Сұйықтың қозғалысы

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 12

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..   231  232  233  234   ..

 

 

 

 

Сұйықтың қозғалысы

 Сұйықтың ағын сызықтары мен түтіктері

Бөлімде сұйықтар мен газдардың механикасымен танысамызҚатты денелердегі сияқты сұйықтар мен газдардың қозғалысын да кинематикалық және динамикалық тұрғыданқарастыруға боладыГаздар мен сұйықтар өзара ұқсас болатындықтан оларды әдетте бірінен-бірін бөлмей, тек газдардың сығылғыштығын ескермеуге болмайтын жерде ғана оларбөлек қарастырыладыСондықтан сұйық туралы айтылғандар газға да қатысты деп түсіну керек.

Кинематикалық тұрғыдан қарағанда  сұйық қозғалысын оның әрбір бөлшегінің  қозғалысымен сипаттауға боладыСұйық қозғалысын жете түсіну үшін ағын сызықтары жәнеағын түтігі деген жаңа ұғымдарды пайдалану тиімді  Қалыптаспаған қозғалыс (стационар емесүшін ағын сызықтары уақытқа байланысты өзгереді, ал қалыптасқан (стационар)  жағдайда олар тұрақты болып қаладыБұған  қосақалыптасқан қозғалыс жағдайында ағын сызықтары бөлшектің траекториясына дәл келеді.

Сұйық қозғалысын қарастырғанда  көп жағдайдасұйықты мүлде сығылмайды деп санауға және оның бір қабаты екінші қабатымен салыстырғанда орын ауыстырсаүйкеліскүштері (немесе тұтқырлық)  пайда болмайды деп жоруға боладыОсындай мүлде сығылмайтын және мүлде тұтқыр емес сұйық идеал сұйық деп аталады. “Идеал сұйық” ұғымынпайдалану нақты сұйықтарға тек белгілі дәрежеде ғана жақындау болып табылады.

Сұйық бөлшектерінің қозғалысын бір белгілі санау жүйесіне қатысты анықтауға боладыЯғни әрбір бөлшек өзіне тән жылдамдық векторы бойымен қозғаладыБасқашаайтқанда сұйық жылдамдық векторының өрісі болып табыладыЖылдамдық векторлары бойымен сызықтар жүргізейік., сонда олардың әрбір нүктесінен жүргізілген жанама сұйықбөлшегі жылдамдығының сол нүктедегі бағытына дәл келетін болсынОндай  сызықтарды ағын сызықтары (23-сурет) деп атайдыӘдетте сұйықтың ағысы күшті болғанда ағынсызықтары жиі,  ал сұйық ағысы бәсең жерде ағын сызықтары сирек етіп жүргізіледіСұйық ағысы қалыптасқанда сұйық жылдамдығы әрбір нүктеде тұрақты болады да, уақытқабайланысты өзгермейдіБұл жағдайда ағын сызықтары өзгермейдіәрі сұйықтың жеке бөлшектерінің траекториясына дәл келедіСұйықтың ағын сызықтарын көзбен көругеболадыол үшін сұйыққа аздап бояу қосады немесе көрініп жүзіп жүретіндей зат бөлшектерін салады.

Сұйықтың ағын сызықтарымен шектелген бөлігін ағын түтігі деп атайдыАғын түтігінің белгілі бір қимасындағы барлық бөлшек қозғалыс кезінде ағын түтігінен шығып кетпейоның ішімен қозғаладыСонымен қатар ағын түтігінің  ішіне де сырттан ешқандай бөлшектер енбейді.

Айталықағын  түтігі бойымен үзіліссіз сұйық ағып жатсынМұндай ағыс сұйық массасының сақталу заңын қанағаттандырадыОлай болсаағын түтігінің көлденең қимасы S  арқылы Δt бірлік уақыт ішінде өтетін сұйық массасы Δm  мынаған тең болады:

                                                          

мұндағы  v -тұрақты қимадан өтетін  сұйық бөлшегінің  жылдамдығыρ - осы қимадағы сұйықтың тығыздығы.

 

 

 
 
  

 

 


 

       

                                                

Сұйықтың қалыптасқан ағыны кезінде сұйық сығылмайды деп есептесеконда S1 қимадан ағып өтетін сұйық көлемі қандай болсаS2 қимадан ағып өтетін сұйық көлемі де дәлсондай боладысондықтан (24-сурет).

                                                                                                        (6.25.1)

Бұдан берілген сұйықтың сығылғыштығын ескермей оның тығыздығы ағын түтігінің барлық жерінде бірдей десек (), онда (6.25.1) өрнек мына түрде жазылады:

                                                                                  (6.25.2)

немесе                                               Sv=const                                                                      

Соңғы өрнектен сығылмайтын тұтқыр емес сұйық ағысының жылдамдығы мен ағын түтігінің көлденең қимасының көбейтіндісі берілген ағын түтігі үшін тұрақты шама боладыБұл айтылған қорытынды ағынның үзіліссіздігі жөніндегі теорема деп аталады.

(6.25.2) - теңдеуді мына түрде жазайық , яғни    

Сығылмайтын тұтқыр емес сұйықтың құбырмен ағуы стационар ағын болсаонда құбырдың ішкі көлемі ағын түтігіне дәл келедіСондықтан сорғы ағынның үзіліссіздігіжөніндегі теорема бойынша құбырдың жуан жерінде сұйық жайлап ағадыяғни жылдамдығы (v2баяу боладықұбырдың жіңішке жерінде сұйық тезірек ағадыяғни жылдамдығы(v1) артады.

Егер ағын түтігі ағыс бағыты бойынша жіңішкере беретін болсаонда ағын түтігінің тарлау жерінде сұйық жылдамырақ аға бастайдыяғни үдеу пайда боладыСондықтантүтіктің тарлау жеріне ағып барған сұйыққа сол түтіктің кең жеріндегі сұйық тарапынан күш әсер етеді.

 

 


 

Бұл күш сұйықтың әр түрлі бөліктеріндегі қысымдар айырымының есебінен пайда болады. Күш түтіктің жіңішке жағына қарай бағытталғандықтантүтіктің жуан жеріндегіқысымоның жіңішке жеріндегі қысымнан артық болады.

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..   231  232  233  234   ..