Қазақ тілін үйренуге талаптанатын оқушылардың арасында қазақ тілінен республикалық

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 10

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  70  71  72    ..

 

 

 

 

Қазақ тілін үйренуге талаптанатын оқушылардың арасында қазақ тілінен республикалық «Тіл – мемлекет  тәуелсіздігінің символы»  дистанциялық олимпиадасының тапсырмалары

 

Лексика-грамматика бөлімі

9 – сыныпқа

 

1. Сөздің дұрыс айтылымын табыңыз:

Менің қолымда тоғыз алма.

A) тоғұз

B) тоғыз

C) тоғоз

D) тогиз

 

2. −кер қосымшасы қай сөзге жалғанады?

A) ғарыш

B) қыз

C) үй

D) сүт

 

3. «Бәлкім» сөзін қай сөздің орнына қоюға болатынын анықтаңыз:

Мүмкін, ертең ауа райы өзгерер.

A) мүмкін

B) ертең

C) ауа райы

D) өзгерер

 

4. Қазақтың мәдениеті мен танымын білдіретін сөздерді анықтаңыз.

A) киіз үй, айтыс, күй.

B) Тарақ, бешпент, сәукеле.

C) Кірпіш үй, боз үй, киіз үй.

D) Туыс, нағашы, бөле.

 

5. Көп нүктенің орнына керек сөзді қойыңыз:

Менің бауырым … қызмет бабымен кетті.

A) Мәскеуге

B) Мәскеудің

C) Мәскеуді

D) Мәскеумен

 

6. Толықтырыңыз:

Ақорда ғимараты Астана ... орналасқан.

A) қаласында

B) қаласын

C) қаласымен

D) қаласының

 

7. Мағыналас нұсқаны табыңыз: өте жылдам

A) көзді ашып жұмғанша

B) көзін ашты

C) көзімен көрді

D) көз көрген

 

8. Сөйлем басына сөз таңдаңыз:

... не жасайды?

A) Мұнайдан

B) Мұнайда

C) Мұнайдың

D) Мұнайсыз

 

9. Толықтырыңыз:

Сен сағат ... жетіге дейін не істедің?

A) алтыдан

B) алтыға

C) алтымен

D) алтыны

 

10. Толықтырыңыз:

Мен … қарап қалдым.

A) Ғалияға

B) Ғалиядан

C) Ғалияның

D) Ғалияны

 

11. Диалогты аяқтаңыз: 

 - Ғалымжан бас маман ба?

-Иә, ол ...  

A) бас маман.

B) бас маманмын.

C) бас мамансыз.

D) бас маманбыз.

 

12. Сөйлемді бастаңыз:

... көрінбейді.

A) Жұлдыздар

B) Жұлдыздер

C) Жұлдызтар

D) Жұлдызлар

 

13. Сөйлемді аяқтаңыз:

- Назерке, сіз Қарағандыда ...

A) жүрсіз бе?

B) жүрміз бе?

C) жүрсің бе?

D) жүр ме?

 

14. Тиісті қосымшаны жалғаңыз:

Елбасы Францияның мемлекеттік хатшысы... қабылдады.

A) -н

B) -ны

C) -нда

D) -нан

 

15. Керек сөзді белгілеңіз:

Уақытың ..., бізге кел.

A) болса

B) болсақ

C) болсам

D) болсаңыз

 

16. Туыстық атауды білдіретін сөзді анықтаңыз:

Аға – бор, іні – тас .

A) аға, іні

B) бор, тас

C) аға, тас

D) бор, іні

 

17. Дұрыс нұсқасын белгілеңіз:

А) Екі бас тұз

В) Екібастұз

С) Екібастуз

D) Экибастуз

 

18. Антоним сөздерді табыңыз:

Ашу− ..., ақыл−... .                 

А) жаны, қасы

В) алға, ілгері

С) жақсы, жақсылау

D) дұшпан, дос

 

19. Асты сызылған сөзді қалай түсіндіңіз?

Жылқы сеп−семіз екен.

A) өте семіз

B) сәл семіз

C) семізірек

D) семіздеу

 

20. Толықтырыңыз:

Нұржанның суретіне қарап қалсам, ақ ... қыздың жүзі таныс болғандай көрінді.

A) киімді

B) киімсіз

C) киіммен

D) киімдегі

 

21. Толықтырыңыз:     

Менің інім −… бала.

А) жуас

В) тұщы

С) ащы

D) дөңгелек

 

22. −інші қосымшасын жалғаңыз:

A) Он.... автобус керек пе?

B) Жиырма тоғыз... автобус тоқтай ма?

C) Төрт... троллейбус кетіп қалды ма?

D) Алты... трамвай келе жатыр ма?

 

23. Суретке сәйкес сөзді таңдаңыз:

... ағаш

A) үш

B) бір

C) екі

D) бес

 

24. Тиісті қосымшаны жалғаңыз.

Төрт... түгел болса, төбедегі келеді.

A) –еу

B) –ау 

C) –те 

D) –у 

 

25. Дұрыс нұсқаны таңдаңыз:

А) Әлия сағат бесіншіде келеді.

В) Сағат үште жиналыс басталады.

С) Спортшы бесеу минутта мәреге жетті.

D) Мен бесеу адам болып кірдім.

 

26. Диалогты толықтырыңыз:

−Сен кітаптың нешінші бетін оқып жатырсың?

−… бетін.

А) Сексен алтыншы

В) Сексен алты

С) Сексен алтау

D) Сексен алтыдай

 

27. Тиісті қосымшаны жалғаңыз.

Бір... тойып секіреді, бір... тоңып секіреді.

A) –еу

B) –ау 

C) –е  

D) –у  

 

28. Сөйлемді аяқтаңыз:

Кітапхана мұнда емес, ...

A) мұнда

B) мұны

C) мұның

D) анда

 

29. Мәндес сөзді табыңыз:

Бүкіл түркі халқына қарулы жау келтірмедім.

                                                 (732 жыл, Орхон жазуы)

A) Барлық
B) Бір
C) Жалпы
D) Әлемдік

 

30. Сұраққа сәйкес бір сөзбен жауап беріңіз:

Мына тапсырманы кім орындады?

A) мына 
B) тапсырманы
C) өзім
D) орындадым

 

31. Жауап таңдаңыз:

Дастан осында орналасты ма?

A) Осы
B) Иә, осында
C) Осы, осында
D) Осы, осында, осынау

 

32. Толықтырыңыз:

Қайырымдылығыңнан айырылсаң, ... айырылғаның.

A) бәрінен
B) бәрі
C) барлық

D) барлығы

 

33. Сөйлемді аяқтаңыз:

Жақсылық көрсем ...

A) өзімнен
B) өзім
C) өзім, өзге
D) өзім, өзге, өз

 

34. Сөйлемді аяқтаңыз:

Іздеген мұратына ...

A) жетеді
B) жетпейді
C) жетеді, жетпейді
D) жетпес

 

35. Сөйлемді аяқтаңыз:

Ерді талап ...

A) ұшырар
B) ұшады
C) ұшпайды
D) ұшу

 

36. Сөзді толықтырыңыз:

Бас екеу бол...й, мал екеу бол..с.

А) –ма

В) –ба

С) –па

D) –ме

 

37. Сәйкес тұлғаны таңдаңыз:

Егер мақсатыңа жеткің кел..., көп еңбек ету керек.

А) –са

В) –ар

С) –ер

D) –се

 

38. Cөйлемді толықтырыңыз:

Досым Қарағандыда тұрады. Оған хат ... керек.

А) жазуға

В) жазу

С) жазады

D) жазғанда

 

39. Cөйлемді толықтырыңыз.

Құрбыма телефон ... керек.

А) соққым

В) соғамын

С) соғуым

Dсоққанша

 

40. Сөйлемді толықтырыңыз:

Елімізде дамудың аумақтық стратегиялық осьтері ... .

А) қалыптасқан

В) қалыптасу

С) қалыптасып

D) қалыптаса

 

41. Сөйлемді толықтырыңыз:

Банкте  құнды заттарды сақтауға ... .

А) болады

В) болды

С) болса

D) болу

 

42. Сөйлемді толықтырыңыз:

Тілді басқа ұлттық құндылықтардан ... қарауға болмайды.

А) бөле−жара

В) бөліп қарау

С) бөліп тастау

D) бөлек−жара

 

43. Сөйлемді толықтырыңыз:

Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту … қолға алына бастады.

А) енді

В) бұрын

С) ертең

D) алда

 

44. Антоним сөздерді табыңыз:

Үйлену–..., үй болу - ... .

А) оңай, қиын

В) үлкен, үлкенірек

С) бақытты, бақытсыз

D) жақсы, өте жақсы

 

45. Қай сөздің сипаты басқа?

А) алға

В) ілгері

С) баяу

D) алдыңғы жаққа

 

46. Сөйлемді толықтырыңыз:

Қазақ халқы … көшпелі жұрт болған.

А) бұрын

В) болашақта

С) келешекте

D) қазіргі уақытта

 

47. Сөйлемді толықтырыңыз:

Кешеден ... күн жылы.

А) бері

В) таман

С) шейін

D) дейін

 

48. Сөйлемді толықтырыңыз:

Ерді ел ...,  жігітті жұрт ... мақта.   

А) жайлы

В) туралы

С) үшін

Dбойы

 

49. Сөйлемді толықтырыңыз:

Жер ..., диқандық ... білетіні мардымсыз.

А) сияқты

В) тәрізді

С) туралы

D) секілді 

 

50. Сөйлемді толықтырыңыз:

Оқуға да кіргізем, - деп ... ұрсып, ... қамқорсып қояды.

А) яки

В) немесе

С) біресе

Dмейлі

 

51. Сезімді білдіру үшін сәйкес нұсқаны таңдаңыз:

 … кешке баруым керек еді.

А) Қап!

В) Алақай!

С) Тәйт!    

DШіркін!

 

52. Сөйлем басына сөз таңдаңыз:

…, өткен өмір-ай!

А) Туһ!

В) Алақай

С) Ойпыр-ай

DОйбай!

 

53. Сөйлем басына сөз таңдаңыз:

 ..., саған бірдеңе айтайыншы.

А) Қалқатай

В) Әлбетте

С) Шынын айтса

D) Бәлкім

 

54. Сөйлемді толықтырыңыз:

…, мәжіліске сен барарсың, өйткені менің қолым босар емес.

А) Мүмкін

В) Бақытымызға қарай

С) Сеніңше

D) Оның пікірінше

 

55. Аяқтаңыз:

Дүкен ашық болу ... .

A) керек

B) бар

C) болады

D) болды

 

56. Сәйкес сөзді белгілеңіз:

Әнді де, күйді де ... тыңдады.

A) құмарта

B) құмар

C) құмарға

D) құмарлық

 

57. Диалогты жалғаңыз:

- Әріптесіңіз кеше конференцияда болды ма?

А) –Иә, кеше болды.

В) –Иә, барады

С) –Иә, барайын деп жатыр

D) –Иә, болады

 

58. Сөйлемді аяқтаңыз:

Мұқтар шағын денелі ..., ал Сәбит ірі денелі кісі ... .

А) қажет

В) тиіс

С) екен

D) керек

 

59. Дұрыс құрылған сөйлемді табыңыз.

А) Жолдасыңыз сіздің істейді Сыртқы істер министрлігінде.

В) Сыртқы істер министрлігінде істейді жолдасыңыз сіздің.

С) Сіздің жолдасыңыз істейді Сыртқы істер министрлігінде.

D) Сіздің жолдасыңыз Сыртқы істер министрлігінде істейді.

 

 60. Сөйлемді толықтырыңыз:

– Енді жиналысты басқаратын адам сайлау ... , - деді.

А) тәрізді

В) керек

С) болар

D) екен      

 

61. Сөйлемді аяқтаңыз:

Райхан тамақ дайындап, Ақанды күтіп отыр ... .

А) тәрізді

В) болар

С) екен

D) тиіс

 

62. Сөйлемді аяқтаңыз:

Қатені келешекте қайталамайтындай  түсіну ... .

А) тәрізді

В) болар

С) екен

D) керек

 

63. Сөйлемді байланыстырыңыз:

Жұмыс уақыты аяқталды, ... ол әлі кеткен жоқ.

А) сондықтан

В) бірақ

С) мен

D) және

 

64. Сөйлемді байланыстырыңыз:

Жиналыста адам көп болды, ... өз пікірін айтқандар аз еді.

А) бірақ

В) демек

С) сондықтан

D) және

 

65. Сөйлемді толықтырыңыз:

Мен оған тест сұрақтарын бердім, ... ол алған жоқ.

А) себебі

В) алайда

С) және

D) өйткені

 

66. Тиісті сөзді таңдаңыз:

Бүгінгі хабармен танысты ... қажетті ақпараттарды жазып алды.

А) бен

В) немесе

С) және

D) әйтпесе

 

67. Сөйлемді байланыстырыңыз:

Мейірім хабарландыруды оқыды ... құжаттарын әзірледі.

А) және

В) мен

С) та

D) да     

 

68. Сөйлемді толықтырыңыз:

Бүгін ауа райы суық болып тұрса ..., құрылысшылар жұмыстарын тоқтатқан жоқ.

А) та

В) пен

С) да

D) және                      

 

69. Керек сөзді толықтырыңыз:

– Мен де сенімен бірге барамын − ... Ербол.

А) деп

В) де

С) деді

D) десе                 

 

70. Сөйлемді толықтырыңыз:

- Өнерді үйрен де жирен, - деп ... айтқансыз.  

А) өзің

В) өзі

С) өзіңіз

D) өзім                     

 

 

Оқылым бөлімі

71-74-ке дейінгі тапсырма: Сөйлемді жалғастырыңыз.

 

71. Бүгін далада жаңбыр жауып тұр.....

A) Сөмкеңізді алыңыз

B) Қолшатырыңызды ұмытпаңыз

C) Оқулығымды беріңізші

D) Кешке киноға барамын

 

72. Көрме алысырақ  ...

A) Жаяу барамыз

B) Бірге барайық

C) Машинамен барамыз

D) Жаяу жүреміз

 

73. Өкінішке орай, мен қазақша нашар сөйлеймін ...

A) Қазақстанға жақында ғана келдім 

B) Он жылдан бері Қазақстанда тұрамын 

C) Университетте оқып жатырмын

D) Бес жыл бойы оқып жүрмін

 

74. Кеше мен жаңа балет көрдім ...

A) Мен де футбол көрдім

B) Ол «Көктем» деп аталады

C) Бәрі де жақсы әртістер 

D) Жақсы әртістер көп

 

II-БӨЛІМ

75-78-ге дейінгі тапсырма. Хабарландыруды оқыңыз, тапсырмаларды орындаңыз.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 4, 5, 6 мамыр, 2007 жыл  «Атакентте» жыл сайын болатын «Денсаулық» көрмесі болады.

 

75. Бұл көрме ...

A) Жылда болады

B) Күнде болады 

C) Ай сайын болады

D) Апта сайын болады

 

Хабарландыру:

«Экономист» Алматы қалалық бизнес мектебі 1-11 сыныпқа дейін оқытады. Мекен жайы: Алматы Жароков көшесі, 75 үй. тел: 48-92-03

 

76. Мектеп ... шақырады

A) Туған күнге

B) Оқуға

C) Демалуға 

D) Жұмыс істеуге

 

Хабарландыру:

Турист агентігі 18-25-тегі жастарды жұмысқа шақырады. Жаздағы жұмыстар: гид, менеджер, аудармашы. Шет тілін білуі міндетті.

 

77. Сіздерді ... шақырады.

A) Шет тілін оқуға

B) Сапарға 

C) Турагенттікте жұмыс істеуге

D) Демалуға

 

Хабарландыру:

Көкшетау қаласы. «Зеренді қонақ үйі» 1-14 тамызда кинофистиваль болады. Көл, күн және жақсы кино.

 

78. Сізді Көкшетауға барып ... шақырады

A) Демалуға, кино көруге 

B) Күнге күюге 

C) Қонақ үйге жұмыс істеуге 

D) Қонаққа

 

III-БӨЛІМ

 

9-12 тапсырма. Мақала фрагменттерін оқыңыз, және оған берілген тапсырмаларды орындаңыз.

1-мәтін

Бүгінгі композиторлар деп кімді айтар едіңіз. Музыканттар Людвиг ван Бетховенді атайды. Алматыда Құрманғазы атындағы концерт залында 1 майда концерт болады. Неміс оркестрі мен қазақ оркестрі бірге ойнайды. Ойнайтын музыкалары−Бетховендікі.

 

79. Бұл мақала ...

A) Мереке туралы

B) Концерт туралы

C) Құрманғазы туралы

D) Құрманғазы күйлері туралы

 

2-мәтін

         Сіз фирманың телефонын ұмытып қалдыңыз, ал сіздің телефон кітапшаңыз өте ескі. Не істеу керек. Сіз интернеттен әрқашан өзіңізге қажет телефонды біле аласыз. Ал егер сізде фирманың телефоны бар, бірақ адресі жоқ болса да, сіз осы фирма туралы ақпаратты интернеттен ала аласыз.

 

80. Бұл мақала ...

A) Интернет туралы

B) Жаңа телефон туралы 

C) Фирма туралы 

D) Жаңа ақпарат

 

3-мәтін

Сіздің шет тілін оқығыңыз, білгіңіз келетін шығар, мысалы испан тілі? Онда сізге Испаняға бір жылға баруыңыз керек немесе испанша сөйлейтін елге барып, бір отбасында тұруыңыз керек. Бір жылдан кейін сіз испанша жақсы білесіз және тамаша сөйлейсіз. Халықаралық тіл мектебі сізге елді таңдауға және отбасын табуға көмектеседі:

 

81. Бұл мақала ...

A) От басы туралы 

B) Оқу туралы   

C) Испания туралы 

D) Испан мектебі туралы

 

4-мәтін

Бұл жеңіс – Еуропадағы тұңғыш жеңіс Қазақстан футбол құрамасына ұзақ ізденіспен келді. Өткен жылдың соңында Тайландта, сосын Қытайда, наурыз айының басында (2007) Шымкентте өткен кездесулердің бәрінде осы Сербиямен ойынға дайындық жасалғаны шындық. Бүгінгі жеңістің басты кілті – футбол алаңындағы тәртіптілік және ойынды ұйымдастыра алу. («Жас қазақ» №12, 2007ж.)

 

82. Бұл мақала ...

A) Жеңіс туралы

B) Тайланд туралы 

C) Шымкент туралы  

D) Отан туралы

 

IV-БӨЛІМ

 

5-мәтін

Футбол - әлемдегі ең танымал ойын. Футбол милиондардың спорты. Адамдар Англяны қазіргі футбол отаны деп таниды. Бірақ көптеген басқа да мемлекеттер де осы ойынның «аталары» бола алады. Египетте, Грецияда, Жапоняда, Қытайда тарихшы – ғалымдар көне доптарды тапқан. Қытайда футбол ойыны дзу-ню, көне Грецияда – Эпискирос, Жапоняда – Кемари деп аталған. Адамдар ресми түрде Англяда XIX ғасыр ортасында футбол ойнай бастаған. Онда 4 футбол тобы болған. Арнайы алаңда ойнаған. 1871 жылы Англяда бірінші футбол ойыны болды, ал 1872 жылы ағылшын және Шотланд командасының бірінші кездесуі болды.

1904 жылы спортсмендер халықаралық футбол ассоциациясын – ФИФА-ны ұйымдастыруды шешті. Француз Роберт Герек оның тұңғыш президенті болды.

Әйелдер де спортты жақсы көреді. XX ғасырдың басында алғашқы әйелдер командасы футбол ойнай бастады. Ал қазір әйелдер футболы олимпиада ойынының бағдарламасында бар. (Баспасөз беттерінен)

 

83. Мәтінге нақтырақ атау таңдаңыз.

(Выберите наиболее точное название текста)

A) Футбол тарихы  

B) Англя – футбол  отаны  

C) Футбол - әйелдер ойыны 

D) ФИФА туралы

 

 

84-90 тапсырма. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз (Выберите информацию, которая соответствует тексту)

 

84. Әдетте, адамдар ... футбол отаны деп санайды.

A) Грецияны  

B) Францияны   

C) Англияны  

D) Қытайды 

 

85. Адамдар футболды ресми түрде ... ойнай бастады.

A) XIX ғасырда  

B) XX ғасырда    

C) XV ғасырда    

D) XVIII ғасырда

 

86. Англяның бірінші футбол турнирі ... болды.

A) 1872 жылы 

B) 1871 жылы   

C) 1870 жылы

D) 1876 жылы

 

87. Футболистер бірінші рет футболды ... ойнады.

A) Стадионда  

B) Арнайы алаңда    

C) Үлкен алаңда

D) Жабық алаңда 

 

88. 1872 жылы ... бірінші кездесуі болды.

A) Англя және Француз командасының  

B) Англя және Германия командасының    

C) Англя және Шотландия командасының

D) Англя және Жапон командасының

 

89. ФИФА-ның бірінші президенті Роберт Герен ... 

A) Франциядан  

B) Англядан    

C) Жапониядан 

D) Қытайдан

 

90. Олимпиада ойындары бағдарламасында ... бар.

A) Тек қана ерлер футболы  

B) Ерлер және әйелдер футболы    

C) Әйелдер футболы

D) Тек қана әйелдер

 

V-БӨЛІМ

 

6-мәтін

Ерте, ерте, ертеде, Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында бір биік шың болған. Одан құс патшасы қыран да аса алмапты. Аққу: «мен асамын» − депті, бірақ орта жолда қанаты талып, шыңға жете алмапты. Ұлар ұшыпты – ол да жолдан қайтып, ұялғаннан ұясынан шықпай қойыпты. «Тағы кім бар» - дегенде момын бөдене келіпті.

− Тәуекел, - депті, - мен ұшайын, шыңнан асып көрейін.

− Қой, бөдене, - депті өзге құстар – тасқа құлап, бауырың езіліп, сүйегің шашылып қалар

− Құласам, туған жеріме құлаймын, - депті бөдене

− Бауырым езілсе, туған жердің тасына соғылып езілсін. Тәуекел!

Содан бөдене шыңнан асу үшін ұша жөнеліпті. Зулап отырып, қара тасты көкірегімен соға құлағанда, бөдене шыңның арғы бетіне түсіпті. Құданың құдіреті деген осы емес пе, тау жаншылып тайлақтың жүніндей үлпілдек боп, құз құлап құмдауыт боп, жұмыр тас үгітіліп, жұмсақ шалғынға айналыпты. Міне, содан бері бөдене өзге құстардай құйрығымен емес, бауырымен жер құша қонады екен. Тағы бір сөз бауырын жаралап, бөдене асқан асудың қызығын әлі күнге дейін өзге құстар көріп келеді, - дейді. Ал сіз бүгінгі заманнан әділдік іздейсіз?!

Бұл ертегіге ақын Төлеген Айбергеновтың:

− Туған жер төсін аңсаумен өткен аруана бауыр дүние, сен маған осынау ақ жүрегіңмен қымбатсың – дейтін тармақтарды эпиграф етіп алуға болар еді. Әлбетте, ескі сөздің бәрі есті сөз емес, көріп отырсыз, ағайын, баяғыдан келе жатқан «құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады» дейтін мәтелдің бөденеге қатысы жоқ болды. (Есенғали Раушанов)

 

91. Мәтін тақырыбын анықтаңыз (определите тему текста).

A) Бөдене   

B) Құстар

C) Ертегі 

D) Туған жер

 

92. Ерте, ерте ертеде Қарасудың бойында бір ... болыпты 

A) Биік шың  

B) Биік төбе

C) Қырат

D) Қыр

 

93. Одан құс патшасы ... аса алмапты 

A) Қыран да және аққу да, ұлар да   

B) Көбелек

C) Жарқанат та

D) Тоты құс та

 

94. Тәуекел мен ұшайын, - депті ...

A) Бөдене   

B) Ұлар

C) Қырғи

D) Қарлығаш

 

95. Қой, бөдене, тасқа құлап, бауырың езіліп, сүйегің шашылып қалар, - депті...

A) Өзге құстар   

B) Өзге қарлығаштар

C) Өзге қырандар 

D) Өзге аққулар

 

96. Құласам, ... депті бөдене. 

A) Туған жеріме құлаймын  

B) Туған жерге қайтамын 

C) Туған жерге келемін

D) Туған жерден кетемін

 

97. Бөдене биік шыңнан ... 

A) Аспады, жолда қалды  

B) Асты, арғы бетке түсті

C) Аса алмады 

D) Аса алмай қалды

 

98. Содан бері бөдене ... қонады екен. 

A) Құйрығымен  

B) Бауырымен

C) Қанатымен

D) Аяғымен

 

99. Бауырын жаралап, бөдене асқан асудың қызығын әлі күнге дейін ... көріп келеді екен. 

A) Өзге құстар

B) Өзге аңдар   

C) Өзге балықтар

D) Өзге жәндіктер

 

100. «Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады» деген мәтелдің бөденеге ...

A) Қатысы бар

B) Қатысы жоқ

C) Қатысы көп

D) Қатыста

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  70  71  72