңғыстаулықтардың көшпелі өміріне байланысты олардың көш-жөнекей тігетін кішкене киіз үйлері – “адайдың жолма” үйі деп аталған [7, 47].

Жардағы жағалай тізілген суреттің бірі жоқ (Х.Есенжанов, Ақ жайық. Шыңдалу 124-б.).

Клуб пен қоспақ дүкеннің жарлары қорасан шыққан адамның бетіндей қожыр-қожыр, итарқалап жапқан төбесінен төмен сорғалаған жырашықтар тәрізді осылып жатыр (Х.Есенжанов, Көп жыл өткен соң. 50-б.).

Ә.Нұрмағанбетов осы өңірде қолданылатын “жар” сөзін қалмақтың эрс (спина) сөзімен байланыстырады [3, 12]. Біздің ойымызша, “қабырға” мәніндегі жар сөзі әдеби тіліміздегі “биік жар, құз” дегендегі жар сөзінен өрбіген сияқты. Яғни екеуінде де ортақ мағына – “тік-тік жер”. Сондықтан оларды полисемиялы қолданыс, яғни бір негізден өрбіп, омономияға бет алған сөздер деп есептейміз. Жергілікті тіл ерекшеліктерін ақын-жазушылардың шығармаларынан іздеу, бір жағынан, сол аймаққа тән сөйлеу ерекшелігін танытса, екінші жағынан, сол жердің тұрғындарының салт-дәстүрінен де бірқатар құнды мағлұмат береді.

Заттық мәдениет категориясына жататын лингвокультуремаларға күнделікті тұрмыста тұтынылатын заттар мен шаруашылыққа қажетті зат атаулары жатады. Олардың атауларындағы жергілікті ерекшеліктер көркем мәтіндерде көптеп кездеседі:

Маңдайынан тер сорғалаған жолаушылар құдық суын бақыраштап ішкенімен шөлі қанбады (Қ.Сланов, Замандастар. 123-б.).

Ондай тасаяқ немененің бір жылға жетпей-ақ іші бұлтиып шыға келетін, - деп, - “Үйде алдыңдағы қуыршағыңды құшақтап, әлди-әлдиіңді айтып, сен қаларсың”, - деп (Ә.Кекілбаев, Құс қанаты. 6-б.).

Шыны аяқтың түбіне жұққан қан күрең шайды ішіп жатып: “Шындарыңды айтыңдаршы, балалар, басқа үйден осындай шай іштіңдер ме?” - деді (Ә.Кекілбаев, Құс қанаты. 11-б.).

Балуан жағылып ыза болғандар әлгі балуанға көк алақан дойырларын ала жүгіруге тоқталды (Қ.Сланов, Дөң асқан. 1-т. 50-б.).

Қасқыр болар, сірә, - деді жігіт көкалақан дойырын нығарлап (Қ.Сланов, Дөң асқан. 8-б.).

Н.Оңдасынов “Парсыша-қазақша түсіндірме сөздігінде” дәрә сөзінің “қайыс, қамшы, шыбыртқы қамшы және дүре соғу” деген мағынасын көрсетеді. Яғни дойыр, дүре сөзінің баста бір сөзден тарағанын көреміз. Бұл сөз түркі тілдерінің бәрінде де осындай жуан қамшы мәнінде қолданылады. Келтірілген мысалдардағы шылапшын сөзі оңтүстік аймақтарда (Шымкент, Қызылорда, Жамбыл өңірі) леген, ләгөн, кейде шылаушын түрінде қолданылады. “Ковшик” мағынасында қолданылатын бақыраш сөзін әдеби тілімізге қабылдауға әбден болады. Себебі әдеби тілімізде осы мағынаны беретін басқа сөз жоқ.

Жарқабақты шынтақтап, әлдеқашан жауды қарауылдың ұшына алып жатқан атқыштар мылтық шаппасын тартып-тартып жіберді де қатар шыққан он шақты гүрсіл жерді солқ еткізді (Х.Есенжанов, Ақ жайық. Шыңдалу. 338-б.).

Тақша тақта басқандай етіп сәбет ен шыңнан, жиырма мыңнан салғыртты басқанда, арқасына шыбыртқы тиген қызып өгізше қайқаңдады деп еді пәлем (Х.Есенжанов, Ақ жайық. Шыңдалу. 2-т. 98-б.).

Шаппа сөзінің шығу төркініне байланысты Ә. Нұрмағамбетов шап сөзі парсы тілінен енген “қылыш” мәнінде сөз болуы мүмкіндігін ескертіп 
[7, 132], кейін осы тілден өзбек (шот – семсер, қылыш); қырғыз (қылыш, семсер) тілдеріне ауысқан деген жорамал жасайды. Алайда -па/-пе қосымшасы  есім сөздерден емес, етістіктен зат есім жасайтын өнімді қосымшалардың бірі екені белгілі. Мәселен: тартпа, суырма, жарма, тілме т.с.с. Осыған байланысты шап сөзінің төркіні шабу, кесу, ору мәніндегі “шап” етістігі болуы мүмкін деп ойлаймыз.

Шыбыртқы сөзінің мәні “Қазақ тілінің сөздігінде”: “Мал айдайтын ұзын қамшы, талшыбық”,– деп сипатталған [8]. Сол сияқты “Қырғыз тілінің сөздігінде” бұл сөздің “жіңішке өрме қамшы, шыбық” мәндері, якут тілінде “биік, өрме тал, шыбық” мәні көрсетілген. Шыбыртқы сөзін шұбалу, шұбалаң, шұбыру сияқты сөздермен салыстыра отырып, оның бәріне ортақ шұб, шыб этимон түбірін анықтауға болады, яғни бәріне ортақ мағынасы – ұзын, созылған. “Көне түркі тілі сөздігінде” шыбырт сөзінің “шыбықпен ұру, осу” мәні көрсетілген. Олай болса, бұл түбірге зат есім тудыратын  -қы/-кі қосымшасы қосылуының нәтижесінде шыбыртқы сөзі жасалған деп жорамалдауға болады.

Ә.Нұрмағамбетов шыбыртқы сөзінің мағынасына тоқтала келіп, монғол тіліндегі шыбық мәнінде қолданылғанын, “сав” және “ұзын” мәніндегі ұрт сөзінің бірігуінен жасалып (сав+урт) түркі тілінде шыбыртқы түрінде ауысуы мүмкін екендігін айтады [3, 142].

Торғын метейге үңілген қалпы үнсіз жымиды (Ә.Кекілбаев, Ең бақытты күн. 36-б.).

Жаңа ғана бұл арқалап келген метей босап қапты (Ә.Кекілбаев, Ең бақытты күн. 41-б.).

Метей – адамның бауын маңдайымен тіреп арқалауға, не түйеге артуға бейімделіп ағаштан жасалған әртүрлі сыйымдылықтағы күбі. Ол негізінен Маңғыстауда қолданылады. Аузында екі тығыны болады. Байызсыз, пәтуасыз кісіні Адайлар әдетте “Әр метейге бір тығын бейбақ” деп күстаналайды [7]. “Метей” ағаштан жасалған екі не бір тесігі бар бітеу шелек. Онымен құдықтан су тасылады. Бір метей суды әйелдер арқалап та, түйеге теңдеп те әкеле беретін. Ол үлкен-кішілі болып та келеді орташа салмағы 40-50 килограмм шамасында. ґлшем атауларының қалыптасуына да ыдыс атаулары негіз болған. Яғни метонимия тәсілі арқылы су құйылған ыдыстың атауымен сондағы судың мөлшері анықталып, ол кейін өлшем атауы ретінде қабылданып, тұрақтанып кеткен.

Батыс өңіріне тән киім-кешек атауларындағы диалектизмдер.

Түніменен “соқыр теке” деп жүргенде, құжантық ілінбес шарқатыңа (Қ.Сланов, Дөң асқан. 17-б.).

Қара кемпір арқасындағы ішіне түйе жүн салып сырыған пүліш жадағайын баласының аяқ жағында бір уыс боп бүрісіп жатқан келінінің иығына жапты (Ә.Кекілбаев, Құс қанаты. 51-б.).

Ишшеке-ай! Көйлекшең шыққаны несі?! Иығына жадағайын іліп шықса қайтеді екен? (Ә.Кекілбаев, Ең бақытты күн. 36-б.).

Ашық омырау, қынама бел қара мауыт бешпет, шашақты тақия ауыл арасының қазағы емесін танытады (Ә.Кекілбаев, Аш бөрі. 22-б.).

Қыз жамылышын иығына жеңіл іле салып үйіне қайтпақ ниет білдірді (Қ.Сланов, Замандастар. 217-б.).

“Парсыша – қазақша түсіндірме сөздікте” шарқат сөзі – бас орамал, жаулық деп түсіндірілген. Н.Ильминский сөздігінде шарқат сөзі үлкен “қызыл шәлі” деп сипатталады. Ә.Нұрмағамбетов шарқат сөзі шор – “төрт”, қат – “жақ”, “бүйір” мағынасында жұмсалатын екі түбірден біріккенін айта келіп, қазақ тіліндегі мағынасын “төрт жақты, төрт бүйірлі” деп түсіндіреді. Яғни заттың формасы атауға негіз болған деп санайды.

Кәзекей/ кәжекей сөзінің түп-төркіні туралы Ә.Нұрмағамбетов былай дейді: “Сөз төркінін монғол тілі дерегіне сүйене отырып табуға болатын тәрізді. Монғол: қамзол – ханта аз, ал бешпент – хасаг ханта аз, хасагдах – қысқару, ықшамдалу. Осы деректерге табан тіреп, мына жорамалдарға келуге мүмкіндік бар: Біріншіден, “хасаг” сөзі “қысқа” мағынасын берсе, ол “хантаза” тұлғасымен тіркесіп (хасаг хантаз) – қысқа камзол дегенді білдіреді. Сөз тіркесінен құралған киім атауы монғол тілінен түркілерге өткеннен кейін бері келе тіркестің соңғы сыңары түсіріліп, алғашқысының өзі-ақ қамзолдың түрін (қысқа түрін) білдіретін дәрежеге жеткен болу керек. Оған -ей жұрнақтарының көмегі де әсер етуі мүмкін:хасап ханатаз >хасақ> кәсәк>кәзек+ей>кәзекей. Бұл тіркестің екінші бір өзгеру жолы мынадай да болуы ықтимал: хасаг ханта аз > хасаг хан (тааз) > хасаг хан> хаса (г) хан>хаса+хан қазақан> кәзәкәк>кәзеке (н) й >кәзәкей. “Хасаг Ханта аз” тіркесінің өзгеру жолының соңғы варианты ойға қонымды, шындыққа жақын көрінеді [3, 54].

Сондай сабырлы кісі екен, екінші тақасын енді қаға бастаған алдындағы жігіттің шоңқайма етігін алдына қояды да баласына назарын салып үнсіз қарайды (Қ.Сланов,Таңдамалы. 4-т. 253-б.).

Тақа сөзі “Қазақ тілінің сөздігінде”: 1. Аяқ киімнің табанына байлайтын жылқының төрт не екі тұяғы. 2. Аяқ киімнің өкшесі, өкшелігі, – деп сипатталған [8].

Тақа сөзінің екінші мағынасы бүгінгі таңда батыс өңірінде сақталған, ал басқа өңірлерде тақа сөзінің баламасы ретінде өкше сөзі қолданылады. Алайда дифференциация принципін басшылыққа алып, аяққа қатысты өкше сөзін қолданып, аяқ киімге байланысты тақа сөзі қолданылғаны жөн деп ойлаймыз. Сол себепті тақа сөзін әдеби тілге енгізуге әбден болады деп есептейміз.

Жегде сөзі Алматы, Талдықорған, Жамбыл облыстарында, Қостанай облысында жейде түрінде айтылады. Қазақ тілінің материалдарына сүйенсек, й~г сәйкестіктері тілімізде бар құбылыс. Яғни бұл сөздің көне тұлғасы батыс аймақтарда сақталғанын көреміз. Сонымен қатар М.Қашқари сөздігінде де бұл сөз иагде тұлғасында кездеседі. Бұл сөзді де әдеби тілге қабылдауға әбден болады. Себебі “ерлердің көйлегі” деген ұғымды бір сөзбен – “жейде” деп айтуға болады.

Маңғыстау қазақтары киім-кешектерінің басқа жердегі қазақтармен жалпы бір тетелес болғанына қарамастан жергілікті ерекшеліктері де бар. Мұнда ұлттық киімнің ең көне түрлері көбірек сақталған. Себебі Маңғыстау қазақтары киімдерінің ұлттық ерекшеліктері көбірек сақталған. Сол себепті С.Руденко адай киімдерінің әлімдердікінен көп өзгешеліктері бар екенін көрсетеді [9, 17].

Қай аудандағы қазақтың шапаны болмасын оның барлығында да шапанға шабу қояды да оны барлық жерде шабу деп атайды. Жең түптері кең келеді де, оны жеңтүп, ойынды, қолтырмаш деп атайды. Барлық жердегі қазақтарда шалбарға ау салады, қолтыққа қолтырмаш салады [7]. Шапандар көбінесе қайырма жағалы, тік жағалы болып, сырт тұрпаты бешпентке ұқсайды. Р.Карутц маңғыстаулықтардың шапандары татар бешпенттеріне ұқсас болатынын айтады [10, 33].

Маңғыстауда қойдың не түйенің жабағысынан күпі немесе шекпен тысты шидем күпі, өңін сыртына қаратып қой терісінен тігілетін тон, құлын терісінен тігілген жарғақтар т.б. болатын. Тондар “қаптама”, “камзолша” болып екіге бөлінген. Қаптамасы суыққа сырттан киетін тон. Камзолшасы етегі тізеден жоғары келетін тон. Қозының қырқылмаған терісінен сеңсең тон, ал қырқылғаннан қырықпа тон киілген [7, 187]. Тонның белі тарылып тігілетіндері “қынамал”, қынамайтындары “қаптал” деп аталған.

Маңғыстау қазақтарының аң терісінен тіккізетін шошақ төбе бөріктері мүлдем өзгеше. Бөріктің іші елтіріден немесе аң терісінен жасалатын да, матамен тыстап етегін қайырып қоятын. Бөрікті жазда киеді. Шошақ төбе бөрік бұрынырақта болған. Бөрік пен тымақтың неғұрлым жылы түрлері “адай тымақ”, “адай бөріктер” болып есептелген. Мәселен, жолаушы қазақтың қай жер, қай рудан екенін бас киімі арқылы оңай ажыратуға болатын [7].

Ерлер киетін етіктің бұдан басқа да түрлері болды. Мәселен, саптаманың бір түрі биік тақалы шоңқайма етік. Мұның өкшесі биік болғанымен өкше сірісі аласа, тұмсығы үшкір, қонышы тізеден аспайды. Аңға киілетін қайқы тұмсық жұмсақ етік салт атпен жүруге қолайлы /бір тақа/ жеңіл етіктер де жиі кездеседі. Ешкі терісінен иленген жұмсақ былғарыдан – мәсі, сауыр былғарыдан кебіс тігетін. Кедейлер жұмсақ сары былғары етік шапата немесе табанша, шоқай, шәркекиді [7]. Маңғыстаудағы қазақ әйелдерінің бас киімінде ерекшеліктердің бары байқалады. Бас киімдер бірнеше түрге бөлінеді. Олар: телпек /тақия/, бөрік орамал, жаулық, кимешек, күндік, сәукеле, шәлі т.б. Әйелдер жалаңбас жүрмеген. Қыздардың киімдері әйелдерден тек басындағы қызыл түсті шәлі орамал арқылы ажыратылған [7, 34; 9, 19].

Қыздар жазда төбесіне үкі, жағалай моншақтар қадалған телпек киіп немесе қызыл орамалдар тартса, қыста түлкі бөрік киетін. Бөріктің негізін киізден, астары мен тысын матадан жасайтын. Төбесі дөңгеленіп бөлек пішіледі де жалпақтығы төрт елідей киіз цилиндрдің бір жағына жапсырыла тігілетін. Мұндай бөріктің жазық төбесі түсті матамен тысталатын да іші астарланатын, ал етегі сырт жағынан түгелдей құндыз яки сусар немесе түлкі терісімен қапталатын да, “құндыз бөрік” немесе “сусар бөрік” деп аталатын.

Тұрмыстағы әйелдің негізгі бас киімі кимешек және шаршы жаулық 
/күндік/. Ру-ұлыстық ерекшеліктер кимешектің пішілуінде, әшекейленуінде және шаршыны басқа орау әдісінде де байқалады. Мәселен, адай кимешегі мен жаулығы басқа өңірдегі бас киімдерден ерекше болған [7, 34; 9, 18].

Батыс өңіріне тән құрал-жабдық атауларындағы диалектизмдерге үй тұрмысына, күнделікті қолданысқа қажетті зат, бұйым атауларына қатысты атаулар жатады.

Ендігі сәтте жанынан оттық алды да:

– Қарағым, Қатира, шамыңды әкелші... Тұрдыахонды жіберіп едім, барған жоқ па? – деді (Қ.Сланов, Шалқар. 4-т. 212-б.).

Кисляктің балтамен ағаш шабатын сандалына екі рет теуіп, жерге бір түкіріп қалып, дыбыс беріп, ішке кірген баланың әкелген қабары селт еткізерлік еді (Х.Есенжанов, Ақ Жайық. 2-кітап. Шыңдалу. 20-б.).

Енді қызу қолға алатынымыз – кесек соғу (Қ.Сланов, Ағыннан туған ақ сәуле: 5-т. 313-б.).

Мен бір шарға ұстаған

Қара балта едім –

Шабуын таппай кетілдім,

Қайраса тағы жетілдім (Махамбет).

 

 

Бұршақпай қолында ұстап келген ашқышын таба алмай, үстел үстіндегі заттардың астан-кестеңін шығарды (Қ.Сланов, Замандастар. 142-б.).

Мұндағы ашқыш сөзі бүгінгі таңда негізінен батыс аймақтарда ғана қолданылғанымен, әуел баста қыпшақ тобына жататын түркі тілдерінің бәріне ортақ сөз болған: бұл сөз осы мағынасында, осы тұлғасында ноғай, қарақалпақ, құмық, балқар, татар, өзбек тілінде де кездеседі. Араб тілінен енген “кілт” сөзі біртіндеп ашқыш сөзін ығыстырып шығарып, ашқыштың баламасы ретінде әдеби тілде орныққан, ал ашқыш жергілікті тіл ерекшеліктерінде ғана сақталған.

Батыс өңіріне тән жануарлар атауындағы диалектизмдерге шақырық, тараққұйрық, торта, қазот, ажырық, жемелек, бөгелек, ақ борық, бөтеке, мәлӨк, шоәыр, әаракӨз, қызыл балық т.б. жатқызуға болады.

Құмның бұта-бұтасын қуалап жүгірген шақырықтың, өзен бойында аяулы келте әнін қайыра бастаған қызғыштың әуені анда-санда естіліп қояды (Қ.Сланов, Дөң асқан. 1-т. 45-б.).

Құмның көп жері әлі де баяғы қалпында болғанмен, өзен тескен жерлері оралым-оралым балғын тоғай: қазот, бидайық, шырмауық, ажырық, таспа жоңышқа сияқты өсімдікке бөленді (Қ.Сланов, Дөң асқан. 1-т. 33-б.).

Кейде тіпті жемелек, бөгелектер де атаусыз қалмайтын:

Көк бие саудырмайды бөгелектеп,

ґреді еркем шашын жемелектеп.

Бие сауып жүргенде ұстай алсаң,

Тұратын күлімсіреп: “Не керек?” – деп (Қ.Сланов, Дөң асқан. 1-т. 
36-б.).

Еміс-еміс білетіні – қызыл балықтар. Теңіздегі балықшылар: “Шіркін, қызыл балықтың етіндей ет бар ма? Ондай балық бар деймісің!” десіп, ауыздарының суы құритын (Қ.Сланов, Дөң асқан. 1-т. 39-б.).

Әйтеуір қызыл балықтың зор болатынына, сазаннан да дәмдірек болатынына шек келтірмейтін сияқты (Қ.Сланов, Дөң асқан. 1-т. 39-б.).

Бөтекеңді бұлтитып, өзіңді шелегіңмен қосып атқа өңгеріп алып кетейін бе? (Х.Есенжанов, Ақ жайық. Шыңдану. 18-б.).

Сөйтсе, жарықтық, жаңа дүкеннен әкелген бір бөтекесі бітеу малдың шабысы екен (Ә.Кекілбаев, Құс қанаты. 29-б.).

Жергілікті тіл ерекшеліктеріндегі мұндай атаулардың бірқатары әдеби тілде орыс тіліндегі атауымен берілуі де мүмкін. Осыған байланысты аң-құс, өсімдік атауларында сақталған қазақы атауларға ұқыптылықпен қарап, жергілікті тіл ерекшеліктерін әдеби тілді байытудың бірден-бір көзі деп танимыз.

Халық қолданысында “қызыл балық” деген атаумен белгілі атақты балық әдеби тілде, оқулықтарда бекіре тұқымдастарына жатқызылады. Бұл белгілі бір балықтың аты емес, бірнеше балықтардың жалпы аты. Мәселен қызыл балық деп атағанда, оның ішіне шоқыр, қортпа, бекіре, мекірені жатқызамыз. Бұндай балықтардың түрлері көбінесе Қазақстан жерінде Каспий теңізінде кездеседі.

Бөтеке сөзі “Қазақ тілі сөздігінде”: құстың жем қорыту асқазаны, – деп түсіндірілген. Ал батыс өңіріндегі қазақтардың тілінде, соған сәйкес жазушылар тілінде де бұл сөз құсқа ғана емес, адамға, жалпы жануарларға, малдарға қатысты да қолданылған. Бұл ерекшелік бүкіл түркі тілдеріне тән сипат алған. Э.К.Пекарскидің якут тілі сөздігінде бұл сөздің мағынасы түйіншек, домалақ зат деп түсіндіріледі. Яғни атау заттың сыртқы пішініне, тұлғасына байланысты пайда болған. Ендеше, батыс өңірінде ғана сақталған бөтеге сөзінің бүйрек сөзімен тең дәрежеде, жарыса қолданылуы көненің қалдығы болып табылады.

Диалектизмдер адамның, малдың, оның бет-пішімі мен болмысын, сырт тұрпатын да білдіреді:

Әулие апамның әлгі... “Аққойтас басына шал” деген ақсарыбас, қызыл қасқалары жайында ойладың ба, тәңір ием? (Қ.Сланов, Таңдамалы. 6-т. 41-б.).

Тоқымашылар ісіндегі мін атаулының барлық сойы бар мәзірімен көз алдыңа тосылған (Қ.Сланов, Замандастар. 104-б.).

Бойлы-сойлы, қара торының әдемісі (Ә.Кекілбаев, Құс қанаты. 39-б.).

В.В.Радлов сөздігінде ноғай тіліндегі сой сөзінің мағынасы

1) ру, шыққан тегі;

2) тұқым;

3) сорт, түр [РСл. Т. ҚV. 512], – деп түсіндірілген. Құмық тілі бойынша адамның қалпы, түрі, беті, нәсілі, руы; ал Л.З.Будагов сөздігінде нәсіл, семья, ру түрінде түсіндірілген. Ә.Нұрмағамбетов сой сөзінде негіз, нәсіл мағынасы бар екенін айта келіп: “Қазақ тілінің өзінде туыстық, тектестікті білдіретін “сүйегің кім?”, “сүйек шатыс”, “ақсүйек” т.б. сөз тіркестері мен қос сөздер жиі айтылады. Дәл осындай тіркестерді қырғыз, хақас тілдерінен де ұшыратамыз. Бұл тілдердегі “сүйек” қазіргі тілімізде жиі қолданылатын осы тұлғалас сөзбен (“ет пен сүйек”-дегендегі) төркіндестігі дау тудырмайды. Осылардың қай-қайсының да түбірі – “сой” сөзі деп ойлаймыз. Ал-ек баршаға мәлім әсіресе адам мүшелерінің атауын тудыруда көп қодланылатын жұрнақ (біл+ек, бүйір+ек, жүр+ек т.б.). көрсетілген жұрнақ (-ек) жалғанғанға дейін-ақ “сой” сөзі түркі тілдерінде дыбыстық өзгеріске ұшыраған”, – дейді [3, 108].

Сой сөзі “нәсіл, тек, ұрпақ” мәнінде Махамбет өлеңдерінде де кездеседі. Мысалы:

Мен кескекті ердің сойымын,

Кескілеспей бір тынбан (73-б.).

Батыс өңіріне тән жер бедері атауларындағы диалектизмдер. Батыс Қазақстан өңіріне тән жер бедеріне қатысты этнодиалектизмдерге мына мысалдарды келтіруге болады:

Сол тұсқа барғанда, ағынға бір басын сүңгіп қалқыған жуан ағаш кідірістеп, бір күдіске тірелгендей, қайырлап, шөге берді (Қ.Сланов, Шалқар. 4-т. 230-б.).

Инженер біресе алдымыздағы қайқаңның арғы басындағы өркеш тасты, біресе сол жағымыздағы қабақты, біресе ойда иреңдеген өзенді нұсқап тұр (Қ.Сланов, ґзен ағысы – өмір ағысы. 5-т. 307-б.).

Батыс өңіріне тән өсімдік атауларындағы диалектизмдерге мысал ретінде күнбағар, құмаршық т.б. атауларды келтіруге болады.

Соғыстың қанды кешу жылдарында поезд жолы май мен қант вагон-вагон арпа, бидай, күнбағар жөнелтіп, қора-қора қой айдап, табан-табан жылқы иіріп, әуке, шуданы мыңдап өргізген де осы  өлке (Қ.Сланов, Бір өлкеде. 5-т. 259-б.).

Бастары қауқиған күнбағарлардың алтын шаштары түсіп қалыпты да жиі-жиі пістелері біздиіп, ойлы адамның маңдайындай дөңес тартқан (Қ.Сланов, Барлаушылар. 5-т. 210-б.).

Қырдың қызыл шағылында қаңбақ сияқты бір шөп болады. Оны құмаршық дейді. Мынау – соның дәнінен істелген нан. (Ә.Сәрсенбаев, Толқында туғандар. 323-б.).

Жоғарыда келтірілген мысалдарда әдеби тілдегі күнбағыс сөзінің орнына күнбағар атауы қолданған, яғни әдеби тілде зат есім тудыратын -ыс жұрнағының көмегімен сөз жасалса, күнбағар дегенде есімшенің -ар жұрнағы жалғанып, тұтас сөз есім орнына жұмсалып тұр.

Жалпы өсімдік атауларын саралауда жергілікті тіл ерекшеліктерінің берері мол. Қазіргі таңда орыс тіліндегі немесе еуропалық нұсқасы қолданылып жүрген өсімдік атауларының ел арасында халықтық атаулары сақталған. Сондықтан жергілікті тіл ерекшеліктерін жинастыру сол жердің тұрғындарының тіліндегі өзгешеліктерді көрсетумен қатар әдеби тілді байыта түсетін негізгі көздің бірі болып табылады.

Кәсіп-шаруашылыққа қатысты диалектизмдер. Батыс Қазақстан өңіріндегі тұрғындардың негізгі шаруашылық түрлеріне байланысты туған заттық мәдениет лексикасы да өзіндік ерекшеліктерге бай. Бұл топтағы диалектизмдер осы өңірге тән кәсіп түрлеріне байланысты, әсіресе балық аулауға байланысты сөзқолданыстар көп кездесетіні байқалады.

Ау құрған қайраңға лезде-ақ жетіп, бір тізекінің ұзын бойына сазан, торталарды тізіп, үлгіріп, жағаға шаншып жатқан жиенін көрді (Қ.Сланов, Дөң асқан. 1-т. 45-б.).

Шәбіктің аузына балықтың бал дәмі келе қалды; жас балықтың кеспелері тұздықталып, алдына тартылып келгендегіден жақсы иіс мұрнын жарып кеткендей болды ма, қалай, суы тізеден асатын жағадағы аудың бір ұшына байланған қайың соққыны ұстай алып, сүріне-қабына үйіре жөнелді (Қ.Сланов, Дөң асқан. 1-т. 45-б.).

Жекеауызың көздеген жерден тисін... – деді Керей де жайлап сөйлеп, – маған деген қонақасыңның бір жартулысы Көкқұрақта ғой (Қ.Сланов, Дөң асқан. 1-т. 49-б.).

Көк бұйра толқын ұрған көк жайқын күздік сауранкөктің жалына ұмтылып, найқала сәлемдеседі (Қ.Сланов, Шалқар. 4-т. 240-б.).

Күз түсіп, өзенге шәуіш жүре бастағаннан бері бұл үйге біздің құлағымыз үйреніп те болған-ды (Ә.Сәрсенбаев, Толқында туғандар. 321-б.).

Батыс Қазақстанның, әсіресе Маңғыстау аймағының бұрыннан етене таныс, күнкөріс қажетін өтеген кәсіптерінің бірі – құдық қазу. Сол себепті мұнда құдыққа қатысты, оны қазу, онда қолданылатын түрлі құрал-жабдық атаулары өте жиі кездеседі. Осы орайда Г.Снасапованың: “Жер бетіндегі адам мен оны қоршаған орта арасындағы байланыстардың әрқилығы мен алуан түрлі іс-әрекет тілдер арқылы бейнеленеді. Егер қарапайым ғана мысал алатын болсақ, мал бағумен айналысқан ежелгі көшпенділердің дүниетанымы қар үстінде аң аулаумен шұғылданатын орман тұрғындарының немесе балық аулау үшін суат ойған эскимостардың дүниетанымымен бірдей емес. Олардың әрқайсысының іс-қимылын, тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын сөздер сөзбе-сөз бірін-бірі ауыстыруға келмейді, яғни бір-біріне сәйкес бола алмайды. Бұл жерден шығатын қорытынды тілдер біркелкі бейнелерден тұрмайды: әр тіл белгілі бір ұжымның дербес тәжірибесіне қарай бейімделеді”, - деген ойларын толық құптауға болады [11].

Сонымен, Қазақстанның өзге өңірінен Маңғыстаудың бір ерекшелігі – құдық қазуды кәсіп еткен құдықшылар көп. Олар құдықты ерекше бағалап, ұзатылатын қыздың жасауының басы ретінде шыңырау құдық атаған. Бәйгіге құдық тігу де – осы елдің салты (Қ.Сланов, 1992).

Арланды ақыры сойылға жығып, атқа өңгергендегі жігіттердің қау-қауы бұның құлағын құдықтайды (Ә.Кекілбаев, Аш бөрі. 29-б.).

Маңғыстау елінде суға байланысты көптеген сөздер сақталған. Шыңырау - бұл сөз әйгілі жазушы Ә.Кекілбаевтың осы аттас повесінен соң айдынын кеңге салып кетті. Жалпақ ел содан соң ғана шыңыраудың тек өте терең құдық қана емес, шөл дала тұрғындарының тіршілік көзі үшін өлшеусіз қам-қаракетінің ескерткіші және оның қазақ даласында тек Маңғыстауда ғана бар екендігіне көз жеткізді. Шыңырау кейде шымырау деп те аталады. Түбектегі “Ақшымырау” елді мекенінің аты осыған байланысты шыққан.

Қом – “Қазақша – құманша жиілік сөздікте” – мұның аудармасы толқын. Демек, Махамбет Қоғалы көлдер, қом сулар дегенде толқи аққан ағын суды айтып отыр. Осыған байланысты ақын шығармаларының кей басылымдарындағы оның “құм су” болып түзетілуі қате.

Дере – әйкелдің қазақша атауы. Құрманғазының кезінде бізге жетпеген “Тас астау, тас дере” деген күйі болыпты. Б. Аманшиннің айтуы бойынша, бұл күй Құрманғазының Үстіртке келген сапарында шығарылған.

Тебін – құдықтың астауы мен айналасындағы аймақ. Ел көп жайлап, көп  суарылған құдық тебіні әдетте ойпаң тартып жатады. Осы сөздің әдеби тілде басқа мәнде қолданылатынын айта келіп, профессор Қ.Қалиев “құдықтың түбі” деген мағынада жұмсалатын арнаулы сөз әдеби тілде де, басқа говорларда да кездеспейтінін айтады [12].

Күп – ғалым Ә. Нұрмағамбетовтың дәлелдеуінше, мұның төркіні де парсы тілінен ауысқан. Біздегі мағынасы сай тұйығында сарқырама астындағы шұңқырға іркілген қар, жаңбыр суының мол қоры. Оңайкүп, Тесіккүп, Үкікүп, Қызылкүп, Шайтанкүп т.с.с күптер Маңғыстауда көп.

Қоңырдаң – терең сай бойына жиналған жауын, қар суы. Түркменстандағы  ғылыми тілде сардоба деп жүрген су көздерінің біздегі егізі осы қоңырдаң. Аққоңырдаң, Қарақоңырдаң, Бестастаң қоңырдаңы , Келтеқоңырдың – деп аталатын су көздері күні бүгінге дейін елдің шаруашылық қажетін өтеумен келеді [8].

Қараса, Берден әйкелден түсіпті (Ә.Кекілбаев, Ең бақытты күн. 37-б.).

Қауғаны астауға сырғытып жіберіп, әйкелде талтайып тұрып алды (Ә.Кекілбаев, Ең бақытты күн. 36-б.).

Әйкел – құдықтың аузындағы тастан дөңгелек тоқаш ретінде ойылған тас. Арғы түбі арабтың “їайкел” деген сөзінен шыққан, ол “дөңгелек” дегенді білдіреді.

“Батыс Қазақстан өңіріне тән рухани мәдениетке қатысты диалектизмдер” деп аталатын үшінші тарауда туыстық атауларына, жас, жыныс ерекшелігіне, гендер категориясына қатысты этнодиалектизмдер, кәсіп-шаруашылыққа қатысты этнодиалектизм-дер, малшаруашылығына, ауруды емдеуге қатысты этнодиалектизм-дер, ойын-сауық, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып атаулары қатысты этнодиалектизмдер, ұзындық өлшемдерінің атауларына қатысты этнодиалектизмдер туралы сөз болады.

Туыстық атауларына, жас, жыныс ерекшелігіне, гендер категориясына қатысты диалектизмдер. Қазақ тіліндегі рухани мәдениет лексикасын арнайы зерттеген ғалым С.Жанпейісова былай деп жазады: “Рухани мәдениет – халқымыздың этномәдени өміріне, өмір тәжірибесіне қатысты атаулар жиынтығын, этномәдени өмірінің өзіндік ерекшеліктері мен рухани ескіліктердің тілдік көріністерін анықтайды. Ол – жалпы этносты танудың, әсіресе, оның интелектуалды ерешеліктерін танудың құралы”, - деп көрсетеді [13].

Туыстық атауларына, жас, жыныс ерекшелігіне, гендер категориясына жататын этнодиалектизмдердің қатарында апа, тәте, ақа, құдағай, әке т.с.с. жатқызуға болады. Туыстық атаулардың диалектілерге қатысты тілін зерттеген ғалым Л.Жолдасбек: “Туыстық атаулар жүйесі отбасының құрылуы кезінде болған қатынастарды, ол өз тарапынан сол кездегі отбасының басқарушы формасын анықтайды”, - дейді [14]. Жоғарыда аталған сөздер Қазақстанның барлық өңірінде де қолданылатыны белгілі. Алайда оларды арнайы беруміздің өзіндік себептері бар. Апа сөзі оңтүстік өңірінде әже сөзінің баламасы ретінде қолданылатын болса, батыс өңірінде бұл сөз өзінен жасы үлкен әйел, қыз балаға қатысты (“сестра” мәнінде) қолданылады. Сол сияқты тәте сөзі Жетісу өңірінде әйел адамға қатысты қолданылса, батыс өңірінде ер адамға қатысты қолданылады.

Талдауға негіз болып отырған шығармалардың ішінде Қ.Сланов еңбектерінде әке сөзі қолданылады. Бұл сөз “Қазақ тілінің сөздігінде”:

1. Баласы болған ер адам. 2. ауыс. Бір нәрсенің ең үлкені, зоры. Қуырдақтың әкесін түйе сойғанда көресің (мақал). 3. жергілікті. Қарағым, қалқам. Арабшаға шорқақ ем, оқып бересің бе, әке, – деп түсіндірілсе [8],  жазушы қолданысында бұл сөз ауыспалы мәнінде, яғни жасы кішіге, балаға қатысты қолданылады.

Мысалы: – Әкелерімнің жараса қалғанын қарашы! – деп ақкөңіл Қайырбек төрдегі қонақтарына бірі, өз қызы Қатираға бір қарап мәз боп отыр (Қ.Сланов, Шалқар. 4-т. 56-б.).

– Барсам ба деп ем ораза күні де келіп қалды, қайдам әкем ... – деп қасындағы Жабағыға көзінің бір қырын салып қойды (Қ.Сланов, Шалқар. 4-т. 163-б.).

– Айналайын, Баршагүл! Әкем-ау ... (Қ.Сланов, Шалқар. 4-т. 147-б.).

Әке сөзінің мұндай мәнде қолданылуы Жетісу өңіріне тән “Әке” және “тегі” сөздерінің семантикалық өзгеруі жайлы” атты мақаласында Е.Қойшыбаев әке сөзіне “Жетісу төріндегі дулат, шапыраштылардың, олармен өріс-қонысы бір Сорбағыш, Солты қырғыздарының сөйлеу тілдерінде әке сөзінің негізгі мағынасымен бірге ауыспалы мағынасының болуы”, яғни жасы кішіге, балаға қатысты қолданылатыны туралы айтылып, ол көненің қалдығы ретінде қарастырылған [15]. Бұл жерде тағы да Қ.Слановтың батыс өңірін суреттеп отырған шығармасында Жетісу өңіріне тән тілдік ерекшеліктерді орынсыз қолданғанын көреміз. Әке сөзі осы мәнде М.Әуезов шығармаларында да кездеседі:

“Табанынан жарылған жануар-ай! – Айызымды бір қандырды-ау!” Алматының төресі мен қарасы, шоңы мен шорасы сүйсінгеннен таңдай қақты! Шұлғып қалды ғой мүлдем. Атама әкем, тегі. Әмісе жолың болғай-ақ та! (М.Әуезов, Шығ.).

Бұл орайда сөз құдіретін терең түсінген  жазушы Жетісу өңіріндегі оқиғаларға арналған шығармасында, Жамбыл сөзінде әке сөзін өте сәтті қолданған.

Көркем шығармада жергілікті тіл ерекшеліктерінің уәжді-уәжсіз қолданылу мәселесін сөз ете келіп, академик Р.Сыздық былай дейді: “Диалектизмдерді көбірек қолдану өзге жазушыларды да, әсіресе соңғы ширек ғасыр ішінде жарық көрген үлкенді-кішілі проза үлгілерінде орын алады. Мұндайда екі нәрсені іздеуге тура келеді: бірі – қалың көпшілікке бейтаныс сөздерді шамадан тыс әрі түсіндірмей қолданып, көркем шығарманың басты шарты жалпыға ортақтықтан ауытқу, екіншісі – шығарма тілін диалектілендіру екендігі айтылады. Әрине, жоғарыда келтірілген мысалдар бірінші жағдай танытады, мұнда диалектизмдерді жазушы белгілі бір стильдік мақсатпен әдейі қолданған деуден гөрі, жауапсыздық көрсеткен, нәтижесінде көркем сөз нормасынан ауытқыған деп тануға тура келеді” [16, 242].

Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктерін зерттеуде жер-жерлерге жіберілген арнайы экспедиция материалдарымен қатар көркем шығармалар мен баспасөз материалдарының мәні ерекше. Алайда жазушының жергілікті тіл ерекшеліктерін орынды-орынсыз қолданған тұстарын бағалау – ол басқа мәселе.

Қазақ арасындағы толып жатқан туыстық және жақындық атаулардан Маңғыстау қазақтарының тіліндегі атаулардың айтарлықтай өзгешелігі жоқ деуге болады. Алайда Маңғыстаулықтар анасын “апа” демей, “мама”, “шеше” ал қарт шешесін (әкесінің анасын) “шеке” деп те атайды [7].

Ойын-сауық, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып атауларына қатысты диалектизмдерге: тоқым сілкер, байрақ, суын, дүз, қауын, сыранғы, ырысқан, т.б. жатқызуға болады.

Тек салынып жатқан мектептің бір тұсындағы шалғыны орылған беткейде балалар шулап, қақпақыл салып, доп ойнап жатыр (Қ.Сланов, Шалқар. 4-т. 135-б.).

“Ақ көйлектер” жаңа сергігендей ашына қимылдап, Кендебайдың бауырлата зымыратып оң қанат айдаушысы Тұрдыахонға жөнелткен добын қақпақылдап әкетті де лезге жеткізбей-ақ “Шалқыма” қақпасына шүйіріп барып та қалды (Қ.Сланов, Шалқар. 4-т. 145-б.).

 “Қазақ тілінің сөздігінде” қақпақыл сөзіне былайша анықтама берілген: 1. Домалақ бес тасты қолмен қағып ойнайтын ойын; бес тас, қақпақтас.

 2. Допты бірден-бірге жүгіртіп ары-бері тебу әдісі. 3. ауыс. Біреулерден көрген түртпек; қақпай.

Этнографизмдер адамның дүниеге келген сәтінен бастап, өмірмен қоштасқанға дейінгі бүкіл өмір жолына байланысты бүкіл қазаққа ортақ болғанмен, Батыс Қазақстан өңірінде, оның ішінде Маңғыстау қазақтарына да ортақ, ұқсас болып келеді. Алайда әр аймақтың өзіне тән ерекшеліктер, өзіне сай қалыптасқан салт-дәстүрлері бар. Бұл сол өңірдің дүниетаным ерекшеліктеріне, өзіндік көзқарастарына байланысты. Соған сәйкес атауларында, сөзқолданыстарында да өзгешеліктер кездесіп отырады. Баланың кіндігі түсіп, кіндік жарасы жазылысымен, бір жетідей уақыт өткен соң, оны бесікке салады. Ол үшін абысын-ажындары, ауылдың үлкен әйелдері шақырылып “бесікке салар” ырымын жасайды [7].

Балаға ат қою дәстүрінде де этнографизмдердің орны ерекше: осыған байланысты Т. Жанұзақов: “Қазақтың ен даласы мәдениет пен тіл бірлігі, әдет-ғұрып, салт-сана тұтастығының негізі. Мыңдаған кісі аттары әдет-ғұрып, салт-сана, ырым мен дәстүрлерге байланысты қойылып отырған. Мәселен, бала туған соң, қырқынан шығарда “ит көйлек” кигізу салты – көптеген түркі халықтарында бар, ортақ әдет. Осындай ырымға байланысты Итбай, Итбас, Күшік, Барақ деп ат қою болған. Ал қазақ ұғымындағы итжанды “мықты, жаны сірі” адам деген түсінік ертеден келе жатқан ит атын қою ырымымен байланысты туған болар”, - дейді [17].

Қазақ салтында бөбектің өсуіне байланысты толып жатқан ырым-жорасы болады. Мәселен, бала еңбектей бастағанда “бауыр аяқ” деп аталатын ауыл-үй әйелдерінің басқосу мәжілісі өтеді. Түрлі тағамдардан кейін жиынға қатысушыларға жыртыс береді.

Құдалық жол-жоралғылары, кәделері мен ырымдары: жаушы жіберу, алдынан өту, қалың мал, құда түсу, өлі-тірі, бата-аяқ, жазып ішу, той малы, есік ашар, ат байлар, той бастар, құйрық-бауыр, көрімдік, отқа құяр, құда аттандарар, кебіс киер т.б. Күйеу жолы мен кәделері: ұрын бару, есік көру, көрімдік, күейу табақ, қалыңдық ойнау, қызқашар, құда-күйеу келгенде: сүт, ат байлар, босаға аттар, күйеу табақ, жеңгетай, отау жабар, қол ұстатар, шаш сипатар, ит ырылдатар, бақан салар т.б. Р.Карутц Маңғыстау қазақтарындағы неке тойлары жеті сатыға бөлінетінін айтады. Бірінші, төртінші және алтыншысы қыз ауылында да, ал екінші, үшінші, бесінші және жетіншісі жігіт ауылында жасалатын болған. Ол әр кезеңнің мазмұн-мәнін ашады: 
1. “Қалыңмал мен киіт” жөніндегі келісім; 2. күйеу баланың үйіне соғып, уәдені бекіту; 3. тойдың уақытын, алғашқы сыйлық “кәде” көлемін белгілеу; 4. күйеу баланың қалыңдығына келуі, “кәде” әкелу; 5. туысқандарға хабарлап, күйеу баланың аулында той жасау; 6. күйеу баланың қалыңдығына келуі, шағын той; 7. күйеу баланың қалыңдығын өз аулына әкелуі [10].

Халықтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы оның тілінде көрініс табатынын айта келіп профессор Е. Жанпейісов былай дейді: “Одна из важнейших функции культуры – этническая. Основным носителями этнических своиств являются обыденное создание, обиходный язык и традиционно-бытовая культура. Поэтому в предметной область этнографии включаются, как правила, все компоненты этноса, обладающие в той или иной степени этническим своеобразием. Эти компоненты этноса воспроизводятся устно – разговорными и другими языковыми средствами, и в совокупности составляют собственно его этнокультурную лексику” [18].

Жергілікті тіл ерекшеліктерін ақын-жазушылардың шығармаларынан іздеу, бір жағынан, сол аймаққа тән сөйлеу ерекшелігін танытса, екінші жағынан, сол жердің тұрғындарының салт-дәстүрінен де бірқатар құнды мағлұмат береді. Қазақ халқының салт-дәстүрі ортақ болғанмен, белгілі бір аймаққа тән өзіндік ерекшеліктер де болатыны белгілі. Мәселен, Қазақстанның батыс өңірінде 14-наурыз күні “көрісетіні”, онда “бір жасыңмен”, “жастан-жасқа жете бер”-деген сияқты бата-тілектер айтылып, жасы кіші адамдар ауыл ақсақалдарына, үлкен адамдарға бұрын барып амандасуды өздеріне парыз санайды.

Е, бұ да бір ағайын. Ныспысы – Әурен. Осы елдің ат үстіндегі азаматтарының бірі. Қалада қызмет атқарады. Еліне демалысқа келіп жатыр екен, маған көрісе келіпті, - деді (Ә.Кекілбаев, Аш бөрі. 23-б.).

Сонымен қатар Қазақстанның көпшілік жерінде көрісу сөзі “қайтыс болған адамның жақын-жұрағатымен құшақтасу” мәнінде қолданылса, батыс өңірі жазушыларының шығармаларында бұл сөз амандасу, есендесу, амандық сұрасу мәнінде жұмсалады.

Тәттібекпен жас мөлшері қатар болған соң құрбылық әжуаға ашынажай екен. Қолдасып көрісіп жатыр... (Қ.Сланов, Замандастар. 133-б.).

Көрісу күнінің Батыс Қазақстан өңірінде 22-наурызда емес, 
14-наурызда тойлануын “Атырау” газетінің 2006 ж. 14 наурыздағы ғ31 (18497) санында Х.Табылдиев былайша түсіндіріледі:

Бүгін, 14 наурыз Атырау өңірі халықтары үшін жаңа жылдың басталған күні. Осы күні адамдар бір-бірімен құшақ жая көрісіп, ақ тілектерін айтатын күні. Жастар бұл күні ойын-сауық құрып, бір жасап қалған. Көрісу ойдан шығарылған нәрсе емес. Ол сол замандағы көшпелі елдің экономикалық жағдайынан туған көктемнің басталған күні. Ал көрісу көп жерлерде жоқ. Біздің батыс аймақтың бір ерекшелігі жаңа күнді, жаңа жыл наурызды күн мен түннің тоғысып тең болған 22 наурызда емес, 14 наурызда тойлауымыздың басты бір себебі – Кіші жүздің Ресейге басқалардан бұрын қосылып, солардың тәртібін қолданудан шыққан. Мәселен, ескі стиль бойынша, көктем 1 наурызда туса, енді жаңа стильмен 14 наурызға ауысқан. Мәселен, Қазақ революциясы 26 қазанда болғанмен, біз оны 7-8 қарашада тойлап келдік.

Ал бүкіл мұсылман елі, соның ішінде Қазақстанның дені бұл күнді 22 наурызда тойлайды.

Ал Қазақстанның оңтүстік аймағында көрісу атауы негізінен кісі қайтыс болғанда жасалатын ырымдармен байланыстырылады. “Көрісу” сөзінің мұндай қолданысын сөз мағыналарының тарылуы негізінде түсіндіруге болатын сияқты. Яғни әуел баста “көрісу” сөзінің мағынасы батыс өңірлерінде сақталғандай, амандасу, есен-саулық сұрасу мәнінде болып, кейін сөз мағынасы тарыла келе “қаралы адаммен кездескендегі жылап-сықтау” мәніне көшкен сияқты. Ал батыс өңірінде “көрісу” сөзінің бастапқы мәнінің сақталу себебі – осындағы әдет-салтқа байланысты. Яғни жақыны қайтыс болған адам келген кісілермен дауыс шығарып, көріспейді, мүмкіндігінше жыламауға тырысып, сабыр сақтайды.

ґлшем атауларына қатысты диалектизмдер. Айғайлаған адамның даусы жетер қашықтық, ол бір шақырым шамасындағы өлшем делінеді. Бұл қашықтықты “қара көрінім” деп атаған [7]. Сонда жол қашықтықтағы уақытпен, көріну және естілу межелерімен өлшенген.

Жағатын отынның сиымдылық өлшемдерін: “буым”, “арқа”, “дорба”, “етек”, “жағым” (бір буым отын, бір арқа отын, бір дорба тезек, бір етек қи) т.т. анықтап түсінетін. Бұлар жергілікті халықтың шаруашылық өмірімен жағрафиялық орта табиғатының қаталдығына орай тұрғындардың өздері ойлап шығарған, өзара түсінісетін сыйымдылық өлшем түрлері болып табылады.

Тереңдікті әдетте “кісі бойы”, “құлаш”, “қол созым” (қолын көтеріп тұрған адамның ұзындығы), қалыңдық – “елі” (бас бармақ пен шынашықтан басқа кез-келген саусақтың жуандығы ), “бармақ елі”, “шынашақ”, салмақ өлшемдері – “пұт”, “қадақ” және “қап”, “дорба”, “қанар”, деп аталатын ыдыстар мөлшерімен де өлшенген. Бұл өлшем көбіне астық өлшеуге және сауда-саттық ісінде қолданылған. Маңғыстау жағдайында дорбамен көбіне балалар тезек теретін болса, қанармен қойдың т.б. мал жүнінің өлшемін көрсеткен. Қымыз, сүт, астық, ет, қазан, аяқ-табақ, тостаған, зерең, шелек, торсық, мес, қап, дорба т.б.

Қазақ тіліндегі өлшемдік атаулардың этнолингвистикалық сипатына талдау жасаған зерттеуші К.Күркебаев салмақ-көлем, өлшем атауларының ерекшеліктері туралы былай дейді: “Халқымыздың ой-тұжырымында затты, нәрсені нақты салмақпен өлшегеннен гөрі, заттың ауқым көлеміне қарап ажыратуды үрдіс еткен. Қазақ тіліндегі салмақ-көлем өлшемдерінің көбі кәдімгі күнделікті қарапайым тұрмыс-тіршіліктің іс-тәжірибесі негізінде этнос жадында қатталып, бара-бара тілдік қолданыс нәтижесінде тұрақтылыққа жетіп, номинациялық процеске өткен” [19].                        

Қорыта келе айтарымыз, аймақтық тіл де жалпы ұлттық мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде тілдің маңызды қызметтерінің қатарында ақпарат жеткізіп, ақпарат сақтау қызметін атқарады. Аймақтың тарихында болып өткен оқиғалар, тұтынған заттар – бәрі де аймақтық тілде көрініс тауып отыратыны, әсіресе көркем мәтін арқылы айқын көрінеді. Себебі белгілі бір тілде сөйлейтін сөйлермен сол мәдениеттің тұтынушысы да бола береді. Сол себепті тілдік таңбалар мәдениет таңбасы ретінде қызмет атқарып, мәдениетті танытатын негізгі құрылымдардың бірі болып табылатыны белгілі. Осы тұрғыдан алғанда, тіл сөйлермендердің мәдени-ұлттық ментальдылығын бейнелеп, өзіндік лингвокультуремалар қалыптасады.

Олар аймақтық тілдің өзіндік табиғат, тұрмыс, кәсіп т.б. ерекшеліктерін білдіреді, әлеуметтенеді.

Соның нәтижесінде қалыптасатын мәдениеттің тұтастығы мәдениет стереотиптерінің қалыптасуын қажет етеді, яғни сол ортаға, өңірге тән стереотиптерін (түсіну, тәрбиелеу, қарым-қатынас жасау т.с.с.) қажет етеді. Бұл стереотиптердің қалыптасуында олардың адам өмірінде қаншалықты жиі кездесетіні де маңызды орын алады. Яғни олар сол өңірге тән салт-дәстүрлермен, кәсіппен т.б. тығыз байланысты.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1 Ольшанский И. Г. Лингвокультурология в конце ХХ в.: Итоги, тенденции, перспективы // Лингвистические исследования в конце ХХ в.: Сб. обзоров. – М., 2000. – С. 29.

2 Кураш С.Б. Метафора и ее пределы: микроконтекст – текст интертекст. – Мозырь, 2001. – 121 с.

3 Нұрмағамбетов Ә. Жергілікті тіл ерекшеліктерінің төркіні.

– Алматы: “Қылым”, 1985. – 159 б.

4 Омарбеков С. Қазақтың ауызекі тіліндегі жергілікті ерекшеліктер

– Алматы, 1965.

5 Нұрдәулетова XVҚҚҚ-ХҚХ ғасырлардағы Маңғыстау ақын-жырауларының тілдік ерекшеліктері. Филол. ғыл. канд. дисс.

– Алматы, 1999.

6 Уәлиев Н. Кейбір этнографизмдердің лексика-семантикалық аясы // ҚР ҰҚА Хабарлары, 2000. ғ2.

7 Қыдыралин У. Қазан төңкерісіне дейінгі Маңғыстау қазақтары. Филол. ғыл. докт. дисс. – Алматы, 1996.

8 Қазақ тілінің сөздігі. – Алматы: “Дайк-Пресс”, 1999. – 776 б.

9 Руденко С.И. Очерк быта казахов бассейна рек Уила и Сагиза. Антропологические особенности западных казахов // Материалы ОКИСАР, Казаки. – Л., 1927. Вып. 3.

10 Карутц Р. Среди киргизов и туркменов на Мангышлаке. СПб., 1910.

11 Снасапова Г. Қ.Мүсіреповтың “Ұлпан” повесіндегі лингво-мәдени бірліктер. Филол. ғыл. канд. дисс. – Алматы, 2003. – 141 б.

12 Қалиев Қ. Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру.

– Алматы: “Мектеп”, 1985. -232 б.

13 Жанпеисова С. Қазақ тілінің рухани мәдениет лексикасы. Филол. ғыл. канд. дисс. – Алматы, 1996. – 167 б.

14 Жолдасбек Л. Қазақ сөйленістеріндегі туыстық атаулар. Филол. ғыл. канд. дисс. автореф. – Алматы, 1999. – 30 б.

15 Қойшыбаев Е. “Әке” және “тегі” сөздерінің семантикалық өзгеруі жайлы” // Қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. – Алматы: “Қылым”, 1973. Б. 149-157.

16 Сыздық Р. Сөз құдіреті. – Алматы: “Атамұра”, 2005. – 272 б.

17 Жанұзақов Т. Қазақ есімдерінің тарихы. – Алматы: “Қылым”, 1971. – 215 б.

18 Жанпеисов Е. Этнокультурная лексика казахского языка. Дисс. док. филол. наук. – Алматы, 1991. – 266 б.

19 Күркебаев К. Қазақ тіліндегі өлшемдік атаулардың этнолингвистикалық сипаты. Филол. ғыл. канд. дисс. – Алматы, 2003.

 

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланымдар

 

1 Қазақ тіліндегі жергілікті тіл ерекшеліктерінің зерттелуі

// Транспорт Евразии: Взгляд ХХҚ век. Материалы второй международной научно-практической конференции. г.Алматы, 16-17 октября 2002 г. С. 106-108.

2 Батыс өңіріндегі тұрғындар тілінің лингвогеографиялық сипаты // Көркем әдебиет тілінің өзекті мәселелері. “С.М.Исаев оқулары” аясында ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы қаласы. ҚҚ том. 30 сәуір 2003 ж. Қайнар университеті. Б. 223-228.

3 Х.Досмұхамедұлының еңбектеріндегі батыс өңіріне тән жергілікті тіл ерекшеліктерінің берілуі // ҚҚҚ Республикалық “Досмұхамедов оқуларының” материалдары. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті. – Атырау қаласы, 2003 ж. қазан-қараша Қ -том. Б. 60-66. 

4 Махамбет өлеңдерінің ерекшелігі мен кейбір мағынасы көмескіленген сөздер туралы // Махамбет ґтемісұлының туғанына 200 жыл толуына арналған “Махамбет ерлік пен елдіктің өшпес рухы” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Атырау қаласы. ҚҚ том. 12-14 қыркүйек 2003 ж. Б. 41-48.  

5 Қ.Сланов шығармаларының тіліндегі жергілікті тіл ерекшеліктерінің қолданысы // С.Аманжолов және қазіргі қазақ филологиясының өзекті мәселелері. Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: “Дайк-Пресс”, 2004 ж. Б. 94-98.

6 Батыс өңіріндегі тілдік ерекшеліктердің тарихи-лингвистикалық сипаты // Қ.Жұбановтың 105 жылдығына ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-теориялық конференция. – Ақтөбе қаласы, 25-27 қараша 2004 ж. Б. 239-242.

7 Батыс өңіріне тән лексикалық ерекшеліктер және олардың көркем әдебиеттегі көрінісі // ҚР ҰҚА Хабарлары. – Алматы, 2004 ж. ғ4. Б. 99-105.

8 Батыс өңіріндегі жазушылардың жергілікті сөз қолданыстарындағы лексикалық ерекшеліктер // А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында өткен “Академик Рабиға Сыздық және қазақ тіл білімінің мәселелері” атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы қаласы, 2004 ж. Б. 176-178.

9 Батыс өңіріне тән диалектизмдердің дүниетанымдық сипаты // 
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. Хабаршы. Филология сериясы. – Алматы: “Қазақ университеті”, 2005 ж. 28-29 сәуір ғ4 (86). Б. 73-76.

10 Жергілікті тіл ерекшеліктерінің көркем шығармалардағы қолданысы // “Қазақ тіл білімі даму жолында” атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Атырау қаласы, 12-13 қараша 2004 ж. Б. 51-53.    

11  “қазақ тілінің диалектологиясы университеттердің филология факультеттеріне арнал¹ан оәу әөралы.  Алматы: “қазаә университеті баспасы”, 2006 ж. Б. 213.

12   Батыс өңіріне тән этнодиалектизмдердің лингвомәдени сипаты //Тілтаным. 2006 ж. ғ4 (24). Б. 175-179. 

13   Әлемнің тілдік бейнесі тұрғысынан этнодиалектизмдердің сипатталуы // Қзденіс-поиск. 2007. ғ1 (2). Б. 148-152.

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕЗЮМЕ

на автореферат  диссертации, представленной

на соискание ученой степени

кандидата филологических наук по специальности

10.02.02 – казахский язык

Мухамбетова Жомарта Ибатуллиевича

на тему

 

ЭТНОКУЛЬТУРНОЕ ЗНАЧЕНИЕ ДИАЛЕКТИЗМОВ

В ХУДОЖЕСТВЕННЫХ ТЕКСТАХ

 

Актуальность темы исследования. В современной казахской лингвистике проблема взаимосвязи языка и культуры рассматривается в различных языковых аспектах. Одна из смежных дисциплин в мировой лингвистике – лингвокультурология, появившаяся на свет  в конце 20 века, позволила изучить культурно- национальную семантику  языковых единиц.

Этнолингвистическая характеристика диалектизмов в казахском языкознании все еще требует пристального изучения. До сегодняшнего времени диалектальные языковые единицы становились объектом структурного исследования, то есть рассматривались и анализировались их фонетические, лексические и грамматические особенности. В последние годы в связи с интенсивным развитием антропоцентрического направления в лингвистике диалектические единицы и региолекты стали рассматриваться во взаимосвязи с человеческим фактором, понятиями языковой картины мира.

Диссертационная работа посвящена определению особенностей применения диалектизмов художественного текста и их этнокультурного значения. В  работе показаны диалектизмы, собранные из художественных текстов, где ярко выражена этнокультурная характеристика этнокультуры западного Казахстана, исследуются в аспекте лингвокультурологии. Вышеуказанные аспекты определяют актуальность темы диссертационной работы.

Цель исследования – провести комплексный анализ этнокультурной характеристики диалектальных особенностей Западного Казахстана, отраженных в художественных текстах.

Задачи исследования:

- определение теоретико-методологических основ анализа языковых явлений с точки зрения из лингвокультурологической значимости;

- анализ особенностей функционирования языковых единиц как элементов духовной культуры нации, выраженных в содержании прецедентных текстов и фразеологизмов, касающихся традиций и обрядов, поверий, профессии, ономастической системы, истории и культуры западного региона Казахстана;

- на основе лексических фразеологических и паремиологических единиц определить особенности употребления казахских лигвокультурем (в том числе и Западного Казахстана) в художественных текстах;

- описать национально- культурное своеобразие названий реалий материальной культуры, сформировавшейся в Западном Казахстане.

 - анализ функционирования в художественной литературе линвокультурем данного региона, классификация их на различные группы, выявление этимологии.

Методы исследования: сравнительный, этнолинвистический анализ языкового материала, анализ дефиниции лексических единиц, компонентный и семантический анализы и метод характеристики.

Положения, выносимые на защиту:

- диалектальные языковые единицы, отражающие материальные и духовные единицы, характерные для определенного региона; сохраняя в себе информацию о самобытности нации, они выполняют кумулятивную функцию языка;

- языковая картина мира носителя языка с региональными особенностями ярко выражается в художественных текстах в целях передачи автором реальной картины окружающей среды;

- диалектизмы в качестве художественных средств могут употребляться только в стиле художественной литературы, но никак не применяются в научном и деловом стилях литературного языка;

- диалектизмы по сравнению с лирическим текстом широко употребляются в произведениях прозаического характера, среди них наиболее употребительны лексические по сравнению с фонетическими и грамматическими единицами;

- мотивированное, умелое употребление диалектизмов является эффективным средством языковой экспрессии в художественном стиле;

  - в фразеологических диалектизмах, ономастической системе, присущей определенному региону, прецедентных текстах наиболее ярко отражается национальное своеобразие, региональная особенность языка и миропонимания определенного региона, формировавшаяся веками;

- в каждой линвокультуреме остается своеобразный отпечаток культурной системе того региона, где она была сформирована.

Теоретическая и практическая значимость диссертационной работы

  Научно-теоретические изыскания по определению этнокультурного значения диалектизмов в художественных текстах проливают свет на такие проблемы, как выявление национального регионального характера языковой картины мира и теории этнодиалектологии. Материалы исследования также могут быть использованы на курсах по казахской диалектологии, истории литературного языка, исторической лексикологии, стилистике и лингвокультурологии на факультетах филологии и журналистики высших учебных заведений.

 Перспективы исследования. Результаты исследования могут быть заделом для изысканий по определению регионального национального характера языковой картины мира, языковой личности, относящейся к определенному региону определению национального своеобразия фразеологизмов прецедентных текстов.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

RESUME

On the author’s abstract of dіssertatіon submіtted on grace

of Cand.Phіl.Scі.’ scіentіfіc degree

on  specіalty

10.02.02 – Kazakh language

of Mukhambetov Zhomart Қbatullіevіch

on theme

 

ETHNOCULTURAL VALUE OF DҚALECTҚCҚSMS

ҚN ART TEXTS

 

Urgency of research theme. Қn a modern Kazakh lіnguіstіcs the problem of іnterrelatіon of language and culture іs consіdered іn varіous language aspects. One of related subjects іn the world lіnguіstіcs – іs lіngua-cultural scіence whіch has been born at the end of XX centurіes, has allowed studyіng cultural-natіonal semantіcs of language unіts.

The ethno-lіnguіstіc characterіstіc of dіalectіcіsms іn Kazakh lіnguіstіcs іs stіll demand steadfast studyіng. Tіll today’s the dіalectal language unіts became the object of structural research, whіch were consіdered and analyzed theіr phonetіc, lexіcal and grammatіcal features. Last years іn connectіon wіth іntensіve development of anthrop-centrіc dіrectіons іn lіnguіstіcs the dіalectіc unіts and regіolects began consіdered іn іnterrelatіon wіth human factor, concepts of language pіcture of the world.

Dіssertatіonal work іs devoted to defіnіtіon of dіalectіcіsms features applіcatіon іn the art text and theіr ethno-cultural value. Қn work there are іnvestіgated all dіalectіcіsms collected from art texts where іs brіghtly expressed the ethno-cultural characterіstіc of the western Kazakhstan ethno-culture іn the aspect of lіngua-cultural scіence. The above-stated aspects determіne an urgency of dіssertatіonal theme.

The purpose of research – іs to carry out complex analysіs of ethno-cultural characterіstіc of dіalectal features of the Western Kazakhstan reflected іn art texts.

Research problems:

- Defіnіtіon of theoretіc-methodologіcal analysіs bases of language phenomena from the poіnt of vіew of lіngua-culturologіc іmportance;

- The analysіs of language unіts functіonіng features as elements of natіonal spіrіtual culture, expressed іn contents of case texts and phraseologіcal unіts concernіng tradіtіons and ceremonіes, legends, trades, onomastіc systems, hіstorіes and cultures of the western Kazakhstan regіon;

- To determіne features of Kazakh lіngua-culturems’ usіng on the basіs of lexіcal phraseologіcal and paremіologіcal unіts (іncludіng Western Kazakhstan) іn art texts;

- To descrіbe natіonal cultural orіgіnalіty of materіal cultural names realіtіes generated іn the Western Kazakhstan.

 - The analysіs of the gіven regіon lіngua-culturems’ functіonіng іn fіctіon, theіr classіfіcatіon on varіous groups, revealіng of etymology.

Methods of research: comparatіve, ethno-lіnguіstіc analysіs of language materіal, analysіs of lexіcal unіts’ defіnіtіon, componentіal and semantіc analyses and method of characterіstіc.

The posіtіons, submіttіng on defense:

- dіalectal language unіts reflectіng materіal and spіrіtual unіts, characterіstіc for the certaіn regіon; keepіng all orіgіnal natіonal іnformatіon, they carry out cumulatіve functіon of language;

- The language pіcture of the natіve speaker’s world wіth theіr regіonal features іs brіghtly expressed іn art texts wіth a vіew of author’s reproductіon of real envіronmental pіcture;

- Dіalectіcіsms as art means can be used only іn fіctіon style, but are not applіed іn scіentіfіc and busіness styles of lіterary language;

- Dіalectіcіsms іn comparіson wіth lyrіcal text are wіdely used іn a product of prosaіc character; among them are most common lexіcal unіts comparatіvely wіth phonetіc and grammatіcal unіts;

- The motіvated, skіlful use of dіalectіcіsms іs effectіve means of language expressіon іn art style;

  - Қn phraseologіcal dіalectіcіsms, onomastіc system іnherent іn certaіn regіon, case texts іs most brіghtly reflected the natіonal orіgіnalіty, regіonal feature of language and outlook of certaіn regіon, formіng by centurіes;

- Қn everyone lіngua-culturema there іs orіgіnal mark of cultural system of that regіon, where іt has been generated.

The theoretіcal and practіcal іmportance of dіssertatіonal work

  Scіentіfіc-theoretіcal researches by defіnіtіon of ethno-cultural value of dіalectіcіsms іn art texts throw lіght on such problems, as revealіng of natіonal regіonal character of a world language pіcture and the theory of ethno-dіalectology. Materіals of research also can be used on courses of Kazakh dіalectology, a hіstory of lіterary language, hіstorіcal lexіcology, stylіstіcs and lіngua-cultural scіence at the facultіes of phіlology and journalіsm at hіgher educatіonal іnstіtutіons.

 Prospects of research. Results of research can be reserve for researches by defіnіtіon of regіonal natіonal character of a language world pіcture, the language person concernіng to certaіn regіon, to defіnіtіon of natіonal orіgіnalіty of phraseologіcal unіts and case texts.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  39  40  41  42  43  44  45  46  47  48  49  50  ..