Бейімбет Майлин Майлин Бейімбет (1894-1938)

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 6

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  1  2  3  4  5  6  7  8  9  10    ..

 

 

Бейімбет Майлин Майлин Бейімбет (1894-1938)

 

Бейімбет – поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында, «Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде жарияланған алғашқы өлеңдерінен бастап-ақ ел өмірінің сан-сала көкейкесті мәселелеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң-мұқтажын, арман-аңсарын, әсіресе азаттық-теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай – типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс-бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік-тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған.

Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қыз», «Қашқын келіншек», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Кемпірдің ертегісі», «Хан күйеуі», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл-стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады.

Бейімбет Майлин дарыны оның прозалық шығармаларында айрықша жарқырап көрінген. Әсіресе, қазақ прозасында әңгіме жанры Бейімбет шығармалары арқылы кемелдене түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол – көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер.

Бейімбет – он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған. Мұның сыртында ол – ірілі-ұсақты 25 пьеса, либретто, сценарийлердің авторы.

Бейімбет Майлин шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі бірге жасайтын болады.

Бейімбет Майлин (1896 ж. Қостанай обл. , Таран ауд., - 1937 ж.) - жазушы, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Әкесі Жармағамбет те, атасы Майлы да кедей адамдар болған. Жастай жетім қалған Бейімбет шешесі Құлғизар мен әжесі Бойдастың тәрбиесінде өседі. Әжесі Бойдас кезі келгенде өлең де шығарып жіберетін сөзге ділмар жан болған. Бұл үйде ақындар, жыршылар жиі қонақ болып, ұзақ таңға небір дастандар жырналып, суырып салма айтыстар болып, өлеңдер айтылып тұрған. Оның үстіне шығыстыңқиссаларын жақсы көретін әжесі кейіннен Бейімбет ауыл молдасынан хат таныған соң оған ұзақтаңға жыр!дастандар оқытып, тыңдайтын болған. Осының барлығы жас Бейімбеттің сөз өнерін сүйіп, әдебиет жолына түсуіне ықпал жасады. Әуелі ауыл молдасынан сауат ашқан Бейімбет кейіннен Арғынбай қажының медресесінде екі жылдай дәріс алады. 1913 ж. Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, оны бітірген соң Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқиды. Медреседе оқып жүргенде татардың Ғалымжан Ибрагимов, Мәжит Ғафури сияқты белгілі жазушылармен танысады. Осында шығып тұрған «Садақ» атты қолжазба журналға белсене араласып, өзінің алғашқы прозалық туындысы, «Шұғаның белгісі» әңгімесі жариялайды. Өлеңдері «Айқап» журналында басқа да басылымдарда шыға бастайды.

Осы жылдарда ол қазақ, татар, башқұрт, орыс әдебиеттерімен кеңірек танысып, әдеби сауаты арта түседі. Денсаулығына байланысты Майлин медресені аяқтай алмай, 1916-1921 ж. ауылда бала оқыту, мұғалімдікпен айналысты. Осы кездерде 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалысына арналған, төңкерістен кейінгі кездердегі қазақ аулының тұрмысын суреттейтін бірсыпыра өлеңдер жазды. 1922-23 ж. Орынборда шығып тұрған «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке келеді. Газетте редактор болып істейтін белгілі революцонер ақын С.Сейфуллиннің қарамағында жұмыс жасау Майлиннің шығармашылық жолына үлкен өзгерістер әкеледі, еңбекші таптың саяси мүддесін көздеген өлеңдер жаза басатайды. «Еңбекші Қазақ» газеті бетінде өлең!әңгімелері жиі жарияланады. «Шұғаның белгісін» қайтадан өңдеп, «Кызыл Қазақстан» журналында бастырады. 1923-1925 ж. Қостанайда шығып тұрған «Ауыл» газатінде істейді. «Раушан!коммунист» повесі осы кезде жазылады. 1934-1937 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінде редактор болды. 1937ж. халық жауы деген жаламен ұсталып, 1938ж. ақпанның 25-і күні атылып кетті.

Майлин аз өмірінде аса өнімді еңбек етіп, елуге тарта кітабын шығарды. Оның шығармаларында қазақ кедейінің мінез-құлқы, тұрмыс-тіршілігі, арман-мүддесі бұрын болмаған деңгейде жан!жақты да терең суреттеліп, қміршең типтік бейнелер жасалды. Майлиннің ақындық қызметі 1912ж. жазылған «Мұсылмандық белгісінен басталады». Төңкеріске дейін жазған көп өлеңдерінде («Мұқтаждық», «Мал», «Байлыққа») ауылдың ауыр тұрмысы, әлеуметтік теңсіздік жырланады. 1916ж. ұлт-азаттық қозғалысы Майлин шығармашылығындағы халықтық сыйпатты күшейте түсті. Осы кезден жазылған «Қанды тұман» өлеңінде қараңғыға қамалған қалың елдің, аянышты халі суреттеледі. Ақынның шығармашылығында ұлт-азаттық, ағартушылық, демократтық сарындар түпкілікті қалыптасып, жаңа биіктергк бет алды. «Кедей», «Жауыз кім?», «Кедейге», «Құтты болсын», «Мейрамың», «Бүгін», «Гүлденсе ауыл - гүлденеміз бәріміз», «Коллективтің жырын айт» сияқты өлеңдерінде жаңа заман әкелген ауылдағы өзгерістерді, ондағы елдін тұрмыс-тіршілігін зор шабытпен жырға қосты. Майлин поэзиясындағы Мырқымбай бейнесі - жиырмасыншы жылдардағы қазақ кедейінің типік бейнесін жасау жолындағы үлкен табысы. Мырқымбай - тұтас бір қтпелі дәуірдегі ауыл кедейінің қмірінде болған қзгерістерді оның сана-сезімі, мінез-құлқы, іс-әрекеті, тұрмыс-тіршілігі арқалы шынайы суреттелген типтік бейне. Мырқымбай сияқты типтік дәрежеге көтерілген бейне қазақ әдебиетінде күні бүгінге дейін жасалына жоқ. Ол ақынның жиырма шақты өлеңінде, екі поэмасында бірде басты, бірде қосымша кейіпкер ретінде көрінеді. Майлиннің біраз өлеңдері әйел теңдігі тақырыбына арналған. «Қыздың сәлемі», «Қашқын келіншек», «Ақсуаттың жанында» сияқты өлеңдерінде ескі салтқа негізделген қазақ қыздарының аянышты тағдырлары суреттеледі. «Азат әйел», «Ғазиза», Шал мен қыз», «Ажар» сияқты өлеңдерінде  жаңа заманда теңдікке жетіп, бақытты өмір сүре бастаған жастарды жырға қосты.

 

***

Майлин Бейімбет (Бимағамбет) (1894-1938) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.

 

Өмірбаяны

 

Туып-өскен жері — қазіргі Қостанай облысының Таран ауданы. Бір жасқа толмай жатып әкесінен, алтыға шығарда шешесінен айрылған. Жетімдік зардабын шегіп, байларға жалданады.

Алғаш ауыл молдасынан оқып сауат ашқан. 1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша қазақша мектепте, Уфадағы Медресе Ғалияда оқып білім алған.

1916-1919 жылдары мұғалім болады, жазушылықпен шұғылдана бастайды. «Қазақ», «Ауыл» газеттері мен «Айқап», «Садақ» журналдарына жазып тұрады.

Б.Майлин «Еңбекшіл қазаққа» «Еңбек туы» болып тұрған кезде-ақ атсалыса бастаған. Алғаш мақалаларымен қатысқан ол әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, хатшысы да болған, редакторлыққа дейін өскен. Бірақ көп істемеген.

1920-1922 жылдары газетті жасауға алғаш шығарушылар алқасы басшылық жасап, кейін жекелеген тұлғалар келе бастаған тұста басылымға Б.Майлин секілді жеті-сегіз адам жетекшілік еткені мәлім.

Содан соң, «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет істеп (1922-1923), Қостанайдағы губерниялық «Ауыл» газетінде шығарды (1925). 1925-1928 жылдары қайтадан «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет істеп, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясын (ҚазАПП) ұйымдастыруға қатысты (1928-1932).

Мұнан кейінгі 30-шы жылдарында «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, «Ауыл тілі», «Қазақ әдебиеті» басылымдарының бас редакторы болып істейді.

1938 жылы жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғын саяси репрессияның құрбаны болды.

 

Шығармалары

 

Бейімбет поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында (1913), «Айқап» журналында (1914), «Қазақ» газетінде (1915) жарияланған алғашқы өлеңдеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң мұқтажын, арман аңсарын, әсіресе азаттық теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған.

Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қызы», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі» «Кемпірдің ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады.

Бейімбет Майлин дарыны оның прозалық шығармаларында айрықша жарқырап көрінген. Әсіресе, қазақ прозасында әңгіме жанры Бейімбет шығармалары арқылы кемелдене түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер.

Бейімбет он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған. Мұның сыртында ол ірілі ұсақты 25 пьеса, либретто, сценарийлердің авторы.

Бейімбет Майлин шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі бірге жасайтын болады.

 

***

БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН

 

(1894-1938)

 

Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің іргелі жанрларын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосып, биік белеске шығарысқан аса көрнекті суреткер жазушы, ақын әрі драматург Бейімбет Майлин — өндіре жазып, сөз өнерінің алтын қорына жататын туындылар берген бірегей дарын. Замандастары: "Маңдайына түскен шашын сұқ саусағына орай ширата отырып, жазудан бас алмайтын еді", — деседі. Сондықтан да кемел қаламгердің қыршын жаста — қырықтың төртіне жетер-жетпесте — дүние салғанына қарамай, атағы да зор, артына қалдырған әдеби мұрасы да аса бай.

Өмірбаяны. Болашақ қаламгер 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде (қазіргі Қостанай облысы, Тобыл ауданы, Майлин кеңшары) туған. Екі жасында әкесі қайтыс болып, күн көріс үшін шешесі бір байға сауыншылыққа жалданады. Жетілерге келгенде Бейімбеттің өзі де әлгі байдың қозы-лағын бағьш, соңынан ат-арбасына делбеші болады. Сөйтіп, ол жоқшылық зардабын өзі де әбден біліп-танып, кәрі әжесі мен анасының зарлы кейістіктерінен, құдайға шағынуларынан тітіркене тұшынып өседі. Алуан түрлі аңыздар мен ел іші әңгімесін мол білетін, өмір тауқыметін әсерлі етіп өлеңге айналдыратын әжесі немересінің жасынан қисынды, қызық сөзге, әдебиетке зауықты больш өсуіне әсер етсе керек.

Алғашында ауыл молдасынан оқып, қара таныған зерделі де орнықты бала өзі талпынып, сол ауылдағы татар мұғалімінен  сабақ алады. Содан кейін 16—18 жастарында жақын жердегі Әбдірахман Арғынбаев деген кісінің медресесінде оқиды. Білімге құштар Бейімбет осымен тоқтап  қалмай, 1913-1914 жылдары Троицкідегі “Уазифа” (“Міндет'') мектебін бітірген соң, 1914 жылы Уфа қаласындағы Медресе-Ғалияға түседі. Онда әйгілі оқымыстылар, жазушылар Мәжит Ғафури, Ғалымжан Ибрагимов (бертінде — 90-жылдардың басында қайтыс болған) дәріс беретін. Әйгілі башқұрт жазушысы Сайфи Құдаш пен Мағжан Жұмабаев та осы медреседе қатарлас оқыған. Медреседе шығьш тұрған "Садақ" атты қолжазба журналдың 1914 жылы 3-санында Бейімбеттің тұңғыш туындысы — "Шұғаның белгісі" хиқаяты жарияланады. Проза жанры қазақта енді ғана тәй-тәй тұра бастаған кезде жиырма жасар жігіттің бірден осыншалық көркем, әсерлі хикаят жазуы зиялы қауымды таң-тамаша қалдырады. Бұл хикаят өзінің барша асыл қасиеттерімен осы күнге дейін тамсандырьш келе жатқан татымды туынды болып қалып қойды. Бейімбет сол жылдары орыс тілін үйреніп, орыстың классикалық әдебиетімен танысады. Бірақ ол денсаулығына байланысты оқуын аяқтай алмайды. Емделу жағдайымен Троицкіге барады (1915 ж.), ондағы "Айқап" журналына өлеңдер бастырып, журналдың шығарушылары: Мұқамеджан Сералинмен, өте дарынды ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровпен жүздеседі. Ауылында мұғалім болып жүрген кезінде қазақ жастарын майдандағы қара жұмысқа алу туралы 1916 жылғы аты шулы патша жарлығына қарсы бүкіл ел көтерілгенде, Бейімбет Майлин ұлт-азаттық көтерілісін жақтап, азаматтарды атқа қонуға шақырған өлеңдер жазады. 1917 жылғы ақпанда патшаның тақтан түсуін, қазақ елінің азаттық алуына мүмкіндік туды деген оймен, қуана қарсы алады. Елді мал деп, мансап деп, немесе бай, кедей болып бөлініп, ала ауыз болмай, тұтас ұлттың мүддесі жолына жұмылуға шақырады.

 

Бұрынғыдай байың, жарлың шашылма!

Бірлікпенен жұмыс атқар, басыл да!

Азын-аулақ миың болса басыңда,

 

Партия, штат, дау - шарыңды қой,  қазақ! — дейді. Бұл сөздің бүгінгі күн үшін де ешбір ескірмегенін дәлелдеп жату артық. Кеңес өкіметі орнап, халықты тырп еткізбей, өз ырқына көндіргеннен кейін Бейімбет те жаңа тіршілік жағында болып, ауылдық жердегі жұмыстарға қатысады. 1922 жылдан бастап мерзімді баспасөзде жұмыс істеп, сол кездегі астана — Орынборда шығатын газеттерде әңгіме, өлең, очерктері шығып тұрады. "Шұғаның белгісі" хиқаяты журналда жарияланып, өлеңдер жинағы жарық көреді. 1923 жылы Қостанай қаласында "Ауыл" газетін шығарысады, сол кездегі қазақ прозасының айтулы табысы саналған белгілі "Раушан — коммунист" хикаяты алғаш рет сонда басылады. Үкіметтің арнайы шақыруымен 1925 жылы жаңа астана — Қызылордаға келіп, республикалық басылымдарда жауапты қызметтер атқарады. 1934-1937 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінің редакторы болады, өмірінің ақырына дейін 1934 жылы құрылған Қазақстан жазушылар одағының басшылық құрамында больш, әдеби істі ұйымдастыру, жас таланттарды тәрбиелеу жұмысына аянбай ат салысады. Жазудан жалықпайтын майталмен суреткердің ірілі-уақты талантты туындылары күн құрғатпай дерлік жарық көріп жатады. Туған елінің Қазан төнкерісіне дейінгі және одан кейінгі өмірін, ондағы өзгерістер мен олардың терең себептерін, адамдарының психологиясы мен мінезін жетік білетін сұңғыла талант иесінің қаламынан туған өлең, поэмалары, соның ішінде, әсіресе төңкерістен кейінгі қазақ кедейінің типтік бейнесін табиғи сомдаған "Мырқымбай" топтамасы, қысқа да қызықты әңгімелері, әйгілі "Шұғаның белгісі", "Раушан — коммунист" хиқаяттары, "Азамат Азаматыч" романы, "Талтаңбайдың тәртібі", "Майдан", "Неке қияр", т.б. драмалары — бәрі жиналып келіп, ауыл өмірінің біртұтас көркем күнделігі, ғажайып суреттің шежіресі іспетті. Даңқты замандастары Бейімбет шығармашылығын солай қабылдап, солай бағалады да. 1933-1936 жылдары жарық көрген төрт томдық шығармалар жинағын қоса алғанда, көзі тірісінде Б. Майлиннің елу шақты жеке кітабы шыққан. Бұл жағынан кезінде оған теңдес басқа қазақ қаламгері болған емес. Ерен талант, біртоға мінезді ерінбейтін еңбеққор жазушы 1937 жылы нақақтан қамауға алынып, 1938 жылдың ақпанында, өзінің даңқты қаламдас, түйдей құрдас-достары С. Сейфуллин, I. Жансүгіровтермен бірге тоталитарлық жүйенің құрбаны болды.

Үлкен суреткер артына тамаша туындыларын қалдырды. Ол — бүгінде де қазақ оқырмандарының ең көп оқитын, қызығып оқитын жазушыларының бірі. Қазақ прозашыларының қазіргі таңдаулы саңлақтары Бейімбет Майлинді өздеріне ұстаз санайды және оның шеберлігінен үздіксіз үйренеді.

Өлеңдері мен поэмалары. Бейімбет Майлин, қазақ қаламгерлерінің көпшілігі сияқты, жазуды ақындықтан бастаған. Оның қазақ поэзиясының тарихында өзіндік орны, үлесі бар.

Бейімбеттің қазақ поэзиясындағы орны, үлесі ала бөтен шеберлігі, мінсіз көркемдігінде емес. Оның өзіне ғана тән өзгешелігінде. Атап айтқанда, жырлаған тақырыбы мен сомдаған бейнелерінде.

Бейімбет сол замандағы қазақ ауылының тұрмысын, ауыл адамдарының мінез-құлқын қазақ поэзиясында өзіне дейін болмаған ауқымда, терең білгірлікпен және шыншылдықпен жан-жақты суреттеді. Кедейінің болсын, байы мен орташасының болсын дәл, шынайы, типтік бейнелерін жасады және соның бәрін тарихи даму, өзгеру үстінде суреттеді. Бейімбет жасаған бейнелер, оның прозасы мен драмаларындағы сияқты, оқырманға езу тартқызып, сүйіндіріп отыратын ұтымды да шуақты күлкімен — әзіл-ажуамен даралана, әсерлі де қызықты бола түседі.

Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Бейімбет қаймағы бұзылмаған қазақ ауылында туьш, өсті. Қазақ төңкерісіне дейінгі, Кеңес өкіметі үшін күрес аласапыранында, өзі жазықсыз жазаға үшырағанға дейінгі кеңестік кезеңде реалист суреткер басқа тақырыптарға алаңдамай, өзіне жақсы таныс, өзі қалың ортасында ғұмыр кешкен сол ауыл тіршілігін өз шығармаларының арқауы етіп алады. Өзі сияқты ауылдан шыққан және ауыл өмірін ешкімнен кем білмейтін біраз қаламдастары қаланы, зауыт пен фабриканы, жұмысшы табын шығармаларына тақырып етіп жатқанда, саясат соған үндеп жатқанда, Бейімбет еліге қойған жоқ. Мұны оның ауылдан ұзап шыға қоймағандығынан деп түсіндіруге болмайды. Бұл оның талантының өзіндік сипатына, шығармашылық бейімділігіне, өзіндік таньм-түсінігіне байланысты еді. Осы мәселе жөнінде оның өзі де 1931 жылы: "Менің бұл күнге дейін жазған тақырыбым ауыл туралы ғана болып келеді. Өндіріс өмірін суреттеуге мен әлі күнге шейін кірісе алғаным жоқ. Өйткені әлі күнге өндіріс өмірімен таныстығым жоқ" деп жазған. Ақын өлеңдерінің мазмұны мен өзіндік көркемдік сипаттары оның осы ауыл өмірінің реалистік бейнесін сомдауымен ерекшеленеді. Соған шабыттандырған күш не екенін мына шумақан анық көруге болады:

Сенің зарың — зарлайтыным өмірде,

Сенің арың — арлайтыным өмірде.                  

Сен жыласаң — көзден жасым тамшылар,

Сен қуансаң — қайғы, шерім аршылар.

"Кедейге" деген бұл өлең оның кедей қауымына берген серт-уәдесі іспетті.

Ал "Ұлы күн" өлеңінде жоғарыдағы ойын жалғастыра келіп, оның себебін де айтады.                              

Жырлағаным — кедейдің жыры,            

Сырлағаным — кедейдің сыры.               

Сырым да бір, жырым да бір,

Мен-дағы сол кедейдің бірі.                      

Көріп отырғанымыздай, ақын дала тіршілігіне, қыр елінің кейпіне өзінің шыққан тегі — кедейдің көзімен қарайды. Қоғамдық ой-сананы уысында ұстап, билеп-төстеген, көзқарас атаулыны таптық таразымен өлшеген заманда жоқтықпен көз ашқан жазушының бұра тартар жөні де жоқ болатын. Әйтсе де суреткер Бейімбет шындыққа өктемдік жасап, өңін айналдырған жоқ, оның туындыларында қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтар, жаңа мен көненің күресі, түрлі таптар мен жіктер өкілдерінің ой-санасы, мінез-құлқы, психологиясы, даралық сипаттары көзбен көріп, қолмен ұстағандай жанды, әсерлі бейнесін тапты. Қазіргі оқырман үшін де ол типтер эстетикалық ләззатқа бөлеп, елітіп әкететіндей шынайы.

Ақын төңкеріске дейінгі де, төңкерістен кейінгі де ауылды суреттегенде кедейлерге мұраттастық, мұңдастық тұрғысынан көрсетеді.

Бейімбеттің кедейлерге іш тартуы мен жақындығы кеңестік саясат пен идеологияның ғана әсері десек, шындықтан бұра тартқандық болады. Ол сонау медреседе оқып жүрген кезінің өзінде жазған "Мұқтаждық" деген алғашқы өлеңінде-ақ:                                                       

Ай, мұқтаждық, кесел болып тұрдың ғой!

Талапкерге қарсы тұзақ құрдың ғой!

Қолды созып, бойды жазып жүргізбей,

Ауруы жоқ бір мүгедек қылдың ғой, — деп, мұқтаждықтың талапты жастың алға басқан қадамын кейін тартып, "жалыңдаған жүрегін сендіретінін" күйіне жазған.

Медресе-Ғалиядағы шығьш тұратын қолжазба журнал— "Садақта" тұңғыш жарияланған (1912) "Мұсылмандық" деген қазақтың ескі тұрмысының кейіпсіз, кесірлі, күйінішті, күлкілі көріністерін ажуа-сықақ, мысқылмен шындыққа сай суреттей келе, кейбір қазақтардың діншілдігінің жасандылығын келемеждейді. Дін парызын орындағансып, зекетке берген көтерем тай, қотыр қойының есебіне "о дүниеде" жұмақтан бір-ақ шыққысы келетіндерді кекетіп:

Барлық қазақ иемденіп жұмақты,

Басқаларға орын қылмай жүрмесін,- дейді ақын.

Бейімбеттің ақындығының алғашқы қадамынан осылайша басталған сатира мен әзіл-сықағы келе-келе поэзиясының күшті де әсерлі бір көркемдік сипатына айналады. Қарапайым өлең жолдарын бейнелі, терең мәнді қызықты етіп жібереді.

Мырқымбай бейнесі. Ақын өз талантының осы ерекшелігін сүйіне сомдаған кейіпкері — Мырқымбай бейнесін, болмыс-бітімін суреттегенде молынан пайдаланады. Мырқымбай образының сәттілігі, тартымдылығы көп жағынан ақынның нақ осы мейірбан әзіл-мысқылына байланысты.

Жазушы бұрын табан астында жаншылған қараңғы ауыл кедейінің замана үрдесіне ілесіп, еркіндікті сезініп, ел қатарына қосылу барысын шынайы, нанымды, тартымды бейнелейді. Оның атының өзінде жинақталған ұғым, астарлы мағына бар. Қазақтар елеусіз, ескерусіз біреуді Мырқымбай ғой, Мырқымбайлардың бірі ғой дейді. Мына Мырқымбай — сол жүздеген, мыңдаған Мырқымбайлардың 20-жылдардағы қат-қабат өзгерістер барысындағы тағдыр-талайының мәнді белгілері іріктеліп жасалған ортақ бейнесі. Лауға ат сұраған ауылнайға тіл тигізіп, ожарлық көрсеткен Мырқымбайға әкесі:

Мырқымбай! Мырқымбай! Мырқымбай!..

Бай, бай, бай, бай!

Жарым ес-ай!

Құның ба еді

Бір шолақ тай! — дейді. Ал Мырқымбай бұған:

Әке-ау, мұның не? Ауылнай құдай ма еді? Әкімді құдай  деп, шұлғимыз да отырамыз ба? — деп жауап береді.

Реалист жазушы шындық шеңберінен шығып отырған жоқ. Бұл кездегі, яғни 1922 жылғы Мырқымбай одан бес жыл бұрынғы байға бағынышты, болыстың сөзі, қылығы болатын Мырқымбай емес, өмірдегі жаңа өзгерістің өзіне қатысты жақсы жағын сезініп, еті тіріле бастаған. Алдына қойған мақсаты үшін күресу сезімі оянған, бірақ ол күресуді қарсы келгенмен жағаласа кету, қисық сөйлеп, қыңырлын көрсету, бет бақтырмау деп біледі. Одан арғыға білігі жетпейді.

Ал әкесі баласының әлгіндей қылығына күйіп-піседі:

Бар, шақырып кел!

Сары атты бар!

Қол қусырып, аяғына жығылсаң,                    

Ашуын тастадым дер! — дейді. Бірақ тоң мойын бала әке ақылын алмайды:

  Бара алмаймын.

Оған пенде бола алмаймын!

Тентіретіп жіберсең де,

Бұл тіліңді ала алмаймын! — деп, алған бетінен қайтпайды.

Бейімбеттің әр кезде Мырқымбайға арналған жиырма шақты өлеңі арқылы Мырқымбайдың өсу, өзгеру жолы, мінез-құлқының әр қыры дәл, нанымды, өзінше өзгеше суреттеледі. Сөйтіп, Мырқымбай бейнесі сомдалып, типтік, барша Мырқымбайларға ортақ бейнеге айналады.

Әкесі болса, әйтеуір, атқамінерлердің ашуына тап болып, бір пәлеге ұшырап қалмасақ екен дейді. Сорлы әкенің, әйтеуір, атқамінер атаулыға құлдық ұрып, қорғалаудан басқа қолынан келері жоқ, одан басқа білері жоқ.

Боқтауын да есітті, Шауып алудан тайынбас, — Түріп қойын есікті. "Малын жасырды" деп, "Егіні басылды" деп, "Налок" дей ме, "мәлок" дей ме, Әй, қатырды ғой басымды кеп, деген сөздерінен оның өрісі мен ересі, өзіндік болмысы көрініп тұрған жоқ па?!

Дүниені асты-үстіне келтіріп, "жаңа қоғам" құрамыз деп, жоғарыдан бір жарлық болса, оның мәнісіне түсінбей тұрьш, момын елдің басына әңгір таяқ ойнатуға құмар, пәтуасыз ауылнайлар бейнесі де көрінбей қалмайды. Жазушы оларды ашық алаңға шығарайын десе, заманнан аса алмағаны да байқалмай қалмайды. Олар турасында сөз арасыңда, "реті келгенде" айтып қалғандарының өзінен ауыл белсенділерінің жазушының ызасын келтіретін, тап басып айтылған сипаттары білінбей қалмайды.

Ауылда болып жатқан өзгерістер Мырқымбайды айналып өтпейді, оның мінезінен де, түснігінен де көрініс табады.

Мынандай қызық штрихқа назар аударайықшы. Еңбекті бейнет деп қана ұғатын жалқау кедейдің ескі әдетіне бағып, Мырқымбай көктемгі егіс науқанына селт ете қоймайды, жаңадан қосылған жас келіншегін айналсоқтап, үйінде қалады да, жер жыртуға әкесі кетеді. Соқаға көк шолақ ат пен көк сиырды парлап жеккен олақ та күйгелек шал үйреншікті бай-байына басып:     

Айт!.. Боразда!.. Бауыздалғыр көк шолақ.

Өй! Мырқымбай... Жүгендемей, ноқталап...

Өк!.. өк.. өк.. ек!.. Арам қатқыр көк сиыр...

Әй, құдай-ай, көрсеттің-ау көрімді!..

Бүгін үйде жататұғын екенмін,

Мырқымбай мен жіберіп-ақ келінді! — дейді ісінің берекесі болмай.

Алайда ауылды үйіріп, өз арнасына тартып әкетіп бара жатқан өзгеріс-жаңалыктар Мырқымбайдың ойы мен бойын билеп, жаңа іс-әрекеттерге бастайды. Шаруаға қолайлы басқа бір өңірге отбасымен бет алған Мырқымбай мынау:

Майлаусыз сықырлаған ағаш арба,

Көк шолақ мықшыңдайды тартып зорға.

Шаңырағын таңып алып жүк үстіне,

Мырқымбай көсемсініп барады алда.

Өмірден өз орнын тауьш, тұрмыс-тіршілігі оңданып, біраз жұртқа үлгі де болатын қасиет тапқан кейіпкері Мырқымбаймен ақын:

Жидың білем қоңыңды,

Көрдің бе енді жолыңды;

Ілгері көшке жетейік,    

Бер, Мырқымбай, қолыңды! — деп көңілді қоштасады.                        

Мұнда ақынның тап болған бейтаныс өмір соқпағымен талап талқыдан өтіп, бір белеңге көтерілген ауылдың болашағына деген үміті, тілегі бар. Поэмалары дегенде, қаламгердің өзі ат қойып, айдар таққан әйел теңдігі, махаббат тақырыбындағы "Рәзия қыз",

"Маржан"' "Зайкүл", "Қашқан келіншек" пен әлеуметтік маңызды тақырыптарды көтерген "Қанай", "Бөліс", "Өтірікке бәйге", "Хан күйеуі" тәрізді сүйікті туындыларын атаймыз. Осылардың ішіндегі көркемдік деңгейі мен жанр табиғатын сақтауы жөнінен ертеректе (1919) жазылған "Рәзия қыз" бен бертінде, Бейімбет бірыңғай прозаға ден қойған кезінде, жазылған "Маржан" (1933) поэмалары көрнекті орын алады.

"Рәзия қыз" поэмасында бай қызы (Рәзия) мен кедей жігіттің (Әлім) ғашықтық хикаясы, екі ғазиз жастың көксегендері орындалмай, ақ бандылардың қолынан қайғылы қазаға ұшырағандары суреттеледі. Ал екінші поэмасының кейіпкері Маржан қыздың көңілі түскен кедей-жалшы жігіттер (жасы жағынан бірі — сақа, екіншісі — өзі қатарлы жас) Самалық байдың кесепатына кезігіп, дүние салады да, Маржан ауыр қасіретке душар болады.

Қалған поэмалары ішінде "Хан күйеуі" шытырман оқиғалы, қиял-ғажайып ертегі түрінде келеді де, өзгелері 1916-жыл оқиғасы, азамат соғысы, жер бөлісі тақырыптарын қозғайды.

Бейімбетте қара өлең бастаған қазақ өлеңінің байырғы түрлерінің бәрі дерлік бар және Абай жасаған жаңаларының да (мысалы, "Мырқымбай" топтамасында алтыаяқ үлгісінде жазылған өлең бар) кейбірі кездеседі. Бірақ солардың бәрінен ақынның өзіндік қолтаңбасын, стильдік мәнерін айыру қиынға түспейді. Бұл ерекшелік Б. Майлин өлеңдерінде көбінесе ойға салмақ түсіріліп, сыртқы әшекей, түрлеуінен гөрі, ішкі сырына баса мән беретінінен көрінеді. Ақын поэзиясы айтайын деген ойының айқын, анықтығымен, тілінің құнарлы, суреттілігімен ерекшеленеді. Әсіресе, "Мырқымбай" топтамасынан бастап өзінше бір ұғымды стильдік сипатқа ие болған ауызекі сөйлеу мәнерін (интонациясын) бөліп атауға болады. Оған шымшыма мысқылы мен аңқаусыған әжуасы, ақжарқын күлкісі қосылғанда, шығарманы жандандырып, қызықты да тартымды етіп жібереді.

Айталық, ұжымдық шаруашылықтың, әйтеуір, "босқа өлтірмейтін", не істеп, не қоям дегізбей, екі қолға бір жұмыс тауып беретін "кереметіне" деген ауыл кедейінің көзқарасын оның өзіне тән мәнерде:

Бәрін айт та, бірін айт,

Коллективтің жырын айт, — деп қуақы көңілділік танытса, "Мырқымбайда":

— Мырқымбай, Мырқымбай, Мырқымбай!

Бай, бай, бай, ит-ай!

Күйдіріп-ақ болдың-ау!

Әй, құдай-ай!

Жынды бала бергенше,

Мұның жүзін көргенше,

Қу бас болған көп артық қой,

Құр күйікпен өлгенше, — деп, қара дүрсін ауыл қазағы, кәрі әкенің томырық мінез баласына деген кейісті халін ауызекі сөйлеу мәнерімен қызықты етіп жеткізеді.

Бейімбет қазақ поэзиясына ой мен сезімді баяндау, суреттеусіз-ақ айтып жеткізудің өлең-диалог түрін енгізді. Сұрақ пен жауапқа ғана құрылған, екі адамның сөйлесуі түріндегі "Ыбыраймыз, Ыбыраймын" деген өлең соның мысалы. Әрқайсысы бір, екі-үш сөзден ғана тұратын тақ-тұқ үш сұрақ пен үш жауап арқылы, төңкерістен кейін қазақ аулында ғасырлар бойы қалыптасқан өмір қалпын асты-үстіне шығарған әлеуметтік топтар психологиясына әсерін тасқа басқандай етіп көрсеткен. Өлеңде бірде-бір артық элемент жоқ, әр сөз, әр сөз емес-ау, әр қосымша сөйлесушілердің мәнді әлеуметтік-психологиялық мінездемесі қызметін атқарьш тұр. Оны айтасыз, өлеңдегі маңызды әлеуметтік мазмұн оның ойнақы, қызықты болып шығуы да, сайып келгенде, сол -мыз, -мын қосымшаларының мысқыл, ажуа тудыратын мағыналарына байланысты. Өлеңнің екі бөлігін салыстырып оқыған кісі бұған оңай көз жеткізеді.

"Ыбыраймыз, Ыбыраймында":

                  Кеше: -  Уа, кімсіз? ,

-   Ыбыраймыз.

-  Жаймысыз?

-  Жаймыз.

-  Уа, қайдан келесіз?

-  Сайлаудан келеміз.

-  Елге ойран сап,

-  Ойнаудан келеміз.

Кеше: сұрақ қоюшы ізет-құрметпен: "Уа, кімсіз?" — дейді, жауап беруші: "Ыбыраймыз", — деп сызданады.

Ал бүгінгі сөйлесудің әуені мүлде керісінше.

Бүгін: -  Уа, кімсің?

-  Ыбыраймын.

-  Жаймысың?

-  Жаймын.

-  Қайдан келесің?

-  Соттан келемін.

-  Соттан емес-ау,  

-  Оттан келемін...                                                                               

Бүгін кешегіндей мүләйім үнмен: "Кімсіз?", "Жаймысыз?", "Қайдан келесіз?" демейді, "Кімсің?", "Жаймысың", "Қайдан келесің?" дейді. Неге бұлай, мұның себебі не? Себебі бүгін кешегі етектегі — өрге, есіктегі төрге шыққан. Ақынның тапқырлығы қайран қалдырады.

Қазақ әдебиетіне Бейімбет енгізген бұл өлең-диалог үлгісі кейінгі ірі ақындар шығармашылығында өзінің сәтті жалғасын тапты (мысалы, Ә. Тәжібаевтың "Сыр жырлары", М. Мақатаевтың "Нетер едің?" өлеңі, т.б.).

Қорыта келгенде, Б. Майлин поэзиясын Қазақ төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі жылдардағы ауыл өмірінің өзінше бір көркем кестелі шежіресі деуге болады, оның өзіне тән елеулі ерекшелігі мен тарихи мәні де осында. 

 

 

 

Дәуірдің көркем шежіресі

(Бейімбет Майлиннің прозасы)

 

Б. Майлин, өзімен замандас Қазақ қаламгерлерінің көбі сияқты, жазуды өлеңнен бастағанымен, көп ұзамай прозаға ден қойған, бұл жанрдағы алғашкы туындыларының өзімен-ақ (мысалы, "Шұғаның белгісі") үлкен суреткер екенін паш еткен жазушы. Ол қазақ әдебиетіне проза жанрын қалыптастыруда керемет еңбекқорлық пен үздік шеберлік танытты. Әсіресе оның қуатты талантын айғақтайтын әңгімелері сан жағынан ғана емес, идеялық-көркемдік деңгейімен де қазақ прозасының алтын қорындағы інжу-маржандары болып табылады.

Поэзиясы сияқты, Майлин прозасы да, өзі жетік білетін, негізінен, ауыл өміріне, әсіресе Қазақ төңкерісінен кейінгі қазақ қоғамында адамдардың ой-санасы мен мінез-құлқында, психологиясында болған жаңғыруларды бейнелеуге арналған.

Б. Майлин әңгімелерінде ауыл адамдарының жаңа тұрмысқа көшуінің қиын процесі терең білгірлікпен біртіндеп, сатылап әңгімеленеді. "Қара шелек" деген әңгімесінде колхозға ұйымдасудың бір көрінісі шынайы суреттелген. Мұнда қарапайым ауыл әйелдерінің бірі Айшаның "Коллектив боламыз" деген жиналыста ойламаған жерден белсенділік көрсетіп, ауыл адамдарының атынан сөйлеуі, "майкөт" (байкөт) болған екі байдың жиналыстан шығарылуын талап етуі, ақырында өзі артель бастығы болып сайлануы баяндалады. Жиналыс кезінде өжеттік көрсеткен Айша, кенет өзін артель бастығы етіп сайлағанда, қатты толқиды. Қолдағы малын ортаға салуға іштей қимағанмен, ол жұрттың ауқымынан, заманның ағымынан сырт кете алмайды... Сөйте тұра, қара шелегін бүлдіріп қойғаны үшін Айша көрші әйелге қол жұмсайды. Автор Айшаның санасындағы жекеменшікшіл психологияның қайшылығын көрсетпек болған. Оқиғалар мен мінездерді өмірдің өз ағынынан ойып ала білген суреткер, әлгіндей бір көрініс, деталь арқылы-ақ ұжымдастыру жүзеге оңай аспағанын, бұл жолда талай-талай шырғалаң мен сарсаң, күдік пен толқу болғанын байқата алған.

Ал "Ұлбосын" атты әңгімесінде автор ауылдағы жалған белсенділердің зиянкестігін шебер көрсетеді. Жалпы, Б. Майлин шығармаларында колхоз қозғалысына орасан зардап келтірген арамза атқамінерлердің ұнамсыз қылықтары әшкереленіп отырады. "Ұлбосында" да солай. Колхоз жаңа ұйымдасып, әлі де көңілдері дүдәмал жүрген адамдарды шолақ белсенділер дүрліктіре түседі. Мәселен, Оспан дегеннің үйіне, ойламаған жерден мынадай салық түседі. Салықты хабарлаушы бала Оспанның әйеліне келіп: "Шеше, тыңдаңыз, сіздің үйге берілген жоспар: бір пұт  ет, он қадақ шыртылдақ, он қадақ ескі темір, он қадақ ескі жүн, төрт мүйіз, бес тұяқ, бір ит терісі, бір мысық терісі..."—дейді Салықтың жиылып тапсырылуына жеті-ақ күн мерзім береді. Мынау сияқты сорақылықты тыяды дейтін өкілдің өзі ештеңені жарытьш түсініп көрмеген адам. Осыдан-ақ ондайлардың ауыл өміріне қаншалық залал келтіргенін сезуге болады.

Ауылдың әккі қулары ойлап тапқан пәлекет жалғыз салықпен шектелмейді. Бұлардың озбырлығын көрген ел ішінде неше алуан алып қашпа сөз гулейді. Үрей туғызатын лақаптар тарайды. Қалампыр дейтін өсекші кемпір жұртты онан сайьш шошытады: "Колхозға кіргеннің малы да, жаны да өзінікі болмайды екен ғой. Үндеместің үйі біліп, қоңыр сиырын қалаға сатуға апарғалы жатыр екен, колхоздың бастығы барып: "мал сенікі емес"деп жетегінен шешіп алып қалыпты. О да ойыншық-ау, адамды. айтсайшы, бәрінен де масқарасы — әйелді ортаға салады білем. Неке болмайды дейді. Әйел мен еркекті нөмірлейді дейді". Міне, осындай жағдайда ауылдың момын шаруа адамдары неше түрлі машақатқа түскен. Автор Оспан деген қарапайым адамның отбасында осы тұста болған мінездерді бейнелейді. Үй иесі Оспан да, әйелі Шәрипа мен қызы Ұлбосын да түрлі толқуларды бастан өткереді. Бұрын қызын кешке қарай үйінен шығармайтын Шәрипа, "әйел мен қыз ортаға түседі" дегенді естігенде, қызын тезірек күйеуге беруді ойлайды. Ақыры Шәрипа қызы Әбулақап деген мұғалімге қосылғанда ғана тыным табады.

Жазушы жеке адамдар өмірінің күнделікті қарым-қатынас шындығынан қоғамдық тіршіліктің сырын аңғарта біледі, "кішкентай" фактілерден үлкен тарихтың сипатын сездіреді.

Б. Майлиннің бірсыпыра шығармасында топас белсенділердің ұнамсыз бейнелері жасалған. Өздері ештеңенің жөн-жосығын түсінбесе де, мансапқа қызығып, көп нәрсені бүлдіреді. Ондайлар "шаш ал десе, бас алуға әзір", айқайға, зорлыққа үйір. Отызыншы жылдардың бас кезіндегі Қазақстанда орын алған нәубетке жандайшаптар айрықша себепкер.

Жазушының "Арыстанбайдың Мұқышы" деген әңгімесінде сондай "белсенді" алаяқтың тұлғасы қашалған. Көпшілік жұмысында қамқоршы больш көрінгісі келетін, бірақ өз құлқынан басқаны ойламайтын, пайда үшін кімге де болса жала жабудан тайсалмайтын, жұртшылыққа бүйідей тиген Арыстанбайдың Мұқышын жазушы былайша таныстырады:

"Төртбақ, теке көз, шалбар бет қараны көрсең, бұл Арыстанбайдың Мұқышы екен де  қой. Мұқыш екенін сездіруге өзі де құмар: қызмет басындағы адамды көрсе, шырғалап соның маңынан шықпайды.

— Жақсы келдің, шырағым, сені көруге құмар болып отыр едік,—деп, өзіңе жастық қоя, сені мақтай сөйлейтіні де бар.

— Кеңес үкіметінің жұмысына қасық қаным қалғанша дайынмын!—деп белсенділік көрсететіні де бар.

Онда да түсіне алмай томырықтық істесең:

— Арыстанбайдың Мұқышы дейтін белсенді кедейің мен боламын!—деп төсін қағып қоюдан да тайынбайды.

Осының бәрін жаудырса, "Мұқыш осы екен ғой",—деп, өзің де қол қоясың.

Ал "төртбақ, теке көз, шалбар бет қара", ежірейген мықыр Мұқыштың сырт кескіні де сондай нысаналы. Одан әрі Мұқыштың "қызмет басындағыларды" әбден ығыр қылған екі-үш ауыз үйреншікті жәдігөй  сөзі мынау “сені көруге құмармын", "жұмысыңа дайынмын", "белсенді кедеймін". Шынында, Мұқыш, әкесі Арыстанбай секілді, күні кешеге дейін "осы ауылды бір шыбықпен айдап келген" атқамінер, қу, ел жегіш парақор болатын; бүгінгі тіршілігі де сол: "баққаны өсек, айтқаны — ғайбат; көксегені — ұрыс-керіс, жанжал; жұрт арасына іріткі салып, біреуді біреуге атыстырып-шабыстырып жүрген, жалақор, пәлеқор. Мұндай алаяқ бұрын да болған, қазір де бар. Жазушы сондайлардың өз кезіндегі бір типтік бейнесін жасаған.

"Шұғаның белгісі" хиқаяты. Өзінің проза жанрындағы тұңғыш туындысы—"Шұғаның белгісі" хикаятын Б. Майлин жасы жиырмаға толар-толмаста "Садақ" атты қолжазба журналда жариялайды. Соған қарамастан, бұл шығарма күні бүгінге дейін қазақ прозасының айтулы үлгілерінің бірі болып қалып отыр. Егер ол кез — 1914—1915 жылдары — қазақ прозасының жаңа ғана бой көтере бастаған балаң шағы екенін ескерсек, онда мұндай ғажайып туындыны қолына жаңа қалам ұстаған шәкірт талапкердің дүниеге әкелуі танымдық тұрғыдан да ерекше қызық кұбылыс. Хикаятта ескі қазақ қоғамындағы кезекті мәселе — әйел теңсіздігі, бірін-бірі сүйген жастардың махаббат бостандығы әңгіме болады. Әлеуметтік теңсіздік кедергі болып, армандарына жете алмаған байдың қызы — аяулы Шұға сұлу мен кедейден шыққан мақтаулы, оқыған жігіт Әбдірахманның қайғылы тағдыры суреттелген. Есімбек бай қызын кедей жігітке бергісі келмей, олардың жолығысуына тыйым салады. Онымен де тынбай, өтірік жала жауып, Әбдірахманды айдатып жібереді. Осындай қатыгез зорлықтан ішкұса болған нәзік жанды Шұға айықпас дертке шалдығып қайтыс болады. Айдаудан босатылған Әбдірахман сүйікті ғашығы — Шұғасына асығып жеткенде, қайран арудың қазасының үстінен шығып, бордай егіледі, өзіне қалдырған хатын оқып, көз жасын көл етеді...

Осы қысқа қайырымды оқиға сүйіскен жастар бостандығын қолдап, оған ерік бермейтін ескілікті сынайтын, ғасырға жуық уақыт бойы оқырмандарын тамсандырумен келе жатқан сұлу да сырлы, әсем де әсерлі хикаятқа қалай айналған десеңізші!

Хиқаят күзгі табиғаттың әсем суретінен басталады: "Біз елден шыққанда күн де сәскелікке жақындап еді. Ұшпалысу бұлттар көшкен керуен сықылды тіркесіп оңтүстікке қарай жылжып ұшып, күннің көзі біртіндеп ашыққа шығып, жылы шырайлы нұрын шаша бастады". Баяндаудың осы бір жайма шуақ әуені әсерлі әңгіменің нышанындай сезіледі.

Әрі қарай "біз" дегеннің бірі — автор, екіншісі — "отыз-қырықтың шамасындағы жер ортасы адам" — Қасымжан деген "сиректеу сақал-мұрты бар, қара бұжыр" кісі екенінен хабардар болып, біршама портреттік белгілерін де біліп аламыз. Әңгімешінің мінген атының үсті-үстіне ұрып отырмаса, кейін қалып қала беретін қырсау, ал тыңдаушының атының "жүргіштеу... жортақтау" болуының өзі де оқырманның хикая қызығына деген ынтасымен әуендестік танытады...

"Жел артымыздан еді" деген де алдағы әңгіме қызығына асықтырғандай әсер етеді.

Ал әншейін ғана: "Пішініне қарағанда, бір түрлі сөйлемпаз адам" дей салғаны да әлденендей бір қызық оқиғадан дәмелендіре түседі. Әне, сол "Пішініне қарағанда, бір түрлі сөйлемпаз адам" "сөзді бастап та жіберді": "Бала күнімізде анау көрінген төбенің басында талай асық ойнап едік... онда бірдәурен...иә... бұл елдің күзге қарай қонатын жері, жазғытұрғы барып, тамызға дейін отыратын жайлауымыз, бұл көл де "Шұғаның белгісі" атанды, бұрын "Тарғыл өгіз сойған" деуші едік. ... Есімбек сол "Өгіз сойғанның" ең шұрайлы жеріне қонушы еді.... Ортан қолдай төрт ұлы болды—шетінен қасқыр. Сол төрт ұлдың ортасында бұлаңдап өскен Шұға дейтін қызы болды, Шұға десе, Шұға  ! Шұға, өй, шіркіннің өзі келбетті-ақ еді..."

Жазушының әңгімені Шұға жайына көшіруі мен шеберлігі де сондай тартымдыәрі көп мағыналы.

-       Мынау аттан түсіп жатқан кім?—деді Шұға.

-       Артыма жалт қарасам, екі жігіт түсіп, аттарын байлап жатыр екен. Біреуі орысшалау киінген. Тани кеттім:

-       Әбдірахман ғой, — дедім.

-       Әбдірахманың кім?

-       Қазақбайдың баласы.

-       Иә, әлгі учителъ баласы ма?

-       Иә.

-       Жап-жас жігіт екен ғой, — деп бірер қарады да, Шұға отауға кіріп кетті.

Мен Әбдірахманға амандасып, үйге ертіп жүрдім. Отаудың сықырлауығынан Шұғаның сығалап, бізге қарап тұрғаны білінді..."

Бұл шағын үзіндіден Шұға қыздың сергек сезімталдығы мен есті дегдарлығын сыртынан естуі бар жігітті көргендегі сәл таңырқаныспен жарыса жан түкпірінде пайда болған ынта ұшқынын, ендігі оқиғаның бәрі осы ұшқыннан өрбитінін аңдап, жалғасына ынтыға түсеміз.

Шынында да, ендігі жерде Шұға мен Әбдірахман арасындағы сүйіспеншілік оқиғасы бірте-бірте трагедиялық сипат алып, бүкіл хикаяттың отты өзегін құрайды. Шұғаның да, Әбдірахманның да оқырманды қатты сүйіндіріп, ынтықтыратын сыр-сипаттары нәзік те терең ашылады.

Шұға — сертіне берік, сезімі мөлдір, махаббатын өміріндей қастерлеген нұрлы сана иесі. Ол өмір талқысын көріп, шынықпаған, өктем, зорлықшылдармен қалай күресудің жолын да білмейді, сондықтан ызасы мен наразылығы ішкі күйігіне айналған. Әкесінің Әбдірахманды айдаудан босатқанын естіген кездегі қатты сырқат Шұға мен Қасымжан арасындағы мына диалогті оқып көрелікші.

-       Жайың қалай, тәуірмісің?—дедім.

— Тәуір емеспін, — деді. Көзіме көзі түсіп кетіп, қамыққандай болды,.. — Тәуір емеспін. Тәуір болуды

тілемеймін де. Сәлем, сәлем айт, — деді. Жылап қоя берді. Жастығының астына тығылған орамалымен көзін сүртті.          

— Тірі келсе, көресің ғой, бірақ мен...

—... Бәріміз де көреміз. Ажарыңыз тәуір ғой, жазыларсыз, — дедім.

  Жазылып керегі не? Бәрібір мен бақытты бола алмаймын. Әкем аяса, менің дертім жаныма батқан соң аяп отыр.

Шұғаның бұл сөздерінен сүйгені Әбдірахманнан айырылуды өмірге деген үміт отының сөнгені деп санайтынын аңғарамыз. Жазушы шеберлігінен туған осы түйсік бізді алдамағанына көп ұзамай көзіміз жетеді.

"Біз ауылға жеткенде, Беркімбайдың үйінің қасы лық толған адам екен. Атты байлап, Әбдірахманды үйге кіргіздім де, неге жиналып тұрғандарын білейін деп, аяңдап кісілерге қарай жүрдім. Жақындай бергенде, бір салт атты шоқытып келді де, айқайлап бірдеме айтып, кейін жүріп кетті. Не айтқанын есіте алмадым. Бірақ әлденеге жүрегім тітіркенді. Бойым мұздады... Жүгіре басып жандарына келгенімде: "Құдай рақымет етсін!.," деп беттерін сипап, бата қылысты. Мен аң-таң болдым, Айтбай маған қарап:

Есіттің бе, Шұға қайтыпты-ау, — деді. Суық суды төбемнен құйып жібергендей болды. Тұрған орнымда қаттым да қалдым... Жиылған жұрттың бәрі де бастарын шайқасты:

Өй, Шұға десе,Шұға еді-ау!..—десті".                         

Ал енді осы Шұғаның үзілер алдында Әбдірахманды шақырып қалдырған арыздасу хатын оқып көрейікші:

 

... Хаты деп ақтық жазған ғашық жардың,

Есіне ал, дұғаңа мен ынтызармын.

Қош, сау бол, ойнап-күліп жолығармыз,

Астында ақ туының пайғамбардың!..

 

Қандай арман-мұң, қандай шерлі сыр, қандай салтанатты сабыр! Хатты оқып, Әбдірахманмен бірге егілген үстіне егіле түсеміз, сонымен бірге біздің көз алдымызда алтын арайға бөленген асыл Шұғаның нұрлы бейнесі биіктей, асқақтай береді.

Біз онымен іштей күбірлеп қоштаса тұрып, алғаш рет қалай кездескенімізді есімізге түсіреміз:

Шұға десе, Шұға, өй, шіркінің өзі де келбетті-ақ еді... Аққұба, талдырмаш, көзі қап-қара. Осы үріп ауызға салғандай еді. Ажары қандай болса, ақылы да сондай. Жеңілдік дегеннің не екенін білген бала емес. Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі қандай, бір түрлі паң еді-ау, шіркін!"

Көкірегімізде тағы да бір жатталып қалған сурет бар еді ғой... "Апырмай адамзатта да ондай сұлу болады екен-ау! ...Аққудың көгілдіріндей, осы аппақ... Үстінде шетін кестелеген ақ көйлек, омырауын неше түрлі ілгектермен безеп тастаған қызыл пүліш қамзол, басында үкі таққан бөрік өзі сұлу адамды мүлде жандандырып, құбылдырып тұрды".

Ал осы ару Шұғаның әсем үні, тәтті лебізі қандай еді? Асыл текті нәрсе әманда аз, сирек болады емес пе. Артық сөзге жоқ асыл зат жан еді-ау. Аузынан шыққан сол аз ғана лебізі көкейімізде ұялап қалған. Әбдірахманды алғаш көргенде-ақ Шұға жүрек түбінде бүлк еткен бір ыстық толқынды жасыра алмай: "Жап-жас жігіт екен ғой", — десе, айдалып бара жатқан Әбдірахманға жолдан кездесіп қалғанда: "Қош, қалқам, калқам! — деп, кемсеңдеп, жылап отыра кететіні бар еді-ау". Ақырғы демі таусыларда, Әбдірахман "жаным шығарда: "Шұғам!" — деп бетіме бетін тигізсе, бар арманым бітіп, дүниеден армансыз өтер ем", — дейді. Осы үш үзік лебіз Шұға бейнесін даралай, ажарлай түседі, мұндай аз сөзді, ыстық сезімді, терең мәнді мәнер тек Шұғаға ғана лайық, Шұғаға ғана жарасатындай. Дүниеден озған аяулы жан туралы, бір күрсініп алып, біз де енді: "Өй, өзі де Шұға десе, Шұға еді-ау!.." — дейміз.

 Хикаянның басты қаһармандарының бірі — Әбдірахман бейнесі де ескі қазақ ауылынан шыққан көзі ашық, көңілді сәулелі оқыған жастардың келбетін танытады.

  "Шұғаның белгісі" — жастардың теңдік, еркіндікті аңсап, әлеуметтік әділетсіздіктерге қарсы үн көтере бастағанын шынайы бейнелеген шығарма.

Біріне-бірі себеп, бірінің-бірі салдары болып жымдасып келген оқиғаларының шынайылығы мен тартымдылығы, шұрайлы да суретті тілінің сиқырлы мәнерлілігі, әсіресе махаббат бостандығын аңсап әлеуметтік теңсіздікке қарсы шыққан Шұға мен Әбдірахман бейнелерінің айырықша сүйкімділігі мен сәулеттілігі, сондықтан да олардың тағдыр-талайының трагедиялық әсерлілігі хикаяны көркемдік-эстетикалық деңгейі ең биік туындылар қатарына қосады.

Драмалары. Шамамен, XX ғасырдың алғашқы ширегінде қатарласа қалам сілтеген өзінің дарынды замандастары сияқты, Б.Майлин де бір емес, бірнеше жанрда өндіре еңбектенген әмбебап суреткер. Бұл өзі жалпы, жас, жазба әдебиеттің әлеуметтік күшті сұраныс жағдайындағы қалыптасу дәуіріне тән сипат болса керек. Өзі отына күйіп, суығына тоңған, кім-кімнен де артық болмаса, кем білмейтін және поэзиясы мен прозасында суретті шежіресін жасаған өмірді "жанды қалпында" көрермендер мен сахна арқылы беттестіру өзіне де қызық көрінген. Оның үстіне, әсіресе прозасындағы тұрмыс суреттері мен типтік кейіпкерлері қатты кызықтыратын оқырмандар оларды сахнадан көргілері келгені анық.

Осылар түрткі болған еңбекқор талант бұл жанрда да кұлшына қалам сілтейді, соның нәтижесінде қазақтың жас драматургиясына саны жағынан да, көркемдік құндылығы (жанрлы сапасы) жағынан да сүбелі үлес болып қосылған туындылар береді. Олардың қазақ әдебиеті тарихында алатын орны жағынан елеулілерінің ұзын саны 10-нан асады. Олардың ішінен "Шаншар молда", "Ауыл мектебі", "Неке қияр", "Амангелді", "Көзілдірік", "Талтаңбайдың тәртібі", "Майдан" тәрізді көп актілі комедиялар мен драмаларын бөліп атауға болады.

Майлиннің шығармашылық стиліне тән мысқыл мен сықақ күлкі әсіресе оның драматургиялық кейіпкерлерінін сатиралық толық қанды бейнесін жасаудың таптырмас кұралына айналады. Өйткені Бейімбеттің күлкісі де, мысқылы да өмірдің шынайы шындығынан, өрескел, керағар үйлесімсіздігінен туады. Мәселен, "Талтаңбайдың тәртібі" комедиясын альш қараңыз. Туындының атынан-ақ, кісі есімі болса да, Талтаңбай сөзі мен тәртіп сөзінің тіркесінің өзінен-ақ өрескел сорақылықты бағамдаймыз. Жөні түзу, түйсігі бар адам талтаңдамайды, Ақылы жоқ ақымақ, көргенсіз делкұлы ғана талтаңдайды. Ал біз танысқалы отырған көргенсіз, ұрда-жықтың аудан берген өкілеттілігі бар. Екі сөздің басын жөндеп кұрай алмайтын, жазған  мәнін өзі де жөнді түсінбейтін және тілі де келе бермейтін орыс сөздерін араластырып, ата-бабасында көріп, білмеген, естімеген колхоз дегеннен шошып, үркіп тұрған елдің зәресін ұшырады, асқағын ашса болды, тіліне "темпу, саботаж, лодыр" деген сұмдық сөздер оралады, онымен де қоймай: "құқ", "түрмеге тық!-" деп бейкүнә, момын жұрттың басына әңгір таяқ ойнатады.

Ұлы Абай: "Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал" деген ғой, Талтаңбай Талтаңбаевтың " үдетпелі жоспарды жиырма төрт сағат ішінде орындау үшін не істеу керек екенін жұртқа "түсіндіргенінің" сыйқы мынау: "Талтаңбаев (үстелге сүйене тұрып); Жолдастар! нағыз тәртіп беремін, үдетпелі жоспар жиырма төрт сағат ішінде орындалады, понятно? Оның үшін не істеу керек? Вот былай істеу керек: мәселен, үй салса, оның алдымен төрт аяғын тұрғыза ма? Төрт аяғын тұрғызады, яғни қадайды. Понятно? Сосын стенасын қалайды. Сонан крышасын покрывать қылады... Понятно? Бұл да сол: алдымен төрт аяқтан бастау керек. Орысша айтқанда низ дейді. Нағыз опасность низда жатыр, понятно? Бір кітаптан оқығаным бар... Ымм... да вот былай: "капиталистическое хозяйство өрбиді дейді, — низдан, понятно? Сонда Парыз деген өтірік белсенді: "Пай, пай, пай, пайым-ай!"—деп қолпаштаса, Талтаңбаев одан сайын еліріп: "Соның үшін мұның низін қопарып, тамырын жұлып, е... сүйтіп нетпесе, е... Бұл қаулап жанған өрт болып, өрт пожар... Бұл солай болады, понятно?"

Ол осы сандырақтарымен-ақ өзінің қуыс кеуде, бейбастақ надан, елдің сорын қайнатқан содыр екенін көрсетіп тұрған жоқ па?

Академик 3. Қабдолов Талтаңбай образына талдау жасай келіп: "Жоқ, Талтаңбаев — жай ғана "шолақ белсенді немесе "зиянсыз мылжың" емес, әлеуметтік жағынан қауіпті, жауапсыздығы жауыздыққа ұласқан зиянкес. Оның "шаш ал десе, бас алатын" әпербақандығының арғы жағында саяси бұзақылық жатыр. Қай кезде де түсін өзгертіп, тонын айналдырып шыға беретін бюрократизм, валюнтаризм, тағы басқа кертартпа "измдер" осылардан өрбиді... " — дейді. Шынында да, Кеңес заманының түрлі кезеңдерінде халқымыз бастан кешкен зұлматтар коммунистік, таптық саясат тайраңдатып қойған көрсана Талтаңбаевтардың "күш-жігерінің" арқасында өте ауқымды, өте қасіретті болғаны белгілі.

Екі перделі "Неке қияр" пьесасы драматургтің бұл жанр ерекшелігін игеру жолындағы елеулі табысы деуге болады. Пьесада әр кейіпкер өзінің дара-дара мінезімен көрінеді. Әрқайсысының іс-әрекеті де, сөзі де өз бойына қонымды.

Әсіресе мінезді саралап, образ сомдауда үлкен шеберлік танытады, кейіпкерлер даралана, ірілене түседі. Пьесаның мазмұны қыз айттырудан неке қию төңірегіндегі ырым-жырымдарымен қоса алынған көне салттың көлеңкелі жақтары десек, соның бәрін, атынан да көрініп тұрғандай, Ылаңбайдың (бас кейіпкер) іс-әрекеті, сойқанды қылықтары арқылы көрсетеді.

"Драмалық ірі серпін". "Майдан" — тек Майлиннің ғана емес, бүкіл қазақ драматургиясының ірі табысы саналатын драма. Таланттың қадір-қасиетін тануда алдына жан салмайтын көреген М.Әуезов бұл пьесаны кезінде "драмалық ірі серпіннің басы" деп бағалаған.

Драманың мазмұнына аты шулы ұжымдастыру кезеңінің оқиғалары алынған. Ұжымдастыру әсіресе қазақ елінің тарихындағы зардабы осы күнге дейін жойылып бітпеген, жұрт дұрыс айтьш жүргендей, аса қасіретті нәубет болатын. Өкіметтің кедейлерді байларға (іс жүзінде күн көрістігі бар орташа ауқаттыларға) жауықтыра айдап салуы, науқанды зымиян саясат қолтығына су бүріккен көрсана, ұрда-жық белсенділердің құтырына қоздыруы қас қағымда елдің ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылық жүйесі мен өмір салтының астан-кестеңін шығарды. Ел тозды, қара жұрт қаңырап қалды. Бай дегеннің мал-мүлкі түгел тәркіленіп, өздері абақтыға қамалды немесе байланып-маталып ит жеккенге айдалды. Жалған жала жабылып, атыльш-асылды. Бұл нәубеттің ақыры бұрын-соңды болмаған жаппай ашаршылыққа ұласьш, халықтың жартысынан көбі қара шыбындай қырылды. Нәубеттен үріккен халықтың бір бөлігі жаяу-жалпылы шекара асып, жат жұртка кіріптар болды.

Ал кеңес өкіметі беті бүлк етпестен өзінің бұл сойқанды ісін кеңес халқының жеңісі деп бағалап, жазушылардан солай етіп көрсетуді талап етті. Бірақ Бейімбет сияқты талантты реалист суреткерлердің туындысы, объективті түрде, сол кезең өмір шындығының көркем бейнесі, әдеби ескерткіші болып қалды.

Пьесаның басты кейіпкері — кешегі жалшы, колхоз басқармасының төрағасы, коммунист Досанның іштегі өзімен-өзі сөйлесіп, ой өрбіткен жерін оқып көрелікші: "Досан (кереуетке отырып, үңіліп оқиды): "Атам, атан, алды!.." (Күлімсіреп). Бір ай оқығанда кәдімгідей танып қалғанымды қарашы... (Тағы оқиды). "Асан қалқозға жазылды" (Басын көтеріп). Мен сияқты біреу-ау, ә? Қатынымен ризаласып жазылды. ма екен, әлде, мен сияқты жасырынып жүріп жазылды ма екен?.. (Ойланып). Жасырынды демекші: мен қашанғы жасырынбақшымын осы? Қалқозға кірген соң малды бірлестіру керек. Іспектің басына: "Досан Қалабаев, бір ат, бір сиыры бар" деп жаздырып та қойдым. Ерегіске кеткенде, ала атқа билігім келер, қара сиырды қатын бермей жүрсе, қайтем? Жұрттың қатынындай қай бір сөзге көне қоятын адам ол. Мен бірдеме айтсам, арс етіп беттен ала түседі.., Оңбағыр, кім көрінгеннің тіліне еріп... Әй, үйі күйгір  Мамық-ай, біздің қатынды бүлдіріп жүрген, дәу де болса, сен- ау..,"

Осы үзіндінің өзінен-ақ қолдан өршітілген тап тартысы, ұжымдық шаруашылық жайындағы бұлдыр түсінік, бір-бірімен аңдысып-арпалысқандардың амал-айласы, ниет-пиғылы, т.б. анық аңғарылады.

Досанның әйелі Пүлішті азғыратын Мамық кемпірдің (байдың бәйбішесі) сөзі мен ісі де колхозға шошына қарағандардың бәріне тән шындық. "Мамық (қолын сілкіп): Сұрама, келін, бойыңнан түңілесің. Құдай басқа бермесін де! Салқоз болғандарды көретіндері сол ғой... (Тыржия түседі)."

Пүліш (ынтығып, Мамықтың жанына жетіп келеді): Айтшы, шешейеке, о не?

Мамық (төне түсіп): Мынадай масқарасы бар, келін-ау: Салқоз болғандарды нөмірлейді дейді; сауырларына таңба басады дейді; нөмірі тура келген еркек пен әйел жүре береді, — дейді...

Пүліш (бетін шымшып): Бетім-ау!.. (Аңырайып көпке қарайды).

Мамық (тағы төне түсіп); Одан да масқарасы бар: салқоз болғандардың бәрін бір көрпенің астына жатқызады,—дейді.

Бұл колхоз туралы қарабайыр түсініктен гөрі, оған деген өшпенділіктің белгісі.

Пьесада колхозды жақтаушылар мен жазғырушылардың ғана емес, екі ұдай түсінікте, екі ортада әрі-сәрі күйде болғандардың да шынайы бейнелері бар.

Әрине, сол кездегі кеңес адамдарының басым көпшілігі сияқты, Б. Майлин де колхозды кедейлер жағында, коммунистік көзқарас тұрғысындағы түсінікпен суреттеді. Бірақ жасанды өмірді емес, шын өмірді көрсетті.

Колхоз бастығы Досан, ауыл кеңесінің төрағасы Зәуре, партия ұясының хатшысы Орынбай, орнатылып жатқан жаңа тұрмысқа тіс-тырнағымен қарсы Бекболат бай, оның айлалы әйелі Мамық, осылар жағындағы алаяқ Көдебай, екі арада теңселген кедей Әліш, "кедейдің кербезі" Пүліштердің өзара тартысы, өзіндік тағдыры арқылы колхоздастыру дәуірінің күрделі өмірі елес береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  1  2  3  4  5  6  7  8  9  10    ..