Шығыс Қазақстан табиғаты және оны қорғау» тақырыбы бойынша ашық сабақ

 

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 12

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  398  399  400  401   ..

 

 

 

Шығыс Қазақстан табиғаты және оны қорғау» тақырыбы бойынша ашық сабақ

 

 

 

 

Қазақстан білім және ғылым министрілігі

 

 

 

 

 

 

 

9 сыныпта өткізілген «Шығыс Қазақстан табиғаты және оны қорғау» тақырыбы бойынша ашық сабақ.

 

 

 

 

 

Өткізген: Батырханова А. К.

 

 

 

 

 

 

 

Ахмер орта мектебі, 2007 жыл.

Сабақ тақырыбы:

Шығыс Қазақстан табиғаты және оны қорғау.

    Сабақ мақсаты:

1.  Құрмалас сөйлемді қайталау, бекіту;

2. Өз өлкесінің табиғи әсемдігімен таныстыру;

3. Туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру.

Сабақ көрнектілігі: ТҚ (ТСО) плакат жазуымен, кітап көрмесі,

суреттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ барысы:

        

І. Ұйымдастыру кезеңі

                   1. Кім жоқ екенін анықтау

          2. Күннің аты, ауа райы, жыл мезгілі

 

ІІ. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру

Эпиграфты оқып таныстыру: «Жері байдың елі бай»

 

ІІІ.  Туған жер дегеніміз не?

 

       – Туған жер – өз үйің ғана тұрған жер емес, өз халқыңның кіндік қаны тамған , ата – бабаңның достар, салты қалыптасқан , тірлік қарекетін бастаған жер. Ал оның  кешесі, бүгіні, ертеңі туралы біз білуіміз керек. Сондықтан алтын бесік Алтай туралы, оның табиғаты, байлығы туралы сыр шертелік. Айтпақшы, Алтай деген сөздің мағынасын кімбіледі, кім айтады?

«Алтай» монғол тілінен қазақшаға аударғанда «алтын» деген мағына береді. Былайша айтқанда, «алтын тау». Халық жердің атауын оның негізгі қасиетіне қарай қойып отырған ғой. Алтай өзінің атына лайық байлыққа ежелден ие. Оның қойнауынан Менделеев кестесіндегі барлық металдар табылады (300 ден аса өзендер, 75 көлдер бар)

 

ІV. Алдын ала берілген тапсырма:

          1. Жұлдыз (қорықтар туралы)

          2. Алтынай (Шығыс Қазақстан экологиялық жағдайы)

 

V. Сөйлемдерді талдау (тақтада жазылған)

Алтай жерінің асты қандай қазыналы болса, үсті де сондай        бай ғой. Мұның сыңсыған орманының өзі бір байлық емес пе!

 

 

VI. «Жұбыңды тап» ойыны.

           Құмалас сөйлемдерді табу.

                  

Жаңбыр

көп жауса,

   

Егін мол

болады

           Карточка бойынша (мысалы)

 

 

 

 

 

 

 VII. Сөздік диктант (бірін – бірі тексеру)

           Табиғат, тіршілік, көктем, хабаршы, қамқорлық, қыс, жаз, күз, қар тоқтату, саябақ, жеміс ағаштары, емдік шөптер.

         VIII. Дебаты Дабыл.

1 топ: (Шығыс Қазақстанның табиғаты тамаша, ол қорғауды қажет етпейді. Экологиялық жағдайы жақсы.)

– Менің ойымша, табиғат өзін – өзі қорғайды, өзін – өзі толықтырады. Біздің қорғауымызды керек етпейді деп ойлаймын.

Тек айналамызды таза ұстау керек, көшеттер отырғызу керек. Мысалы, біз көктем сайын әр сынып көшеттер отырғызып, мектеп маңайын тазалап отырамыз.

2 топ  : (Шығыс Қазақстанның табиғаты тамаша, бірақ табиғатты қорғау керек, экологиялық жағдайы нашар.)

– Менің туған өлкем Шығыс Қазақстан. Шығыс қазақстанның табиғаты өте тамаша. Мұнда көк аспанмен таласқан әсем таулар,  тап– таза бұлақтар мен өзендер, ну ормандар, жидек бұталары, сан алуан өсімдіктер бар.

Бұл ғажап өлкенің аң  – құстары мен қоса жер қойнауындағы қазба байлықтарын айтсаңызшы. Табиғат қазынасы қаншама мол болғанымен, ол шектеусіз емес. Оған аялы қамқорлық ауадай қажет.

Табиғатымызды қорғап, экологиялық жағдайын жақсартуымыз керек.

 ІХ. Кенді Алтайда, немесе Қазақстанның Швейцариясы деп        аталған жерде көптеген демалыс орындары бар. Қане

     атап жіберіңдер.

 – Емдік қасиеті бар, суы шипалы Рахман қайнары, Уба, Лениногор, Барлық – Арасан сияқты санаторий – курорттары, демалыс үйлері бар. Әртүрлі қорықтарымыз және бар.

Енді осы әсем өлкемізді басқа адамдармен қалай таныстырамыз, немесе қонаққа шақырамыз? Бір сөзбен айтқанда, «жарнама» дайындап жіберейік.

Х. Ән үйрену «Өр Алтай»

ХІ. Қорытындылау, теледидардан ШҚО табиғатын тамашалау.

Эпиграфқа қайта оралу, қорытындылау:

Жері байдың елі бай»

ХІІ. Үйге тапсырма

1.    Әнді жаттау

2.    Шығыс Қазақстанның табиғаты туралы айтып келу

ХІІІ. Баға қою.

 

 

 

 

 

 

 

Шылым шегудің алдын алу

 

Сабақтың мақсаты: адам анатомиясы мен физиологиясы         тұрғысынан шылым шегудің денсаулыққа зиян екендігі жайлы алғашқы ұғымды қалыптастару :

- жеке бас пен әдеп мәдениетіне баулу

- алған білімді талдау өмірде қолдана білуге үйрету

 

Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру

2. Сабақ тақырыбымен таныстыру

3. Шылым шегу жайлы біз не білеміз атты тест

 

1. Оқушылар  барлығы сияқты болуы үшін шылым шегеді

2.  Адам мазасызданған кезде шылым демалуға көмектеседі

3.  Шылым шегетін адамдардың көпшілігі ләззат алып 

 тастағылары келмейді

4.  Шылым шегу көп жағдайда жүрек ауруына себеп бола

алады

5. Жас өспірімдердің  көпшілігі шылым шегуді кез-келген

уақытта қоя алады

6. Шылым шегуді әдетке айналдырмай тек қана қызық үшін

шегіп кейін қойғанның ешқандай қорқынышы жоқ

 

Жауаптары: 1-дұрыс, 2-дұрыс емес,  3-жоқ, 4-иә, 5-жоқ,  6-жоқ

 

4. Шылым шегу барысында не нәрсе болады

 

Әңгіме. Шылым шегу барысында оның жартысы жанып кетеді жұтылатын түтіннің құрамында никотин көміртек тотығы синил қышқылының бөліктері және басқада сол сияқты химиялық заттар бар.  Оның ішінде ең улысы –никотин оның уы ағзаға еніп  әуелі тітіркендіреді одан соң жүйке жүйесінде әсер етеді қан тамырлары тартылып сілекей қабаты зақымданады. Егер де никотин көп мөлшерде ағзаға енсе дене тырысып өліп қалуы мүмкін

5. Ауаның жылу жолы  атты кестемен жұмыс

Шылым шегуші түтінді ауыз арқылы жұтады  сол кезде зиянды заттар шылым түтінімен бірге жоғары тыныс жолына түседі. Әдетте ондай нәрсе үйреншікті болғандықтан алғашында жөтел пайда болады бірақ егерде шылым шегу тұрақталатын болса ағзаға енетін ауаны  фильтрлеп өткізетін тітіркендіргіш кірпікшелер өледі. Зиянды заттар ағзаны тітіркендіріп көп жағдайда бронхиттің асқынған түріне әкеп соғады. Тыныс жолымен  түтін бронхаға қарай жылжыған сайын никотиннің зиянды әсері күшейе түседі.

6. Шылым шегуге арналған көрнекілік құрал арқылы саймандық жұмыс жасау шылым шегуші адамның сөздік бейнесін құрастыру.

        Тәжірибелік жұмысты орындау үшін қақпағы бар пластикалық шөлмек, ұзындығы 5 см. резина түтігі шиыршықталған мақта, шылым, шырпы, пластилин.

Пластикалық шөлмектің қақпағын түтін диаметріне сәйкес етіп тесу керек. Ол саңлауға түтін ұшының бір ұшын салып, жан жағын пластилинмен бітеу керек. Түтіннің бір жақ шетіне шиыршықталған мақтаны салып, екінші шетіне мақта салу керек. Қақпағын жауып шөлмекті қосып, ішінен ауаның жартысын шығару керек. Темекіні жағып, шөлмекте біртіндеп қысымды азайту керек, темекі түтіндей бастады. Шөлмек қабырғасы мен мақта шиыршықтарында  смала жинала бастайды.

Оқушыларға қойылатын сұрақ.

Эксперементтен соң мақта шиыршықтары қандай болады. Шөлмек қабырғалары сіздердің ойларыңызша шылым шегуші адамның өкпесі қандай?

-Шылым шегуші адамның сөздік бейнесін құрастыр

7. Сіздің өміріңіздің өкпеңізді бұзу қапіңіз бар атты ойын.  (Сынып 3 топқа бөлінеді, капитандардың сұрақтарына жауап береді. Егер де сұраққа дұрыс жауап берілсе 10 ұпай алады. Жауап бермесе жауап беру құқығы келесі топқа өтеді)

Сұрақтар

1.Шылым шегу кезінде адам өкпесіне түсетін газ жеңіл көліктің түтінінің құрамында болатын химиялық газбен бірдей. Ол газ қалай аталады?

2. Шылым шегушінің өкпесімен қатар 2–ші көп зақымданатын ағза мүшесі қалай аталады?

3. Тұрмыс өрттерінің басты себептері қандай? Адам өліміне әкеп соғатын электро бұйымдар.

4. Пассивті шылым шегу дегеніміз не?

5. Жасөспірімдердің шылым шегуден бас тартуының  басты 3 себебін атаңыз?

8. Қортынды

Шылым шегудің теріс салдарға әкеп соғатын себептерін атаңыз. 

 1. Тіл мен ерін сілемейлі қабаттарын зақымдайды

2.  Құрғақ жөтелдің болуы

3.  Ауыз қуысының жағымсыз иістің шығуы

4. Ауыз қуысының инфекциясы

5. Иіс сезу қабілетінің нашарлауы

6. Бет жүзді уақытынан бұрын әжім басу

7. Тістердің сарғаюы

8. Қалыпты тыныс алудың бұзылуы

9. Түрлі ауруларға ағзаның қарсы тұру қабілетінің төмендеуі

Сонымен, шылым шегудің нәтижесінде адам өз көркін жоғалтып, денсаулығын бұзады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығыс Қазақстан Гуманитарлық колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Шылым шегудің алдын алу

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 Орындаған: Бабаева Г.Б.

                                                 Тексерген: Аубакирова А.Р.

 

 

 

Өскемен, 2005

 

 

 

 

 

содержание   ..  398  399  400  401   ..